КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Отбасы. 6 страница
Азаматтық қоғамның құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: 1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік); 2) мемлекеттік тәуелсіз өндірушілер жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.); 3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; 4) саяси партиялар мен қозғалыстар; 5) билік беру және тәрбиелеу мемлекеттік емес саласы; 6) бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік емес жүйесі; 7) отбасы; 8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамда қоғамдық пікір еркін қалыптасады, идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің әралуандығы болады. Адам өз құқығын ақпарат алуда жүзеге асырады. Бұл жерде мемлекеттік билікте демократиялық сипат болады, мемлекеттің адамдар өмірінің лайықты деңгейін қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясаты жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы енді ғана басталуда. Сондықтан да шешілуі мемлекетке, қоғамға және нақты әрбір адамға байланысты көптеген проблемалар туындайды.
АЗАМАТТЫҚ ТҮСІНІГІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ. АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ Азаматтық түсінігі. ҚР азаматы. Қос азаматтық. Отан түсінігі кез келген адам үшін ең басты нәрсе. Өз Отанында өмір сүру және өз мемлекетінің қорғауында болатынын білу – адамның табиғи құқығы. Адам мен мемлекеттің арасындағы саяси-құқықтық байланыс азаматтық деп аталады. Азамат – белгілі бір мемлекетпен тұрақты құқықты байланыста болатын тұлға. Мұндай байланысты растайтын құжат төлқұжат немесе жеке куәлік болып табылады. Егер жеке тұлға 16 жасқа толмаса, онда азаматтық тууы туралы куәлікпен немесе ата-аналары біреуінің төлқұжатымен расталады. Азаматтықтың болуы адам үшін құқықтық салдарлар туындатады. Азаматта құқықтар мен бостандықтардың белгілі бір көлемі пайда болады, ал оларды мемлекетте пайдаланады. Сондай-ақ азаматтарда мемлекет алдында міндеттер туындайды. Қазақстан Республикасы қорғау сияқты аса маңызды міндетті атап көрсетеміз. Қазақстан Республикасы өз азаматтарының құқықтары амен бостандықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге, мемлекет шектеуінен тыс жерлерде оларға қамқорлық пен қолдау көрсетуге міндетті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында Қазақстан азаматын шет мемлекеттің талап ету бойынша беруге құқығы жоқ. Адамның аса маңызды құқығы – азаматтық белгілі бір мемлекеттің қорғауында болады. Азаматтық – адамның белгілі бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланысы. Осы байланысқа сәйкес бұл тұлғаға осы мемлекеттің шектерінде де, сондай-ақ оның шекараларынан тыс жерлерде де егеменді мемлекеттік билік қолданылады. Қосарлы азаматтық тұлғаның екі және одан да көп мемлекетпен құқықтық байланыста екендігін білдіреді. Қазақстанда республика азаматының басқа мемлекеттегі азаматтығы танылмайды. Бұған қарамастан, әртүрлі елдердің заңдарында азаматтықтың пайда болуына әртүрлі көзқарастарға байланысты қосарлы азаматтық қабылдануы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматтығын да иеленуі мүмкін. Бипатрид (лат. екі рет және грек. – Отан, атамекен) – бір мезгілде екі және одан да көп мемлекеттің азаматтығын алған жеке тұлға. Бірде-бір мемлекетте екінші азаматтық бұқаралық көлемде орын алмайды. Бұл үшін елеулі себептер болуы тиіс. Қос азаматтық әртүрлі проблемалар туындатады. Әрбір мемлекет бұл тұлғадан оның азаматтық міндеттерін орындауды талап етуі мүмкін. Неғұрлым жиі кездесетін проблема әрбір мемлекеттің армиясында қызмет ету болып табылады. Дүние жүзінде қос азаматтықты танитын мемлекеттер бар. Қос азаматтықты ата-аналарынан әртүрлі мемлекеттер азаматтарынан туу құқығы, негіз құқығы, туылу фактісі бойынша алуға болады. Бұл ұстаным – елдердің шағын тобында – Аргентинада, Бразилияда, Канадада, Мексика, Тәкстан, АҚШ-та, Уругвайда және басқаларында қолданылады. Бұған қоса азаматтықты табиғилану барысында, өтініш негізінде алуға болады. ҚР азаматтығының ұстанымдары. Бұл ұстанымдар «Азаматтық туралы» заңда бекітілген. 1. Әркімнің азаматтыққа құқығы. 2. Азаматтықтан айыруға және оны өзгерту құқығына тыйым салу. 3. ҚР азаматы шет мемлекетке беруге жол бермеушілік. 4. ҚР азаматын оның шектерінен тыс жерлерге жер аударуға жол бермеушілік. Бұл ұстаным терең адамгершілікті және қандай жағдайларда болмасын адам Отанынан айырылмауы тиіс екендігін білдіреді. 5. Азаматтықтың теңдігі. Ол азаматтық алудың негіздемелеріне қарамастан барлық азаматтар құқықтарының бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді. 6. Қос азаматтыққа жол бермеу. 7. Шекарадан тыс жерлерде тұратын тұлғалардың ҚР азаматтығын сақтау. 8. ҚР азаматтарын шекарадан тыс жерлерде қорғау ҚР мемлекеттік органдары, дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, олардың лауазымды тұлғалары ҚР азаматтарына олар болған мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген барлық құқықтарды, ҚР Халықаралық шарттарын, Халықаралық салт-дәстүрлерді толық көлемінде пайдалануына мүмкіндікті қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, олардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға, қажет болған кезде ҚР азаматтарының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауға міндетті. 9. Некеге тұру мен бұзу кезінде азаматтықтың сақталуы. 10. Азаматсыздықты қысқарту ҚР азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР азаматтығын алуын көтермелейді және олардың өзге азаматтықты алуына бөгет жасамайды. ҚР азаматтығын алу тәртібі. Азаматтық мынадай жағдайларда беріледі: тану нәтижесінде; тууы бойынша; тіркеу тәртібінде, азаматтыққа қабылдау нәтижесінде; азаматтықты қалпына келтіру нәтижесінде; азаматтықты таңдау (оптация) жолымен; заң көздеген өзге де негіздемелер бойынша. Осы тәсілдерді қарастырамыз. 1. ҚР азаматтығын тану. 1991 жылғы азаматтық туралы Заң осы Заң күшіне енген күні ҚР аумағында тұрақты тұратын, бұрынғы КСРО-ның барлық азаматтары, егер олар осы күннен кейін бір жылдың ішінде ҚР азаматтығында тұруды қаламайтыны туралы мәлімдемесе, ҚР азаматтары болып танылатынын белгілейді. 2. Тууы бойынша азаматтық алу. Дүниежүзілік іс-тәжірибеде тууы бойынша азаматтық алудың екі негізгі тәсілі белгілі: «негіз ұстанымы»; бұл кезде азаматтық туған жер бойынша белгіленеді және «қан ұстанымы», бұл кезде азаматтық ата-аналардың азаматтығымен белгіленеді. ҚР Азаматтық туралы заңнамасы негізгісі «қан ұстанымы» болып табылса да, бұл ұстанымды үйлестіреді. Азаматтық туралы Заң ол туған сәтте ата-аналары ҚР азаматтығында тұрса, бала туған жеріне қарамастан ҚР-ның азаматы болып табылатынын белгілейді. Егер ата-аналарының біреуі оның туу сәтінде ҚР азаматтығында тұрса, екіншісі – азаматтығы жоқ тұлға болып табылса – бала туған жеріне қарамастан ҚР-ның азаматы болып табылады. Ата-аналарының әртүрлі азаматтығы кезінде, біреуі туу сәтінде ҚР азаматтығында, екіншісінде басқа азаматтық болғанда баланың азаматтығы туған жеріне қарамастан ата-аналарының жазбаша келісімімен анықталады. Мұндай келісім болмаған кезде бала егер ҚР аумағында туса, ҚР азаматтығын алады, егер басқаша болған болса, ол азаматтығы жоқ тұлғаға айналар еді. Егер ҚР аумағында орналасқан баланың екі ата-анасы да белгісіз болса, бала ҚР-ның азаматы болып табылады. Ата-анасы, қамқоршысы немесе қорғаншысы табылған жағдайда баланың азаматтығы өзгертілуі мүмкін. Азаматтығы жоқ тұлғадан ҚР аумағында туған бала ҚР-ның азаматы болып табылады. 3. Тіркеу тәртібімен азаматтық алу. Азаматтық алудың бұл тәсілінде оңайлатылған сипат бар және негізінен КСРО-ның жойылуымен байланысты. 4. ҚР азаматтығына қабылдау (табиғилану). 18 жасқа толған және ҚР азаматтығында тұрмаған, іс-әрекетке қабілетті кез келген тұлға оның өтініші бойынша ҚР азаматтығына қабылдануы мүмкін. Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР азаматына айналуы үшін ҚР аумағында бес жыл тұрақты тұруы немесе Қазақстан Республикасы азаматымен үш жылдан кем ем ес уақыт некеде тұруы тиіс. 1. Азаматтық алудың бұл шарттары Қазақстан Республикасының алдында ерекше сіңірген еңбегі немесе кәсіптері бар және Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша талаптарға жауап беретін тұлғалар және олардың отбасы мүшелері үшін талап етілмейді. Сондай-ақ бұл шарттар Қазақстан аумағын тастап кеткен тұлғаларға және егер олар Қазақстан Республикасына тарихи отаны ретінде тұрақты тұру үшін қайтып келген олардың ұрпақтарына қатысты емес. Бұл оралмандарға – Қазақстанға басқа елдерден қайтып оралған қазақтарға қатысты. Сондай-ақ бұл Қазақстан мүдделерін қорғайтын көрнекті спортшыларға да қатысты. Мұндай тұлғалар үшін азаматтық алу мерзімдері алты айға дейін қысқартылған. Егер тұлға: · адамзатқа қарсы қылмыс жасаса; · ҚР тәуелсіздігіне қарсы саналы түрде қарсы шықса; · ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтандырса; · лаңкестік қызметі үшін сотталса; · сотпен ерекше қауіпті қылмыскер болып танылса; · басқа мемлекеттердің азаматтығында тұрса ҚР азаматтығына қабылданудан бас тартылуы мүмкін. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР азаматтығына қабылдау мәселелері бойынша шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Азаматтыққа қабылдау туралы әрбір өтініш бойынша ұсынысты Президенттің қарауына ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі Комиссия жасайды. ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР аумағында тұрақты тұратын тұлғалардан азаматтыққа қабылдау мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды; фактілер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асырады; өтініштерді Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияға жібереді. ҚР Ішкі істер министрлігі, дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері ҚР аумағынан тыс жерлерде тұрақты азаматтыққа кіру туралы өтініштер қабылдайды; фактілер мен құжаттарды өтініштердің негізделгендігін тексереді, өтініштерді Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияға жібереді. 5. ҚР азаматтығын қалпына келтіру. Азаматтықты қалпына келтіру асырап алуға, қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеуге байланысты, ата-аналарының азаматтығы өзгеруімен байланысты ҚР азаматтығы тоқтатылған тұлғаларды 18 жасқа жеткеннен кейін бес жылдың ішінде тіркеу тәртібімен жүзеге асырылады. 6. ҚР аумағы өзгерген кезде азаматтықты таңдау. Заңмен белгіленген тәртіппен аумақтық өзгерістер жүргізілген кезде мемлекеттік тиістілігін өзгерткен аумақта тұратын тұлғалар ҚР Халықаралық шартымен белгіленген тәртіп пен мерзімдерде азаматтықты таңдауға – оптацияға құқығы бар. ҚР азаматтығына қабылдау үшін басқа да негіздемелер бар. Олар халықаралық шарттармен белгіленген. 4. Азаматтықтың тоқтатылуы. Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылудың салдарынан тоқтатылады. Азаматтықтан шығуға тұлғаның өтініш негізінде рұқсат етіледі. Алайда азаматтықтан шығуға егер тұлғада республика алдында орындалмаған міндеттемелер болса, айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса немесе сот үкімімен жазасын өтеп жатса немесе азаматтықтан шығу Қазақстан Республикасы мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қарама-қайшы келсе бас тартылуы мүмкін. Тұлға азаматтықтан басқа мемлекеттің әскери қызметіне, полициясына, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың өзге де органдарына жұмысқа кіруінің салдарынан азаматтықтан айырылуы мүмкін. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығы жалған құжаттардың негізінде алынса, сондай-ақ республика шектерінен тыс жерлерде тұрақты тұратын тұлға консулдық есепке бес жылдың ішінде дәлелді себептерсіз тұрмаса, онда мұндай тұлға азаматтықтан айырылуы мүмкін. Азаматтық борыш. Азаматтықты қорғау. Борыш – бұл өнегелік заңына деген құрметпен шығатын қылықтың қажеттігі (И.Кант). Борыш индивидке өнегелі болуға мүмкіндік береді. Борышты орындауға ұмтылу – бұл адамның бақытқа қарай ұмтылуы. Азаматтық борыш – бұл өкіметтің заңдары мен заңды өкімдерін орындауға іштей қабылданған ерікті міндеттеме. Басқаша айтқанда азаматтық борыш – бұл жеке тұлғаның өзін қоғамдық ерікке бағындыру үшін қабылдаған қажеттігі. Азаматтық борыштың қайнар көзі қоғамдық мүдде болып табылады. Азаматтық борыш дегеніміз – терең жеке мүдделілік, еріктілік, олардың қажеттігін сезіну негізінде конституциялық міндеттерді орындау. Қоғам адамнан өз міндеттерін жай ғана дәл және мүлтіксіз орындауды ғана емес, сондай-ақ оларға деген жеке көзқарасын да күтеді. Азаматтық борыш көріністерінің ерекшеліктері оның еріктілігінде, белсенді азаматтық позициясында. Антикалық философияға азаматтық борыш түсінігін Сократ енгізді. Сократ өз сенімдері үшін айыпталды. Оған қарсы Афины соты қатаң үкім шығарды. Сократ өлім жазасына кесілді. Сократ сот үкімімен келіспесе де, заңды сыйлайтын азамат болғандықтан, үкіммен келісуге мәжбүр болды. Сократ күшті у ішіп өлді. Осы арқылы Сократ азаматтық борышты орындаудың үлгісін көрсетті. Жағдаяттарды талқылаңдар 1. Ерлі-зайыпты Г. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Алайда олар бала дүниеге келген кезде Англияда, оқуда болды. Азаматтық белгілеуге байланысты қиындықтар туындай ма? 2. Ивановтар отбасы ҚР елшілігіне өздеріне азаматтық беру туралы өтінішпен жүгінді. Олардың өздері Қазақстан аумағында ешқашан тұрған жоқ, бірақ онда көп жылдар бойы отағасының үлкен ағасы қартайған ата-аналарымен бірге тұрады. Ивановтардың азаматтық мәселесі қалай шешіледі? 3. Балалар үйінің жанынан емшек еметін сәби табылды, ата-аналарын анықтаудың сәті түспеді. Сәби кім болып танылады: азаматтығы жоқ тұлға; Қазақстан Республикасының азаматы; шетелдік азамат? 4. Қазақстан азаматы М. басқа мемлекеттің заң органына қызмет етуге кірді. Оның азаматтығы туралы мәселе қалай шешіледі? 5. Қазақстан азаматы шекарадан тыс жерде, Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында ЖКО-сын жасады, оқиға орнынан қашып, Қазақстанға келді. ЖКО-н жасағаны үшін Қазақстан азаматы шет мемлекетке беріле ме? Қазақстан азаматы қай елдің заңдары бойынша жауапкершілікке тартылады?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ Қазақстан Республикасының Конституциясының даму тарихы Конституция түсінігі. «Конституция» термині (лат. constitution – орнату) Ежелгі Римнің өзінде белгілі болған және императорлардың әр текті нұсқаулары мен жарғыларын білдіру үшін пайдаланылды. Құл иеленушілік, оны алмастырған феодалдық мемлекетте де онда оның құрылысы бекітілген мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі Конституциялар болған жоқ. Конституциялардың өздері мемлекеттік-құқықтық мағынасында буржуазиялық революциялардың нәтижесінде пайда болды және буржуазияның экономикалық және саяси үстемдігін бекіту үшін қажет болды. Конституция – жоғары заңдық күшке ие және қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылыстың, мемлекет пен жеке тұлғаның арасындағы өзара қатынастың, мемлекеттік органдар жүйесінің негіздерін бекітетін негізгі заң. Кез келген Конституцияның мәні оның негізгі заң қабылданған сәттегі өмір сүрген саяси күштердің арақатынастарын бейнелейтіндігінде. Конституцияны халық референдум арқылы қабылдайды. ҚР-ның қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. ҚР Конституциясының белгілері. Конституцияда жоғары заңдық күш бар және Қазақстан Республикасының барлық аумағында тікелей әрекет етеді. Бұл барлық басқа заңдардың Конституцияның негізінде қабылданатынын және оған қарама-қайшы келуге тиіс емес екендігін білдіреді. Әрбір азамат өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа жүгініс жасаған кезде оның нормаларын пайдалана алады. Конституция қоғамдық қатынастардың басты салаларын реттейді. Өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі болады. Тарихтан. Заманауи түсінікте дүние жүзіндегі ең бірінші Конституция болып АҚШ Конституциясы есептеледі. Ол 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданған. АҚШ Конституциясы қолданылған уақыт ішінде оған жиырма жеті түзету енгізілді. АҚШ Конституциясының негізінде билікті заң шығарушы (Конгресс), атқарушы (Президент) және сот (Жоғары сот пен төмен тұрған соттар) тармақтарына бөлу ұстанымы жатыр. АҚШ штаттары заң шығару саласында мол құқықтарға ие болған. Мысалы, АҚШ-та өлім жазасы бірнеше штатта ғана қолданылады. Қазақстан Конституциясы дамуының кезеңдері. Әрбір азамат өз елінің Конституциясын білуі, құрметтеуі және бұзбауы тиіс. Президент өз лауазымын атқаруға кіріскен кезде қолын Конституцияға қойып тұрып, ант береді. Осымен Президент Конституцияға деген өзінің құрметін көрсетеді. Қазақстан тарихында төрт Конституция болды. Бұл актілерді қысқаша қарастырайық. Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда, КСРО құрылғаннан кейін және РКФСР 1925 жылғы Конституциясы есепке алына отырып, қабылданды. КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы АКСР – Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасы РКФСР – Ресей Кеңес Федеративтік Социалистік Республикасы ҚазКСР – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РКФСР құрамындағы тең құқықты республика болып табылады. 1937 жылғы 26 наурыздағы Қазақ КСР Конституциясы Кеңестердің Х Бүкілқазақтық съезінде қабылданды. Бұл Конституция Қазақ КСР-н КСРО құрамындағы тең құқықты республика ретінде бекітті. Мынадай ережелер бекітілді: экономикалық, саяси қорғаныс желісі бойынша өзара көмекті жүзеге асыру мақсатында басқа тең құқықты республикалармен ерікті бірігу, Қазақ КСР-ның келісімінсіз аумақтың өзгертілмейтіндігі және басқалар. Республикада мемлекеттік биліктің жоғары респбуликалық және жергілікті органдары қалыптастырылды, сот және прокуратура органдарының жүйесі орнатылды. Халық соттарын аудан азаматтары жасырын дауыс беру кезінде жалпыға бірдей, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайлады, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, басқа ұлттар көпшілікті құрайтын аудандық соттарда – солардың тілінде жүргізілуі тиіс болды және т.б. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы 20 сәуірдегі Конституциясы. Конституцияға сәйкес барлық билік халыққа тиісті болды. Кеңес халқы жұмысшылар, шаруалар табы мен еңбек зиялылары таптарына бөлінді. Билік және басқару органдары жүйесінің үстіне Қазақ КСР Коммунистік партиясы (6-бап) қойылды. Республика экономикалық жүйесінің негізі болып мемлекеттік, кооперативтік-кеңшарлық меншік пен кәсіподақтар мен өзге де қоғамдық ұйымдардың меншігі жарияланды. Егеменді Қазақстанның Конституциясын қарастыру үшін ҚР Конституциясын қабылдау үшін негізге айналған заңнаманы білу қажет. 1990 жылы 24 сәуірде «Қазақ КСР Президенті лауазымын тағайындау туралы» Заң қабылданды. Бұл заң мемлекетті басқару жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Президент лауазымы республикада жүзеге асырылып жатқан терең саяси және экономикалық реформаларды қамтамасыз ету мақсатымен тағайындалды. Қазақ КСР Президенті болып Н.Назарбаев сайланды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл күн бүгінгі күндері мерекелік күн болып табылады және Республика күні ретінде атап өтіледі. Декларация Қазақ КСР заңдарының КСРО заңдарынан басымдығы жариялады, онда орныққан қатынастар жүйесін елеулі өзгерткен ұстанымдардың негізі қаланды. Декларация мыналарды жариялады: – КСРО мен Қазақ КСР арасындағы қатынастар шарттық негізінде құрылады; – республика әкімшілік-аумақтық құрылысқа саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылысқа байланысты мәселелердің бәрін дербес шешеді; – республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтата тұру құқығына ие; – Қазақстан аумағы қол сұғылмайтын, қазіргі шекаралары жатсындырылмайтын болып жарияланады және оның келісімінсіз өзгертілмейді;
Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1706; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |