Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Католицизм

Жоспар

1. Христиан дінінің пайда болуы

2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы

3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі

4. Шығыс христиандық

5. Католицизм

6. Протестантизм

 

1. Христиан дінінің пайда болуы

· Христиан діні – ең кең тараған әлемдік дін (2 млрд.-тан астам сенушілер).

· Ол б.д. 1 ғасырында Палестинада қалыптасты.

· Осы уақытта пұтқа табынушылардың діни өмірінің жойылу процесі жүріп жатты.

· Иудей халқында көріпкелдік жойылды.

· Көптеген уағыздаушылар библиялық болжам – мессияның келуін айтты (олардың кең танымалы Иоанн Шоқындырушы).

· Христиан дінін зерттейтін ғылымда екі негізгі бағыт қалыптасты: мифологиялық және тарихи, олар өз тұрғысынан Христостың келуін түсіндірді.

· Мифологиялық бағыттың өкілдері Христосты ежелгі құдайлар негізінде жасалған мифологиялық кейіпкер ретінде санады.

· Тарихи мектеп өкілдері Иисус деген адам шын мәнінде б.д. 1 ғасырында Палестинада өмір сүрді деп санайды.

· Канондық дәстүрге сәйкес Иисус Христос ұста Иосифтің отбасында Мариядан Вифлеемде туды.

· Патша Иродтың қаһарынан құтылу үшін олар баламен Египетке қашып, Иисус онда ұсталыққа үйренеді.

· Иисус 12 жаста болғанда олар отбасымен Иерусалимге қажылық жасайды, онда Иисус діни қызметшілерді өзінің даналығымен таң қалдырады.

· Ересек шағында ол 40 күн бойы шөл далада өткізеді және сайтанның азғыруын жеңіп шығады.

· Осыдан кейін ол өзін мессия деп жариялап, жанына 12 шәкірті – апостолдарды жинай бастайды.

· Пасха алдында ол Иерусалимге аттанады, сонда сатқын – апостол Иуданың көмегімен тұтқындалады және өлім жазасына кесіледі.

· Мессия Голгофа тауында өлтіріледі.

· Өлтірілгеннен кейін үшінші күні ол қайта тіріліп, апостолдарға оралады.

· Ол өзінің ілімін жер бетіне таратуға аттандырады және аспанға көтеріледі.

· Христиан ілімін тартуда әулие Павелдің ролі зор, оның шын мәнінде тарихи тұлға болғандығына күмән жоқ.

· Әулие Павелдің басты жетістігі – ол христиан ілімін қайта өңдеп, әлемдік дінге айналдырды.

 

2. Жаңа Өсиеттің мәні мен маңызы

· Қасиетті Жазба – христиан ілімінің негізі және ол Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттен тұрады.

· Жаңа Өсиет Көне Өсиетке негізделген.

· Жаңа Өсиеттің алғышқы төрт кітабы Евангелие (грек тілінен аударғандар «жақсы хабар») деп аталады.

· Евангелиеде Иисус Христостың өмірі баяндалады.

· Евангелиенің авторлары Матфей, Марк, Лука және Иоанн.

 

3. Қасиетті Үштік туралы христиан ілімі

· Қасиетті Үштік туралы ілім – христан ілімінің негізін құрайды.

· Құдай жалғыз, оның үш жүзі бар: Әке, Ұл және Қасиетті Рух.

· Құдайдың үш жүзі өзара тең, бірақ қасиетті бойынша әртүрлі: Әке ешкімнен тумаған (бастауы жоқ), Ұл Әкеден жаратылған, Қасиетті Рух Әкеден таратылады.

· Құдай бір мезгілде әрі жалғыз, әрі үшеу де.

· Құдай Әке абсолютті Алғашқы Бастау және барлық болмыстың мақсаты: одан барлығы жаралады және оған барлығы қарайды. Ол барлық Үштіктің болмысының бастауы.

· Қасиетті Үштіктің екінші жүзі Ұл Қасиетті Кітапта Сөз, Бейне, Құдай даналығы, Ақиқат, Күш деп айтылады.

· Қасиетті Рух Әкенің Рухы, сонымен бірге барлық Үштіктің де.

 

4. Шығыс христиандық.

· Шығыс христиандықтық үш негізгі ағымы бар: православие, несториандық және монофизиттілік.

· Православие христиан дінінің негізгі ағымдарының бірі (католицизм мен протестантизммен қатар).

· Алғашында барлық христиан шіркеуі өзін православиелік деп атады (ортодоксальді), бірақ кейін 1054 жылғы бөлінуден кейін шіркеудің шығыс бөлігі ғана «православиелік» деп атала бастады.

· Православиелік ілім негізінде сенімнің никейлік символы жатыр.

· Православиені жиі мистикалық ағым ретінде сипаттайды, себебі ілім о дүние мен бұл дүние шекараларын көрсетпейді, олар бірімен тығыз байланысты.

 

· Католицизм – бұл сенімнің никейлік символының күрделенуі, оның ішінде негізгісі болып «филиокве» («Ұлдан да») туралы аргумент табылады.

· Филиокве аргументіне сәйкес Қасиетті Рух Әкеден ғана емес, Ұлдан да тарайды.

· Шіркеу өзінің жүктелген қызметін азаматтардың күнәсін кешіруге қолдана алады.

· Католик шіркеуінің өз қызметін асыра пайдалуы салдарынан 16 ғасырда ол дағдарысқа ұшырап, протестантизмнің тууына алып келді.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кинематограф | Сборник лекций
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 921; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.