Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Меншікті капитал жеткіліктігі




Кәсіпорынға қажетті ресурстар шамасын есептеу үшін, ең алдымен қандай мұқтаждықтарды қаржылындыру керек екендігін анықтау қажет. Басқаша айтқанда, қаржыландыру қажеттілігі инвестиция жасау қажеттілігінен т уындайды. Инвестиция көлеміне әдетте мынадай шығындар кіреді;

1. Жер сатып алу және оны байланыс жүйесіне қосу үшін шығындар.

2. Машиналар мен құрал жабдықтар, аспап пен саймандар алу үшін шығындар

3. Материалдық емес активтер алу үшін шығындар

4. Айналмалы капиталдың өсіміне қажетті шығындар

5. Жарнама үшін шығындар

6. Резервтер құру үшін қажетті шығындар

Қаржы ресурстары қажеттілігін бағалау логикасын белгілейтін маңызды фактор – бұл меншікті капиталдың қажеттілігі. Меншікті капиталдың қажеттілігін бағалауға келесі формула қолданылады;

К с=[П –(r-i) *D]\r

Мұнда К с - меншікті капиталдың қажеттілігі

П - таза пайда

D - несиелік капитал

i - капитал нарығындағы орташа пайыздық мөлшерлеме

r- таза табыс бойынша есептелген активтер табыстылығы.

Қазақстанда бүкіл нарықтық кезең ішінде байқап отырғанымыздай

Несиенің пайыздық мөлшерлемесінен актив табыстылығы кем болса, онда кәсіпорынның меншікті капиталының қажеттілігі күрт артады, себебі формула алымындағы айырма орнына қосынды шығады.

(r-i) *D]\r – сомасы кәсіпорынды әр түрлі қаржылық қиыншылықтардан сақтандыруға қажетті мөлшер. Әдетте қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда кәсіпорындар көбінесе бұл соманы коммерциялық банктерден несие түрінде алады.

Қарыз алушының қаржылық мүмкіндігін бағалау үшін қолданылатын формула;

СF =П+А+КЗ-ДЗ-ПЗ

Мұнда СF- несиені өтеуге жұмсалуы мүмкін ақша ағыны

П – таза пайда

КЗ – несиелік қарыздың артуы

ДЗ – дебиторлық қарыздың артуы

ПЗ - өндірістік қорлардың артуы

2 Меншікті капиталдың жеткіліктігі – теориялық жағынан ғана емес, іс жүзінде де мәселе туғызады. Іс-тәжерибе жүзінде капитал қажеттілігі көбінесе «кәсіпорындардың қаржы пайдалану қажеттілігі» және «инвестициялық қажеттілік» деген терминдермен анықталады.

Инвестициялық қажеттіліктер кәсіпорынды құру және кеңейтуге қажетті шығындардан тұратын кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген ұзақ мерзімді қажеттілігін көрсетеді. Қысқа мерзімді қажеттілік ағымды өндіріс шығындарымен байланысты. Қосымша қаржыландыру мүмкіндігін анықтау әрқашан да несиелік көздерді анықтаудан басталады. Бұл жоғарыда қарастырған меншікті капиталдың жеткіліктігін бағалау формуласынан келіп шығады.

Іс жүзінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді несие тарту мүмкіндігін бағалау үшін арнайы көрсеткіш – несиені ақша ағынымен орнын толтыру (Кнот) есептелінеді.

Ақша ағыны\ Несие сомасы = (Таза пайда+Амортизация)\несие сомасы

Бұл қатынасты кәсіпорынның өз қарыздарына қызмет көрсету мөлшері деп те атайды. Іс тәжерибеде осы болжамға негізделген әр түрлі үлгілер пайдаланылады, дегенмен ең кеңінен тарағаны келесі;

Кнот=(П+А-Дв)\(Д+З)

Мұнда П-бір жыл ішіндегі таза пайда

А- сол кезеңде жинақталған амортизация

Д-банктік несие

Дв-есептелген дивиденттер

З-банктік емес мекемелерден алынған ұзақ және қысқа мерзімді қарыз сомасы.

Бұл коэффициент несие алушы – кәсіпорында негізгі қарыз сомасын өтеуге қажетті бос ақша қаражаттың болуын сипаттайды. Банкирдің есептеуінше, егер осы коэффициент бірге тең немесе артық болса, онда кәсіпорын несиені өз мерзімінде қайтаруға қабілетті болып саналады.

Күрделі шығындар сирек, ал ағымдық шығындар үнемі қажет болып жататындықтан, кәсіпорынның басты мақсаты – қысқа мерзімді қаржыландыру қажеттілігін қанағаттандыру немесе қаржы-пайдалану қажеттілігін ҚПҚ қамтамасыз ету. Қаржы пайдалану қажеттіліктер кәсіпорын теңдестігі нәтижелеріне қарай келесі формуламен анықталады;

ҚПҚ = ӨЗ + ДӨП + ДҚ – НҚ

Мұнда ӨЗ –өндірістік запастар

ДӨ – дайын өнім

ДҚ – дебиторлық қарыз

НҚ – несиелік қарыз

 

25. Ұйымның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы

26. Өндірістік қордың белсенді бөлігі

27. Өндірістік қордың енжарлы бөлігі

Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады.

Барлық аталған негізгі өндірістік қор (НӨҚ) белсенді (активті) немесе енжарлы (пассивті) болып екіге бөлінуі мүмкін.

Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін, «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады. Белсенді бөлігі басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып табылады.

Кең мағынасында негізгі қорлардың белсенді бөлігіне еңбек затына кез келген түрде әсер етуші және осы үдерісті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал жабдықтар, сонымен бірге жабдықтар мен бақылау - өлшеу құралдары да құрайды.

Бірақ, негізгі қорлар құрылымы оның жекелеген элементтерінің ара- қатынасымен ғана емес, олардың өзгеру қарқынымен де анықталады. Негізгі қорлар құрылымының өзгеруінде белгілі бір заңдылықтар орын алады.

Енжарлы бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ тікелей «өнім өндіруші» болып табылмайтын негізгі қорлар жатады. Бұл бөлікке әдетте ғимараттар мен құрылымдар, көбінесе өткізгіз құрылғылар, көлік құралдары және т.б. жатады.

Негізгі қордың белсенді бөлігі үлесінің өсуінің тікелей нәтижесі – өнім шығарудың артуы және кәсіпорынның қызметтік көрсеткіштерінің жақсара түсуі. Ғылымы-техникалық серпілістіктің үдеуі мен бірге негізгі қорлардың белсенді бөлігінің жалпы өнеркәсіп бойынша да, жеке салалар бойынша да жоғарлауалысы күшейіп кетеді. Жаңа кәсіпорындарда негізгі қорлардағы құрал-жабдықтар құнының меншікті үлесі ескі кәсіпорындарға қарағанда жоғары болатыны мәлім.

Қорлардың енжарлы бөлігін талдауды да естен шығармау керек. Кейбір жекелеген жағдайларда өндірістік қорлардың енжарлы бөлігі өсуі мүмкін. Бұл ерекше өндірістік жағдайларды талап ететін (мысалы, тазалығы,т ылғалдылығы ауа температурасы бойынша), демек жаңа өндірістік ғимараттар салуға жұмсалатын шығындарды күрт жоғарлататын өнім түрін өндіре бастағанда орын алуы мүмкін. Енжарлы бөліктің өсімі кейде әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жаңғырту ісіне қомақты күрделі салым жасау есебінен жүреді.

 

28. Ұйымның негізгі капиталы.

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни 1 жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі капиталға жататындар; жылжымайтын мүлік, машина мен құрал жабдықтар, өткізгіш тетікте, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі 1 жылдан аспайтын өндіріс құралдары және кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамындағы құрастыруды қажет ететін жабдықтар негізгі капиталдың құрамына жатпайды.

Ұйымның негізгі капиталының есебі БЕС – ке сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт НК есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оралымдық басқару жүйесін анықтайды.

Барлық негізгі қорлар экономикалық белгілеріне қарай саралануы мүмкін.Олардың ішіндегі маңыздылары – қызметтік міндеті, тозу қарқыны, қызмет ету мерзімі, пайдалану дәрежесі және т.б.

Негізгі капиталға негізгі қор, сондай-ақ жұмсалып бітпеген ұзақ мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер және ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары кіреді.

Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің өсуі еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін көтерудің басты резерві болып табылады.

Негізгі қорлар құрылымы ұйымның географиялық орналасуына да байланысты. Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі де әсер етеді.

29. Кәсіпорын инвестициясы.

30. Инвестицияны пайдалану көздері:

Нарық жағдайында өнеркәсіп өндірісі жаңа технологиялық базаға көшу кезінде ұдайы өндіріске капитал салудың нәтижесінде инвестиция түсінігі негігі болып саналады. Өйткені нарық жағдайындағы үрдісте инвестиция негізінде жаңалық түрін өндіріске енгізу арқылы өнімнің жаңа ж/е жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау н/е жетілдірілген түрін шығару, өндіріс техникаларын жаңалау, технология тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру іске асырылады.

Инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым - «күрделі қаржы салу» деген ұғымды білдіреді. Инвест-я нақты және портфельді(қоржынды ) болып бөлінеді. Нақты инвест-я 1 жағдайда инвестор өзінің өндіріс көлемін кеңейтуде – өндірістік негізгі ж/е айналым қорларын ұлғайтса, екінші жағдайда – инвестор құнды б.қ үлесінен дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Ал айналым құралына салынған инвестицияны күрделі қаржы салымы деп есептеуге болмайды.

Күрделі қаржыны қолдану бағытына қарай өндірістік ж/е өндірісітік емес е тіп жіктеуге болмайды.

Өндірісітік күрделі қаржыны к.о-ң дамуына бағытталатын салым, ал өндірісітік емеске әлеуметтік шеңбердегі дамуды қамтамасыз ететін қаржы жатады.

Ұдайы өндірісте н.қ өзінің түрлері б/ша күрделі қаржыны жұмсауда төмендегідей болып ажыратылады:

- Жаңадан салынатын құрылысқа жұмсалған қаржылар

- Істеп тұрған к.о-ды кеңеутге арналған қаржылар

- Істеп тұрған к.о-ды қайта құру ж/е тех-қ қайта құрулануына арналған қаржылар.

- Жабдықтарды талапқа сәйкес жаңалауға арналған қаржылар.

Қарж-у көздеріне қарай күрделі қаржыны орталықтандырылған ж/е орталықтандырылмаған деп бөледі.

 

(Материал из интернета)

Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.

Инвестор – бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.

Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі:

- Қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту;

- Жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- Бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация).

Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады:

Портфельді инвестици ялар – қаржыны жобалар тобына құю, мысалы әр түрлі кәсіпорындардың акцияларын сатып алу

Нақты инвестициялар – қаржы қаражатты нақты, әдетте ұзақ мерзімді және нақты активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю

Инвестициялардың негізгі түрлері:

1. Шетелдік

2. Мемлекеттік

3. Жеке

4. Өндірістік

5. Интеллектуал ды

6. Бақылайтын

7. Бақыламайтын

Әрекет ету жағынан қарастырғанда инвестициялар мына түрлерге бөлінеді:

1. Алғашқы инвестиции

2. Кеңейтуге бағытталған и нвестици ялар

3. Реинвестициялар – кәсіпорынның бос қаражатын жаңа құралдарды сатып алуға бағыттау

4. Негізгі фондыларды алмастыруға арналған и нвестици ялар

5. Диверсификацияға бағытталатын и нвестици ялар

31. Ұйымның айналым құралдары.

32. Ұйымның айналым қорлары

33. Ұйымдағы негізгі және көмекші материалдар

Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді, және де керісінше.

Айналым қаржылары бұл ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте айналым құралы өзінің заттай түрін өзгертіп, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсәпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді.

Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды; оған шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат,аяқталып бітпеген өндіріс, алағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар,жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және т.б. Айналым қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшалай көрсеткіште сипатталады. Айналым қорларының құрамына дайын өнім,жөнелтілген бірақ әлі ақысы төленбеген тауарлар, банк есепшоттардағы және кассадағы ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

Айналам құралы мөлшерлік деңгейде мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.

Мөлшерленетін айналы құралына өндіріс запастарын құрайтын шикізат, материалдар,ыдыс, аяқталмаған өндіріс алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар және т.б. жатады.

Өндірісте әліде болса өңдеуден өтпеген еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтамыз. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі материалға жаңа өнім құрамындағы басты затты сипаттайтын материалды жатқызамыз. Ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін заттарды жатқызамыз.

Аяқталмаған өндіріс – бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарында дайындықта жатқан бұйымдар мен бөлшектер.

Айналым құралын мөлшерлеуде табиғи және ақшалай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.

Ұйымдарда барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға арналған жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материал сиымдылығы (Мс) және оның кері көрсеткіші – өнімнің материал қайтарымдылығын (Мқ) көрсетеді.

Материал сиымдылығы және өнімнің материал қайтарымдылығы тауарлы өнім (Тө) көлеміне есептегенде төменгі формуламен анықталады.

Мш Тө

Мс = ---------------- М қ = -----------

Тө Мш

Сатылған өнім көлеміне (Сө) есептегенде

Мш Сө

Мс = ---------------- М қ = -----------

Сө Мш

 

34. Айналым құралдарын қолдану тиімділігі

35. Айналым құралдарының айналым коэффициенті

36.Айналым құралдарының жүктеу коэффициенті

37. Айналым құралдарының айналу жылдамдығы

 

Ұйымдарда айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады.

1. Айналым құраланың айналым коэффициенті

2. Айналым құраланың жүктеу коэффициенті

3. Айналым құраланың айналу жылдамдығы.

Айналым құраланың айналым коэффициенті (Ка) – бір жыл ішінде айналым құралының айналымдылығымен сипатталады, яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құраланың орташа қалдығына бөлі арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді

Сө

Ка = ----------------

Ақ

Мұнда Ка – айналым құраланық айналым коэффициенті

Сө - сатылған өнім көлемі, Ақ - айналым қорының орташа жылдық құны, тенге

Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

пайдаланғанын көрсетеді.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш - айналым құралын жүктеу коэффициенті болып табылады, ол айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір тенгесімен сипатталады

Сө

Ка = -------------- мұнда Кж – айналым құралының жүктеу коэффиц-і

Ақ

 

Неғұрлым ол аз болған сайын, ұйымда соншама айналым құралы тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Ұйымда айналым құралының айналымдылығы келесі факторлаға байланысты болып келеді – өндіріс циклының ұзақтығына, шығарылған өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралы неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс циклының ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады.

К

Кұз = ---------------- мұнда К – мезгілдегі күн саны (360, 90, 30)

Ка

Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналымдықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады.

38. Айналым фазалары және әрбір фазадағы қаржылар рөлі

Айналым капиталы – ұйым капиталының өзінің ағымдағы активтеріне салынған бөлігі.

Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым капиталының мүліктік элементтері әрбір өндірістік циклде тұтынылады. Ол өнімнің құнына толықтай енгізіледі.

Капиталдың ауыспалы айналымы дайындау (сатып алу), өндірістік және өткізу деген үш кезеңді қамтиды.

Кез келген бизнесті бастау үшін қолма қол ақшаның біраз сомасы қажет, осы сома өндіріске арналған (немесе сатуға арналған тауар) белгіленген ресурстың мөлшеріне айналады.

Айналым капиталы сатып алу нәтижесінде ақшалай нысаннан өндірістік нысанға өтеді. Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға, жұмысқа немесе қызметке айналады. Осы сатының нәтижесінде айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді.

Ақшалай қаражаттың айналым кезеңін кәсіпорын балансындағы ақпарат пен кіріс және шығыс жөніндегі есептегі ақпарат бойынша есептеуге болады. Бұл үшін келесі көрсеткіштер есептеледі

1) Шикізат пен материал запасының айналымдылығы

2) Кредиторлық берешектің айналымдылығы

3) Даяр өнім запасының айналымдылығы

4) Дебиторлық берешектің айналымдылығы

5) Ақшалай қаражаттың айналым кезеңі

Айналым капталының элементтері өндіріс саласынан айналым аясына үздіксіз өтіп, өндіріске қайтадан оралады. Айналым капиталының бөлігі өндіріс саласында, ал басқа бөлігі – айналыс саласында үнемі болады. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен мөлшері өндіріс қажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты.

 

39. Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындары

40. Өнімнің өзіндік құны

Ұйым шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.

Шығынды өтеу қарастырылады,, ал шығысты өтеуді қарастырмайды.

Шығын мен шығыс айқын – бухгалтерлік, ал к үңгірт –экономикалық деп аталады.

Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі.

1. Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын шығын, ол ұйымның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен жүзеге асырылады.

2. Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын, ол өнімді, жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі.

3. Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығын, ол кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі.

4. Біржолғы шығыс

Шығын орнын толтыру көзі бойынша төмендегілердің есебінен қаржыландырылатындарға бөлінеді;

1. Меншікті және сырттан тартылған көз

2. Бюджеттің және бюджеттен тыс қордың қаражаты

3. Қарыз ресурстары

Шығын қабылданатын шешіміне орай мына түрлерге бөлінеді;

Жүктелме (міндетті) және баламалы (ықтимал), өндірістік және сауда

Сонымен бірге шығыстар былай бөлінеді;

1. шартты-тұрақты (өндірістің және өнім,жұмыс, қызмет сатудың мөлшерінен дербес) және шартты ауыспалы(осы мөлшерге тәуелді).

2. Тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама әдіспен бөлінетін)

3. Ағымдағы және күрделі

4. Негізгі және қосалқы

5. Бір элементтік және кешенді

6. Нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.

Ұйымның барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын элементтеріне бөлінеді.

1. Материалдық шығын

2. Еңбекақы төлеу шығыны

3. Әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның шығыны

4. Амортизациялық аударым

5. Өзге де шығындар.

Кәсіпорынның нақты өнімінің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санатты – өнімнің өзіндік құны деп аталады.

Өзіндік құн былайша бөлінеді;

1. Цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді

2. Өндірістік, оған өнім шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді

3. Сауда, ол өнім өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді.

4. Толық, оған өнім өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын кіреді.

Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама шығынға бөлініп есептелінеді.

Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.

Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанам Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі.

Бірінші сатыда өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады.

Екінші кезеңде - жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.

Алдағы кезеңнің шығысына; жаңа өндірісті, құрылғыны, агрегатты игерумен байланысты шығыс, кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады.

Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруіне нақтыланады. Аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.

Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына өндірістен тыс шығыс – өнімді сатумен байланысты шығындар

жатады.

41. Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары

Жоспарлау – ағымдағы шығынды басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Жоспарлауда алдағы кезең шығынын және оның мөлшерінің орынды құрылымын белгілеу басты мақсат ретінде қойылады. Ағымдағы шығынды жоспарлаудың негізгі нысаны бюджеттендіру болып табылады. Жоспарлы бюджет жалпы ұйым бойынша, жекелеген бөлімшелер мен жауапкершілік орталықтарына бөлініп жасалады. Шығын бюджеті ағымдағы қызметтің кіріс және шығыс жоспарына енгізіледі.

Пайдалану шығынын жоспарлау дың негізгі сатылары;

1. Есепті кезеңнің шығынын талдау

2. Жоспарлау үшін қажетті бастапқы база дайындау

3. Шығынның мөлшері мен құрылымына ықпал ететін факторлардың өзгеру болжамы

4. Бұйым түрлеріне жоспарлы калькуляция жасау

5. Жауапкершілік орталықтарының жоспарлы бюджетін әзірлеу

6. Жалпы кәсіпорын бойынша жиынтық жоспар әзірлеу жатады

 

42. Артық шығын құрамына кіретін шығындар, тұрақты және ауыспалы шығындар

Операциялық талдау процесінде өндірістік циклдың қалыпты барысында қарастырылмаған артық шығынның пайда болу себебіне ерекше назар аударылады. Артық шығын құрамына мына шығын кіреді.

1. Шикізаттың, материалдың және энергия ресурсының нормативтен тыс шығыны.

2. Еңбекақы төленетін қаражаттың артық шығыны.

3. Материалдық құндылықтың артық запасын ұстауға жұмсалған шығын

4. Амортизациялық саясаттың өзгеруі

5. Салық салу ставкасының және бюджеттен тыс қорға төленетін жарна тарифінің деңгейі.

6. Сатып алынатын материалдық ресурстың, қуат көзінің баға деңгейінің және көлік тасымалы тарифінің өзгеруі

7. Ағымдағы шығынның мөлшеріне айтарлықтай ықпал ететін өзге факторлар.

 

 

Өзіндік құнды басқару жүйесі немесе кәсіпорынды басқару жүйесі деп те аталатын тікелей шығынның есебін жүргізудің «директ-костинг» жүйесі пайданы оңтайландыру мен шығынды талдаудың теориялық базасы болып табылады.

Осы жүйеде өндіріс мөлшерінің өзгеруіне орай өндіріске жұмсалатын шығын ауыспалы және тұрақты шығынға бөлінеді.

Өндіріс мөлшері өзгерсе мөлшері өзгеретін шығын ауыспалы деп аталады, оған шикізат пен материалға жұмсалатын шығын, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергия және басқа да шығын жатады. Осы ауыспалы шығын үйлесімді, үдемелі және азаймалы шығынға бөлінеді.

Тұрақты шығынға өндіріс мөлшері өзгермейтін шығын – мысалы жалгерлік ақы, несие пайдалану пайызы, негізгі қорға есептелген амортизация, кәсіпорын фирма басшылары еңбекақысының кейбір түрлері және басқа да шығын жатқызылады.

43. Өнім мөлшерінің өзгеруіне шығынның әсерлену дәрежесі

 

Шығынның көптеген түрлері жартылай ауыспалы сипатта болғандықтан, шығын тұрақтыға және ауыспалыға шартты түрде бөлінетінін атап өту қажет.

Өнім мөлшерінің өзгеруіне шығынның әсерлену дәрежесін шығынның әсерлену коэффициентінің көмегімен бағалауға болады. Аталмыш коэффициент келесі формула бойынша есептеледі.

Z

К = ____ мұнда

N

K – өндіріс көлемінің өзгеруіне шығынның әсерлену коэффициенті

Z - шығынның кезең ішіндегі өзгеруі

N – өндіріс көлемінің өзгеруі.

Тұрақты және ауыспалы шығынның өнім өндірісі мөлшеріне байланысты әсерленуі

Шығынның әсерлену коэффициентінің мағынасы Шығынның сипаты
К=0 Тұрақты
0>K<1 Азаймалы ауыспалы
K = 1 Үйлесімді ауыспалы
K>1 Үдемелі ауыспалы

Өзіндік құнды төмендетуді және кәсіпорынның пайдасын арттыруды қамтамасыз ету үшін азаймалы шығыстың төмендеу қарқыны үдемелі және үйлесімді шығынның өсу қарқынынан асуы тиіс.

Тұрақты шығын пайдалы шығынның және өндірістік процесте пайдаланылмайтын пайдасыз шығынның сомасын білдіреді.

Zc = Zпайдалы+Zпайдасыз

 

Пайдалы және пайдасыз шығынның мөлшерін өндірілетін өнімнің барынша жоғары (Nmax) және нақты мөлшері(Nтиім) жөнінде деректерді пайдаланып есептеуге болады.

Zc

Zпайдасыз=(Nmax- Nтиім)* ----------

Nmax

 

Zc

Zпайдалы = Nтиім* ----------

Nmax

 

44. Ұйымның жалпы табысы және оның жіктелуі

45. Кіріс пен шығыс туралы есепке кіретін көрсеткіштер

Нарықтың қатынас жағдайында кез келген кәсіпорын негізгі (операциялық), негізгі емес (қаржылық және инвестициялық) және төтенше қызмет түрлерінен кіріс алуы мүмкін

Операциялық қызмет – заңды тұлғаның кіріс алатын негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметіне жатпайтын өзгеде қызметі. Аталмыш кәсіпорын осы қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылады.

Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді актив сатып алу және сату, сондай ақ өтелетін қарыз беру және алу жөніндегі қызмет.

Қаржы қызметі – заңды тұлғаның нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыз қаражаттың мөлшері мен құрамы өзгеретін қызметі

Кәсіпорынның өндірістік, өткізу, жабдықтау, қаржы және инвестициялық қызметтің түрлі қырлары қаржы нәтижелері көрсеткіштері жүйесінде аяқталып ақшалай бағаланады. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесінің қортындыланған ең маңызды көрсеткіштері «кіріс пен шығыс жөніндегі есеп» деген жылдық және тоқсандық есеп –қисап нысанында келтірілген.

Есеп ҚР ҚМ Бухгалтерлік есеп және есеп беру әдістемесі департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы №7 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есеп қисапты жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жасалады.

Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорынға арналған, кірісті қалыптастыруға негізделген, сондай ақ нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның шаруашылық механизімінің біріңғай моделі кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесін экономикалық талдаудың теориялық базасы болып табылады

Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізу моделінде бірқатар есеп бар. Кіріс пен шығыс туралы есепке келесі көрсеткіштер кіреді

1. Даяр өнімді сатудан алынатын кіріс. Осы бап бойынша негізгі қызметтен алынған кіріс көрсетіледі

2. Жалпы кіріс – өнімді сатудан алынған кіріс пен оның өзіндік құны арасындағыайырма ретінде анықталады

3. Негізгі қызметтен алынған кіріс - деген сальдоланған қаржы нәтижесі және жалпы кіріс пен кезең шығыны арасындағы айырма ретінде анықталады.

4. Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс - бұл айналымдағы емес активті беру, биржада айналыстағы бағалы қағазды қайта бағалау және т.б.

5. Төтенше жағдайдан алынатын кіріс

6. Таза кіріс – есепті кезеңде алған сальдоланған нәтижені білдіреді.

 

 

46. Өнімді сатудан алатын түсімді жоспарлау

47. Бухгалтерлік есептегі даяр өнімді бағалау түрлері

48. Негізгі қызметті сатудан алынған кіріс түрлері

49. Негізгі емес қызметтен алынған кіріске кіретіндер

Даяр өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Даяр өнімнің өндірісі аяқталуы, жинап-толықтырылуы, сонымен бірге ол стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкес келуі тиіс.

Даяр өнімге бөгде тарап үшін орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызмет, сондай-ақ меншік өндірістің сатуға арналған жартылай фабрикатының құны жатады. Өнім өндірісі мен оны сату жоспарын орындау субьектінің қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.

Жинақтамалы есепте даяр өнім нақты өзіндік құн, талдамалы есепте – жоспарлы өзіндік құн немесе шартты баға болуы мүмкін тұрлаулы баға бойынша бағаланады. Өнімнің нақты және жоспарлы өзіндік құны немесе келісімді баға мен нақты өзіндік құн арасындағы айырма жеке есептелінеді.

Бухгалтерлік есепте даяр өнімді бағалаудың келесі түрі қолданылады.

1. Өндірістік өзіндік құн, оған даяр өнім өндіруге жұмсалатын барлық өндірістік шығын кіреді

2. Толық өзіндік құн, оған өндірістік өзіндік құн және коммерциялық шығыс кіреді.

3. Кәсіпорынның шартты бағасы бойынша

4. Бөлшек сауда бағасы - кең салалы нарыққа түсетін және негізінен бөлшек сауда желісі мен өоғамдық тамақтандыру кәсіпорны арқылы сатылатын адамның жеке басы тұтынатын тауардың бағасы бойынша.

Кіріс бухгалтерлік есептің № 5 «кіріс» стандартына сәйкес саналады. Субьектінің негізгі және негізгі емес қызметінен алынған кіріс оның жиынтық кірісін құрайды.

Сатып алынған даяр өнім мен тауар сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс тараптар арасындағы шартта көзделген сату құны бойынша анықталады.

Сату құны деп сатып алушы актив үшін төлейтін немесе мәмілеге осы актив дайын дербес тараптар арасында айырбасталатын құн түсініледі.

Қызмет көрсету жөніндегі мәміленің нәтижесін дәл бағалау мүмкін болмаған жағдайда, кіріс өтелетін шығыс мөлшерінде ғана танылады.

Негізгі қызметтен алынатын кірістің есебін жүргізу «негізгі қызметтен алынған кіріс» деп аталатын бөлім шоттарында ұйымдастырылады. Осы топқа кірістің мына түрлері кіреді;

1. Өнім сатудан, орындалған жұмыс пен тарапқа көрсетілген қызметті сатудан алынған кіріс.

2. Сатып алынған тауарды сатудан алынған кіріс

3. Құрылыс –монтаж, жобалау-іздестіру, геологиялық барлау,ғылыми іздестіру және т.б жұмысты сатудан алынған кіріс

4. Жүкті және жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен алынған кіріс

5. Мүлікті жалға беруден алынған кіріс

6. Байланыс кәсіпорынның қызметінен алынған кіріс

7. Сақтандыру компаниясының қызметінен алынған кіріс

8. Негізгі қызметтен алынған өзге кіріс

Негізгі емес қызметтен алынған кіріске мыналар кіреді;

1. Материалдық емес активті сатудан алынған кіріс

2. Негізгі құралды сатудан алынған кіріс

3. Бағалы қағазды сатудан алынған кіріс

4. Акциялар бойынша дивидент мен пайыз түріндегі кіріс

5. Бағамдағы айырмадан алынған кіріс

6. Атқарушы билік органының субсидиясы

7. Негізгі емес қызметтен алынған өзге кірістер.

Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан алынған кіріс құрамына мыналар кіреді;

1. Табиғи апаттан алынған кіріс

2. Табиғи апаттың өтелмейтін залалы

3. Тоқтатылған операциялардан алынған кіріс

4. Төтенше жағдайдан алынған кіріс

 

 

50. Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары

51. Өнім пайдалылығының көрсеткіші

52. Капитал пайдалылығының көрсеткіші

53. Қолма-қол ақшалай қаражат ағынының негізінде есептелген көрсеткіш

Пайдалылық көрсеткіштері – ол кәсіпорын қаржысының нәтижесін және оның қызметінің тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның табыстылығын түрлі тұрғыдан өлшейді және экономикалық процеске, нарықтық алмасуға қатысушысының мүддесіне сәйкес топтастырылады.

Пайдалылық көрсеткіші кәсіпорын пайда қалыптастыратын факторлық ортаның маңызды сипаттамасы ретінде болады. Сол себептен ол кәсіпорын қаржысының жай күйін салыстырып талдайтын және бағалайтын міндетті элемент ретінде саналады. Өндірісті талдауда пайдалылық көрсеткіші инвестициялық саясат пен баға белгілеу құралы ретінде пайдаланылады.

Пайдалылықтың негізгі көрсеткіштерін төмендегідей топтастыруға болады;

7) Өнім пайдалылығының көрсеткіші

8) Капитал (актив) пайдалылығының көрсеткіші

9) Қолма-қол ақшалай қаражат ағынының негізінде есептелген көрсеткіш.

Көрсеткіштің бірінші тобы кәсіпорынның есеп – қисабының көрсетілетін пайда (кіріс) көрсеткішінің пайдалылық деңгейін есептеу негізінде қалыптастырады

Мысалы;

R = Негізгі қызметтен алынатын кіріс

Сату мөлшері

 

R = Қалыпты қызметтен алынған кіріс

Сату мөлшері

 

 

R = Қалыпты қызмет-н салық салынғанға дейін ал-н кіріс

Сату мөлшері

R = Қалыпты қызмет-н салық салынғанған кейін ал-н кіріс

Сату мөлшері

R = Таза кіріс

Сату мөлшері

Осы көрсеткіш базистік() және есепті() өнімінің кезеңнің өнімінің пайдалылығын сипаттайды. Мысалы, өнімнің пайда мен сату жөніндегі пайдалылығы;

Rб = Rо = немесе Rб = Nб - Cб

Nб Nо Nб

Rо = Nо – Cо R =Rо-Rб мұнда Rо, Rб – есепті және базисті

Nо кезеңде сатудан алынған тиісінше пайда

Nо, Nб- өнімді сату

Cо, Cб – өнімнің өзіндік құны

R – пайдалылықтың талданатын кезеңде өзгеруі

Пайдалылық көрсеткіштерінің екінші тобы авансыланған қаражат мөлшері мен сипатының өзгеруіне байланысты пайдалылықтың барлық деңгейін есептеу негізінде қарастырылады; Кәсіпорынның барлық активі; инвестициялық капитал; акционерлік капитал. Мысалы

R = Таза кіріс

Барлық актив

R = Таза кіріс

Инвестициялық капитал

 

 

R = Таза кіріс

Акционерлік капитал

R = Таза кіріс

Меншікті капитал

Осы көрсеткіш бойынша пайдалылық деңгейінің үйлеспеуі кәсіпорынның қаржы тұтқасын ұзақ мерзімді несие мен басқа да қарыз қаражаттың табыстылығын арттыру үшін қалай пайдаланатынын көрсетеді.

Аталмыш көрсеткіш өте қолайлы және қатысушылардың мүдделеріне жауап береді.

Атап өтілген көрсеткіштің қайсысы болмасын фактордан тәуелдігіне орай оңай модельденеді. Анық тәуелділікті қарастырғанда

R = Таза кіріс = Таза кіріс * Сату мөлшері

Барлық актив сату мөлшері Барлық актив

Бұл формула пайдалылықты арттыру жолын тікелей көрсетеді, яғни сатудық табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік актив айналымын жылдамдатуға тырысу қажеттілігін көрсетеді.

Пайдалылық көрсеткішінің үшінші тобы бірінші және екінші топқа жататын көрсеткіш сияқты пайдалылық деңгейін есептеу негізінде қалыптастырылады, алайда таза кірістің орнына есепте ақшалай қаражаттың таза түсімі пайдаланылады, мысалы;

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Сату мөлшері

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Барлық актив

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Меншікті актив

Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның қолында бар өндірістік әлеуетін пайдаланып кредиторларды, қарыз алушылар мен акционерлерді қолма-қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету мүмкіндік дәрежесін білдіреді.

Пайдалылық көрсеткіш санының көп болуына байланысты оларды арттырудың балама жолдары іздестіріледі. Әрбір бастапқы көрсеткіш түрлі дәрежеде егжей-тегжейленіп факторлар жүйесіне айналады, ал өндіріс резерві осы жүйенің шектерінде анықталып бағаланады.

Пайдалылықты арттыру жолдарын талдау кезінде сыртқы және ішкі факторлардың ықпалын бөлудің маңызы зор.

Өнім мен ресурс бағасы, тұтынылатын ресурс мөлшері мен өнім өндірісінің көлемі, сатудан алынған пайда мен сатудың пайдалылығы сияқты көрсеткіштер өзара тығыз функционалдық байланыста.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1633; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.336 сек.