КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Астана 2013 2 страница
Пәннің постреквизиттері - философия - экономика - саясаттану - мәдениеттану 3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес құрылады.
4. Оқу пәндерінің деректемелері Экология және тұрақты даму курсын тиімді игеру үшін орта мектептегі алған биология және экология негіздері жөніндегі білімі қажет.
5. Оқу тәртібінің мінездемесі 5.1. Оқу тәртібінің бағыты. Оқу пәні болашақ мамандардың қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты тиімді пайдалануын, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі білімін қалыптастырады.
5.2. Пәнді оқытудың Сабақтың мақсаты. Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.
5.3. Пәнді оқытудың міндеттері - негізгі функциональді экологиялық бірліктерді: жеке түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды, экожүйелерді жайындағы білімді меңгеру. - табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру - биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру - қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.
5.4 Оқу тәртібінің мазмұны Аутэкология Дэмэкология Синэкология Биосфера және тұрақты даму
5.5.Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі. 6.1. Негізгі әдебиеттер: 1. Ю. Одум Экология. 1,2 том, Мир, М., 1986 2. Р.Ф. Реймерс Экология М., 1994 3. И.А. Шилов Экология. М., 1997 4. В.А. Вронский Прикладная экология. Ростов-на-Дону, 1996 5. Сабырбаева Х.С. А.В. Чигаркин. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе. Алматы, 2004. 6. Ә.С. Бисенова, Ж.Ш. Шілдебаев, Г.З. Сауытпаева. Экология. Алматы: Ғылым, 2001 7. Г.С. Оспанова, Г.Т. Босшатаева. Экология. Алматы: Экономика, 2002 8. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы: Бастау, 2003
6.2. Қосымша әдебиеттер: 1. В.И. Вернадский Биосфера М., 1967 2. М. Бигон, Дж Харнер Экология особи, популяции и сообществ. 1,2 т. Мир, М., 1989 3. Т.А. Работнов Фитоценология, М., 1983 4. А.М. Гиляров Популяционная экология М., 1990 5. А.Д. Потапов Экология М., 2000 6. М.А. Аскарова Общая экология, Алматы: Қазақ Университеті, 2004.
7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы 7.1. Аудиториялық сабақ кезінде ағымдық бақылау жүргізу жоспарланып отыр. ОСӨЖ мен СӨж- дің орындалу сапасын бақылау қарастырылған. Коллоквиум және тест түріндегі екі аралық бақылау /7 және 14 аптада/ жоспарланған. 7.2. Бақылау әдістері. Реферат жазу, сұрау /жазбаша және ауызша/ колоквиум және тест алу
Кафедраның әдістемелік секциясында талқыланған, хаттама № «___» __________2014г.
Кафедра меңгерушісі бекіткен _____________________ Бейсенова Р.Р.
Оқу пәні бойынша глоссарий Глоссарийге методикалық нұсқау
Глоссарий студенттерге пән бойынша жаңа терминдерді игеру Сабақтың мақсатында жасалған. Глоссарий студенттердің аралық, ағымдық және қорытынды бақылауына дайындалу үшін қажет. Глоссарийге қосымша пән бойынша терминологиялық сөздіктер қолданылады. Ол мәліметтер Отырар кітапханасының ғылыми залында беріледі. Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.) Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер. Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы. Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді. Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік. Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі. Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы. Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі. Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы. Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер. Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері. Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі. Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы. Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы. Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті. Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер. Азотфиксация - топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі. Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау. Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос). Биогаз - қатты және сұйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады. Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б. Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы. Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе. Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы. Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау. Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, багалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері. Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту. Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с). Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері. Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы. Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік. Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар. Биом - Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар). Биоценоз - кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын организмдердің қауымдастығы. Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы. Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы. Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы. Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы. Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті. Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар. Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар. Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы. Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі. Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер. Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар. Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері. Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер. Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау. "Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 1030; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |