КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Сімдіктер мен микроорганизмдер. 4 страница
4. сулық экожүйенің тереңдігі және зоопланктон; 5. сулық экожүйенің температуралық режимі және сондағы организмдердің түр құрамы. 8.Төменде келтірілген популяция санын реттеуші факторлардың қайсысы популяция тығыздығына тәуелді болады? 1. жұқпалы аурулар; 2. су тасқыны; 3. дауыл; 4. құйын; 5. жанартаудың (вулканның) атылуы. 9. Маржан рифтерінің өнімділігі мұхиттың экватор маңындағы өзге аудандарының өнімділігінен әлдеқайда жоғары, себебі олар: 1. тайыз жерлерде орналасқан; 2. биогендік элементтерді көбірек қабылдайды; 3. суды көбірек қабылдайды; 4. жылуды көбірек қабылдайды; 5. оттегін көбірек қабылдайды.
10. 10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі аралардың еншісіне “күн энергиясының” қанша пайызы тиеді: 1. 0,01 %; 2. 0,1 %; 3. 1 %; 4. 10 %; 5. 100 %. 11. Қазіргі кезде көмірқышқыл газының (СО²) басым бөлігінің атмосфераға шығарылу көзі, ол: 1. Жанартаулардың атылуы; 2. Ормандардың өртенуі; 3. Батпатардың бетінен көтерілген метанның тотығуы; 4. Қазба отындардың барлық түрлерін жағу; 5. Тірі организмдердің тыныс алуы. 12. Биосфераның тірі затының орта түзушілік қызметі қандай өзгерістерден білінеді: 1. күн активтілігінің өзгеруінен; 2. магнитіктік дауылдардың қарқынынан; 3. жанартаулардың активтілігің өзгеруінен; 4. атмосферадағы ауа ағындарының бағытының өзгеруінен; 5. тіршілік ортасының физикалық-химиялық жағдайларының өзгеруінен. 13. Элементтердің ғаламдық биогеохимиялық тасымалдану циклдары мыналарды байланыстырады: 1. тек гидросфера мен литосфераны байланыстырады; 2. тек литосфера мен биосфераны байланыстырады; 3. Жердің барлық геологиялық қабаттарын; 4. тек атмосфера мен гидросфераны; 5. тек атмосфера мен литосфераны. 14. Биосфераны зерттеумен негізінен экологияның қай бөлімі шұғылданады: 1.аутэкология; 2.синэкология; 3.демэкология; 4.глобальдық экология; 5.әлеуметтік экология. 15. Биосфераның тірі затының массасы Жер қыртысымен салыстырғанда мардымсыз аз шама, соған қарамастан ол ғаламдық роль атқарады. Соны В.И.Вернадский қалайша түсіндіреді: 1. Биосферада Homo sapіens пайда болуымен; 2. Ғылыми-техникалық прогреспен; 3. Космостық кеңістікті игеруімен; 4. Заттардың қарқынды айналымын қамтамасыз ететін тірі организмдердің тез көбеюімен; 5. Айдың әсерімен.
1. Биосфераның орнықтылығы неге тәуелді: 1. Түр әралуандылығына; 2. Планета радиусының ұзындығына; 3. Температураның маусымдық ауытқуларына; 4. Жер рельефіне; 5.Құрлық тақталарының қозғалуына. 2. Ю.Либихтың минимум ережесі мен В.Шелфордтың толеранттық заңының арасында айырмашылық бар ма? 1. жоқ, бұлар бір ғана табиғи құбылыстың әртүрлі баяндалуы; 2. иә, "минимум ережесі" организмдердің кейбір кластарына қатысты ғана қолданыла алады; 3. иә, "минимум ережесі" экологиялық факторлардың кейбір кластарына қатысты ғана қолданыла алады; 4. иә, себебі "минимум ережесі" "толеранттық заңының" жекелеген бір көрінісі ғана; 5. иә, себебі "толеранттық заңы" "минимум ережесінің " жекелеген бір көрінісі ғана. 3. Тропикалық орман басқа аймақтардың ормандарына қарағанда түрлерге әлдеқайда бай, себебі: 1. тропикалық ормандарда түр ішіндік бәсекелестік болмайды; 2. тропикалық ормандарда қатаң түр аралық бәсекелестік болмайды; 3. тропикалық ормандар антропогендік ықпалға ұшырамаған; 4. тропикалық ормандарда абиотикалық факторлардың мөлшері өте қолайлы үйлескен; 5. тропикалық ормандарда жыртқыштар жоқ. 4. Популяциядағы уақыт бірлігі ішінде пайда болған дара организмдер саны қалай аталады: 1. популяция саны; 2. популяция тығыздығы; 3. популяцияның туылымы; 4. популяцияның өлім-жітімі; 5. популяцияның экологиялық қуысы. 5. Бір трофикалық деңгейден келесі трофикалық деңгейге берілетін энергия, ілгерілеу тұрған деңгейдегі энергияның қанша пайызын құрайды? 1. шамамен 1%; 2. шамамен 5%; 3. шамамен 10%; 4. шамамен 15%; 5. шамамен 50%. 6.Төменде келтірілгендердің қайсысы Биосфераның жанды затына жатпайды: 1. жануарлар; 2. минералдық тау жыныстарының кені; 3. саңырауқұлақ споралары; 4. бұталар; 5. мүктер мен қыналар. 7. Құрлықтық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады: 1. өзендер мен көлдер; 2. ашық мұхит; 3. қылқанды орман (тайга); 4. жағалауға жақын шығанақтар; 5. су қоймалары. 8.Экологиялық қуыс дегеніміз - бұл: 1. азықтық ресурстар үшін бәсекелестік болмайтын аймақ; 2. организмдер өсіп-өнетін (төлдейтін) жер; 3.организмнің қоршаған орта жағдайларына қояр талаптарының жиынтығы; 4. жыл құстарының ұя басатын орны; 5. бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын жері.
9. Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең төмен биологиялық өнімділік тән? 1. тропикалық орман; 2. тайга (қылқанды орман); 3. тундра; 4. дала; 5. төгілмелі жапырақты орман. 10. 10% ережесіне сәйкес ормандық экожүйе қоректік тізбегіндегі шөптесін өсімдіктердің еншісіне “жинақталған күн энергиясының” қанша пайызы тиеді: 1. 0, 1%; 2. 100 %; 3. 5 %; 4. 10%; 5. 0,01 %. 11. Ғалымдар ескертіп отырған Жер климатының жылынуы негізінен атмосфераға қандай заттың шығарылуымен байланыстырылады: 1. Көмірқышқыл газының; 2. Фреондардың; 3. Шаңның; 4. Күкір қосындыларының; 5. Азот тотықтарының. 12. Биотоп ненің құрамдас бөлігі: 1. фитоценоздың; 2. фитопланктонның; 3. экожүйенің; 4. зоопланктонның; 5. жер магнитосферасының. 13. Ғаламдық (глобалдық) экология қандай заңдылықтарды зерттейді: 1. тірі организмдердің кеңістік бойынша таралуын; 2. тірі организмдердің уақыт бойынша таралуын; 3. тірі организмдердің сандарының реттелуін; 4. биосфераның қызмет атқаруын; 5. сулық экожүйедегі заттар айналымын. 14. Биоценоздың бір территорияда кезектесіп алмасуы қалай аталады: 1. демографиялық жарылыс; 2. экологиялық сукцессия; 3. урбандалу; 4. шөлдену; 5. экологиялық қуыс.
15. Биотикалық потенциал дегеніміз – бұл: 1. Популяцияның антропогендік факторлардың әсерімен өзінің туылымын арттыруға қабілеттілігі; 2. Түрдің қоршаған ортаның жағымсыз факторларына бейімделуге қабілеттілігі; 3. Репродуктивті кезеңде бір аналық бере алатын ұрпақтардың максималды мөлшері; 4. Түрдің тіршілік үшін қолайлы орындарды іздеп табуға қабілеттілігі; 5. Түрдің жаңа игерілген территориялар есебінен өз арөалын кеңейтуге қабілеттілігі.
1. Экология ғылымының “демэкология” деп аталатын бөлімі мынадай мәселені зерттейді: 1. популяция критерийлері мен популяциялардың негізгі сипаттамаларын; 2. қауымдастық құрамындағы организмдердің өзара қарым-қатынастарын; 3. биосфераның жанды затының функцияларын (атқаратын қызметтерін); 4. экожүйелердің түрлері (типтері) мен қызмет атқару ерекшеліктерін; 5. ластанулардың биоценоздардың түрлік құрамына әсерін. 2. Экологияның қолданбалы маңызы неден білінеді? 1. егістік дақылдар мен малдардың өнімділігі жоғары тұқымдарын шығарудан; 2. ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресудің пәрменді жаңа әдістерін табу мен қолданудан; 3. зиянды қоспалардың адам денсаулығына әсерінзерттеуден; 4. әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттарды нормалаудан; 5. экологиялық заңдылықтарды табиғат қорғаудың практикалық мәселелерін шешу үшін пайдаланудан. 3. Мұхиттың терең қабаттарына тіршіліктің таралуын абиотикалық факторлардың қайсысының шектеу ықтималылығы жоғарылау? 1. ерітілген көмірқышқыл газы мен азот; 2. судың қысымы мен тұздылығы; 3. үлкен тереңдіктегі ағыстар мен мұхит табанының бедері; 4. жарық пен оттегінің жетіспеушілігі; 5. органикалық қалдықтардың көптігі. 4. Туылым мен өлім-жітім көрсеткіштері қандай өлшем бірліктері арқылы өрнектеледі? 1. дара организмдер саны арқылы; 2. уақыт бірлігіне шаққандағы дара организмдер саны арқылы; 3. аудан бірлігіне шаққандағы дара роганизмдер саны арқылы; 4. көлем бірлігіне шаққандағы биомасса арқылы; 5. өлшем бірліктері жоқ. 5. Өсімдіктер экожүйеде қандай қызмет атқарады? 1. органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдыратады; 2. бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді; 3. ІІ трофикалық деңгейдегі энергия тұтынушы болып табылады; 4. ІІІ трофикалық деңгейдегі энергия тұтынушы болып табылады; 5. ІV тофикалық деңгейдегі энергия тұтынушы болып табылады. 1. әктастар; 2. мұнай; 3. саңырауқұлақ споралары; 4. магмалық тау жыныстары; 5. атмосфераның ең төменгі қабаты. 7. Сулық экожүйелерге төменде келтірілгендердің қайсы жатады (неғұрлым дұрыс жауапты таңдап ал): 1. өзендер және шөлдер; 2. ашық мұхит және тундра; 3. шөлдер және жағалауға жақын шығанақтар; 4. көлдер және ашық мұхит; 5. қылқанды орман (тайга) және дала. 8.“Жыртқыштық” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді: 1. “- -”; 2. “+ +”; 3. “+ -”; 4. “+ 0”; 5. “- 0”. 9. Төменде келтірілген қауымдастықтардың қайсына ең жоғары биологиялық өнімділік тән? 1. тропикалық орман; 2. шөл; 3. биік таулық тундра; 4. тайга (қылқанды орман); 5. арктикалық тундра. 10. 10% ережесіне сәйкес далалық экожүйе қоректік тізбегіндегі қояндардың еншісіне “жинақталған күн энергиясының” қанша пайызы тиеді: 1. 1 %; 2. 10 %; 3. 0,1 %; 4. 50 %; 5. 100 %. 11. Халықаралық Киото хаттамасы атмосфераға қандай заттын шығарылуын шектейді: 1. Фреондардың; 2. Жылыжай газдарының; 3. Ауыр металдардың; 4. Шаң-тозаңның; 5. Көмір диоксидінің. 12. Биоценоз бен биотоптың қосындысы қалай аталады: 1. галактикалық жүйе; 2. мемлекеттік жүйе; 3. саяси жүйе; 4. тазарту ғимараттарының кешені; 5. биогеоценоз. 13. Тірі организмдердің бұзылған тіршілік мекендерін қалпына келтіру қабілеті қандай заңдылықты растайды: 1. вертикаль белдемділік заңын; 2. Ле-Шателье принципін; 3. 10% ережесін; 4. Ю.Либихтың минимум ережесін; 5. В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңын. 14. Неліктен ХХ ғасырдың 60-шы жылдары экологиялық зерттеулерге көбірек назар аударылатын болды: 1. ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарының шығарылуына байланысты; 2. өнеркәсіптің қауырт дамуына байланысты; 3. ғылыми-техникалық революцияның қарқын алуына байланысты; 4. жаратылыстану ғылымдарымен шұғылдану мәнсапқа айналғандықтан; 5. экологиялық дағдарыстың белең алуына байланысты 15. Қышқыл жаңбырлардың түсу себебі: 1. Күн радиациясының деңгейінің өзгеруі; 2. Атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейінің өсуі; 3. Атмосфера мөлдірлігінің төмендеуі; 4. Өндірістің атмосфераға күкірт пен азоттың тотықтарын шығаруы; 5. Озон экранының ауданының кемуі.
1. Қауымдастық құрамындағы табиғи популяциялардың құрылымы мен санын зерттейтін экологияның бөлімі: 1. геоэкология. 2. аутэкология; 3. демэкология; 4. синэкология; 5. глобалдық экология. 2. Экологияның міндеттерінің бірі: 1. Жердегі магниттік дауылдардың шығу төркіні жайында түсінік қалыптастыру; 2. азаматтардың экологиялық дүниетанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру; 3. салауатты өмір салты туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; 3. тірі ағзалардың эволюциясы туралы түсініктерді қалыптастыру; 4. Теңіз деңгейінің көтерілуі мен лықсып қайта шегінуіе Айдың әсері туралы түсініктерді қалыптастыру. 3. Келтірілген экологиялық фактолардың қайсысы тропикалық ормандағы шөптесін өсімдіктердің тіршілігін шектейді? 1. ауаның құрамы; 2. жарықтың жетіспеушілігі; 3. жауын-шашын мөлшері; 4. жел; 5. тірі организмдер қауымдастығының түр құрамы. 4. Популяцияның максималды туылымы дегеніміз, бұл: 1.бір жылғы төлдердің ішіндегі ұрпақ беру жасына жеткендерінің үлесі; 2.нақтылы сыртқы орта жағдайында бір жылда дүниге келген төлдердің саны; 3.әрбір аналықтың репродуктивтік кезең бойында берген төлдерінің орташа саны; 4.қоршаған ортаның ең қолайлы (идеалды) жағдайларында бір аналықтың беретін төлдерінің саны; 5. белгілі бір ауқыт аралығындағы популяция санының өсуі. 5. Табиғи экожүйелердің орнықтылығы неге байланысты емес: 1. өсімдіктердің өнімділігінің жоғары болуына; 2. атмосферадағы ауа ағындарының сапырылысуына 3. түр әралуандылығының жоғарлығына; 4. микроорганизмдердің белсенді қызметіне; 5. биогендік элементтердің айналымының жоғарылығына. 6. Биосфералық қорықтар құрудың мақсаты: 1. Организмдердің табиғи қауымдастықтарын және биологиялық әралуандылықты сақтап қалу; 2. Аңдар мен құстардың сирек кездесетін түрлері ұстап, қолда өсіру; 3. Бұл аймақтарды аң аулайтын алқаптар ретінде пайдалану; 4. Бұл аймақтарды түризм үшін пайдалану; 5. Бұл аймақтарды ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін пайдалану; 7. Толеранттық организмдердің қандай қасиетін білдіреді: 1. күн ұзақтығының өзгеруіне жауап қайтару қабілетін; 2. зат алмасу деңгейін арттыру қабілетін; 3. экологиялық фактор мөлшерінің белгілі бір аралықтарына на (диапозонына) төзімділігін; 4. популяция санын арттыруын; 5. өсімдік тектес азықты қорыту қабілетін. 8.“Паразитизм” деп аталатын популяция аралық қарым-қатынас түрі мынадай қос таңбамен белгіленеді: 1. “- -”; 2. “+ +”; 3. “+ -”; 4. “+ 0”; 5. “- 0”. 9. Төменде аталғандардың қайсына ең төмен биомасса өнімділігі тән: 1. Беловежская пуща қорығы; 2. Жеміс бағы; 3. Сахара шөлі; 4. Қоңыржай белдеудегі дала; 5. Жапырақты төгілмелі орман. 10. 10% ережесіне сәйкес, 5 трофикалық деңгейден тұратын далалық экожүйе қоректік тізбегіндегі қасқырдың еншісіне “жинақталған күн энергиясының” қанша пайызы тиеді: 1. 0,01%; 2. 0,1%; 3. 1%; 4. 10%; 5. 100%. 11. Топырақ түзуші биотикалық факторлар: 1.жергілікті рельеф; 2.климат; 3.мемлекеттің жасы; 4.түпкі тау жыныстары; 12. Биосфера – дегеніміз бұл: 1. Жердің сулық экожүйелерінің жиынтығы; 2. Жердің құрлықтық экожүйелерінің жиынтығы; 3. Жердің геологиялық қабаттарының жиынтығы; 4. литосфера, гидросфера, атмосфера; 5. тіршіліктің Жердің сыртқы геосфераларындағы (литосфера, гидросфера, атмосфера) таралу аумағы. 13. Биосфераның гомеостазисы дегеніміз – бұл: 1. жылжымалы тепе-теңдік күйі; 2. тыныштық күйі; 3. экожүйелердің бұзылу процесі; 4. орта температурасының тоқтаусыз өсу процесі; 5. экологиялық дағдарыс (кризис) күйі. 14. Жер климатының глобалдық жылынуы нәтижеінде: 1. тау түзілу процестері күшейеді; 2. Әлемдік мұхиттың деңгейі көтеріледі; 3. шөлдену процестері баяулайды; 4. Әлемдік мұхиттың деңгейі төмендейді; 5. атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның концентрациясы артады. 15. Атмосферада жылыжай (парник) газдарының жиналуына байланысты пайда болған «жылыжай эффекті»,: 1. Планетадағы орташа температураның жоғарылауына әсер етеді және климатты жақсартады; 2. Планетадағы орташа температураның төмендеуіне әсер етеді және климатты нашарлатады; 3. Атмосфераның мөлдірлігінің төмендеуіне әкеліп соғады; 4. Температураның глобальдық жоғарылауын туындатады, бұл биосферадағы қолайсыз өзгерістерге әкеліп соғады; 5. Биосферада айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Дата добавления: 2014-11-07; Просмотров: 868; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |