Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Касса» шотына№1 журнал-ордері 9 страница




Қоғам тану ғылым саласында диалектикалық процесс әсерінен экономикалық ғылым тобында менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, статистика сияқты ғылым түрлері пайда болды. Қазіргі кезде осы топқа қосылатын жаңа ғылым саласы ол - аудит. Осы аталған ғылым салаларының ішіңде аудит бухгалтерлік есеппен тығыз байланысты.

Бухгалтерлік есеп аудит үшін ең негізгі мәлімет көзі, екіншіден, зерттеу, іздестіру объектісі. Бухгалтерлік есеп нақты бухгалтерлік құжат арқылы белгілі өлшемдермен тіркелген шаруашылық көрсеткіштерін үздіксіз өзара байланыста тіркеуге алады. Кәсіпорын шаруашылығында орындалған жұмыстар, фактілер арнайы құжаттарға түсірілгеннен кейін шаруашылық операциясы деп аталынып, бухгалтерлік есепке алынады. Бухгалтерлік есептің соңғы сатысы, қорытындысы, ол кәсіпорының қаржылық ақпараттары. Онда кәсіпорын мүліктерінің қорытынды есебі, қаржылық жағдайы, өткен уақытта болған шаруашылық нәтижесі, табыстылығы көрсетіледі (жылдық). Сол ақпарат көрсеткіштерін аудитор тексеріп дұрыстығын анықтайды. Қазіргі кезде аудиторлық тексеруді аудит фирмасы немесе жеке аудиторлар жүргізеді. Аудитті тексеру барысында аудитор бухгалтерлік есептің заң талабына сәйкес, нормативтік ереже нұсқауды дұрыс қолданып жүргізілгенін анықтайды. Бухгалтерлік есеп мәліметінің дұрыстығын анықтау үшін "алғашқы есеп" есеп құжаттарын тексереді. Одан кетін аналитикалық және синтетикалық есеп кестелерінің дұрыстығын тексереді.

Қорыта келгенде аудитор бухгалтерлік есепті жақсы білетін, есеп заңын және нормативтік құжаттарды, салық есебінің ерекшеліктерін білетін жетік білімді маман болуы керек.

Арнайы оқулықтарда, ғылыми зерттеу басылымдарында "аудитті" экономикалық талдау деп анықтайды. Олай деп айтылуы орынды деуге болады. Себебі, тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. Қазақстандық стандартта және халықаралық нормативте аудит қызметінің ішінде "қаржылық ақпаратының" экономикалық талдауы арнайы көрсетілген. Мысалы, 12 нормативте аналитикалық процедура айтылған: аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы мәліметінің, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.

Аудиторлық қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің қандай себептерден болғанын, оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізгенін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дурыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау бағдарламасын жасайды, ол үш этаптан тұрады: қойылған мақсатқа толық жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу; талдау жасалынатын мәлімет базасын анықтау; экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.

Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістерін қарастырайық.

1. Ақпаратты оқу әдісі. Бұл әдістің мақсаты қорлардың,
мүліктің нақты мөлшерін анықтау, олардың тиімді пайдалану
жолын және кәсіпорынның табыстылық деңгейін тексеру.
Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстары қандай шаруа-
шылыққа жұмсалғанын және ақпараттан тыс көрсеткіштер
көрсетілген болса соның заңдылығын, экономикалық тиімділігін
анықтап, талдау жасау. Ақпаратты оқу барысында, қосымша
мәліметгерге, тіркеулерді көрсетілген мәліметтерге ерекше көңіл
бөлінеді.

2. Шаруашылық саласындағы салыстырмалы талдау әдісі.
Шаруашылық саласындағы бірнеше кәсіпорындар ақпаратын салыстыру арқылы экономикалык талдау жасаған кезде олардың арасында бір-біріне экономикалық жағдайларының айырмашы- лықтары анықталады. Аудитор салыстырмалы көрсеткіштер арқылы әр бір жеке шаруашылық субъектілерінің жетістіктері мен кемшіліктерін, қаржылық жағдайын талдап, өз қорытындысын жасайды. Осы орайда аудитор салыстырмалы талдау арқылы салыстырмалы уақытта қандай толқу, өзгерістер қандай себептерден болғанын анықтап, оны нақты ақша, өлшемімен және процент көрсеткішімен көрсетеді.

3. Ақпаратпен нақты көрсеткіштерді салыстырмалы талдау
әдісі. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өздерінің шару-
ашылығына бизнес-жоспарын және табыстылық нәтижесін
көрсетуіне бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама кәсіпорынның
басқарушылық есебінің негізін анықтады. Салыстырмалы
талдауда бағдарлама көрсеткіштері кәсіпорын үшін орындалуға;
тиісті көрсеткіш пе жоқ болмаса жыл бойында өзгертіле беретін
көрсеткіш пе? — соны анықтау қажет. Осы орайда салыстыр-
малы талдау арқылы, кәсіпорының бағдарламада көрсетілген
қаржы сметасының тиімді орынды жаратылғанын, бағдарлама
мақсатының орындалғанын анықтау қажет.

4. Коэффициентгік өлшем қолдану әдісімен талдау. Коэффициент өлшемі статистика тілімен айтқанда экономикадағы
құбылыстардың сапалылық деңгейін көрсететін өлшем. Мысалы,
табыс-пайда коэффициенті, дивиденд коэффициенті т.б. сол
сияқты өлшемдер. Инвесторлар акция сатьш алғанда келешекте
жұмсайтын капиталынан түсеіін табыс мөлшерін есептейді.
Яғни, инвестиция жасаған берген кәсіпорын табыс-пайдалы
жүмыс істейтін болса онда инвестор өзіне тиімді дивидентін
алады. Осы көрсеткішті, акцияға алатын пайда коэффициентімен
өлшейді, оны таза пайда ақшасын барлық акция ақшасына бөлу
арқылы анықтайды.

Акцияның базардағы бағасымен бір акцияның пайда табу мөлшерін "баға-пайда" коэффициенті деп атайды. Оның мөлшерін, көрсеткіштерін бір акция бағасымен оның пайда ақшасын барлық акцияға бөлумен анықтайды. "Баға-пайда" коэффициентін акционерлік коғамдар, инвесторлар өз кәсіпкерлігін басқаруда кеңінен қолданады. Осы көрсеткіштер аркылы олар өз акцияларының құнының өскенін немесе керісінше пайдалылығының, төмендеуін көрсетеді.

Келесі коэффициент көрсеткіші ол - "дивидент төлем коэффициенті" кәсіпорынның ағымдағы пайда ақшасынан дивидент түрінде төленетін ақшаның мөлшерін көрсетеді. Бұл коэффициент дивиденд ақшасын акция ақшасына бөлумен анықталады. "Дивиденд табыстылығының коэффициенті" - ол дивиденд ақшасының проценттік өлшемінің, акциясының базар бағасымен өлшеміндегі ақшасына бөлу арқылы анықталады.

Аудиттің қорытынды кезеңі және аудиттің басқа да түрлері және ілеспе қызметтері.

1. Аудиттің қорытынды кезеңінде пайдаланатын аудит тәсілдері

2. Клиентке ұсыныстар беру.

3. Қоршаған ортаның аудиті.

4. Ішкі аудит. Операциялық аудит. Басқа да ілеспе қызметтер.

Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит төуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс төртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;

2) аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары келісім-шарт жасасып:

а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анық-
тайды;

б) жұмыс атқару төртібі, жұмыс орны, аудитордың жөне
тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем
сомасы анықталады. Бұл келісім-шарттың заңдылық құқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне қажет мәлімет жинауда кәсіпорын басшыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының туәелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит құрылымына, директорлар қоғамынын комитетіне акпарат тапсырып отырады. Сондықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мөліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жұмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілік көрсеткіштерше экономикалық талдау жасап оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жұмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын құрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашьшығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қомай ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайы өз кезегінде "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының құқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан кесіпорын басшыларының құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.

Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бұл құжаттың жоғарғы сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы керсетілген шаруашьшыққа тиісті. Оның ішінде.өңдіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын жоне олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақыпау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойьшша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.

Ішкі аудит жалпы бақылау жоспарын жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне оперативтік, жедел бақьшау-тексеруді жетілдіру, әсіресе сату барысы, өндіріс шығыны, таза табысты болжау, өндіріске негізгі кұралды енгізу, қаржыландыру көзін қарастыру мәселелерімен айналысады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1393; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.