КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Отбасы. 3 страница
Теократия (тео – құдай, кратос – басқару деген ежелгі грек сөзі).
2. Республика. Бұл жерде жоғары мемлекеттік билік халықтың сайлауымен белгілі бір уақытқа сайланады. Осыған орай, сайлау ұйымдары сайлаушылардың алдында жауапты. Республика парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік республикада парламент жоғарғы рөл атқарады. Парламент тек заң шығарушы ғана емес, үкіметтің бақылаушы ұйымы. Мемлекет басшысы заң бойынша парламентпен немесе арнайы парламенттік ұжыммен сайланады. Мемлекет басшысы – президент үкіметтің басшысы болып саналмайды. Мұндай республикада үкімет парламентте көп дауыс жинаған өздеріне қарасты партиядан ұсынылған депутаттар қатарынан парламенттік жолмен қалыптасады. Үкімет парламент алдында өзінің қызметі туралы ұжымдық жауап беріп отырады және парламентте партия басым дауыс жинаған уақыттың аралығында билікте қалады. Үкімет басшысы (премьер-минстр, минстрлер кеңесінің төрағасы, канцлер) заң бойынша президент тағайындайды. Ол жоғары атқару билікті жүзеге асырылатын және парламент алдында өз қызметі үшін жауап беретін, өзі басқарып отырған үкіметті қалыптастырады. Парламенттің ең басты қызметі заң шығару қызметі және атқарушы билікті бақылау болып табылады. Парламент қомақты қаржылай басқаруға өкілеттігін жүргізеді. Өйткені, мемлекеттік бюджетті қабылдайды және қарайды, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамытудың болашағын айқындайды, ішкі және сыртқы, қорғаныс саясатының негізгі мәселелерін шешеді. Мысалы, Германия, Индия, Италия, Венгрия сияқты елдердің саясатына араласады. Президенттік республикада Президент мемлекеттің ең басты ұйымы болып табылады. Америка Құрама Штаттары классикалық президенттік республика болып табылады. АҚШ конституциясында заң шығарушы билік парламентке, атқарушы президентке, сот жоғары сотқа бағынатыны анық айтылған. АҚШ Президенті халықтың жанама дауыс беру жолымен (сайлаумен) сайлаушылар ұжымы арқылы сайланады. Бұл ұстаным биліктің бөліну ұстанымы деп аталады. Президенттік басқару нысаны көптеген мемлекеттерде өзіндік ерекшелігі бар. Францияда президент жалпылай дауыс жинау арқылы сайланады. Басым дауыс жинап сайланған адам кандидат болып саналады. Қазақстанда да президентті сайлау тәртібі осындай жолға қойылған. ҚР Президенті ҚР азаматтарымен бес жылға сайланады. Айталық, әлемнің көптеген мемлекеттерінде президенттік республика болып табылады. Президенттік республикада атқарушы билік мықты болып келеді. ҚР Атазаңының 40-бабы. 1. Қазақстан Республикасының Президенті жоғары мемлекет басшысы болып табылады. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын негізгі бағыттарын айқындайтын және Қазақстанды мемлекет ішінде және халықаралық қатынаста көрсете алатын жоғары қызметтік тұлға. 2. Республика Президенті – мемлекеттік билік пен халық бірлігінің, Атазаңның мызғымас күшінің, адам және азаматтың бостандығы мен құқығының кепілі мен символы. 3. Республика Президенті халық алдында билік ұйымдарының жауаптылығын, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. Осы бапты талқылаңдар. ҚР Президентінің өкілеттілігін белгілеп қойыңдар. Қоғамның тұрақтылығының дамуын нығайтудағы Президенттің рөлін кеңінен түсіндіріңдер. БАҚ мәліметтерін пайдаланыңдар. Қазіргі заманауи қоғамда басқару нысаны арасында ұстанымды айырмашылықтар болмайды. Оларды жалпы мақсаттары пен міндеттері жақындастырады.
Мемлекеттік құрылымның нысаны: унитарлы және федеративті мемлекет. Қазақстан – унитарлы мемлекет. Конфедерация Мемлекеттік құрылым нысаны биліктің мекендік ұйымдарының ерекшеліктері. Аталған пішін мемлекет қатынасын оның құрамының біртұтас құрамдас бөлігі ретінде кеңейтеді. Барлық мемлекет өзінің мемлекеттік құрылымы жағынан қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Унитарлы (біртұтас) мемлекет. Қарапайым мемлекет деп аталады. Әкімдік-мекендік бірліктерінде мемлекеттік білім берудің статусы, егемендік құқығын иелік етпейтін біртұтас орталықтандырылған мемлекет. (Қазақстан). Униралы мемлекетте біртұтас жоғары ұйымдар жүйесі, бірегей заңдар жүйесі, бірегей соттық жүйесі, бірегей азаматтық және бірарналық салық жүйесі болады. Күрделі мемлекет. Мұндай мемлекет екі бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдер өзін өзі басқарудың осындай немесе басқадай дәрежесі қамтылады. Күрделі мемлекетке империялар, конфедерациялар, федерациялар жатады. Империялар – құрамдас бөліктері жоғары билікке бағынышты болып келетін қанаушылықты құрушы күрделі мемлекет. Империяда колониялар болады. Империя мәжбүрлеу әдісі негізінде құрылады. Негізгі орталықта барлық байлықтар колониядан орталыққа шығарылып дамып отырады. Мысалы, тарихта Рим империясы, Британ империясы, ресей империясыжәне т.б. болғаны белгілі. Федерация – бір бөлігі шектеулі егемендікке иелік ететін күрделі одақтық мемлекет. Мұнда децентрализация ұстанымы әрекет етеді. Бұл орталық билік пен федерация субъектілер билігінің болатынын білдіреді. Федерация субъектісінде көптеген федерация субъектілері мәселелерін өз бетінше шешетін үлкен өкілеттіліктерге ие. Федерацияда жоғары федералды және федералды заңнамалық ұйым қатарында федерацияның заңнамалық субъектілері және жоғары ұйымдар бар. Федерацияны қалыптастыру ерекшеліктері бойынша төмендегідей болып бөліненді: · мекендік · ұлттық · аралас Аумақтық федерация. Мұнда федерация субъектілері аумақ бойынша бөлінеді (АҚШ, Германия) Ұлттық федерациялар ұлттық белгілері бойынша құрылады (бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағы (КСРО); Чехославакия, Югославия). Аралас федерацияда мемлекеттің қалыптасуы осы екі белгілері бойынша жүргізіліп келеді. (Ресей Федерациясы). Мысалы, Америка құрама штаттары (АҚШ) 51 штаттардан, Ресей Федарециясы 83 федерация субъектілерінен (республикадан, округтен, өлкеден және т.б.), Германия 16 федерация субъектілерінең (жерлерден) тұрады. Конфедерация – танымал тарихи кезеңнің аясында белгілі бір мақсатқа жету үшін пайда болған уақытшаегеменді мемлекеттеродағы. Мақсаттары әртүрлі, әскери, экономикалық, саяси болып келуі мүмкін. Мысалы, қазіргі уақытта АҚШ азаматтық соғыс кезеңінде 1776-1787 жж., ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) бар. Конфедерация болып қалыптасқан егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынас субъектілері жеке азаматтық, билік ұйымдары жүйесі, басқару және әділеттіліктер алуды жалғастырып болып қала береді. Конфедерация уақытша одақта болатын сол мемлекеттердің азаматтығын сақтайды. Мемлекет біртұтас одақтың болған уақытында ақшалай жүйе, біртұтас кедендік ереже, мемлекетаралық несие саясаты туралы келісімге тұра алады. Конфедерация мемлекеттері азаматтарының еркін келіп кетуіне, яғни визалық тәртіп болмайды. Заң бойынша конфедеративті мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмай күйрейді не болмаса конфедерацияға айналады. Қазақстан – унитарлы мемлекет. Географиядан білітініміздей, бізідің мемлекет көлемі жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орынды иемденеді. Қазақстан Республикасы 14 облыстан, республикалық маңызы бар үш қаладан тұрады. Облыстар әкімдік-мекендік бірлігі болып табылады. Президенттің тағайындауымен болған әкім жеке аймақты басқарады. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Қазақстан Парламентінде Сенат және Мәжіліс болып аталатын екі палата қызмет атқарады. Парламент заңды қарау және қабылдаумен айналысады. Үкімет – заңды орындаумен айналысатын басты орган. Соттар әділеттілікті жүзеге асырады. Елімізде жұмыс істеп келе жатқан Атазаң 30 тамызда 1995 жылы қабылданды.
Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Егемендік туралы түсінік. Бүгінде дүниежүзі картасында 200-ден астам мемлекет бар. Әрбір мемлекет өзінің үрдісімен, салт-дәстүрімен, тілімен, заңымен ерекшеленеді. Барлық мемлекетте әртүрлі халық пен ұлт өкілдері тұрады. Қалай дегенмен әлем хаалықтарын біріктіретін ортақ нәрсе бар. Бұл бостандыққа ұмтылу, өзінің тәуелсіз және егеменді мемлекетін құруға ұмтылу. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан мемлекеті патшалық Ресейге, кейіннен КСРО-ға тәуелді болды. 1991 жылы КСРО-ның құлаған кезі тарихтан ерекше орын алған оқиға болды. Бұл – Қазақстанның тәуелсіз және егеменді мемлекет болуы еді. Егемендікті қалай түсінуге болады? Егемендікті немен қамтамасыз етуге болады? Бұл сұрақтар мемлекетіміздің әрбір азаматын толғандыруы тиіс. · Мемлекеттік егемендік туралы түсінікті XVI ғ. француз саясаткері, ғалымы Жан Боден алғаш кіргізген болатын. · Егемендік (фр. souveraineté – жоғары билік, бағынбаушылық, құдайшылық) – Жоғарғы биліктің қандай да бір ішкі күшінен тәуелсіз, бостандықта болуы.
Егемендіктің екі бастауы – жоғарғы мемлекеттің және тәуелсіздігі бір-бірімен астасып жатыр. Басқаша айтқанда егемендік тұтаста мемлекеттің тәуелсіздігі мен құқығын білдіреді. Нақ осы егемендік арқылы мемлекеттің саяси-құқықтық дербес басқаруы қамтамасыз етіледі. Егемендік дегеніміз жоғары билік халықтың арқасында қалыптасуын білдіреді. Халық биліктің көзі, халық билікті сайлайды. Билік осыған сәйкес халық алдында жауап береді. Егемендік тек ішкі және сыртқы қол сұғуларынан пайда болған халықтың тәуелсіздік пен бостандыққа деген құқығы болып қана қоймай әрі биліктің қоғамды басқару құқығын білдіреді. Басқаша айтқанда, бұйрық береді, емін-еркін шешім шығарады, жоғары биліктің барлық қызметін жүзеге асырады. Егемендікті кез-келген азамат қорғауы тиіс. Мұны кәсіби тұрғыда атқаруға міндетті арнайы ұйымдар бар. Бұл қарулы күштер, арнайы тағайындалған ұйымдар. Қазіргі уақытта егемендіктің халықтық доктринасы әлемдік қауымдастықпен қолдау тапқан. Бұл идея адам құқығының жалпы декларациясының 21-бабында заңда айтылғандай, мерзімді және тіркелмеген сайлауларда халық бостандығы үкімет билігінің негізі болып, тең және жалпы сайлау құқығында еркін дауыс береді деп бекітілген. Сондай-ақ, егемендік халықтың доктринасы халық құқығының табиғи байлықтарының қатарынан өз көрінісін тапты. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Демократиялық мемлекет –әрбір азамат өзіндік пікірін ашық түрде білдіріп мерзімімен өткізетін сайлаулар өтететін мемлекетті айтамыз. Біздік елімізде өз уақытымен Парламент, Президент сайлауы өткізіліп тұрады. Халықтың көпшілігінің пікірі бәрінен де маңызды болып табылады. Мемлекеттік ұйымдардың барлық әс-әрекеті жариялылық пен ашық түрде өтеді. Әрбір ҚР азаматы мемлекеттік ұйымдарға баруына құқылы. Кез-келген азамат адам құқығы бұзылған жағдайда сотқа шағымдануына болады. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Бұл дегеніңіз біздің елімізде дін мемлекеттен оқшауланған. Діни негізде саяси партиялар құруға рұқсат етілмейді. Қазақстанда бірде бір дін міндетті деп саналмайды. Егер де ҚР заңдарына қарама-қайшы келмесе әртүрлі пішіндегі діннің өмір сүруіне рұқсат етіледі. Зайырлы мемлекет дегеніміз әрбір адам дінді өз қалауы бойынша таңдауына ерікті. Алайда, діни жиындардың өткізілуі мемлекеттің заң тәртібін бұзбауы тиіс. 2011 жылдың 11 қазанындағы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына назар салайық. Заң бойынша барлық діни дәстүр, іс-әреттері арнайы ғимаратта және оқшауланған мекенде өтуі тиіс. Мемлекеттік ұйымдарда, басқа әскерлер мен әскери қалыптасуларының, сот және құқық қорғаушы ұйымдарының қоғамдық қауіпсіздікті сақтаумен қамтамасыз ететін мекемелермен байланысты ұйымдарда, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау; білім беру, рухани (діни) білім беру ұйымдарын есептемегенде қорғаныс күштерінің мекендері мен ғимараттарында діни рәсідер, салтанатты жиындар және жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып бекітілген. Айталық, «бекітеді» деген сөз ҚР құқықтық мемлекеттің қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұрғанын білдіреді. Мемлекет туралы түсінік барлық азаматтар, мекемелер, мемлекеттік ұйымдар және құзіретті тұлғалар заң алдында жауапты және бірдей заңды орындауға мінддетті. Осыған орай, адамның құқығы мен бостандығы ең басты құндылықтар болып табылады. Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде барлық облыстарда, әсіресе өндіріс пен бөлу саласында әлеуметтік әділеттіктің орнауын жағдай жасайды. Мемлекет жақсы жетістікке жету үшін әлеуметтік шиеленістерді болдырмауға тырысады, егер мұндай жағдай орын алса мәселені заң негізінде шешуге тырысады. Қазақстан саясаты әлеуметтік мемлекет ретінде адам өмірінің қажеттілігін және мүддесін қанағаттандыруға бағытталған. ҚР –да жұмыссыздықты жою үшін әлеуметтік қорғау, еңбекке қабілетсіз адамдарды, зейнеткерлерді және т.б. әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері жұмыс істейді. Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде дамуы. Біздің мемлекет күшті қарқынмен дамып келеді. Астана қаласы ТМД елдері арасында ең әдемі қала ретінде танылған. Астанада әлемдік діндер съезі тұрақты өтіп тұрады. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етті. Президент Н.Назарбаев Қазақстан үшін ең бастысы – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық екенін атап айтты. Бүгінде Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Барлық ұлт пен ұлыс өкілдері өздерінің пікірін білдіру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеядан 9 депутат сайланады. Бұл біздің көпұлтты елімізде ұлтаралық шиеленіс туып кетпес үшін аса маңызды болып отыр. Қазақстанда мемлекеттік өмірдің көптеген маңызды мәселелері демократиялық жолмен шешіледі. Қазақстанда идеологиялық және саяси көптүрлілік қабылданған, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірлесуіне, мемлекеттік ұйым мекемелерінде саяси партиялардың құрылуына жол берілмейді. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер жұмысына немесе қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жұмысына заңсыз араласуына тыйым салынады. Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік меншік тең тұрғыда қорғалған әрі қабылданған. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде ресми түрде қолданылады. Қазақстандық мемлекет халықаралық құқық нормалары мен ұстанымдарын құрметтейді, қызметтестік мен мемлекет араларында ізгі ниеттестік қатынас саясатын жүргізеді. Қазақстан қорғаныс күшін қолдануды алғаш болып бас тартып отыр. Біздің мемлекет – бейбітсүйгіш мемлекет. Саяси элита – қолдарында саяси биліктің біршама ауқымын иелік ететін салыстырмалы шағын әлеуметтік топ. Бұл билік қоғамның әртүрлі топтарының саяси құрылымындағы мүддесінің көрініс табуын қамтамасыз ету үшін қажетті. Саяси элитаның сипаттық кескінін атап көрсетуге болады: · Мейлінше шағын өзіндік әлеуметтік топ. · Жоғары әлеуметтік статус. · Мемлекеттік және ақпараттық биліктің айтарлықтай көлемі · Билікті жүзеге асыруға тікелей қатысу · Ұйымдастырушылық қабілет пен талант
Саяси элита төмендеуге қарсы кепілдік бере ала ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Ең басты кепілдік демократия болып табылады. Олардың қатарына кең жариялылық, сөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарында монополияның болмауы, альтернативті баспасөз ұйымдарының қатысуы, радио, телевизия кіреді. Сондай-ақ, саяси плюрализмге еркін бәсекеге қабілеттілік, саяси элитаның бәсекелестігі. Элита саяси үдерістің демократиялық процедурасын, заңдылығын қатаң сақтауы тиіс. Саяси элитаға көп нәрсе байланысты болып келеді. Саяси злита саяси идеологияны (бағдарламаны, доктринаны, атазаңды, заңды) істеп шығарады. Сондай-ақ, аппарат ұйымының кадрлік тағайындауларды, саяси лидерлерді ұсынады. Элитаның мәні болмысы (ғалымдардың анықтамылығында) · Қоғамның азшылық тобымен ұйымдастырылған, билікке бағытталған адамдардың саяси қатынаста анағұрлым белсенді болуы. (Москва қ.) · Қоғамда адамдар жоғары орындарға өздерінің биологиялық және генетикалық тегінің арқасында келген. (Р. Уильямс) · Қоғамда адамдар жоғары қызметке осындай әлеуметтік өрлеудің әсер етуінің арқасында жеткен. (М. Дюпре) · Қоғамда айтарлықтай бедел, мәртебе жинаған адам. (Г. Лассузл) Осы айтылған ойларды талқыла. Мұнда саяси элитаның қандай белгілері анық байқалады?
Саяси лидер – саяси күштерді байланыстыруды және біріктіруді жүзеге асыратын мемлекет басшысы. Ол мемлекеттік қызметтің бағытын және қоғамдық-саяси институтар мен саяси қозғалыстарды анықтайды. Қазақстанда саяси лидер болып қабылданған Прензидент Н.Назарбаев болып тадылады. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша астана Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. Саяси мәдениет. Саяси сауаттылық. Саяси мәдениет – бұл адам мен қоғамның саяси сипатына тікелей әсер ететін бағыт пен бағдар, саяси құндылықтар. Саяси мәдениетті саяси іс-әрекетке, әрбір саяси жүйеге тән көрініс табатын айрықша бағыт-бағдар типі. Әрбір мемлекетте саяси мәдениеттің өз деңгейі бар. Мысалы, қазақтың дәстүрлі қоғамында саяси мәдениет жоғары деңгейде болды. Өзіндік пікір білдіремін деген әрбір азаматқа осындай мүмкіндік берілді. «Дат» сөзін еске талайық. Бұл «сөзді, мені тыңдауды талап етемін» деген сөз. «Дат» деп айтқан адамға өзіндік пікірін білдіруге міндетті түрде құқық берілген. Англияда Гайд саябағы бар. Бұл саябақта әрбір адам тіпті оның өзіндік пікірі ресми саясатқа қарама-қарсы келсе де ойын ашық айта алады. Гайд саябағы өзіңнің кез-келген ойларыңды ашық айтып, қалдыратын орындардың біріне айналды. Саяси сауаттылық – қоғамның саяси өміріне саналы түрде қатысуына рұқсат етілетін, жеке тұлғаның адами және азаматтық сапасы, саяси қызметтің дағдылары мен қырлары, қоғамтанулық білімінің деңгейі. Әрбір азамат саяси өмірге белсенді түрде қатысуы және өз мемлкетінің отансүйгіш азаматы болуыц тиіс. Болашақта біздің мемлекетіміздің қалай дамитыны тек өзіміздің қолымызда. Қоғамның саяси өміріндегі БАҚ-тың рөлі. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі газеттер, журналдар, теле және радиобағдарламар, кинодеректі, басқа да бұқаралық ақпарат көпшілік таралымдарыныңмерзімді түрлерін қамтиды. Сондай-ақ, БАҚ-қа интернет те кіреді. Қызықты мәліметтер. Қазақстанда 2010-2011 ж. 1202 газет пен 483 журналды, 124 телеарналар мен 15 жаңалықтар агенттігін қосқанда 1824 БАҚ қызмет атқарды. БАҚ-тың 85 пайызы мемлекетке тиесілі емес. 159 БАҚ қоғамдық ассоциацияның, 11 басылым саяси партиялар мен қозғалыстардың және 10 діни ұйымдардың меншігінде. Газет пен журналдар басылып шығады, телевизия және радиобағдарламалар елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тілінде таратылады. БАҚ негізгі тілдерден басқа (қазақ және орыс тілі), украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дұнған және басқа тілдерде шығарылады. БАҚ этникалық азшылық мемлекеттен қаржылай көмек көрсетіледі.
БАҚ қоғамның жағдайы мен дамуына салмақты әсер етуін жүзеге асырады. Айталық, олар қоғамға прогресті дамытуға немесе тежеуге әрекет ете алады. БАҚ қоғамның, әртүрлі әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мүддесін қорғайды. Аталмыш қызметтің маңызды қоғамдық-саяси нәтижелері бар. Көпшілікке арналған ақпараттың сипатында әлеуметтік әрекеттердің бағыты мен нақтылықтың қатынасын анықтайды. БАҚ нәтижесінде ақпарат берумен, жаңалықтарды хабарлаумен шектелмей, белгілі бір идеяларды, көзқарастарды, оқуларды насихаттап, саяси бағдарламалар мен әлеуметтік басқаруларға қатысады. БАҚ адамды белгілі бір қадам, әрекет жасауға итермелейді. Демократиялық, құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың ел ішінде және дүниежүзінде болып жатқан барлық жайлардан хабардар болып отыруына құқығы бар. Қазіргі жағдайдағы БАҚ демократиялық жүйенің парламент, атқарушы билік ұйымдары, тәуелсіз сот сияқты қосымша қызметі болып табылады. Осы тұрғыдан БАҚ-ты төртінші билік деп атайды. БАҚ-тың өзіне тән айрықша сипаты бар. БАҚ заң шығарушы, атқарушы және соттық билікке ұқсамайды. БАҚ-тың бір ерекшелігі – бұл ең алдымен көзге көрінбейтін билік екендігінде. Оның құзырында заңнамалық, атқарушы, құқық қорғаушы және басқа да әлеуметтік ұйымдардың заңдары болмайды. БАҚ-тың қызметіне бұйрық беру, міндеттеу, жаза қолдану, жауапқа тарту кірмейді. Олардың ең басты құралы –, құбылысты, оқиғаны, қадамды, жекелей тұлғалардың, адам топтарының, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтің және т. б. сипатын құптайтын немесе сынайтын белгілі бір ақпараты бар сөз, дауыс, көрініс, хабарлама, соттау, бағалау.
Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 919; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |