Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Автофильтрация 2 страница




1. Массивті қалай түсінесіз?

2. Массив элементтерін енгізуде қандай пернелер қатар қолданылады?

3. МОПРЕД функциясының қызметі қандай?

4. Массивтерді алгебралық көбейтуде қандай функция қолданылады?

5. Сызықтық теңдеулер жүйесін «кері матрицаны табу» әдісімен шешу тәсілін сипаттаңыз?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 13

Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»

 

Мақсаты: күрделі өрнектерді есептей білуге, сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісін пайдаланып шеше білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

ТРАНСП () функциясы ұяшықтардың тігінен (вертикальный) орналасқан диапазонын көлденеңінен (горизонтальный) орналастырады, немесе керісінше түрлендіреді. Бұл функция көбінесе матрицаларды түрлендіруде қолданылады. Матрицаны транспонирлегенде оның жолдары бағандарға, бағандары жолдарға ауысады.

Жаттығу жұмыстары.

1-жаттығу. А матрицасының транспонирленген AT матрицасын табыңыз.

1. А матрицасының элементтерін енгізіңіз /15- сурет/;

 

  A B C D E F G H I
                   
                   
  A=         AT=      
                   

 

 

15- сурет

2. Транспонирленген матрица үшін орын G10:I12 диапазонды белгілеңіз;

3. Функция шеберін пайдаланып =ТРАНСП(B10:D12) енгізіңіз, орындауға жіберіңіз;

2- жаттығу. Күрделі өрнектерді есептеу.

мұндағы, компонентті вектор, және – өлшемдері болатын матрица, , және , , .

1. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз /16- сурет/.

2. Есеп шарты бойынша қосындыны табу үшін Функция шеберін пайдаланып СУММ функциясын шақырамыз. Бұл функция көрсетілген диапазондағы ұяшықтар

16- сурет мәндерінің қосындысын есептейді.

 

3. В6 ұяшыққа келесі формуланы енгізіңіз:

4.

5. әдеттегідей Ctrl + Shift + Enter пернелерін басыңыз.

6. Бұл есептеуді келесі қарапайым формула көмегімен D6 ұяшықта есептеңіз:

7. .

3- жаттығу. Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешіңіз.

Сызықтық теңдеулер жүйесі берілген, – коэффициенттер матрицасы, – бос мүшелер бағаны, – белгісіздер бағаны. Крамер әдісі бойынша белгісіз формуласы бойынша есептеледі, мұндағы - матрицаның анықтауышы, - бастапқы А матрицасының анықтауышы. матрицалары A матрицадағы i-ші бағанды, бос мүшелер бағаны "b"-мен ауыстыру арқылы алынады. Мысалы, үш белгісізі бар сызықтық теңдеулер жүйесінің коэффициентер матрицасы А және бос мүшелер бағаны В берілсін:

 

 

1. Кестеге A, В матрицаларын енгізіңіз және A матрицасын үш рет қайталап (А1, А2, А3) көшіріңіз /16-сурет/;

 

  B C D E F G H I J
                   
  A         Det(A)=   В  
                   
                   
                   
  A1         Det(A1)=   X1=  
                   
                   
                   
  A2         Det(A2)=   X2=  
                   
                   
                   
  A3         Det(A3)=   X3=  
                   
                   

16- сурет

2. Әрі қарай В –ны А1-дің 1-бағанына, А2-нің 2-бағанына, А3-тің 3-бағанына көшіріңіз /16-сурет/;

3. А, А1, А2, А3 матрицалар анықтауыштарын сәйкесінше Н3, Н7, Н11, Н15 ұяшықтарда есептеңіз;

4. Анықтауыштардың мәндерін пайдаланып Х1 түбірді формуласымен есептеңіз, қалған Х2, Х3 түбірлерді табыңыз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

13, 13.1 -кестелерден алынады)

1. Теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешіңіз /13-кесте, 1-тапсырма, а).

2. - квадратуралық форманы есептеңіз /13-кесте, 2-тапсырма, б).

13-кесте

1-тапсырма Матрица   1-тапсырма Матрица
  а) б)     а) б)
  а) б)     а) б)
  а) бв)     а) б)

 

3. Күрделі өрнек =... есептеп мәнін табыңыз /13.1-кесте/:

13.1-кесте

а, x, y векторлары , Матрицалар
 
 
 
 
 

Бақылау сұрақтары:

1. Матрицаны транспонирлегенде не өзгереді?

2. Крамер әдісі не үшін қолданылады?

3. Крамер әдісін қолдану үшін қандай шарт орындалуы керек?

4. СУММ () функциясы қандай қызмет атқарады?

5. СУММКВ () функциясы қандай қызмет атқарады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №14

Тақырыбы: «Excel програмасының экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары»

 

Мақсаты: Excel програмасының кредиттер және займдар есептеуге арналған финанстық функцияларын пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Microsoft EXCEL программасында кредит, ссуда, займдар беруді есептеу және т.б. финанстық операцияларды орындай алатын арнаулы функциялар қарастырылған /14.1- кесте/. Олардың көмегіне сүйене отырып,:

· болашақ құнды (определение наращенной суммы или будущей стоимости);

· бастапқы құнды (определение начального значения или текущей стоимости);

· төлем уақытын және проценттік ставканы;

· займды өтеудің периодты төлемақысын және т.б. анықтауға болады.

 

14.1-кесте

Операция Анықтамасы Синтаксисі Формуласы
Болашақ құн Тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым-ның болашақ құны БС(ставка;кпер;плт;пс;тип), мұндағы: Ставка - периодқа сәйкес проценттік ставка; Кпер - периодтың жалпы саны; Плт - әрбір периодта төленетін төлемақы; Пс - бастапқы құн; Тип -бұл 0 немесе 1 саны, егер 0 болса төлем периодтың соңында, ал 1 болса басында жасалады. FV=PV*(1+I)N,мұндағы: n –периодтың жалпы саны; І - проценттік ставка; PV- салымның бастапқы құны; FV-салымның болашақ құны.
Бастапқы құн Тұрақты төленетін периодтық төлем- ақы негізінде құра-латын салымның бастапқы құны ПС(ставка;кпер;плт;бс;тип) PV=FV/(1+I)^N.  
Период тардың жалпы саны Тұрақты төленетін периодтық төлем-ақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде құралатын салым өтеу периодтары- ның жалпы саны КПЕР(ставка;плт;пс;бс;тип)  
Процент-тік ставка Периодта тұрақты төлемақы жасау жолымен қайтары-латын, сома беру үшін бір периодтың проценттік ставка-сын есептеу СТАВКА(кпер;плт;пс;бс;тип)    
Төлемақы Төлемақы мен проценттік ставка-ның тұрақтылығы негізінде бір периодта төленетін сома көлемін есептеу ПЛТ(ставка;кпер;пс;бс;тип)    

Жаттығу жұмыстары.

1.1- жаттығу. Салымшы банкке 10 жылға 27000 теңге соманы 13,5% жылдық проценттік ставкамен салды. Процент әрбір жартыжылдықта қосылып отырады. Болашақ соманы анықтаңыз.

1. Жұмыс кітабын Фин. Функции деген атпен сақтаңыз;

2. Жұмыстық бетте Задача1.1 /17-сурет/ жасаңыз;

 

 

17-сурет

 

2. В бағанындағы сәйкес ұяшықтарға берілуі тиіс мәліметтерді жазыңыз;

3. Болашақ соманы есептеу үшін:

1- әдіс: формуланы пайдалану, яғни В6 ұяшыққа=B5*(1+B3/2)^(B4*2) формуласы жазылады;

2-әдіс: Болашақ құнды есептеудің БС финанстық функциясын қолдану:

§ Курсорды В7 ұяшыққа қойып Вставка->Функция командасы орындалады, Финансовые категориясынан БС функциясы таңдалынады;

§ БС функциясының терезесінде келесі мәліметтер енгізіледі: Ставка: B3/2; Кпер: B4*2;ПС: -B5

1.2 – жаттығу. Салымды 4 жыл бойы инвестициялаудың екі тәсілі бар: жыл басында 26% жылдық проценттік ставкамен немесе жылдың соңында 38% жылдық проценттік ставкамен. Егер, жыл сайын 300 000 теңге салынып тұратын болса салымшының есепшотында 4 жылдан кейін қанша сома болатынын екі тәсіл үшін табыңыз?

1. Екі тәсіл үшін де мәліметтерді кестеге енгізіңіз / Задача1.2, 17-сурет/;

2. Курсорды қажет ұяшыққа (Е6) орналастырыңыз;

3. Функциюны шақырыңыз;

4. Қажет параметрлерді енгізіп, орындауға жіберіңіз.

2.1.- жаттығу.

Фирмаға 12 жылдан кейін 500 000 тенге көлемінде қаржы қажет болады. Фирманың қазіргі уақытта депозитке қаржы салуға мүмкіндігі бар. Егер депозиттің жылдық проценттік ставкасы 12% болса, онда фирма 12 жылдан кейін 500 000 теңге алу үшін депозитке бастапқыда қанша сома қаржы салуы керек? / Задача2.1, 17-сурет/

2.2-жаттығу. 7 жылға, 8% ставкамен берілген, төлемақысы 27 000 болатын болса, бастапқы соманы анықтаңыз.

3.1 –жаттығу. Е гер жобаның бастапқы құны (ПС) = 12 000 тенге, болашақ құны (БС) = 65 000, жылдық ставкасы (СТАВКА) 12% болса, периодтардың жалпы санын есептеу керек.

3.2 - жаттығу. Сіз 90 000 теңгені 15% жылдық ставкамен ай сайын 15 000 теңгеден қайтарып отырамын деп қарызға аласыз. Осы қарызыңызды қанша уақытта (периодтың жалпы санын) қайтара алатыныңызды есептеп көріңіз. Төлемақы ай сайын жасалатынын, ал проценттік ставка жылға берілетіндігін ескеріңіз.

4.1 – жаттығу. Бастапқы құн32 000 теңге, 5 жылдан кейін 120 000 теңгені құрайды есептеп, жылдық проценттік ставканы табыңыз.

4.2-жаттығу. Бес жылға берілген 800 000 теңге займ, ай сайын 20 000 теңгеден қайтарылып отырса, займның қандай жылдық проценттік ставкамен берілгенін табыңыз. Төлемақы ай сайын жасалатынын, ал проценттік ставка жылға берілетіндігін ескеріңіз.

2.1- 4.2 жаттығулардың орындалу тәртібі 17-суретте көрсетілген, қажет формулаларды өзіңіз жазасыз.

 

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

14.1, 14.2, 14.3, 14.4, 14.5 -кестелерден алынады)

1. Сізден n жылға, ай сайын А теңгеден қайтарып отырамын деп Р теңге қарыз сұрайды. Мұндай шартпен қарыз беруге бола ма, егер болса сіздің көретін пайдаңыз (жылдық проценттік ставка немесе қарызды неше процентпен бересіз) қандай?

14.1 -кесте

Нұсқалар          
n          
Р          
А          

 

2. Сіз Р теңгені, i % ставкамен, жыл сайын А теңгеден төлеп отырамын деп қарызға алмақсыз. Бұл қанша уақытқа (жылға) созылады?

14.2 -кесте

Нұсқа          
P          
A          
I          

 

3. Салымшы депозитке В мың. тенгені, N жылға, П% жылдық ставкамен салды. Депозиттегі ақша N жылдан кейін қанша болады?

 

 

14.3 -кесте

Нұсқа          
В          
П   10.5     10.9
N          

 

 

4. Ай сайынғы төлемақысы Т мың. Теңге, N жыл бойы төленетін, жылдық ставкасы П% болатын бастапқы берілген соманы немесе құнды анықтаңыз.

14.4 -кесте

Нұсқа          
Т          
П          
N          

 

 

5. К жылға, П% жылдық ставкамен берілген Т мың. теңге займның ай сайынғы төлемақысын есептеңіз.

14.5 -кесте

Нұсқа          
Т          
П          
К          

 

Бақылау сұрақтары:

1. Кредит пен и займға қатысты финанстық функцияларды атаңыз?

2. Болашақ құн мен бастапқы құнның айырмашылығы қанд

3. КПЕР функциясының қызметі қандай?

4. БС функциясындағы қандай параметр төлемақының периодтың басында не соңында жасалатынын анықтайды?

5. Жыл сайынғы төлемақыны есептейтін қандай функция?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №15

Тақырыбы: «Периодты төлемақыны есептеу. Амортизацияны есептеу»

Мақсаты: Периодты төлемақыны және амортизацияны есептеуге арналған финанстық функцияларды қолдана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel программмасында периодты төлемақыны және амортизацияны есептеуге арналған келесі финанстық функциялар қолданылады /15.1-сурет/:

 

 

15.1- кесте

Операциялар Анықтама Синтаксис
Процентттік өсімге сәйкес төлемақыны есептеу ПРПЛТ функциясы тұрақты төленетін периодтық төлемақы мен тұрақты проценттік ставка негізінде проценттік өсімге сәйкес төлемақыны есептейді. ПРПЛТ(ставка;период;кпер;пс;бс;тип)  
Проценттік өсіммен берілген займды өтеу төлемақысы сомасын есептеу   ОСПЛТфункциясы период сайын тұрақты түрде төленіп тұратын төлемақылар негізінде жинақталған займ кірісін есептейді. ОСПЛТ(ставка;период;кпер;пс;бс;тип)  
Бір периодтағы амортизацияны есептеу. Амортизация - бұл мүлікті пайдалану кезеңінде, әрбір өткен уақыт бірлігіне (периодқа) сәйкес мүлік құнының төмендеуі   АПЛ функциясы бір период кезіндегі актив амортизациясы-ның шамасын септейді АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации) Нач_стоимость — актив алуға кеткен шығын. Ост_стоимость — амортизация периодының соңындағы қалған құн (немесе активтің қалдық құны деп те аталады). Время_эксплуатации — актив амортизацияланатын периодтар саны (немесе амортизация периоды).
Берілген периодтағы амортизацияны есептеу. АСЧ функциясы берілген периодтағы актив амортизациясының шамасын есептейді. АСЧ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период)

Жаттығу жұмыстары.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 588; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.082 сек.