Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Персонализациялау технологиясы. 6 страница




«Ауруға кету» реакциясы. Науқас өзінің сырқатты жағдайына қадалып, қызығушылықтарының ортасына қояды. Мұндай ауруды уайымдауға бату өмірдегі сәтсіздіктермен және шиеленісті шешілмеген жағдайлармен байланыстыру арқылы жүреді. Сырқат өмірдегі күрделі жағдайларды шешуден құтқарып «шартты жағымды әсер» етеді. «Ауруға кету» реакциясы истероидты сипаттағы адамдарда кездеседі, олар оны өз мақсаттарына жету үшін қолданады. Бұл көріністер науқастың қоршаған ортаданың өзіне көңіл аударуын, қамқорлығын алуға мүмкіндік береді. Осындай «»ауруға кету психологиялық реакциясы жоғарғы сезімталды астено-невротикалық типтерде, яғни олар шектен тыс жүктемені көтере алмайды (физикалық, эмоциональді, интеллектуальді) және ипохондрияға бейім науқастарда байқалады.

Аурудың «әлеуметтік беделдігі». Науқастың ауруға деген психологиялық реакциясының құралуында «әлеуметтік беделділік» деген фактор орын алады, яғни оған және оның ауруына қоршаған әлеуметтік топтың қатынасы. Әрбір елде немесе мәдениетінде сырқатқа өзінеше қараған. Тарихи жазбаларда Ежелгі Спартада сұлу дені сау денеге қатты көңіл бөлгендіктен, қариялар мен науқастарды биік жартастан теңізге лақтырғандығы жайындағы мәліметтер кездеседі. Ортаңғы ғасырлы Еуропада психикалық науқастардан «жын» иелерін қуу мақсатында, оларды отқа жағып өртеген. Қазіргі уақытта ауруға деген қатынасты екі бағытқа: «беделді» қоғамда айтуға болатын және «беделсіз» қоғамда жасыруға тырысатын деп бөледі. «Беделді» ауруларға, мысалы, жүректің ишемиялық ауруын, әсіресе миокард инфарктісін жатқызады. Бұлар адамның әлеуметтік статусын жоғарлатады, яғни олардың жауапкершілік, еңбексүйгіштік, міндеттілік сияқты психологиялық қасиеттерін күшейтіп көрсетеді, осыған орай оларға сыйлаушылық, қамқорлық көрсетіледі.

Геморрой, ойық жаралы колит деген сияқты сырқаттар қоршаған ортадан жасырылып «беделсіз» көрінеді. Мұндай науқастардың психологиялық реакциясының құралуына оның туыстары, достары және жақындары да әсер етеді. Зейінге және қамқорлыққа зәру науқастар тезірек кәсіптік қызметіне оралуға тырысады.

Симуляция. Симуляция мінез-құлқы ауруға реакция болып табылмайды, себебі ауру жоқ. Адам ешқандай аурумен зардап шекпей-ақ әдейілеп ауру симпотмдарын көрсетеді. Симуляция адамға қандай да бір пайда әкелген кезде байқалады: мысалы, әскери парызын өтеуден қашуда немесе мүгедектік тобын алу мақсаттарында қолданады. Бұл мінез-құлық екі топтағы адамдарды дамиды: білімі төмен деңгейдегі адамдарда, яғни медицина аймағынан аз хабардар немесе әккі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау аймағында жұмыс істейтін адамдар тобында кездеседі.

6.2 Психикалық ауытқулары бар науқастармен дәрігердің қатынасу ерекшеліктері. Сенсорлы-перцептивті аймақтарында бұзылыстары бар науқастар. Көптеген түрлі аурулардың симптомдары мен синдромдары негізінде қарапайым психикалық белгілердің көрінуі. Олар сезіну және сезінбеу сипатында болып,науқастың денсаулығы жайындағы шағымдар ерекшелігіне әсер етеді.

Сезімталдылықтың бұзылыстары жүйке аурулар клиникасында жақсы кеңінен көрсетілген.

Неврозды және невроз тәрізді сезімталдылық бұзылыстары бар науқастарды зерттеу қызығушылық танытады.

Невроз кезінде сезімталдылық бұзылыстардың жалпы сипатты ерекшеліктеріне тұрақсыздылық, яғни уайымның айқын сипатталуы немесе белсенді шағымдарының болмауы жатады. Неврозды науқастарда айқын эмоциональді компонент басым болуымен және сенімсізділікпен жүреді. Бас миының органикалық аурулары кезінде сенсорлы жүйенің гипербелсенділігі байқалады. Жаңаша неврозды клиникаларға ауырсыну сезімталдылығының бұзылуы тән.

Эндогенді (шизофрения) және экзогенді психоздар (жедел және созылмалы алкогольді галлюцинациялар) ерекше көңіл аударады. Қабылдаудың көру және есту бұзылыстары жүреді. Осыған байланысты сенсорлы сипаттағы галлюцинация анализаторлы жүйелердің қатысуымен жүретіндігі анықталған.

Есту галлюцинацияларының патогендік ролі адамның күшпен тыңдау арқасында есту галлюцинацияларының құралуына әкеледі.Мұндай күшпен тыңдау есту қызметі төмендеген сау адамдарда да кездеседі.

Шизофрениялы науқастардың сенсорлы сферасының ерекшеліктері есту-сөйлеу аймақтарының гиперактивациялану нәтижесімен сипатталады.

6.3 Есте сақтаудың, естудің, көрудің және сөйлеудің бұзылыстары бар науқастармен қатынасу. Естің спецификалық және спецификалық емес бұзылыстары

Мидың локальді зақымдануына байланысты жүретін психикалық патологияларды қарастырайық.

Алексия (дислексия) — оқудың бұзылысы. Оқу мен жазу ақауларының басты себебі болып, солақайлылық немесе амбидекстрия («екіқолдылық») жатады, ол тек қана денеге бағытталу өзгерістерімен ғана жүрмей, сыртқы кеңістіктердегі өзгерістермен де сипатталады. Дислексия «фонематикалық» ақаулармен де және оптикалық, оптико-гностикалық, моторлы, мнестикалық, семантикалық факторлар әсерінен де дамиды. Бірінші ретті алексияның екі негізгі формаларын айқындайды, яғни мидың кейбір бөліктерінің локальді зақымдануларымен — агностикалық (литеральды) және вербальді. Екінші ретті алексия афазияның түрлі формаларына байланысты болады.

Агностикалық алексия сол жақ шүйде бөлігінде ошақ орналасқанда байқалады, кейбір әріптерді танымаушылықпен жүреді. Науқастар әріптерді шатастарып, әріпті қабылдау қабілеттілігін жоғалтады. Науқастар үлкен әріппен жазылған сөзді үзілістермен оқиды, жазулары сақталып, бірақ не жазғандарын танымайды.

Вербальді (аграфикалық) алексия — сол жақ жарты шардың төбе бөлігінің зақымдануында жүреді. Әріптерді тану сақталып немесе аз бұзылған, бірақ толық сөзді немесе фразаны оқуы жоғалған. Бұл симптоматикаға жазу бұзылыстары да қосылады. Тапсырылған әріпті жазу кезінде тіке немесе қисық сызықтарды ғана көрсетеді.

Аграфия (дисграфия) — мағына және қалпы бойынша дұрыс жазу қабілеттілігінің бұзылысы. Бұл өзгеріс афазияның түрлерінде де кездеседі.

«Таза» аграфия — сол жақ жарты шардың самай-төбе-шүйде бөлігінің зақымдалуына байланысты жүреді. Сөздерде әріптердің кезектігінің шатасуымен сипатталады. Өз бетінше жазу жазғанда дөрекі бұзылыстар көрінеді, ал көшіріп жазғанда біршама реттік сақталады.

Апрактикалық аграфия — сол жақ жарты шардың ирімдерінің зақымдалуында болады. Науқастар жазу үшін қолдарына қандай қалып беретіндігін білмейді,жазу қозғалыс актілерін ретімен орындай алмайды.

Акалькулия – санаудың бұзылысы.Ол ошақтың әр-түрлі орналасуында туындайды:

1. Шүйде аймағының зақымдалуы сандар тек белгі ретінде болып қалады.

2. Сол жақ жартышардың төбе-шүйде аймағының зақымдалуында болады. Сандардың кеңістікте орналасуы бұзылып, қабылданбайды. Әсіресе римдік сандарды бағалау қиынға түседі.

3. Сол жақ жартышардың төбе бөлігінің зақымдалуы, қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауының бұзылысына әкеледі.

Көру агнозиясы. Көру анализаторыныңгностикалық функциясына байланысты болады. Қыртысты өрістердің зақымдалуы көру агнозиясы сияқты патологияға әкеледі. Бұл кезде қарапайым көру қызметтері сақталып, психикалық патология дамуы мүмкін, яғни «көреді, бірақ түсінбейді». Бұзылыстың негізгі түрлері бар:

1. Заттық — шүйделік және шүйде-төбелік аймақ зақымдалады. Заттарды көріп тану бұзылады. Заттарды салмағымен, контурымен, кескінімен ғана таниды.

2. Беттік (прозопагнозия) — оң жақты төменгі шүйде аймағы зақымдалады таныс адамдардың, әйелдің, баланың, ер адамдардың бет-әлпетін айыра алмайды (қысқа шашты әйелді ер адаммен шатастыруы), мимика ерекшеліктерін тану қиындайды. Тану мақсатында көмекші мәліметтер қолданылады — иісі, дауысы, жүрісі және т.б.

3. Оптико-кеңістік — жоғарғы төбе-шүйде аймағының зақымдалуы болады. Науқастар таныс кеңістікте бағдарын жоғалтады, «оң және сол жақты» немесе «төмен-жоғарыны» танып бағдарлау қабілеттілігінен айырылады.

4. Әріптік — сол жақ шүйде-самай бөліктерінің зақымдалуында болады. Әріптердің мағынасын түсінбей, оқи алмайды.

5. Түстік — сол жақ шүйде бөлігінің зақымдалуында жүреді.Агнозия кезінде науқастар бөлек негізгі түстерді ажыратып, сирек кездесетін түстерді ажырата алмайды.

Гностикалық есту бұзылыстары. Оң жақ жарты шардағы есту жүйесінің қыртысты деңгейде зақымдалуында пайда болады. Дыбыстар қандай да бір мағынаның тасымалдаушысы ретінде болмай, тек жоғарғы тонда ғана дыбыстарды айыра алады. Бұл есту агнозиясы деп аталады. Осымен қатар есту зейіні де бұзылады. Мұндай науқастар естуінің төмендеуіне шағымданады, сөзді естіп түсінбейтіндіктерін айтады. Бірақ, бұларда қарапайым естуі сақталған. Сөздік емес естудің бұзылысын амузия деп атайды таныс әуенді танып білуі және басқасынан айыра білуінің бұзылысы.

6.4 Дәрігер тұлағсы. Мамандардың тұлғаарлық қатынасы. Тұлғалық сұрақнамалар және стандартты анализдеудің шкальді әдістері

Дәрігер тұлғасына психологиялық талаптар. Дәрігер кәсібіне қойылатын тұлғалық талаптар, эмоциональді жүктеумен, жиі стресстік жағдайларға, уақыт тапшылығына, қарқынды тұлғаралық қарым-қатынасқа байланысты болады. Кәсіптік қызметіне байланысты дәрігер қайғы-қасіретпен, ауырсынумен және өліммен, ажалмен жиі кездеседі. Дәрігер жұмысы — тұрақты психологиялық дайындықты талап ететін тұлғаралық қатынаспен сипатталатын қызмет түрі. Психологиялық көз-қараспен ауру ақпараттың тапшылығына байланысты белгісіздік жағдайы болып есептеледі. Бұл жағдайды науқас уайымдаса, дәрігер оған нақты диагностикалау арқылы ақпараттық белгісіздікті жоюға көмек көрсетеді. Осы сияқты ережелер маманнан жоғарғы эмоциональді тұрақтылықты, сенімділікті, коммуникативті дағдыларды және копинг-стратегияларды талап етеді.

Коммуникативті копинг-ресурстардың арасынан стресстік және мәселелі жағдайда тиімді шешім қабылдауға, қарым – қатынас құрауға қажетті, оның ішінде дәрігердің кәсіптік қызметінің құралуына маңызды эмпатияны, аффилиацияны, қатайюға сенситивтілікті атауға болад. Эмпатияның жоғарғы деңгейінде дәрігерге уайымшылдық әңгімелесушісінің көңіл-күйіне сезімталдылықпен қарау, біреудің мазасын алам деген кінәлі сезім, психологиялық жаралану — қасиеттері кәсіптік рольдің орындалуына, яғни шешімділікке, қайсарлыққа, мақсаткерлікке, болашаққа бағдарлыққа кедергі жасайды. Науқасты уайымдаудағы шектен тыс эмпатия эмоциональді жүктемеге немесе эмоциональді және физикалық жүдеулікке әкеледі. Эмпатиямен аффилиация тығыз байланысқан. Аффилиация — адамның басқа адамдар қоғамында болуына ұмытылуы, тұлғааралық байланыстағы бағыт құралы болып табылады. Кәсіптік қызметтегі серіктестік қатынасты,ұжымдағы климатты немесе «терапиялық аумақты» қамтамасыз ететін қабілеттілік.

Тұлғаның ортадағы бақылауын копинг-үрдісі анықтайды және дәрігердің негіздік копинг-ресурсына жатады. Интернальді бақылауы дамыған тұлғалар абайлы болып, жағымсыз нәтижелерден қашқақтап, қатерге сезімтал болады. Олардың жетістіктерге қажеттілігі, позитивті «Мен-концепция», әлеуметтік қызығушылығы және өзіндік белсенділіктің көрсеткіштері жоғарғы деңгейде болады. Фрустрирлі жағдайларда экстернальді науқастар интернальділермен салыстырғанда үлкен үрейді, өшпенділікті және агрессияны уайымдайды. Олар жоғарғы депрессивті болғандықтан өмірлік стресстерді қадағалауға мүмкіндіктері аз.

Науқас көз-қарасымен, дәрігер бейнесі эмпатияға қабілетті және сенімді мінезді болып керек. Мінездің сенімді стилі науқаста «терапиялық иллюзияны» құрайды, ол науқаста сенімділік пен үмітті орнатады. Дәрігер өзінің міндетті кәсіби парызын орындауда тек қана науқасқа қолдау көрсетпей, жұмыстағы әріптестеріне де қолдау көрсетуі қажет.

Дәрігердің психотерапиялық потенциалындағы ролі талассыз болып келеді. Хекхаузеннің ұсынуынша психотерапевтік көмектің моделдері бар, ол негізгі 4 аспектіден тұрады: 1) басқаның ішкі жағдайын эмоциональді уайымдау; 2) өз әрекеттерінің қоршаған ортаға кері әсерін білу қабілеттілігі; 3) моральді-этикалық нормалардың дамуы; 4) өзіне істелген немесе істелмеген альтруистік әрекеттердің жауапкершілігін алу.

Кәсіптік медициналық ортада, медициналық колледж және жоғарғы оқу орындарында, түрлі медицина обылысының мамандары және оқытушыларының - қатынасуы едәуір өзіндік сипатта болады. Әрине өзіндік сипатты тезаурус береді – кәсіптік глоссарий, идеоматикалық қор, барлық лексикон, оның ішінде медициналық жұмыскерледің жаргоны, әлеуметтің басқа өкілдерінің арасында оларды ерекшелендіреді. Біз өз әріптестерімізді жеңіл түсінеміз, қандй да бір қиыншылықтарда бір-бірімізге көмек беруге дайын боламыз. Сондықтан, коммуникативті дағдыларға әріптестерімен қатынасу өнерін, топта жұмыс істей алу ебін, жалпы кәсіптік карьерасына жетістікті қамтамасыз ететін қабілеттіліктерін айтамыз. Жоғарыда біз ЛОБИ тестісін келтірдік, ол арқылы науқас тұлғасының сипатын және ауруға деген қатынасын анықтадық. Бірақ дәрігер де өзінің коммуникабельділігін, мінез типін, темпераментін және қатынасу стильі жайында анализ жүргізуі тиіс.

Осы мақсатта тұлғалық сұрақнаманы қолдануға болады. Оларды психологияда және әлеуметтікпсихологияда қолданады. Нәтижелерді бағалауға балмен есептелген стандартты шкалаларды қолданамыз. Сұрақнамаларға мысал келтірейік.

Үйірлік нмесе қатынасу деңгейінің бағалануы

(В.Ф. Ряховский тестісі)

Тест арқылы адамның коммуникабелділік деңгейін анықтауға болады.

Сұрақтарға жауап беруді жауаптың үш нұсқасын қолданумен жүргіземіз – «иә», «кейде» және «жоқ».

Нұсқау: Сіздердің зейіндеріңізге бірнеше қарапайым сұрақ беріледі. Жауапты тез: «иә», «жоқ», «кейде» деп бересіз.

Сұрақнама мәтіні

1. Сізді ординарлы немесе іскер кездесу тосып тұр. Бұл кездесу Сізді өз арнаңыздан шығарады ма?

2. Отырыста, жиналыста немесе сол сияқты іс-шараларда ақпаратпен, баяндамамен алға шығу Сізде сасуды және көңілсіздікті тудырады ма?

3. Сіз дәрігерге қаралуды соңғы уақытына шейін шегіндіріп қалдырасыз ба?

4. Сізді ешқашан болып көрмеген қалаңызға іс - сапарға баруыңызды өтінді. Осы іс-сапардан Сіз қашқақтау мақсатында бар күшіңізді саласыз ба?

5. Сіз өзіңіздің уайымыңызбен басқа біреумен бөліскенді жөн көресіз ба?

6. Егерде Сізді көшеде бейтаныс біреу өтінішпен тоқтатса ашуланасыз ба (жолды көрсетіп жіберу немесе уақытты айту)?

7. Бірнеше ай бұрын сізден алған ақшаңызды танысыңыздың есіне салуға Сіз ұяласыз ба?

8. Мейрамханада немесе асханада Сізге тұрып қалған тағам берді. Сіз тәрелкені ашулы үнсіз сырып қана қоясыз ба?

9. Бейтаныс адаммен жеке қалдыңыз. Егер де ол бірінші әңгімені бастаса Сіз әңгімеге араласпайсыз, Солай ма?

10. Сізді кез- келген ұзын кезек қорқынышқа әкеледі (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында). Сіз өз ойыңыздан тез қайтіп немесе кезектің соңына тұрып күтесіз ба?

11. Қандай да бір шиеленісті жағдайда Сіз комиссия ретінде қатысуға қорықпайсыз ба?

12. Сіз өзіңіздің көз-қарасыңызды ауызшаға қарағанда жазбаша түрде бергенді қалайсыз ба?

13. Қате көз-қарасты естіп қалып, Сіз үндемей, әңгімеге қосылмай қаласыз ба?

14. Біреудің қызметтік сұрақ немесе оқу тақырыбы бойынша көмек сұраған өтініші Сізде кейісті тудырады ма?

Баға шкаласы:

«иә» – 2 ұпай;

«кейде» – 1 ұпай;

«жоқ» – 0 ұпай.

Алынған ұпайлар қосылып, классификатор бойынша қай категорияға жататындығы анықталады.

Тестінің классификаторы

30 – 31 ұпай. Сізкоммуникабельді емессіз, бұл Сіздің тауқіметіңіз, бұдан сіз өзіңіз көп зардап шегесіз. Сіздің жақын адамдарыңызға да оңай емес. Жұмыста Сізге сену қиын. Өзіңізді бақылауға тырысыңыз.

25 – 29 ұпай. Сіз тұйықсыз, жабықсыз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан Сізде достар аз. Осы мінезіңіздің сипатына өзіңіздің де көңіліңіз толмайды.

19 – 24 ұпай. Сізге таныс емес жерде өзіңізді еркін, сенімді ұстайсыз. Жаңа мәселелер Сізді қорқытпайды. Жаңа адамдармен байқап қатынасқа түсіп, диспуттарға еріксіз қосыласыз. Сіздің ойларыңызда сарказм өте көп.

14 – 18 ұпай. Сізде қалыпты коммуникабельділік. Сіз әуесқұмарсыз, әңгімелесушіңізді қызығушылықпен тыңдап, қатынасуда сабырлы боласыз жаңа адамдармен кездесуге уайымсыз бара бересіз. Шулы топтарды ұнатпайсыз, олар Сізде тітіркенуді шақырады.

9 – 13 ұпай. Сіз үйірсексіз. Әңгімешілсіз, әуесқойсыз, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысасыз, кейде бұл қоршаған ортаның тітіркенуін шақырады.

Жаңа адамдармен құмарланып танысасыз. Зейіннің ортасында болғанды жақсы көресіз, ешкімнің өтінішін аяқ асты етпейсіз. Тез ашуланып, тез басыласыз.

4 – 8 ұпай. Сіз өте үйірсексіз. Барлық іс жайында хабардарсыз. Барлық дискуссияларға қатысқанды жақсы көресіз. Қай жерде болмасын өзіңізді жақсы сезінесіз. Кез келген жұмысқа кірісіп, кейде аяғына дейін апармайсыз. Осы себепке байланысты әріптестеріңіз және жетекшілеріңіз кейбір сенімсізділікпен қарайды.

3 немесе одан да аз ұпай. Сіздің коммуникабельділігіңіз ауырсыну сипатында жүреді. Сіз көп сөздісіз, сізге қатысы жоқ жұмысқа араласқанды жөн көресіз.Қоршаған ортаңыздағы шиеленістердің себебі болып жатасыз. Ашуланшақсыз, өкпешілсіз. Салмақты жұмыс сіз үшін емес. Адамдарға Сізбен үйде де, жұмыста да, тіпті барлық жерде де қиын. Сізге өзіңіздің мінезіңізбен жұмыс жасау қажет. Өзіңізді біріншіден шыдамдылық пен ұстамдылықты, сыйластықты ұстануға үйретіңіз.

Коммуникативті қызметтің тестілік картасы.

Адамның аудиторияменқатынасу стильін бағалау үшін А.А. Леонтьеваның анкетасының негізінде жасалған коммуникативті қызметтің тестілік картасын толтыруды өтінеміз. Ол үшін эксперт ретінде аудиториямен жұмыс істеудегі тәжірибесі бар адам болуы керек. Әрбір эксперт тәуелсіз жұмыс істеп, бағалауды жүргізеді. Бағалауды ұсынылған шкаламен жүргіземіз.

 

1 Тілектестік

7 6 5 4 3 2

Қайырымсыздық

2 Қызығушылық

7 6 5 4 3 2

Селқостық

3 бастамаға қолдау көрсету

 

7 6 54 3 2

Бастаманы басып тастау

4 ашықтық (сезімді еркін көрсету, «масканың» жоқтығы)

7 6 5 4 3 2

тұйықтылық (әлуметтік рольді ұстану, өз кемшіліктерінен қорқу, бедел үшін қам жеу)

5 Белсенділік (қатынасу кезінде тыңдаушыларды «тонуста» ұстау)

7 6 5 4 3 2

Пассивтілік (қатынасу үрдісін басқара алмайды, оны өз бетінше жібереді)

6 иілгіштік (туындаған мәселелер мен шиеленістерге тез еніп,тез шешеді)

7 6 5 4 3 2

Қаталдық (аудиториядағы өзгерістерді елемейді)

7 Қатынасудағы дифференцирлік (жеке үйлесім ету)

7 6 5 4 3 2

Қатынасуда дифференцирліктің болмауы (жеке үйлесімнің болмауы).

Экспеттердің ортаңғы бағасы 45 – 49 ұпай шамасында болса, онда коммуникативті қызмет кернеулі және белсенді әрекет ету моделіне жақын. Оратор өзінің шеберлігінің шыңына жеткендігін көрсетеді, аудиторияны өзіне қаратады. Хабардар емес адамға, бірін-бірі бұрыннан білетін адамдар компаниясы ретінде көрінеді. Алайда, барлығы бір жалпы іспен айналысады.

35 – 44 ұпай – жоғарғы баға. Аудиторияда достықты және зорлықсыз атмосфера орнаған. Барлық қатысушылар жүргізушіні қызығушылықпен бақылайды және қойылған сұрақты талқылайды. Белсенді түрде ойларын айтып, мәселені шешуге жол іздейді. Апаттылық болмайды.

Жүргізуші әңгімені дұрыс бағыттап, жиналғандарды күлдіріп те алады. Сәтті ұсыныстар мақталып, мадақталады. Сабақ екі жақтың өзара әрекеттесуімен өнімді өтеді.

20 – 34 ұпай қатынасу әдістерін қанағатты игерген жүргізуші ретінде сипаттайды. Оның коммуникативті қызметі форма жағынан ерікті, аудиториямен байланысқа еркін кіреді, бірақ барлығы бірдей оның назарында болмайды. Дискуссия кезінде ол аудиторияның белсенді жағына сүйенеді, ал қалғандары бақылаушы ретінде отырады.Сабақ қызықты өтіп, көбіне қойылған мақсатқа жете бермейді..Сабақ мазмұны қатынасу құрбанына айналуы мүмкін.

11 – 19 ұпай – аудиторияда адамның коммуникативті қызметін төмен бағалау. Әрекеттің бір бағыттылығы орын алады. Екі жақтың байланысына бөгеттер әсер етеді. Аудитория пассивті, инициативаны жүргізушінің доминантты жағдайы басып отырады.

Өте төменгі бағалау 7 – 10 ұпай аудиториямен қандай да бір қатынас болмайды. Қатынасу дикторлық немесе дикторлық немесе гипорефлексивті модел бойынша жүреді. Ол көпшілікке оқылған дәрістен немесе радиодағы хабардан еш айырмашылығы жоқ. Барлық қызмет ақпаратпен ғана шектеледі.Тиімді қарым-қатынасқа, қатынасу бөгеттері болатын түрлі факторлар әсер етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 2138; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.