КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Отбасы. 4 страница
Қоғамдық пікірдің қалыптасуы. Бүгінде БАҚ қоғамдық пікір қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қоғамдық пікір бұқаралық сананың пішіні. Бұл жерде әртүрлі топтағы адамдардың оқиғаға, шынайы өмір үдерістері мен олардың мүддесі мен қажеттілігін тілге тиек ететін қатынас (жабық немесе нақтылық) туындауы. Қоғамдық пікір көпшілікке айтылады және саяси жүйеде қоғамның қызмет етуіне әсер етеді. Жариялылық және ашығын айту қоғамдық өмірдің өткір поблемаларының қоғамдық-саяси қатынасының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Осыдан шығатын қорытынды қоғамдық пікір айрықша әлеуметтік институт болып отырғанына көз жеткіземіз. Осыған орай, қоғамдық пікір адам топтарын белгілі бір мәселе бойынша толғандыратын көптеген жеке пікірлердің жиынтығы болып табылады. ҚОҒАМНЫҢ МӘДЕНИ САЛАСЫ Мәдениет ұғымы. «Мәдениет» күнделікті қолданылатын сөздердің бірі. Мәдениеттің жан-жақты саласын тарих, археология, өнертану, этика секілді пәндер зерттейді. Әр адам аталмыш ұғымды өз пайымы негізінде түсінеді. Мәдениеттің ең ортақ түсінігіне қоғам өмірі, этикет, даму деңгейі (сөйлеу мәдениеті, тұрмыс мәдениеті және т.б.), материалды құндылықтардың жиынтығы, жалпы адамзат жетістіктері жатқызылады. «Мәдениет» латын тілінде адамның жерді өндеу мағынасын білдіреді. Мәдениет материалды және рухани құндылықтардың жиынтығы. Ең маңызды мәдени құндылықтарға көркем өнер жатқызылады. Ең танымал көркем құндылықтарға Қайта өрлеу дәуірінің қылқалам шеберлерінің туындыларын жатқызамыз. Леонардо да Винчи (1452-1519), Ренессанс кезеңінің ғұламасы. Ол тек қана ұлы суретші ғана емес, сондай-ақ ұлы мүсінші, музыкант, архитектор, жаратылыстанудың зерттеушісі және дарынды өнертапқыш болған. Леонардо да Винчидің ең атақты суреті «Мона Лиза» немесе «Джоконда» болып табылады. Бұл сурет Франциядағы Луврда көрмеге қойылған. Ә.Кастеев атындағы мұражайы - Қазақстандағы ең ірі көркем мұражай болып табылады. Ол жерде Қазақстанның графиктерінің, суретшілерінің және мүсіншілердің соңғы 100 жылдағы үздік жұмыстары жинақталған. Мұражайда тоғыз ғылыми орталық бар. Атап айтқанда: Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, классикалық шетел өнері, шет елддің жаңа заман өнері, қорлар, өндеу, көрмелер және экспозициялар, экскурсиялық қызмет көрсету, насихат, ақпарат, баспа ісі. Бүгінгі таңда өзінің жинақтарының көркемдік деңгейінің жоғары болуына байланысты аталмыш мұражай ешбір әлемдік жинақтармен тең. Мұражайдың қоры бай, негізгі қор экспонаттарының саны 22.500 дананы құрайды, олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка және Шығыс халықтар елдерінің әмбебап көркемөнер туындылары, графика, мүсін және қолданбалы өнер туындылары жинақталған. Ә.Кастеев атындағы мұражай әлемдік мәдени мұраның сақталуын, оны танып, халыққа таныту секілді маңызды миссияны атқарады. Мәдениет субъекті – мәдениет құндылықтарын, нормаларды және ережелерді жасақтап, елге тарататын нақты индивид немесе әлеуметтік топ. Ежелгі Грецияда мәдениет ұғымы «пайдейя» яғни «білімділік» ұғымымен бір деңгейде қарастырылған. Орта ғасыр кезеңінде «культ» ұғымы кеңінен қолданылған. Аталмыш ұғым Құдайға деген адамның махаббатының шығармашылық әлеуетін ашатын қабілетін суреттеген. Ренессанс кезеңінде суретшінің тұлғасы кең мағынаға ие болады. Жасаушы-адам идеясы басты маңызда болды. Адам әлемді, сұлулықты, өзін-өзі жасаушы болып табылады. Неміс философы Иммануил Кант «Адам – жоғары мәдени құндылық», деп көрсетті. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адам баласы жамандықтың алауын өшіріп, өз ішіне тазалық орнатып, рухани дамуға көңіл тоқтатуы қажет», – деп жазды. Мәдениет түрлі сипатта өрбиді. Әртүрлі кезеңдердегі мәдениеттер туралы (ежелгі, ортағасырлық, заманауи); адамзаттың ортақ мәдениеті туралы; әртүрлі этностардың мәдениеті туралы; діни мәдениет туралы; кәсіби топтар мәдениеті туралы; жеке-дара тұлғалар мәдениеті туралы бөліп айтуға болады.
Осылайша, мәдениет – адам мен қоғамның қызметі мен барлық саласына енетін жан-жақты құбылыс болып табылады. Мәдениет – материалды және рухани құндылықтарды құрастыруда пайда болатын адам қызметі және ұйымдасудың тәсілі, қоғам мен адамның тарихи дамуының деңгейі. «Мәдени адамның» бейнесі жалпы және жеке қасиеттердің байланыстыру негізінде қалыптасады. ХХІ ғасырдың адамы жақсы киінген, қолында iPad, iPhone, iPod секілді соңғы технологияның жетістіктері бар. Заманауи поп және рок-музыканы, брендтерді, автокөлік маркаларын жақсы біледі. Алайда, өкінішке орай заманауи прозаны оқымайды, концерт залдарына бармайды, өнердің түрлері бойынша танымы төмен, этикет нормаларын білмейді. Мұның бәрі дөрекіліктің көрінісі болып табылады. бір кездері Джим Рон: «Көргенсіздік – бұл шаттық емес. Көргенсіздік – бұл рухтың сынуы. Көргенсіздік – бұл трагедия. Көргенсіздік – бұл ауру. Көргенсіздік – бұл кедейлік. Барлық сәтсіздіктер көргенсіздіктен болады»,- деген екен. Өз бойымыздағы тұрпайы, көргенсіз мінез-құлқымызбен не істеуіміз қажет? Олардан қалай құтыламыз?
Мәдениет қызметі. Мәдениеттің күрделі жүйесі, оның көп түрлі қызметін анықтайды. Солардың негізгілеріне тоқталайық: Гуманистік қызметі – бүгінгі ғасырдың ең маңызды міндеті адам рухын жасақтау. Гуманизм адамның адамдығын танытатын гумандылықтың белгісі, ол туралы қазақтың ойшылдары (Абай, Шәкәрім, Бұхар жырау, М.Дулатов, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов) жазды. Адамның бойында тәжірибе жинақтау, оны дұрыс қолдану жадысы, сонда-ақ рухани өсуіне, жақсы тұрмысқа лайық жолға өзгеруіне қабілет бар. Сондықтан адамның өмірге құштарлығы, саналығы және конструктивтілігі басым болатындығына үміт зор. Танымдық қызмет – мәдениет объективті баға берудің, ең үздік үлгілерді белсенді түрде тасымалдаудың және таңдаудың құралы. Танымның нәтижесі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ерекше рәміздерді тасымалдау көмегімен беріледі (ештеңені ойлап табудың қажеті жоқ, мәдениет тарихында бәрі болған). Мәдени сабақтастықтың сөгілуі әлеуметтік жадыны жоғалтуға алып келеді (мәнгүрт – өткені жоқ адам). Құндылықты қызметі – мәдениеттің сапалы жағдайын көрсетеді. Құндылықтық қажеттіліктері мен бағдары қалыптасады. Адамды қоршаған ортасының бәрі құндылық ретінде қарастырылады, жақсылық пен жамандық, тыйым мен еркіндік негізінде бағаланады. Құндылықтарды бағалау тәсілі бекітілген ереже немесе тыйым ретінде беріледі. Коммуникативті қызметі – рәміз және рәміздік жүйе көмегімен адамдар арасында ақпарат алмасу үрдісі. Анықталған рәміздік жүйені меңгермейінше мәдениет табыстарын игеру мүмкін емес. Жазбаша, ауызша тіл адамдар сөйлесуінің басты құралы болып табылады. Мәдениетті келесі салаларға бөліп қарастыруға болады. 1) материалды: еңбек құралдары, өндіріс құралдары, киім, тұрмыс, үй-жай; 2) рухани: дін, өнер, идеология, рухани тілдесу; 3) әлеуметтік: мемлекеттің, басқа әлеуметтік институттардың, азаматтық институттардың қызметі; 4) физикалық: адамзат тегін көбейтумен байланысты. Бұл жерге медицинаны кіргізе аламыз.
Мәдениеттің негізгі түрлері – материалды және рухани болып бөлінеді. Материалды мәдениет – адамның заттар формасында көрініс тапқан рухани әлемінен сыр шертеді. Зат – адам баласының білімін, тәжірибесін және кәсіби деңгейін өз бойына ізін қалдырған бұйым немесе керек-жарақ. Оған материалды өндірістің алуан түрлі құрал-саймандар жатады. Сондай-ақ, материалды құндылықтардың алуан түрі, атап айтқанда архитектура, ғимараттар, құрылыс, коммуникация құралдары, парктер және т.б. материалды мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер жатады. Біздің мемлекет көне мәдени жәдігер ескерткіштерге өте бай. Бүгінгі таңда 18,5 мың тарихи ескерткіштер белгілі. Олардың ішінде құжатталғаны – 13,5 мың, мемлекет қорғауына алынғаны – 3,1 мың, республикалық маңызы бар ескерткіш саны 205-ті құрайды. Олардың қатарында Қорқыт ата мемориалды кешені (Қызылорда облысы), Хажа Ахмет Яссауи кесенесі (Түркістан қаласы), Шоқан Уалиханов кешені (Алматы облысы), Абайдың әдеби-мемориалды кешені (Жидебей), Айша бибі кесенесі (Тараз қаласы) бар.
Рухани мәдениет – адамның әлемде өмір сүруімен байланысты туындаған идеялар әлемі. Рухани мәдениет – адамның рухани дамуына бағытталған қызмет және осы қызметтің нәтижелері. Оның нәтижелері болып жаңа білімдер, жаңа идея және рухани құндылықтар табылады. Ежелгі гректер адамзаттың рухани мәдениетінің классикалық үштігін қалыптастырған: ақиқат, жақсылық, сұлулық. Рухани мәдениеттің негізгі формалары ретінде ғылым, өнер, дін, философиялық мәдениет, құқықтық мәдениет, көркемөнер мәдениеті, зияткерлік мәдениеті, адамгершілік мәдениеті жатқызылады. Рухани мәдениет – мәдениет пен қоғамның басқа салаларынан бөлінбеген, керісінше адамзат қызметінің барлық саласына еніп өзінің өн бойына адамның рухани қызметімен қатар, рухани құндылықтардың жиынтығын жасақтайды. Рухани мәдениет пәні ретінде салт-дәстүрлер, нормалар мен мінез-құлықтар, идеалдар мен құндылықтар, ғылыми білімді жатқызуға болады. Рухани мәдениет адам бойында тұлғаны табады, оны қолдап, дамытады. Ол көп оқығандықпен немесе білімпаздықпен өлшенбейді. Ешбір білім адамды өздігінен жауапкершілікті іс-әрекет жасайтын тұлға ретінде қалыптастырмайды. Сондай-ақ, материалды және рухани мәдениеттен өзге, алайда осы екі мәдениеттің ерекшеліктерін бойына жинаған келесі мәдениеттер туралы сыр шертеміз: – экономикалық мәдениет – қоғамның экономикалық дамуының жалпы заңдылықтарын, тауар мен қызмет көрсетудің өзара бөлісуін және айналымын білу; – саяси мәдениет – қоғамның саяси құрылымының, түрлі әлеуметтік топтардың, ұлттардың, саяси құрылым элементтер арасындағы, саяси сана мен тәрбиенің даму кезеңі; – құқықтық мәдениет – мемлекеттілік және құқық нормалармен, қоғамның құқықтық жүйесімен, заңдарды бүлумен байланысты; – экологиялық мәдениет – адамның табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасының мәселелері, түрлі экологиялық теориялар, қоршаған ортамен байланысты сұрақтар; – эстетикалық мәдениет – эстетикалық сезім, идеал, талғаммен байланысты сұрақтарды қарастыру жатады.
Тұлға және мәдениет. «Тұлға» және «мәдениет» ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда мәдениет пен тұлғаның қарым-қатынасының мәселелері екі аспектіні қамтиды. Біріншісі, мәдениет анықталған тұлғаның типін қалыптастырады. Ал екіншісі, тұлға мәдениетті өзгертеді. Тұлғаның ерекшелігіне байланысты тұлға мәдениеті келесі элементтерден тұрады: · Ақыл мәдениеті (тиянақтылық, жинақылық, логикалық); · Сезім мәдениеті (эмоционалдылық, экспрессивтік); · Жігер мәдениеті (шешім қабылдағыштық, мақсаткерлік, алған бетінен қайтпаушылық); · Мінез-құлық мәдениеті (ішкі ережелердің сырттағы көрінісі және тұлғаның принциптері); · Сөйлеу мәдениеті (дұрыс сөйлеп, жаза білу, сөйлесу мақсатында және тілдік нормаларда тілдік құралдарды тиімді пайдалану); · Адами қарым-қатынас мәдениет.
Адамгершілік ұғымы. Адамгершілік мәдениеті. Руханилық Руханилық дүниеге келгеннен бастап адамдар санасында беки отырып, қоғамның негізгі діңгегін құрады. Қазіргі қоғамда адамзаттың рухани бастауының құлдырап бара жатқандығы жиі айтылады. Материалды құндылықтардың рухани құндылықтардан басым болуы бүгінгі тұрмыстың нақты жайттары болып табылады. Руханилықтың жүгенсіздігіне бірін бірі сыйламау, қоғамда өзің ұстай алмау, тұлға аралық жанжалдар, үлкендерге қарсы сөйлеу, бөтен адамның еңбегін сыйламау жатқызылады. Қыздар бойында инабаттылық, сыпайылық қасиеттері азайып, жігіттер нағыз ерге тән қасиеттерді жоғалтуда. Руханилық дегеніміз не? Руханилық дегеніміз – адам баласы басшылыққа алатын ішкі рухани қаситеттер, аталмыш қасиеттер өз кезегінде этикалық нормалар мен мінез-құлық ережесін анықтайды. Рухани-адамгершілік иесі болу дегеніміз – қоғамда қалыптасқан тарихи, рухани және мәдени құндылықтарға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген адамгершілік, рухани тәртіпті қатаң ұстану. Қазақ халқында ежелден рухани мінез-құлықтың өлшемі белгіленген. Егер дәстүрді сақтағыңыз келсе, төмендегі жоралғыларды орындауды қаперіңізді ұстаңыз: • жақсы хабар жеткізушіге – сүйінші; • балаға – базарлық; • жетім-жесірге – көмек қолын созу; • өз байлығыңыздың бөлігін басқаларға бөліп беру; • көрші орналасқан үйге ерулік; • үлгенге салем беру.
Рухани мәдениет - қоғам мәдениеті мен рухани санасының әр адамның түсіну деңгейі. Жеке тұлғалардың іс-әрекетінде көрінетін руханилық талаптарының көрсеткіші болып табылады. рухани мәдениет индивидуалды және жеке сұраныстар мен қызығушылықтарды келісу мүмкіндігіне жағдай туғызады. Рухани мәдениет саласында әр адам өзінің жеке құндылықтар мен мінез-құлық өлшемін жасақтайды. Ойланатын мәселе: 1983 жылы «Нараяма туралы аңыз» атты фильм көрсетілді. Оның сюжетін сипаттайтын болсақ, ХІХ ғасырдағы жапон ауылының аштығын суреттейді. Аштықтан өлім құшпас үшін тұрғындар қауымның әлсіз мүшелерінің тез өлімін әкелетін салт жоралғы енгізеді, жаңа туға ұлдарды қолдан өлтіріп, ал кәрілерді өз балалары Нараяма тауының шыңына апарып, өлімге қалдырады. Орин – өлуі қажет 69 жастағы әйел. Оның баласы аталмыш салт жоралғыны орындағысы келмейді, бірақ салтқа берін анасы салт жоралғыны орындауын талап етеді. Балаларына әйел алып берген соң, ол өзінің ұлының арқасына байланып, шыңға соңғы рет шығуда... Осы қатал салт жоралғы турасында өз ұстанымдарыңызды білдіріңіздер. Сіздің ойыңызша туған балалары неліктен өз ата-аналарын қазіргі таңда қарттар үйіне береді? Мұндай адамдардың ісін ақтауға бола ма?
Руханилық әдебиетте адамның физикалық болмысына қарама-қайшылықта ашылады. Руханилық танымды, өзін-өзі тануды, сыртқы әлеммен адамның байланысын және адамның ішкі әлемін танытады. Руханилық адам көзқарасының кеңдігімен, оның эрудициясымен, мәдениетімен жалпы тұлғаның дамуымен байланысты болады. Руханилықты жоғалту тұлғалықты жоғалтумен пара-пар. Жекелеген тұлғалардың бойындағы рухани қасиеттердің дағдарысқа ұшырауы оның өзін-өзі жоғалтуына алып келеді. Руханилық менмендікпен, қарабайырлықпен, материалдық пайданы жоғары қоюмен қатар емес. Қоғам, білім беру жүйесі әр адамның бойынша материалды және рухани құндылықтарды дамытатын, руханилық қасиеттерін көбейтуі қажет. «Адамгершіліктің алтын ережесі» ежелгі замандарда түрлі халықтардан шыққан ойшылдармен қалыптасты. Адамгершілікті мінез-құлық дегеніміз басқа адамдармен келісілген мінез-құлық болып табылады. Басқа адамдарға құрмет тұтып, олардың ойымен санасу да адамгершілік қасиетіне жатқызылады. Жалпы адамзаттық құндылықтар – әр адамның әлеуметтік жағдайына, азаматтығына, нәсіліне қарамастан әр адам үшін маңызды мәні бар. Жалпы адамзаттық құндылықтар адамдар ынтымақтастығын қалыптастыруда ғана маңызды емес, сондай-ақ қоғамның қажеттіліктері мен мүдделерін топтастыруда мемлекет үшін де маңызды болып табылады. Заманауи қоғамда жалпы адамзаттық құндылықтар қатарына отбасы, денсаулық, білім, жұмыс жатқызылады. Жалпы адамзаттық құндылықтар адамның тұлғалық құндылықтарымен, атап айтқанда материалды және рухани (адамгершіліктік) құндылықтарымен тығыз байланысты. Бұл құндылықтардың тұлға бойында жүзеге асуы тұлғаны тұлға ретінде тануда аса маңызды. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ. Құқық пен заң түсінігі. Заманауи құқық жүйесінің дамуы Әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың арасындағы қатынастарды реттейді. Әлеуметтік нормалардың алуан түрлері бар. Бұл – әдет-ғұрыптар, салттар, мораль, дін, құқықтық нормалар. Әлеуметтік нормалар адам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Адам туғанынан бастап-ақ әлеуметтік нормаларға бағына бастайды. Адам үшін күнделікті өмірдегі әдеп ережелері, өнегелілік нормалары сияқты мінез-құлық нормаларының маңыздылығын ерекше атап өтеміз. Әлеуметтік нормаларды орындау адамға сенімді болуға, басқаларды құрметтеуге, тұрақты қоғамда өмір сүруге мүмкіндік береді. Сондықтан да әлеуметтік нормалар барлық адамдар үшін маңызды. Құқық түсінігі. Құқық ең жалпы мағынасында қоғамдағы тәртіп болып табылады. Бұл тәртіпті қоғам мен мемлекет белгілейді, қолдау жасайды, қамтамасыз етеді. Құқық «шындық», «әділеттілік» сөздерімен телінеді. Және де мұндай сәйкестік кездейсоқ емес, өйткені құқықтың негізі жалпыадамзаттық идеялар мен құндылықтар: әділеттілік, адамгершілік, теңдік, бостандық болып табылады. Құқық терминінде әртүрлі мән бар. Біреулер үшін құқық олардың қоғамдағы жағдайын, құқықтары мен міндеттерін білдіреді. Басқалар үшін құқық қоғамда қолданылатын заңдармен байланыстырылады. Үшіншілер үшін – қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаумен байланыстырылады. Бұл түсініктердің барлығы өзінше дұрыс болып есептеледі, өйткені құқықтың әртүрлі жақтарын қамтиды. Бұлардың бәрі қоғамдағы белгілі бір тәртіп ретінде құқыққа деген жалпы көзқарасты білдіреді. Құқық тұтастай алғанда заңтану деп аталатын заң ғылымдарының кешенімен зерделенід. Құқық – күрделі құбылыс. Ол үш қабатты, үш элементті қамтиды. Бірінші қабат – құқықтық идеялар, құқықтық сана, екінші – құқықтық нормалар және үшіншісі – осы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар. Құқықтың нақты мысалдағы құрылымы былай көрінеді. Қоғамда жеке тұлғаға қол сұғылмайтындық идеясы пісіп жетіледі және қалыптасады. Бұл идея адамзат өркениеті дамуының белгілі бір кезеңінде ғана туындайды, жеке тұлғаға жасалатын жүгенсіздікке жауап ретінде көрінеді. Тарихтан мысал. Құлдық мыңдаған жылдар бойы өмір сүрді. Құлдар сөйлейтін құрал болып есептелді, оларды сатуға, алмастыруға, сыйлауға болатын еді. Ежелгі заманда құлдық Мысырда, Римде, Грекияда өмір сүрді. АҚШ-та құлдық 1865 жылы жойылды.
Қазақ дәстүрлі қоғамында құлдық болған жоқ. Бұл жерде көшпелі құрылыс болды. Көшпелілер ерікті адамдар еді. Қазіргі уақытта құлдыққа тыйым салынған және қылмыстық заңмен жазаланады. Қоғам жеке тұлғаға қол сұғылмайтындықты сезінгенге дейін көтерілетін белгілі бір кезеңде идея заң түріндегі, құқықтық нормаға айналады. Азаматты еркінен соттың үкімінсіз айыруға тыйым салу туралы азаматты еркінен тыс ұстауға жол бермеу туралы, азаматтың тұрғын үйіне қол сұғылмайтындығы, оның жеке меншігі туралы және т.б. заңдар пайда болады. Бұл нормалардың бәрі жиынтығында жеке тұлғаға қол сұғылмайтындығы туралы құқықтық идеяларды іске асыру болып табылады. Ал одан кейін қабылдаған заңдардың әсерімен жаңа қоғамдық қатынастар қалыптасады. Бұл қатынастар азаматты еркінен, оның меншікке деген құқығынан негізсіз айыру мүмкіндігіне жол бермейді. Құқық осылай әрекет етеді және тәртіп қамтамасыз етіледі. Заңгерлер құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін және заңдармен бекітілген жалпыға міндетті нормалар жүйесін түсінеді. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі.
Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 3337; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |