Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 3 5 страница




Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Жер – организмдер үшін тұрақты мекен, өсіп-өніп көбейетін қолайлы орта. Ауа организмдер үшін тыныс алуға қажет. Топырақтағы организмдер оның әр түрлі деңгейінде тіршілік етуге бейімделген. Құстар жердің бетіне ұя салса, одан соң жәндіктер, әр түрлі құрттар, кеміргіш сүтқоректілер, борсықтар, суырлар, жыландар топырақта тіршілік етеді. Топырақ - өсімдіктердің негізгі тіршілік ортасы. Ал ауаға ұшып шығатындары аэробионттар деп аталады. Оларға, негізінен, құстар, жәндіктер және кейбір сүтқоректілер жатады. Ауаға көтерілу құстар мен жәндіктер үшін өте қажет және тіршілігі үшін маңызды.

Қазіргі кезде ауа мен топырқтың ластануы құрлық ортасын бұзып, организмдерді жоюда. Топырақтың тұздануы, эрозияға ұшырауы, шөлге айналу процесі, лластануы организмдерді сиретіп отыр. Ал организмдердің азаюы өз кезегінде топырақ кеңістігіндегі зат және энергия алмасуды тежеп, табиғи тепе-теңдікті бұзады.

Су тіршілік ортасы – тіршіліктің алғашқы пайда болған жері екенін биология пәнінен білесіңдер. Су – барлық органикалық заттардың жинақталған орны әрі температурасы тұрақты, қолайлы сұйық орта. Су ортасы да өзінің әр түрлі қасиеттерімен тірі организмдердің жіктеліп тіршілік етуіне ықпал жасайды. Суда тірі организмдер өте көп және әр түрлі. Мұнда балдырлар, қарапайым құрттар, жәндіктер, былқылдақденелер, тікентерілілер, балықтар,қосмекенділер, ірі сүтқоректілер де тіршілік етеді.

Су ортасының да түрлі заттармен ластануы организмдер үшін қолайсыздық туғызуда. Мәселен, Арал теңізінің суы тартылып, оның флорасы мен фаунасы сиреп, әсірісе балықтар құрып кетті.

Топырақ тіршілік ортасы – тіршілік атаулының екінші мекені. Өзінің сан алуан құрылымымен топырақ барлық ортаға тән. Теңіз түбі, жағасы, құрлық, жер асты қабаттары, биік таулар, шөлдер барлығы да өзіне тән организмдер үшін қолайлы тіршілік ортасы болып табылады. Өсімдік жамылғысының, көптүрлілігін топырақсыз елестетуге болмайды. Соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануы, жер ресурстарына түскен салмақ ондағы организмдердің тіршілік ортасын бұзып, оларды ығыстырып отыр. Кейбір әлсіз түрлер құрып кетуде.

Өзін - өзі тексеру сұрағы:

1.Тіршіліктің құрылым деңгейлері.

2.Топырақ тіршілік ортасы.

3.Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар.

4.Су тіршілік ортасы.

5.Биосфера дегеніміз не?

6.Ноосфера дегеніміз не?

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 138 – 158беттер.

 

2. Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука. – М., 1998 г.

3. Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

4.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

5.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

Дәріс №6

Тақырыбы:Атмосфера –биосфераның негізгі құрам бөлігі.

Дәрістің мақсаты: Қоршаған ортамыздың атмосфералық ауасының құрамы мен

құрылысын, оның ластану көздерін,ластанудан қорғау

жолдарын ұғындыру.

Негізгі терминдер:

Тропосфера – атмосфераның жер бетіне ең жақын (полюстерде 7-10 км, экваторда 16-18

км) қабаты.

Стратосфера –тропосфераның жоғарғы жағында 40 км-ге дейін созылатын атмосфераның

қабаты.

Минералдық шаң – тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандардың атқылауы,

орман, дала торфтарының өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы нәтижесінде

түзілетін шаң.

Органикалық шаң – ауада аэропланктондар – бактериялар, саңырауқұлақтардың

споралары мен өсімдіктердің тозаңдары тағы басқа түрінде және өсімдіктер мен

жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болатын шаң.

Космостық шаң – жанған метеориттердің қалдықтарынан түзілетін шаң.

 

 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Атмосфера құрамы мен құрылысы

Жер атмосферасы (грекше:atmos-бу және sphaira-шар)-Жерді қоршап тұрған газды қабықша.Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз.Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна.Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп,адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.

Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше,ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі темперутурадағы бірнеше аймақтардан тұрады.

Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат құрылымнан тұрып,тропосфера,стратосфера,мезосфера және термосферадан тұрады.1000км және одан ары қарай экзосфера болып,онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады.Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады.

Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты «тропосфера» деп аталады.Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі -10-12км,экваторда -16-18км,полюстерде -7-10 км.Осы қабатта жауын-шашын,бұлттар түзіліп,найзағайлар күн күркіреуі жүреді.Тропосфераның жоғарғы жағында 40км-ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан.Онда ылғалдылық біршама төмен,атмосферадағы озонның көп бөлігі осы қабатта жинақталған,озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп,атмосфераны қызып кетуден сақтайды.

Стратосферадан кейін 50км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан.Мезосферада температура одан қарай төмендеп,80км биіктікте -70ºС-қа түседі.Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан,онда 500-600км биіктікте ауа биіктеген сайыв сұйылып,қысым төмендейді.

Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан.

Атмосфераның 400-600км биікке дейін ғана сақталатын газды құрамы 1 кестеден берілген.

1 кесте

Атмосфераның төменгі қабаттары мен таза құрғақ

ауаның химиялық құрамы.

 

Компоненттер   Мөлшері Компоненттер Мөлшері
Массасы бойынша,% Көлем бойынша,% Массасы бойынша,% Көлем бойынша,%
Азот 75,52 78,09 Азот оксиді 2,5х10-3 2,5х10-4
Оттек 23,15 20,94 Сутек 3,5х10-4 5х10-3
Аргон 1,28 0,93 Метан 0,8х10-4 1,5х10-4
Көміртек оксиді 0,046 0,033 Азот диоксиді 8х10-5 1,5х10-4
Неон 1,2х10-3 1,8х10-4 Өзон 10-6-10-5 2х10-6
Гелий 7,2х10-3 5,2х10-4 Күкірт диоксиді - 2х10-8
Криптон 3,3х10-4 1х10-4 Көміртек оксиді - 1х10-5
Ксенон 3,9х10-5 8х10-6      

 

Атмосфера биогеоценоздың компоненті ретінде топырақ бетіндегі,топырақтағы және топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды.

Атмосфералық ауа –түрлі газдардың қоспасы.Оның құрамындағы 78,08% азот,20,9% аргон,0,03% көмірқышқыл газы бар.Ал қалған 0,01% басқа неон,гелий,метан,радон,ксенон,т.б. газдардың үлесніе тиеді.Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ.Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі.Өсімдіктер су мен көмірқышықылынан фотосинтез процессі кезінде оттекті бөледі.Ал басқа барлық тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі.Көмірқышқыл газы атмосфераға тірі организмдердің тыныс алуы,отын түрлерінің жануы,органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінеді.Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организміне зиянды әсер етеді.

Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі.Ол біріншіден,фотосинтез үшін оттектің көзі.Ол тірі организмдерді космостық сәулелерден қорғайды,Жерде жылуды сақтайлы,климатты реттейді,зат алмасудың газ тәрізді өнімдерін қабылдайды,планетада су буларын тасымалдайды,бұлт жауын-шашын түзілетін және басқа да метеорологиялық процесстер жүретін орны,ұшатын организмдер үшін тіршілік ортасы болып саналады,топырақтың құнарлылығына әсер етеді,т.с.с.

Ғалымдардың пікірінше,қазіргі заманғы атмосфераның шығу тегі екінші реттік және ол жердің қатты қабықшасынан планета түзілгеннен кейін бөлінген газдардан түзілген.Жердің геологиялық таихы барысында жердің атмосферасын түрлі факторлар:атмосфералық газдардың космос кеңістігіне бөлінуі, вулкандардың әрекетінен газдардың бөлінуі,күннің ультракүлгін сәулелері әсерінен молекулаларының ыдырауы,атмосфера компоненттері мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нәтижесінде бөлетін газдар әсерінен үлкен эвалюцияның басынан кешірді.

Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, солсияқты тірі оргонизмдердің тіршілік әрекеттерімен тығыз байланысты. Атмосфера Жердің беткі қабатын оның қалың қабаттарына өту кезінде көпшілігі жанып кететін метеориттердің зиянды әсерінен сақтап тұрады.Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен әсер ететін тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өз кезегінде осы атмосфралық жағдайларға тікелей байланысты.Атмосфера тірі организмге зиянды әсер ететін Күннің ультракүлгін көп бөлігін ұстап қалады.Атмосфералық оттегі өсімдіктермен жануарлардың тыныс алу процесстеріне қатысса,ал көмір қышқыл өсімдіктердің қоректенуіне қатысады.Климаттық факторлар әсіресе,жылу режимдерімен адамдардың денсаулығымен тіршілік қызметіне әсер етеді.Планетадағы оттегі тірі заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады.Ал оның бүкіл массасын 2 мың жылда тірі организмдер сіңірсе,көмірқышқылын 300-395 жылда сіңіреді.

Жер атмосферасының газ құрамы ерекше.Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы негізінен сутек пен гелийден,Марс пен Венераның атмосферасы-көмірқышқылы газынан тұрса,Жердің атмосферасы азот пен оттектен тұрады,сол сияқты аз мөлшерде аргон,көмірқышқыл газы,неон және басқа тұрақты ауыпалы компоненттер бар.Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компоненті су буының негізгі массасы тропосферада,өйткені атмосфераның қабаттары жоғалаған сайын оның концентрациясы азая береді.

Атмосфералық процестерге әсіресе стратосфераның жыылу режиміне озон үлкен әсер етеді.Озон стратосферада жинақталып,күн радиациясының ультркүлгін сәулелерін сіңіреді.Ендік пен жылдың мезгіліне байланысты озонның бір айдағы орташа мөлшері өзгеріп отырады,оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм аралығында болады.Жалпы табиғатта озонның мөлшері экватордан полюстерге қарай жоғарылайды.Қазіргі кезде адамның шаруашылық тіршілік әрекетінің әсерінен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына әсер ететін фреондар (хладондар) деп аталатын галогенді қосылыстар.Бұлқосылыстар бөлме температурасында қайнайды, өте ұшқыш, Жердің бетінде химиялық инертті, мұздатқыш қондырғылар қолданылады. Фреондар статосфераға көтеріліп, фотохимиялық айырылу реакциясына түсіп,біздің планетамызды ультракүлгін сәулелерден сақтайтын, озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың котолизаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледі. Қазіргі кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау –мониториинг жүргізілуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зардаптарға әкелуіне байланысты бірқатар елдер қазіргі кезде фреондар өндірісі мен пайдаланудың қысқартып тоыр, дегенменде жалпы әлемге бұл көрсеткіш әлі де жоғары күйінде қалғандықтан,олардың атмосферадағы концентрациясы жылдан жылға ұлғайып отыр.

Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты атмосферадағы біркелкі таралмаған. Солтүстік жарты шар атмосферасында оңтүстікке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.

1.2.Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерінкең масштапта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарлауда.Нәтижесінде табиғаттағы қөміртектің айналымы бұзылды деуге болады.Академик А.П.Виноградов нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2 %-ға ұлғайып отырғанын анықтады.Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. Тонна оттегі жұмсаған болса,соның 246 млрд. тоннасы яғни (90% пайызға жуығы)соңғы жарты ғасырда ғана жасалған.көміртек айналымы бұзылуымен атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарлауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік)жолмен ластанады.

Табиғи ластану.Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады.Шаң табиғата жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.Шаңның ұш түрі болады:минерарлық,органикалық және космостық.Тау жыныстарының үгітілуімен бұзылуы,вулкандар атқылауы,орман,дала торфтардың өртенуі теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар-бактериялар, саңрауқылақтардың споралары мен өсімдіктерінің тозаңдары,т.б. түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырауы ашу,шіи өнімдері түрінде болады.Космостық шаң жанған метериттердің қалдықтарынан түзіледі,бір жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді.Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады.Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейоргоникалық болуы мүмкін,олардың радиусы шамамен 10-3-10-4 және топырақпен тау жыныстарының үгітілуі, вулкан атқылауы,орман,дала торфтардың өртенуі немесе беттеріне булану нәтижесінде түзілу мүмкін.

Жасанды ластану.Атмосфераның ластаушылардың ең негізгілері транспорт түрлері әміресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып табылады.Франсуз ғалымы Ж.Детридің есептеулері бойынша,автомибельден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл газы 9 % көміртек оксиді 4%, көмірсуттектер 0,5%,оттек 4%,сутек 2%,альдегиттер 0,004,азот окситтері 0,06%,күкіртоксидтері 0,006% барлығы 200-ге жақын компонентер бар екенін анқтады. Қоршаған ортаға көміртек күкірт және азот оксидтерімен бірге бинзиннің құрамына кіретін канцерогенді заттар,мысалы 3,4-бензоперен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді.

Атмосфераға транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25-27 % қорғасын анықталған.Және оның 40% диаметрі 5 мк –ге дейін болғандықтан ауада ұзақ сақтасып,онымен адам организміне белгілі болды.

Атмосфераның радиоктивті заттармен ластануы

Атмосфераның радиоктивті ластану нәтижесінде радиациялық әсер ету байқалатын болғандықтан өте қауіпті болып саналады. Радиациялық әсер-радиактивті заттардан бөлінетін радиактивті сәуллердің әсері.бұл сәулелер кейбір химиялық элементтердіңн атом ядроларының ыдырауы кезінде сыртқы ортаға бөлінеді. Бөлінген радиоактивті сәулелер адам организмінің тірі тканьдері арқылы өтіп,биологиялық процестердің бұзып, организмді түрліше физикалық, химиялық және физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерістер туғызады.

Радиоактивті элементтердің өндіру мен атом қондырғылары, двигателдерін іске қосу жұмыстары кезінде атмосфераға өте қауіпті радиоактивті заттар бөлінуі мүмкін. Радиоактивті заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрінде болады, олардың азғантай дозасының өзі адамның нерв системасы, жұмыс бездері, ас қорыту,тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметіне зиянды әсер етеді.

Атмосфера радиоактивті заттар мен әсіресе, атом және сутекті бомбаларды жарылуы кезінде ластанады. Атом жарылғысы кезінде түзілген изотоптардың жартылай ыдырауы кезеңдері түрліше. Әсіресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңі 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңі 33 жылдан кейін) өте қауіпті. 1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бамбалары ондағы мың адамдардың өмірін қиды, оның зардаптары әлі күнге дейін сақталуда.

1963 жылы Москва қаласында бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердің біразы бірігіп, ядролық қаруды атмосферада, космос кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қойды. Бұл келісімнің адамдардың денсаулығын сақтау мен бүкіл тіршілікті қорғауды үлкен маңызы бар.

Атом энергиясын кең масштабта қолданылуын нәтижесінде атом өндірісінің қалдықтары көбеюде.

Енді осы қалдықтарды зиянсыздандыру проблемасы да туындап отыр. Бұл проблеманы Ақш пен Англия атом өндірісі мен қалдықтарын Атлантика мұхитына тастайды, Франция ескі темір жол тюнельдеріне сақтайды, ал біздің елімізде жердің терең қабатына көміледі, бұл ең зиянсыз және тиімді жол болып саналады.

Атмосфераның шумен ластануы

Ғылым мен техниканң қарқынды дамуы кезеңінде атмосфераның шумен ластануы да бірқатар зардаптары тигізуде. Денгейі шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесіне әсер етеді,есту органдарының қызметін нашарлатып,тіпті кейбір жағдайда жүйке-психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады.Бұнымен қатар гипертония,асқазанныңд жарасы,организмнің эндогриндік системаның бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына,нерв клеткаларының дигеннерациялануына әкеп соғады.Үздіксіз қатты шу еттер мен миға қанның жетуі қыйындайды. Деңгейң 130 децебильден босатын асатын шу такустикалык травмалар туғызады.

Батыстың бір қатар елдерінде әскери аэродрамда адамдағы елді мекендер тұрғындарының үнемі ұшып тұратын реактивті самолеттердің шумнан жүректің меокарді инфаркт, жыныс органдары қызметінің әлсіреуі жиілеген.Ал кенеттен болған қатты шу әсерінен жүректің тоқтап қалуы да байқалады.Жануарларда да,әсіресе үй құстарында жұмыртқалар салу,сиырлардың сүт беру қабілеті төмендейтіні байқалған.

Осыған байланысты шудың әсерінен төмендету үшін біраз шаралар жүзеге асырылады.Мысалы, үлкен қалаларда жасыл өсімдіктер шудың деңгейін біршама төмендетеді.Олар түскен шу энергиясының 20 % жұтады.Бұнымен бірге шуды сіңіруші конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмосфераның шумен ластануынан қорғайды.

 

1.3.Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.

 

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін әрқашан зиян. Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп соғады. Тіпті кейбір жағдайларда улы заттардың жинақталуы нәтижесінде адамдардың аса қауіпті аурулары мен өліміне себеп болады.Мысалы,Лос-Анжелес қаласында,Калифорнияда,Британ аралдарында сол сияқты ФРГ мен бірқатар елдерлде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атиосферада жинақталуы нәтижесінде смог деп аталатын қалың тұман байқалады.

Лондонда смогтар XIX ғасырдың соңынан бастап – ақ белгілі болған. Әсіресе

1952 және 1956 ж-ры болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкірт ангидриді, азот окситтері,альдегидтер, хлорлы көмірсутектер т.б.) мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит аурумымен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерәнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған.1968 жылы Лондонда «Ауа тазалығы туралы заң» қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140 жуық зиянды заттар болады.Олардың көпшілігі түссіз, иіссіз болып организмге бірден әсер ете қоймайды. Медициналық санитарлық зерттеулер нәтижесінде адамның денсаулығына зиянды заттардың бірлесіп әсер етуі аса қауіп туғызатындығы белгілі болды.

Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын рашарлатып, жұмыс қабілетін төмендетіп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенің түрлі аурулары, организмің жалпы улануын туғызып, түрлі ауруларға қарсы тұра алу қабілетін төмендетеді.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерінен шыққан газдар, түтін, ірі қалалардың үстінде пайда болатын түрлі шаңдар Күн сәулесінің Жердің бетіне түгел түсуіне кедергі келтіреді. Мысалы, Париж қаласының маңындағы өндіріс орындары аз аймақтарда ультракүлгін сәулелер 3 % болса, заводтар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда 0,3% қана болған. Ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігі балаларда авитаниноз және рахит ауруларын туғызатыны белгілі.

Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады.

Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы және мишьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабілеті төмендейді.

Бірқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкіртті газ, мышьяк, сурьманың әсерінен улану оқиғалары көп кездеседі.

Өсімдіктер үшін әсіресе улы болып саналатын күкірттің фтор, хлордың қосылыстарымен көмірсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлккен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардың бұл газдарға өте сезімтал- арпа, көкөністерден- шпинат, капуста,салат, редис.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1696; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.