Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Объектілер. 4 страница

Объектілерді тану үшін керсетер алдында тергеуші біраз да-йындык жұмыстарын жүргізу керек. Осы жүмыстардың ұқыпты, мүқият жүргізілуіне бұл тергеу әрекетінің сапасы, нәтижелілігі, қорытындысының объективтігі тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, объектілерді тану үшін көрсетудің керектігі бұдан бұрын куәдан, жәбірленушіден, не айыпкерден алынған жауаптарынан туындайды. Сондықтан бүл тергеу әрекетін өткізу кажеттігін, оны өткізу мүмкіндігін шешер ал-дында тергеуші осы адамдардың объектіні қандай жағдайда көргендігі, оныңсол объектіні кандай жеке белгілері, ерекшелігі бойынша тани алатындығы жөнінде жауап алады. Бұдан соң бұл тергеу әрекетін кашан және қай жерде өткізу керектігін, өткізетін жерін, уақытын тағайындайды. Бұл мәселелерді ше-шуде тергеушінін объектіні тануға неғүрлым тезірек көрсету керектігін қатаң ескертуі тиіс. Өйткені уакыт өткен сайын куәнің (жәбірленушінің) ойында керген объектінің бейнесі, белгілері үмытылып, көмескіленуі мүмкін. Сонымен бірге бұл жүмысты асығыс өткізуге де болмайды. Себебі дайындык кезіндегі асығыстык тергеу әрекетінің сапасына керісінше өсер етеді.

Тергеу әрекеті объектілерді көрсетуге қолайлы, ыңғайлы жерде өткізілуі қажет.

Дайындык жүмыстарының ең бір күрделісі — көрсетілетін объектіге ұқсас объектілерді табу. Айталык,: адамды тану үшін көрсетуде осы адамға сыртқы тұрпаты, пішіні, келбеті жағынан үксас дублерлерді, ал затгарды тану үшін керсету кезінде жал-пы белгілері сәйкес келетін үксас затгарды табу қажет.

Бұл тергеу әрекетін жургізгенде бүған белгілі бір мамандар-ды қатыстыруға тура келеді. Айталық: мәйітгің кім екенін тану үшін оны көрсетуге тура келсе сот-медицина саласындағы ма-манды, ал объектіні танушы жасы жетпеген куә, жас бала болса педагогті катыстыру керек.

Дайыңдық үстінде тергеуші керек құрал-саймаңдарды, ғылы-ми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы тиіс. Суретке не бей-нежазбаға түсіру керек болса, фото-бейне аппаратын дайындап оны қолданып, түсіретін адамдарды тағайындау қажет.

Тану үшін көрсетілетін объектілерге байланысты тергеу әрекеті бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтканда: адамның кім екенін тану, заттарды тану үшін көрсету, мәйіттщ кім екенін, оның аты-жөнін білу үшін тануға көрсету. Малдарды тану үшін көрсету, белгілі бір жерді, не бөлмені, тұрғын-үйді тануға көрсе-ту. Объектілердің түрлеріне байланысты оларды көрсету так-тикасында да ерекшеліктер бар.

Адамдардын кім екенін таныту үшін танушы адамнан алдын ала танылатын адамның сырткы бейнесі, пішіні, киімі туралы, оны қандай жағдайда кергені жөнінде асықпай жауап алу кджет. Тану үшін көрсетілетін адам, өзіне ұксас, кем дегенде екі адам-ның арасывда, калаған орында тұруы керек. Танушы адам тану үшін керсетілетін адамды тергеу әрекеті басталғанша көріп кой-майтындай жағдай жасалуы тиіс. Танылуға тиісті адам кем де-генде екі адамнын арасынан өзі калаған орын алғаннан соң, та-нушы адамды кіргізіп: «Алдыңызда түрған адамдардын ішінен кімді танисыз? Кандай нақты белгілері бойынша ол кісіні тани-тыныңызды түсіндіріңіз және кандай жағдайда кездескеніңізді айтып беруіңізді сұраймыз?» деп тергеуші үсыныс жасайды.

Танушы адам осы екі кісінің ортасында тұрған адамды тиісті жасалған кылмысқа байланысты белгілі бір жағдайда калай көргенін, оны қандай белгілері, сыртқы бейнесінін кандай ерекшеліктері бойынша танығанын айтуы керек. Уакыт өткен-нен кейін көрсетілген адамнын сырткы бейнесінде, әрине өзгерістердің болуы мүмкін. Сондыктан көрсетілген адамды танығанмен онын бейнесінде кандай өзгерістер бар екенін де танушы адам толык айтып беруі тиіс.

Осы тергеу әрекетін жүргізгенде танушы адамнын өзіне көрсетілген адамды тануы сол адамнын бейнесінде, пішінінде бар белгілерге негізделеді. Сол ойында калған белгілерді, көріп түрған адамның пішініндегі белгілермен танушы адам ойша са-лыстырады.

Бұл сыртқы бейне және пішін белгілері криминалистикада — екі түрге бөлінеді. Біріншісін анатомиялык белгілер, ал екіншісін функционалдык не динамикалык, белгілер дейді.

Анатомиялык (статикалык) белгілерге адамның бойы, дене күрылысы, бет әлпеті және дене мүшелерінің баска ерекшелік-тері жатады (басы, мандайы, мүрны, аузы, еріні, иығы, қол, аяғы, т.б.).

Функционалдык (динамикалык) белгілерге — дауысы, тіл ерекшеліктері, жүрісі, аяк алысы және баска да дене кимылы-нын ерекшеліктері жатады.

Адамдарды кім екенін тану үстінде, сонымен катар кейде косымша белгі есебінде онын киімі, көзілдірік киісі, сақал, мұрт коюы, тағы баска да жалпы бейнедегі барлык ерекшеліктері пайдаланылады.

Тану үшін көрсету жүргізілгенде осы көрсетілген белгілер бойынша белгілі адам танылса, оны бейнелеп, сипаттап айту кейде танушыға өте киынға түседі. Осыған байланысты тергеуші криминалистикада қолданылатын әдісті - «ауызша суреттеу» әдісін колдануы керек, яғни адамның келбетін, ауызша бейне-леу. Мысалы, бойы — биік, орташа, аласа бойлы; басы — улкен, кіші; шашы - кою, сирек, кара, жирен; беті - жалпак, сопак; мандайы - биік, кен мандайлы, шот маңдай, төмен, т.б. Дене мүшесінде анатомиялык кемістік болса, олар ерекше белгілер есебінде есептеледі.

Кісі тануда әр адамға тән, қалыптаскан дене кимылдары да жеке белгі есебінде пайдаланылады. Атап айтқанда: оның дауы-сы, сөйлеу мәнері, тіл ерекшелігі, журісі, аяк алыс ерекше-ліктері. Кей жағдайларда осы белгілерге ғана негізделіп кісіні тануға көрсетуге болады. Бірак бүл динамикалык белгілерді өте^ онай өзгертуге болатывдыктан, мүндай көрсету көбіне тиісті нәтиже бере алмайды. Себебі танылатын адам даусын да, журісін де көрсету үстінде өзгертіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл белгілер, әдетге, анатомиялык белгілермен коса көрсетіліп, пай-даланылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Тану үшін ұсыну түсінігі, мақсаты мен түрлері.

2. Тану үшін ұсынуға дайындық.

3. Тану үшін ұсыну жағдайларын дайындау.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

№18 лекция. Хат-хабарларды ұстап қалу, сөйлесулерді тыңдай отырып жазу тактикалық тәсілдері.

Мақсаты: Өндірістегі қылмыстарды жедел және тиімді ашу үшін қолданылатын хат-хабарларды ұстап қалу, сөйлесулерді тыңдай отырып жазу тактикалық тәсілдерінің қолданылуын түсіндіру.

1. Қозғалған қылымыстық істер бойынша хат-хабарларды ұстап қалу, сөйлесулерді тыңдай отырып жазып алу түсінігі мен мақсаттары.

2. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу

3. Ұстап қалу және тыңдау метериалдарын анықтама органынан тергеушіге келіп түсуі.

4. Фонограмманы қарау, оны қылмыстық іс материалдарына тіркеу.

Хаттар, жеделхаттар, радиограммалар, бандерольдер, посылкалар мен басқа да почта-телеграфженелтілімдері іс үшін маңызы бар мәліметтерді, құжаттар мен заттарды қамтуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіз болған кезде олар тұтқындалуы мүмкін. Тергеуші почта-телефаф жөнелтілімдерін тұтқындау туралы прокурор санкция беретін қаулы шығарады. Қаулыда почта-телеграф женелтілімдерін ұстап қалу міндеті жүктелетін байланыс мекемесінің атауы, почта-телеграф жөнелтілімдері ұстауға жататын адамдар-дыңтегі, аты, әкесінің аты, олардың мекен-жайы, тұтқындалып отырған почта-телеграф жөнелтілімініңтүрі, ол тұтқындалатын мерзім көрсетіледі. Почта-телеграф хат-хабарын тұтқындау туралы қаулы тиісті байланыс мекемесінің басшысына жіберіледі, ол почта-телеграф жөнелтілімдерін ұстап қапып, бұл туралы дереу тергеушіге хабарлауға міндетті. ¥сталған почта-телефаф жөнелтілімдерін тексеруді, алуды және кешірмесін түсіруді тергеуші куәгерлердің қатысуымен байланыс мекемесінде жүргізеді. Қажет болған жағдай-ларда почта-телефаф жөнелтілімдерін тексеру мен алуға қатысуға тергеуші тиісті маман-ды.сондай-ақаудармашынышақыртуғақұқылы. Почта-телефафжөнелтілімдерінтексерудің әрбір жағдайында хаттама жасалады, онда кім және қандай почта-телефаф жөнелтілімдерін тексергені, көшірмесін алғаны және алушыға жібергені немесе тергеуші белгілеген мерзімге ұстағаны көрсетіледі. Почта-телеграф жөнелтілімдерін түтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылғ-ан кезде тергеуші немесе прокурор, бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды.

Хабарды жол-жөнекей ұстау: Техникалық, оның ішінде компьютерлік байланыс арналары арқылы берілетін хабар-ларды жолдан ұстау және компьютерлік жүйелерден тергеліп отырған іске қатысты ақпа-ратты алу тергеушінің прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі. Тергеушінің прокурор санкция берген қаулысы жедел іздестіру қызметін жүзеге асырып отырған органға орындауға жіберіледі. Жол-жөнекей ұстап алу нәтижесінде алынған хабарлар мен компьютерлік ақпарат-ты маман тиісті ақпарат ұстаушыда бекітеді және тергеушіге береді

Сөйлесулерді тыңдау мен жазу: Сезіктінің, айыпталушыныңжәне қылмыс туралы, ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы істер женінде мәліметтерді білуі мүмкін басқа да адамдардың бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық қүралдарды пайдалану арқоілы әңгімелесулерін жасырын тыңцау мен жазу, сондай-ақ телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сездерін тыңцау мен жазу тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде прокурор санкция берген тергеуші қаулысының негізінде жүргізіле алады. Күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстықәрекеттерді жәбірленушіге, куәға немесе олардың отбасы мүшелеріне қолдану қаупі болған кезде тергеушінің прокурор сан-кция берген қаулысы оойынша олардың келісімімен, бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе басқа да арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгімелесулерінің жасырын тыңцалуы және жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерініңтыңдалуы және жазылуы мүмкін. Тергеуші сейлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен оларды жазуды қажет деп таныған соң дәлелді қаулы шығарады, онда: қылмыстық іс және осы тергеу іс-әрекеті жүргізілуге тиіс негіздер, сөйлескен сөздері, әңгімелесулерді тыңдалатын және жазылатын адамдардың аты-жөні және ол қандай уақыт аралығында жүргізілетіні; сейлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазуды техникалық тұрғыдан жүзеге асыру тапсырылған орган көрсетіледі. Аталған қаулы прокурорға ұсынылады және ол санкция берген жағдайдә тергеуші оны орындау үшін тиісті органға жібереді.Кейінге капдыруға болмайтын жағдайларда сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңцау мен жазу тергеушінің қаулысы бойынша прокурордың санкциясынсыз, оған кейіннен жиыр-ма төрт сағат ішінде сөйлескен сөздердің, әңгімелесулерді тыңдалғаны, жазылғаны туралы хабар жібере отырып, жүргізіледі. Аталған хабарды алғаннан кейін прокурор осы тергеулік Іс-әрекеттің заңға сәйкестігін тексереді және оның заңцы немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Сөйлескен сөзді, әңгімелесуді тыңдаудың, жазудыңзаңсыз екені туралы шешім қабылданған жағдайда аталған іс-әрекет іс бойынша цәлел ретінде жіберіле алмайды,

Сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңцау менжазу алты айдан аспайтын мерзімге белгіленуі мүмкін. Олар бұл шараларға қажеттілікжойылған кезде, бірақкез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешіктірмей тергеушінің қаулысы арқылы тоқтатылады.

Тергеуші ол қаулыда белгіленген бүкіл мерзімнің ішінде кез келген уақытта техника-пық тыңдауды жүзеге асырып отырған органнан тексеру және тыңдау үшін фонограмманы талап етуге қүқылы. Фонограмма тергеушіге мөрмен бекітілген түрінде, тыңцаудың негізі, сөй лескен сөзді, әңгімелесуді жазудың басталган және аяқталған уақыты. пайдаланылған ку_ралдардың қажетті техникалык сипаттамалары мен жазудың сапасы көрсетілген ілеспе хатпен бірге тапсырылады. Фонограмманы тексеру мен тыңдауды тергеуші куәгерлердің және қә кет болғаи жағдайда маманның қатысуымен жүргізеді, бұл туралы хаттама жасалады онда сөйлесу фонограммасының Іске катысы бар беліп сезбе-сөз жазылып сөйлесіс отырғандардын сөздерінің естілу сапасына сипаттама берілуге тиіс. Сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазуға қатысушы адамдарға өздеріне белгілі болған мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілігі туралы ескертіледі. Фонограмма хаттамаға қоса беріледі, бұл ретте оның іске қатысы жоқ бөлігі үкім заңды күшіне енген соң немесе қылмыстық іс тоқтатылған-нан кейін жойылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу
  2. Ұстап қалу және тыңдау метериалдарын анықтама органынан тергеушіге келіп түсуі.
  3. Фонограмманы қарау, оны қылмыстық іс материалдарына тіркеу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

4–Тарау. Криминалистикалық әдістеме.

№19 лекция. Криминалистикалық сипаттама қылмыстың бөлек түрлерін тергеу әдістемесін құру негізі ретінде

МАҚСАТЫ: Қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және ұйымдастырылуы жөніндегі шараларды қолдану болып табылады және оларды жүзеге асыру кезінде қандай криминалитикалық әдістермелерді қолдануды анықтау.

1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі.

2. Криминалистикалық сипаттаманың түрлері.

3. криминалистикалық сипаттама нақтылы қылмыс түрлерін тергеу әдістемесін құру негізі ретінде.

Жекеленген кылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі — бұл криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнін бірыңғай жүйесін кұрайтын қорытынды бөлім болып табылады.

Кылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі немесе криминалистикалык әдістеме — криминали-стиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге^ ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау максатында жекелен-ген кылмыс түрлерін ашу, тергеу, олардың алдын алу шарала-рын үйымдастыру мен жүзеге асыру завдылыктарын зерттейді.

Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі -әрбір криминалдык. іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлык қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді (бұл кылмыстың жеке-ленген бір түріне немесе тобына қатысты белгілер). Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, әдістемесі мен жағдайла-рына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері аркылы ажыратылады. Қылмыстың жекеленген топ-тарына ортак. жалпы белгілердің болуы — накты бір кылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ак алғашкы Және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міңдеттерін, оларды неғүрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты криминалдық құбылыстарды ескерту, алдын алу шара-ларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айткднда, жеке-ленген кылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тер-геу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.

Кылмыс белгілерінің жалпылығы олардын әр кайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдісте-месінде әрбір накты іс-әрекетті тергеуге кдтысты нұскаулар жок және болуы да мүмкін емес, әдістеме — жекеленген кылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып бар-лык, қылмыстық әрекеттерге тән сипаттамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші олар-ды нақты бір қылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме үсыныстарын нақты бір қылмыстык істі тергеуге механикалык колдану - тергеушінін қылмысты ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін киындатады. Демек, крими-налистикалық техника мен криминалистикалык тактикадағы кылмыстық оқиғалардың жекеленген түрлері мен топтарынын тергеуге қатысты мәліметтері мен оларды мақсатты пайдалануға бағытталған әдістеме женіндегі ұсыныстарды жинактайды.

Осыған байланысты криминалистиканың төртінші бөлімі -адам өлтіру, зорлау, тонау, үрлық жасау және т.б. әрекеттерді тергеу әдістемелерін мазмүндайтын бірқатар тараулардан түра-ды. Бір қарағанда бүл бөлім, яғни қылмыстың түріне байланыс-ты тергеу — жинакталған әдістемені қүрайтын тарау ре-тіндс көрінуі мүмкін. Мүндай көзқарастар тергеу әдістемесініңғылы-ми түтастығын және ғылыми құндылығын толығымен бейне-леуді, сонымен катар кез келген қылмыстық іс бойынша аддын ала тергеуді ғылыми түрде ұйымдастыруға негізделген жалпы зандылықтарды көрсетпейді.

Қылмыстардың жалпы белгілерінің болуына негізделе оты-рып, бұл бөлім қылмыстык істің кез келген түрі мен тобына катысты сүрактарды дүрыс шешуге байланысты манызды мәселелерді зерттейді. Олай болса, криминалистиканың «кри-миналистикалық әдістеме» деп аталатын бөлімі келесідей екі бөлімнен түратынын көрсетеді:

криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері;

қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу
әдістемелері.

Жалпы ережелер — бүл криминалистикалык әдістеменін (жүйесі, міндеттері, ғылымның басқа түрлерімен байланысы және т.б.) теориясы.

Кылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережелерінің күрылымына төмендегідей мәселелер кіреді:

криминалистикалык әдістеменің ұғымы, пәні; әдістеменің
криминалистиканың басқа белімдерімен өзара байланысы; кри-
миналистика жүйесінде әдістеменін маңызы мен рөлі;

аныктауға жататын мән-жайлардың ұғымы мен мазмүны;

кылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының
ұғымы, мәні және мазмұны;

тергеу ситуациясының түсінігі мен мәні;

тергеу кезевдерінің түсінігі; әрбір кезеңнің міндеттері мен
жалпы сипатгамасы.

Жеке әдістемелер - бұл кылмыстардың нақты түрлері мен топтарын тергеудің үсыныстары, бағдарламалары болып табы-лады. Жалпы ережелер мен жеке әдістемелер өзара тығыз бай-ланысты, олар алдын ала тергеудің сапасын артгыру мәселе-лерін, сондай-аққылмыстылыкпен күресті күшейту міндеттерін көздейтін ұсыныстардың ғылыми негізділігін көрсетеді (жалпы негізділігінен тұрады).

Жеке әдістемелер өз кезегінде мынавдай 2 топқа бөлінеді:

- типтік;
— ерекше.

Алғашқылары кылмыстык занда көзделген қылмыстардың жекеленген түрлері бойынша кұрылған және қылмыстық жа-залайтын әрекеттүрлерінін санына сәйкес келеді. Қылмыста^ дың жаңа түрлерінің пайда болуы жеке әдістемелердің өнделуін қажет етеді. Декриминализация өз кезегінде әдістемелер саны-ның азайуына әкеп соқтырады.

Қазіргі іс жүзіндегі қылмыстық заңға қылмыстык топтың оншақты түрі мәлім.

Ерекше жеке әдістемелер - бүл бастапқы белгілерден ерекшеленетін басқа белгілердің бөліну негізінде кіретін әдістемелер:

- кылмыстың жасалу орыны бойынша (темір жолда; су көліктерінде және т.б.); кылмыскердің жеке басының сипаттамасы бойынша (кәмелетке жасы толмағандардың, рецидивистердің, әйелдердің); қылмыстық әрекетті жасау сәтінен бастап өткен уақыт мөлшері бойынша (бүрынғы жасалған қылмыстар);

тергеуге қатысатын тергеушілердің саны бойынша (тергеу әрекетін бригадалык. әдіспен жүргізу әдістемесі).

Жеке әдістемелер - бөлшектенуіне байланысты бір сатылы, екі сатылы және т.б. болып келеді. Мысалы: жымкыру жолы-мен жасалған мұлікті ұрлау қылмысын тергеу әдістемесі — уй-жайларда, ғимаратта жасалған ұрлыкты тергеу әдістемесі және калтаға және т.б. түсу жолымен жасалған ұрлык кылмысын тер-геу әдістемесі болып бөлінеді.

Тәжірибедегі накты кылмыспен күрес жүргізуге байланыс-ты бөлшектеу әдістемелерін өндеу кажеттілігі туындайды.

Бұл бөлімнің негізгі міндеті - қылмысты тергеу мен оның алдьш алу әдістерін өндеу және жұмыс барысында кримина-листикалык техника мен тактиканың әдіс-тәсілдерін неғұрлым тиімді пайдалану болып табылады. Оны шешу мәселесі тергеу тәжірибесіндегі ғылыми-техникалык кұрал-жабдықтар мен төсілдерді (сонымен катар, кылмыстык әрекеттерді жасау мен оньщ ізін жасыру тәсілдерін) пайдалану дағдысын ескере оты-рып, ғылыми талдаулар жасау негізінде жузеге асырылады. Тер-геу әдістемесінін кұндылығы тергеу жұмысының әдістері мен формаларын жан-жакты талдаумен, сондай-ақ криминалисти-канын соңғы жетістіктерінін нәтижесімен анықталады. Ол қыл-мысты тергеу мен ашу процесі барысывда тергеушіге тергеу ісін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, жіберілуі мүмкін кемшілік-тердін, сонымен катар уакытты бос өткізудің алдын алуға көме-гін тигізеді.

Криминалистикалық әдістеменің арнайы мәселелеріне (міндеттеріне) келесілерді жатқызуға болады:

кылмыс пен кылмыстылықтың криминалистикалык бағы-
тын (позициясын) зерггеу;

кылмыстардың әр түрлі топтары мен турлерін тергеу жолымен ашу және алдын алудың нәтижелі тәжірибесін зерттеумен талдап қорыту; жасалған кылмыстык жауаптылык әрекеттері бойынша
тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудын жалпы зандылықтарын аныктау;

• тергеуді үйымдастыруды жүзеге асыру, сонымен катар кылмыстардьщ жекеленген турлері мен топтарын алдын алудағы ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар кұрастыру.

Криминалисі икалык әдістеменін кайнар көздеріне:

• кылмыс күрамының белгілерін, сонымен катар кылмыстык істер бойынша тергеу барысындағы дәлелдеу пәні мен шектерін анықтайтын қылмыстык және кылмыстык іс жүргізу зандарынын нормалары;

криминалистиканың, криминалистикалык техниканың, криминалистикалык тактиканың жалпы теориясының ережелері, криминалистикалык-ұйымдастырушылык ережелері;

кылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу тәжірибесі; кылмыстарды тергеу кезінде пайдаланылатын баска да ғылымдардын (сот-медицинасы, психология, криминология
және т.б.) жекеленген ережелері жатады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық әдістеменің жалпы қағидалары.
  2. Криминалистикалық сипаттама.
  3. Қылмысты тергеп әшкерелеуде жұртындық пен ақпарат құралдарының көмегін пайдалану.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

№20 лекция. Тактикалық операциялар және оларды қылмысты тергеудің тиімділігін арттыруда пайдалану тәсілдері.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Объектілер. 3 страница | Объектілер. 5 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 843; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.077 сек.