Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 3 2 страница




Амменсализм. Бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Мысалы, зең саңырауқұлақтарының бактериялармен қатынасы. Зең асңырауқұлақтары бөліп шығарған аантибиотиктер бактерияларды жояды.

Жыртқыштық. Популяциялардың біреуі екіншісінен қолайсыз әсер ете отырып,пайда алады. Әдетте жемтігін жыртқыш өлтіріп, онымен қоректенеді. «Жыртқыш – жемтік» қатынасының негізінде қоректену тізбегі жатыр. Жыртқыштарды зиянды жануарлар деп бір жақты қарастырға болмайды. Себебі, әдетте жыртқыштың аузына ауру және әлсіреген даралар түседі де, аурудың таралуының алдын алып, популяцияны сауықтырады. Мысалы, қасқырлар орманды тундра мен тундрада солтүстік бұғыларының интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.

Паразитизм. Бір түр (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түраралық қарым-қатынастарды паразитизм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалануы нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның ас қорыту жолына түскен құрттар ересек таспа құртына айналып, сорғыштармен ішек қабырғасына бекінеді. Адамның ішектері құртты сумен, қорекпен және жылы ортамен қамтамасыз етеді.

 

Биотикалық қатынастардың түрлердің санын реттеудегі маңызы. Түраралық қарым-қатынастар биоценоздардағы ағзалар санының динамикасында зор роль атқарады. Жыртқышты жемтіктерін жоя отырып, олардың санына әсер етеді. Паразиттердің де әсері осындай, иесін әлсірете отырып, олардың көбеюін тежейді, тіпті өліміне де әкеліп соқтыруы мүмкін.

Бәсекелестік қатынастарды, жыртқыштық пен паразитизм құбылыстарына ертеден экологтар назар аударып келген. Солардың ішінен А Лотканың (1923-1925) жұмыстары ерекше орын алады. Ол алғаш рет жануарлардың паразит-иесі жүйесіндегі өзара қатынастардың математикалық үлгісін ұсынды.

А. Лодканың жасаған тұжырымы: паразиттердің өздерінің иелерін жоюы тек паразиттердің санына ғана емес, иеснінің санына да тәуелді болады. Иесінің белгілі бір санына сәйкес келеді және иесінің популяциясының тығыздығының артуына байланысты паразит популяциясының тығыздығы артады. Паразит санының артуы иесінің санының кемуіне әкеледі де, соңғысы қайтадан паразиттер санының кемуіне әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттердің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады.

Мұнда динамикалық өзін-өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразиттің санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кездесіп келіп отырады. Паразит-иесі жүйесіндегі популяциялардың өзара әсерлесу үлгісі жыртқыш пен оның жемтігінің өзара әсерге толық сәйкес келеді.

Өзінің зерттеулер негізінде В. Вольтерр 3 заңды тұжырымдайды:

1) перидтық цикл заңы. Екі түрдің санының ауытқулары периодты болады. Жыртқыш пен жемтігінің популяцияларының өсу коэффициенті мен бастапқы салыстырмалы санына байланысты болады;

2) орташа шамалардың сақталу заңы. Екі түрдің популяцияларының ораташа саны

бастапқы санына тәуелсіз, популяцияның үлкеюі мен кішіреюі, жыртқыштардың көбею интенсивтілігі тұрақты болғанда, тұрақты болып қалады;

3) орташа шамалардың бұзылу заңы. Егер екі түрдің даралары олардың популяцияларының тығыздығына пропорционалды түрде жойылса, онда жемтігінің популяциясының орташа саны артады, ал жыртқыш популяциясында кемиді.

Бәсекелестік ығыстыру ережесі

Экожүйелердегі әр түрлі байланытардың түрлерінің, олардың жұмыс істеу механизмдерін түсіну үшін маңызда экологиялық түсініктердің бірі – экологиялық қойма ұғымын білу керек.

Әрбір түр немесе оның бөліктерінің (популяциялар, әр түрлі деңгейдегі топтары) қоршаған ортада белгілі бір орны болады. Мысалы, белгілі бір жануардың түрі өзі қоректенетін заттардың құрамын немесе қоректену уақытын, көбейетін орнын, баспанасын және т.б өз еркімен өзгерте алмайды. Келтірілген мысал экологиялық қойма не оның жекеленген элементтерін сипаттайды.

Экологиялық қойма дегеніміз – ағзаның табиғаттағы орнын және оның бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орныны, яғни қоршаған ортаға, қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б қатынасының жиынтығы. Бұл түсінік «мекен ету орнынан» көлемді және мазмұнды ұғым. О.Думның түсіндіруі бойынша мекен ету орны ағзаның «мекен жайы», ал экологиялық қойма оның «мамандығы» болып табылады. Бір жерде әдеттте әр түрге жататын көптеген ағзалар тіршілік етеді. Мысалы, орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендейді, бірақ олардың әрқайсысының өзінің мамандануы – экологиялық қоймасы болады.

Ормандағы қоян мен тиін бір жерде мекендейді. Бірақ, олардың экологиялық қоймасы әр түрлі: тиін негезінен ағашта тіршілік ететді де, ағаштың тұқымдары мен жемістерімен қоректеніп, сонда көбейеді. Қоянның бүкіл тіршілік циклі жер бетімен байланысты болады.

Егер ағзалар әр түрлі экологиялық қоймада орналасса, онда оларда бәсекелестік қатынастар болмайды. Мұндай қатынастарды нейтралды деп қарастырамыз.

Әрбір экожүйеде бір экологиялық қойманың не оның элементтерін қажет ететін (қорек, баспана, және т.б) түрлер болады. Мұндай жағдайда экологиялық қойма үшін бәсеке міндетті түрде орын алады.

1930-1934 жылдар аралығында Г.Ф. Гаузе инфузориялардың екі популяциясынан тұратын жүйеде эксперименттер жүргізді. Эксперименттерде жыртқыш-инфузория дидинумның өзінің жемтігі – инфузория кебісшені толық жойып жібере алатыны, бірақ содан соң қоректің жетіспеуінен өзінің өлетіні көрсетіледі. Егер жемтіктің жеке дараларының тірі қалуына жағдай жасалса, сақталып қалған жемтік даралары жылдам көбейеді.

Гаузе принципі бойынша экологиялық жағдайлары ұқсас екі түр ұзақ уақыт бір экологиялық қоймада тіршілік ете алмайды.

Жыртқыш (паразит) – жемтік (ие) жүйесіндегі түраралық өзара қатынастар таза күйінде табиғатта болмайды. Себебі, жыртқыш тек бір түрмен ғана қоректенбейді.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1.Популяция саны.

2.Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттері.

3.Популяцияның құрылымы.

4.Экологияның негізгі компоненттерінің экожүйелерінің деңгейлері.

5.Гаузе принципі.

6.В. Вольтерр заңын түсіндір?

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 64 - 81 беттер.

2.Ә.С. Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаев, Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы, Ғылым-2001 ж.

3.Ю.Одум «Основы экологии» Москва-1975 г.

4. Ю.Одум «Экология» Москва, Мир-1986 г.

5.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

6.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж.

7.Риклефс Р. Основы экологии. – М., 1979 г.

 

Дәріс № 4

Тақырыбы: Синэкология -бірлестіктер экологиясы

Дәрістің мақсаты: Бірлестіктер экологиясы, экожүйенің ұйымдастыру заңдары, олардың

жіктелінуі, негізгі типтері туралы ұғындыру.

Негізгі терминдер:

Синэкология - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микрооорганизмдердің популяцияларын ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлігі.

Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекетттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы

Биотоп - белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлесігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістігі.

Автотрофтар(грек тілінен аударғанда өзі) – бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады.

Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Автотрофтар(грек тілінен аударғанда өзі) – бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады.

Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

Синэкология - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микрооорганизмдердің популяцияларын ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлігі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгресте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі.

Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.

Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компонетттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі.

Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлесігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік – биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгіл бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады.

Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеноценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1940 жылы В. Н. Сукачев ұсынған.

В.Н.Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген – «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компонеттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғаыста, дамуда болатын жиынтық». «Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А. Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекетттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы (10-сурет).

Кейбір ғылымдардың көзқарасы бойынша «биогеоценоз» ұғымының мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық сипаттамасын берсе, ал «экожүйе» ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кобинасы, лантшафт және бүкіл биофераның өзі мысал бола алады. Жалпы алғанда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға қарай қатынаста болады.

Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түүрлі болуы мүмкін: су қоймасы, мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әр қайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

10-сурет.Биогеоценоздық (экожүйенің) сызбанұсқасы.

(В.Н.Сукачев бойынша)

 

Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзаларда олардың метоболизмның (зат алмасуы) өнімдері туралы ақпарат алады. Тірі ағзалар бір-бірімен, азық қорының болуы, жыныстық әріптесіне, агрессия (қарсыласына белгі беру) және т.б. ақпарат береді. Табиғатттағы ақпараттық байланыстар кеңістік және уақытпен шектеледі. Зат немесе құбылыстың ақпараттық бағалылығы ондағы ақпараттық санына емес, кім немесе ненің бұл ақпаратты пайдалануына байланысты.

Кейбір зерттеушілер тірі жүйелердің ұйымдасуын бағалау үшін ақпараттық математикалық ілім әрпін қолдануға талпынған. Бірақ, академик В.А. Энгельгарт атап көрсеткендей, ақпараттар ілімінің математикалық аспектілері тіршілік құбылыстарының элементарлық негіздерін анализдеуге әлі де болса сәйкес келмейді.

 

Экожүйелердің жіктеленуі. Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Функционалдық жіктелу экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Экожүйелердің құрылымдық жікелуі өсімдіктер типіне және ландшафттың негізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүйелері (биомдар) өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері – геологиялық және физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1)құрлық экожүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл, тропиктер, тал;

2)тұщы су – ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;

3)теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.

 

Экожүйелердің энергетикасы.

Энергия – материяның барлық түрлерінің өзараа әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді.

Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы – табиғатттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Ал энергия мөлшері тұрақты болып қалады. Бұл заңға табиғатта белгілі барлық процестер бағынады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерістерімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (мысалы, ыстық заттың жылуы суық ортада өздігінен таралады). Энергияның қандай да бір бөлігі пайдалануға болмайтын түрде таралғандықтан энергияның өздігінен өзнеруінің тиімділігі барлық уақытта 100%-дан кем болады.

Тірі жүйелердің маңызды термодинамикалық сипаттапмасы олардың ішкі реттілігінің жоғары дәрежеде болуы. Ол энтропиямен сипатталады және S әрпімен белгіленеді. Ішкі реттілігі мен ұйымдасуы жоғары жүйелердің энтропиясы төмен, ал керісінше тепе-теңдіктегі жүйелердің энтропия шамасы жоғары болады.

Термодинамикалфқ тұрғыдан экожүйелер қоршаған ортамен үнемі зат және энергиямен алмасып отыратын және осы арқылы ішкі энтропиясын төмендетіп, сыртқы энергиясын арттыратын ашық, тепе-теңдігі жоқ жүйе болып табылады.

1935 жылы атақты биолог Э. Бауэр былай деді: «Тірі жүйелер еш уақытта тепе-теңдікте болмайды және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе-теңдікке қарсы жұмыс жасайды. Бұл принципті тірі жүйелердің тұрақты теңсіздік принципі деп атайды. Бұл принцип тірі ағзалардың ашық теңсіздіктегі жүйе екендігін көрсетеді. Олардың өлі жүйелерден ерекшелігі, олар энтропияның төмендеуі бағытында дамиды.

Экожүйелердің ұйымдасу заңдары

Биоценоздардағы тірі ағзалар тек бір-бірімен емес, өлі табиғатпен де тығыз байланысты. Бұл байланыс зат және энергия айналымы арқылы көрінеді. Қоректік заттарда жасуша мен мүшелердің жұмысына қажетті энергия болады. Өсімдіктер күн энергиясын тікелей сіңіріп, оны органикалық қосылыстардың химиялық байланысында қорға жинайды. Кейін ол биоценоздағы қоректік қатынастар арқылы қайта бөлінеді.

Тірі ағзалар арқылы жүретін зат пен энергия ағысы өте үлкен. Мысалы, адам өз өмірінде ондаған тонна тамақ пен суды, өкпесі арқылы көптеген миллион литр ауаны пайдаланады. Көптеген ағзалардың қоршаған ортамен өзара әсері одан да интенсивті болады.

Өсімдіктер өз денесінің әсбір грамын түзу үшін 200-800 грамға дейін су жұмсайды. Фотосинтезге қажетті заттарды өсімдіктер топырақтан, судан және ауадан алады.

Мұндай жылдамдықпен бейорганикалық табиғаттан тірі заттарға қажетті биогенді элементтердің ағысы жүріп отыратын болса, Жердегі олардың қоры әлдеқашан таусылар еді. Бірақ, биогенді элементтердің үнемі қоршаған ортаға қайтарылып отыруына байланысты, өмір жалғасып келеді. Биоценоздағы түрлердің арасындағы қоректік қатынастардың нәтижесінде өсімдіктер синтездеген органикалық заттар, өсімдіктер қайта пайдалана алатын қосылыстарға дейін ыдырацды. Бұл процесс биологиялық зат алмасу деп аталады.

Биоценоз қоршаған ортамен заттық-энергиялық байланыссыз тіршілік ете алмайды.

Экожүйеде төмендегі 4 негізгі құрам бөліктер болған жағдайда ған зат алмасуды қамтамасыз ете алады. Олар – биогенді элементтердің қоры, өндірушілер, консументтер және редуценттер.

Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергия өзгерту механизмдері. Қоректену әдісіне байланысты барлық ағзалар автрофтар және гетеротрофтар болып бөлінеді.

Автотрофтар(грек тілінен аударғанда өзі) – бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады.

Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді.

Аралас қоректену әдісі тән тірі ағзаларды П. Пфеффер миксотрофтар (ағылшын тілінен аударғанда араластыру) деп атады. Бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдыру механизмі бойынша автотрофтарды фототрофтар мен хемотрофтарға бөледі.

Фототрофтар (фотосинтез) – жасыл өсімдіктер көк жасыл балдырлар.

Хемотрофтар (хемосинтез) – күкірт бактериялары және т.б.

Дж. М. Андерсонның қазіргі кездегі жүйеленуіне сай гетеротрофтарды үш категорияға бөледі: некротрофтар, биотрофтар және сапроторфтар.

Некротрофтар (грек тілінен аударғанда өлі) – қоректену объектісін өлтіреді (адам, жыртқыш).

Биотрофар (грек тілінен аударғанда – тірі) – басқа тірі ағзалар есебінен қоректенетін ағзалар (паразиттер, қансорғыштар).

Сапротрофтар ( грек тілінен аударғанда – шірік) - өлген органикалық затпен қоректенеді.

Жерде пайда болған алғашқы ағзалар гетерофтрофтар болған, егер автотрофтар пайда болмағанда олар өзін-өзі жойып жіберетін еді. Осы топтардың пайда болуы қарапайым зат алмасудың болуына мүмкіндік берді:

 

 
 

 

 


Автотрофтар Гетеротрофтар

 

 

 
 

 


Автотрофтар органикалық затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады. Бұл процестің барысында органикалық заттың ыдырауы жүреді. Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотрофтар пайдаланса, онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі. Күн энергиясы пайдалана отырып атмосфера, су және топырақ заттарынан өсімдіктер органикалық қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстар өсімдіктер үшін құрылыс материалы болып табылады. Олардан өсімдіктердің ұлпалары құралады және олар өсімдіктердің тіршілік функциаларын қамтамасыз ететін энергия көзі болып табылады.

Гетеротрофтар органикалық заттарды бастапқы компонеттерге: көмірқышқылы газы (ІҮ), су, нитраттар, фосфаттар және т.б. дейін ыдырата отырып, оларда қорға жиналған химиялық энергияны босатып шығарады.

Экожүйедегі ағзалар трофтық (қоректік) байланыстарына қарай өндірушілер, консумнттер мен редуценттерге бөлінеді.

Өндірушілер (бірінші ретті өнімді өндірушілер) – автотрофты ағзала – планетаның бүкіл тірі дүниесін органикалық затпен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктердің жинағы.

Консументтер (латын тілінен аударғанда – пайдалану) – гетеротрофты ағзалар, өндірушілер жануарлар, микроорганизмдердің көпшілігі, бунақдене- қоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бейорганикалық заттардан органикалық зат түзбейді, бірақ бір органикалық затты басқа затқа айналдырады.

Редуценттер (латын тілінен аудар,анда – қалпына келтіруші, деструкторлар) органикалық заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық заттарға айналдырушыағзалар. Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, сацпрофагтар, конпрофагтар, некрофагтар және т.б. жатады. Олар заттардың биологиялық айналымының соңғы звеносы болып табылады. (11-сурет).

 

 

11-сурет. Экожүйедегі зат пен энергия тасымалдануының сызбанұсқасы

 

Тундралық, орманды, далалық, шөлді және тропиктік бірлестіктердің әрқайссынң өзіне тән биологиялық айналымы мен қорша,ан ортамен байланысы болады. Су экожүйелері де ауқымы бойынша да, тіршілік ету жағдайлары бойынша да: судың тұздылығы, су қоймасының тереңдігі, судың мөлдірлігі, күн энергиясының түсуі бойынша да алуан түрлі болып келеді. Бұлардың барлығы биологиялық айналымның жылдамдығына да, циклге қатысатын заттардың жалпы санына да әсер етеді.

Экожүйелердің тұрақтылығының негізге принципі – энергия ағымымен ұсталып тұратын зат айналымы – Жердегі мәңгі тіршілікті қамтамасыз етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 3812; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.