КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Цицерон
Сабақтың басында кішігірім көріністі өткізу керек. Студент көйлегін шкафтан алады, айна алдында оны киіп көреді, үстелдің үстіне қояды, үтікті қосады, үтіктейді, ойламаған жерден саусағын күйдіріп алады, үтікті көйлектің үстіне лақтырады, саусағын үрлейді, көйлек күйіп қалады. Қыз бала үтікті алады, басқа жерге қояды, көйлегін алып, жылап жібереді. - Бұл көріністен сендер не түсіндіңдер? Сендер бұл қыздың не істегенін қалай білдіңдер? Қыз бір сөз де айтқан жоқ қой? Ым мен қимыл арқылы көптеген әрекетті көрсетуге болады екен.
Сабақтың тақырыбын барлау. - Тақырыптың қандай сөзі тақырыпта сізге түсініксіз? - Ым және қимыл, мимика дегеніміз не? Ым - ішкі жан дүниені көрсететін бет бұлшық еттерінің қимылдары. Қимыл – қолдың немесе басқа дене мүшесінің қимылы. Сонымен, ым және қимыл сөзбен тығыз байланысты. Қимыл және ым жалпы сөзді ауыстырады. Цицерон айтқандай, біздің ішкі дүниеміздің қимылын білдіреді. Сондықтан, біздің сабағымыздың мақсаты осындай: 1) Біздің өміріміздегі вербальды емес құралдарға түсінік беру. 2) Әртүрлі жағдайлардың көмегімен вербальды емес құралдарды көрсету. Ым және қимыл тілінің тарихы. 1) Көптеген ымдар өзінің тарихи және олардың ұлттық ерекшеліктерімен байланысты. Сіздерге саусақтарды көтеру немесе түсіру ымы таныс. Саусақты көтеру бағытын император гладиаторға өмір сүру шешімін көрсеткенде қолданған. 2) Біз амандасу кезінде қолымызды қысамыз. Бұл ым бәріне белгілі. Бірақ, мысалы, қытайлықтар ерте кезде өз қолдарын бір-біріне қысқан. 3) Тибет елінде кездескен кезде бас киімдерін оң қолдарымен шешіп, сол қолдарын құлақтың артына жібереді, сонымен қатар өздерінің тілдерін шығарады. «Саған қарсы ештеңе ойлап тұрған жоқпын. Сабыр бол» дегенді білдіреді. Бұл ымдарды тек Тибет елінде ғана қолданыңыз. 4) Эскимостар бір-бірімен амандасқанда жұдырықпен бастан және иықтан жеңіл ұрады. Тарихтағы ымдар туралы айта берсек, олар өте көп. - Біз ым және қимыл тілдерімен тағы қайда кездесе аламыз? (спортта, құрылыста, теңіз қызметінде; естімейтін және сөйлей алмайтындардың әліппесі бар; ал мектепте болса – сабақта көмектесу.) Жағдаятты тапсырмалардың шешімдері. Ым және қимылдардың көмегімен келесі жағдайлардағы қатысушылардың әрекеттерін көрсетіңдер (жұмыс жұппен немесе топпен жүргізіледі). а. «Далада». Жолаушы сізден кинотеатрға өту жолын сұрайды. Ал, кинотеатр өте жақын, қарама-қарсы тұр. Жолаушыға жауап берген кезде сіз қандай ым қолданасыз? (ым көрсету: саусақпен емес бүкіл қолымен) ә. «Университетке келе жатқан жолда». Келе жатқан жолда (2- ауысым) сіз мұз айданына бара жатқан достарыңызды көресіз. Олар да сізді көріп қалып, бірге шақырады. Сіздің достарыңыздың ымы мен өзіңіздің ымыңы қандай болады? (шақыру ымы және бас тарту ымы) б. «Сабақта». Оқытушы тақтада жазып тұрған студентке қатесін үндемей көрсетеді. Студент тез арада есіне түсіреді. Оқытушы мен студент қандай ымдарды қолданады? (көрсету ымы және еске түсу ымы) в. Сабақта сіз есеп шығару жолын қатты ойланып қалдыңыз? Сіз бұл жерде қандай ымды қолданасыз? г. Сіз сабақтан үйге келгенде, жақсы көңіл-күйіңізбен үндемей «бес» алғанынызды көрсетесіз. Қандай ымды қолданасыз? д. Кешкі аста әжеңіз сізге ботқаны ұсынады, бірақ сіз үнсіз келіспейсіз. Қандай ым мен мимиканы қолданасыз? Ал әжеңізді ренжітіп алмас үшін, қандай сөз айтасыз? (келіспеу ымы) е. «Саяхатта». Сіз саяхатта оттың қасында отырасыз. Бір ұл бала өзеннен су алуға кетеді. Бір кезде, ол қобылжып, өзенде көргенінен қорыққанын айтады. Ол қандай ым мен мимиканы қолданады (көрсету ымы). ж. «Балық аулауда». Балық қармаққа енді ілінген кезде, сіздің қасыңызға досыңыз келеді. Сол кезде сіз оның тыныш болуын қалай ескертесіз? Қорытынды: Кейбір кездерде вербалды емес құралдармен, сөзсіз де ойды жеткізуге болады. Мәскеуде пантомима театры бар. Көбінесе, сіз бір де бір дыбыс естімейсіз. Бірақ залы көрермендерге толы. Ым және қимыл әлемі өте бай. Мысалға, мына ымдар не білдіреді? Тіл көрсету – мазақтау ымы. Маңдайдан соғу - еске түсіру ымы. Жұдырықпен қорыту – қорқыту ымы. Қабағын көтеру – таңғалу ымы. Басты екі қолмен ұстау – қорқу ымы. Ымдар және жағдайлардың жазылуын лингвоелтану сөздігінде таба аласыздар. «Орыс сөздігіндегі ымдар мен қимылдыр» А.А. Акишинованың, Х.Кано, Т.Е.Акишининованың редакциясынан (М. 1991ж.). Коммуникативтік - жағдаятты тапсырманы шешу. - Ал қазір біз сізбен сөйлесеміз... Не туралы? Сіз өлеңді оқып, жауабын таба аласыз. - Қайырлы таң! Қал қалай? - Қырық қолды бердім. Барлық қолды қысқанша, Кеште келіп қалып ең.
Дата добавления: 2014-01-20; Просмотров: 493; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |