Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жерді рекультивациялау




 

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланып келген. Ал қазіргі кезде

адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде бұл жерлер түрлі басқа

мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубиналар салу, т. б) жүргізу нәтижесінде

өте үлкен өзгерістерге ұшырайды.

Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде өсімдіктерді жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіреді.Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400-600 м болатын шұңқырлар түзіледі.

Осындай жерлерді қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшін оларды қалпына келтіру процестерді рекультивация деп аталады.

Қазіргі кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды ауыл және орман шаруашылықтарында қайтарудың жолдарын іздестіруде.

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары тау кен, инженерлік –құрылыс, мелиоративтік, орман шаруашылықтық, ауылшаруашылықтық іс-шаралар комплексін құрайды.

Жерді рекультивациялаудың екі негізгі этапы бар: тау - техникалық және биологиялық.Тау- техникалық рекультивациялаудың маңызы –территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.

Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.

Жерді рекультивациялау өте күрделі мәселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико - химиялық құрамын, гидрологиялық режимінің ерешеліктерінің, рельеф ерешеліктерін жақсы білу керек.

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру, мал шаруашылық комплекстерін, суғару орындарын салу, т. б топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын

жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналастыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау керек.

Геологиялық мұнай іздестіру және өңдеу жұмыстары кезінде бұзылған және мұнаймен, түрлі жуғыш улы заттар ластанған жерлерді рекультивациялаудың

маңызы өте зор.

Әдетте нормативтік бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді Бірақ практика жүзінде бұдан әлдеқайда көп жер ауылшаруашылық айналымынан шығып қалады. Әсіресе гусеницалы тракторлар колланасында орнатылған бұрғылау қондырғылар бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде жердің үлкен аймағы

біршама зардап шегеді. Сондықтан мұнай - газ кен орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі

құнарлы қабатын алып, сонымен қайтадан құнарлы қабат топырағын орнына салуды тиісті орындар талап етулері қажет.

 

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Топырақ дегеніміз не және оның маңызы?

2.Топырақ эррозиясы?

3. Топырақтағы гравитациялық су деген не?

4. Топырақтың биологиялық ластануы қалай жүреді?Литосфера терминін ғылымға енгізген кім?

Беттік эрозия деген не?

Рекултивация ұғымын сипаттаңыз?

Ұсынылған әдәбиеттер:

1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

10. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

11.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

12.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ (№1 Кесте)

Дәріс сабақтары:

Тақырып атауы Сағат саны Пайдаланылған әдебиеттер
  Экологиға кіріспе   1.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г. 1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 3 - 18 беттер.  
  Аутэкология – ағзалар экологиясы   1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 24-63 беттер. 2.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.
  Демэкология – популяциялар экологиясы   1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 64 - 81 беттер. 2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.  
  Синэкология - бірлестіктер экологиясы   1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 82 – 137 беттер. 2.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др.Экология. Учебник для студентов ВУЗов.Алматы.1999 г
  Биосфера – тіршілік қабаты   1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 138 – 158беттер.   2. Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука. – М., 1998 г.
  Атмосфера – биосфераның негізгі компоненті   1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет 12.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 216-2228 беттер.
  Гидросфера – биосфераның құрам бөлігі   2. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет 12.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 231-248 беттер.
  Литосфера және оны тиімді пайдалану   1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет 2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.
  Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер   2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж. 2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.
  Барлық сағат саны    

 

6 – Бөлім

 

Студенттің өзіндік жұмыстың тапсырмасы.

Өзіндік жұмыс – аудиториядағы сабақта және одан тыс уақыттағы студенттің жеке танымдық қызметі. Студенттің өзіндік жұмысы көп қырлы, анық, бір жүйеге келтірілген, нақты білім мен практикалық ептілікке бағытталуы керек.

СӨЖ негізімен қатар, қосымша оқу материалын нәтижелі меңгеруге мүмкіндік туғызады. Өзіндік жұмыстың қажеттілігі тек анықталған аудиториялық сағат санымен ғана щектелмейді, көпшілік дәрежеде алған білімді шығармашылық дәрежеде ұғынуға және өзіндік ізденуге қажеттілік тудырады. Дайын білімді алумен қатар оны практикалық дағдымен толықтыру маңызды. Материалдарды дұрыс таңда, шығармашылық ізденісті ықпалды ойластыру, алға қарай кәсіпшілік қызметінің жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Студенттің өзіндік жұмысы 3 түрге бөлінеді:

1. аудиториядағы өзіндік жұмыс;

2. аудиториядан тыс өзіндік жұмыс;

3. студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы.

Студенттің өзіндік жұмысын өткізу формасы әр түрлі, бұл – конспектпен, оқу құралдарымен, нормативті-құқықты актпен, нақты жайды шешетін тапсыманың жиынтықтарымен жұмыс жасау. Студенттің өзіндік жұмысының тематикасы аудиториядағы сабақпен қыйсынды жүйеліктеанықталады. Студенттің жеке қабілеті мен талғамына қарай оған өтілмеген тапсырмалар беруге болады. Тапсырманың бірінші бөлігін оқытушы тағайындаса (бақылау жұмысы, дара тапсырма, колоквиум), енді бір бөлігі студенттің еркімен таңдалынады (реферат, доклад, конспект, т.б.). СӨЖ-ты тапсыру мерзімін оқытушы тағайындайды. Егер СӨЖ тапсырмасы қиын болса, мысалы. Ситуациялық тапсырманы шешу, оны семинар тақырыбына сай сабақтарда талқылауға болады, қиналған жағдайда жұмыстың орындалу мерзімін ұзартады.

1.Студенттің өзіндік жұмысының 1түрі – реферат. «Экология» туралы реферат. Реферат деңгейі студенттің материалдармен, монографиямен, оқу құралдарымен және т.б. ғылыми зерттеулермен жұмыс жасап білу көрсеткіші болып табылады. Рефераттың көлемі – қолжазбамен 25 бетке дейін, компьютермен 15-20 бет аралығында.

 

Рефератты бағалау критериясы:

- тақырыптың өңделу деңгейі;

- тақырыпқа байланысты арнайы оқулықтармен қамтылуы;

- қорытындылардың ғылыми жағынан дәлелділігі;

- баяндаманың сауаттылығы;

- жұмысты дайындау ұқыптылығы.

 

Реферат келесі құрылысқы (структураға) бөлінеді:

А. Жоспар. Бөлімдерден құралуы тиіс.

Б. Кіріспе. Зерттелетін мәселенің жалпылай көрінісі, қойылған талаптардың мақсаты мен мазмұны, курстық зерттеудің методологиялық сипаттамасы беріледі.

В. Негізгі бөлім. Тақырып толықтай ашылуы тиіс, соның ішінде: а) тақырыптың негізгі мәселесінің жан-жақты және терең анализі; б) ғылыми әдебиеттерде берілген ғалымдардың сыни мақалалары, ойлары, студенттің өзінің ойы келтірілген.

Г. Қорытынды. Талдап қорытындылау баяндалады.

Д. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Тізім келесі жүйелікте көрсетіледі: 1) документ және материал; 2) арнайы ғылыми әдебиет; 3) таблица, схема және т.б. қосымша қолданған материал.

Рефератты қорғау – ауызша; қорғауға 10 минут беріледі. Рефератты қорғағаннан кейін студенттер өзінің ойын айтып, толықтыра алады.

 

 

Тақырыбы: Экологиға кіріспе

Дәрістің мақсаты: Экология туралы түсінік бере отырып, экологияның бөлімдерін,оның

зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы

ұғындыру.

 

Тапсырма:

1 «Тіршілік ортасы», «мекен ету ортасы» және «мекен ету ортасының жағдайлары» ұғымдары туралы түсінік.

2 Ағзалардың қоршаған ортасына бейімделуі

3.Экология және жалпы адамзат бағасы.

4.Қаладағы экологиялық ортаның ерекшелігі.

5.Табиғи орта және адамның денсаулығы.

 

Сұрақтар:

1.Экология ғылымының қалыптасуы неше кезеңнен тұрады?

2.Экожүйе деген не?

3.Ноосфера деген терминді ғылымға енгізген кім?

4.Экологиялық валенттілік деген не?

5.Топырақтың қышқылдығына қарай организмдер қалай топтастырылады?

6.Продуцент, консумент, редуцент дегеніміз не?

7.Биогенді элементтер олардың айналымы.

8.Экологияның жалпы заңдылықтары.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

2.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

3.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж.

 

Тақырыбы: Аутэкология – ағзалар экологиясы

Дәрістің мақсаты: Жекелеген тірі ағзаларды,оның қоршаған ортасымен қарым –

қатынасын, тірі ағзаларға әсер ететін экологиялық фактордың

ықпалын ұғындыру.

Сұрақтар:

1.Фотопериодизм дегеніміз не?

2.Ағзалардың тіршілік орталарына нелер жатады және олар туралы түсіндір.

3.Судың қышқылдығы дегеніміз не?

4.Биологиялық ырғақтар туралы не білесің?

5. Экологиялық факторлар қалай жіктеледі?

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.

2.Ю.Одум «Основы экологии» Москва-1975 г.

3. Ю.Одум «Экология» Москва, Мир-1986 г.

4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж.

6. Риклефс Р. Основы экологии. – М., 1979 г.

 

Тақырыбы: Демэкология - популяциялар экологиясы

Дәрістің мақсаты: Экологияның бөлімдері мен тематикасы туралы, популяцияның

негізгі қасиеттері.оның құрылымын ұғындыру.

Сұрақтар:

1.Популяция саны.

2.Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттері.

3.Популяцияның құрылымы.

4.Экологияның негізгі компоненттерінің экожүйелерінің деңгейлері.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.

2.Ю.Одум «Основы экологии» Москва-1975 г.

3. Ю.Одум «Экология» Москва, Мир-1986 г.

4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж.

6.Риклефс Р. Основы экологии. – М., 1979 г.

 

Тақырыбы: Биосфера - тіршілік қабаты.

Дәрістің мақсаты: Тіршілік қабаты биосферадағы байланыстар, ондағы тіршілік орталары тіршіліктің құрылым деңгейлері және ноосфера туралы ұғындыру.

 

Тапсырмалар:

1. Биосфера мен техносфера арасындағы бәсеке.

2. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық дағдарыстың көрінісі.

3. Қазіргі кездегі биосфера туралы түсініктің қалыптасуындағы В. И. Вернадскийдің жұмыстарының маңызы.

 

Сұрақтар:

1.Тіршіліктің құрылым деңгейлері.

2.Топырақ тіршілік ортасы.

3.Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар.

4.Су тіршілік ортасы.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука. – М., 1998.

2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

3.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

4.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

5. Гилярова А.М. Популяционная экология. – М., 1995 г.

 

Тақырыбы:Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі.

Дәрістің мақсаты: Қоршаған ортамыздың атмосфералық ауасының құрамы мен

құрылысын, оның ластану көздерін,ластанудан қорғау

жолдарын ұғындыру.

Тапсырмалар:

1. Сіз тұратын аудандағы шаңның негізгі көздері

2.Ақтау қаласының атмосфералық ауасының

Сұрақтар:

1.Атмосфераның шумен ластануы.

2.Транспорт түрлері – атмосфераны негізгі ластаушы көздер.

3.Өнеркәсіп орындары – атмосфераны ластаушы факторлар.

4.Ауаның шаңдануы және шаңның түрлері.

5.Радиацияның қоршаған ортаға әсері.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

10. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

11.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

12.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

Тақырыбы: Гидросфера – биосфераның

Дәрістің мақсаты: Гидросфера туралы негізгі мәліметтерді бере отырып, суды

ластайтын негізгі көздерді және ластағыштарды, оларды тазарту

жолдарын ұғындыру

Тапсырмалар:

1. Маңғыстау суларының экологиялық жағдайы

2. Қошқар Ата улы көлінің экологиясы.

Сұрақтар:

1.Су ресурстарының биосферадағы, адамзат қоғамындағы ролі.

2.Табиғи сулардың химиялық ластануы.

3.Гидросфераның антропогендік ластануы.

4.Климат және мұхиттар.

5.Тұщы су тапшылығы мәселесі.

6.Ағызынды суларды тазарту әдістері.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Экология» Ә.С.Бейсенова.,Шілдебаев Ж.Б., Мауытбаева Г.З;

Алматы,2001-13-18бет.

2.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

3.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж.

4. Риклефс Р. Основы экологии. – М., 1979 г.

 

Тақырыбы: Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау

Дәрістің мақсаты: Литосфера туралы түсіндіре отырып, топырақтың

құнарлылығы,топырақтың құнарлылығының бұзылуы және

оның түрлері, топырақты қалпына келтіріп, қорғау туралы

ұғындыру.

Тапсырмалар:

1. Маңғыстау өңірінің топырақ сипаттамасы.

2.Топырақты қайта құнарландыру жұмысының жүргізілу нәтижесі.

3.Топырақ эррозиясының ауаға және су ресурстарына әсері.

4.Топырақтың екінші ретті сортаңдануының себептері

Сұрақтар:

1. Топырақ дегеніміз не және оның маңызы?

2.Топырақ эррозиясы?

3.Топырақтағы гравитациялық су деген не?

4.Топырақтың биологиялық ластануы қалай жүреді?

5.Топырақтың минеральды бөлігі қандай химиялық элементтерден тұрады?

Ұсынылған әдәбиеттер:

1. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Алматы – 2005 4-15 бет

2. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

3.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

4.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

7-Бөлім

Бақылау - өлшеу құралдары:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1.Экология терминін алғаш енгізген кім?

2.Экология пәні нені зерттейді?

3.Экологияның негізгі мақсаттары қандай?

4.Экологияның бөлімдері?

5.Тіршіліктің пайда болуы туралы ғалымдардың ой-пікірлері?

6.Аутэкология дегеніміз не?

7.Экологиялық факторлар дегеніміз не?

8.Популяция дегеніміз не?

9.Популяцияның саны?

10.Популяцияның жасы, жыныстық құрамы?

11.Популяцияның сипаттамаларына нелер жатады?

12Популяцияның тығыздығына факторларлардың әсері қандай?

13.Экологияның түрлері?

14.Экожүйеге қышқыл жаңбырлардың әсері қандай?

15.Радиация және денсаулық?

16.Автотрофтар дегеніміз не?

17.Консументтер дегеніміз не?

18.Экология ғылымының қалыптасуы неше кезеңнен тұрады?

19.Экожүйе деген не?

20.Ноосфера деген терминді ғылымға енгізген кім?

21.Экологиялық валенттілік деген не?

22.Топырақтың қышқылдығына қарай организмдер қалай топтастырылады?

23.Эндопаразиттер деген қандай организмдер?

24.Бәсекелестік тіршілік ету дегенді қалай түсінесіз?

25.Дене температурасын реттей алмайтын жануарлар түрлері ғылыми

тұрғыда қалай аталады?

26.Биосфераның қабаттары?

27.Биосфераның құрылысы мен сипаттамасы?

28.Ноосфера дегеніміз не?

29.Атмосфераның табиғи құрамы қандай?

30.Атмосфера құрамын зерттеген кім?

31.Атмосфераның құрамын зерттеу туралы тәжірибе?

32.Атмосфераның тіршіліктегі маңызы?

33.Атмосфераны ластаушы көздер?

34.Қышқыл жаңбырлар қалай түзіледі?

35.Озон қабатының маңызы?

36.Атмосфераның ластануының адам ағзасына әсері қандай?

37.Атмосфераны тазарту жолдары?

38.Атмосфераның ластануына бақылау қалай жүргізіледі?

39.Атмосфераға тікелей әсер дегенді қалай түсінесің?

40.Ауа тозаңы деген қандай ұғым?

41.Су қорғау белдемі қандай ұғым?

42.Қазақстан жеріндегі радиациялық апатты аймақтарын сипаттаңыз?

43.Радиация әсерінен адам қандай ауруға шалдығады?

44.Судың зиянды әсері қандай?

45.Қалдықсыз өнім өндірісі?

46.Су және оның маңызы?

47.Табиғи сулар?

48.Ағызынды сулардың сипаттамасы?

49.Ағызынды суларды тазартудың механикалық әдісі?

50.Суды азартудың биологиялық әдісі?

51.Суды азартудың химиялық әдісі?

52.Су ресурстарын қорғау қалай жүзеге асырылады?

53.Шығу тегі мен құрамына қарай ағын су қандай топқа бөлінеді?

54.Әлемдік мұхиттың аумағы қанша?

55.Минеральды су деген не?

56.Қазақстанның ірі су көздері?

57.Адам суды қандай мақсатта қолданады?

58.Судың тұздылығы деген не?

59.Халықаралық озон қабатын қорғау күні қашан?

60.Биологиялық әралуандылық туралы конвенциясы қашан қабылданды?

61.Топырақ дегеніміз не және оның маңызы?

62.Топырақ эррозиясы?

63.Топырақтағы гравитациялық су деген не?

64.Топырақтың биологиялық ластануы қалай жүреді?

65.Топырақтың минеральды бөлігі қандай химиялық элементтерден тұрады?

66.Литосфера терминін ғылымға енгізген кім?

67.Топырақтағы шекті рауалы концентрациясының маңызы неде?

68.Беттік эрозия деген не?

69.Рекултивация ұғымын сипаттаңыз?

70.Эрозия процестеріне тойтарыс беру үшін қандай шараларды жүзеге

асыру қажет?

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК- ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫ

ТЕСТТІК СҰРАҚТАР ЖИНАҒЫ

Экология пәні бойынша

050704- «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығына арналған

 

Құрастырушы: аға оқытушы Саулебаева Г.Қ.

Ақтау - 2007

 

ӨОТ – 614.8.084

 

Құрастырушы: аға оқытушы Саулебаева Г.Қ.

«Экология» пәні бойынша тесттік тапсырмалар

жинағы. Оқу- әдістемелік жетілдіру – Ақтау: АқтМУ, 2007 ж.

 

 

050704- «Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарына

арналған тесттік тапсырмалар жинағы 300 тесттік сұрақтардан құралған және меңгерілген білімін тағы басқа да бақылауға және өзіндік аттестацияға арналған.

Тесттік тапсырмалар жинағы студенттердің білім дәрежесін анықтауға мүмкіншілік береді.

 

 

Құрастырушы: ___________________________ «____» _____________ 2007 ж.

(қолы, күні)

 

Кафедра меңгерушісі: профессор Кенжетаев Г. Ж.

 

___________________________________ «____»__________ 2007 ж.

(қолы, күні)

 

 

$$$ 1.Грек тiлiнен аударғанда «oicos» сөзi ненi бiлдiредi?

А) үй, мекен

В) бiлiм

С) ғылым

D) экология

E) тiрi ағза

 

$$$ 2.Тiрi материяның қандай басты деңгейлерi болады?

А) молекулалық, жасушалық, ағзалық

В) популяциялық, экожүйелiк

С) биосфералық, молекулалық, ағзалық

D) молекулалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық,

экожүйелiк, биосфералық

E) молекула, экожүйе, ағза

 

$$$ 3.Экожүйе мынадай болады:

А) жасанды

В) космостық және жер бетiлiк

С) жасанды және табиғи

D) табиғи

E) космостық және сулық

 

$$$ 4.Жер өзегін қоршап жатқан қабат не деп аталады?

А) мантия

В) ядро

С) литосфера

Д) биосфера

Е) географиялық қабық

 

$$$ 5.Табиғи ресурстар былай бөлiнедi:

А) қалпына келетiн және қалпына келмейтiн

В) климаттық және сулық

С) минералдық және космостық

D) биосфера ресурстары және сарқылатын ресурстар

E) сарқылатын және сарқылмайтын

 

$$$ 6.Экологияның басты бөлiмдерiне жатпайды:

A) биоэкология, геоэкология

B) адам экологиясы, қолданбалы экология

C) теоретикалық экология, әлеуметтiк экология

D) геоэкология, адам экологиясы




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 4570; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.273 сек.