КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Объектілер. 2 страница
Кейде бір іс бойынша бірнеше жерде бір мезгілде тінту жүргізуге тура келеді. Өйткені бір қылмыскердің бірнеше пәтері, саяжайы, қызмет бөлмелері болуы мүмкін, бір іс бойынша бір адамның емес бірнеше адамнын катар кылмыскд катысушы ретінде сезік келтіруі, сондай-ак кылмыскер немесе сезік келтірушінін бірнеше туыскандары, дос-жаравдары болып, зат-тай дәлелдемелерді солардын түрған жерлеріне жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда топтасып тінту жүргізбейінше, зат-тай дәледдемелерді, деректерді дер кезінде қолға түсіру киын. Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгідде, үйлесімді жүргізудін маңызы айрықша. Бұл қылмыскерлердіңбір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан күтылып кетудіңжолын кеседі. Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындык. және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардын бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен ұйымдастыры-лады. Операцияның жетекшісі оньщ барлык катысушыларына нұсқау беріп, тінтудің басталар мезгілін белгілеуге, аяк асты-нан туған шараларға, айталык, тінтуді қайтара жүргізу кджет болған кезде, косымша күш бөлуге міндетті. Заттай дәлелдемелер тиісті заңдылыкка сәйкес алынуы тиіс. Ол көп жағдайда мекемелердің, ұйымдардын, кәсіпорындардың көлігіндегі заттарды алғанда колданылады. Заттар, кұжаттар оның нақты иесінін немесе ол жұмыс істейтін мекеме, ұйым, кәсіпорын өкілінің катысуымен алынады. Ал, арнаулы орын-дарда сақталған күнды заттар осы затгарға тікелей жауапты адам-дардың катысуымен ғана тіркеледі. Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін тергеуші іске катысты объектімен, кұжаттармен, заттармен, алдын ала танысады. Ай-талык, тергеушінің тиісті мекеменің деректерін, есеп-қисап іқүжатгарын зерттеуі, іске кажеттісін іріктеуі үшін дайын бұйым-дармен, заттармен танысуы жиі кездеседі. Кейде осы мақсатта арнаулы мамандар (есепшілер, технологтер, т.б.) тартылады. Міне, осылардан кейін мәселе анықталған соң ғана тергеуші нені алу жөнівде өз каулысын шығарады. Егер азамат іске кажетті заттай дәлелдемелерді бергісі кел-месе ол күшпен алынады. Ал, ол заттар саналы түрде жасырыл-са, оны дереу іздеп, тінту үшін каулы шығарылады. Заттар, кұжаттар табылған жерлерінде тексеріліп, алынады. Егер анық-тау ісі күрделі болып, бұған кеп уакыт талап етілсе, тінтуші-лердің бір тобы бүған арнайы бөлінеді. Жеке тергеу ісі жүргізі-леді. Тергеу әрекеті хатталады. Овда кандай заттын кай жерден табылғаны, заттың ерікті не еріксіз түрде алынғаны, ол заттар-дын қалай сақталғаны көрсетіледі. Заттарды бейнелегенде оның сезік тудыратын белгілерін кағазға түсірудін кажеті жок. Алын-ған заттар тінтуге катысушылардын көз алдында колдары ко-йылып, мөрленеді. Хаттамада кай заттын кімнің жауапкершілігімен сактауға қойылғаны, катысушылардың арыз-өтініштері де көрсетіледі. Оған тінту барысында түсірілген фотосуреттер коса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Тінті және алу түсінігі мен міндеттері 2. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту 3. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары 4. Тінтудің алудан айырмашылығы ӘДЕБИЕТТЕР: УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген
.
№14 лекция. Жауап алу және беттестіру тактикасы. Мақсаты: Жасалған кылмыстын мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пайдаланылуының маңызын түсіндіру. 1. Жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні 2. Жауап алу мен беттестіру тактикасының жалпы қағидалары 3. Жауап алу және беттестірудің түрлері Жауап алу дегеніміз - занда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол аркылы жасалған кылмыстын мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар кылмысты ашуға пай-даланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбір-ленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол кылмыстык іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, манызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын артгыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қол-данылады. Бірак, ол каншалыкты тиімді болғанымен ол занда көрсетілген тәртіпке кайшы келмеуі керек. Жауап алғанда кылмыстык оқиғаға катысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамнын кдтысқа-ны, істеген кылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және кылмыстык окиғанын басқа да мән-жайлары анықтала-ды. Бүлар - занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей катысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ак, жауап алу аркылы тікелей кылмыстық оқиғаға катысы жоқ, бірак. кылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, кылмыскердің кайда жүр-генін, оның мекен-жайын білу үшін кылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мүндай аралыктүрінің, кылмыстыкоқиғағатікелей қатысы болмасада, істі тез ашуда, кылмыскерді тауып үстауда, істің кейбір мән-жайын аныктауда үлкен манызы бар. Жәбірленушінің, куәнін жауаптары істегі баска деректерді нактылап, тергеушінін, соттын окиғаның мән-жайына толық канығып, тиісті шешім кабыддауына зор септігін тигізеді. Де-генмен, болған кылмыстын мән-жайын кылмыскердің өзінен артык. ешкім білмейді. Сондыктан кылмысты мойындап, өз кателігін дүрыс түсінген кылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірак оны асыра бағалап, оған ерекше сенімді лікпен карауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінін артыкшылығы жок. Сон-дықтан кылмыскердін кылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен карау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердін жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсак кылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр кылмыстарынан кұтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлык деректердің тұжырымды корытындысына ғана негізделуі тиіс. Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінін осы тергеу әрекетін өткізу адцывда жүргізген дайындық жүмыс-тары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не кылмыскер-ден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, кұжат-тарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толык танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында кандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге кандай сұрак кою керек екендігін және осы сүрактарды қандай кезекте кою керек екендігін алдын ала анык-тап, белгілеген жөн. Жауап алуға дайындық үстівде қажет адамнын мінез-күлкы, моральдык және зияткерлік (интеллектуалдык) қасиеттері женінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн. Дайындық жұмыстарын еткізу барысында жауапты кай уакытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәнін денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап бе-руге азғырып, көндіруі мүмкін деген кауіп туса, одан уақыт еткізбей дереу жауап алған жөн. Жауап алу уакытын белгілегенде тергеуші бұған өзінін бос уакыты бар ма, жок, па соны мүкият ескеруі тиіс. Бүрын баска тергеу әрекеттері жоспарланған, баска да жұмыстар қат-кабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шар-шап жүргенде өткізілген шаранын сапасы, әрине, төмен болады. Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жүмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Кылмыскер камауда отырса, тергеуші одан жауапты кебінесе сол камау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, камау орнының әкімшілігі тергеушінін жүмыс бөлмесіне жеткізеді. Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің калауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да катысады. Дайындык жүмысы жауап алу жоспарын күрумен аяктала-ды. Жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған койылатын сүрақтар жазылады, істегі кандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді кавдай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар күру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте кажет. Көп көріністі істерде мүндай жоспар істің мән-жайын толык зерттеп, аныктауға көмектеседі. Жауап алушы - тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қан-дай көлемде және кавдай мәлімет алуға болатынын білу үшін, куәнің, жәбірленушінің ойында жауаптың калыптасу ерекше-ліктерін есепке алуы керек. Жауаптың калыптасу процесі бірнеше кезеңнен күралады. Бірінші кезең - окиғаны, не істің баска бір мән-жайын қабыл-дау (көру, есту), екінші - осы кабыддап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге ай-тып жеткізу кабілеті. Болған окиғаны қабылдап алу, оқиғаға катысты мәлімет-тердің толык қабыддануы белгілі бір себептерге байланысты. Бүл себептер объективті және субъективті болып екі топқа бөлінеді. Объективті себептер — көруге, естуге бегет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің кабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер окиғаны шұғыл, ты-ғыл таяң уақытта кдбылдау, жарықтың түсу жағдайының на-шар болуы, катты шудан нашар естілу, болып жаткан окиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, кар не жауын жауып түрғанда окиғаны кабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анык керіп, естіп кабылдауына бегет жасайды, оқиға жөніндегі акпаратгың толыктығына, сапасына кері әсер етеді. Сондыктан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт. Кабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабыддау мүшелерінің кемісті-гімен, есту, көру мушелерінін кабылдау кабілетінін төмендігімен бірге, окиғаны толык және анык қабыддауға жауап беруші адам-ның мамандығы, жасы, интеллектуалдык. кабілеті, ол окиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жок па, міне, осы-ның бәрі әсер етеді. Айталык, жол-көлік окиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік. Куәлардың біреуі — айта-лык карт адам, екіншісі — автокөлік жүргізушісі. Екеуі де окиғаны бір жерден бірдей кдшықтыктан көрді дейік. Мұндай жағдайда осы екі куәнін кайсысынан оқиға жөнінде толык мәлімет алуға болады? Әрине, окиғаны бірдей жағдайда көргенімен толык мәліметті жүргізуші бере алады. Ол машина-ның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның окиғаны кабылдау кабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға карағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, ал аңғалак адамдар-дан мүны күту киын. Сондай-ак, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген окиғаға киялында-ғысын косып, асыра айтуы, сейтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондыктан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардын осындай психологиялык ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Жауаптың толыктығына, шындығына, сонымен катар куә-нін, жәбірленушінің болған оқиғаны үмытпай, ойында сактау кабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр түрлі -кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сақтайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар. Тергеуші жауап алғанда осынын бәрін ескеріп, кажеттілік туса үмытылған жайттарды еске түсіру үшін колайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек. Болған окиғаны есіне түсіріп, жауабын толык айтып жеткізу кабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұкият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінін болған окиға-нын мән-жайын еркін баявдауынан басталады. Куә, не жәбірле-нуші, езінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауа бын өз колымен жазуына кұкығы бар. Тергеуші толык жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға косымша сұрактар койып, істін кейбір мән-жайын нактылайды. Косымша сұрак бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек: • койылған сұрақтардын анык және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс; • жетектеуші сүрақтарды қоюға болмайды; • берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, корлауға, коркытуға бағыггалмауы керек. Жауап алғанда тергеу әрекетін жүргізуге колайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, кобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек. Әрине, жауап алғанда куәнің, не жәбірленушінің мінез-күлкын, мінезінін психологиялык ерекшеліктерін (мақтаншак, кызба, сабырлы) ескерудің маңы-зы айрыкша. Себебі мұнын бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалық бағыт ұстауына негіз бола алады. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 1. Жауап алу мен беттестірудің түсінігі және мәні 2. Жауап алу мен беттестіру тактикасының жалпы қағидалары 3. Жауап алу және беттестірудің түрлері ӘДЕБИЕТТЕР: УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген №15 лекция. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы. Мақсаты: Кылмыстық істерді тергеуді тездету мен ашу мақсатында тергеушінің айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы арқылы жүзеге асыруының ерекшелігін ашу. 1. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылаудың түсінігі жәнекриминалистикалық міндеттері. 2. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылауға дайындық. 3. айғақтарды тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу. Кылмыстык істерді тергеу үстівде кеп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердін берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді. Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді окиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындықка жата ма, жоқ па деп сынап көреді. Осындай карау устінде жауапта айтылған жерді, онда орна-ласкан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толык ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру аркылы, оқиғанын болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда кандай іздер қалады, олар қай жерде калуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелде-мелер тауып алуы мүмкін. 1960 жылға дейін процессуальдык заңда мүндай тергеу әрекеті жок болатын. Бірак айғакты окиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудын жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бүл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процессуальдык тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі кодданылатын болды. Әрине, бүл тергеу әрекетін жүргізгенде баска тергеу әрекетінін кейбір элементтері, әдістері де қодданылады. Бүл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді карау әдістері де колданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бүл тергеу әрекеті жауап алу-мен де, окиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұксастығы бар. Бірак мүнда тергеу әрекетінің тек жекеле-ген кейбір әдістері ғана аралас колданатыңдықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нактылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады. Айталык, окиға болған жерде тергеудін жауап алудан айыр-машылығы мынада: окиға болған жерде тексеру айғак адамдар-дың катысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер окиға болған жерде кайтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәліметтерді кимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғакты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың ерекшелігі — танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілерді танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байкаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, езінің, кейде оқиғаға басқа да қаты-сушылардын жекелеген әрекеттерін қимыл үстінде көрсетеді. Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындыкты аныктай түсу, жаңа дәлелдемелер алу мак-сатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні катыстыра отырып тексереді, егер қажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пы-сықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер та-былса тергеуші оны да іске пайдаланады. Бір мысал келтірелік: А. бір пәтерде мүлікті ұрлағаны үшін жауапка тартылды. Тағылған айыпты мойнына алып, кылмыс жасаған жерін көрсетуге ыкыласын білдірді. Осыған байланыс-ты оқиға болған жерге келгенде А. есікті калай бүзғанын, құлып-ты қайда лактырғанын, ондағы заттарды қай жерлерден (шкаф-тан, серванттан, т.б.) алғанын пәтер жабдықтарының накты кай Жерде тұрғанын көрсетіп берді. Айғақты окиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-аК алдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыкка жата тынын не жатпайтынын аныктауға көмектеседі. Айталык, сезікті адам өзінін окиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жакқа кетіп калғанын алдында берген жауабында айткан болатын. Оқиға болған жерге келіп, кдй ордан секіріп тоғай жакка кеткенін көрсетуге келгенде 4 м ордан секіріп ке-туге болмайтындығына көзі жеткен сон шындығын айтуға тура келді. Куәден бе, жәбірленушіден бе, жок әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай айғакты окиға болған жерде тексеру мен нактылау үстінде әр түрлі әдістер қолданылады. Совдай-ақ, дайындык жұмыстары жүргізілгенде кодданылатын тактикалык әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар кұрған кезде мүны мұкият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, кылмыстык істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұкият зерттелуі тиіс. Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пы-сыктауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған катысушылар онда дер кезінде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді кдй жерге, кандай мак-сатта орналастыру кажеттігі айкындалуы кажет. Дайындық кезінде жедел топтын құрамы белгіленеді. Онын құрамына тергеуші және жедел-іздестіру органдарынын қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ак ма-ман-криминалист, сот-сарапшысы баскд да кажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істін күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сактай алатын-дай, кейін қажеттілік туындаса жүргізілген әрекетгің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәгерлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет бол-са, олардың екінші кдйтара шакырылмауын ескерген жөн. Куәні немесе айыпталушыны окиға болған жерге олардын келісімімен ғана шығару керек. Дайындык және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының окиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ыкылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, кұтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен бай-ланыс орнатуға, окиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге не-месе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырыса-тынын естен шығаруға болмайды. Аталған тергеу әрекетіне дайындык кезеңі әрекетке қаты-сушыларға тиісті нүсқау берумен аякталады. Онда тергеу әрекетінің максаты мен тәртібі, катысушылардын кұкығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады: а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне катысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бүрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді; ә) барлык ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді; б) жауабы тексерілетін адамға сүрақ тек тергеушінін рүксатымен беріледі, кандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады. Тергеуші де өз әрекетіне өте мүкият карауы, яғни езіне икемдейтіндей әрекетген немесе сүрақтан сақтануы тиіс. Егер бүл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінін айтқанына ілесіп, оның сұрактарын макұлдай беретін болса тер-геу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тер-? геу кезінде тергеушінің акикдтқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде «нықтай» түсу кажет болғаңда ғана мұвдай әдістін колданылуы мумкін. Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі аныктап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бұл белгілі бір объектілерді керсету-ге де катысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның қай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндайда: «Сіз мына терезе аркылы кірдіңіз бе?» деп сүрақ коюға болмай-ды. Өйткені мұндай сұрақжауап берушіні тергеушінін ыңғайы-на қүлауына итермелейді де, акиқат толык ашылмай калуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тере-земен кіргеніне сезік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны кайталап көрсетуін сүрайды. Мүндайда, айыпкер жал-ған жауап берсе, абыржып, айтканын дәлелдей алмауы немесе шындыкты мойындауы мүмкін. Тергеу әрекетінің, бүл әдісінде де онын нәтижесі хатталады. Мұнда баскд да тергеу әрекеттеріндегідей ортак тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни: а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуының қандай максатпен жүргізілгенін түсіндіруге; ә) жәбірленушінің немесе айыпкердін окиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу; б) айғақты окиға болған жерде тексеру мен нактылауға катысушылардың жүрген жолынын бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы; в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлык әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде токтаған жерлер мен оның соңғы бітетін түсын белгілеу;
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 647; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |