Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 14 страница




- артықшылық құқығы – заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс;

- затқа нақты билік ету, яғни өз құқығын тікелей, үшінші жақтың араласуынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл белгі бірқатар жағдайларда заттық құқықтың анықтамасына негіз етіп алынуда және оның болуы меншік, иелену, жерді пайдалану құқығын және басқаларды жүзеге асыруда күмән туғызбайды. Алайда, мүлік кепіл берушінің қолында болып, кепіл ұстаушының нақты билігінен тыс қалатын жағдайда ипотеканы жүзеге асыру үшін осы белгіні қолдану проблемасы туады.Алайда ипотекада затқа нақты билік меншік иесінің кепіл ұстаушының келісімінсіз затқа билік жүргізу құқығының шектеулі болатынын білдіреді. Сонымен, кепіл ұстаушының кепілге салынған затқа билік жүргізуге тыйым салатын;

- заттық құқықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, ҚР-на тән бір белгі заттық құқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттігі болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі түрліше болады. Меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы субъектілерінің әр түрлі көлемде болса да, толық өкілетті иелену (иелену, пайдалану, билік ету) бар. Иелену, жерді пайдалану, жер қойнауын пайдалану, жалдау құқығы субъектілерінің иелену және пайдалану өкілеттіліктері бар.Кепіл салу үстінде сақтаушы мен кепіл ұстаушының иелену өкілеттігі болады. Ипотека жағдайында кепіл ұстаушының мүлікке ішінара билік жүргізу құқығы болады.Сервитут иесінің пайдалану және ішінара иелену өкілеттігі бар..

Заттық құқықтардың басым көпшілігі осындай құқық пен заттық құқықтың объектісі болып табылатын заттың меншік иесі арасындағы міндеттемелік құқықтық қатынастармен байланысты.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда заттық құқықтардың жаңа түрлері пайда болуда. Ол жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта пайда болады. «Жер қойнауы және мнералдық шикізатты өңдеу туралы» 1992 ж ескі Кодексте жер қойнауын пайдалану құқығы әкімшілік құқықтық қатынастар моделі бойынша тау –кен құқығының көлемінде қарастырылады. Бұл қатынастарды азаматтық құқық арнасына бұру жөніндегі алғашқы батыл қадам мұнай туралы жарлық арқылы жасалады, ол бойынша жер қойнауын пайдалануға берудің келісім- шарттық жүйесі енгізілді.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану құқығы жерді пайдалану құқығы секілді модельмен құрастырылған. Бұдан былайғы міндет мынада: табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі басқа қатынастарды шарттық принциптерге көшіру және орманды пайдалану, суды пайдалану,секілді заттық құқықтарды,сондай-ақ неғұрлым жалпы құқықтық институт – табиғат қорғау құқығын қалыптастыру.

АК-ның 194 және 195-баптарында заттық құқықтардың кейбір түрлері аталған: шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, пайдалану құқығы, тұрғын үйге заттық құқықтар. Жерді пайдалану құқығына ұқсас заттық құқық секілді, жер қойнауын пайдалану құқығы. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықта баянды етілген.Кейбір құқықтар (жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу) АК-ның 118- бабының 2- тармағында аталған: жалдау құқығы, ипотека (кепіл), сервитуттар (бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы). Алайда, бұл құқықтар заттық қана емес, сондай-ақ міндеттемелік құқықтар болуы да мүмкін.

2. Табиғи ресурстар — бұл қоршаған ортаның құрамдас бөліктері. Табиғи ресурстардың ашық анықтамасы ҚР-дың 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңында берілген. Олар қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесіңде қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрамдас бөліктері деп анықталған. Ал, қоршаған табиғи ортаның өзіне табиғи объектілердің, оның ішіңде тірі де, тірі емес те табиғи ресурстардың жиынтығы деп анықтама берілген, оған атмосфералық ауа, топырақ, жер қойнауы, жануарлар және өсімдік әлемі, сондай-ақ олармен өзара әрекеттесті климат кіреді.

Заттық қүқық, Қазақстанның заңнамасы бойынша, қоршаған табиғи ортаның табиғи ресурстарға жататын бөлігіне қатысты ғана белгіленуі мүмкін, ол бұл ортаның басқа объекгілеріне қатысты белгіленбейді. Соңғылар заңның қорғауында болады, ал меншік құқығы жөне басқа заттық құқықтар табиғи ресурстарға ғана белгіленеді.

ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағыңда — жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар өлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады, жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін делінген. Конституцияның табиғи ресурстарды меншіктенуге қатысты ережелері АК-ның 193-бабында көрініс тапқан. Табиғи ресурстарға заттық қүқықтар арасынан АК меншік қүқығынан басқа тек жер пайдалану құқығын ғана арнайы атап өтеді.

Қоршаған ортаның бір бөліктері болып табылатын табиғи орта мен табиғи ресурстар туралы арнаулы заңнама жеткілікті, ол салааралық және салалық болып бөлінеді. Қоршаған ортаға қатысты салааралық заңнамаға, бәрінен бұрын Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң жатады. Табиғи ресурстарға қатысты салалық заң қүжаттарының ішінен Жер кодексін, Жер қойнауы және жер қойнауын паидалану туралы және мұнай туралы Жарлықтарды, Орман және Су кодекстерін, (олар тиісінше 2003 жылғы 12 шілдеде және 2003 жылғы 9 шілдеде қабылданған), сондай-ақ 1993 жылғы 21 қазандағы "Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы молайту және пайдалану туралы" Заңды атауға болады. ҚР заңнамасы бойынша заттық құқықтар, бұдан бұрын айтылып өткендей, табиғи ортаға емес, табиғи ресурстарға ғана белгіленеді. Жер кодексінің 3-бабына сәйкес жеке меншіктегі жер учаскелерінен басқа жерлердің барлығы мемлекетгің меншігі болып табылады. Бұдан ұғатынымыз — шаруашылық жөне өзге қызмет процесінде пайдаланылатын жерлер ғана емес, барлық жер табиғи ресурс ретінде мемлекеттік және жеке меншік болып табылады.

Жерге мемлекеттік меншік құқығының ерекшелігі ол жерге мемлекеттік меншік құқығынан басқа ҚР-да жер учаскесіне жеке еншік құқығы да танылған.

Табиғи ресурстарға қатысты маңызды және арнайы заттық құқық, ол - табиғатты пайдалану құқығы. Оны меншік иесінің табиғи ресурстарды пайдалану қүқығымен шатастыруға болмайды: бұлар құқықтың бөлек екі түрі. Пайдалану құқығы, өз өклеттігінің бірі ретінде, меншік иесі өзінің меншігіндегі табиғи ресурстарға қатысты жүзеге асырады. Табиғи ресустарды пайдалану құқығы, әрқашанда, пайдаланушының меншігіндегі ресурстарға қатысты емес, құқықтың басқа субъектісінің, негізінен мемлекеттің меншігіндегі ресурстарға қатысты жүзеге асырылады. Тек жер учаскесін пайдалану құқығы ғана мемлекеттік те, жеке де меншіктегі жерлерге қатысты болуы мүмкін.

Табиғатты пайдалану құқығы, өдетте, табиғаттың пайдаланудағы учаскелерін иемдену құқығын да қамтиды. Иемдену қүқығымен табиғатты пайдаланудың кейбір басқа түрлерінің де қосылғанын айтуға болады, мысалы, жер қойнауын пайдалану, су пайдалану мен орман пайдаланудың көптеген түрлері, соңдай-ақ өсімдік әлемінің басқа түрлерін пайдалану.

Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы оларға деген меншік құқығынан туындайды. Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 21-бабының 1-тармағы бойынша, табиғи ресурстарды пайдалану олар жайындағы заңнамаға сәйкес лицензиялауға жатады. Жер кодексінің 28-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер пайдалану құқығына меншік құқығының нормалары қолданылады, себебі ол Жер кодексіне немесе заттық құқықтың мәніне қайшы келмейді. Бұл бәрінен бұрын мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ұзақ мерзімді бастапқы жер пайдалану құқығына қатысты. Бұл жер пайдаланушылар өздеріне тиесілі учаскелерді жалға немесе уақытша ақысыз жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға құқылы (Жер кодексінің 37-бабы). Қайталама жер пайдалану құқығы, әрқашанда уақытша болғандықтан, айналымда ол одан да бетер шектелген. Қайталама жер пайдалану құқығының иесі белгілі бір шарттармен жерін жалға өткізуге немесе уақытша ақысыз пайдалануға беруге құқылы.

3. Табиғи ресурстарға заттық құқықтардың маңызды түрлерінің бірі — сервитуттар. Заттық қүқықтың бұл түрі рим қүқығына белгілі болған, ал Қазақстан заңнамасында ол алғаш рет ҚР Президентінің 1995 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер туралы" заң күші бар Жарлығыңда бекітілді. Сервитут — бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатта пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аң аулау шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы (Жер кодексінің 12-бабының 36-тармағы).

Жер кодексінің 7-тарауы жер сервитутын төрт түрге топтастырады: жеке түлғаның бөтеннің жер учаскесінде болу және ол арқылы өту қүқығы; көрші немесе өзге жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өтпесе жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне өтуі мүмкін болмаса, аса қиындық тудырса немесе өте көп шығынға алып келетін болса көрші немесе өзге жер учаскесін өзгедей шектеулі пайдалану құқығы. Көрші немесе өзге учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр тартуды, байланыстың қажетті жүйелерін тартуды жөне пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету; бөтеннің жер учаскесін мал айдап өту үшін уақытша (маусымдық) пайдалану; жер учаскелерін іздестіру жұмыстары үшін пайдалану сервитуттың осы түріне жатады. Заңнамада Жер кодексіндегіден басқа да сервитуттар көзделуі мүмкін.

Сервитутты жер заңнамасының айрықша институты ретінде бөліп алуға және оны жер заңнамасының орталық институттарының бірі болып табылатын жер пайдалану құқығынан бөлектеуге мүмкіндік беретін заңдық белгілер бар.

Жер кодексі бойынша сервитут жер пайдалану қүқығының айрықша түрі болғандықтан, оны сервитуты немесе басқа адамның жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін пайдалану құқығы. Сонымен, жер пайдалану қүқығынан жер сервитутының айырмашылығы сонда, жер пайдалану құқығы өзінің тар мағнасында адамның мемлекет меншігінен жер учаскесін иелену және пайдалану құқығын білдіреді, ал сервитут — жеке меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы басқа адамның жер учаскесін пайдалану қүқығы. Сол себепті, мемлекеттік меншіктегі жерлерге сервитуттар бұл жерлер жер пайдалану құқығында азаматтарда немесе заңды түлғаларда болғанда ғана белгіленеді.

Сондықтан, мемлекеттік меншік құқығында мемлекетке тиесілі жерлерде сервитут бұл құқықты емес, жер пайдалану құқығын ауырлатады.

Ал, жер учаскесін уақытша пайдалану құқығын алатын болсақ, сервитут одан, біріншіден, құқықтық мазмұны бойынша, екіншіден, оның туындау негіздері бойынша өзгеше. Жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы сияқты сервитутта да мақсаттық сипат бар. Уақытша жер пайдаланушы жер учаскесін оның шаруашылыққа қажеттілігіне қарай пайдаланады. Ал сервитутта сервитуттың иесінің басқа мақсатгары үшін әрқашан да қосымша, жанама маңыздылық болады. Сервитут әрқашан да басқа құқықтың, басқа адамның ауыртпалығы болып табылады. Ешқандай сервитутқа сервитут белгіленбейді. Сервитут ауыртпалық әкелетін құқықта жүзеге асырылатындай мүмкіндік болуы тиіс. Сондықтан да, жер учаскесіне сервитутпен ауыртпалық келген құқықты сол ауырпалық нетижесінде өз мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, сервитут ауыртпалық түсірген жер учаскескесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы сот арқылы оны тоқтатуды талап етуге қүқылы. Сервитут, оны белгілеуге негіз болмай белгіленсе, жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының талабы бойынша тоқтатылады. Жер учаскесін пайдаланушы, оны тек иеленуге және пайдалануға ғана емес, уақытша болса да, оған билік етуге де белгілі бір дәрежеде құқылы. Мысалы, уақытша өтеулі жер пайдаланушьі (жалдаушы) Жер кодексінде белгілентен шектеулер болмаса, жалға алған жер учаскесін (немесе оның бөлігін) қосымша жалға немесе уақытша өтеусіз пайдалануға беруге құқылы. Сервитут мәмілелердің, оның ішінде сатып алу — сатудың, кепілге салудың өзінше объектісі бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауыса алады.

Сервитуттың туындау негізі мен жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы арасында да айырмашылық жер пайдаланушымен шарттының негізінде де, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның актісі негізінде де, тікелей нормативтік актіден, сот шешімінің негізінде де туындауы мүмкін.

Барлық көрсетілген құқтардың объектісі — жер учаскелері. Заттық құқықтар дара белгілерімен анықталатын заттарға туындайды. Баяндалғандарға жүгінсек, жер учаскесіне заттық құқықтың туындауының алғышарты — объектіні қалыптастыру болып табылады. Жер учаскелерін құқықтық қатынастардың объектілері ретінде жеке даралау қазіргі уақытта оларға қадастр нөмірлерін беру, шекараларын, тұрған жерін анықтау, санатын және мақсатты арналымын белгілеу және басқа параметрлер арқылы жүзеге асырылады. Жер учаскесін сәйкестендіру оның қажетті меншік құқығының тұрақты жер пайдалану қүқығын беретін актілерге, т.б.) енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жер учаскелеріне құқықты куәландыратын, ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілетін құжаттардың қазіргі, күшіндегі формаларында, негізінен, жер учаскесінің жер және құқық кадастрын жүргізу үшін қажетті сәйкестендіруші нышандар бар.

Қазақстан заңңамасы жерге (жер учаскесіне) мемлекеттік және жеке меншік болуына жол береді. Жеке меншік институты ҚР Конституциясына енгізген, оған сәйкес жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болады (6-бап). Жеке меншіктегі жер учаскелерінің субъектілерін, объектілерін және құқықтық режимін ҚР Жер кодексі жөне басқа нормативтік қүқықтық актілер белгілейді.

Жер учаскесін жеке меншікке иелену мүмкіндігі жердің субъектік құрамына, санатына және жер учаскесінің мақсатты арналымына байланысты. ҚР азаматтары, Жер кодексінің 23-бабының 2-тармағыма сәйкес, жеке меншігіне шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман есіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимаратгарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салған жер учаскелерін иеленуге құқылы.

Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында жерді шарттарға сәйкес ала алады. Тұрақты жер пайдалану құқығы тек белгілі бір мақсаттар үшін беретіндіктен, шетелдік мемлекетгер белгіленген тәртіпте тек уақытша жер пайдалану құқығына ие болуы мүмкін. Бірақ, Республика бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, шетелдік мемлекеттер, мұндай шарттардың ҚР заңдарынан басымдылығына байланысты жер учаскелеріне басқа заттық қүқықтарға оның ішінде, меншік құқығының және тұрақты жер пайдалану құқығының да иеленушісі бола алады. ҚР заңнамасында шетелдік мемлекеттердің жермен нық байланыстағы жылжымайтын өзге объектілерге, мысалы, ғимараттарға, меншік құқығын иемденуіне тыйым салынбаған.

Жер учаскелеріне құқықтың мәнін анықтау үшін, бұл жағдайларда, мынаған сүйену керек. ҚР Жер кодексінің 52-бабында ғимараттарға және ол ғимараттарды пайдалануға және күтіп-үстауға арналған жер учаскелеріне құқықтардың ажыратылмайтындығы принципі белгіленген. Заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде, бұл объектілерге құқықтардың мәндері өзара сай келуге тиіс. Мысалы, ғимаратқа меншік қүқығынан жер учаскесіне меншік қүқығы туындайды, т.с.с. Бұл ережеге мыналар кірмейді: 1) шаруа (фермер) қожалығының мүшелеріне уақытында жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскесінде орналасқан ғимараттарға (құрылыстарға) меншік қүқығы; 2) уақытша пайдалануға берілген жер учаскесінде Жер кодексінің 64-бабы 1-тармағының 5-тармақшасында белгіленген тәртіпте түрғызған ғимаратқа (құрылысқа) меншік құқығы. Бұлардың қатарына шетелдік мемлекеттердің меншіктеп иемденген ғимараттарын да жатқызуға болады, себебі, бұл объектілер орналасқан жер учаскелері ғимараттардың меншік иесі болып табылатын шетелдік мемлекеттердің меншігіне өте алмайды. Практикада олардың жер учаскесіне құқықтары, иелігінен жерге қандай құқықтары болғандығына қарамастан, уақытша жер пайдалануға қайта рәсімделеді.

Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес мына жер учаскелері:

1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік; қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік — техникалық құрылыстар, кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) орман қорының жері;

4) су қорының жері;

5) магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

6) жеке меншік қүқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншігі бола алмайды.

Жеке меншікте мүлде бола алмайтын жер учаскелерінен басқа, Жер кодексі (26-баптың 3-тармағы) азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігінде болуы тиіс жер учаскелерін де келтіреді, олар:

1) жайылымдық және шабыңдық алқаптар;

2) ортақ пайдаланудағы жолдар;

3) екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пунктері).

ҚР Жер кодексінде берілген анықтамаға сәйкес, ортақ пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар жатады. Жер учаскесіне заттық қүқыққа, сонымен қатар, тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы, сондай-ақ жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы беріледі. Сонымен қатар иеленушілерде, оның ішінде тұрақты және уақытша жер пайдаланушыларда абсолюттік қорғану құқығы бар болып табылады.

4. Жер қойнауына заттық құқықтарға,табиғи ресурстарға заттық құқықтардың барлық түрлерінің ішінен, меншік құқығы, оның өзінде де — тек мемлекеттік меншікке және жер қойнауын пайдалану құқығы жатады. ҚР заңнамасы бойынша жер қойнауы тек ғана мемлекетгің меншігі болып табылады.Заттық қүқықтың кез келген басқа объектісі сияқты жер қойнауында да өзіндік белгілі бір ерекшеліктер бар. Жер қойнауын жеке даралауды оның басты белгісінен — басқа мемлекеттердің аумағының шекараларынан Қазақстан Республикасының аумағын айқын бөліп тұратын шекара шегінде орналасқандығынан бастау керек. Жер қойнауы азаматтық-құқыктық айналымда шектелген мүлік болып табылады, себебі ҚР аумағының шекараларында олар тек мемлекеттің меншігі болып табылады және сатып алу-сату, сыйға тарту, мұраға алу, кепілге салу нысаны бола алмайды немесе басқа формада иеліктен алынбайды. Жер қойнауы басқа субъектілерге тек жер қойнауын пайдалануға ғана берілуі мүмкін. Сонымен, мемлекеттік меншік қүқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауына заттық қүқық болып табылады. Меншік қүқығы — жер қойнауына заттық қүқықтың негізгі түрі. Тек мемлекеттік меншік құқығының ғана өзіңдік ерекшелігі жер қойнауына меншік құқығының ерекшелігін де анықтайды. Эксклюзивтік меншік иесі ретінде мемлекет жер қойнауына меншік құқығына бірден бір субъектісі болып табылады. Мемлекет өз құқығын тек өкілетті орган ретінде іске асырады.Мемлекеттің жер қойнауына билік ету құқығы шектеулі, яғни мемлекет оны басқа адамдар үшін иеліктен шығара алмайды. Мемлекет өзінің жер қойнауына билік ету құқығын оны пайдалануға беру арқылы іске асырады. Мемлекеттің жер қойнауын пайдалануға беруін құқықтық реттеу жер қойнауы туралы заңнамамен жүзеге асырылады. Жер қойнауына меншік қүқығы жер бетіне меншік қүқығынан бөлінген. Басқа сөзбен айтқаңда, жерге меншік құқығынан жер қойнауына меншік құқығы туындамайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 461; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.028 сек.