Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Автофильтрация 1 страница




Excel программасында кестенің бағанын немесе бірнеше бағандарын белгілеп алып программа терезесінің жоғарғы мәзірінен Данные->Фильтр->Автофильтр командасын орындағанда әрбір бағанда кішкентай үшбұрыш түріндегі () белгі шығады, бұл белгіге шерткенде пайда болатын тізімді фильтрациялау шарттары ретінде қолданады.

Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).

Данные->Фильтр->Расширенныйфильтр командасы кестедегі мәліметтердің арасынан бірнеше шарттарды қанағаттандыра алатындай мәліметтерді анықтап бере алады. Кеңейтілген фильтрді қолданғанда шарттардың немесе фильтрациялау критерийлерінің екі түрі қарастырылған:

1) Салыстыру критерийлері (Критерий сравнения);

2) Есептелетін критерий (Вычисляемый критерий).

Кеңейтілген фильтрді қолдану екі кезеңді қамтиды:

1-Кезең – фильтрациялау критерийлерін құру;

2 -Кезең –кесте жолдарын немесе жазбаларды фильтрациялау.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Мәліметтерді сұрыптау.

1. Өз бумаңызда Лаб_11_Ex жұмыс кітабын құрыңыз;

Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист 1) Список деп өзгертіңіз, 11.1- кестедегі мәліметтерді енгізіңіз: Бағандардың атын өзгертіңіз, жолдардағы мәліметтерді енгізуде Данные ->Форма командасын пайдаланыңыз.

 

 

11.1- кесте

 

Топтың номері Сын. кітап. номері Пәннің коды Оқытуш. Таб. № Сабақ түрі Күні Баға
    П1 А1 Л. 12.12.04  
    П2 А2 Пр. 25.12.04  
    П1 А3 Л. 12.12.04  
    П2 А1 Пр. 20.12.04  
    П1 А2 Л. 12.12.04  
    П2 А1 Л. 25.12.04  
    П1 А2 Пр. 12.12.04  
    П1 А3 Пр. 25.12.04  
    П1 А3 Л. 7.12.04  
    П2 А1 Пр. 25.12.04  
    П1 А3 Л. 7.12.04  
    П2 А2 Пр. 25.12.04  
    П1 А2 Л. 12.12.04  
    П1 А1 Л. 25.12.04  
    П2 А3 Л. 7.12.04  
             

 

 

2. Кестедегі мәліметтерді Пәннің коды бағаны бойынша өсу ретімен сұрыптаңыз, ол үшін:

§ Курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировка командасы орындалады;

§ Пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі тізімдерден Пәннің коды бағаны көрсетіліп, по возрастанию категориясы таңдалынады.

3. Өсу реті бойынша сұрыптауды, кестенің үш бағаны бойынша жасаңыз: Топтың номері, Пәннің коды, Оқытуш. Таб. №, ол үшін курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировка командасы орындалады, пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі:

§ Сортировать по бөлімінде – Топтың номері бағаны, по возрастанию категориясы;

§ Затем по бөлімінде – – Пәннің коды бағаны, по возрастанию категориясы;

§ Последнюю очередь бөлімінде – Оқытуш.Таб.№ бағаны, по возрастанию категориясы таңдалынады да, орындауға жіберіледі.

2-жаттығу. Мәліметтерді фильтрациялау.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Автофильтр деп өзгертіңіз. Список деп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Автофильтр бетіне көшіріңіз.

2. Осы берілген кестеден: “А1” оқытушыға, “Л” түрдегі сабақты “4”, “5” бағаларының біріне тапсырғандар жөнінде мәлімет алу керек, ол үшін:

§ Автофильтрация қолданылады, курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып, Данные->Фильтр->Автофильтр командасы орындалады.

§ Оқытуш.Таб.№ бағанындағы белгісіне шертіледі, пайда болған тізімнен А1 таңдалынады;

§ Сабақ түрі бағанындағы тізімнен Л. таңдалынады да,соңынан Баға бағанындағы тізімнен Условие таңдалынып, шыққан терезеде, келесі шарт: >3 жазылады, яғни Больше таңдалынады, сол жағына 3 жазылады.

§ Нәтижені қараңыз.

3. Кестедегі мәліметтерді бастапқы қалпына келтіру үшін автофильтрацияны алып тастаңыз, ол үшін әрбір бағандағы фильтрация белгісіне шертіп,пайда болған тізімнен Все таңдалынады.

4. Кестеден: “ 133” топтағы “ П1” пәнінен емтиханды “3”, “4” тапсырғандар туралы мәліметтер алыңыз.

5. Автофильтрацияны алып тастаңыз.

3-жаттығу. Кеңейтілген фильтр.

1. Жұмыс кітабының үшінші бетін (Лист3) Расшир_фильтр деп өзгертіңіз. Список деп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Расшир_фильтр бетіне көшіріңіз.

 

1-Кезең. Фильтрациялау шарттары диапазонын Критерий сравнения типі бойынша құру.

2. Расширенный фильтр командасын қолданбас бұрын алдымен критерийлер интервалы - фильтрациялау критерийлері берілетін обылыс көрсетіледі, ол үшін:

§ Бағандардың атын басқа орынға (мысалы, А18 ұяшықтан бастап қойыңыз);

3. Жаңа орында, яғни фильтрациялау шарттары диапазонында Критерий сравнения – 134 топ студенттерінің П2 пәнінен «2» немесе «5» алуы көрсетілген обылыс-кесте құрыңыз, ол үшін:

§ Бұл шарттар критерийлер интервалына /11.2 –кесте/ жазылады.

 

11.2-кесте

Топтың номері Сын. кітап. номері Пәннің коды Оқытуш. Таб. № Сабақ түрі Күні Баға
    П2        
    П2        

2-кезең. Кестені фильтрациялау .

4. Кестені фильтрациялау үшін:

§ курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып,

§ Данные→Фильтр→ Расширенный фильтр командасы орындалады;

§ Расширенный фильтр диалогтық терезесінің параметрлерін төменде көрсетілгендей түрге өзгертіңіз:

- скопировать результат в другое место белгіленеді (Установить флажок);

- Исходный диапазон тұсына кестенің: А1:G16 диапазонын көрсетіңіз;

- Диапазон условии тұсына шарттар диапазонын (немесе критерийлер

интервалын): А18:G20 жазыңыз;

- П оместить результат в диапазон тұсына А21 ұяшығын жазыңыз.

§ ОК батырмасына шертіңіз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

11-кестеден алынады)

 

1. Өз құжатыңыздағы Список бетін, Список1 деп аталатын жаңа бетке көшіріңіз және... бағаны бойынша, өсу ретімен сұрыптаңыз /1-тапсырма/.

2. Кестеден... шартқа сәйкес келетін мәліметтерді автофильтрация арқылы анықтаңыз /2- тапсырма/.

3. Кестеден... шартқа сәйкес келетін мәліметтерді кеңейтілген фильтр арқылы анықтаңыз /3- тапсырма/.

11-кесте

1- тапсырма 2- тапсырма 3- тапсырма
  Топтың номері және Оқытуш. Таб. № 7.12.04 мен 12.12.04 аралығындағы күндерге Тобы 133, бағасы 4 немесе 5, пәні П1
  Сын. кітап. номері және Сабақ түрі П1 пәннен, 4 деген баға алғанға Тобы 134, бағасы 2 және 4
  Пәннің коды және Топтың номері Сынақ кітапшасының номері 15 пен 20 аралығына А2, бағасы 4 және 5, сабақ түрі -Пр.
  Сабақ түрі және Күні Оқытуш. Таб. № А1 және А2 болатындарға Тобы 133, А1 және А2, сабақ түрі -Л.
  Күні және Баға 2 және 3 деген бағаларға Тобы 134, Сын.№>21, сабақ түрі -Л.

Бақылау сұрақтары:

1. Мәліметтер қоры деген не?

2. Мәліметтерді сұрыптау не үшін қажет?

3. Фильтрацияның қандай түрлері бар?

4. Сұрыптау мен фильтрациялаудың айрмашылығы неде?

5. Кеңейтілген фильтр қалай орындалады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №12

Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар»

Мақсаты: MS Excel кестелерінде матрицалармен жұмыс жасай білу тәсілдерімен және соған арналған функциялармен таныстыру.

Негізгі түсініктер:

Массив – бұл бір типке жататын мәліметтермен жасалатын операцияларды жеңілдету мақсатында, оларды бір кестеге біріктіріп бір шама сияқты пайдалану мүмкін болу үшін енгізілген мәліметтің арнайы ұйымдастырылған бір түрі. Массивтің элементтері номерленеді, егер массив бір ғана жолдан немесе бағаннан тұрса оны сызықтық массив деп атайды да, ал массив бірнеше жолдар мен бағандардың жиынтығынан тұрса оны матрица түрінде қарастырады. Excel программасында кестеге енгізілген мәліметтің массив екенін программаға хабарлау үшін, формулалар жолында массивтің формуласы жазылады (= белгісінен басталғандықтан) соңында міндетті түрде CTRL+SHIFT+ENTER пернелері қатар басылады, мұның нәтижесінде массивтің формуласы фигуралық жақшаға { } алынады (мысалы, {=A1:C1} немесе { =A1:C4}). Массив формуласына кіріп тұрған ұяшықтар диапазонын массив диапазоны, ал ұяшықтың мәндерін массив аргументтері деп атау келісілген. Массивтермен жасалатын операциялар ұяшықтармен жасалатын операциялардан өзгешелеу болады, сондықтан Excel программасында массивтермен жұмыс жасауға арналған арнаулы функциялар қарастырылған олардың негізгілері:

МУМНОЖ () – функциясы матрицаны матрицаға алгебралық түрде көбейту үшін қолданылады. Бұл функцияны қолданған кезде, бірінші матрицаның бағандарының саны екінші матрицаның жолдарының санына және бірінші матрицаның жолдарының саны екінші матрицаның бағандары санына тең болуы керек деген қағида сақталады

МОПРЕД () – функциясы матрицаның анықтауышын табады және бұл функцияның нәтижесі бір ғана сан болады.

МОБР () – функциясы берілген матрицаға кері матрицаны есептейді.

Жаттығу жұмыстары.

1- жаттығу. Массивтерді қосу, азайту және мүшелеп көбейту.

4. Лаб_12_Матр жұмыс кітабын құрып, бірінші бетін Тапсырма1 деп өзгертіңіз;

5. Келесі кестені (11- сурет) құрыңыз:

 

  A B C D E F G H I J K L M N
  1-Мысал   2-Мысал   3-Мысал
                             
  А=         В=         C=      
                             
                             
                             
  А+В=         В-С=         А2=      
                             

11- сурет

3. 1-Мысалды орындау үшін:

§ Қосынды матрица орналасатын диапазонды, мысалы, B6:D8 белгілейсіз;

§ “ = “ пернесін басасыз;

§ А матрицасы орналасқан В2:D4 диапазонды белгілейсіз;

§ “+ “ пернесін басасыз;

§ В матрицасы орналасқан G2:I4 диапазонды белгілейсіз;

§ CTRL+SHIFT+ENTER пернелер комбинациясын басасыз.

§ Нәтижесінде формулалар жолында келесі: = {B2:D4+G2:I4} формуласы шығу керек;

4. Қалған тапсырмаларды жоғарыда көрсетілгендей ретпен орындап көріңіз.

2- жаттығу. А және В матрицаларын алгебралық түрде көбейту, кері матрицаны табу, матрицаның анықтауышын есептеу.

1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

2. Келесі кестені /12- сурет/ құрыңыз:

 

  A B C D E F G H I J K L M N
              -1 3,1            
  А = 3,1 7,1     В = 2,3       С=А*В=      
    -1,1   -0,2         3,22          
                             
                             
  А-1=         А*А-1=         Det(A)=      
                             
                             

12- сурет

3. А*В матрицаларының алгебралық көбейтіндісін (12- сурет, С=А*В=) табу үшін:

§ L1:N3 диапазонды белгілеп алыңыз;

§ Функция шеберін (Мастер функций ) шақырып, Математические категориясыныан МУМНОЖ функциясын таңдайсыз, Палитра формул терезесі пайда болады;

§ Осы терезедегі Массив 1 тұсына курсоды қойып, кестедегі бірінші матрицаны (В1:D3) белгілеп аласыз, Массив 2 тұсына екінші матрица диапазонын (G1:I3) жазасыз;

§ Формула жазылып болғаннан кейін, соңынан, <Ctrl>+<Shift>+<Enter> пернелерібасылады.

 

4. А матрицасына кері матрицаны (12- сурет, А-1=) табу үшін:

§ Нәтиже орналасатын обылысты B5:D7белгілеңіз;

§ Формула енгізіңіз: функция шеберінен МОБР шақырыңыз да, пайда болған терезедегі Массив тұсына кестеденА матрицасын немесе В1:D3 диапазонды белгілеп, соңынан <Ctrl>+<Shift>+<Enter> басыңыз;

§ А матрицасы мен оған кері матрицаны көбейтіп (12- сурет, А*А-1=) тексеріп көріңіз, нәтижесінде бірлік матрица алынады.

5. А матрицасының анықтауышын (12- сурет, Det(A)=) табу үшін:

§ Курсорды L6 ұяшығына апарып, МОПРЕД функциясы шақырылады,А матрицасының диапазоны белгіленеді, сәйкес пернелер комбинациясы басылады.

3 - жаттығу. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу /кері матрицаны табу әдісімен/.

Заводтың 3 цехын қалпына келтіру үшін қаражат келесі ретпен: 1- цехқа 510000, 2-цехқа 180000, ал 3- цехқа 480000 бөлінді. Цехтарға станоктың үш түрі А, В, С сатып алынады. Бірінші цехқа А станогынан - 4, В станогынан – 8, С станогынан -1 қажет болады. Екінші цехқа А станогынан - 1, В станогынан – 2, С станогынан -1 алынуы керек. Үшінші цехтың қажетіне А станогынан - 1, В станогынан – 5, С станогынан -4 керек. Заводқа бөлінген қаражат мөлшерінен асып кетпеу үшін, станоктар ең қымбат дегенде қандай бағамен сатып алынуы керек? Бұл есепті шешу үшін сызықтық теңдеулер жүйесі құрылады:

мұндағы, - сәйкес станоктардың бағалары.

Сызықтық теңдеулер жүйесін матрицалық түрге келтіру үшін белгілеулер енгіземіз, мысалы, А – сызықтық теңдеулер жүйесінің сол жағындағы коэффициенттерден құралған матрица, х – белгісіздерден құралған матрица және b - бос мүшелерден құралған матрица.

Нәтижесінде, бұл есеп , мұндағы

түріндегі теңдеуді шешу есебіне келтіріледі. Мұндай теңдеулерді Excel программасында шешудің қарапайым жолы - «кері матрицаны табу» немесе Крамер әдістерінің бірін пайдалану. Бірінші әдісті пайдаланамыз, ол үшін:

1. Жұмыс кітабының үшінші бетін (Лист3) Тапсырма3 деп өзгертіңіз;

2. Алдыңғы жаттығудағы сияқты (2-жаттығу, 4- пункт) A-1 кері матрицаны есептейміз, себебі A x =b теңдеуінен х белгісіздер матрицасын тапсақ, ол x =A-1. b болады. Табылған кері матриицаны бос мүшелер матрицасы b- ға көбейтіп нәтижені табамыз. Матрицалармен орындалған фунциялар 13- суретте оларды орындағаннан кейін шыққан нәтижелер 14- суретте көрсетілген:

 

  B C D E F G H I J K L M N O P Q
                      =МОБР(C2:E4)       =МУМНОЖ(K2:M4;H2:H4)  
  A         B     A-1   X  
                         
                                 

 

13- сурет

 

 

  B C D E F G H I J K L M N O P Q
              510 000     -0,3333   -0,667        
  A         B 180 000   A-1 0,33333 -1,6667 0,333   X    
              480 000     -0,3333 1,3333          
                                 

14- сурет

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

12-кестеден алынады)

1. А. және В матрицаларының қосындысын есептеңіз /1-тапсырма/.

2. А және В матрицаларының алгебралық көбейтіндісін есептеңіз /2-тапсырма/.

3. (А+В) матрицасына кері матрицаны табыңыз. Бастапқы матрица мен кері матрицаны көбейтіп, нәтижені тексеріңіз /3- тапсырма/.

4. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешіңіз /4- тапсырма/:

 

2- кесте

Нұсқа № 1, 2, 3 -тапсырмалар 4- тапсырма
 
 
 
 
 

Бақылау сұрақтары:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 462; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.