Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Грек театры

Жоспар

Жоспар

Тема урока: Аудит дебиторской задолженности

Аудит дебиторской задолженности необходимо начинать с проведения инвентаризации (сверки) расчетов с покупателями и заказчиками с целью выявления достоверности и реальности сальдо дебиторской задолженности по состоянию на определенную дату, как правило, на первое число месяца.

Аудируемый субъект обязан самостоятельно проводить сверку взаиморасчетов между предприятиями и организациями не реже одного раза в квартал.
В процессе аудиторской проверки дебиторской задолженности устанавливают:
- дату возникновения задолженности;
- правильность ведения учета дебиторской задолженности по датам образования и отражение их в балансе в разделах «Долгосрочные активы», «Текущие активы»;
- строгое соблюдение сроков исковой давности и списание дебиторской задолженности на убытки или за счет резервов по сомнительным долгам;
- объективность создания резервов по сомнительным долгам одним из следующих методов: а) метод процента от объема реализации продукции (товаров), выполненных работ и оказанных услуг; б) метод учета счетов по срокам оплаты;
- состояние претензионной работы, выявление причин отказа, неудовлетворения (упущен срок предъявления претензии по вине бухгалтерии или юриста, розыск дебитора, доказательства о том, что дебитор поставлен в известность опосредовано, через средства связи, передача дел в суд);
- результаты взыскания безнадежной задолженности, образованной в прошлые периоды;
- тождественность остатков дебиторской задолженности в балансе, в регистрах бухгалтерского учета, Главной книге.

 

  1. Мәдениет анықтамасы
  2. Мәдениет ұғымдары
  3. Мәдениет мектептері
  4. Алғашқы қауымды мәдениет

 

1. Мәдениет анықтамасы

  • Мәдениет – бұл ойлаумен, көркем шығармашылықпен және қабылданған жүріс-тұрыс нормаларымен байланысты ерекше әрекет түрі;
  • Мәдениет – бұл қоғам дамуының, білімділігінің, «жабайылықтан өркениеттілікке» өту жолының жалпы деңгейі;
  • Мәдениет – бұл адамды табиғаттан және биологиялық детерминациядан бөлетін қоғамдық жетістіктер жиынтығы;
  • Мәдениет – бұл бір қоғамды басқа қоғамнан ажырататын нормалар, құндылықтар жүйесі;

 

2. Мәдениет ұғымдары

  • Мәдениет ұғымдары – мәдени заңдылықтар, құбылыстар, процестер мен байланыстар туралы ең іргелі түсініктер. Олардың қатарына мыналар жатады:
  • Мәдени объектілер (мәдени белгілер, артефактілер, заттар және символдар түріндегі формалар, мәдени композициялар, конфигурациялар, жүйелер мен тұтастай мәдениет);
  • Мәдени процестер (генезис, қалыптасу, қызмет ету, таралу, өзгері, қайта жаңғыру);
  • Мәдени қасиеттер (қызмет етушілігі, семантикалығы, утилитарлығы, коммуникациялылығы, құндылығы, әмбебаптығы (универсальность), локальділігі (ішкі), уникалдығы (қайталанбастығы), типтілігі);
  • Мәдени қызметтер (жаңа нормаларды, құндылықтарды өндіру, коммуникациялық, әлеуметтік, латенттік қызметтер);
  • Мәдени модальділіктер (эволюция, модернизация, прогресс, деградация, деструкция, циклизм);
  • Мәдени мәндер (құбылыстардың мәдени мәндері, бағалар мен бағалау критерийлері, мәдениет герменевтикасы);
  • Мәдени белгілеу (белгілер, символдар, бейнелер, атрибуттар, мәтіндер);
  • Мәдени құндылықтар (витальді, материалдық, мемориалдық, көркем, идеологиялық, адамгершілік, діни, әлеуметтік, экзистенциалдық);
  • Мәдени нормалар (үлгілер, ережелер, стандарттар, канондар, дәстүрлер, мораль, эстетика, этика, стиль, мода);
  • Мәдени орта (мәденилендірілген территориялар, елді мекендер, құрылыстар, ғимараттар, заттар);
  • Мәдени субъектілер және олардың тұрақты ұжымдары (тұлғалар, отбасылар, әулеттер, таптар, касталар, сословиелер, этностар, адамзат);
  • Мәдениетті индивидтердің қабылдау процестері мен нәтижелері (социализация, инкультурация, ассимиляция, аккультурация, тәрбие, оқыту, адекваттілік, девианттілік);
  • Мәдени мотивация (қызығушылықтар, қажеттіліктер, адаптация, мақсат, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеу, престиж);
  • Адамдардың мәдени тәртібі мен санасы (церемониялық жүріс-тұрыс, әдет-ғұрып, ритуалдар, өмір салты, дүниені тану, мифология, сенім, ментальділік (менталитет, діл), сана ахетиптері);
  • Арнайы әрекет түрлерінің мәдени аспектілері (шаруашылық, құқықтық, саяси, әскери, философиялық, діни, көркем, ғылыми, білімдік, ақпараттық, табиғатты қолдану мәдениеті, денсаулық мәдениеті);
  • Мәдени институттар (мәдени саясат, мәдениет мекемелері, білім ошақтары, шығармашылық ұйымдары);
  • Мәдени-интеграциялық және дифференциалдық процестер мен құбылыстар (кооперация, консолидация, солидарность (ынтымақтастық, ниеттес), әлеуметтілік, ұлттық);
  • Мәдениеттің әлеуметтік типологиясы (элитарлық, халықтық, көпшілік (популярная), бұқаралық);
  • Мәдени-тарихи типология (этникалық және әлеуметтік қауымдастықтардың, конфессиялардың, мемлекеттердің, өркениеттердің мәдени ерекшелігі);
  • Мәдениетаралық байланыс (диффузия, араласу, толеранттылық, комплиментарлық, құндылықтар конфликті, мәдени синтез, лимфотрофтылық);

 

3. Мәдениет мектептері

  • Өркениеттілік мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: Н.Я.Данилевский, К.Н.Леонтьев, О.Шпенглер, А.Тойнби. Негізгі идеясы: кез келген мәдениет туады, шырқау шегіне жетеді және өледі, яғни тірі ағза секілді даму кезеңдерін басынан кешіреді. Өркениет – бұл мәдениеттің өз өмір сүруін тоқтатқан кезең, мәдениеттің соңы.
  • Формациялық мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: К.Маркс, Ф.Энгельс. Негізгі идеясы: тарих дегеніміз қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуы, ал мәдениет дегеніміз оның қасында еріп жүретін, қандай да бір қоғамдық эәне экономикалық қатынастарға қызмет етеді.
  • Психоаналитикалық мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: З.Фрейд, Э.Фромм. Негізгі идеясы: мәдениет – бұл жасанды әлеуметтік институт, ол арқылы өте отырып адам өзінің табиғи агрессиясын жоғалтады және әдеп ережелерін ұстануға мәжбүр болады.
  • Әлеуметтік мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: П.Сорокин, А.Вебер, Т.Парсонс. Негізгі идеясы: адамзат тарихы – бұл құндылықтармен іштей байланысқан тұтас социомәдени қауымдастықтардың ауысымы.
  • Символикалық мектеп. Негізін салушылар мен ірі өкілдері: Э.Кассирер, Лессли А.Уайт, К.Леви-Стросс. Негізгі идеясы: адам өзінің айналасында дүние тудырады, бірақ оның шығармашылығы символикалыққа айнала бастайды.

Терминдер:

1. Адекваттілік – сәйкес болу;

2. Аккультация – бір халықтың басқа халық мәдениетінің кейбір формаларын қабылдау процесі;

3. Архетип – алғашқы түрі, түпнұсқасы;

4. Ассимиляция – бір халықтың басқа халыққа қосылып, оның тілін, дәстүрлерін қабылдап, өз тілі, мәдениеті, ұлттық санасынан айырылуы;

5. Витальді - өмірлік құбылыстарға қатысы бар;

6. Генезис – пайда болу, туындау;

7. Герменевтика – оқуға, аударуға жатпайтын (көбінесе ежелгі) мәтіндерді түсіндіру әдістері;

8. Девианттылық – қабылданған тәртіптен ауытқу;

9. Деструкция – құрылымның бұзылуы;

10. Детерминация – құбылыстардың заңдылықты және себепті шарттары;

11. Дифференциация – тұтасты бірнеше бөліктерге жіктеу;

12. Диффузия – бір нәрсенің басқа нәрсеге енуі;

13. Инкультурация – жеке адамның мәдени нормаларды, құндылықтарды, дәстүрлер мен ғұрыптарды қабылдау, игеру процесі;

14. Интеграция – бірнеше бөліктің бір тұтасқа бірігуі;

15. Комплиментарлық – бір нәрсе туралы жағымды, ұнамды пікір;

16. Латентті – жасырын, сыртқа көрінбейтін;

17. Лимфотрофты – шекаралық жағдай;

18. Ментальділік – ойлауға, ой қызметіне байланысты;

19. Престижді – сыйға, құрметке ие;

20. Процесс – қандай да бір құбылыстың даму барысы;

21. Семантикалық – тіл бірлігінің мәні, маңызы;

22. Символикалық – жасырын мәні бар, ассоциацияға итермелейтін;

23. Толеранттылық – шыдамдылық, төзімділік;

24. Универсалды (әмбебап) – барлығын қамтитын, жан-жақты;

25. Утилитарлы – барлығынан тікелей материалдық пайда табуға ұмтылу;

26. Мектеп – ғылым немесе өнердегі бағыт, ағым;

27. Экзистенциалды – адам өмір сүруімен байланысты;

Алғашқы қауымдық мәдениет

1. Алғашқы қауымдық мәдениет ерекшеліктері

  • Алғашқы қауымдық мәдениеттің ерекшелігі оның жоқтан пайда болуы, өйткені оған дейін мәдениет болған жоқ.
  • Алғашқы қауымдық мәдениетті қазіргі мәдениетпен салыстырғанда қарапайым деп санауға болмайды;
  • Адам мәдениетінің ең ежелгі көріністері Шығыс Африка территориясында табылды, оның жасы шамамен алғанда 2,7 млн. жыл;
  • Адам мәдениетінің ең ежелгі дәуірін тас, қола және темір дәуірлері деп бөледі;
  • Шамамен алғанда осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі түрдегі адам пайда болды. Осы кезде экзогамия қалыптасты – бір ру өкілдері арасында некелесуге тиым салатын қоғам;
  • Неолит дәуірінде адамзат өндіргіш еңбекке көшті;
  • Шамамен б.д.д. 6 мың жылы адам металды игерді;

 

2. Әлеуметтік ұйымдасудың қалыптасуы.

  • Мәдениеттің қалыптасуы әлеуметтің ұйымдасудың қалыптасуымен тығыз байланысты;
  • Әлеуметтік ұйымның қалыптасуы адам өзін қоғам мүшесі ретінде сезіне бастауын және тұлға ретінде қабылдай бастауын білдіреді;
  • Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кезеңдерінде әлеуметтік ұйымның негізгі түрі некелік шектелері жоқ тайпа болды;
  • Қарапайым қоғамда промискуитет (ретсіз жыныстық қатынастар) орнады, ал балалар ұжымдық түрде тәрбиеленді;
  • Инцестке (туыстар арасындағы жыныстық қатынастар) тыйымның болмауы басқа тайпалармен қарым-қатынасты шектеді, сондықтан мәдени жетістіктермен айырбас болған жоқ;
  • Промискуитеттен реттелген некелік қатынастарға көшу әлеуметтік нормалардың қалыптасуына қадам болды;
  • Әлеуметтік нормалар саны артқан сайын, адамның жануардан ажырау процесі тездетілді;

 

3. Алғашқы қауымдық діни көзқарастар

  • Ежелгі діни көзқарастар нақты адамдар тобының өмір сүруіне байланысты болды, олардың тікелей қажеттіліктері мен ерекшеліктерін бейнеледі;
  • Діннің ең ерте формалары болып тотемизм, фетишизм, анимизм, магия табылады;
  • Фетишизм – жансыз заттарға табыну, жансыз заттардың адамды немесе адамдар тобын қорғау күшіне сену;
  • Тотемизм – жануарлар немесе өсімдіктердің қандайда бір күш иеленетіндігіне сену. Әр тайпа, ру немесе кланның өз тотемі болған;
  • Анимизм – дүниенің кез келген құбылыстарының жанды екендігіне сену;
  • Магия – табиғатқа, адамдарға, жануарларға, құдайларға сиқырлы әсерін тигізетін дуалар мен жоралар жиынтығы;
  • Магиялық жоралардың түрлері: емдік магия, махаббат магиясы, зиян келтіретін магия, аңшылықта сәттілік әкелетін магия және т.б.
  • Ежелгі адамдардың діни көзқарастары мифологияларда бейнеленді;
  • Миф (аңыз) – бұл дүниенің, адамның, тайпаның жаратылысы туралы аңыз;
  • Мифтік негізгі міндеті – тайпа үшін маңызды ақпаратты беру;
  • Біртіндеп мифтер өзінің маңызын жоғалтты, оның орнына фольклордың жаңа жанры ертегі дүниеге келді.

 

Алғашқы қауымдық өнер

  • Көркемдік шығармашылықтың алғашқы көріністері кейінгі палеолит кезеңіне жатады (жартас суреттері, сүйектен жасалған мүсіндер);
  • Жануарлардың суреттерін салу жиі кездеседі;
  • Сурет үшін көмір, өсімдіктер шырыны, түсті балшық қолданылды;
  • Осы кезге алғашқы қарапайым орнаменттердің пайда болуы жатады;
  • Мезолит дәуірінде суреттерде адамның тұрмысынан өмірлік көріністер бейнеленген (аң аулап жатқа, балық аулап жатқан суреттер және т.б.);
  • Неолит дәуірінде әртүрлі орнаменттер пайда бола бастады;
  • Неолит дәуірінде ғибадатханалық сәулет ескерткіштері салына басталды, олар мегалиттер деп аталды. Мегалиттер – дөрекі үлкен тастардан салынған табыну орындары.
  • Мегалиттердің негізгі түрлері: 1) дольмендер – бірнеше вертикалды қойылған және үстінен бірнеше горизонтальді тастармен жабылған құрылыс; 2) менгирлер – ұзын тастарды аллея ретінде жерге қазып қойған құрылыс; 3) кромлехтер – тастар дөңгеленіп жерге қазылып, ортасына тас қойылатын құрылыс.

Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің археологиялық мәдениеттері

Кезең Антропологиялық тип, әлеуметтік ұйым түрі Еңбек құралдары Материалдар, еңбек құралдарын жасау техникасы Мәдениет
Ерте палеолит (б.д.д. 2 млн. – 140 мыңжылдық) Алғашқы қауымдық тобыр. Епті адам және тік жүретін адам. Архантроптар Чоппер, чоппинг, жапқыш. Отты игеруі; баспана сала білу; түзету, қыру, ретушь. Малта тас, халцедон, кремень, кварцит, обсидиан, сланец. Архантроптардың миында сөйлеу орталығы қалыптасты.
Орта палеолит (б.д.д. 140-40 мыңжылдық) Үлкен қауым. Палеантроптар Диск тәріздес нуклеус, үшкір тастар, қырғыштар. Отты шағып алу, қарапайым баспана салу. Малта тас, халцедон, кремень, кварцит, обсидиан, сланец. Діннің қалыптасуы.
Кейінгі палеолит (б.д.д. 40-12 мыңжылдық) Рулық қауым. Қазіргі заманғы адам. Қырғыштар, кескіштер, найзалар, дротиктер, гарпун Қысылған ретушь. Яшма Өнердің қалыптасуы.
Мезолит (б.д.д. 12-5 мыңжылдық) Рулық қауым. Қазіргі заманғы адам Садақ, жебе, бумаранг, қапқандар, балық аулау құралдары. Шлифовка, арамен жұмыс, тесу, балық аулау. Тасты өңдеудің микролитті техникасы.
Неолит (б.д.д. 5-3 мыңжылдық) Матриархаттың ыдырауы Соқа, орақ, тырна, дән үккіш, тоқыма станогы, ине, балта. Керамика, киім тігу. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы, қндіргіш еңбекке көшу.

 

Алғашқы қауымдық мораль

Алғашқы қауымдық мораль – жүріс-тұрыстың алғашқы канондарының (ережелерінің) қалыптасуы.
ТАБУ ЖҮЙЕСІ
Ру ішінде некелесуге тиым салу Тотемге қол сұқпау   Әкеге, көсемге, абызға қол сұқпау
ТАБЫНУ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Табиғат күші Тотемдер Бабалар Ақсақалдар Фетиштер
             

 

Жаңа терминдер:

  1. Архантроп – ежелгі адам;
  2. Археология – сақталған заттық ескерткіштер арқылы ежелгі халықтардың тұрмысы мен мәдениетін зерттейтін ғылым;
  3. Архитектура (сәулет) – ғимараттарды жобалау және салу өнері;
  4. Неке – ер мен әйел арасындағы отбасылық ерлі-зайыптылық қатынастар;
  5. Канон – ереже;
  6. Культ – құдайға табыну және осыған байланысты ғұрыптар мен рәсімдер;
  7. Матриархат – руда әйелдің үстемдік етуі, туыстықтық ана жағынан есептеледі;
  8. Палеантроп – ежелгі адам;
  9. Промискуитет – алғашқы қауымдық құрылыстағы ретсіз жыныстық қатынастар;
  10. Ритуал – ғұрыптық әрекеттер тәртібі;
  11. Ру – қандық туыстықпен біріктірілген лғашқы қауымның негізгі әлеуметтік ұйымы;
  12. Табу – қандай да бір затқа, әрекетке, сөзге қойылған тиым, оның бұзылуы тылсым күштер тарапынан қатыгез жазаға алып келеді;
  13. Фольклор – халық шығармашылығы;
  14. Храм (ғибадатхана) – құлшылық ету орны;
  15. Чоппер – жару және кесу қызметтерін атқаратын ежелгі тас құралының түрі;
  16. Чоппинг – чоппердің түрі;
  17. Экзогамия – қандай да бір қоғамның ішінде некелесуге тиым салатын дәстүр.

Көне Шығыс өркениетінің ерекшеліктері

Жоспар

  1. Ежелгі Египет мәдениеті
  2. Ежелгі Месопотамия мәдениеті
  3. Ежелгі Үнді мәдениеті
  4. Ежелгі Қытай мәдениеті

Көне Египет мәдениеті

  1. Көне патшалық мәдениеті
  2. Орта патшалық мәдениеті
  3. Жаңа патшалық мәдениеті
  4. Амарндық дәуір мәдениеті

 

Көне патшалық мәдениеті

· Көне патшалық б.д.д. 28-23 ғғ. уақытын алып жатыр.

· Бұл кезеңде көне египеттіктердің негізгі діни сенімдері қалыптасты, соның ішінде өлімнен кейінгі өмірге сену (Ра – күн құдайы, Пта – өнер қамқоршысы құдайы, Сет – зұлымдық құдайы, Исида – құнарлылық пен аналық құдайы, Амон – перғауындар қамқоршысы және т.б.).

· Сәулет өнерінің басты жетістігі – пирамидалар – перғауындардың қабірлері. Олардың ең ірілері Хеопс, Хафра және Менкаура пирамидалары. Барлығы Египетте 80 пирамида бар. Хеопс пирамидасының биіктігі – 146,6 метр, оған 2,5 тонна салмағы бар 2300000 тас жұмсалған. Пирамиданың жалпы салмағы шамамен 7 млн. тонна.

· Көне Патшалық кезеңіндегі мүсіндер алып, салтанатты, тұрақты, көркемөнер дәстүрлерін сақтай отырып жасалған. Негізгі мүсіндер – билік еткен перғауындар мен құдайлар мүсіндері (Гизадағы Үлкен сфинкс).

Орта патшалық мәдениеті

· Орта патшалық б.д.д. 21-18 ғғ. алып жатыр.

· Ғибадатханалар (перғауын І Ментухотептің ғибадатханасы, перғауын ІІІ Аменхотеп ғибадатханасы) және қала құрылысы қарқынды (Фаюм оазисіндегі Иттауи қаласы) дамыды.

· Ежелгі патшалық дәуіріндегі дәстүрлі молалар орнына жартастық молалар келді.

· Иероглифтік жазудың негізі қаланды (1822 жылы француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты).

· Негізгі әдеби жанрлары: құдайлар құрметіне арналған гимндер, ертегілер, поэзия, аңыздар, әңгімелер т.б. («Синухет әңгімесі», «Шындық пен өтірік», «Атон құдайына арналған гимн», «Өлілер кітабы», «Мемфисті аңсау» және т.б.).

· Осы кезеңнен алғашқы медициналық және математикалық папирустар сақталып, жетті.

Жаңа патшалық мәдениеті

· Б.д.д. 16-11 ғғ. алып жатыр.

· Мәдениет ең гүлденген шағына жетті.

· Ірі архитектуралық ескерткіштер: Карнактағы және Луксордағы Амон-Ра храмы, Дейр-Эль-Бахридағы Хатшепсут храмы, Абу-Симбелдегі ІІ Рамсес храмы, Мединет-Абудағы ІІІ Рамсес храмы, Тутанхамон храмы (1922 жылы табылды).

· Мүсіндер өте алып етіп жасалды (Аменхотеп ІІІ-нің 20 метрлік отырған мүсіні).

Амарндық дәуір мәдениеті

  • Амарндық дәуір – Жаңа патшалық кезінде билік еткен перғауын IV Аменхотеп есімімен байланысты.
  • Ол барлық құдайларға табынуға тыйым салып, жалғыз құдай етіп Күн құдайы Атонды жариялады.
  • Сол дәуірден өшпес мұра ретінде қалған ескерткіш – перғауын IV Аменхотептың әйелі Нефертитидің мүсіні.
  • Амарндық мәдениет зайырлы сипаттылығымен ерекшеленеді, бұл оны Көне Шығыстың дәстүрлі өнерінен ерекше етеді.

Көне Египеттің ғылыми білімдері

  • Ежелгі Египеттің барлық ғылыми білімдері абыздардың шығаны топтарында шоғырланып отырған.
  • Күн тұтылуының кезеңдерін білген, оны болжап отырған.
  • Санаудың ондық жүйесін енгізген.
  • Күн, Су, Құм сағаттарын ойлап тапқан.
  • Тарихтағы алғашқы күнтізбелер.
  • Адам денесін бальзамдау тәжірибесін енгізген.
  • Иероглифтік жазбалар.

Ежелгі Египет өнерінің түрлері мен жанрлары

 

Өнер түрлері мен жанрлары  
Сәулет Мүсін жасау Рельеф Жазулар Қолданбалы өнер Сөз өнері
Пирамидалар; ғибадатханалар; обелисктер; қалалық усадьбалар; Перғауындар (отырған және тұрған күйінде); сфинкстер; қызметшілер; жазбашылар; құлдар; жануарлар. Ойып салу; барельеф; горельеф. әртүрлі кезеңдердегі әртүрлі нұсқаларда; Түрлі қолданыстағы заттар; Гимндер; философиялық-діни поэзия; зайырлы поэзия, жолдаулар, үгіттер, ертегілер, саяхаттар туралы жазбалар.

 

Ежелгі Египет мәдениетінің әлемдік мәдениетке ықпалы

Ежелгі Египет мәдениеті  
Египет мәдениетіне тән монументтік сәулет пен мүсін өнері Ежелгі Грецияның крит-микен мәдениетіне үлгі болды; Рим мәдениетіне ықпалы: египеттік Исида құдайының культі Римде кеңінен таралды; осында алып обелисктер мен ескерткіштер әкелінді; Египет мүсіндері, пейзажы, обелисктері және сәулет өнерінің басқа элементтерін антикалық мәдениет, ал одан өз кезегінде европалық мәдениет қабылдап алды; Египет дінінің христиан дініне ықпалы: библиялық сюжеттер, о дүние, о дүниелік сот туралы ілім египет мәдениетмен байланысты немесе египет мәдениетінен пайдаланылған.

 

Ежелгі Египеттің діни жүйесі

Амон Құдайлар патшасы, Ғаламды жаратушы, перғауындар әкесі. Б.д.д. 15-14 ғғ. оның культі мемлекеттік сипат алды.
Анубис Өлілер құдайы. Ол адамның өлімнен кейінгі судьясы және адамның денесін сақтаған. Басы шакал ретінде бейнеленген.
Апоп Алып жылан, зұлымдық бейнесі. Қара күштер иесі.
Баст Басы мысық ретінде бейнеленген құмарлықтар әйел құдайы (богиня наслаждений).
Бэс Ойын–сауық құдайы, отбасы қамқоршысы. Қисық аяқты карлик ретінде бейнеленген.
Гор Жарық құдайы мен Төменгі Ніл құдайы. Осирис пен Исиданың ұлы. Қыранның басымен бейнеленген.
Исида Басты египеттік әйел құдай. Осиристің әйелі. Магия жебеушісі.
Маат Шындық пен әділдік әйел құдайы.
Мут Фивы қаласының құдайы, Амонның әйелі, аналардың анасы.
Нефтида Өлім әйел құдайы. Сеттің әйелі және Анубистік анасы. Өлілердің қамқоршысы.
Осирис Өлілердің жер асты патшалығының құдайы.
Пта Өнер құдайы, Мемфис қаласының басты құдайы.
Ра Күн құдайы
Себек Су, құнарлық құдайы, крокодил басты етіп бейнеленген.
Сет Шөл құдайы. Кейін құлым күштер құдайы ретінде белгілі бола бастады.
Сехмет Соғыс әйел құдайы. Жолбарыс басты етіп бейнеленген.
Тот Дазу мен есеп құдайы. Ибис басты етіп бейнеленген. Құдайлар дауын шешіп отырған, өлілерді қорғаған, оларды өлілер патшалығына жеткізген.
Хатор Аспан әйел құдайы, әйелдер қамқоршысы, махаббат және мейрамдар құдайы. Сиыр басты етіп бейнеленген.
Хнум Құнарлылық құдайы, қой басты етіп бейнеленген
Хонсу Ай және уақыт құдайы.

 

Ежелгі Месопотамия мәдениеті

  1. Шумер-Аккад мәдениеті
  2. Көне Вавилон қаласы
  3. Ассиро-Вавилон әдебиеті
  4. Сәулет өнері

 

Шумер-Аккад мәдениеті

· Месопотамия өркениеті б.д.д. 4 мыңжылдықта Таяу Шығыста Тигр және Евфрат өзендері аралығында пайда болды.

· Бұл жерде Шумер, Аккад, Ур, Урук, Эриду, Ниппур, Ларса т.б. қала-мемлекеттері өмір сүрді.

· Месопотамия өмірінде маңызды орынды қыш алды (шумерлер аңызы бойынша құдайлар адамды қыштан жаратқан): ол құрылыс материалы ретінде, ыдыс жасау үшін, жазу үшін қолданылды.

· Шумерліктердің өзіндік жазуы болды. Ол идеограммалардан құралған сына жазуы болды (1802 ж. неміс ғалымы Гротефенд ашқан).

· Сына жазуын Алдыңғы Азия мемлекеттері эламиттер, хуриттер, хеттер, урартулықтар, парсылар қолданды.

· Шумерліктер таза қыштан жасалған тақтайшаларда жіңішке тростникпен жазды.

· Біздің заманымызға шамамен 1,5 млн. сына мәтіндері жеткен.

· Бай шумерлік әдебиет поэмаларға, лирикаға, аңыздарға, әнұрандарға, мақалдарға, эпикалық әңгімелерге, жоқтауларға және басқа жанрларға толы.

· Шумерлік әдебиетте этиологиялық (түсіндірмелі) аңыздар кең таралған (әлемнің жаратылуы туралы, адамның жаратылуы туралы, ұлы топан су туралы, құдайлар өлімі мен қайта тірілуі туралы т.б.).

· Шумер-аккадтық кезең мүсіндері туралы мәлімет аз (біздің заманымызға шағын әр түрлі тастардан жасалған фигуралар жетті (40 см дейін).

· Шумерде сәулетшілік ғибадатханалардың нақты бір типі қалыптасты. Олар – зиккураттар – сатылардан құралған пирамидалар (Ай құдайы Сина зиккураты).

 

2. Көне Вавилон қаласы

· Б.д.д. 3 мыңжылдық аяғы мен 2 мыңжылдық басында Месопотамия территориясында Вавилон мемлекеті қалыптасты.

· Вавилон мәдениеті шумерлік мәдениеттің мұрагері ретінде алға қадам басты.

· Вавилон қаласы («Құдай қақпасы») Евфрат жағалауында орналасып, Месопотамия орталығында тиімді орналасты.

· Вавилонның сыртқы көрінісі неміс археологы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстары нәтижесінде жақсы белгілі.

· Вавилон қаласының көлемі 10 кв. км., халқы 200 мың адам болған.

· Евфрат қаланы екіге бөлген: ескі қала (шығысы) және жаңа қала (батысы); бұл бөліктер әлемдегі ең ежелгілердің бірі болып саналатын тас көпір арқылы жалғанған.

· Вавилон ормен және 360 мұнаралы үш қатар биік қабырғамен қоршалған. Бірінші қабырға қалыңдығы 7 м., екіншісінікі – 8 м., үшіншісінің қалыңдығы 3,5 м. болған; қабырғаның 8 қақпасы болған.

· Қатер төнген жағдайда инженерлік құрылғылар Вавилон алдындағы алаңды сумен басуға мүмкіндік берген.

· Қаланың нақты жоспары болды; көшелер түзу әрі ұзын болды; басты көше Мардук құдайының ғибадатханасынан басталып, Иштар құдай-ананың орталық қақпасына дейін созылған.

· Қалада су құбырлары және канализациясы бар бір және екі қабатты үйлер тұрғызылған.

· Вавилонда 50 ғибадатхана болды, соның ішінде жеті сатылы Этеменанки зиккураты (библиялық Вавилон мұнарасы), оның биіктігі 90 метрден асқан.

 

Ассиро-Вавилон әдебиеті

· Ассиро-вавилондық мәдениеттің ірі жетістіктерінің бірі кітапханалар құру болды. Олардың ең ірісі б.д.д. 7 ғасырда ассириялық патша Ашшурбанапал Ниневияда негізін қалаған кітапхана болды, онда 25 мың қыш сына кітапшалар табылған.

· Кітапханаларда патша анналдары, тарихи жылнамалар, заңдар жинағы, әдеби шығармалар, ғылыми мәтіндер сақталды.

· Ассиро-вавилондық әдебиет ескерткіштерінің барлығы аккад тілінде жазылған.

· Көпшілік шығармалар аңыздарға негізделген («Гильгамеш туралы аңыз»).

· Ассиро–Вавилондық әдебиеттің көптеген сюжеттері библиялық кітаптарда жалғасын тапты.

Сәулет өнері мен діни жүйесі

· Месоптамия сәулетшілері сарай және ғибадатханалар салуда үлкен жетістіктерге жетті (Ниневиядағы Ашшурбанапал сарайы, Хорсабадтағы ІІ Саргон сарайы, Вавилондағы ІІ Навуходоносор сарайы).

· Вавилондықтардың басты ғибадатханалары Мардук құдайының храмы (Эсагила) және жеті сатылы Этеменанки зиккураты болды (библиялық Вавилон мұнарасы).

· Египет пирамидаларынан кейінгі екінші әлем кереметі ретінде гректер Семирамиданың аспалы бақтарын санаған. Бұл – экзотикалық өсімдіктер өсірілген аспалы террасалар.

· Вавилонда 6500 құдайға, 300 аспан және 600 жер рухтарына табыған.

· Әлемді Ану, Эллиль (Мардук, Бэл) және Энлиль құдайларының үштігі билейді деп санаған.

  Шумерлік құдайлар
Ану Аспанда өмір сүретін жоғарғы құдай. Құдайлар үштігіндегі басты құдай, құдайлар Әкесі.
Эллиль Жер асты және жер үсті суларының құдайы. Ең таза құдай.
Энлиль Жер мен ауа жоғарғы құдайы.
Инанна Таңғы жұлдыз әйел құдайы, құнарлылық пен махаббат құдайы.
Нанна Ай құдайы, Энлильдің ұлы.
Нингаль Ай құдайының әйелі, Шамаштың анасы.
Нинурта Соғыс құдайы
Шамаш Күн құдайы, әділдік пен шындықтың қамқоршысы
  Вавилондық құдайлар
Иштар Ең жоғарғы әйел құдай, Ай мен кеш құдайы.
Мардук Әлемді жаратушы құдай.
Набу Жазу, ғылым, даналық, әділдік құдайы
  Ассириялық құдайлар
Адад Жел, дауыл, найзағай құдайы
Ашшур Жоғарғы ассириялық құдай (Мардукқа сәйкес келеді)
Гула Емделу құдайы
Нуску От құдайы

 

Месопотамияның ғылыми білімдері:

· Математикалық білімдер (360 градусқа бөлу, квадрат теңдеулер, стереометриялық білімдер, квадрат және куб түбірлерін шығару);

· Жұлдызды аспан картасы, кейіннен ол Жерорта теңізіндегі европалық өркениеттердің астрономиялық білімдеріне негіз болған.

· Күнтізбе;

· Шыны жасау;

· Жануарлар анатомиясын білген.

 

Ежелгі Үнді мәдениеті

  1. Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктері
  2. Ежелгі Үнді әдебиеті
  3. Ежелгі Үнді көркемсуреті, мүсін және сәулет өнері

 

Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктері

  • Ерте үнді өркениеті Үндістанның солтүстігінде б.д.д. 3 мыңжылдықта қалыптасты. Оның негізгі орталықтары Хараппа және Мохенджо–Даро болды (қазіргі Пәкістан территориясы).
  • Үнді мәдениеті басқа ежелгі мәдениеттер ықпалында қалыптасты. Бұл Үндістанның Ұлы Жібек жолының торабында орналасқандығынан болды.
  • Осы кезеңде ежелгі үнді жазуы пайда болды (әлі күнге дейін ашылмаған).
  • Көптеген өзара байланысқан діндердің болуы.

Ежелгі Үнді әдебиеті

  • Ежелгі Үндістанның көпшілік әдеби ескерткіштері санскрит тілінде жазылған.
  • Үнді әдебиетінің ең ежелгі ескерткіші – ведалар (индуизмнің қасиетті кітаптары).
  • Ведалар төрт жинақтан тұрады: Ригведа – құдайларды мадақтайтын гимндер (құдайға құлшылық ету кезінде орындау үшін абыздарға арналған); Самаведа – әндер (құдайға құлшылық ету кезінде музыка үшін жауап беретін абыздарға арналған); Яджурведа – құрбандық шалынған кезде орындалатын гимндер; Атхарваведа – дұғалар.
  • Ежелгі үнді эпосы екі көлемі жағынан зор поэмамен ерекшеленеді – «Махабхарата» және «Рамаяна»;
  • «Махабхарат» («Бхарата ұрпақтарының ұлы соғысы») 107 мың екі шумақтардан тұрады. Сюжеттің негізі – екі ақсүйектік әулет Пандав және Каурав әулеттерінің билік үшін күресі;
  • «Рамаяна» (Раманың ерліктері туралы жыр) 24 мың екі шумақтардан тұрады және күрделі композиялық құрылымымен ерекшеленеді.
  • Ежелгі үнді халық даналығының құнды үлгісі – үнді халық ертегілері, мысалдары мен ертегілер («Панчатантра» жинағы («Бес кітап»)).
  • Ежелгі үнді әдебиетіне жоғары дамыған өзіндік драматургия тән.
  • Ежелгі үнді авторларының (Бхасаның, Шудрактың, Бхавабхутидің және т.б.) көптеген драмалары сақталған.
  • Ежелгі үнді драматургиясының ең дамыған шағы Калидаса шығармашылығы болып саналады. Оның поэмалары: «Шакунтала», «Малявика мен Агнимитра» және т.б.).
  • Санскрит тіліндегі әдебиеттен басқа, пали тілінде де әдебиеттер сақталды.
  • Ежелгі Үнді әдебиеті жоғары деңгейінің көрсеткіші – әдебиет теориясына арналған көптеген еңбектердің болуы.

Ежелгі Үнді көркемсуреті, мүсін және сәулет өнері

  • Ежелгі Үндістанда көркемсурет және мүсін жасаумен айналысатын арнайы басқармалар болған.
  • Көркемсуреттегі бояудың түсі сюжетке және кейіпкерлерге байланысты болған (мысалы, патшалар мен құдайлар әрдайым ақ түсті етіп салынған).
  • Ежелгі үнді діни көркемсуретінің ең белгілі ескерткіші – Аджанта үңгіріндегі қабырға суреттері (Будда өмірі туралы суреттер, мифологиялық сюжеттер, күнделікті тұрмыс суреттері).
  • Көптеген құрылыстар ағаштан жасалды (біздің заманымызға сақталмаған).
  • Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында құрылыста тастар қолданыла бастады.
  • Буддистік ғибадатханалар әдетте үңгірлер ішінде жасалды.
  • Ежелгі үнді сәулет өнерінің шедеврлері ретінде Карладағы үңгір ғибадатханасы (ені 14 м., биіктігі 14 м., биіктігі 38м.), Эллордағы үңгір ғибадатханасы, Санчадағы индуистік және буддистік молалар саналады.

Ежелгі Қытай мәдениеті

  • Ежелгі Қытай мәдениетінің ерекшеліктері
  • Ежелгі Қытай шаруашылығы мен қолөнері
  • Жазу және әдебиет
  • Ежелгі Қытайдың ғылыми білімдері

 

Ежелгі Қытай мәдениетінің ерекшеліктері

  • Ежелгі Қытай мәдениеті географиялық оқшаулануы себебінен басқа ежелгі мәдениеттер ықпалын сезінген жоқ және өзі де оларға әсерін тигізген жоқ.
  • Қытай мәдениетіндегі орасан зор рольді қоғамның иерархиясы ойнады (отбасы ішіндегі қарым–қатынас, мемлекет ішіндегі қарым–қатынас, үлкендерді сыйлау, дәстүрлерді құрметтеу және т.б.).
  • Этикалық–ритуалдық қағидалар қытайлықтар үшін әлемді діни–мифологиялық қабылдаудың орнын басты. Құдайдың орнын әулеттік және отбасылық бабалар культы басты, ал қалған құдайлар адамдық кейіпте болған жоқ (Аспан, Дао және т.б.).

Ежелгі Қытай шаруашылығы мен қолөнері

  • Қытай мәдениетінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде адамдар бидай мен сұлы өсірді, күріш көп кейін пайда болды.
  • Б.д.д. 2 мыңжылдықта қытайлықтар қола жасауды үйренді; қоладан жасалған ыдыстар айдаһарлардың суреттерімен әшекейленді. Айдаһарларды олар сумен теңестірді.
  • Шамамен осы уақытта қытайлықтар жібек матасын жасауды үйренді.
  • Б.д.д. 3 мыңжылдықта қытайлықтар қызыл, ақ, көк және қара түсті керамика жасап, оларды ромб және спираль тәріздес күрделі өрнектермен әшекейледі.
  • Қытайлықтар арлғашқы болып шайды қолдану тәжірибесін енгізді.

Жазу және әдебиет

  • Қытайлықтар иероглифтік жазуды ойлап тапты. Ол бірнеше өзгешеліктерге ұшырап, біздің заманымызға дейін жетті.
  • Қытай әдебиетінің көне ескерткіші – «Шицзин» әндер кітабы. Ол б.д.д. 9-6 ғғ. құрастырылды. Бұл фольклорлық шығармалар жинағы. Оны шенеуніктер әдейі жинап, халықты басқарушылар қаншалықты қанағаттандыратынын білуге тырысқан (300-ге жуық әндер).
  • Б.д.д. 4 ғ. ортасында Қытайдың оңтүстігіндегі Чу патшалығында «Чу цы» деген атқа ие болған әдебиет дүниеге келді («Чу шумақтары» – еркін формада жазылған халық шығармашылығы). Бұл жанрдың ірі өкілі – Цюй Юань (б.д.д. 340-278 жж.) – Қытайдың тұңғыш ұлы ақыны.
  • Проза поэзияға қарағанда баяу дамыды. Тек б.д.д. 5-3 ғасырларда оның өрлеуі басталды. Поэзияның алғашқы үлгілеріне «Го юй» («Патшалықтар тарихы») және «Шу цзин» («Тарихи аңыздар кітабы») жатады.

Ұлы Қытай қорғаны

  • Ұлы Қытай қорғаны – Ежелгі Қытай сәулетінің ірі ескерткіші. Оның алғашқы учакелері б.д.д. 4-3 мыңжылдықта салынды. Б.д.д. 221 жылы Қытайдың бірігуінен кейін император Цинь Ши–Хуанди империяның солтүстік– батыс шекараларын бойлай, ұзындығы 10 000 лиге дейін жететін қабырға салуға бұйырады.
  • Қабырғаның шеткі нүктелері арасындағы қашықтық 1800 километрден асады, ал барлық иірімдерін санағандағы нақты ұзындығы – 4000 километр, биіктігі 10 метрге дейін жетеді.
  • Қабырға үстінен оның енімен арбалар мен әскери колонналар жүре алатын болған.
  • Әр бірнеше жүздеген метр сайын күзет мұнаралары орналасқан.
  • Ұлы қытай қорғанының көп бөлігі біздің заманымызға дейін жеткен.

Ежелгі Қытайдың ғылыми білімдері.

  • Ежелгі Қытайда есірткі заттарын қолдана отырып, хирургиялық операциялар жасалатын болған; инемен, массажбен емдеу әдістері таралған.
  • Қытайлықтар екі және үш белгісізбен бірінші дәрежелі теңдеулер шешу әдісін ашқан, шеңбер ұзындығы мен оның диаметрінің арасындағы арақатынасты есептей білген.
  • Олар Күннің тұтылу уақытын есептей алған, әлемдегі алғашқы жұлдыздар каталогын құрастырған, Күндеге дақтарды бақылаған.
  • Қытай – компас, спидометр, сейсмограф, оқ–дәрі, кітап басу сияқты жаңалықтардың отаны.

 

Көне кезең мәдениеті

  1. Көне Греция мәдениеті
  2. Көне Рим мәдениеті

 

Крит-микен мәдениеті

· Б.д.д. 3-25 мыңжылдықта көне шығыс өркениеттермен бір уақытта Жерорта теңізінің шығысында дамыған эгей (крит-микен) мәдениеті өмір сүрді.

· Эгей мәдениетінің орталығы болып крит билеушілерінің монументтік сарай кешендері табылады (Кносс, Маллия, Фест, Закро қалаларындағы сарайлар).

· Эгей мәдениетінің ең жоғарғы жетістігі жазудың ойлап табылуы (б.д.д. 18-17 ғғ.) есептеледі, бұл буындық (линиялық) А жазуы (әлі күнге дейін ашылмаған).

· Микен мәдениетінің крит мәдениетінен ерекшелігі қаталдық пен алыптылық. Жергілікті патшалар алыптығының символы олардың өз бекіністерін биіктікте тұрғызғаны болып табылады («Арыстан қақпасы», Агамемнон қабірі т.б.).

· Микен жазуы (линиялық Б жазуы) 1935 жылы шешілді.

· Крит өркениеті б.д.д. 15 ғасыр ортасында қатты жер сілкінісі нәтижесінде жойылды.

Гомер кезеңі мәдениетінің дүниетанымдық негіздері (б.д.д. 11-8 ғғ.).

· Антикалық кезең адамдарының дүниетанымында ғарыш туралы көзқарастар үлкен роль атқарды.

· Ғарышты олар адамдар мен құдайлар мекендейтін тірі, тамаша сфералық дене ретінде түсінді. Оған қарама-қарсы ұғым Хаос деп аталды.

· Басты эстетикалық категориялар шек, симметрия, ритм, гармония болды, олар ғасырлар бойына европалық сұлулық ережелерін қалыптастырды.

· Көне грек мәдениеті зайырлылық сипатымен ерекшеленді.

· Антикалық дүние патшалар мен сарай маңындағыларға емес,еркін азаматтық тұлғаға бағытталды.

Гомер кезеңінің әдебиеті

· Грек және тұтастай европалық әдебиеттің атасы ретінде Гомер есептеледі. Ол «Иллиада» және «Одиссея» эпикалық шығармаларының авторы.

· Поэмалар б.д.д. 9-8 ғғ. қағаз бетіне түсірілген, бұған дейін ауызша таралған.

· «Иллиаданы» сюжеты – Троя соғысы; «Одиссея» – Итака аралының патшасы Одиссейдің өміріне арналған.

· Гомер эпосының негізгі ерекшелігі – нақты өмірді толық сипаттау: құдайлар мен адамдар, аспан мен жер, соғыс және бейбітшілік, қуаныш пен қайғы, адам өмірін құрайтын әмбебап құндылықтар.

· Гомер поэмалары – ақсүйектік мораль кодексі тәріздес, мұндағы басты құндылық – мәңгі өшпес даңқ пен ерліктер.

· Гомер поэмаларында олимпиалық құдайлар пантеоны толық сипатталған.

· Б.д.д. 8-7 ғғ.-да Гесиод өзінің «Теогония» деп аталатын поэмасын жазды, мұнда қоршаған орта, оның пайда болуы туралы көзқарас негіздері қалыптасты.

Архаикалық кезең мәдениетінің дүниетанымдық негіздері (б.д.д. 8-6 ғғ.).

· Архаика кезеңінде көне грек қоғамы этикасының негізгі белгілері қалыптасты.

· Греция өз дамуында барлық көрші мемлекеттерді басып озды; классикалық құлдықтың, ақша айналымы мен нарықтың негізі қаланды.

· Осы кезең қала-мемлекет – полистің қалыптасу уақыты. Полистерде барлық азаматтардың нақты бір құқықтары мен міндеттері болды.

· Полистік құрылыс гректерді адам-азаматтың нақты қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға үйретті.

· Демократия мен гуманизм – көне грек мәдениеті мен өркениетінің негізінде жатқан басты идеялар.

Көне грек мәдениетінің сайыстық бастаулары.

· Көне гректер мәдениетінің ерекшелігі – агон (сайыстық бастаулар) болды.

· Грек қоғамында қоғамда құрмет әкелетін жоғарғы құндылық – сайыста жеңу деген идея қалыптасты.

· Ең көнесі және ең маңыздысы Олимпиялық Зевс құрметіне өткізілетін ойындар болды. Алғаш рет б.д.д. 776 жылы өткізілді, әр төрт жыл сайын қайталанып отырды. Өткізілетін орны Пелопоннестегі Олимпия. Ойындар бес күнге созылды (бұл кезеңде бүкіл Грецияда соғыстар тоқтатылды); жеңімпазға сыйға тек қана оливк жапығары берілді; ойындарда үш мәрте жеңген атлет Олимпиялық Зевс храмы орналасқан тоғайда өзінің мүсінін орнату құқығына ие болды. Атлеттер жүгіруде, жұмылдырықпен ұрыста және арбамен жарысуда сайысты.

· Дельфыда Аполлон құдайының құрметіне Пифиялық ойындар өткізілді; жеңімпазға сыйға лавр веногы берілді.

· Коринфте Посейдон құдайының құрметіне Истимиялық ойындар өткізілді, сыйға қарағай бұталары берілді.

· Арголидада Немей ойындары (Зевс құдайының құрметіне) өткізілді.

· Көне грек өнеріндегі ең кең таралған тақырыптардың бірі атлет бейнесі болып табылады.

Архаикалық кезең жазуы мен әдебиеті.

· Осы кезең мәдениетінің басты факторы жаңа жазу жүйесінің пайда болуы болып табылады.

· Гректер финикиялықтардан семит алфавитін қабылдады, оны жетілдіріп, дыбысты әріптерді бейнелеу үшін бірнеше әріптерді қосты (барлығы 24 әріп).

· Бұл алфавиттің бірнеше нұсқасы болды, оның ең таралғаны иондық алфавит болды.

· Архаикалық кезеңде лирикалық поэзия қалыптасты; бұл Парос аралынан шыққан Архилох есімімен байланысты (б.д.д. 7 ғ.).

· Гекзаметр орнына Архилох әдебиетке жаңа өлшемдер – ямб пен трохейді енгізді.

· Бұл кезеңнің ірі ақындары Теос аралынан шыққан Анакреонт, Алкей, Сафо, Пиндар болды.

· Эпиталамдар (неке әндері) және дифирамбы (Дионис құдайының құрметіне айтылатын әндер) сияқты лирикалық жанрлар пайда болды.

Архаикалық кезеңнің сәулет өнері.

· Б.д.д. 7 ғасырда ордерлер жүйесі қалыптасты, яғни бұл құрылыста ғимараттардың ерекше арақатынасы.

· Дорийлік ордер (Грецияның оңтүстігі) колонналардың ауырлығымен, алыптылығымен ерекшеленді (Коринфтегі Апполон храмы, Пестумдағы Посейдон храмы).

· Ионикалық ордер жеңілдігімен, линиялардың сымбаттылығымен ерекшеленді, капитель қойдың мүйізі ретінде жасалды (Эфестегі Артемида храмы, Самос аралындағы Гера храмы, Дидимдегі Аполлон храмы).

· Коринфтік ордер – салтанатты, капителі күрделі, гүл корзинасына ұқсай ды (Бассадағы Аполлон храмы, Афиныдағы желдер мұнарасы).

· Архаикалық храмдардың ерекшелігі полихромды жазба болды.

Жоғарғы классика кезеңінің дүниетанымды негіздері (б.д.д. 5 ғ.).

· Б.д.д. 5 ғасырда Греция өз дамуында ең жоғары гүлденді.

· Мәдени және саяси өмір орталығына Афины қаласы айналды.

· Барлық азаматтар халық жиналыстары эклессияларға қатысты.

· Дамыған білім беру жүйесі қалыптасты: балалар жеті жастан он алты жасқа дейін жеке меншік ақылы мектептерде білім алды, мектептерді міндетті түрде сауат ашу, әдебиет, музыка, математика пәндері оқытылды; физикалық дамуға үлкен мән берілді.

· Білім берудің мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту болды.

· Осы кезеңнің ірі философтары Анаксагор, Демокрит, Протогор, Сократ болды.

· Ғылым арнайы салаға айналды (Гиппократ – медицина, Геродот – история).

· Жоғарғы классика дәуірі трагедия және комедиядан көрініс тапты.

· Трагедия («ешкілер әні») Дионис құдайының құрметіне айтылатын хор әндерінен қалыптасты.

· Б.д.д. 5 ғасырда хорға үш актер қосылып, онымен диалог жүргізу арқылы драма пайда болды.

· Театр дидактикалық қызметтер атқарды.

· Театрда агон болды. Театр көріністері үш күн жүрді (үш трагедия және бір комедия), кейін көрермендер ең үздік қойылымды, үздік актерді және үздік ұйымдастырушыны анықтады.

· Ең ұлы афинылық драматургтер Эсхил, Софокл, Еврипид болды.

· Эсхил («Трагедия атасы») драматургтер сайысында 13 рет жеңді. Оның трагедияларының басты тақырыбы – жасалған зұлымдыққа моральдық жауапкершілік мәселесі, тағдыр және жаза мәселелері («Парсылар», «Құрсаудағы Прометей», «Орестея»).

· Софокл ең үздік трагик ретінде 24 рет жеңді. Оның трагедияларының басты тақырыбы – адамның тағдырмен арпалысы болды («Эдип-патша», «Колондағы Эдип», «Антигона», «Электра»).

· Еврипид шығармашылығы жеке тұлғаға, оның қайталанбастығына, қуанышы мен қайғысына басты назар аударды («Медея», Ипполит»).

· Антикалық комедияның гүлденуі Аристофан есімімен байланысты («Салт аттылар», «Бұлттар», «Әлем», т.б.).

Жоғарғы классика кезеңінің сәулет өнері.

· Бұл кезеңде грек сәулет өнері ең гүлденген шағына жетті.

· Периптерлік храм типі түпкілікті қалыптасты.

· Монументтік құрылыс Афиныда кең құлаш жайды (Афин акрополі, Афина құдайына арналған Парфенон, Пропилей (Акропольге енетін қақпа), Аптерос Никасының храмы, Афина, Посейдон және Эрехтей құдайларының храмдары).

· Ірі мүсіншілер мен сәулетшілер – Фидий, Иктин, Калликрат, Мнесикл.

Жоғарғы классика кезеңінің мүсін өнері.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Вопрос. В Казахстане аудит делает первые шаги | Ренессанс музыкасы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1837; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.242 сек.