КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция № 3 7 страница
Балқаш көлін тілге тиек етсек, ол республика экономикасы мен. экологиясына орасан зор зиян келтіруде. Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың т жеңіл органикалық заттектермен, 8 мың тоннадай минералды азотпен, 5 мың т фтормен, 2 мың т темірмен, 1,5 мың т бормен, 0,7 мың т броммен, 70 т минералды фосформен, 60 т пропанамидпен, 3,4 т дихлоранилинмен, т. б. улы заттектермен ластанады. Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су шайындыларын, улы заттектердің қоспасын жіберуде. Осылайша екінші Аралды қолдан жасап алуымыз да мүмкін. Су o6ъeктілерін ластанудан қорғайтын шараларға: • сусыз және суды аз мөлшерде қолданатын технологияларды • тиімсіз сыраптанып жұмсалатын су көлемін жаңа технологияларды ендіру арқылы азайтуды. Су қорғау белдемі. Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су объектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп үстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өciмдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгіленеді. Су қорғау белдемі деп арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс-әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады. Көл, өзен, бұлактардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабында тыйым салынады: • жерді жыртугға; • авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге; • пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы. химиялық • тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы кешендерірінің сұйық ағындысын пайдалануға; • мал шаруашылығының тұрақты және жазғы фермаларын құруға; • орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға; • улы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, Мұнда, әдетте, шаруашылық ic-әpeкеттері шектелген немесе тыйым салынған және орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жер үcті және жер асты суын ластанудан қорғау үшін су қоймаларын жағалай орман өcipy қажет, ce6e6i ормандық төсеніштің, яғни шіріген жапырақтардан, қылқандардан, бұтақтардан және жануарлар қалдықтарынан жиналған қабаттын суды ciңipyre және оны топырақ арқылы сүзілуіне қосатын ролі зор. Ормандар су қоймаларының гидрологиялық тәртібін реттеп, топырақтың эрозияға үтырауына кедергі келтіріп түрады, ал оның төсеніші сүзілу процесін күшейтеді. Сүзілу процесінде ластағыш заттектер топырақ коллоидтарымен тұтылып қалады, ал олардың 6ipaз бөлігі микроорганизмдермен ретке келтіріледі. Суды пайдалануға лицензиялары болған жағдайда су қорғау белдемінің жаға жиегі алқабында дем алатын орындарды, сумен қамтамасыз ететін объектілерді, балық және аңшылық шаруашылықтарын, сонымен қатар су алатын, порт және гидротехникалық ғимараттарын орналастыруға болады. Су қорғау белдемінің шеқарасы мен қолдану тәртіптері үкімет тарапынан белгіленеді. Өзендердің су қорғау белдемі аумағының шамасы оның қайнар көзінен басталатын жазғы кездегі ұзындығына байланысты келеді: Көлдердің акваториясына қарай белгіленетін аумақтың көлемі 2 км2 - 300 м, одан жоғарыларға 500 м. Су қорғау белдеміндегі табиғи ресурстарды қорғауды, су көлемі мен сапасын ұстап тұруды жэне де басқа шектелген шаруашылық ic-әрекеттерін қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі. Біздің планетамызда маңызды тіршілік кездің 6ipi мұхит, сондықтан әр азамат оның экожүйесінің сақтауға міндетті. Мұхиттың биологиялық ресурстарын шектен тыс пайдаланбау және оны әр түрлі улы заттектермен (мұнай, пестицидтер, ауыр металдар, биогенді заттектер және т. б. ластамау мақсатында мұхиттың экологиялық және экономикалық белдемдері белгіленеді. Экологиялық белдемнің ең негізгілері жағалық белдем (литораль), ашық теңіздік белдем (пелагиаль, батиаль) және тереңсулық белдем (абиссаль). Литораль дегеніміз ені 1 км-ге, кейде 10-15 км-ге жететін, түрлі су өсімдіктері өсетін, мұхиттардағы толысу кезінде су басатын және судың қайтуы кезінде құрғап қалатын жағалау бөлігі. Пелагиаль - мұхиттың бірқатар тік зоналарын қамтитын су қалындығы, бұл мұхиттың түбіне байланыссыз гидробионттардың тіршілік ететін аймағы. Абиссаль -Элемдік мұхит түбінің 75%-тен астам ауданын қамтитын тіршілік таралуының экологиялық белдемі. Мұхиттың экономикалық белдемі дегеніміз халықаралық тұрғыда бекітілген, әр түрлі мемлекетке қарасты жататын кеңістігіндегі мұхит суы мен түбінің межеленуі. Бұл аумақтық суларға -12 миль және іргелес белдемге - 24 - 200 миль (1 теңіздік миль 1,85 км-ден артық) бөлінеді. Жағалық мемлекет осы учаскілердегі тipi және минералдық ресурстарды бақылауда, өндеуде, сақтауда, сонымен 6ipre осы ресурстарды басқаруда, өндіруде, жалға беруде тәуелсіз құқыққа иелі. Мұхиттың экономикалық белдемінің дүниежүзілік ауданы шамамен 130 млн. км2 немесе мұхит айдынының 36%-тi.
Тексеруге арналған сұрақтар: 1.Су ресурстарының биосферадағы, адамзат қоғамындағы ролі. 2.Табиғи сулардың химиялық ластануы. 3.Гидросфераның антропогендік ластануы. 4.Климат және мұхиттар. 5.Тұщы су тапшылығы мәселесі. 6.Ағызынды суларды тазарту әдістері. Ұсынылған әдебиеттер: 1. «Экология» Ә.С.Бейсенова.,Шілдебаев Ж.Б., Мауытбаева Г.З; Алматы,2001-13-18бет. 2.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж. 3.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж. 4. Риклефс Р. Основы экологии. – М., 1979 г. Дәріс: №8 Тақырыбы: Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау Дәрістің мақсаты: Литосфера туралы түсіндіре отырып, топырақтың құнарлылығы,топырақтың құнарлылығының бұзылуы және оның түрлері, топырақты қалпына келтіріп, қорғау туралы ұғындыру. Негізгі терминдер: Топырақ – сыртқы орта жағдайлары жылу, су,ауа,өсімдіктер мен жануарлар микроорганизмдердің әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер негізгі қасиеті - құнарлылығын қалыптасуына жағдай жасайды. Топырақтың құнарлылығы дегеніміз - оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтерімен сумен ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады. Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерешеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді. Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы. Сызықтық эрозия -тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы. Жел эрозиясы, не дефляция- топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы. Ирригациялық эрозия- суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді. Өндірістік эрозия -пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубоповодтарын салу кезінде байқалады. Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданының кемиуі. Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланылған жағдайларда қалыптасады. Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 1.1 Литосфера туралы түсінік. Литосфера − жердің қабығы, құрамы, силикаты,30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера церкулиясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасында айналымы - кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір –бірімен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельфімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болады.Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа алғаш рет М. В. Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым –қатынас деп көрсетті. Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады.Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компонеттерінің бірі ретінде Адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей жанама әсерлерді тепе- теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық –түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын - шашын жинақтау мен су баланысын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау. Топырақ – сыртқы орта жағдайлары жылу, су,ауа,өсімдіктер мен жануарлар микроорганизмдердің әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер негізгі қасиеті - құнарлылығын қалыптасуына жағдай жасайды. Топырақтың құнарлылығы дегеніміз - оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтерімен сумен ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл Адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі. Топырақ - барлық элементтердің аккумуляторы:ол оларды өзінде жинақтап,сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны,эрозия, құрғақшылық,т.б) әсеріне қарсы тұра алады.Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту,мал жаю,техниканы қолдану,т.с.с) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді.Топрақтың құнарлылығы адам іс -әрекетіне де байланысты. Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық – түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материялдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс,еңбек –байлықтың әкесі болса,топырақ – анасы деген. Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда,ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктердің топырақсыз өсірудің кез келген әдісі (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролін дәл өз мәнінде орындай алмайды.Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу қабілетін сақтап қалуға барынша жағдай жасау. Топырақ – биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элеметтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климатпен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процесттер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде. Топырақтың деградацияланудың) латын тілінен аударғанда - «төмендеу», «артқа кету») негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с Топырақты қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілермен салыстырғанда бірқатар өз ерешеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ.Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді. 1.2 Жел және су эрозиясы Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріп жатады. Су,жел,антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабатының сумен шайылуы, желмен ұшу құбылыстары эрозия деп аталады. «Эрозия» термині латынның erodre-бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су, не желмен шайылуы, бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0,5-0,2 см / 100 жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000 жыл қажет болар еді, бұл қабаттың жойылуы кейде 20 - 30 жыл, тіпті кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін. Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді. Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады. Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жойылып біткен, топырақтың табиғи ерешеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді. Кең таралған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік, абразия, жайылымдық. Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы. Сызықтық эрозия -тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар суларының әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы. Жел эрозиясы, не дефляция- топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желмен ұшуы. Ирригациялық эрозия- суармалы егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшердегі су массасының берілуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болса да тегіс болмаса топырақтың қарашірігі сумен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді. Өндірістік эрозия -пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрғын үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубоповодтарын салу кезінде байқалады. Абразия кезінде (өзендер, басқа да су көздерінің жағалауларының құлауы) жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді. Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады. Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей пайдаланылған жағдайларда Қалыптасады. Бұл кезде топырақтың структурасы бұзылады,физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті- биологиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ- да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын әкеледі. Егіс далалары, әсіресе жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып,ауылшаруашылық дақылын өңдейді. Эрозия-құнарлылықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарының 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3 мыңнан аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 50 млн га құнарлы жер тозып бітті. Эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20-40 төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздарының жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 жылда барлылығы 160 млн га жердің 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз.Эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4 млрд тонна құнарлы қабаты жойылып отырады. Жерорта теңізінің жағалауларында орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді Сисарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Канада, Индия, Пакистан мен Қытайдың бірқатар жерлері эрозияға ұшыраған. Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді. 1.3. Топырақты эрозиядан қорғау Топырақтың эрозиясымен күресу – егін шаруашылығындағы ең негізгі мәселелердің бірі. Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі шаруашылық -ұйымдастыру жұмыстары.Бұл –территорияны дұрыс ұйымдастыру.Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясымен ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ – эрозиялық жоспарлар жасалынгып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізеді. Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденең жер жырту, ал биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады. Аротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қабаттарды жасау да жатады. Дефляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады. Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман –мелиорация жұмыстарын жүргізуде үлкен роль атқарады. Топырақ құрғақшылық пен ыстық жерлерден эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А.Т Болотов, В.В. Докучаев, Н:М сибирцев, т.с.с үнемі атап көрсеткен. Эрозиямен күресу жолдары: 1. Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1722; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |