Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік баж. 11 страница

Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:

К= S/ З

Мұнда: К- материалдық айналым құралдарының айналымдылық

коэффициенті;

S- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

З- өндірістік материалдық қорлар.

6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:

К= Д/ Д

Мұнда: К- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

Д- дебиторлық борыш.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.

Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.

7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қаты-насымен анықталады:

К= Д

Мұнда: К- кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

К- кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэф-фициенті жыл басында – 8,23 рет; жыл соңында – 9,01 рет болды

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы -01-04 Сабақ реті___88___

Сабақ тақырыбы Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеу

 

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі: Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ; Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициент-тер жатады:

1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсет-кіш мына формула бойынша анықталады:

К = Д/ А

Мұнда, К- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

А- авансталған капитал.

Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.

Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурс-тарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кә-сіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __ Сейтқадырова А.С. ______

 

 

Қаржы нәтижелерін және айналымдағы активтерді қолдану барысындағы тиімділігін талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражат-тың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген ша-руашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқты-рады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.

Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайда-ланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кә-сіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету ер-кіндігіне ие болады.

Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кә-сіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бір-дей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өн-дірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициент-тер жатады:

1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсет-кіш мына формула бойынша анықталады:

К = Д/ А

Мұнда, К- капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

А- авансталған капитал.

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы -01-04 Сабақ реті___89___

Сабақ тақырыбы Қаржы нәтижелерін және айналымдағы активтерді қолдану барысындағы тиімділігін талдау

 

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі дәріс сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі: Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ; Кәсіпорын тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.

Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражат-тың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызу-ға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген ша-руашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқты-рады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсендетеді.

 

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __ Сейтқадырова А.С. ______

 

Қаржылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын деректерді есептеу

 

 

«Халық банкінің зейнетақыкомпаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

Көрсеткіштер Сомасы, мың тг. Құрылымы, % Өзгеріс (+;-)
  Жыл басында Жыл соңында Жыл басында Жыл соңында Мың тг. Үлес салмағы%
Меншікті капитал            
Жарғылық капитал 13 395 13 395 3,63 3,72    
Қосымша капитал 223 375 223 375 60,49 62,09    
Резервтік капитал 3 225 3 225 0,87 0,90    
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) 60 480 59 415 16,38 16,51 -1 065 -1,76
Жиыны 300 475 299 410 81,37 83,22 -1 065 -0,35
Ұзақ мерзімді міндеттемелер     0,00 0,00    
Қысқы мерзімді міндеттемелер            
Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт 5 325 3 175 1,44 0,88 -2 150 -40,38
Кредитолық борыш 44 325 41 835 12,00 11,63 -2 490 -5,62
Алдағы кезең кірістері   3 570 0,96 0,99 +10 +0,28
Баса да несиелік борыштар 15 565 11 775 4,22 3,27 -3 790 -24,35
Жиыны 68 775 60 355 18,63 16,78 -8 420 -12,24
Барлығы 369 25869 359 7650 100,00 100,00 -9 485 2,57

 

 

Тәуелсіздік коэффициенті: 26 937 742 / 369 25869 = 0.5 авансталған капитал сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл көрсеткіш өскенімен, талданып отырған кәсіпорынның өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды, себебі тәуелсіздік коэффициенті мәні одан жоғары.

Тәуелділік коэффициенті: 634 330/ 369 25869 = 0,1. Қарыз қаражаттардың жиынтық капиталдағы үлесін сипаттайды. Авансталған капиталдағы қарыз үлес неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорын қаржыландырудың сыртқы көздері көбірек тәуелді болады

Қаржыландыру коэффициенті: 26 937 742 / 634 330 = 42,1 > 1. Меншікті және таратылған капиталдың арақатынасын сипаттайды. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландыратынын көрсетеді.

 

 

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы -01-04 Сабақ реті___90___

Сабақ тақырыбы Қаржылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын деректерді есептеу

 

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі: Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

 

Сабақтың барысы

 

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ; 1. Материалдарға талдау жасау

4. Тест материалдаымен жұмыс

5. Есептер шығару

 

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __ Сейтқадырова А.С. ______

 

 

Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі

 

Тәуекелділік ұғымы – кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын (қаупы), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелді өзін – өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттардың және процедуралардың негізгі принциптері

Қордың тәуекелдерді басқару бойынша саясаты бейім тәуекелдерді анықтауға, талдауға және басқаруға, тәуекелдердің лимиттерін және сәйкесті бақылауды орнатуға, сондай-ақ тәуекел деңгейін және оның белгіленген лимиттерге сәйкестілігін тұрақты түрде бағалауға арналған. Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі Агенттік қоятын талаптарға сәйкеседі. Тәукелдерді басқару жүйесі Қордың қалыпты қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратын оқиғалардың уақытылы анықтаулына, бағалануына және алдын алуға бағытталған бақылау жүйелерін орнататын кешенді тәсілді пайдаланады. Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі процедуралары Қормен белгіленеді және іске асырылады. Қордың Директорлар кеңесі және Басқармасы, сондай-ақ Қордың қызметкерлері тәуекелдерді басқару бойынша осындай процестерді әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

Қордың Директорлар кеңесі Қордың ішкі саясаттарын және процедураларын бекітеді және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиісті қызмет етуі үшін жалпы жауапкершілікті атқарады. Ол үнемі Қордың қаржылық жағдайын қарап отыруға және әрбір есептік кезеңнің ішінде Қордық қызметін талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қабылдайды. Қордың Басқармасы қаржы құралдарын сатып алу және сату кезінде шығындарды азайтуға бағытталған тәуекелді төмендету және операциялық процедураларды бекіту жөніндегі шараларды іске асыру және мониторингі үшін жауапкершілікті атқарады. Қор Басқармасы сонымен қатар инвестициялық лимиттердің сақталуын бақылайды.

Қор әрбір бөлімшенің құрамында жауапты тұлғаларды тағайындайды, бизнес-процесстердің матрицасын әзірлеу және тұрақты түрде жаңарту және осы бизнес-процестерге тән әлеуетті және анықталған тәуекелдерді бағалау олардың міндеттеріне кіреді. Жоғарыда сипаталғанға толықтыру ретінде Қор жекелеген айырықша сценарийлердің жекелеген сауда портфелдеріне және Қордың жалпы позициясына ықтимал қаржылық ықпалды моделдеу үшін әр түрлі «стресс-тестілерді» пайдаланады. Стресс-тестілер төтенше жағдайларда туындауы мүмкін шығындардың әлеуетті мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді. Стресс-тестілердің негізгі міндеттері, мыналарды айқындау үшін арналған:

· Тәуекел факторларын өзгерту нәтижесінде пайда болуы мүмкін шығындардың сандық сомасын;

· Тәуекел факторларын өзгерту нәтижесінде туындаған шығындарды жабуға меншікті капиталды пайдалануға Қор мүмкіндігін бағалау;

· Тәуекелдердің деңгейін төмендету үшін шаралар жоспары.

Стресс-тестілерді өткізу үшін Қор сценарий талдауы мен сезімталдылық талдауын пайдаланады. Сценарийлер талдауы тарихи және гипотетикалық оқиғалар негізінде жасалады және тәуекел факторларының бір қатарының Қор қызметіне ықпалының бағалауын жүргізуге мүмкіндік береді. Сезімталдылық талдаулары тәуекелдің белгіленген факторларының өзгерістерінің инвестициялық портфельге тікелей алғандағы ықпалына баға береді.

Пайыздық активтердің пайыздық міндеттемелерге мерзімдер бойынша сәйкессіздік шамасын мониторингі арқылы пайыздық тәуекелді басқару сыйақы ставкасын өзгертудің әр түрлі стандарты және стандартты емес сценарийлеріне Қордың пайыздық кірісінің сезімталдалығының мониторингі процедурасымен толықтырылады.

Пайыздық тәуекел

Пайыздық ставкаларды өзгерту тәуекелі – бұл Қор кірісінің немесе пайыздық ставкаларды өзгерту салдарынан оның қаржылық құралдар портфелі құнының өзгеру тәуекелі.

Қордың қаржылық жағдайына және ақшалай қаражаттың ағындарына басымды нарықтық пайыздық ставкалардың ауытқуларының ықпалына Қор шалдыққыш. Мұндай ауытқулар пайыздық маржаның деңгейін ұлғайта алады, алайда оны төмендете де алады немесе пайыздық ставкалар аяқ астынан өзгерген жағдайда шығындардың туындауына әкелуі мүмкін.

Қаржылық активтер «Moody’s» агенттігімен берілген ағымдағы

кредиттік рейтингтеріне сәйкес бағаланады. Ең жоғары мүмкін рейтинг – «Aaa».

Төмендегі кестеде 2009 және 2008 жылғы 31 желтосандағы жағдай бойынша Қордың меншігіндегі инвестициялардың кредиттік рейтингтері бойынша жалпы ақпарат берілген:

  2009 жылғы 31 желтоқсан   2008 жылғы 31 желтоқсан  
  Рейтинг   Баланстық құны мың. теңге     Рейтинг   Баланстық құны мың. теңге  
Қаржы активтері                  
Банктердегі мерзімді салымдар Baa2   1,036,678     Ba1   430,203  
Ba3   1,319,575     B1   405,578  
B1   1,010,535     -   -  
B2   1,002,000     -   -  
                   
Сатуға арналған қолда бар активтер Baa3   9,039,490     Baa2   7,784,748  
Рейтингісіз   2,695     Рейтингісіз   2,200  
                   
Өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар Baa3   404,344     Baa2   925,686  
Жиынтығы     13,815,317         9,548,415  
                       

Өтімділік тәуекелі

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мемлекеттік баж. 10 страница | Мемлекеттік баж. 12 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 604; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.