Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий




 

Амортизация – негізгі құрал-жабдықтың өндірісте пайдаланылуы барысында ақшалай тұлғалауда есептелген тозуы, тозған еңбек құралдарының құнын олардың көмегімен өндірілген өнімге аудару құралы, әдісі, процесі.

Амортизациялық аударымдар – негізгі құрал - жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал-жабдық құнының бір бөлігін аудару.

Андеррайтер – кепілгер, кепілге алушы. Жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды сатып алып, кейін инвесторларға қайтадан сату арқылы олардың белгілі бір санын орналастыруды міндетіне алушы адам.

Аннуитет – дүркін -дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.

Аудит – аудиторлардың (аудиторлық фирмалардың) келісімшарт негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік (қаржы) есептемесін, төлем-есеп айырысу құжаттамаларын, салық мағлұмдамаларын және басқа қаржылық міндеттемелерін ведомстводан тыс тәуелсіз тексерулерді жүзеге асыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет түрі.

Аудитор – аудиторлық фирма қызметкері; компаниялардың қаржы-шараушылық қызметінің жай-күйін компания басшылығымен жасасылған өзара шарт негізінде және компания қызметін қадағалаушы мемлекеттік органдардың арнаулы рұқсаты (өкілеттігі) бойынша тексеретін адам. Аудитордың атқарымына тек бақылау ғана емес, сонымен бірге консультация беру де кіреді.

Әртараптандыру- инвестициялық қор активтерін олардың құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында түрлі қаржы құралдарна және өзге мүлікке орналастыру;

Базалық актив- бағасына туынды қаржы кұралының қуны тәуелді қаржы құралы, көрсеткіш немесе тауар;

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың заңнамалық актілерімен айқындалған өзге түрлері жатады.

Бағамдық айырма (оң, теріс) – шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлік есепте ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтижесінде операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады.

Бағдарламалық қарыздар – халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне беретін қарыздары.

Басқа міндетті төлемдер – бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер).

Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі – республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша.

Банк кепілдігі – қарыз алушы белгіленген мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы төлемеген жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның алдындағы мемлекет кепілдік берген қарызды өтеу жөніндегі банктің міндеттемесі.

Банкроттық – қаржылық күйреу, жұтау, жоспардың күйреуі. Бейрезиденттер- жеке тұлғалар, заң тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджет қаражаты – мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге активтері.

Бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражаттарын пайдаланатын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлігінде жеке және заңи тұлғалар, шаруа (фермер) қожалықтары, үкіметтік емес ұйымдар,сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсететін,бюджеттік бағдарламаларды, ішкі бағдарламаларды іске асыру шеңберінде, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызметтер көрсететін тұлғалар.

Бюджет қаражаттарын игеру – бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтік-құқықтық актілерде көзделген мақсаттарға пайдалануы.

Бюджет тапшылығы (профициті) – таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы опрациялық сальдоға тең тапшылық (профицит).Теріс белгімен алынған шама– бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

Бюджетаралық қатынастар – жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджеттік үдерісіндегі қатынастары.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептемені жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық бюджетті және өз құзыры шегінде жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептемені атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Бюджетті нақтылау – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттік көрсеткіштерді өзгерту.

Бюджеттік бағдарлама – бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Бюджеттік бағдарлама бюджет шығыстарының бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бағыттарын нақтылайтын ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі оған жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.

Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары – міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары – мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдануының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшін төлемдер төлеуді жүзеге асыруының ай сайынғы кестесін айқындайтын құжаттар.

Бюджеттік есепке алу – бюджеттік операциялар туралы ақша түріндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың олардың үздіксіз құжаттық есебін жүргізу арқылы реттелген жүйесі.

Бюджеттік жоспарлау – жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі. Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

Бюджеттік шот бюджеттің атқарылуы – бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталады. Бюджет кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз етеді.Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің бірқалыпты атқарылу қағидасы – қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.

Бюджеттің кірістері – салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, Қазақстан республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша.

Бюджеттің түсімдері – кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар.

Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты.

Бюджеттің шығыстары – шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу. Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бірлігі немесе банкноттар, азынашылык билеттер және монеталар, оның ішінде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айрбасталуға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат;

Валюталық басқыншылық – орталық (ұлттық) банктің шетелдік валютаны сатып алу-сату арқылы ұлттық валюта бағамына ықпал ету мақсатымен валюта рыногындағы операцияларға араласуы; валюталық саясаттың бір түрі. Валюталар айырбасының рыноктық бағамы -- Қазақстан қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қаржы министрлігінің Ұлттық банкпен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетелдік валютаға орташа безбенделген биржалык бағамы; теңгенің шетелдік валюталарға бағамы, олар бойынша Қазақстанның қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейді, Қаржы министрлігінің Ұлттық банкпен бірлесіп белгілеген тәртіппен кросс-бағамдарды пайдалана отырып есеп айырысылады.

Дефолт -міндеттемелерді орындамау,борыштарды төлеуден бас тарту.

Диверсификация – зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру.

Дивидендтер – акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; Қордың баскару компаниясының оларды өтеп алу кезіндегі пайлар бойынша табысын қоспағандағы пайлық инвестициялық қордың пайлары бойнша төлеуге жататын табыс; заңи тұлға өз қатысушылары, құрылтайшылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; Заңи тұлға-резиденттің оның құрылтай-шыларының,қатысушыларының арасында бөлінген және әрбір құрылтайшығың, қатысушының қатысу улесін сақтай атырып жарғылық капиталды кобейтуге бағытталған мулектен басқа заңи тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңи тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар.

Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Донорлар - шет мемлекеттер,олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік меммлекеттік ұйымдар,қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары.

Еркін экономикалық аймақ – шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдай қолданылатын ерікті экономикалық аймақ.

Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан Респуликасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Респуликасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Респуликасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

Есептеу әдісі – салық есебінің әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі.

Жалгерлік ақы – жалгерлік тәртібімен берілген мүлік үшін заттай, ақша не аралас нысандарында төленетін ақы.

Жалпы сыртқы борыш – алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ ел резиденттерінің өз резиденттері емеспен келісімшарттары бойынша борышқорлық міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы.

Жалпы табыс – кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жалпы ұлттық өнім – кеңінен таралған макрэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

Жалпы ішкі өнім – аса маңызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойында жасалған түпкі өнімнің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.

Жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпүл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.

Дара кәсіпкер – заңи тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент және резидент емес жеке тұлға.

Жер қойнауын пайдаланушылар - мұнай операцияларын қоса, Қазақстан Республикасының заңнамалык актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңи тұлғалар.

Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте бекітілетін жергілікті атқарушы органның белгіленген күнге (қаржы жылының аяғына) жергілікті атқарушы органның нақты борышынан асып кетпеуге тиіс алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомасы.

Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, републикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Жылдық қаржыландыру жоспары – бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) жылдық түсімдер көлемімен теңестірілген жылдық қаржыландыру көлемдерін айқындайтын құжат. Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және ол бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледі, содай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберіледі.

Зейнетақы төлемдері – орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу.

Кастодиан банк – бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк.

Кешенді бағалау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау.

Комерциялық кредиттер - тауарларды(жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушілер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тікелей жүзеге асырылатын экспорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе импорт бойынша алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем);

Кредитор – Қазақстан Республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады. Бюджеттік кредиттеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет етеді.

Кредиттік келісімшарт – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін, кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасындағы келісім.

Кірістерді бөлу нормативі – кірістерді әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің арасында бөлудің пайыздық арақатынасы.

Қазақстан Республикасының заңи тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған заңи тұлға, соның ішінде шет ел қатысатын заңи тұлға.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егемендік) кепілдігі – Қазақстан Республикасының қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушіге Қазақстан Республикасы резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.

Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңи тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері – республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылатын босалқы қорлар.

Қазынашылық міндеттеме – ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, ол иелерінің ақшалай қаражатты бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.

Қаржылық қатынастар – өндірістік қатынастардың табиғи құрамды бөлігі; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші жеке субъектілері арасындағы ақша нысанындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді.

Қаржы құқығы – мемлекеттің қаржылық қызметімен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Қаржы лизингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негізгі құралдарды беру, егер ол мынадай талаптарға сай келсе: негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға негізгі құралдарды тіркелген бағамен сатып алу жөнінде құқық беру лизинг шартында белгіленсе; қаржы лизингінің мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызметі мерзімінің 80 пайызынан асса.

Қаржы менеджменті – кәсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржы процестерін қалыптастыру және реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер әзірлеу және бақылау сатыларын қамтиды; демек, бұл ұғымның ауқымы тар мағынадағы қаржылық жоспарлау ұғымының ауқымынан кең. Стратегиялық қаржы менеджменті инвестицияларды және капитал құрылымын үзақ мерзімді басқаруды қамтиды. Оралымды қаржы менеджменті өтімділікті қамтамасыз етуге жатады.

Қаржы механизмі – шаруашылық механизімінің құрамды бөлігі; бөлу және қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асырылатын табыстар мен қорлану құралатын және орталықтандырылған ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен әдістердің жиынтығы. Қаржылық жоспарлауды, қаржыны басқаруды, қаржы тұтқалары мен ынталандырмаларын, қаржылық көрсеткіштерді, нормативтерін, лимиттерін, қаржы резервтерін кіріктіреді.

Қаржы ресурстары – мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың қарамағындағы ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы; қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құрылады.

Қаржы саясаты – экономикалық саясаттың құрамды бөлігі; мемлекеттің өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде қаржы заңнамасында мемлекеттік кірістер мен шығыстар құрылымында көрініс табады.

Қаржы қарыздары- ақша нысанында берілетін қарыздар (коммерциялық кредиттерді қоспағанда);

Банктердің шет елде халықаралық капитал рыноктарында қаражат тарту мақсатында құрылған еншілес ұйымдарының сол банктердегі салымдары (депозиттері);

Борышкердің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуге берілетін ақша;

Үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды және өзге мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың кредитор алдындағы борышкердің міндеттемелерін орындауы, соның нәтижесінде ақшаны және өзге мүлікті сыйақымен немесе тұлғаның осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға міндеттілігі туындайды;

Қаржыландыру –бюджет қаражаттарын алушыларға осы қаражаттарды бөлу.

Қаржылық есептеме – егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде өзгеше көздемесе, нысаны мен көлемін бюджетті атқару жөніңдегі орталық уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік мекемелердің қаржылық жай- күйі, қызметінің нәтижелері және олардың қаржылық жай- күйіндегі өзгерістер туралы ақпарат.

Қарыз – жеке, заңи тұлғалар мен мемлекеттің қайтарма негізде және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызынсыз, жеңілдікті қарыз және коммерциялық шартқа негізделген қарыз, сондай-ақ ішкі және сыртқы қарыз түрлеріне бөлінеді. Қарыз мемлекеттің экономикалық саясатында кең пайдаланылады; мемлекеттің жеке және заңи тұлғалардан алған ішкі қарызы мемлекеттің ішкі борышын құрайды, мемлекет шетелден несие алған жағдайда мемлекеттің сыртқы борышы құралады.

Қарыз алу – қарыз қаражаттарын тарту қажеттігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен талаптарын айқындау рәсімдерін, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және оларға қол қою, қарыз келісімшартын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін қамтитын үдеріс.

Қарыз алушы – бюджеттік кредитті алушы, негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемелер алатын кредит шартының тарабы. Мыналар: жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары; қарыз алушы банктер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; жергілікті атқарушы органдар; шетелдік мемлекеттер қарыз алушылар бола алады.

Қарыз беруші – мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды берген тұлға.

Қарыз келісімшарты – соған байланысты қарыз алушы қарыз қаражатын алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны (мүддені), сондай-ақ қарызға байланысты басқа төлемдерді төлеу жөнінде міндеттеме атқаратын келісім.

Қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы (мұдде) төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз шарттарына сәйкес басқа төлемдерді жүзеге асыруы.

Қарызды қайта құрылымдау – тараптардың келісімі бойынша қарыз келісімшарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге талаптарды өзгертуі.

Қатысу үлесі – жеке және заңи тұлғалардың бірлесіп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және паулық инвестициялық қорларды қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі.

Құжатсыз бағалы қағаздар – құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатты бағалы қағаздар – құжаттық нысанда (бағалы қағаздар мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тікелей оқу мұмкіндігі болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткізуші) шығарылған бағалы қағаздар.

Материалдық емес активтер – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес активтер.

мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш- мемлекет кепілгерлігімен тартылған және мемлекетке берілетін концессия объектісінің құнынан аспайтын, алынған және өтелмеген қарыз сомаларының белгілі бір күнгі жағдай бойынша сомасы.

мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз- инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз.

мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті- тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін тіркелген сома.

Мемлекет кепілдік берген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгелі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы.

Мемлекет кепілдік берген қарыз – мемлекетт кепілдікгімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.

Мемлекеттік бағдарлама – салааралық сипаты бар, әлеуметтік-экономикалық дамудың неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге және мемлекеттің қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін, заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін бағдарлама.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар шығарған бағалы қағаздар немесе елдің Мемлекеттік (Ұлттық) банкісінің бағалы қағаздары.

Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік борыш – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы. Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты кіріктіреді.

Мемлекеттік емес қарыз – Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға; құрылтайшысы Үкімет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Мемлекеттік инвестициялық саясат – инвестициялық үдерістерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық және қаржылық негізделген шараларын көрсететін әлеуметтік - экономикалық саясаттың құрамды бөлігі.

Мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін, оның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін тіркелеген сома.

Мемлекеттік кредит – кредит қатынастарының жүйесі, бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, ал жеке және заңи тұлғалар несиегерлер болып табылады. Мемлекеттік кредит арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттің шығындарын қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің републикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептеме жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің байланысқан гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру.

Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – бюджеттік үдеріске қатысушылар, мемлекет қатысатын субъектілер, бюджеттік қаражатты алушылар, байланысты гранттарды мемлекет, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру коммисиялары.

Мемлекеттік қарыз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.

Мемлекеттік сыртқы борыш – Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қазақстан Республикасының қарыз беруші резидент еместерінің алдындағы мемлекеттік сыртқы қарыздар мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекттік борышының құрамды бөлігі.

Негізгі құралдар – қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық активтер.

Негізсіз (құқыққа қайшы) пайдалану –байланысқан гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттердің қаражаттарын бюджеттік бағдарламалар паспортында көзделмеген іс-шараларды іске асыруға пайдалану.

Нысанасыз пайдалану – нәтижесінде республикалық және жергілікті бютжеттер қаражаттарының бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізілмей пайдалануы және баланысқан гранттарды, мемлекет кепіл берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет активтерін, мемелекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызмттерді) өткізуінен түскен ақшаны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген мақсаттарға пайдалану.

Облигация – шығару кезінде айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түріндегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.

Пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;

Портфелдік инвестиция – қор рыногында конъюнктураның өзгеруіне қарай кейіннен сату үшін бағалы қағаздарды сатып алу; несиегерге тәуелсіз қарызгерге кредит беру. Портфелдік инвестицияның негізгі мақсаты – алып-сатарлықпен (қор рыногында ойнаудан) пайда алу немесе кредит бойынша пайыз алу.

Пруденциялдық норматив – жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар.

Ресми трансфттер – бюджетке өтеусіз және қайтарылмайтын түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.

Ресми трансферттік түсімдер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттік түсімдер.

Резиденттер- Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шет мемлекетте тұрақты тұру құкығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шет елде уақытша жүрген немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оның мемлекеттік қызметінде жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасының тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бар барлық заңи тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге ресми өкілдіктері;

Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

Салалық (секторлық) бағдарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) стратегиялық және неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама.

Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.

Салық мағлұмдамасы, есеп-қисабы – салық төлеушінің, салық агентінің Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелерін есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.

Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасы. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

Салық режімі – салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемелерді есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.

Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі – салық төлеуші ретінде оны мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіміне ол туралы мәліметтерді енгізу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық төлеушіге берілетін бірыңғай нөмір.

Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген,салық төлеушінің электрондық қолтаңбасымен куәландырылған, ол қабылданып, бірдейлігі расталғаннан кейінгі электрондық құжат.

Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы – электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын, тұтастығын, және авторлығын қамтамасыз ететін арнаулы криптографиялық құрал.

Салықпен реттеу – салық салудың жалпы деңгейін төмендету немесе көтеру есебінен бюджетке алу нормасын өзгерту арқылы өндірісті дамытуға мемлекеттің жанама ықпал жасау шараларының жиынтығы.

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарусыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысқан гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері, сондай-ақ, трансферттерден басқа, бюджетке өтееусіз негізде берілетін ақша

Салықтық міндеттеме – салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептемесін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Салықтық тексеру – салық службасының органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық службасы органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші салықтық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымының акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар арасында орналастырылады. Қор биржасының әрбір акционерінің өзіне тиесілі акциялардың санына қарамастан оның акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауысы болады.

Сәйкестік бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау.

Секвестр – бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік, ол бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда енгізіледі.

Сыйақы – кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша немесе сыйақы түрінде берілген (алынған) мүлік үшін; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер – дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан диконтты не сыйлықақыны ескере отырып), вексель бойынша төлемақылар.

Сыйақының (мүдденің) тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесі – рыноктық конъюктураға байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы (мұдде) мөлшерлемесі немесе сыйқамен (мұддемен) қоса бағалы қағаздар бойынша кіріс.

Сыртқы бақылау – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау.

Сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Ұкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.

Сыртқы сауда – Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметі.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгілеудің үйлестірілген жүйесіне негізделген тауар сыныптамасының кодтар жүйесі.

Таза бюджеттік кредит беру – бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма.

Тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау.

Тарифтік квота – импорттың белгілі бір мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым төмен мөлшерлемесін және импорттың осы шамасынан жоғары мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін белгілеу арқылы нақ сол тауар импортына кедендік баждар мөлшерлемелерінің әр түрлі екі деңгейін қолдануды көздейтін сыртқы сауда қызметін реттеудің құралы.

Тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі.

Тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия – шаруашылық жүргізуші субъектілерге жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құқық беру түрінде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес шарасы.

Технологиялар трансферті - құқық иесінен инновациялық қызмет субъектілеріне Қазақстан Республикасында және (немесе) шет елдерде патенттелген инновацияларды пайдалану құқықтарын беру удерісі;

Технологиялық бизнес- инкубатор- инновацияны құру, қо




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 8799; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.