Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сборник лекций

Жоспар

Протестантизм.

· Протестантизм 16 ғасырда Реформация нәтижесінде дүниеге келді.

· Реформация – бұл 16 ғасырда Германияда болған және ортағасырлық мәдениетті өзгеркен және протестантизмнің дүниеге әкелген діни және қоғамдық қозғалыс.

· Реформацияның көсемі – Мартин Лютер.

· Протестантизмнің негізгі қағидасы – тек Құдайға жеке сенуі арқылы құтқаруға жетуге болады. Ешкім Құдай мен адам арасында делдал бола алмайды.

· Протестантизм негізгі бағыттарының бірі – лютерандық. Бұл ағымның негізгі ілімі Мартин Лютермен және оның жақын серігі Филипп Меланхтонмен жасалған.

· Англикандық – Англияда жергілікті шіркеудің католиктік Римнен қол үзуінің нәтижесінде қалыптасқан діни ағым. Бұл әрекет король Генрих Сегізінші ықпалымен жасалды, оны ағылшын парламенті шіркеу басшысы етіп жариялады. Діннің негізі «Жалпы дұғалар кітабында» жазылған.

· 18 ғасыр басында англикандықтан методизм бөлініп шықты.

· Француз теологы және діни насихаттаушысы Жан Кальвин протестантизмнің кальвинизм деп аталатын ағымын қалыптастырды.

· Пуританизмнің дамуымен (англикан шіркеуінде реформация өткізуді талап еткен қозғалыс) Англияда баптизм қалыптасты.

· 19 ғасырдың 30-жж. АҚШ – та адвентизм қалыптасты (негізін салушы Уильям Миллер), оның басты мәні мессияның екінші келуіне жақын қалды деген ілім.

· Протестантизмнің кейінгі тармақтарының бірі пятидесятничество 20 ғ. басында АҚШ –та пайда болды.

· Иеговизм протестантизмнен шықты (1932 ж. АҚШ), бірақ өзінің ілімі бойынша христиандық шеңберінен шығады, өйткені Қасиетті Үштік туралы туралы догматтан бас тартады және армагеддон туралы ілімді басшылыққа алады.

 

Исламның шығу тегі және оның негізгі бағыттары

1. Мұхаммед пайғамбар өмірі

2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы. Хадистер

3. Мұсылман ілімі

4. Исламдағы діни заң

5. Исламның бағыттары

 

1. Мұхаммед пайғамбар өмірі

· Ислам – 7 ғасырда Мұхаммед пайғамбар таратқан әлемдік дін, негізгі идеясы «Аллаһқа сиыну».

· Ислам монотеистік дін, Аллаһты жалғыз Құдайғ, Жаратушы ретінде мойындау, адамның өлмейтіндігіне және рахатқа толы болашақ о дүниелік өмірге сенуду уағыздайды.

· Мұхаммед (570-632жж.) Меккеде орташа отбасыда дүниеге келді.

· Атасының қолында тәрбиеленді, 25 жасында меккелік бай жесір әйелге үйленеді.

· Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.

· Осы кезде жұрттан аулақтап, өзiмен-өзi оңаша қалуды көбiрек қалайтын болады.

· Қырық жасында осындай күндердiң бiрiнде, Хира үңгiрiнде жатқан кезiнде Аллаһ Та`ала оған уәхи түсiредi.

· Өзінің таңдаулылығына көзі жеткеннен кейін ол адамдарға Құдай сөзін жеткізе бастайды.

· Ол көпқұдайлықты айыптады, жалғыз құдай Аллаһқа табынуға шақырды, Ақырет күнінің жақындап келе жатқандығын, Аллаһқа сенбейтіндер тозақтың отында жанатындығын баяндады.

· Үш жыл уағыздаудан соң Меккеде қолдау таппаған соң, Мұхаммед пайғамбар Мединаға жасырын көшеді.

· Ол Меккеге соғыс ашып, жеңіп шығады.

· Мекке жаңа діннің орталығына айнала бастайды.

· Мұхаммед Аравияның ірі саяси және діни қайраткеріне айналады, оның барлық әрекеттері жаңа діннің нығаюына және ықпал ету аймақтарын кеңейтуге бағытталады.

· Пайғамбар өлімінен кейін исламды таратуды оның жақын серіктері мен ізбасарлары жалғастырды.

 

2. Құранның шығу тегі, маңызы мен формасы

· Құран – Алланың сөзі жазылған исламның қасиетті кітабы.

· Құран араб тілінде жазылған.

· Құран 30 бөліктен (жүз) тұрады, олардың әрқайсысы рамазан айының әр күніне арналады.

· Құран 114 сүреден тұрады.

· Бірінші сүреден басқасының барлығы ұзындығына байланысты орналасқан, екінші сүре ең ұзін, соңғысы ең қысқа.

· Мұсылман теологтарының мойындауынша Құран Мұхаммедтің серіктерімен бірнеше жылдар бойына жинақталып, сүйектерге, тастарға,қабыққа, жапырақтарға жазылған.

· Хадистер – Мұхаммед пайғамбар әңгімелерінің немесе сөздерінің жазбалары.

· Хадистерді білу – міндет.

 

3. Мұсылман ілімі

· Исламның негізгі ілімі Құранда және Суннада сипатталған. Сунна – пайғамбар өмірі туралы қасиетті өсиеттер жинағы (хадистер).

· Ең бастысы – бұл жалғыз, мәңгі, дана, құдыретті, мейірімді Аллаһқа сену.

· Оның адам білетін 99 есімі бар, ал шын есімі тек пайғамбарларға ғана белгілі.

· Мұсылман дінінің маңызды бөлігі – періштелер.

· Адамдар қыштар жаратылған, періштелер жарықтан жаратылған. Бірақ адам періштелерден жоғары, себебі оның таңдау құқығы бар.

· Періштелер адамды қорғайды, оның барлық әрекеттерін жазып, Ақырет күні ұсынады.

· Ислам жындарды да мойындайды. Жындар – зұлымдыққа бейім рухтар.

· Жындардың басында сайтан (ібіліс) тұр.

· Исламда Ақырет күніне деген сенім бар. Ақыр заман күні өлгендер қайтып тіріледі және әр адамның әр әрекеті қаралатын сот болады.

· Күнәһарлар тозақтың отында жанады, ал құтқарылғандар жұмаққа түседі.

 

4. Исламдағы діни заң.

· Ислам бес қағидаға негізделген.

· Біріншісі – Аллаһтың жалғыздығына, ал Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне сену.

· Оны адам тым болмағанда өмірінде бір рет, дұрыс, дауыстап, саналы, мағынасын түсіне отырып және жүректің қалауымен айтылуы тиіс.

· Екінші парыз – күніне бес рет намаз оқу.

· Үшінші парыз – міндетті салық зекет төлеу.

· Төртінші парыз – рамазан айында ораза ұстау.

· Бесінші парыз – Мекеге жыл сайынғы қажылық және онда қажетті рәсімдерді орындау (Кағбаны жеті рет айналу, Қара тасты ұстау, Ас–Сафа және Аль–Марва тауларына міну және жету рет арасында жүгіру, Мекеден Минаға жүру, одан әрі Арафатқа өту, күн батқанға дейін дұға тыңдау, Муздалифте түн өткізу және құрбандық шалу).

· Діни заңдарға джихатты жатқызады. Джихат дін үшін «қасиетті соғыс».

· Джихаттың бірнеше түрлері бар: Аллаһ жауларына қарсы күрес, ислам мемлекетінің шекарасын бұзушыларға қарсы соғыс, діннен безгендерге қарсы соғыс.

· Исламның басқа заңдары: Құдайды бейнелеуге тыйым, шошқа етін жеуге, қан ішуге, спирттік ішімдіктер ішуге тыйым, ойын–сауыққа тыйым, өсімқорлықпен айналысуға тыйым.

 

5. Исламның бағыттары

· Ислам ішіндегі догмалық айырмашылықтар пайғамбар өлімінен кейін пайда болды.

· Оның ізбасары орнына оның күйеу баласы Әли мен басқа беделді серіктері таласа бастады, олардың ішінен АбуБакр сайланды.

· Әли тек төртінші халиф болды.

· Хариджиттер («кетушілер») – билеуші халифтерді «ислам рухын» бұзды деп айыптап, бүлік шығарушылар.

· Олардың негізгі идеясы күнә жасаған және оған шын өкінбеген адам өзін мұсылманға жатқыза алмайды.

· Хариджиттердің екінші қағиасы соғыс құмарлық.

· Осы екі қағида әсерінен олар кез келген билікке шыдамсыздық танытты.

· 661 жылы пайғамбардың күйеу баласы Әли өлтірілді және мұсылман әлемі екіге бөлініп кетті – суннитер мен шииттерге.

· Барлық мұсылмандардың шамамен 90 %–ы сунниттер.

· Суннизм исламдағы дәстүрлі ағым болып саналады.

· Шииттер – мұсылман қауымының басшылары ретінде тек Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима мен күйеу баласы Әлиден таралған ұрпақтарды санайды.

· Шииттер Әлидің ұрпағы болып табылмайтын халифтерді мойындамайды.

· Шиизмде басты көңіл өзін өзі азаптауға бөлінеді.

· Шиизм ішінде туған ағым бахаизм (1863 жылы Иранда қалыптасты, негізін салушы Мырза Хусейн Али, Баха–Аллаһ есімімен белгілі).

· Бахаистер барлық діндер бірлігіне, адамдар арасындағы гармония мен теңдікке сенеді, жалпыға білім беру мен билікке бағынуды уағыздайды.

· Исламдағы маңызды топ ваххабиттер.

· Ваххабизмнің негізін салушы Мухаммед ибн Абд ал–Ваххаб. Ол әулиелер молаларын қадірлеуге, намаз оқу кезінде тәшбихті қолдануға қарсы шықты, исламның алғышқы тазалығына қайтып оралуға шақырды.

· Шиизмнің ағымдарының бірі – исмаилиттер. Олардың шииттерден ерекшелігі Әлиден басқа, алытшы халиф Исмаилды таниды.

· Суфизм – исламдағы мистикалық ағымдардың бірі болып саналады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Католицизм | Введение в неврологию. История развития отечественной неврологии
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1502; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.