Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция № 1 1 страница




Глосарий

Оқу-әдістемелік кешеніндегі түсініктер мен терминдер:

АБ – ағындық бақылау

ТС – тестік сұрау

ЖҮТ – жеке үй тапсырмасы

БЖ – бақылау жұмысы

АС -ауызша сұрау

СОӨЖ – студенттің оқытушының жетекшілігімен өз бетімен жұмыстары

СӨЖ – студенттің өз бетімен жұмысы

 

4 – Бөлім

 

Дәрістің қысқаша конспектілері

Тақырыбы: Экологиға кіріспе

Дәрістің мақсаты: Экология туралы түсінік бере отырып, экологияның бөлімдерін,оның

зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы

ұғындыру.

Негізгі терминдер:

Экология – ағзалардың арасында болатын (особьтар,түр,түр аралық, популяцияаралық,биоценоз,биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Демэкология – бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейтін ғылым.

Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар,

 

(өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар

ретінде зерттейді.

Геоэкология – экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, ландшафтылар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы.Кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйелердің продуктивтілігі, агро және антрогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді.

Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған

ортаға тигізетінәсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне Мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.

Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.

Адамзат экологиясы – ауыл, село, елді пункттер қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын, сандық пен сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру, мәдениет этика, адам баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми – зерттеу жүргізеді.

Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік,экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен,сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

 

 

1.Экология туралы жалпы түсінік.

1.Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым – биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (oikos – үй, тұрақ, мекен және logos – ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай – ақ, тірі ағзалардың бір - бірімен қарым –

қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен

байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.

Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде (1866) алғаш рет «Экология» терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді.

Э.Геккельдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әр қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кеңейте отырып (адам- биосфера- қоғам) биосфера ортасындағы қарым – қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс - әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады. Экология ғылымдары жоғары деңгейге көтеріле түсті.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым – қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялыққұрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера- қоғам арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.

Экология – ағзалардың арасында болатын (особьтар,түр,түр аралық, популяцияаралық,биоценоз,биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал экология ғылымдарының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегіәлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

Экология ғылымының зерттеу мөлшері - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяциялық,биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктің маусымдық жылдық ырғағы.

Экология ғылымдарының негізгі зерттейтін бағыттары:

1.Ағзалардың бір-бірімен қарым – қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы.

2.Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістіккебайланысты туындайтын өзгерістері.

3.Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми – теориялық негіздері.

4.Адам- биосфера- қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды зерттеу.

5.Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.

6.Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нормаға жеткізу.

Экология – биология ғылымдарының негізінде ХIХ ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басы болып саналады.

Экология 3 кезеңге бөлінеді.

I – кезең (1707-1924) Бұл кезең ХVI- ғасырдың басы мен ХVIII ғасырдың аяқ кезін қамтиды.К.Линей(1707-1778),Ж.Ламарк(1744-1825),А.Декандоль(1806-1893),И.ИЛепехин(1740-1809).К.Мебиус(1769-1859),Н.А.Северцов(1824-1885)В.В.Докучаев(1846-1903)т.б. биология элементтерін зерттеуден;биологтар, химктер,систематиктер өздерінің ғылыми еңбектерінде экологиялық сипаттардағы ғылыми еңбектеріне зерттеулер жүргізіп экология ғылымдарының дамуын зор үлес қосты. А.Н.Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы» атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты. Сонымен бірге Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» туралы ілім және тағы басқа ұлы табиғат зерттеушілердің еңбектері жарық көрді.

II – кезең (1924 – 1980ж.) Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг,Д.Н.Кашкаров,Н.П.Наумов жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді.Бұл кезең экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде неше түрлі аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар көптеп шығарыла бастады.

III – кезең (1980 – 2000ж.) Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі.Осы кезде экология-бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті.Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті.

Адам экологиясы және халықтық экология (этноэкология) бағыттары дами түсуде.

Биосферада,неосферада,экожүйелерде, табиғи және жасанды ландшафтарда фитоценоздардың тұрақты сақталуы- адамзат баласының ақыл-оймен, іс-әрекетімен тікелей тәуелді.

Экология ғылымының негізгі мақсаты – биосферамен неосфера,экожүйе, биогиоценозтұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің экологиялық білімі,мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болу қажетті.

Келешек жеткіншектергеэкологиялық білім мен тәрбие берудің даму кезеңдеріне тоқталатын болсақ,ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО білім және мәдениет туралы) проблемалардан туындайды.1971ж. Швейцарияда 1-ші Европалық конфереция ашылып онда, «Айналаны қоршаған табиғи орта», «Табиғат қорғау» проблемалары талқыланды.

Биологиялық – экологиялық зерттеулер бағыты. Олардың бірнеше бағыттары бар.Олар: аутэкология, демэкология,эйдэкология, синэкология, геоэкология, архиэкология, қолдандалы экология,әлемдік экология, адам экологиясы, нооэкологиясы және тағы басқалар. Аутэкология – жеке ағзалар(особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

Демэкология – бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейтін ғылым.

Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар,

 

(өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар

ретінде зерттейді.

Геоэкология – экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, ландшафтылар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы.Кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйелердің продуктивтілігі, агро және антрогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді.

Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған

ортаға тигізетінәсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне Мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.

Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.

Адамзат экологиясы – ауыл, село, елді пункттер қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын, сандық пен сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру, мәдениет этика, адам баласының

кологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық

қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми – зерттеу жүргізеді.

Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік,экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен,сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді. Биоресурстарын рационалды пайдалануды ең жоғарғы сатыдағы жаңа технологиясын жасау біздің жер деп аталатын планетамыздағы адамзат баласын азық-түлік, киім-кешек, баспана, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достық үлгілерді, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет және тағы басқалар «Адам және биосфера» шегіндегі тұрақты дамуды ғылыми-теориялық жоспарлары жасап оны жүзеге асырудың жолдарын зерттейді.

Экология ғылымының қолданатын әдістері. Олар: негізінен екеу болуы мүмкін – Далалық және лабораториялық (эксперименттік) Далалық зерттеу методикасын табиғи жағдайларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қолданды.

 

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Продуцент, консумент, редуцент дегеніміз не?

2.Биогенді элементтер олардың айналымы.

3.Экологияның жалпы заңдылықтары.

4.Экологияның жеке заңдылықтары.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 г.

2.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 г.

3.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 г.

4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.

5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика - 2000 ж.

 

Дәріс №2

Тақырыбы: Аутэкология – ағзалар экологиясы

Дәрістің мақсаты: Жекелеген тірі ағзаларды,оның қоршаған ортасымен қарым –

қатынасын, тірі ағзаларға әсер ететін экологиялық фактордың

ықпалын ұғындыру.

Негізгі терминдер:

Абиотикалық факторлар- бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы ж/е т.б.)

Биотикалық факторлар- бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық ж/е т.б.)

Антропогенді факторлар- адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафтардың бұзылуы ж/е т.б.)

Пойкилотермді -ағзалардың (грек тілінен poikilos –алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температуарсы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Оларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.

Гомойтермді - ағзаларға (грек тілінен homois- бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары ж/е тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.

Пойкилотермді жануардың өзін температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін эвритермді ж/е температурасының айтарлықтай ауытқуын көтере алмайтын стенотермді деп бөлуге бөледі.

Транспирация - қолайсыз температураның зиянды әсерінен қорғауға бағытталған өсімдіктердің физиологиялық бейімдеушіліктеріне мына мысалдарды келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі – транспирация (латын тілінен trans – арқылы, spiro- тыныс алу, шығару), плазманың ұю температурасын өзгертетін жасушадағы тұздардың жиналуы, х Гидратофиттер (грек тілінен hydor, hydatos- су) – су өсімдіктері.

Гидрофиттер (грек тілінен hydor - су)– құрлық-су өсімдіктері.

Гигрофиттер (грек тілінен hydros- ылғалды)- ылғалдағы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері.

Мезофиттер (грек тілінен mesos-орташа, аралық)- қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер.

Ксерофиттер (грек тіліінен xeros - құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсвімдіктер.

Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:

Гидрофилдер – ылғал сүйгіш жануарлар(маса, амфибиялар).

Мезофилдер – орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар(құстар, сүтқоректілер).

Ксерофилдер – жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар.

 

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

  1. Экологиялық фактордың жіктелуі

Биологиялық жіктеу ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны – жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Қоршаған орта бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.

Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды.

Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды:

  1. абиотикалық
  2. биотикалық
  3. антропогендік деп бөледі.

Абиотикалық факторлар- бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы ж/е т.б.)

Биотикалық факторлар- бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық ж/е т.б.)

Антропогенді факторлар- адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафтардың бұзылуы ж/е т.б.)

Бұл жіктеулерден басқа ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесін бағалауға негізделген (А.С. Мончадский) жіктелу бар. Бұл жіктелу бойынша барлық экологиялық факторлар 3 топқа бөлінеді:

  1. бірінші ретті периодты
  2. екінші ретті периодты
  3. периодсыз

Аталған факторлардың тұрақты түрде қайталану циклдері Жердегі тіршілікке дейін де болған, сондықтан да ағзалардың бұл бірінші ретті периодты факторларға бейімделуі олардың тұқым қуалау негізінде қалыптасқан.

Температура, жарық, толысуы мен қайту факторлары көптеген мекен ету орталарында орын алады. Тек ең терең мұхит түбінде- бірінші ретті факторлардың өзгерісі болады.

Екінші ретті периодтық факторлардың өзгеруі бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы – температураға тәуелді екінші ретті фактор. Оған су ортасы үшін еріген оттегінің, еріген тұздардың мөлшері, лайлану дәрежесі, ж/е т.б. жатады. Әдетте, екінші ретті периодты факторлар тү.рлердің белгілі бір ареалдар ішіндегі санына әсер еткенімен, ареалдардың ауданына, шекарасына әсер етпейді.

Периодты емес факторлар ағза мекен ететін ортада қалыпты жағджайда болмайды. Оларға мысал ретінде климаттық факторларды – дауылды желдер, өрттер, найзағай, сонымен қатар адамның шаруашылық қызметін айтуға болады.

2. Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай,олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.

Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интненсивтілігін оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.

Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандайда бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.

Ағза-

ның

реак

 

циясы

 

 
 


Фактордың

әсер ету күші

   
 
 
 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 2025; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.