Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Отбасы. 7 страница




– Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналастырылмайды;

– Қазақстан өзінің ішкі әскерлері, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдары болуға құқылы;

– Қазақ КСР Халықаралық қатынастарда дербес, сыртқы саясатын өз мүдделері үшін белгілейді.

Арнаулы бапта Декларацияның жаңа Одақтық шартты жасау және Қазақ КСР жаңа Конституциясын әзірлеу үшін негіз болып табылатыны айтылды. Декларация – Қазақ КСР-ның онда билікті бөлу ұстанымы жарияланған бірінші актісі. Егемендіктің бірден-бір иегері мен мемлекеттік биліктің иегері халық болып жарияланды. Алайда бұдан кейінгі кезеңде КСРО он бес тәуелсіз мемлекетке бөлініп кетті.

1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы атын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы күннен бастап біздің еліміз Қазақстан Республикасы болып атала бастады.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бұл күнді біз мемлекеттік мереке – Қазақстан тәуелсіздігі күні ретінде атап өтеміз. Осы күннен бастап Қазақстан заңды түрде егеменді мемлекет ретінде өмір сүре бастады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.

ҚР-ның 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституциясы. Бұл Конституция егеменді Қазақстанның бірінші Конституциясы болып табылады және демократиялық мазмұнымен ерекшеленді. Мұнда халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, идеялары, билікті бөлісу ұстанымы, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану және басқалар бекітілді.

1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республиканың үлгісі алынды. Конституцияда бірінші рет «зайырлық және унитарлық мемлекет» сияқты түсінік қолданылды. Сонымен бірге Конституция Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясының кейбір ережелерін сақтады. Мысалы, Жоғары Кеңес бір палаталы өкілдік және заң шығарушы орган болып қалды, жергілікті деңгейде халық депутаттарының Кеңестері сақталды. Қазақстанның тәуелсіздігін бекіте отырып, 1993 жылғы Конституция мұнымен бірге тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күрделілік пен қарама-қайшылықты да бейнеледі. Бір жағынан, ол республиканың нарықтық экономика мен демократиялық мемлекет қалыптастыру бағытында одан әрі дамуы үшін заңдық негіздерді тіркеді. Екінші жағынан, Конституцияда биліктің заң шығарушылық және атқарушылық тармақтарының өкілеттіліктері туралы мәселелер реттелмеді. Осыған байланысты біздің елде қарама-қайшы жағдаят қалыптасты, ол елдегі саяси және әлеуметтік жағдаятты тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бұған қоса, Конституцияның мемлекеттілік сипатына, мемлекеттік тіл, жерге жеке меншік пен азаматтық мәселелеріне қатысты кейбір ұстанымдық ережелері қоғамдық пікірталастың нысанына айналды. Сондықтан да жаңа Конституцияны әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мерек – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні болып табылады.

Конституцияны қабылдаудың алдында ел халқының Конституция жобасын кеңінен талқылауы болып өтті. Жобаны жалпы саны 33 мыңдай ұжымдық талқылаулар өткізіліп, оларға 3 миллионнан астам азамат қатысты. Талқылаулар кезінде 30 мыңдай дерлік ұсыныстар мен ескертулер жасалды. 55-бапқа 1100-ден астам түзетулер мен толықтырулар енгізілді.

1995 жылғы ҚР Конституциясының негізгі ұстанымдары.

1. Демократияшылдық пен халықтың толық билігі. ҚР Президенті, ҚР Парламенті жалпыға бірдей сайлау жолымен сайланады, неғұрлым маңызды мәселелер референдумға ұсынылады.

2. Заңдылық Конституцияда жоғары заңдық күш бар және Конституция ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Барлық субъектілер ҚР Конституциясын теңдей дәрежеде сақтауға міндетті.

3. Құқықтар мен бостандықтарға кепілдіктердің берілуі. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып танылады, барлығы заң мен соттың алдында тең.

Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл немесе дінге қатыстылық белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген формаларына тыйым салынады. Әйел мен ер адамның да теңдей құқықтар мен бостандықтар және оларды жүзеге асыру үшін теңдей мүмкіндіктер бар.

Бұл жерде әңгіме заң бойынша теңдік туралы болып отыр, яғни әркімге құқықтар мен бостандықтарды пайдаланудың теңдей заңдық мүмкіндіктері ұсынылады. Іс жүзіндегі теңдік объективті және субъективті реттегі себептердің тұтастай қатарына байланысты мүмкін емес.

4. Билікті бөлу. Өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі дербес. Биліктің барлық тармақтары Конституция мен заңдарға бағынады.

5. ҚР-нда саяси саналуандық, көп партиялылық танылады. ҚР-нда ешқандай идеология мемлекеттік немесе міндетті идеология ретінде орнатылуы мүмкін емес. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең.

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар. Қоғамдық қатынастар үнемі дамып отырады. Сондықтан да қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мұндай өзгерістер 1998, 2007 және 2011 жылдары болды.

1998 жылы 19 өзгеріс пен толықтыру енгізілді.

Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының өкілеттіліктері мен мерзімдері өзгертілді. Президенттік өкілеттіліктер мерзімі бес жылдың орнына жеті жылға дейін ұзартылды. Президентке кандидаттар үшін жас цензінің жоғары шегі жойылды. Сондай-ақ олар болып өтті деп танылуы үшін сайлауға сайлаушылардың 50%-ынан кем емес бөлігінің қатысу қажеттігі де күшін жойды. Мәжілістің 10 депутаты пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдердің негізінде сайлана бастады.

2007 жылы неғұрлым мәнді түзетулер енгізілді: пропорционалды сайлау жүйесіне көшуі парламент мәртебесін нығайту, президенттік өкілеттіліктердің мерзімін бес жылға дейін қысқарту. Қазақстан халқы Ассамблеясы парламент Мәжілісіне өздерінің 9 адамын ұсыну құқығына ие болды және басқалары. 2011 жылы ақпанда Конституцияға азын-аулақ өзгерістер енгізілді. Олар ел президентін кезектен тыс сайлау мәселелеріне қатысты болды.

Адамға Конституция не үшін қажет?

Елдің әрбір азаматы Конституцияны білуі және құрметтеуі тиіс. Нақ осы Конституция біздің елдің тұрақты дамуына сенімділік береді. Конституцияда жеке тұлға мен қоғам үшін ең басты құндылықтар бекітіледі. Әрбір және әрбір отбасы Конституцияны білуі және оны құрмет тұтулары тиіс.

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫ

Адам құқықтары мен бостандықтары түсінігі. Адамның табиғи және ажырамас құқықтары. Адам және азамат құқықтарын қарастырмастан бұрын, «адам», «жеке тұлға», «азамат» категорияларына назар аударайық. «Адам» түсінігі оны биологиялық жағынан, белгілі бір физиологиялық қасиеттерге ие тірі әлемнің өкілі ретінде сипаттайды.

«Жеке тұлға» түсінігі адамды өзін-өзі, қоғамдағы орны мен рөлін, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуші ретінде әлеуметтік жағынан сипаттайды. Өмірде адам әртүрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке тұлғаның қасиеттеріне ие бола алмайтын жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, соттың индивидті психикалық ауру салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп тануы.

«Азамат» түсінігі адамды заң жағынан, нақыт мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыста болатын тұлға ретінде сипаттайды.

Адам құқықтары мен бостандықтары – бұл заңмен және мемлекетпен қорғалатын, адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мүмкін болатын мінез-құлық өлшемі. Адам құқықтары ол дүниеге келген сәттен бастап пайда болады, олардан ешкім айыра алмайды. Сондықтан олар табиғи және ажырамас (ажыратылмайтын) құқықтар деп аталады.

Адамның ең мәнді табиғи құқығы – өмір сүру құқығы. Адамды өмірінен айыруға ешкімнің құқығы жоқ.

Адам құқықтарына мынадай белгілер тән:

· олар қоғамдағы өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайларын есепке алғанда табиғи және әлеуметтік мәнділіктің негізінде туындайды және дамиды;

· объективті қалыптасады және мемлекеттік тануға тәуелді болмайды;

· индивидке туғанынан тиесілі болады; Оларды тартып алуға болмайды, оларда ажырамас, ажыратылмайтын сипат бар, табиғи нәрсе ретінде (ауа, жер, су және т.б. сияқты) танылады;

· тікелей әрекет етушілер болып табылады; Жоғары әлеуметтік құндылық ретінде танылады;

· индивидке өз қарастыруы бойынша әрекет ету немесе белгілі бір игіліктер алуға мүмкіндікті қамтамасыз ететін, адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынастардың ұстанымдары мен нормалары болып табылады;

· оларды тану, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті.

 

Адамның өмір сүру, лайықты өмір сүру құқығы сияқты құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келу фактісінің өзі ғана жеткілікті, ал бірқатар басқа құқықтарды жүзеге асыру үшін адамның азамат, жеке тұлға қасиеттерін иемденуі талап етіледі.

Азамат құқықтары – бұл заңмен және мемлекетпен қорғалатын, нақты мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыста болатын адамның заң жағынан болуы мүмкін мінез-құлқының өлшемі.

Азаматтың құқықтары мемлекеттік тану мен заңнамалық бекітілуіне байланысты болады. Сондықтан Конституцияда адам құқықтары және азамат құқықтары сияқты түсініктер қолданылады.

Жеке тұлғаның міндеттері – бұл мемлекетпен белгіленген және азаматтардың қоғамдық қажетті мінез-құлқының заңдарда бекітілген түрлері мен өлшемі құқықтар мен міндеттер өзара байланыста өмір сүреді.

Құқықтарсыз міндеттер жоқ, сондай-ақ міндеттерсіз құқықтар да жоқ. Осы пікірді талқылаңдар. Сендер оны қалай түсінесіңдер? Адам құқықтарының ғана өмір сүруі мүмкін бе?

ҚР Конституциясындағы жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар. Саяси құқықтар мен бостандықтар. Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер ҚР Конституциясында бекітіледі. Олардың бәрі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мазмұнына қарай жеке, саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени болып бөлінеді.

ҚР-нда адамның жеке құқықтары мен бостандықтары адамның дүниеге келуінен бастап өмір сүреді. Оларға мыналар жатады:

1. Өмір сүру құқығы. Бұл құқық адам құқықтары туралы барлық халықаралық актілермен, сондай-ақ дүние жүзінің барлық елдерінің конституцияларымен бекітілген. Ол адамның заңмен қорғалатын, ажырамас құқығы болып табылады. Ешкім өз еркімен өмірден айырылмайды. Нақ осы негізде бірқатар елдерде өлім жазасына, абортқа тыйым салынған. Адамды өмірінен айыру ең ауыр қылмыс болып саналады.

Өмір сүру құқығы денсаулық сақтауды нығайтумен, салауатты қоршаған ортаны сақтаумен, бейбіт сыртқы саясат жүргізумен, лаңкестікпен күреспен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. ҚР Конституциясында өлім жазасы жазалаудың айрықша шарасы ретінде бекітілген және оны қолдануға қатаң шектеулер белгіленген. Қазіргі кезде Қазақстанда өлім жазасын қолдануға мораторий қойылған.

2. Жеке тұлғаның қадір-қасиеті. ҚР Конституциясында жеке тұлғаның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатыны белгіленген. Ешнәрсе де адамның қадір-қасиетін төмендету үшін негіздеме болмауы тиіс. Ешкім азаптауларға, зорлыққа, қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін жәбірлейтін басқа да жазаларға немесе іс-әрекеттерге ұшыратылуы тиіс емес. Ешкімге өз еркімен келісуінсіз медициналық, ғылыми немесе өзге де тәжірибелер жүргізілмеуі тиіс. Бұл ережелерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар қылмыстық жазаға дейінгі жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазақстан 1987 жылы «Азаматтар мен қатыгез, рақымсыз немесе қадір-қасиетті жәбірлейтін басқа да іс-әрекеттер мен жазалауларға қарсы Конвенцияға» қол қойды.

3. Бостандық пен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығы. ҚР Конституциясына сәйкес тұтқындау, қамау және күзетпен қамауда ұстауға тек сот шешімі бойынша ғана жол беріледі. Сот шешіміне дейін жеке тұлға қамауда 72 сағатқа дейінгі мерзімде ұсталуы мүмкін. Көпе-көрінеу заңсыз тұтқындау кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.

4. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Заңмен белгіленген және сот шешімінің негізіндегі жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де онда тұратын тұлғалардың еркіне қарсы тұрғын үйге басып кіруге құқығы жоқ. Бұл ережеден ерекше жағдайлар заңмен қатаң реттеледі. Мысалы, тінту немесе алу сияқты тергеу әрекеттері анықтау немесе тергеу органдарының уәжделген қаулысы бойынша, прокурордың санкциясымен, куәгерлердің қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Тұрғын үйді қарап-тексеру құқығын пайдалануға, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдар мен қызметтердің: санитарлық және өртке қарсы инспекция өкілдеріне, коммуналдық қызметтердің қызметкерлеріне және басқаларына рұқсат етілген.

5. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Әрбір адам жеке өміріне қол сұғылмаушылық, жеке және отбасылық құпия, өз ар-ұжданын қорғау құқығына ие.

Бұл құқық мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерінен ғана қорғалмайды. Оны қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа азаматтар тарапынан бұзушылыққа жол берілмейді. Бұл құқықты қорғау әкімшілік, сондай-ақ сот тәртібімен қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Тұлғаның жеке өмірі туралы ақпаратты жинау, сақтау, пайдалану мен таратуға оның келісімінсіз жол берілмейтінін атап өтпекпіз.

6. Хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы. Бұл құқық тек сот шешімінің негізінде ғана шектелуі мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексі бұл құқықты бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық белгілейді.

7. Ұлтты анықтау құқығы. Әркім өзінің ұлтқа қатыстылығын анықтауға және көрсетуге құқылы. Ешкім өзінің ұлтқа қатыстылығын анықтауға және көрсетуге мәжбүрленбеуі тиіс.

Израиль, Канада, ГФР сияқты бірқатар шет мемлекеттерде ұлтқа қатыстылықтың бұл елдерге кедергісіз эмиграция жасау түріндегі құқықтық салдарлары бар.

8. Ана тілін пайдалану құқығы. ҚР Конституциясында «әркімнің ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық тілін ерікті таңдауға құқылы» екендігі туралы қағида бекітілген.

Міне сондықтан да Қазақстанда әртүрлі ұлттар мен ұлыстар мәдениетін дамытуға арналған ұлттық орталықтар жұмыс істейді.

9. Жүріп-тұру және тұратын жер бостандығы. ҚР аумағында заңды түрде тұратын әрбір адам еркін жүріп-тұру, болатын және тұратын жерді таңдау құқығына ие.

10. Ар-ұждан бостандығы. ҚР Конституциясында: «әркімге ар-ұждан бостандығы, жеке немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануы немесе ешқандай дінді ұстанбау, діни және өзге де сенімдерді ерікті таңдау, тарату және оларға сәйкес іс-әрекет жасау құқығын қсоқанда дін ұстану бостандығына кепілдік берілетіні» белгіленген.

Саяси құқықтар мен бостандықтан. Бұл – ҚР азаматтарының қоғамдық-саяси өмірге, мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігі.

Оларға жатады:

ойлау және сөз бостандығы; ақпарат бостандығы; қоғамдық бірлестіктер құру құқығы; жиналыстар жасау бостандығы; азаматтардың бейбіт мақсатпен, қарусыз жиналу, жиналыс, митинг, шерулер, бой көрсетулер өткізу құқығы; мемлекетті басқаруға қатысу құқығы; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіну құқығы жатады.

Сөз бостандығын қарастырамыз. Сөз бостандығы әркімнің өз ойларын басқалардың алдында жеке тікелей, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білдіру құқығы болып табылады. Алайда бұл бостандықтың шексіз болуы мүмкін емес. Белгілі бір шектеулер болады. ҚР Конституциясына сәйкес, «әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни жек көрушілік пен өшпенділікті қоздыратын насихатқа немесе үгіттеуге жол берілмейді. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік басымдылықты насихаттауға тыйым салынады». Сондай-ақ соғысты насихаттауға тыйым салынады, мемлекеттік және әскери құпияны жария еткені үшін жауапкершілік белгіленеді, заң жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғайды және т.б.

Адам мен азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары және бостандықтары. Бұл құқықтарды жүзеге асыру қоғамның, мемлекет пен әрбір адамның материалдық өмірінің негізін құрайды. Бұл құқықтарды санамалайық: кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы; жеке меншік құқығы; ерікті еңбек құқығы; демалу құқығы; отбасының болу және отбасын қорғау құқығы; әлеуметтік қамсыздандыру құқығы; денсаулық сақтау құқығы; қолайлы қоршаған ортаға құқық; білім алу құқығы; шығармашылық бостандығы.

Ерікті еңбек құқығын қарастырамыз.

Әркім өзінің еңбекке деген қабілеттіліктеріне еркін иелік етуге, қызмет пен кәсіп түрін таңдап алуға құқылы. Мектепті бітіргеннен кейін әрбір бітіруші кәсіп және жұмыс орнын таңдайды. Қызмет пен кәсіп түрін таңдау адамның ниетіне ғана емес, сондай-ақ оның қабілеттіліктеріне, біліміне, осы кәсіпті немесе қызмет тегін қоғамдық қажетсінушілікке және т.б. байланысты болады. Сондықтан да әрбір адам табиғатынан берілген қабілеттерін дамытуға тиіс. ҚР Конституциясы мәжбүрлеушілік еңбекке тыйым салады.

ҚР азаматтарының конституциялық міндеттері. Барлық азаматтар ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті. Міндеттерді орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау кінәлілерге жазалау қолдану мүмкіндігін туындатады. ҚР азаматтары салықтар төлеуге міндетті.

Кез келген мемлекетте салықтар мемлекеттік бюджеттің негізін құрайды. Салықтарды белгілеу басқару, қорғанысты ұйымдастыру, мәдениет және т.б. сияқты жалпымемлекеттік функцияларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қажет.

АҚШ-тың әйгілі саясаткері Б.Франклин былай деген еді: «Бұл дүниеде сөзсіз болмай қоймайтын нәрсе – өлім мен салықтар». Бұл пікірді талқылаңдар.

 

Сондай-ақ табиғатты қорғауды, тарихи және мәдени мұраны, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауды, өз Отанын қорғау міндетін де еске сала кетейік. Әрбір азамат әскери қызмет өткеруге міндетті. Әскери қызмет міндеті – қызметке контракт бойынша ерікті кірісу мүмкіндігімен үйлестіріледі. Ата-аналар өз балаларына қамқорлық жасауға сондай-ақ кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке қабілетсіз ата-аналарына қамқорлық жасауға құқылы және міндетті.

Азаматтардың міндеттері тек Конституцияда ғана емес, сондай-ақ басқа да заңдарда бекітілген.

Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың негізгі кепілдіктері. Кепілдіктер – бұл жеке тұлғаның өз құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін жүзеге асыруы үшін теңдей мүмкіндіктер жасайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси, өнегелілік, заң, ұйымдастырушылық алғышарттардың, құралдар мен тәсілдердің жүйесі.

Кепілдіктер түсінігі адамзат жасап шығарған негізгі идеяларға: адамгершілікке, әділеттілікке, заңдылыққа, мақсатқа лайықтылыққа, тең құқықтылыққа және басқаларына негізделеді. Егер қысқаша айтатын болсақ, онда кепілдіктер дегеніміз – адам құқықтарын қамтамасыз ететін жағдайлар жүйесі.

Кепілдіктердің мынадай түрлері бар:

· материалдық кепілдіктер – экономикалық кеңістіктің бірлігі, тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен қаржы құралдарының еркін қозғалысы, экономикалық қызмет еркіндігі, меншіктің жеке, мемлекеттік формаларын бірдей дәрежеде тану және қорғау;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 2180; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.