Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 7 страница

Егер период 2π-ге тең болса, онда кез келген синусоидалық емес шамаларды Фурье қатарына жіктеу арқылы өрнектеуге болады.

Жалпы жағдайда,

мұндағы - тұрақты құрамдас бөлік; ,..., -синусоидалық және косинусоидалық гармоникалардың амплитудалары.

Математикадан:, мұндағы

, .

Бұл формуланы пайдаланып Фурье қатарын жазамыз:

Сонымен периоды 2-ге тең синусоидалы емес шамаларды тұрақты мүшесі бар және синусоидалық гармоникалардың жиынтығының қосындылары ретінде көрсетуге болады.

Симметриялы, периодты қисық сизықтардың қасиеттері. 1)Абцисса өсіне симметриялы қисық сызықтар үшін . Мұндай қисық сызықтардың өрнектеріде тұрақты мүше мен жұп гармоникалар болмайды: A0=A2=A4=A6=0; ;

2) Ордината осіне симметриялы қисық сызықтар үшін . Бұл кезде синусоидалы гармоника болмайды:;;

3) Координата басына симметриялы қисық сызық үшін . Өрнектерде тұрақты мүше және косинусоидалы гармоника болмайды, яғниА0=0,;

Фурье қатарындағы коэффициеттерін графикалық тәсілмен табу. Бұл тәсіл анықталған интегралды шекті санды қосылғыштар қосындысымен ауыстыруға негізделген. Егер f(ωt)- функциясы аналитикалық емес, графикалық түрде берілсе, онда А0 ,А′км және А″км- коэффициенттерін мына өрнектер бойынша анықтайды:

;

мұндағы т- периодтық синусоидалық емес функцияны бірдей кесінділерге бөлгендегі сан. Коэффициенттерді есептеу үшін Т-периоды т бірдей интервалға бөлінеді және сол т бөліну нүктелеріндегі қисықтың -ординаталары анықталады, мұндағы к= 1,2,3... m.

Ара тәріздес қисықты функция үшін:.

Синусоидалы емес шамалардың әрекеттік мәндері. Токтың әрекеттік мәні: .

Мұндағы

Екінші қосылғыштың интегралы , ал үшінші қосылғыштың интегралы нөлге тең болады. Сонда , сол сияқты

Сонымен әрекеттік мән тұрақты мүшенің квадратына мен гармоникалардың әрекеттік мәндерінің квадратының қосындыларының квадрат түбірі ретінде табылады.

Синусоидалы емес шамалардың модульдарының орташа мәні деп бұл функцияның период ішіндегі модулінің орташа мәнін айтады:

,

Егер f(ωt) абцисса өсіне қатысты симметриялы болса және жарты период ішінде f(ωt) функциясы өзінің таңбасын өзгертпесе, онда модуль бойынша орташа мән жарты периодтағы орташа мәнге тең.

Синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті және толық қуаттар. Синусоидалы емес токтың активті қуаты бір период ішіндегі орташа қуат ретінде анықталады:

мұндағы U1, U2,…-кернеулердің гармоникаларының әрекеттік мәндері;I1, I2, I3…- токтардың гармоникаларының әрекеттік мәндері; - кернеу мен тоқтың гармоникаларының фазалық айырымы. Сонымен активті, реактивті және толық қуаттар:

; ; , мұндағы U,I- синусоидалы емес кернеу мен токтың әректтік мәндері. Әдетте, синусоидалы емес токтар үшін S2 ≥P2 +Q2.

Синусоидалы емес ток тізбегін есептеу. Егер сызықты тізбекке периодты синусоидалы емес кернеу әсер етсе, онда есептеу үш кезеңге бөлінеді: 1) периодты синусоидалы емес э.қ.к. немесе токтарды тұрақты және синусоидалы құраушыларға жіктеу; 2) беттестіру принципін пайдаланып тізбектегі токтар мен кернеулерді әрбір құраушы үшін жеке-жеке есептеу. 3) әрбір жеке құраушылары үшін алынған мәндерді біріктіріп қарастыру.

Синусоидалық емес функцияны сипаттау үшін мынадай коэффициенттер қолданылады:

- амплитудалық коэффициент Ka = Am/A, мұндағы Am- функцияның максимал мәні, A- әрекеттік мән;

- пішіндік коэффициент Kп = A/Aорт, мұндағы Aорт - функцияның орташа мәні;

- бұрмалану коэффициенті Kб = A1/A, А1- функцияның бірінші гармоникасының әрекеттік мәні.

Негізгі әдебиеттер: [2(4-35), 3(455-497)]

Қосымша әдебиеттер: [ 5,6,7,8]

Бақылау сұрақтары:

1. Синусоидалы емес ток немесе кернеуге түсініктеме беріңіз

2. Периодты синусоидалы емес шаманы Фурье қатарына жіктеу қалай жүргізіледі?

3. Симметриялы, периодты қисық сизықтардың қандай қасиеттері бар?

4. Фурье қатарындағы коэффициеттерін графикалық тәсілмен табу.

5. Синусоидалы емес шамалардың әрекеттік, орташа мәндері, синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті және толық қуаттар, синусоидалы емес функцияны сипаттайтын коэффициенттер қалай анықталады?

 

2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары

№1 зертханалық жұмыс

Тұрақты тоқтың тармақталмаған электр тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Тармақталмаған электр тізбектерінде электрлік шамалардың өзара байланыс жєне таралу заңдылықтарын тәжірибелік жолмен анықтау.

Студенттер зертханалық жұмыс жасау нәтижесінде электр тізбектерінің негізгі ұғымдары мен Ом зањын біліп, оларды іс жүзінде қолдануды үйреніп, электрлік шамаларды тәжірибелік жолмен анықтауды меңгерулері керек.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Құрамына екі э.қ.к.-і көзі (Е1 және Е2) және бірнеше бірізді жалғанған кедергілер кіретін тұрақты ток тізбегіндегі токты, кернеулерді және потенциалдарды өлшеу жұмысы Е1 мен Е2 бағыттас және қарама-қарсы болған жағдайларда, сонымен қатар, бірнеше кедергілерді бір балама кедергі айырбастау жағдайларында жүргізіледі.

Алынған деректерді пайдаланып, Ом заңын қолдану арқылы резисторларының кедергілерінің есептік мәндерін анықтап, салыстырмалы қателікті есептепу, потенциалдық диаграмма тұрғызу керек. I=f(R), I=f(U) тәуелділіктерінің графиктерін тұрғызу арқылы Ом заңының дұрыстығына көз жеткізу керек.

Негізгі әдебиеттер [1(7-24), 3 (10-17, 50-66) ]

Қосымша әдебиеттер [ 4, 5, 9]

Бақылау сұрақтары:

1. Тізбектің тармағындағы токты өлшеу үшін амперметрді тізбекке қалай қосады?

2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеу үшін вольтметрді тізбекке қалай қосады?

3.Э.қ.к..-көзі мен ток көзі туралы түсініктеме беріңіз.

4. Э.қ.к.-і жоқ тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Э.қ.к.-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Толық тізбек үшін Ом заңы.

5. Потенциалдық диаграмма нені сипаттайды? Оны қалай тұрғызады?

6. Бірізді жалғанған бірнеше кедергілерден тұратын тізбекті бір балама кедергісі бар тізбекпен қалай айырбастайды?

№2 зертханалық жұмыс

Тұрақты токтың тармақталған сызықты электр тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Тұрақты токтың тармақталған электр тізбектерінде кернеулер мен токтардың таралу заңдылығын тәжірибе арқылы зерттеу кезінде Ом жєне Кирхгофтың заңдарын жєне беттестіру принципін қолдануды меңгеру.

Студенттер зертханалық жұмыс жасау нәтижесінде электр тізбектерінің негізгі ұғымдарын, заңдарын жєне принциптерін біліп, оларды қолдануды, электрлік шамаларды аспаптар арқылы өлшеуді үйренуі қажет.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Бірнеше тармақтан тұратын тізбектегі токтар мен кернеулерді екі э.қ.к-і қосылған кезде, онан кейін бірінші э.қ.к-ті тізбекте қалдырып, ал екіншісін тізбектен ажыратып тастағанда кезде және екіншісін э.қ.к-ті тізбекте қалдырып, ал біріншіні тізбектен ажыратып тастағанда кезде өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

Алынған деректер бойынша әрбір түйін үшін токтарды өлшеу қателіктерін Кирхгофтың бірінші заңын пайдалану арқылы анықтау, әрбір контур үшін кернеулерді өлшеу қателіктерін Кирхгофтың екінші заңын пайдалану арқылы анықтау, қуаттар тепе-теңдігі орындалатынын тексеру және беттестіру принципінің дұрыстығына көз жеткізу жұмыстары жасалады.

Негізгі әдебиеттер [1(24-29, 33-35, 43-45), 3 (65-73, 80-81) ]

Қосымша әдебиеттер [ 4, 5, 9]

Бақылау сұрақтары:

1.Кирхгофтың бірінші заңына түсініктеме беріңіз. Берілген тізбек үшін бірінші заң бойынша теңдеу құру реті қандай және құрылатын теңдеу саны қалай анықталады?

2. Кирхгофтың екінші заңына түсініктеме беріңіз. Берілген тізбек үшін екінші заң бойынша теңдеу құру реті қандай және құрылатын теңдеу саны қалай анықталады?

3. Берілген тізбек үшін қуаттар тепе-теңдігі қалай анықталады?

4. Беттестіру принципіне түсініктеме беріңіз. Зерттеу жұмысы барысында бұл принципті қолдану қалай жүзеге асырылды?

 

№3 зертханалық жұмыс

Синусоидалы тоқ элементтерінің бірізді жалғанған қарапайым тізбектерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Тізбектің пассивті элементтерінің параметрлерін тәжірибелік жолмен анықтауды меңгеру.

Жұмыс барысында студенттер элементтердің берілген жиіліктегі параметрлерін анықтауды, тізбекті комплекстік шамалар мен векторлық диаграммалар арқылы талдауды меңгеруі тиіс.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Активті кедергі мен индуктивті элементтен тұратын тізбектегі, активті кедергі мен сыйымдылық элементтен тұратын тізбектегі және активті кедергі, индуктивті элемент пен сыйымдылық элементтен тұратын тізбектегі ток пен элементтердегі кернеулерді жиілікті өзгерте отырып өлшейді.

Алынған деректер бойынша зерттелген тізбектердің параметрлерінің әр түрлі жиіліктегі мәндерін анықтау, белгілі бір жиілік үшін кернеулердің топографиялық диаграммасын сызу, сонымен қатар I(f), R(f), X(f), Z(f) жиіліктік сипаттамаларының графиктерін сызу жұмыстары жүргізілуі керек.

Негізгі әдебиеттер [1(59-86), 3 (136-156) ]

Қосымша әдебиеттер [ 5, 6, 9]

Бақылау сұрақтары:

1.Синусоидалы шамаларды сипаттайтын параметрлерді атаңыз. Синусоидалы шамалардың мәндері туралы түсініктеме беріңіз. Оларды қалай анықтайды?

2. Синусоидалы шамаларды бейнелеу жолдарын атаңыз. Векторлық диаграмманы қалай тұрғызады?

3. RL тізбек үшін кедергілер үшбұрышына, кернеулер үшбұрышына және қуаттар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.

4.RC тізбек үшін кедергілер үшбұрышына, кернеулер үшбұрышына және қуаттар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.

5.RLC тізбек үшін кедергілер үшбұрышына, кернеулер үшбұрышына және қуаттар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.

№4 зертханалық жұмыс

Синусоидалы тоқтың тармақталған тізбектерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Синусоидалы токтың тармақталған тізбектеріндегі токтар мен кернеулердің таралу заңдылықтарын, жиіліктік сипаттамаларды және резонанстық құбылысты тәжірибелік жолмен зерттеу.

Жұмыс барысында студенттер электр тізбектерінің негізгі заңдарын комплекстік және векторлық түрде пайдалану ерекшіліктері мен тербеліс контурында резонанстың пайда болу шартын білуі, резонанстық жиілікті анықтауды, жиіліктік сипаттамалардың графиктерін тұрғызуды меңгерулері тиіс.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Кірістік кернеу мәнін тұрақты деңгейде ұстап, ал жиілігін өзгерте отырып, тармақтардағы токтар мен тізбек бөліктеріндегі кернеулерді өлшеу, кернеудің жиілігін өзгерте отырып тәжірибелік резонанстық жиілікті тармақталмаған бөліктегі токтың ең аз мәні бойынша анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Алынған деректер бойынша тізбек элементтерінің параметрлерін есептеу, белгілі бір жиілік үшін векторлық диаграмма тұрғызу және қуаттар тепе-теңдігінің орындалуын тексеру, теориялық және тәжірибелік резонанстық жиіліктерді салыстыру және b1(f), b2(f), b23(f), I1(f) жиіліктік сипаттамалардың графиктерін тұрғызу жұмыстары жасалуы керек.

Негізгі әдебиеттер [1(86-93, 98-99, 120-123), 3 (156-159, 167-171,225-234) ]

Қосымша әдебиеттер [ 5, 6, 9]

Бақылау сұрақтары:

1.R, L, C элементтер параллель жалғанған тізбектің электрлік күйін сипаттаңыз.

2. Токтар үшбұрышына түсініктеме беріңіз.

3.Өткізгіштер үшбұрышына түсініктеме беріңіз

4. Токтар резонансын түсіндіріңіз. Резонанстық жиілік қалай анықталады?

№5 зертханалық жұмыс

Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбекті зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы тізбектің қасиеттерін және жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыс орындау барысында студенттер симметриялы жєне симметриялы емес режимдер кезінде орын алатын фазалық, желілік шамалар арасындағы негізгі қатынастар мен нөлдік сымның қызметін білуі, фазалық токтарды анықтау үшін екі түйін тәсілін қолдануды меңгеруі, үш фазалы тізбекті талдау үшін топографиялық және векторлық диаграмаларды пайдалануды үйренулері тиіс.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Стендтеқоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған үш фазалы симметриялы тізбекті және симметриялы емес тізбекті жинаған соң, олардағы әртүрлі режимдер (қалыпты, нөлдік сым үзілген, фазалық сым үзілген, нөлдік және фазалық сым үзілген) кезіндегі желілік кернеулер мен токтарды, фазалық кернеулер мен токтарды, нөлдік сымдағы токты және нөлдік нүктелер арасындағы кернеуді өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

Өлшеу нәтижелері бойынша барлық режимдер үшін токтардың векторлық диаграммалары мен кернеулердің топографиялық диаграммаларын тұрғызу керек.

Негізгі әдебиеттер [1(156-178), 3 (378-405) ]

Қосымша әдебиеттер [ 5, 6, 9]

Бақылау сұрақтары:

1.Қандай тізбекті үш фазалы тізбек деп атайды?

2.Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-і жүйесіне түсініктеме беріңіз.

3.Үш фазалы тізбектегіжелілік кернеулер мен токтар, фазалық кернеулер мен токтар, нөлдік сым және ондағы ток жөнінде анықтама беріп, оларды тізбек сұлбасында көрсетіңіз.

4. Қоректендіргіш пен қабылдағыштың фазалары жұлдызша жалғанған тізбекте кернеулер мен токтар қалай анықталады?

5. Үш фазалы тізбекті талдау үшін топографиялыќ жєне векторлыќ диаграмаларды қалай тұрғызады?

№6 зертханалық жұмыс

Синусоидалы емес тоқ тізбектерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Синусоидалы емес кернеу қосылған тізбектегі токтың пішініне резисторлық, индуктивтілік және сыйымдылық элементтердің әсерін зерттеу. Жұмыс орындау барысында студенттер сипаты әртүрлі элементтердің тізбектегі токтың гармоникалық құрамына әсерін білуі тиіс,токтың пішініне тәжірибелік және есептік жолмен гармоикалық талдау жасауды меңгерулері керек, әртүрлі периодтық синусоидалы емес функцияларды салыстыруға дағдылануы керек.

Жұмысты орындау тәртібі және өлшеу нәтижелерін өңдеу: Синусоидалы емес кернеу көзін осциллографқа қосып, оның осциллограммасын сызады, масштабтарды анықтайды. Синусоидалы емес кернеу көзін кезекпен резистивті элементтен тұратын тізбекке, индуктивті элементі бар тізбекке, онан соң сыйымдылық элементі бар тізбекке қосады. Осциллографты әр тізбектің тежегіш кедергісіне параллель қосып, осциллограмма арқылы әр тізбекпен жүретін токтың пішінін анықтайды.

Алынған деректер бойынша синусоидалы емес кернеуді Фурье қатарына жіктеп, оның лездік мәнін анықтайды, оның пішіндік, амплитудалық және бұрмалану коэффициенттерін есептейді. Әр тізбектегі токқа графиктік жолмен гармоникалық талдау жүргізеді.

Негізгі әдебиеттер [2(4-15, 30-35), 3 (455-470, 476-486) ]

Қосымша әдебиеттер [ 5, 6,10]

Бақылау сұрақтары:

1.Қандай айнымалы токтарды және кернеулерді синусоидалы емес деп атайды?

2. Электр тізбектерінде синусоидалы емес токтар мен кернеулердің пайда болу себебі не?

3. Фурье қатарын жазып, оған түсініктеме беріңіз. Тригонометриялық қатардың коэффициенттерін графо-аналитикалық жолмен қалай анықтайды?

4. Синусоидалы емес шамалардың әрекеттік және орташа мәні қалай анықталады?

5. Синусоидалы емес ток тізбегіндегі активті, реактивті және толық қуаттар қалай анықталады?

6. Пішіндік, амплитудалық және бұрмалану коэффициенттері туралы түсініктеме беріңіз.

 

2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)

 

Тапсырма СОӨЖ өткізу түрі Әдістемелік ұсыныс Ұсынылған әдебиет
                                                №1 семестрлік есептік-графикалық жұмыс: Тұрақты токтың тармақталған күрделі тізбектерін талдау.   Берілген вариантқа сәйкес келетін Тұрақты токтың күрделі тізбегінің барлық тармақтарындағы токтарды анықтау үшін Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары бойынша теңдеулер жүйесін құру.     Тізбектің барлық тармақтарындағы токтарды контурлыќқтоктар және түйіндік потенциалдар тәсілдері бойынша аныќтау     Берілген тізбек үшін қуаттар тепе-теңдігін құру.   Тізбектің бір тармағындағы токты балама генератор тәсілі бойынша анықтау.     Тізбектің сыртқы контуры үшін потенциалдық диаграмма тұрғызу. №1 семестрлік жұмысты рәсімдеу және қорғау №2 семестрлік есептік-графикалық жұмыс: Синусоидалы токтың тармақталған күрделі тізбектерін талдау. Синусоидалы токтың күрделі тізбегін есептеу үшін берілген мәліметтерді пайдаланып синусоидалы шамалардың лездік мәндерін және комплекстік мәндерін анықтау.     Синусоидалы ток тізбегіндегі токтар мен кернеулердің лездік мәндері үшін Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары бойынша теңдеулер құру;   Тізбектің тармақтарындағы токтар мен кернеулердің комплекстік мәндері үшін Кирхгофтың бірінші және екінші заңдары бойынша теңдеулер құру.   Тізбектің тармақтарындағы токтарды контурлық токтар тәсілі бойынша анықтау.     Берілген тізбек ‰шін комплекстік т‰рде ќуаттар тепе-тењдігін ќ±ру.   Тізбектегі ваттметрдің көрсетуін анықтау.     Тізбектің бір түйінін жермен қосып, басқа нүктелердің комплекстік потенциалын анықтау.   Тізбек ‰шін токтар диаграммасын және топографиялыќ диаграмманы т±рғызу.     №2 семестрлік жұмысты рәсімдеу және қорғау     Есептеу     есептеу   Есептеу     Есептеу     Есептеу   есептеу     Есептеу   Есептеу   Есептеу     Есептеу   Есептеу   Есептеу   Есептік-графикалық жұмыс түрінде     Дәрістік материалдарды және ұсынылатын әдебиетті пайдаланып тµмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Тұрақты ток тізбегі. Ом және Кирхгоф заңдары. 2.Тұрақты ток тізбектерін Ом және Кирхгоф заңдары пайдалану арқылы есептеу.   Төмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Тұрақты токтың тармақталған күрделі тізбектерін талдау тәсілдері. 2.Сызықты теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерін қайталау.   Төмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Сызықты электр тізбегінің қасиеттері; 2.Қуаттар тепе-теңдігінің теңдеуі. Қоректендіргіштің қуаты. Қабылдағыштың қуаты.   Төмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Активті және пассивті екіұштықтар. 2.Балама генератор тәсілі     Төмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Электр тізбегінің бойында потенциалдардың таралуы. 2.Потенциалдық диаграмма тұрғызу реті.   1.Жұмысты талапқа сай рәсімдеу. 2. 1 модуль бойынша сұрақтарға жауап дайындау.     Тапсырманы орындау үшін төмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Синусоидалы шаманы сипаттайтын параметрлер. 2.Синусоидалы шаманың мәндері және бейнелеу жолдары.   Тапсырманы орындау үшін төмендегі сұрақтарды пысықтау керек: 1.Синусоидалы ток тізбегінің негізгі элементтері және олардың кедергілері. 2. Синусоидалы ток тізбегіндегі токтар мен кернеулердің лездік мәндері үшін Кирхгофтыњ бірінші жєне екінші зањдары   Тапсырманы орындау үшін төмендегі тақырыптарды пысықтап, меңгеру керек: 1.Жоғарғы математиканың «Комплекс сандар және олармен математикалық операциялар орындау» тарауын қайталау. 2.Комплекстік амплитуда тәсілі. Комплекстік кедергі және өткізгіштік. 3.Комплекстік түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.   Төмендегі тақырыптарды пысықтап, меңгеру керек: 1.Синусоидалы ток тізбегін есептеудің комплекстік тәсілі. 2. Контурлық токтар тәсілі   Төмендегі тақырыптарды пысықтап, меңгеру керек: 1.Синусоидалы ток тізбегіндегі энергетикалық үрдістер. Активті, реактивті және толық қуаттар. 2. Комплекстік қуат. Комплекстік т‰рде ќуаттар тепе-тењдігі.   Төмендегі тақырыптарды пысықтап, меңгеру керек: 1.Синусоидалы ток тізбегіндегі энергетикалық үрдістер. Активті, реактивті және толық қуаттар. Комплекстік қуат Есептеу 2.Қуатты ваттметрмен өлшеу   Төмендегі тақырыптарды пысықтап, меңгеру керек: 1.Синусоидалы ток тізбегін есептеудің комплекстік тәсілі. 2.Комплекстік потенциал. Синусоидалы ток тізбегін есептеудің түйіндік потенциалдар тәсілі.   Төмендегі тақырыптарды пысықтап, меңгеру керек: 1.Синусоидалы токтың тізбектерін есептеу үшін векторлық диаграммаларды қолдану. 2.Топографиялық диаграмма тұрғызу.   1.Жұмысты талапқа сай рәсімдеу. 2. 2 модуль бойынша сұрақтарға жауап дайындау.       Нег:1[3-29], 3[10-17, 50-70] Қос:4[7-30], 12[4-22,29-30]   Нег:1[24-33, 40-51], 3[74-80, 94-103] Қос:4[31-46], 12[31-36]   Нег:1[43-45,52-54], 3[72-73, 80-89] Қос:4[35-38], 12[9-10, 49-50]   Нег:1[54-56], 3[110-114] Қос:4[58-64],14[42-45]   Нег:1[54-56], 3[110-114] Қос:4[58-64], 12[42-45   Нег:1[3-58], 3[6-16, 50-135] Қос:4[3-64], 12[4-59]     Нег:1[59-72], 3[136-144, 50-135] Қос:5, 11,12     Нег:1[72-82], 3[145-158, 175-176] Қос:5,11,12   Нег:1[83-91], 3[159-176,] Қос:5,11,12     Нег:1[103-109], 3[159-176,] Қос:5,11,12   Нег:1[94-99], 3[190-199,] Қос:5,11,12     Нег:1[94-102], 3[206-209,] Қос:5,11,12     Нег:1[107-112], 3[182-185,] Қос:5[ ], 14[63-76]   Нег:1[107-112], 3[182-185,] Қос:5,11,12   Нег:1[59-112], 3[136-209,] Қос:5,11,12  

2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дебиеттер тізімі 6 страница | Дебиеттер тізімі 8 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 1241; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.