КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Рылу нысаны
Сыртқы түрі бойынша есептіркегіштер бухгалтерлік кітаптарға, карточкаларға, бос параңтарға, электрондың түрлерге бөлінеді. Бухгалтерлік кітаптар дегеніміз - шаруашыльщ әрекеттері жазбаларына арналған түптелген, кестеленген және нөмірленген қағаз парақтары. Әрбір кітаптағы беттердің кестеленуі мен тіркегіштерінің сипаты жазба-лардың сипаты мен тіркегіштердің мақсатына байланысты әр түрлі болып келеді. Кітап ереже бойынша бір жылға ашылады, оның бірінші бетінде жазбалары бір жыл бойы жүргізілетін шоттар мен субшоттардың атаулары беріледі. Өте маңызды мақсаты бар кейбір кітаптарда барлың параңтары тігіледі және «Осы кітапта осынша парақ нөмірленген және тігілген» деген жазу жазылып, жауапты түлғалардың қолтаңбасымен және мөрмен бекітіледі. Сондықтан бухгалтерлік кітаптар қазіргі кезде жеке объектілердің талдау есебі, сондай-ақ жинақтау есебі (Бас кітап) мен кассальщ әрекеттердің есебі (кассальщ кітаптар) үшін пайдаланылады. Карточкалар - бүл баспаханалың әдіспен қажетті реквизиттері басылған шамамен қатты қағазда кестелен-ген жеке беттер. Карточкалар оларды картотекада бірге сақтауға мүмкіндік беретін белгілі стандартты мөлшерде болады. Бухгалтерлік кітаптардан карточкаларға көшу бух-галтерлік есептегі жазбалар техникасының жетілгендігін көрсетеді. Карточкаларды пайдалану бухгалтерия қыз-меткерлері еңбегін бөлуге, олардың еңбек өнімділіктерін жоғарылатуға, есептіркегіштерінің автоматтандыры-луын кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Бос парацта карточкаларға қарағанда мөлшері жағы-нан біршама үлкен, тіркегіштердің көптеген санынан түрады және күнтізбелік тәртіппен есеп мәліметтері рет-ретімен жинаңталады. Оларды журналдар деп атау қа-былданған. Олар жеке параңтарды алуға және оңай салуға мүмкіндік беретін арнайы папкаларда немесе тіркегіштерде сақталынады. Электрондыц эдіспен дайындалган тіркегіштері де-геніміз - ақпараттардың автоматты жолмен алынған ар-найы тіркегіштер. Оларда болатын мәліметтер әр түрлі деңгейлі қорытындыларға бөлінудің арнайы белгілері бойынша топтастырылады: жеке, аралық, жалпы және біріктірілген. Электрондық әдіспен дайындалған тіркегіштер есеп пен басқаруга барлық қажетті мәліметтерден тұрады. Есепте есептіркегіштердің қандай да нысандарының -кітаптар, бос параңтардың қолданылуы олардың ерек-шеліктерімен және кәсіпорынның есеп саясатымен анықталады. Есептіркегіштер бухгалтерлік жазбалар сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: хронологиялық, жцй-елік, аралас. Хронологиялық тіркегіштер шаруашылың әрекеттерін рет-ретімен кезегі бойынша тіркеу үшін пайдаланылады. Хронологиялың есептіркегіштерге мысал ретінде есептің мемориалды-ордерлік нысаны кезінде жүргізілетін арнайы тіркеу журналын алуға болады. Журналда шаруашылық әрекеттері олардың бухгалтерлік жаз-балармен ресімделу шамасы бойынша тіркеуге алынады: жазбалардың реттік нөмірі, оның күні мен сомасы жа-зылады. Яғни, журналда тіркелген әрекеттердің жалпы ңорытындысы шоттар бойынша жазбалардың толықты-лығын тексеруге мүмкіндік береді. Жцйелік есептіркегіштерде шаруашылық әрекеттері корреспонденцияланатын шоттар бойынша тіркеледі. Оған мысал болып Бас кітап, талдау есебінің кітаптары мен карточкалары табылады. Талдау есебінің тіркегіштері талдау есебінің көрсет-кіштерін көрсету үшін қолданылады. Жалпы ңатар бойынша талдау тіркегіштерін қүру үшін әр түрлі кәсіп-орындарда төмендегідей болып бөлінетін карточкалар-дың үлгі нысандары қолданылады: сандың есеп, сандың-сомалық есеп, контокорренттік және көп кестелі. Сандың есепті карточкалар тек сандық өлшемдегі әрекеттерді бейнелеуге арналған. Мүндай карточкалар ңоймадағы тауарлы-материалдық ңүндылыңтар есебі үшін қолданылады. Сандық-сомалық есеп карточкалары әрекеттерді заттай, сондай-аң ақшалай өлшегіштермен бейнелеу үшін пайдаланылады. Оларда сомалары мен сандары жазу кестелері ңарастырылған. Контокоррентті карточкалар тек ақшалай өлшемде ғана есеп жүргізуге арналган. Көп кестелі карточкалар жеке бөліктердің жазбалар детализациясы талап етілетін шоттар бойынша аңшалай өлшегіштерде есеп жүргізу үшін пайдаланылады. Есептіркегіштердің қүрылу нысаны бойынша біржақты, екіжаңты, көп кестелі, сызықты және шах-матты болып бөлінеді. Біржақты тіркегіштердіц кіріс (дебет) және шығыс (кредит) бағандары бір жақта орналасуы айтарлықтай ерекшелігі болып табылады. Мүндай тіркегіштерге мате-риалдың қүндыльщтар есебіне арналған әр түрлі карточ-калар жатады. Есеп бір парақта аңшалай, заттай немесе барлық уақытта екі өлшегіште де жүргізіледі. Біржақты тіркегіштер жинаңтау және талдау есебінде қолданылады. Олар мынадай болып келеді:
Екіжақты тіркегіштер шот нысанында болады, яғни дебеттік жағы ашылған параңтың сол жағында, ал кредиттік оң жагында болады. Екіжаңты тіркегіштер есептің ңолмен жүргізілетін әдісі кезінде жинақтау және талдау есебінде жүргізіледі. Екіжақты тіркегіш төмендегідей нысанда болады: ДЕБЕТ КРЕДИТ
Көп баганды нысандарда мәліметтер корреспон-денцияланатын шоттар бөлігінде дебеттік және кре-диттік жақтарында ашық тіркеледі. Сызықты тіркегіштер оларда біртекті аңпарат-тарды бір жолда жазуға болатындығымен және осы жолмен қосымша мәліметтерді де жазуға болатынды-ғымен түсіндіріледі. Демек, егер бір жолда есептелген төлемақыны көрсетсек, осы жол бойына барлық ауда-рымдар мен ұсталынымдарды да жазуға болады. Шахматты тіркегіштер шахматтың қағидасы бойынша қүрылған, онда әрбір жазылған сома екі белгіні сипаттайды, мысалы: дебеттелетін және кредиттелетін шот немесе алынған материалдың түрі мен оны алу көзі.
Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 644; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |