КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Я лекция. Стратегія зовнішньої економіки Китаю
Лекция Стратегія зовнішньої економіки Китаю. Китай здійснює активну зовнішню політику. Китай враховує глобальний фактор під час формування своєї стратегії зовнішньої економіки. Він бере активну участь у різних міжнародних організаціях. У 2001 р. Китай вступив у Світову організацію торгівлі. Китай активізує свою участь в Азіатсько-Тихоокеанському співдружності (АТЕС). Китай використовує особливий статус Гонконгу з цією метою. Китай розглядає можливість посилення контактів з АСЕАН, Шанхайською організацією співпраці (ШОС), «Великою вісімкою».
Періштелерге иман الإيمان بالملائكة Періштелерге сенудің маңыздылығы Періштелерге сену - иман шарттарының басты қағидаларының бірі. Себебі, періштеге иман алдымен уахиге, пайғамбардың хақ пайғамбар екендігіне, пайғамбардың әкелген кітабына, оның жеткізген діни үкімі мен тыйымдарына сену деген сөз. Ал періштеге сенбеу - осы айтылғандардың бәрін қабыл етпеумен тең. Бүкіл діни үкімдер періште арқылы пайғамбарларға жеткізілетіндіктен, періштелерге иман Аллаһ Тағалаға иманнан кейінгі кезекте өте маңызды рөлге ие. Құран періштелерге иман етудің парыз екендігін білдіреді және періштелердің бар екендігі мен олардың нендей мақлұқ екендігін де айтып өтеді. Періштелерге иман етудің парыздығын мына аяттарда білдірілген: آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ «Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де барлығы Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді» ( 2.Бақара – 285). لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَـكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلآئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ وَآتَى الْمَالَ عَلَى حُبِّهِ ذَوِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَالسَّآئِلِينَ وَفِي الرِّقَابِ وَأَقَامَ الصَّلاةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَالْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَاهَدُواْ وَالصَّابِرِينَ فِي الْبَأْسَاء والضَّرَّاء وَحِينَ الْبَأْسِ أُولَـئِكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَأُولَـئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ «Кім Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе... міне солар шыншылдар, әрі солар тақуалар» ( 2.Бақара – 177). · Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде де бұл тақырып кеңінен қамтылып, иман негіздері анық түрде көрсетілген. Яғни Жәбірейл періште Пайғамбарымызға адам бейнесінде келіп: «Ислам не? Иман не? Ихсан не? Қиямет қашан болады?», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иман дегеніміз - Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену» екендігін айтады. Періштелерге иман келтіру Аллаһ Тағала мен Оның елшісінің әмірі болғандықтан қандай да бір періштені қабыл етпеу не қарсы шығу шариғат үкімі бойынша күпірлік болып саналады. Құран Кәрімде бұл мәселеде айқын белгілер бар: «Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейл, Микайлге дұшпан болса, әлбетте Аллаһ кәпірлерге дұшпан» ( 2.Бақара – 98). Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мадинаға һижрет етіп барған соң, ондағы тұрғындарды хақ дін исламға шақырады. Ол кезде қала тұрғындарының басым бөлігі яһудилер болатын. Олар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хақ пайғамбар екендігіне күмәнданып, Оны сынаудың небір қитұрқы жолдарына көшеді. Әйтеуір болмашы бір сылтау тауып, сенбеудің жолын қарастырады. Сол сылтаудың бірі періштелер мәселесінде қатысты болды. Бір күні Фәдәк тұрғындарынан бір топ яһуди Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, түрлі сұрақтар қояды. Олар көбіне сұрақты ғибрат алу тұрғысында қоймайтын, сондықтан өздеріне жауабы белгілі сұрақтарды да жөн‑жосықсыз қоя беретін. Солай бола тұра, Пайғамбарымыз (с.а.у.) яһудилердің барлық сұрақтарына асқан сабырлықпен дұрыс жауаптарын береді. Ең соңында олар: «Саған қай періште уахи әкелуде?», - деп сұрайды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Маған Жәбірейл уахи әкеледі», - деген жауабынана яһудилер: «Жәбірейл біздің дұшпанымыз. Егер саған Микайл уахи әкелгенде сенің пайғамбарлығыңа сенер едік. Жәбірейл әкелгендігі үшін саған сене алмаймыз», - деп, уәж айтып шығып кетеді[1]. Негізінде, біз періштелерді сезім мүшелерімізбен ажырата алмаймыз. Себебі, олар көзге көрінбейтін нұрдан жаратылған рухани жан иелері. Періштелер жайындағы мәліметтердің қайнар көзі де Құран аяттары мен пайғамбар хадистері ғана. Біз де өз кезегімізде аят пен хадисте айтылған мағлұматтардан ары кете алмаймыз. Және оларды көрінбейді һәм сезім мүшелеріміз арқылы сезілмейді екен деп оларды жоққа шығара алмаймыз. Асылында, періштелердің көрінбеуі – оларды көруге біздің қабілетіміздің жетпейтіндігін білдіреді. Аллаһ Тағаланың періштелерді жаратып, әрбіріне нақты уәзипалар беруі. Көзге көрінбейтін періштелердің неден жаратылғандығы жайында Құран Кәрімде ешқандай мәлімет жоқ. Періштелердің нұрдан жаратылғандығын Пайғамбарымыз (с.а.у.) мына бір хадисінде айтып өтеді. · Хазіреті Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Періштелер нұрдан, жындар жалындаған оттан, Адам болса топырақтан жаратылған» ( Муслим, Зухд – 10; Ахмед б. Ханбал, Муснад, ҮІ, 168). Құранның баяндауына қарағанда періштелер адамнан бұрын жаратылған. Себебі, қасиетті кітабымызда Аллаһ Тағала періштелерге Адам атаны жарататындығын және оны жер бетінде халифа етіп дүниеге әкелетінін айтады. Бұл да адамзат жаратылмастан бұрын періштелердің бар екендігін білдіреді. Аятта бұл мәселе жайында былай дейді: «Сол уақытта Раббың періштелерге: Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!- деген еді. Періштелер: Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктеудеміз деді. Аллаһ: Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін деді» ( 2.Бақара – 30).
Періштелердің ерекшеліктері Періштелер нұрдан жаратылғандықтан, сол жаратылысына тән өзіндік ерекшеліктерге ие. Олардың бұл ерекшеліктерін төмендегідей реттілікпен жүйелеп көрсетуге болады: 1. Періштелер нұрдан жаратылған көзге көрінбейтін тіршілік иесі. Олар ішу, жеу, жынысқа бөліну, үйлену, ұйықтау, шаршау, жалығу, жас, кәрі болып бөліну секілді адамзатқа тән сипаттан ада. Олар Аллаһқа құлшылық ету ісінде ешқандай шаршау дегенді білмейді. 24 сағаттың ішінде толассыз құлшылық ете береді. Құранда бұл жайында: «Көктер мен жердегілер Аллаһтыкі. Оның қасындағылар Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды. Олар күндіз-түні Аллаһты дәріптеуден (тасбих айтудан) жалықпайды» ( 21.Әнбия, 19-20) ‑ дейді Жоғарыда айтып өткеніміздей періштелерде жынысқа бөліну, яғни әйел, еркек деген ұғым жоқ. Егер біз періштелер әйел, еркек болып бөлінеді деп айтатын болсақ, күнәһар әрі өтірікші боламыз: «Олар Аллаһтың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар періштелердің жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып, сұралады» ( 43.Зухруф-19). 2. Періштелер Аллаһқа ешқашан қарсы келмейді. Тек Аллаһтың әмірлерін бұлжытпай орындайды да, қандай мақсат үшін жаратылған болса, соны ғана істейді. Үнемі Аллаһты дәріптеумен, мадақтаумен, тасбих айтумен болады. Періштелердің бұл кейпін Құран аяттары анық түрде біздерге білдіреді. Аяттарда былай дейді: «Өздерінен үстем болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілген бұйрықтарды орындайды» ( 16.Нахыл-50). 3. Періштелер қанатты болғандықтан өте жылдам әрекет етеді. Күш‑қуаттарының молдығы сондай, олардың күші жетпейтін нәрсе жоқ. Жылдамдықтары біздің қиялымызға келмейтіндей дәрежеде өте жылдам, аспан мен жерді бір сәт ішінде аралап шығатындай қабілетке ие. Бірақ, олардың аталмыш ерекшеліктері әркез Аллаһ Тағаланың рұқсатымен ғана жүзеге асады. Осы айтылған ерекшеліктер төмендегі аяттан да белгілі болып отыр: «Көктерді және жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Аллаһқа барлық мақтау лайық. Ол жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Аллаһтың әр нәрсеге толық күші жетуші» (35.Фатыр – 1). Аятта періштелердің қанаты болатындығы айтылады. Демек, мұсылман кісі үшін періштелердің қанаты болатындығына сенуі парыз. Ал періштелердің қанатының қандай екендігін оларды жаратқан Аллаһ Тағала мен періштені өз бейнесінде көрген пайғамбарлар ғана біледі. Періштелердің қанаттарының әртүрлі болуы олардың Аллаһтың әмірлерін орындау барысындағы жылдамдығы мен Аллаһ құзырындағы дәрежелеріне байланысты [2]. 4. Періштелер Аллаһтың әмірі мен рұқсаты бойынша түрлі бейнеге өте алады. Мәселен, Жәбірейл Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи әкелгенде кейде Дихя есіміндегі сахабаның бейнесінде келген. Сонымен қоса, ешкім танымайтын өзге де кейіпте келетін кездері де болған. Құранның мазмұндық желісіне сүйенсек, періштелер Аллаһтың әмірі бойынша адам бейнесінде Хазіреті Мариям анаға, Ибраһим (а.с.) және Лұтқа (а.с.) келген. 5. Періштелердің ең басты ерекшелігі олардың көзге көрінбейтіндігі. Періштелердің көзге көрінбеуі олардың нұрдан жаратылу ерекшелігі мен біздің оларды көруге қабілетіміздің жетпейтіндігін білдіреді. Егер Аллаһ, бізге толықтай кәміл көру қабілетін беретін болса, онда біз періштені де, қала берді шайтанды да көрер едік. Бірақ, бұл Аллаһтың заңдылығына үйлеспейді. Асылында, періштелерді тек пайғамбарлар ғана өз бейнесінде көре алады. 6. Періштелер ғайыпты яғни келешекті білмейді. Себебі, ғайып, тек Аллаһ Тағалаға ғана аян. Ал, періштелердің тек Аллаһтың үйреткен нәрселерін ғана біле алатындығы аятта анық айтылған: «Аллаһ Адамға (а.с.) бір тұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді. Періштелер: Сен пәксің! Біз Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың деді» ( 2.Бақара, 31-32). Ал мына аят ғайыпты, яғни келешекті Аллаһтан басқа ешкімнің білмейтіндігін паш етеді: «Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді» ( 27.Нәмл – 65)[3]. Періштелердің қызметтері Періштелер саны бізге беймәлім. Оларға барлығына иман келтірумен шектелеміз. Аллаһ Тағала періштелерді жаратқаннан соң оларға түрлі қызметтер жүктеген. Ол қызметтерді жердегі, көктегі және арштағы деп үш топқа бөліп қарастыруға болады. Осы жіктемеге сай періштелердің өзін де төмендегідей реттілікпен сыпаттап шығамыз: 1. Жәбірейіл: Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі. Жәбірейл сөзінің мағынасы негізінен «Аллаһтың құлы, Аллаһтың күші» деген ұғым саяды. Олай болса, Жәбірейілді ең ұлы мақамның төріндегі періште ретінде танимыз. Келтірілген аят та осыны растайды: «Негізінен Құран әрине, бір ардақты Елшінің сөзі. Ол күшті Елші, ғаршының иесінің қасында беделді» ( 81.Тәкуир, 19-20). Құран Кәрімнен Жәбірейл періштенің бірнеше атының бар екендігін көреміз. Мысалы: «Рухул қудс» (2.Бақара-87; 16.Нахыл-102), «Рух» (19.Мариям-17; 97.Қадыр-4), «Расули Карим» (81.Тәкуир-19), «Жибрил» (2.Бақара-97; 66.Тахрим-4) және «Рухул Әмин» (26.Шуғара-193). Жәбірейл періште періштелердің ең ұлығы, ең үлкені және Аллаһ Тағалаға ең жақыны болғандықтан ол «Сәйидул-Мәләикә» (періштелердің құрметтісі) деген абыройлы есіммен аталады. 2. Микайл: Төрт үлкен періштенің бірі Микайлдың (а.с.) қызметі жер бетіндегі мақлұқаттар мен тіршілік атаулының ырыс-несібесі мен ауру, шипа, рахмет, берекет секілді жайттарды адамдарға жеткізу. 3. Исрафил: Исрафилдың (а.с.) қызметі сурды (сырнай) үрлеу. Ақырзаман болғанда Исрафил сурды бірінші үрлегенде аспан мен жердегі бүкіл тіршілік атаулы қиямет қайымның басталуымен тіршілігін тоқтатады, яғни өледі. Ал екінші рет үрлегенде қайта тіріліп, қабірлерінен шығады да махшар алаңына жиналады. 4. Әзірейл «Мәлик әл-маут»: Үлкен періштелердің төртіншісі Әзрейлдің қызметі тіршілік атаулының жанын алу. Сондықтан оны «өлім періштесі» деп атайды. 5. Киромән катибин: әрбір адамның бұл дүниеде істеген ісін айна қатесіз жазып отыратын екі періштеге берілген есім. Бірі – пенденің (оң жағында) жақсылығын жазса, екіншісі (сол жағындағысы) жамандығын жазады. «Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. Ардақты жазушылар Олар не істегендеріңді біледі» ( 82.Ынфитар, 10-12). Адамдар ақыретте махшар алаңына барғанда, бұл дүниеде істеген амалдарының есебін берместен бұрын амал дәптері таратылады. Бұл дәптердегі бүкіл мәліметті жазған әлгі екі періште болады. Сонда адам бұл дүниеде істеген ісінің бәрін түгелімен жіпке тізгендей жазылғанын көргенде, өміріне селқос қарағандар мен түрлі деңгейдегі күнәһар пенделер қатты сасады: «Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәһарлардың қорыққанын көрсең. Олар: Опырмай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта ештеңені де, тастамай-ақ түгендепті дейді» ( 18.Кәһф – 49). 6. Мункәр мен Накир: бұл екі періште қабірге барған адамнан сұрақ алу қызметін атқарады. Өлген адам қабірге қойылған соң, оған жан беріліп, қайта тірілген соң осы екі періште оған сұрақтар қояды. Сұралатын сауалдар негізінен: Раббың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не? және т.б. осы тақырыптың төңірегінде болып келеді. Дұрыс жауап бергенге - қабір сыйы, бұрыс жауап бергенге - қабір азабы беріледі*. 7. Хәмәләй арш :Аллаһтың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім. Бұлар жайында аятта былай дейді: «Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақ Раббыңның аршысын сегіз періште үстеріне көтереді» ( 69.Хаққа-17). Бұл сегіз періштеден басқа көптеген періштелер арштың айналасында болатындығы мына аятта айтылған: «Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді. Оған сенеді» ( 40.Ғафыр-7). Арштың айналасындағы періштелердің нақты санын Аллаһ қана біледі. 8. Хафаза періштелері: Әрбір адамның өзін қорғаушы періштелері болады. Міне, сол періштелерді хафаза (қорғаушы) періштелері деп атайды. Аятта: «Әркімнің алдынан, артынан Аллаһтың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар» ( 13.Рағыд-11) ‑ дейді. Кейбір деректер бойынша әрбір адамды бақылап жүретін 384[4] немесе 360 періште болады. Бұның мәнісі адам баласының бүтін жаратылыс ішіндегі ең кәміл, әрі тамаша етіп жаратылған тіршілік иесі екендігімен байланысты[5]. Хадистерде айтылғандай, 360 періште әрбір муминді, әсіресе қарттар мен сәбилерді қорғап жүреді екен. Әлбетте, осы айтылған 360 періштенің әрбірінің өзіндік міндеттері бар. Адамға тура жолды нұсқап, мумин пенде үшін дұға әрі истиғфар ететін, кәпірлердің жүрегіне үрей салатын, ғибадат, зікір және ілім мәжілістеріне қатысатын, таң және екінті намаздарында жамағатпен бірге сап құратын, Құран аяттары мен жұма күндері айтылған салауаттарды тыңдайтын, намаз оқитын, әт-тахиятта шахадат сөзін бірге ілесіп оқитын, мұсылмандармен сәлемдесетін т.б. осындай түрлі қызметтерді атқаратын періштелер бар. Демек, 360 періште бір қарағанда көп болып көрінгенімен, олардың әрқайсысының күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде әлгіндей түрлі міндеттері бар[6]. 9. Жәннәт пен жәһәннамды бақылаушы періштелер: Жәннәт пен жәһәннамда арнайы бақылаушы періштелер болады. Жәннәт періштелерінің саны да өте көп. Олар жәннәтқа кірген муминдерге қызмет етеді және олармен бірге болады. Жәннәт нәсіп болған мүминдерге аятта: «Сабыр еткендерің үшін Аллаһтың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы» ( 13.Рағыд-24) – дейді. Зумәр сүресінде де: «Оларға оның сақшылары: Сендерге сәлем, қош келдіңдер, жәннәтқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер дейді» ( 39.Зумәр-73) деген айқын, сүйіншіге бергісіз мағлұматтар бар. Жәннәттағы періштелердің басшысын - Ридуан деп атайды. Ал, жәһәннамдағы зәбани періштелер кәпірлерді азаптау қызметімен айналысады. Олардың арасындағы басшыларын Малик деп атайды. Құранда жәһәннам періштелерінің қызметтері жайлы аяттар жеткілікті: «Әй, муминдер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер ірі денелі, қатал. Олар Аллаһтың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырса, соны орындайды» ( 66.Тахрим – 6). Жәһәннам періштелері тозаққа кірген кәпірді сұрақтың астына алатыны Құран Кәрімде былайша баян етіледі: «Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында, оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: Сендерге іштеріңнен өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және бұл күнге жолығатындарыңды ескертетін елшілер келмеді ме? - дейді. Олар: Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды дейді» ( 39.Зумәр – 71). 10. Муқаррабун - Аллаһ Тағалаға ең жақын, әрі ең ұлық періштелердің есімі. Олар жайында аят былай дейді: «Иса да, Аллаһқа жақын періштелер де Аллаһқа құл болудан әсте арланбайды» ( 4.Ниса – 172). 11. Адамның жүрегіне ақиқат пен шындықты толтырып, кейін өзіне аян беретін періштелердің бар екендігін Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадисінде айтып өтеді: «Адам баласына әрі шайтанның азғыруы, әрі періштенің аяны бар. Шайтанның азғыруы жамандықпен қорқытып, шындықты өтірік ету. Періштенің аяны жақсылықты өсиет ету мен шындықты растау. Ішкі дүниесінде осындай бір нәрсе сезген кісі, оның Аллаһтан екендігін білсін. Егер керісінше болса, шайтаннан сақтану үшін Аллаһқа сиынсын» ( Тирмизи, Тәфсир – 3, 2988 х.). 12. Муминдер үшін дұға ететін періштелер бар. Аятта: «Сондай-ақ иман келтіргендер үшін (періштелер): «Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!», - деп тілейді» ( 40.Ғафыр-7). 13. Намаз оқыған кезде «Фатиха» сүресін тәмәмдаған соң «әмин» деп айтатын арнайы періштелер бар. Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Имам әмин деген кезде, сізде әмин деңіз. Өйткені кімнің әмин деуі періштелердің әмин деуіне сәйкес келетін болса, оның өткен күнәлары кешіріледі» ( Бухари, Азан-111; Муслим, Салат-72; Тирмизи, Салат-71) дегені де бұған бірден‑бір дәлел бола алады. 14. Кейбір періштелер таң намазы мен екінді намазын муминдермен бірге оқиды. 15. Мумин ғалымдар үшін арнайы дұға ететін періштелер бар. Әбу Умамә әл-Баһилиден жеткен риуаят бойынша Пайғамбарымыз қарапайым пенде мен ғалым кісінің парқы жайында: «Ғалым адамның өзге құлдан артықшылығы Менің сендерден ең төмен болғандарыңнан артықтығым сияқты». (Тирмизи; Илим бөлімі – 19, 2685 хадис) деген. 4. Адамдар мен періштелерді дәреже тұрғысынан салыстыру жайында Адамдар періштелер секілді нұрдан жаратылмаған, қанаттары да жоқ, әрі олар секілді алапат күш пен жылдамдық иесі де емес. Мәселе солай бола тұра, адамдар дәреже тұрғысынан салыстырғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары. 1. Адамдар арасынан шыққан пайғамбарлардың дәрежесі періштелердің пайғамбарларынан жоғары. Аллаһ Тағала адамдар арасынан пайғамбар шығарғаны секілді, періштелер арасынан да пайғамбарлар сайлаған: «Аллаһ періштелерден де, адамдардан да елшілер белгіледі. Шәксіз Аллаһ әр нәрсені аса естуші, тым көруші» ( 22.Хаж-75). Ислами тақырыптағы еңбектердегі деректерге жүгінсек, ғұламаларымыз төрт үлкен періштені өзге періштелердің пайғамбарлары деп бөліп қарастырады. Мұнымен қатар, Аллаһ Тағала адамдарға «Халифа» ұғымын қолданып, (қараңыз: 2.Бақара-30) періштелерден жоғары екендігін айқын білдіреді. 2. Аллаһ Тағала Адам атаны жаратқан соң бүкіл періште атаулыға оған сәжде етулерін бұйырды және күллі періште Адамға сәжде етті (2.Бақара-34). Әлбетте, бұл да адам баласының періштелерге қарағанда дәрежесінің әлдеқайда жоғары екендігін тайға таңба басқандай дәлелдеп тұр. Егер періште адамнан жоғары болғанда адамға әсте сәжде етпеген болар еді. Ал дәрежесі төменнің дәрежесі үлкенге тағзым ететіндігі бесенеден белгілі жайт. 3. Адам ата Аллаһ Тағаланың өзіне берген қабілет‑қарымы мен зеректігінің арқасында періштелерге қарағанда көп нәрсенің ақиқатына молынан қанық болатын. Себебі, Аллаһ Тағала заттардың атауын періштелерден сұрағанда олар атай алмай, Адам атаның айтып беретіні белгілі (қараңыз: 2.Бақара-31-33). Бұл да білгенмен, білмегеннің бір деңгейде емес екендігін аңғартады. 4. Періштелердің ең ұлығы Жәбірейл (а.с.) Аллаһ Тағала мен Оның пайғамбарлары арасында елшілік қызметті атқарған. Елшілікке барған кісінің өзі баратын кісіден дәрежесі жоғары болмасы белгілі. Олай болса, мұнда да пайғамбарлар, дәреже тұрғысынан алғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары болып тұр деген сөз. 5. Періштелердің ең ұлығы Жәбірейл (а.с.) Миғраж түні Хазіреті Пайғамбарымызды көкке алып шығады да, Сидрәтул-мунтаха деген жерге келгенде Пайғамбарымызға: «Мен мына жерден ары өте алмаймын. Егер бір қадам аттасам, күл болып кетемін. Ары қарай өзің барасың», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса одан ары өзі көтеріліп, Аллаһ Тағаламен перде арқылы дидарласады. Адамның көтерілген жеріне періштенің жете алмауы да, соңғысының дәрежесінің төмен екендігінің бірден‑бір айғағы. 6. Ұлық періштелердің пайғамбар емес қарапайым қатардағы пенделерден дәрежесі жоғары болмақ. 7. Тақуалар мен шейіттер, ізгі амал істеуші пенделер жай қатардағы періштелерден дәреже тұрғысынан жоғары тұрады. 8. Ал сол қатардағы жай періштелердің дәрежесі – адамдар арасындағы күнәһар, кәпір, мунафиқ, фасық секілді пенделердің дәрежесінен әлдеқайда жоғары болары сөзсіз. 9. Періште Жаратушыны көріп иман еткен болса, адам Аллаһ Тағаланы көрмей иман етті. Иманның ең жоғарғысы - ғайыпқа, яғни көзге көрінбейтін нәрсеге сену. Олай болса, адам имани дәреже тұрғысынан да періштеден жоғары екендігі шүбесіз.
5. Жындар әлемі Жын сөзі - араб тіліндегі «жапты», «жасырды», «қалқалады» деген мағынаға келетін «жәннә» сөзінен шыққан. Жындар сезім мүшемізбен сезілмейтін, көзге көрінбейтін тіршілік иелері. «Жын» сөзі негізінен «инсан» (адам) сөзіне антоним ретінде қолданылып, сезім мүшелерімізбен байқауға келмейтін рухани әлем иелеріне берілген есім. Сондықтан да бұл ұғым періште, шайтан мен жындардың жалпы атауы ретінде қолданылады. Бірақ, әрбір періште көзге көрінбейтін жалпы (жинни) жын атауының мағыналық ұғымына кіргенімен әрбір жын періште емес. Аталмыш үш әлемнің (періште, жын, шайтан) әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әрдайым Аллаһ Тағаланың әмірімен қайырлы, оң істердің басында періштелер тұратын болса, шайтан – пендені тек алдап‑арбаумен, жамандыққа итермелеумен айналысады. Ал, жындарда осы екі рухани әлемнің де қасиеттері бар. Олардың мұсылмандары да кәпірлері де болады. Асылында, біздің ұғымымыздағы дию, пері деген атаулар парсы тіліндегі «жын» сөзінің баламасы. Сондықтан жын, дию, пері деген сөздер көбіне бір мағынада қолданыла беретіндегін айта кеткен орынды. Жындар біздің сезім мүшелерімізге беймәлім болғандықтан, олардың болмысын – қисындық яки ғылыми тұрғыдан тәптіштеп түсіндіруге келмейді. Десек те, негізгі салмақты дәлелдер мен нақты мәліметтерді Құран аяттары мен сахих хадистерден аламыз. Ал, аят пен хадис олардың нақты бар екендігін растайды. Қала берді Құран Кәрімде өз алдына «Жын» сүресінің бар екендігі баршамызға мәлім. Бірінші бөлімде айтып өткеніміздей адам Аллаһ Тағалаға құлшылық ету үшін жаратылғаны сияқты, періштелер де Аллаһқа қызмет ету, әрі Жаратушыны мадақтап, дәріптеу үшін жаратылған. Ал енді жындардың жаратылыстағы мақсаты қандай болмақ? Бұған жауапты Зәрият сүресінің 56-аятынан табамыз: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық ету үшін ғана жараттым». Олай болса жындар да адамдар секілді жәннәт пен жәһәннамға баратындығы анық. Бұған дәлел ретінде мына аятты келтіруге болады: «Сендерден бұрынғы өткен тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер дейді» ( 7.Ағраф-38). Адам мен жындардың жаратылу мақсатына сай Аллаһ Тағала оларға құлшылық заңдылықтарын жеткізетін пайғамбар жібереді. Адамзатқа 124 мың пайғамбар келгендігі бәрімізге аян. Ал «жындарға пайғамбар келген бе» дейтін болсақ, оларға да пайғамбар жіберілгеніне көз жеткіземіз[7]. Мұның айғағы төмендегі аят: «Әй, жын мен адамдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымызды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?, - делінеді. Олар: Раббымыз! Өзімізге куәміз, дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анық қарсы болғандықтарына айғақ болады» ( 6.Әнғам-130). Мәселе осылай бола тұра, бірқатар ғалымдар жындар әлеміне пайғамбар келмеген деген тұжырымды ұстанады[8]. Бұл мәселеге арнайы жауап беруге тура келеді. Біріншіден, жындар арасынан пайғамбар келмеген болса, олар Жаратушыға қалай құлшылық етпек? Екіншіден, Аллаһ Тағала жындарды да тек Өзіне ғана құлшылық ету үшін жаратпап па еді? Үшіншіден, Исра сүресінің 15-аятында: «Пайғамбар жіберместен біз ешкімді жазаламаймыз» делінген. Сонда жындарға тура жолды көрсетуші өз араларынан елші келмесе, Пайғамбарымызға дейін келіп кеткен жындар ақыретте жазаға ұшырамайды деген ұғым шығады. Бұлай дейін десек, «Рас тозақ үшін көптеген жындар мен адамдар жараттық» ( 7.Ағраф-179) аяты жындардың да тозаққа баратындығынан хабар беріп тұр. Осы аяттарды негіз етіп ала отырып, жындардың да арасынан елші келгендігі жөнінде айта аламыз. Ал енді жындардың өзіндік болмысы мен кейбір табиғи ерекшеліктеріне тоқталып өтсек: 1) «Мен жындар мен адамдарды тек қана өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым» ( 51.Зарият-56). «Рас тозақ үшін көптеген жындар мен адамдар жараттық» ( 7.Ағраф-179). Осы екі аяттың мағынасынан (ең бастысы бастауыш сөздердің орналасу реттілігінен) жындардың адам жаратылмастан бұрын жаратылғандығы тұрғысында тұжырым шығаруға болады. Егер мәселе керісінше болғанда, жоғарыдағы екі аятта да «жындар мен адамдар» тіркесінің реттілігі «адамдар мен жындар» болып орналасқан болар еді. Демек, бұдан шығатын қорытынды – жындар адам баласынан бұрын жаратылған. Тіпті, жындар Адам ата жаратылмастан екі мың жыл бұрын жаратылған деген нақтылы пікірлер де жоқ емес [9]. 2) Адам топырақтан, періште нұрдан жаратылса, жындар оттан жаратылған: «Жындарды оттың жалынынан жаратты» ( 55.Рахман-15). «Расында адамды бейнелеген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық. Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік» ( 15.Хижр, 26-27). Ал енді бұл жерден: «Жындар оттан жаратылған болса, тозақ оты оларды қалай жағады?» деген қисынды сауал туындайды. Асылында, Аллаһ Тағала оларды әу баста оттан жаратқанымен, олар от халіндегі мақлұқтар емес. Мысалы, адам баласы топырақтан жаратылғанымен тәні топырақ емес қой. Сол секілді жындардың да тозақтың отына жануының өз ерекшеліктері бар. Аллаһ Тағала барлық нәрсенің жүйесін әу бастан реттеп, тағдырға жазып қойғандықтан бұл мәселеде ешқандай екіұшты яки түсініксіз жайтқа орын жоқ. 3) Жындар да адамдар секілді ішіп-жейді, үйленеді, көбейеді, ер-әйел болып бөлінеді және өледі. Олардың өмір сүру ұзақтығы өз уақыттары бойынша, 60-70 жылдай болады. Бірақ, олардың жылдық өлшемдерін біздің уақыт өлшемімізге шаққанда шамамен мың жылға жақын, яғни бір жынның өмір сүру мерзімі осынша уақытқа тең деп түсінеміз[10]. 4) Жындар да адамдар секілді мұсылман, кәпір, жақсы, жаман болып бөлінеді. Аятта бұл жайында былай дейді: «Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар, түрлі жолдарда едік. Шынында жер жүзінде Аллаһты еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.... Біздің арамызда мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім мұсылман болса, ал міне солар туралықты іздейді» ( 72.Жын, 11, 12, 14). Жындардың муминдері адамдардың муминдерімен бірге жәннәтқа, кәпірлері кәпірлермен бірге тозаққа кіреді. 5) Жындар да адамдар секілді есту, ойлау және сөйлеу қабілетіне ие: «Мұхаммед оларға: «Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді, - деп айт. Сонда жындар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық, - деді. Құран бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз» ( 72.Жын, 1-2). Сонымен қатар Сүлейменнің (а.с.) Иемендегі Бәлқис ханшаның тағын жындарға әкелдірмек болып, олармен сөйлескендігін де жындардың сөйлей алатындығына қатысты мысал ретінде айтуға болады (қараңыз: 27.Нәмл – 39). 6) Жындардың түрлі бейнелер мен пішіндерде көріне алатын қасиеті бар. Сонымен қоса олар аса ауыр істерді де істеуге қабілетті. Аллаһ Тағала жындарды Сүлеймен пайғамбардың құзырына бергенде[11], Сүлеймен пайғамбар оларды түрлі ауыр жұмыстарға жеккен болатын. Құран Кәрімде бұл мәселе жөнінде: «Олар Сүлейменнің қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді» ( 34.Сәбә-13) деген жолдар бар. Бірде, Сүлеймен (а.с.) пайғамбар Иемендегі Сәбә патшасының ханшасы Бәлқистың тағын Иерусалимге әкелуге ниеттенеді. Себебі, Бәлқис ханша Сүлеймен пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін мойындап, оның еліне келмек болады. Міне, осыған орай Сүлейменге (а.с.) ханшаны таңдандыру қажеттілігі туып, жындарға: «Тақты кім әкеледі», - деп сұрағанда, жындардың бірі Ифрит: «Оны орныңнан тұрмастан бұрын келтіремін», - деді. Кітап ғылымына ие келесі бірі: «Оны кірпік қаққанша әкелемін», - деді. Сүлеймен сол сәтте жанына әкеліп қойылған ханшаның тағын көріп: «Бұл Раббымның кеңшілігі», - деді» (27.Нәмл – 40). Иә, Иемен мен Құдыстың арасы екі не үш мың шақырымдай қашықтық екенін ескерсек, жындардың қаншалықты дәрежеде күш иесі, әрі жылдам екендігін пайымдау аса қиын болмас. 7) Жындардың ғайыппен байланысты ілімі жоқ. Олар тек Аллаһтың өздеріне берген рұқсат мөлшерінде ғана адамдарға беймәлім кейбір мәселелерді біліп, көре алады. Періштеге иман мәселесінде олардың ғайыпты біле алмайтындығын айтқан болатынбыз. Сол секілді жындар да ғайыпты біле алмайды. Пікірімізді бекіте түсу үшін айта кетейік, егер жындар ғайыпты, көзге көрінбейтін нәрселерді білетін болса, Сүлейменнің (а.с.) аса таяғына сүйеніп тұрып қайтыс болғанын білер еді. Ал олар болса, керісінше, аса таяқты құрт жеп, әбден шіріп, сынып, Сүлеймен пайғамбар құлағанша жындар оның өлгенін бейхабар болып, Құдыс мешіттің құрылысын тоқтатпады [12]. Бұл оқиғаны аят былай баян етеді: «Біз оның (Сүлейменнің (а.с.)) өліміне үкім берген заманда жындарға оның өлімін, оның таяғын жеген бір жердің құрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте жындарға аян болды. Егер жындар көместі білген болса еді, ауыр машақатта қалмас еді» ( 34.Сәбә-14). 8) Кәпір жындар өздеріне дос ретінде кейбір адамдарды әдейілеп таңдап алады. Сөйтіп оларды алдап‑арбау арқылы, түрлі айлакерлік әдістермен өз ырқына көндіреді. Көбіне біз мұндай жандарды палшы, бақсы, тәуіп деп те айтып жүрміз. Негізінен жындар ғайыппен байланысты мағлұматтардан бейхабар екені анық, олар тек адамдарға белгісіз кейбір мәліметтерді ғана жеткізе алады. Көбіне олар, көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасайды. Осы тыңшылықтан алған мәліметтерін жердегі достарына өтірік қосып жеткізеді. Ал жындардың көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасауы жайында Құранда: «Әрине көкке қарманғанымызда оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық, Әлбетте тыңдау үшін аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді» ( 72.Жын 8-9) деген жолдар бар. Жындардың көріпкел, палшыларға жеткізген кейбір хабарлары кей жағдайларда дұрыс шығуы да мүмкін. Бірақ, мәселе солай болды екен деп, оларға пал аштырып, келешекті білуге әрекеттену ислам діні бойынша үлкен күнә болып есептеледі. Жалпы палшылық пен көріпкелдікке деген сенім – Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) әкелген хабарларына қарсы шығумен тең. Қарсы шығу - кәпір болу деген сөз. Осы мәселеге байланысты мынадай ғибратты хадис бар: «Хазіреті Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Кейбір адамдар Расулуллаһқа келіп, көріпкел палшылардың ғайыпты қалай білетіндігін сұрады. Расулуллаһ оларға: - Негізінен олардың ғайыпқа қатысты айтқан сөздері бос, мағынасыз сөздер, - деді. Сахабалар: - Я, Расулуллаһ! Олар кей кезде ғайыптан айтқан сөздері дұрыс болып шығады. Бұл қалай? – десті. Расулуллаһ: - Бұл дұрыс сөз. Жындар періштелердің бір-бірімен әңгімелескенін тыңшылық жасап, естиді де, оны тауықтың бақырып шақырғаны сияқты палшы достарының құлақтарына дауыстап жеткізеді. Бірақ, олар сол уахиден ұрлап алған бір дұрыс сөздің ішіне жүздеген өтірік сөз қосады, - деді»[13]. 9) Ғалымдардың көпшілігінің айтуы бойынша – Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы адамдарға да, жындарға да ортақ. Сол себептен Пайғамбарымызға «Расулус-сақалайн» деген ат берілген. Хазіреті Пайғамбарымыз исламды жындарға да түсіндірген және исламды қабыл еткен жындармен қатар, қарсы шығушы кәпір жындар да болды. Бұл жайында аятта Аллаһ Тағала былай дейді: «Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар жетіп келген сәтте «Үндемеңдер» десті. Сонда оқылуы біткен кезде өздеріне ескертуші болып қайтты. Олар: «Әй, еліміз! Шын мәнінде біз Мұсадан кейін түсірілген алдыңғы растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір кітап тыңдадық, - деді. Әй, халқымыз! Аллаһтың шақырушысын қабылдаңдар және Аллаһқа иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды» ( 46.Ахқаф, 29-31). 6. Шайтан және оның кейбір өзіндік ерекшеліктері хақында
Шайтан негізінен жындардың арасынан шыққан. Ол да оттан жаратылған. Және құлшылық тұрғысынан да жоғары тақуалық сатысына жетіп, періштелердің деңгейімен бірдей дәрежеге қол жеткізген. Ал енді осы періште мен жынның екі арасын мына аят айырып береді: «Сол уақытта періштелерге: Адамға сәжде қылыңдар деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде етті. Жыннан болған Ібіліс Раббыңның әмірінен бас тартты» ( 18.Кәһф – 50). Шайтанның оттан жаратылғандығын жөнінде де аятта анық белгілер бар: (Аллаһ Ібіліске) Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?, - деді. Ол: мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың, - деді» ( 7.Ағраф-12). Шайтан біріншіден періште деңгейіне жетіп, әрі оттан жаратылғандығын алға тарта отырып, Адамға (а.с.) сәжде етуден бас тартып, Аллаһ Тағаланың құзырынан қуылды және қияметке дейін лағнетке ұшырады. Осыған байланысты Құранда бірқатар аяттар бар. Олардың бәріне жеке-жеке тоқталып жатпастан, тек мына төмендегі аятқа назар салсақ: «(Аллаһ Ібіліске) Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?, - деді. Ол: Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың, - деді. Сонда Аллаһ Ібіліске: «Сен бұл жерден (жұмақтан) шығып кет. Бұл жерде сен өзіңді астам ұстауыңа болмайды.. Дереу шық, қор болушылардансың»,- деді» ( Ағраф, 12,13). Негізінде, шайтан Адамның (а.с.) өзінен екі саты (Біріншіден, Аллаһтың адам жер бетіндегі халифасы болса, екіншіден, адам Аллаһ тарапынан берілген рух иесі) жоғары екендігін місе тұтпай, тәкаппарлыққа бой алдырды. Осыдан келіп, ол Адам атаны (а.с.) тануда өрескел қателік жасап, нәпсісіне ерді. Шайтанның бұл қателігі оның тағдырының түбегейлі өзгеруіне әкеп соқтырғаны белгілі. Қайтар жолдың жоқ екендігін түсінген шайтанның, өзінің қуылуына себеп болған адам баласына деген өкпесі қара қазандай еді. Оған төмендегі аят жолдары ап-айқын дәлел бола алады: «Қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер деді. (Аллаһ): Шынында мұрсат берілгендерденсің деді. (Ібіліс): Ендеше мені қаңғыртқаның үшін әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңа көлденең тұрамын деді. Сонан соң оларға алды-артынан, оң-солынан келемін де олардың көбін, шүкір ететіндерден емес екенін көзіңмен көресің деді» ( 7.Ағраф, 14-17). Ә дегеннен‑ақ шайтан Аллаһтың құзырында берген уәдесін орындауға кірісті. Және бәрімізге белгілі ол сол арам пиғылын Адам ата мен Хауа ананы жәннәттан шығару амалымен бастады. Бұл мәселе аятта былай келтіріледі: «(Аллаһ): Әй, Адам! Сен және жұбайың жәннәтқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: Раббыларың сендерді осы ағаштан екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп қана тыйған деді. Шынында да мен екеуіңді үгіттеушілерденмін деп ант ішті. Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетеді. Екеуі жәннәт жапырақтарынан үстеріне жапыстыра бастады. Раббылары екеуіне: Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?, – деп үн қатады» ( 7.Ағраф, 20-22). Шайтан жаратылыс пайда болғаннан бері адамдарға түрлі жамандықтарды, күпірлікке бастар һәрекеттер мен түрлі деңгейдегі күнәларды барынша сүйкімді етіп көрсетті. Соларды жүзеге асыру қамымен адамды алдап-арбап, дұрыс жолдан тайдыруды көздеді және дегеніне үнемі жетіп отырды. Аятта бұл мәселені: «Аллаһқа серт! (Мұхаммед (с.а.у.)) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан оларға өз қылықтарын әдемі етіп көрсетті. Сондықтан бүгін де ол олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар» ( 16.Нахыл-63) деп келтіріледі. Адамдар арасында өшпенділік пен дұшпандық отын жағу, бауыр мен бауырды, ері мен зайыбын, қоғам мен тұлғаның арасына іріткі салу – мұның бәрі шайтанның ұлық мақсаттарына кіретін істер. Шайтан қаншалық жамандықты молынан жасаса, соншалық аталары Ібілістің құзырында мәртебелері арта түседі. Хазіреті Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Ібіліс тағын судың бетіне құрады. Содан кейін әскерін топ-топ етіп жолдайды. Әскерлерінің дәреже мен шеніне қарап, ең жақынын қасына алады. Әскерлері бір-бірлеп келіп: «Былай, былай жасадым»,- дейді. Ол да: «Сен ешнәрсе істемедің»,- деп жауап береді. Содан кейін өзгесі келеді және ол: «Адамды зайыбынан ажыратқанша кетпедім»,- дейді. Бұны естіген Ібіліс әскерін өзіне жақындатып, «Сен қандай жақсысың» деп мақтайды» ( Муслим, Мунафиқун – 16). Пенденің Аллаһтың хақ жолынан тайқып, тыйым салынған әрекеттерге бой алдыруы оның шайтанның қармағына іліккенінің бірден‑бір дәлелі. Шайтан ондай пенденің қимас досына айналып, досын кәпірлердің тобырына үкілеп қосады. Бұл жайында Құранда да кеңінен баян етілген: «Аллаһты еске алудан (яғни Құраннан) кімде кім бас тартса, Біз оның соңына шайтанды салып қоямыз, шайтан оны (азғырып), мәңгі бірге жүреді. Шайтанның оны тура жолдан адастыратыны анық. Бірақ олар өздерін тура жолдамыз деп ойлайды. Кәпір болған адам Біздің алдымызға келген шақта (қияметте): Әттең сенімен менің арамда шығыс пен батыстай алшақтық неге болмады екен? Сен қандай ғана жаман жолдас едің! (Менің бақытсыздығыма себеп болған сенсің ғой)», - дейді» ( 43.Зухруф, 36-38). Құранда мүминдерді шайтанның азғыруынан арнайы сақтандыратын аяттар бар. Бүтін адамзаттың ата‑анасын жәннәттан шығарған шайтанның қулығына құрық бойламайтыны жайлы Аллаһ Тағала Құранда бірнеше жерде ескертіп өтеді. Иә, асылында жалған, дүниелік һәрекеттерге бой алдырмасақ, шайтанның да азғыруынан аулақ боларымыз хақ. Енді осы мағынада айтылған аяттардың бірнешеуін келтіре кетсек: «Еш күмәнсіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» ( 35.Фатыр – 6). «Әй, адам баласы! Жер бетіндегі халал, таза нәрседен жеңдер! Және шайтанның ізіне ермеңдер. Өйткені ол сендерге ашық дұшпан. Шайтан сендерді жамандық жасауға, сұмдық қылмысқа, зейіндерің жетпейтін нәрселерді Аллаһқа қарсы айтқызуға бұйырады» ( 2.Бақара, 168-169). «Шайтан оларға уәде беріп, оларды босқа үміттендіреді. Шайтанның оларға уәдесі алдау ғана» ( 4.Ниса-120). «Әй, адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жәннәттан шығарғандай сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, олар сендерді көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық» ( 7.Ағраф-27). Шайтан адамды дұрыс жолдан тайдыруымен қоймай, ақыреттегі есеп-қисап кезінде пенделердің істеген өз амалдарымен өздерін кінәлі етіп және осы үшін өзін айыптамауды бұйырады екен. Аятта осы тұс айқын бейнеленген: «Іс біткен заман шайтан: «Расында Аллаһ сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше мені сөкпеңдер де, өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Расында бұрыннан да мені Аллаһқа ортақ қосуларыңа қарсы едім», деді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар» ( 14.Ибраһим – 22). Әрбір адамды алдап-арбап, азғырып, хақиқи жолдан шығару үшін бір-бір шайтаннан болады. «Періштеге иман мәселесінде» әрбір адамды қорғап жүретін 384 немесе 360 періште бар екенін еске салған болатынбыз. Ал енді ойланып көрейікші, бізді 384 немесе 360 періште қорғап, біз үшін Аллаһтан кешірім тілеп жүрсе де, жалғыз ғана шайтанның азғыруына неліктен жеңілеміз? Демек, шайтан жалғыз болғанымен өзінің іс-әрекеттерін бізге сүйдіре біліп, нәпсімізге толықтай билік жүргізе білген. ü Бір күні түнде Расулуллаһ (с.а.у.) Хазіреті Айша анамыздың қасынан кетіп қалады. Хазіреті Айша анамыз Пайғамбардың шығып Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 413; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |