Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Персонализациялау технологиясы. 2 страница




Инсайт - бағыттаушы бірге уайымдаумен қатар еркін бірлесу, талдау және конфронтация техникасынан тұрады.

Симптом - бағыттаушы – мінез-құлықта анықталған белгілерге, психикалық қызметтерге (сана, ес, интелект, түйсік, ойлау, эмоция) бағытталған. Ол келесі техникалардан құралады:

  1. Емделуші туралы оның конституционалды және мінез-құлық статусын көз алдына келтіру. Бұл кезеңде алғашқы секундтарда сіз жыныстық бағытының жасына сәйкестік дәрежесін елестете аласыз, кейініректе шын жасына сәйкестігін, конституциясын (нормастеник, астеник), емделушінің мінез-құлығын (қозу, ступор, барабарсыздық) анықтау үшін қажет болады.
  2. Емделушіні өзіңізге қаратып, жұбату керек, тіпті емделуші өзін сырқаттымын деп санамауы мүмкін, психиатрға келуінің өзі оған ауыр тиеді, бұл жағдайда оны бір нәрселер не біреулер кеңеске келуіне мәжбүр етеді. Осындай конфронтацияны сіздің емделушінің айналасы емес жақтаушысы ретінде көрсету үшін қолдануға болады. Егер емделуші сырқатты болса, бұл өте маңызды. Оның локомоция (моторика), бет қимылы, кейіпі, ымдау, жан-жаққа және Сізге қарым-қатынасы және жалпы сөз үйлесімі белгілерінің ерекшеліктерін тану. Осы белгілерге мән беруге ынталаныңыз және оның Сіздің мінез-құлқыңызға реакциясын байқаңыз. Егер де сіздің мінез-құлқыңыз тым жайдарлы, ал бірақ үңіле қарасаңыз сандарықтаған емделушіде қосымша күдік туады, ал депрессиядағы емделушіде – үрейді күшейтеді. Дәрігердің мінез-құлқы бір қалыпты болуы керек.
  3. Бірге уайымдау мен жұбатуды білдіру. Өзіңіздің уайымдауыңызды, сонымен бірге емделушіге қатысты мүмкін болар түсініксіздік пен агрессияны бағалаңыз. Кейіннен осы сезімдердің сараптамасы сізге емнің тиімділігі мен тиімсіздігінің себебтерін, диагностиканың турасыздығы мен болжамын түсінуге көмектеседі. Емделушінің байқалған уайымына мән беріңіз, өзіңіздің уайымдап жүргеніңізді жасырмаңыз.
  4. Меншікті мәселені емделушінің түсіну деңгейінде бағалаңыз. Ол толық болған жағдайда емделуші өзінің уайымын ауыр сезінентіні айтады, егер жартылай болғанда емделуші өзіне ауыр деп санатйтын кейбір уайымдарын ғана айтуы мүмкін немесе түсінушілік мүлдем жоқ. Емделушінің жартылай ауыр уайым деп санайтын уайымын табу өте маңызды, өйткені оларды басқа да уайымдармен жұмыс істеу үшін қолдануға болады. Алғашқы да емделушіге ауыр уайымдардан алшақ болған жөн. Емдлеушінің мәселені түсінуіне қарай оған терапиялық мақсаттар туралы айтыңыз.
  5. Бағалауды жүргізу немесе интерпретация. Емделушіге дәрігердің оның уайымы туралы не ойлайтыны туралы білуі маңызды. Сондықтан өзңіздің белгілі симптомдарды білетіндігіңізді көрсету керек, белгілі уайымның ерекшелігі мен қарапайымдылығын (стандартты), сонымен бірге осы уайымдарды қолға алуға болатындығын айқындау қажет. Әдетте сырқатты емделушіге дәрігердің осыған ұқсас сырқатпен күресе білетініне көзі жету маңызды, бірақ қарсыласатын және қабылдамайтын емделушілер өзінің маңыздылығын сезінуі маңызды. Сырқаттың дамуында жетістіктер барын және емделуші мен оның туысқандарын айығуға үміттендіру қажет.
  6. Қарым-қатынаста басшыны (лидер) анықтау. Бұл терапиялық үрдісті емделуші, не оның туысқандары, әлеуметтік орта емес дәрігердің өзі жүргізуіне маңызды. Ролі мен стратегияның тепе-теңдігі дәрігермен терең меңгерілу қажет.

Дәрігердің ролі мен стратегиялары

Дәрігер емделушімен жұмыс немесе әңгімелесу кезінде доминантты, авторитеттік тұлға, тәуелсіз эксперт, эмпатиялық тыңдаушы немесе гуманистік көмекші ретінде болуы мүмкін. Әрбір осы ролдер нақтылы тұлғаны және дәрігердің жеке ерекшеліктерін көрсетеді, яғни оның барлық стратегияны қолдануына болады.

A) Доминантты немесе басым дәрігер

Доминанттылық пен беделділік емделушінің субмиссиясын (бағындыру) күшейтеді, олар жиі мысалы, өзін -өзі қажитын емделушілердің симптомдарын тез басуда маңызды. Бұл ролде дәрігер қатал әке, ана, мұғалім қалпын сипаттайды, дұрыс және бұрыс мінез-құлықты көрсетеді, қатал мерзімдер мен шектеулер қояды. Доминантты дәрігер әдетте басқа дәрігерлерге сеніушілік аясын шектейді. Доминантты дәрігерде бір талай лауазымдық символдар – қатал мейірбикеден крахмалданған колпакқа дейін болады. Ол әдетте емделушімен қарым қатынас уақытын шектеуді қатаң сақтайды.

Б) Дәрігер-эксперт

Дербес эксперт ретінде дәрігер диагностикалық әңгімеге араласуына болады. Бұл жағдайда дәрігер жүйке жүйесінің бұзылуы зерттеуші сипат беретінін және басқа мамандардың қосымша ақпараттарын бағалайтынын көрсетеді. Сол кезде сырқат симптомынан науқастың өзімен алшақтап кетеді. Бұл рөл диангостикалау кезеңінде маңызды.

B) Дәрігер - тыңдаушы

Эмпатиялық тыңдаушы ретінде, дәрігер науқаспен бірге уайымына ортақтасатынын көрсетеді немесе шын мәнінде ортақтасады. Оған науқасты тыңдаған ұнайды, клиникалық жағдайды керемет роман ретінде бағалайды, әсіресе осы ролде науқаспен байланысқа түсу басталады. Шын, бірақ кейбір науқастар дәрігерді «ұқыпты» деп бағалайды, өйткені ұзақ әңгіме кезінде дәрігердің қалғып отырғанын байқамайды.

Г) Көмекші

Болашақ гуманистік көмекші, дәрігер науқастың уайымын бағалайтыны көрсетеді, екеуі де бір сатыда тұрып, оған көмек беретін негізгі күштің ішкі дүниеде емес тыс жақтан іздеу керегін көрсетеді. Ол науқастың уайымында творчестволық элементтің барын, жеке адамның қабілеттілігіне көңіл аудару керектігіне және науқастың жеке тұлға мен ғұмырының ерекшелігіне көңіл бөледі. Ол науқастың уайымымен байланысты мәселелердің өзіне ұқсастығын ұялмай оған айта алады.

Науқастың ролі мен стратегиясы

Науқас шынымен де қиыналуы, ауруға беріліп кетуі де мүмкін, симптомдарды басқа жағдайларға қолданып, жасырып, не ұдайы асырып жіберуі үшін қолданады. Түбінде науқас «қиын» болуы мүмкін.

A) Қиналу

Нағыз қиналу органикалық бұзылыстармен байланысты емес, саматоформды арушаң бұзылыстар немесе неврастениктерде қиналу мүмкін. Қиналудың өзі айналадағылардың қашқақтауы, бөлектену немесе шамадан тыс болып көрінетін көмек сияқты бағаланатын қиналыстар әкелуі мүмкін. Қиналыстар жиі әр түрлі болуы мүмкін, бірақ өзі ол туралы айтпайды немесе науқастың мінез-құлқынан байқалады.

Б) Сырқатқа беріліп кетуі

Сырқатқа беріліп кетудің себебі, науқастың тұлғалық ерекшелігіне ғана емес, ол туралы айтуға болмайтыны, не айналасындағылардың реакциясы қорқыныш түріндегі уайымдар болуы мүмкін. Бұл сексуальдік проблемалар кезінде байқалуы мүмкін. Сырқатқа беріліп кету ұқсас науқастарда наразылық, мұңаюды шақырады немесе науқастың жақындарына өзара бағыныштылығын күшейте түседі.

B) Тұйықтылық

Асыра сілтеу, имитация немесе уайымды жасыру сот тәжірибесінде ғана қаскүнемділік ретінде есептеледі, ал психиатрға бұл симптомдар психиканың бұзылу белгілері болып табылады. Яғни, индуцирленген сандырақ, диссоциативтік бұзылыстар, императивтік есту галлюцинациясын кезінде берілген механизмдер кең таралған.

Кез-келген бұзылыстар белсенділігін азайту, мүгедектік, сырқаттылығын көрсетпеуге тырысатынбайқаулармен жүреді. Кей жаста бұл симптомдар жасырын болса, басқа жаста әлеуметтік топқа сәйкес (мысалы, әскери қызметкерлерде, мемлекет қызметкерлерінде) ұлғайа түседі. Тұйықтылық (өтірік) мінез-құлық пен сөздің мәніне сәйкес келмеуімен (диссоциация), нақты жағдай мен айтылғанның арасында, бір мінез-құлықтың бір бөлігінің арасында байқалады. Мысалы, диссоциация кезінде ым мен қимылдың, мимикалық байқаулар (жалған, мұңайған, жасырын күлкі және т.б.) арасында білінеді.

Г) Теңбе-тең емес

Теңбе-тең емес дегеніміз эмоциональді қарапайым және күрделі жігерлердің сәйкессіздігін білдіреді. Теңбе-тең еместік тері гиперестезиясы болуы мүмкін және соның салдарынан науқастың екпе алдындағы қоқыныштар немесе қайға кезінде күлкі пайда болады.

«Қиын» науқас түсінігіне науқастың өз уайымының тез өзгеруі, дәрігердің қарағанын өтінетіні және кежірлену кіреді. Науқастың жақын туысқандары да қиын болуы мүмкін. Сонымен, әке К. баласын госпиталдау кезінде дереу мүгедектер үйіне беріп жіберу сұрақтарын талқылай бастады, оны барлығынан шектеуді сұрады, бірақ өмір бойы баласының кежірленуіне шыдағанын, ал ережені бұзған кезде қатал түрде жазалағанын айтты. Л. өзінің талмамен сырқаттанатын қызының толық жазылатын мерзімін айтуды өтінді, талманың енді қайталанбайтыны туралы жазбаша кепілдемені талап етті.

Дәрігер-науқас

Дәрігер мен науқастың өзара әсерлесі стратегиясы динамикалық және салқындауы мүмкін. Дәрігер науқастың өзі болуы мүмкін немесе сол белгілі науқастың мәлім еттерімен жұмыс істегенде болып кетуі мүмкін. Бұл жағдай да өзінің симптомдарын науқастан көрмеуі мүмкін немесе онымен белсенді түрде күреседі. Сонымен, алкоголизммен белсенді күресушілердің бірі бұрыңғы алкоголиктер болуы мүмкін, бірақ өздері айналасындағылардың симптомдарын дұрыс бағаламауы мүмкін. Дәрігердің өзіндегі бар депрессия немесе ипохондрия симптомдарын науқастың депрессия деңгейін дұрыс бағаламауы мүмкін, сондықтан науқастың синтондық тұлғалық кейіпін «гипоманиакалді» деп бағалау мүмкін. Дәрігер науқастан өзінің өткен өміріндегісін көріп, науқастың уайымы дәрігер үшін сылтау бола алады, ал эмпатиялық техника эгоистік техникаға ауысып кетеді.

Науқас әрқашанда дәрігерге қарапайым адам ретінде араласпайды, ол кейде қолдау, сүйеу немесе барлық медициналық мекемелерден өзіне орын іздейді. Бұл жағдайларда науқас дәрігердің, мысалы, қосымша зерттеуді талап етіп беделді және доминантты стратегиясын қолдануы мүмкін. Қызметкерлердің сеніміне кіріп, медициналық әдебиеттерді оқып, кеңес таратып өзіне және айналасындағыларға эксперт болып табылады.

Дәрігер мен науқастың өзара қатынасының барлық ерекшеліктері диагностика мен емге әсер беретінін естен шығармау керек. Қатал, бірақ алдын-ала диагноз, «косметикалық диагноз», паллиативтік ем, мегадозамен емдеу – мұның барлығы және ұқсас диагностика мен терапия ерекшеліктері жиі науқас пен дәрігердің субъективті қарым-қатынасымен байланысты.

Диалогпен басқару

Шағымдар

Шағымдарға аса көп көңіл беру керек, өйткені оның айту мазмұны, әдісі, түрі құнды диагностикалық ақпараттар береді. Шағымдарға келетін болсақ, ашық және бағытталған техника, сонымен қатар уайымды анықтау техникасы қолданылады.

А) Ашық техника

Ашық техника дегеніміз, егер Сіз науқастан барлық шағымдарын тізіп шығуын өтінсеңіз және оны жете тыңдап, кейде ғана науқастың мінез-құлқын көрсетпейтін жетекші сұрақтар қойып, оның бағанадан бері айтып отырған тақырыбын жалғастыра беруге мүмкіндік беру. Бірақ, бұл техниканың да өз қиындықтары бар. Мысалы, ипохондрик өзінің уайымдарын сағат бойы айта береді, ойының әдемілігі сонда, науқас әр нәрсені жете айтып, басқа тақырыптарға тез ауыса алмайды және осы науқасты мазалайды. Сондықтан, ашық техникада науқас-орталықтандырлыған техника бола тұра, дәрігер науқасты ұқыпты тыңдайды. Бұл жағдайда Сіз бір тақырып аясында айтылған әңгімені тоқтатып, одан: «Тағы сізді не мазалайды?» деп сұрайсыз.

Н. Мені тітіркендіргіштік мазалайды. Бәрі тітіркендіреді: дыбыстар, адамдар, міндетті түрде жұмысқа бару.

Д. Тағы сізді не мазалайды?
Н.
Мен әлі аяқтаған жоқпын. Не түрлі дыбыстар тітіркендіреді, тіпті жұбайым көңіл күйімді сұрағанның өзі, ұлымның бөлмесінен шыққан ән дыбыстары...
Д .Ттітіркендіруден басқа тағы не мазалайды?

Н) Бағытталған техника

Бағытталған техника, яғни дәрігер науқастан уайымдары жайында сұрастырудан тұрады. Болжамды бағытталған сұрақтар дәрігерде науқастың мінез-құлқын байқау кезінде анықталады. Мұндай техника егер науқас селқос, өзінің уайымын жасырған кезде қажет. Мысалы, депрессиялық жағдайдағы науқастан суицидальді ойлары туралы сұрастырған жөн, ал көзге көрінбейтін әгімелесушімен сөйлесетін науқастан ол кімге жауап беріп отырғаны және бұл дәрігердің сұрақтарымен байланысы бар екенін сұрастырған жөн. Бірақ, кейде бағытталған сұрақтарға жауап күтуге болмайды, ондайда жетекші сұрақтар қою керек. Мысалы, нашақорлыққа тәуелді, бірақ оны мойындамайтын науқасқа оның ойынша айналадағылардың оған ойы өзгергені туралы, оқуы қалай екені, ұйқысының бұзылғаны туралы сұрақтар қоюға болады. Осындай жағдайларда кез-келген патолгия әр түрлі психикалық сферада көрінетінін біле тұра, Сіз себебтерге емес, салдарға ғана тоқталасыз. Кейде бұрыңғы шағымдары, қызығушылығы, бейімділігі туралы сұрастырулар бүгінгі уайымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Түгелдей, бағытталған техника тақырыптың жалғасын, логикалық ойдан «алогикалық» тақырыптарға ауысуынан тұрады. Мұндай логиканың болмауы сырттай ғана, өйткені дәрігердің білімділігімен науқастың мінез-құлқы және оның клиникалық статусы анықталады.

Бағытталған сұрақтарды дәрігер жиі жалғастыра берсе, науқастар шағымдарын жылдам айтады.

Н. Жиі толқыған кезде басым айналады.
Д. Сіз, сол кезде қауіпсіз жерде болғаныңызды қалайсыз ба?
Н. Бірақ, мұнымен қоса осындай жағдайда таныс емес жерлерде болудан қорқа бастадым.

Мұндай бағытты жалғастырулар симптомның өзін анықтауға көмектеседі.

Н. Менің басым ауырады.
Д.
Әсіресе қай жері ауырады?
Н. Самай бөлігімде.
Д.
Қандай ауырсыну сезімі, яғни қысады ма, батып аурады ма, солқылдатады ма және т.б.?
Н.
Солқылдатады.
Д.
Бас ауруы жүрек айнуымен байқалады ма?
Н.
Иә.
Д.
Басыңыздың ауруы басқа жерлерге тарала ма?
Н.
Басым ауырғанда денемнің барлық жерлеріне таралатын сияқты, ішімді бұрайды, аяқ пен қолымды қақсатады.

Мұндай бас ауруының тапамиялық сипаты бастапқы шағымдармен жүрмейді, бірақ бағытты анықталады.

В) Түсіндіру техникасы

Бұл техника уайымның барлық жағынан жете меңгеруді, яғни науқаспен уайым қалай түсіндірілетіні (ұйқы, сырқат, қалып және т.б.), қалай ол басқаларымен байланысты, қандай жағдайларда таралатыны жайлы айтады. Кейде науқас өзінің барлық уайымдарының бір – бірімен байланысын өзі танып, түсіне бастайды.

Сонымен, құрметті студент, біз көп уақытымызды медициналық сұхбат технологиясына жұмсадық. Біздің көз қарасымыз бойынша, сұрастыру, науқаспен әңгімелесу, науқаспен диалог құрастыру, қарым–қатынас ерекшеліктері дәрігердің коммуникативті біліктілігін қуаттандыратыны толығымен дәлелденген. Қане, дәл қазір тәжірибеде әр түрлі жағдайда әңгіме құрастыру технологиясын қолданайық. Біз сізге клиникалық есептерді, өмірдің өзі беретін, тіпті біздің коммуникативті біліктіліктігімізді ұсынамыз.

Есеп 1

 

 


Сіз науқасқа шақырылу бойынша үйіне келдіңіз. Ол кісі сізді таңертеңнен бастап ашулана күтіп отырғанын аңғартты. Науқастың түрі ұқыпсыз, дем алғанда ауызынан жағымсыз иіс келеді. Сізді үйіне кіргізе сала, кенеттен төсекке жатып, оған баспаға қарсы дәрі-дәрмек тағайындауын және «сізден оған ештеңе қажет еместігін» айтты.

Науқаспен әңгімелесуді қалай бастайсыз?

Сіз қандай қосылу мен бөліну тактикасын қолданғыңыз келеді?

Осы науқаспен медициналық сұхбаттың құрылымын сипаттаңыз.

 

 

 

 

Ал, енді сұрақтарға жауап беріңізші:

Бірінші есептің мәтінің үстінде қандай сөз көрінген?

Егер ол оңай оқылса, онда неліктен?

 

Есеп 2

 

 
 

 

 


Стоматолог: Сонымен, мен сізді тыңдап отырмын.

Науқас: Дәрігер, мен сөйлей алмаймын.

С.: Ой-ой! Неліктен?

Н.: Өзіңіз табыңыз!

С.: Ең алдымен: біз бұл жерде жұмбақ ойнауға жиналған жоқпыз! Келдіңіз бе, айтыңыз!

Н.: Мен сізге айтып отырмын ғой, сөлей алмаймын деп!!! Ауызым ашылмайды.

С.: Солай айтпайсыз ба. Себебі қандай, қашан пайда болды, қай жерініңіз ауырады не ауырмайды, жалпы сіз қалай тамақ жейсіз. Егер аузыңыз ашылмаса?

Н.: Иә, сіз маған себебін айтыңыз. Жалпы біз сөлей бергенше, іске кіріссек қайтеді. Сіз терапевт емес, стоматолог емессіз бе? Бұл сұрастырулар не үшін қажет?

 

Сіз үшін тапсырма:

  1. егер қажет деп ойласаңыз, диалогты жалғастыра беруіңізге болады, бірақ әңгіме атмосферасын өзгертуге тырысыңыз
  2. егер диалогты жалғастыруды қаламасаңыз, екеуіңізге де: дәрігер мен науқас тиімді етіп аяқтаңыз
  3. сол науқасқа екінші рет келуіңізде сұхбаттың құрылымын құрастырыңыз

 

 

 

Гипотетикалық науқаспен сұхбатты құрастыра алдыңыз және біздің сұрақтарға жауаптар ойластырдыңыз. Әрине, сіз оңай таптыңыз, яғни бірінші жазу –

 

 

Бұл «сұхбат» сөзінің төңкерілген бейнесі. Әлбетте, сіз осыны көруді күттіңіз, сондықтан сіз барлық бөлімнің құрамына беріліп кеттіңіз. Әсіресе науқастың күту контекстінде кезекті стоматологпен, аймақтық дәрігермен, басқа мамандармен болатын қарым-қатынасты жақсарту үшін біз сұхбат жүргіземіз. Қатал бір сөз айтқанда немесе орынсыз әзілдегенде науқаста біз және біздің мекеме туралы әсер қалады. Кейде қателікті жою үшін титаникалық күш керек. Сенімділік атмосферасын құру және сұрақтар мен дәрігердің қорытындысына құрметпен қарау керек. Әріптестер, мұны естен шығармаңыздар!


4. БӨЛІМ. НАУҚАСТЫҢ СЫРҚАТҚА ҚАТЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІ. ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАСТЫҢ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН БӨГТТЕР

4.1 Науқастың өз сырқатына қатынасы. Сырқаттың ішкі бейнесі әрбір науқаста көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты құрылады. Бірақ, адамның сыртқы жігерлерге реакциясы, оның темпераменті, мінезінің ерекшелігі, яғни тұлғаның ерекшелегі аса көп ықпал жасайды. Күнделікті өмірде адамның вербальді және вербальді емес белгілерге қарапайым реакциясы экстремальды жағдайлардағы реакциялардан ерекшеленеді. Бұл үшін науқастың шағымдарын, оның мінез-құлқын, сіздің сұрақтарыңызға, ұсыныстарыңызға, нұсқауларыңызға жауап беру реакциясын меңгеру және оның сырқатқа қатысты жеке типін анықтап көру қажет.

А.Гольдшейдер, Р.А.Лурия (1929,1935 ж.) бойынша сырқаттың ішкі суретін екі түрге бөлген:

Аллопластикалық Аутопластикалық

сырқат суреті сырқат суреті

 

           
     
 


Сырқаттың обьективті көріністері

Аллопластикалық сырқат суреті – сырқаттың дамуына және динамикасына байланысты, функциональді және органикалық патологиялық механизмдер жиынтығы

Аутопластикалық сырқат суреті – науқастың өз сырқатының себебін және ақыр соңын болжау жөніндегі уайымдар жиынтығы

СЫРҚАТҚА ЭМОЦИОНАЛЬДІ ҚАТЫНАСУ ТИПТЕРІ –

1) гипонозогнозиялық – сырқаттың маңыздылығын бағаламау

2) гипернозогнозиялық – сырқаттың ауырлығын және маңыздылығына шектен тыс баға беру

3) прагматикалық – дәрігермен тез жазылу мақсатында іскерлік байланыс жасау

Клиникада А. Е. Личко және И. Я.Иванов (1980) ұсынған сырқатқа қатысты типтер классификациясын қаолданған ыңғайлы. Оның бейімделген вариантын келтірейік. Келісілген стандарттар шкаласына сай, жақшаның ішіндегі әріптік символдарды науқастың мінез-құлқына баға беру кезінде қолдануға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1702; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.