Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 3 4 страница




3. Реттеушілік қасиеті. Өздігінен реттелуге қабілеттілік – күрделі жүйелердің өмір сүруінің негізгі шарты. Өздігінен реттелу кері байланыстар негізінде пайда болады. Теріс кері байланыс принципі дегеніміз – жүйенің қалыпты күйден ауытқуы, оны қалыпты күйге қайтаруға бағытталған күштерді іске қосады. Бұл принцип биоценоздардағы популяция ішілік және түраралық өзара қарым-қатынастардан көрінеді. Жемтіктердің санының артуы жыртқыштар мен паразиттердің санының артуына алып келеді. Популяцияның тығыздығының белгілі бір деңгейден артып кетуі, түрдің ішкі байланыстарын өзгертеді, яғни көбею қабілеті төмендейді немесе кеңістікте даралардың таралуы күшейеді.

Биоценозға түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын, популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.

4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі.

Биоценоздың экожүйедегі негізгі қызметі – органикалық затты жасау, оны ыдырату және түрлердің саыны реттеу болып табылады. Бұл функцияны көптеген бір-бірін сақтандырушы түрлер қамтамасыз етеді. Мысалы, бунақденелілердің санын көптеген әр түрлі тамақпен қоректенетін жыртқыштар, одан артып кеткенде – арнайы паразиттер, өте жоғары болғанда – инфекциялық ауруларды туғызушылар немесе бәселкелестік қатынастар мен популяция ішілік өзара әсерлердің күшеюі реттеп отырады.

Өсімдік ұлапаларындағы күрделі және берік компонент – целлюлозаны ыдыратуды маманданған боактериялар, әр түрлі зең саңырауқұлақтары, ұсақ топырақ кенелері – сапрофагтар, бунақденелілердің дернәсілдері, жауынқұрттары және басқа да ішінде бұл процеске қажет ферменттері бас жануарлар да жүзеге асыра алады.

Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамсыз етеді.

Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты.

Осы алуантүлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.

Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл апаттарды басынан өткізді. Өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдағы жойылған түрлердің орнын басып отырды.

Сондықтан табиғи және антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.

 

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Экожүйелер қалай жіктеледі?

2.Экожүйе дегеніміз не?

3.Биоценоз дегеніміз не?

4.Экожүйелердің энергетикасы.

5.Қоректену әдісіне байланысты ағзалардың бөлінуі.

6. Экожүйедегі ағзалардың қоректік байланысына қарай қалай бөлінеді?

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж 82 – 137 беттер.

2.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др.Экология. Учебник для студентов ВУЗов.Алматы.1999

3. Гилярова А.М. Популяционная экология. – М., 1995 г.

 

Дәріс № 5

Тақырыбы: Биосфера - тіршілік қабаты.

Дәрістің мақсаты: Тіршілік қабаты биосферадағы байланыстар, ондағы тіршілік орталары тіршіліктің құрылым деңгейлері және ноосфера туралы ұғындыру.

Негізгі терминдер:

Популяция – эволюцияның элементарлық бірлігі. Өйткені популяцияда эволюциялық

өзгерістер жүріп, алуан түрлі бейімділік формалардың қалыптасуы

байқалады. Бұлар келешекте жаңа түрлердің түзілуіне бастама береді.

Биоценоз - ә р түрге жататын организмдер тіршілік барысында өзара тәуелді бірлестіктері.

Биогеоценоз - биоценоздар қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен байланыса

отырып жаңа экологиялық жүйе – биогеоценозды құрайды.

Продуценттер - б иогеоценоздың құрамындағы организм бірлестіктерінің органикалық зат

түзуші.

Консументтер - дайын органикалық заттарды пайдаланушылар.

Редуценттер - қалдық, өлекселерді ыдыратушы ағзалар. Бұл организмдер арасында

қоректік байланыстар қалыптасып, тіршілігі нәтижесінде табиғатта зат және

энергия айналымы жүреді.

Биосфералық деңгей – тіршілікті ң ең жоғары деңгейі. Жер бетіндегібарлық

биогеоценоздың жиынтығы биосфераны құрайды. Сондықтан бұл деңгейде

бүкіл тірі организмдердің тіршілігімен байланысты зат және энергия

айналымы жүреді.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1 Биосфера туралы түсінік.В. И. Вернадскийдің биосфера туралы.

1. Биосфера – экология ғылымының зерттеу саласы болып саналатын жер шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялық жүйе. Биосфераның құрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сияқты атмосфера қабаты кіреді. Биосфера тірі организмдердің тіршілік етуіне қолайлы орта. Оларға көлемі кішігірім ін, құс ұясы, қүмырсқа илеуі, ірі тау, дала, биоценоз бен экожүйелер жатады.

Биосфераның даму эволюциясы және оның болашағы тек Жер қыртысының дамуымен байланысты.

Академик В.И.Вернадский (1863-1945) биосфераны ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салған.Оның биосфера туралы ілімі – жаратылыстану ғылымдары бойынша осы күнге дейін маңызын жоймаған теориялық еңбек. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы негізгі идеялары өзінің «Биосфера» атты еңбегінде 1926 жылы жарық көрген. Аталған еңбекте академик биосферадағы тіршіліктің дамуын, қалыптасуын, оның шекарасы мен болашағын зерттей келіп, «биосферадағы тіршіліктің негізгі қозғаушы күші – Күн энергиясы мен химиялық элементтердің тірі және өлі заттар арасындағы миграциясы жүзеге асатын зат алмасу процесі, яғни организмдердің көбеюі мен дамуы­» деп тұжырым жасайды. Шын мәнінде, биосферадағы жалпы тіршіліктің пайда болуы бейорганикалық элементтер негізінде органикалық заттардың пайда болуы тұрғысынан қарастырылады.

Биосфера өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – литосфера, гидросфера және атмосфера.

Академик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» деп атады. Олар биофильді заттарға жататын сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсуларды, липидтерді, нәруыздар мен нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.

В.И.Вернадский биосфераның қалыптысу және даму эволюциясындағы «тірі заттардың» рөлін өте жоғары бағалады. Тірі организмдердің, әсірісе адам баласының іс-әрекетін биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор деп бағалай келіп, биосфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екендігін дәлелдеді. Яғни, ғаламшардағы ең жоғары сатыдағы дамыған тіршіліктің өзі тірі

 

4- сызбанұсқа. Биосферадағы лас заттар (қалдықтар) миграциясы.

 

Организммен байланысты екендігін баса айтты. Шын мәнінде, тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып, ғаламшардағы тіршіліктің көптүрлілігінің дамуына мүмкіндік береді. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. (4-сызбанұсқа). Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қозғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе – биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Соның нәтижесінде, биосфера деп аталатын «үйімізде» ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп, табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші – Күн сәулесі екенін естен шығармауымыз керек.

В.И. Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше, адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш ретінде бағаланды. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасына немесе деңгейіне байланысты екендігін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол биосфераның жаңа тұрғыдағы сипаты, Жердің сапалы қабықшасы – ноосфера туралы болжамдар еді. Ал «ноосфера» деген ұғымды ғылымға француз математигі Э.Леруа енгізген болатын.

Академик В.И.Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: «…болашақ ғаламшардың түр-сипаты мен тыныс-тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және оған тәуелді болады. Ең бастысы, адамзаттың санасы мен ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі» деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екендігін әрбір көзі ашық, көңілі сергек адам түсінеді.

Ноосфера - ақыл-ой сферасы екенін дәлелдеп, одан әрі күрделі зерттеулер жүргізген В.И.Вернадский, Э.Леруа, Т.Шарден сынды ғалымдар: «…адамның ақыл-ойы, мемлекеттер саясаты, ғылым жетістігі, т.б. адамзаттың биік адами деңгейі табиғат пен қоғамның үйлесімді дамуын жүзеге асыратын – ноосфера» деген қорытындыға келген. Бірақ ғаламшалар тұрғындары ноосфера идеясын айтушы ғұлама ақыл иелерінің болжай айтқан шындығын бағалай білмеді. Жұмыр Жер бұрын-соңды болмаған небір үлкен өзгерістерге ұшырады. Ғылыми-техникалық процесс қазіргі биосфераның «тағдырын» басқаша шешті. Не бары соңғы 70-100 жыл ішінде адам баласының іс-әрекеті табиғаттың ұзақ геологиялық жылдар бойы қалыптасқан байырғы түр-сипатын өзгертті. Жер шарында тіршілікке жарамсыз жерлер, құмдар мен шөлдердің көлемі көбейіп, тақырлар пайда болды. Климаты өзгеріп, табиғат ресурстары сарқыла бастады. Адам баласы табиғат ресурстарын меңгеру былай тұрсын, оған байлық көзі ретінде қарап, талантаражға салып, барынша ластап, қажеті жоқ заттар мен қоқыстарды шығара бастады. Соның салдарынан жаппай қырып жоятын атом қарулары, улы химиялық препараттар, канцерогенді, т.б. тіршілікке зиянды заттар табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын бұзып, ғаламшардың өзіне қауіп төндіре бастады. Мәселен, ХХ ғасырдың соңында көмірқышқыл газының атмосферадағы салмағы шектеулі рауалы мөлшерден (оттекпен салыстырғанда) 0,03%-дан 0,034%-ға көбейген. Яғни, бұрынғы қалпынан 25%-ға өскен. Ғалымдардың есептеуі бойынша, бұл көрсеткіш ХХI ғасырдың басында 25-35%-ға көбейіп, жалпы жер шарының орташа температурасы 1 С –қа артуы мүмкін. Мұндай жағдайда биосфера шегінде климаттық ауытқулар байқалып, ғаламдық экологиялық апаттар (су тасқыны, топан су, ауа райының кұрт өзгеруі, жер сілкіну, өрт, құрғақшылық, жұт пен ашаршылық, т.б.) болуы әбден мүмкін екендігі дәлелденіп отыр.

2.Экология ғылымы өзінің зерттеу аясын кеңейте түсуде. Осыған орай экология ғылымы география ғылымымен тығыз байланыста экожүйелердегі табиғат заңдылықтарын адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып қарастырады. Осыдан келіп биосфера деңгейіндегі жалпы геоэкологиялық заңдылықтар туындайды. Ол географиялық заңдылықтар, негізінен – жер бедері, биосфераның біртұтастығы, табиғаттағы тепе-теңдіктің сақталуы, зоналылық және бейзоналылық, полярлы ассимметрия және зат айналымдары. Аталған заңдылықтар негізінде белгілі америкалық эколог Б.Комманердің 4 заңы туындады (1974 жылы.). Олар:

1.Барлық заттар бір-бірімен байланысты. Экожүйе құрауыштарының бір бөлігінің бұзылуы, бүкіл экожүйелер қызметіне зардабын тигізеді.

2.Барлық заттың баратын орны бар – табиғатта ешбір зат елеусіз қалмайды. Зат айналымына түсе отырып, пайдалы не зиянды нәтиже көрсетеді.

3.Табиғат - өзінің даму заңдылығын жақсы «біледі» - адам баласы табиғатты жақсартамын деп оның даму заңдылықтарын бұзатынын жақсы біле бермейді.

4.Табиғат – адамзаттың барлық іс-әрекетіне сай жауап қайтарады. Адам баласы табиғат қорларын қайтарымсыз және сауатсыз пайдаланып, ауа, су, топырақты ластап отырады. Адам іс-әрекетінің шегі болуы тиіс. Адамның барлық іс-әрекеті табиғаттың пайдасы үшін тепе-теңдік жағдайда шешілуі тиіс. Биосфераның болашағы онда өмір сүретін адамдардың ақыл-ойына және парасатына тікелей тәуелді. Сонымен қатар адам қоршаған орта сапасын тұрақты сақтай отырып, биологиялық түр ретінде өзін қорғай алады.

Адам баласының тіршілігін сақтаудың екінші бір жолы - өзі жасаған қолайсыз ортаға бейімделу мүмкіндігі. Аталған екі жағдай да орындалмаған кезде табиғаттың биологиялық заңы бойынша – адамзат қауымдастығы біртіндеп жойыла бастайды. Осыған орай жер шарының тұрақтылығын сақтау, географиялық қабықтың біртұтас заңдылықтарын оқып-үйрену биосфера шегіндегі тіршілік ырғағын жүзеге асырады.

Географиялық қабықтағы, әсіресе биосферадағы болып жатқан қазіргі процестер мен проблемалар оны шешудің нақты жолдарын қажет етеді. Олай болмаған күнде биосфераның тұрақтылығы туралы және адамзаттың болашағы жөнінде келер ұрпаққа ақыл айтудың өз артық болар еді. Қазіргі кезде табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тұрғысындағы ғылыми зерттеулер, мемлекетаралық қаулылар мен келісімдер, БҰҰ, ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) және ЮНЕП (Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы), т.б. ұйымдардың жемісті еңбектері – биосфера тұрақтылығын сақтаудағы адам баласының өркениетті қадамдары болса керек.

Биосфераның алуан түрлілігіне байланысты ондағы организмдердің көптүрлілігі, саны мен тығыздығы, кеңістікте кездесуі және олардың биологиялық өнімділігі де түрліше болып келеді. Мысалы, су мен құрлықтағы, тропикалық ормандар мен шөлдердегі биологиялық өнімділік сәйкес келмейді. Сондықтан биосферадағы тірі организмдердің өнімділігі сол жердің биоценоз құрамындағы өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір уақыт өлшеміндегі биомассасымен өлшенеді. Биосферадағы шөл және шөлейт жерлердің биологиялық өнімділігі төмен, ал ормандардың өнімділігі жоғары деп есептелінеді. Биологиялық өнімділікті есепке алу – шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру мен азық-түлік мәселесін шешуде үлкен рөл атқарады.

3.Жер алгашкы тірі организмдер, яғни тіршілік пайда болғаннан бері 4 млрд жылға жуық уақыт өтті. Міне, содан бері бүкіл органикалық дүниенің дамуы табиғи сұрыпталу мен тұқым қуалайтын өзгергіштікке байланысты жүрді. Тіршілік түрлі замандар мен кезеңдерде қоршаған орта жағдайларына байланысты басқа да эволюциялық факторлардың қатысуымен түрліше жылдамдықта дамыды. Ең соңында тірі табиғат қазіргі кейіпке келді. Систематикалық мәліметтер бойынша қазіргі кезде 500 мыңнан астам өсімдіктер, 1,5млн-нан астам жануарлар, 100 мыңнан артық саңырауқұлақтар, 3 мыңнан астам прокариоттар және 200-ге жуық вирустардың түрлері есепке алынып сипатталған. Ғалымдардың болжауына қарағанда, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі белгілі болған және әлі де толық анықталмаған организм түрлерінің қазіргі жалпы саны 4,5млн-ға жуық деп есептелген. Ал палеонтологиялық және басқа да деректер бойынша, жердің бүкіл тарихи дамуы барысында барлығы 1млрд шамасында организм түрлері тіршілік еткен делінеді.

Тіршілік деген не? «Тіршілік» ұғымын көпке дейін Ф.Энгельс берген анықтама түсіндіріп келді. Ол өзінің «Анти-Дюринг» атты кітабында: «Тіршілік – белокты денелердің өмір сүру әдісі, ал бұл өмір сүру әдісінің мәні ол денелердің қоршаған сыртқы ортамен үнемі зат алмасуында. Зат алмасу тоқтаса, тіршілік те тоқтайды, яғни белокты денелер ыдырайды» деп көрсеткен.

Қазіргі кезде «тіршілік - өзін-өзі жаңартуға және өзін-өзі ұдайы өзгертуге қабілетті материяның ерекше өмір сүру формасы» деп сипатталады. Тіршіліктің субстраты немесе негізі – нуклеин қышқылдары мен нәруыздар. Нуклеопротеидтер өсімдіктер және жануарлар клеткасының ядросы мен цитоплазма құрамында болады. Нуклеопротеидтері жоқ тірі дененің болуы мүмкін емес. Нуклеопротеидтер тек клетка құрамында болып, арнайы қызметін атқарғанда ғана тіршілікке негіз бола алады. Ендеше, тіршілік – нуклеин қышқылдары мен нәруыздың өзара әрекеттесуінің көрінісі. Кез келген организм – бір-бірімен байланысты жеке құрам бөліктерден тұратын күрделі біртұтас жүйе. Тірі организмдерге тән бірқатар қасиет бар. Сол қасиеттерге сай тірі денелерді өлі табиғаттан ажыратып қарайды. Олар: көбеюі немесе өзін-өзі өндіруге қабілеттілігі, құрылым ерекшелігі, өсуі және дамуы, зат және энергия алмасудың жүруі, тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі, тітіркенгіштігі, қозғалуы, тағы басқалары.

Тіршіліктің құрылым деңгейлері. Тіршіліктің бірнеше кұрылым деңгейі бар.Ең төменгі,өте ертедегі,құрылым деңгейі – молекулалық деңгей. Өлі және тірі денелердің екіге ажырауы осы деңгейден басталады.Өйткені жоғарыда айтылғандай кез келген тірі организм биологиялық макромолекулалардан – нуклеин қышқылдары, нәруыздар, полисахаридтер, тағы басқа да аса маңызды органикалық заттардан тұрады. Бұл заттардың қатысуымен тірі денелерге тән тіршілік әрекеттері:зат алмасу және энергия айналымы, тұқым қуалау ақпаратының ұрпақтарға берілуі осы молекулалық деңгейде жүреді.

Бұдан жоғары тіршіліктің клеткалық құрылымы орналасқан. Клетка – жер бетіндегі барлық тірі организмдердің құрылысы мен дамуының негізгі бірлігі. Барлық бір клеткалы және көп клеткалы организмдердің клеткалары өздерінің құрылысы, химиялық құрамы, негізгі тіршілік әрекеттері мен зат алмасуы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Клеткалар бөліну арқылы көбейеді және әрбір жаңа клетка өзінің алдындағы клетканың бөлінуі нәтижесінде пайда болады. Бұл кезде тұқым қуалау ақпаратының келесі ұрпаққа берілуі жүзеге асырылады. Клеткалық деңгейдегі тағы бір ерекшелік – клеткалардың атқаратын қызметтеріне сай мамандануы болып табылады.

Организмдік деңгей. Бұл деңгейдің қарапайым бірлігі – жеке дара мен кез келген организмнің пайда болуынан бастап, тіршілігін жойғанға дейінгі дамуының барлық әрекеттері осы деңгейде өтеді. Әр организм түрінің өзіне тән мүшелер жүйесі қалыптасып, қызмет атқарады. Олай болса, организмнің бүкіл тіршілігі барысында тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы жүріп жатады.

Популяциялық-түрлік деңгей. Табиғатта кез келген түрдің даралары жекеленбей популяцияға бірігіп, таралу аймағының нақты бір бөліктерін мекендеп тіршілік етеді. Бір түрге жататын популяцияның саны бір немесе бірнешеден мыңға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ әр популяциядағы даралар саны да түрліше келеді. Популяция – эволюцияның элементарлық бірлігі. Өйткені популяцияда эволюциялық өзгерістер жүріп, алуан түрлі бейімділік формалардың қалыптасуы байқалады. Бұлар келешекте жаңа түрлердің түзілуіне бастама береді.

Биоценоздық деңгей. Әр түрге жататын организмдер тіршілік барысында өзара тәуелді бірлестіктер құрайды. Мұны биоценоз деп атайды. Биоценоздар қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен байланыса отырып жаңа экологиялық жүйе – биогеоценозды құрайды. Биогеоценоздың құрамындағы организм бірлестіктерінің бір тобы органикалық зат түзуші – продуценттер, екінші тобы ол заттарды пайдаланушы – консументтер, ал үшінші тобы қалдық, өлекселерді ыдыратушы – редуценттер болып бөлінеді. Бұл организмдер арасында қоректік байланыстар қалыптасып, тіршілігі нәтижесінде табиғатта зат және энергия айналымы жүреді. Кез келген биогеоценоз өзін-өзі реттей алатын динамикалық тұрақты жүйе болып табылады.

Биосфералық деңгей – тіршілікті ң ең жоғары деңгейі. Жер бетіндегібарлық биогеоценоздың жиынтығы биосфераны құрайды. Сондықтан бұл деңгейде бүкіл тірі организмдердің тіршілігімен байланысты зат және энергия айналымы жүреді.

Тіршілікте осы аталған барлық құрылым деңгейлерінің өз ерекшеліктері, заңдылықтары және зерттеу әдістері бар. Әр деңгей өзінің жеке ғылым саласымен зерттеліп сипатталады. Сонда да тіршілік деңгейлері өзара тығыз байланысты және бірінен-бірі туындайды. Бұл жағдай тірі табиғаттың біртұтастығын дәлелдейді.

4.Жер шарында 2млн-нан астам тірі организмдер болса, оның шамамен 1,5млн-ы – жануарлар, ал қалғаны өсімдіктерге жатады. Бұл дерек организмдердің әртүрлілігін көрсетеді. Жыл сайын бұл көрсеткіште мыңдаған жаңа түрлер қосылып отырады. Өйткені Жер шарының әлі де болса адам аяғы тимеген жерлері мен организмдердің ғылымға белгісіз түрлері көп. Ал мұхиттар мен теңіздердің фаунасы мен флорасы зерттелу үстінде. Әрбір түрдің тіршілік ететін тұрақты ортасы болады. Ол орта түр үшін табиғи-тарихи мекені және өсіп-өніп көбейетін орны. Түр сол жерде ғана ұрпақ беріп, еркін тіршілік етеді. Егер оны басқа жерде тіршілік етуге мәжбүр етсе, ол организмнің қалыпты тіршілік қасиеттері бұзылып, бірте-бірте жойылып кетеді.

Енді тіршілік ортасының кейбір экологиялық ерекшеліктерімен танысайық.

Тіршілік ортасы өзінің бірегей табиғатымен бірге биотикалық және абиотикалық факторлардың ерекшелігі бойынша сипатталады. Жер шарында тіршілік ортасы: құрлық-ауа, су, топырақ және тірі организмнің өзі тіршілік ортасы болып жіктеледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 2106; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.