Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Персонализациялау технологиясы. 4 страница




Кодтан шешу абсциссте типтердің символы, ал ординат бойынша әрбір типке сай айқыштар белгіленген (2 сурет) графигтің көмегімен іске асырылады:

 

                           
                           
                        Х  
                        Х  
                        Х  
                        Х  
  X                     Х  
  X           Х Х       Х  
  X X X     X Х Х       Х  
  X X X     X Х Х       Х  
  Г Т И М А Н О С Я Ф   Р П

 

2 сурет. ЛОБИ көмегімен зерттелу нәтижелерін кодтан шешу мысалдары.

«Кодтан шешуге арналған ұпайлар» графасындағы әрбір әріптік символ типтің пайдасына 1 ұпайға сәйкеседі: Г–гармониялы, Ү–үрейлі және т.б. Екі немесе одан көп символ бір таңдауға сәйкес, мысалы ТН, ЗФ осы типтердің әр-қайсысына 1 ұпайдан есептеледі. Қосарланған символдарға, мысалы ПП, РР типтерге екі балдан есептеледі. Сызбаны құрастырып болғаннан кейін типті диагностикалауы келесі ережелермен жүреді: 1.Берілген типке байланысты диагностикалық минимальді саннан аспаса ғана диагностикаланады.Әтүрлі типтерге минимальді диагностикалық сандар бірдей болмайды:

 

Қатынасу типтері Г Т И М А Н   С Я Ф   Р П
Минимальді                          
Диагностикалық саны                          

 

2. Егер де минимальді диагностикалық сандар бірнеше типтерде бірдей немесе жоғарыласа, 2-3 тип диагностикаланады.

4.2 Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттер

Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына әртүрлі факторлар кедергі келтіреді. Бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын немесе кенеттен дамуы мүмкін. Бұның бәрін біз қатынасу бөгеттері деп атаймыз. Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтап, салыстыра біліп және оларды коммуникативті дағдылардың көмегімен жеңуге тырысуымыз қажет. Әрине, бұл жағдай қатынасудың позитивті тиімділігіне жету мақсатына көзделсе. Әлеуметтің және қоғамның мәдениеті адамдар қатынасуының коммуникативті толеранттылығының деңгейімен анықталады. Медицина кәсібінде мед.қызметкерлері позитивті қатынасуды орната білуі міндетті. «Дәрігер-науқас» және «мейірбике-науқас» қатынасу жүйесі жатады

Жоғарыда айтылған бөгеттерді біз былайша жіктей аламыз:

- ішкі, адамның жүйке қызметінің типіне байланысты қоршаған ортаны қабылдау ерекшелік күшінің болуымен және т.б.;

- сыртқы, жағдайға және басқа адамдардың әсерінен дамитын бөгеттер.

Мысалы, ішкі бөгеттерге естудің төмендеуі, көрудің нашарлауы, шындықты қабылдауының адекваттылығының бұзылуы; мидың ишемиясының салдарынан пайда болған бұзылыстар – сөздің, естің, жазудың, санаудың және т.б. бұзылыстары.Сыртқы бөгеттерге – тілдік және әлеуметтік факторлар жатады. Тиімді қатынасқа түрлі мәдениеттік дәстүрлер, білімдік деңгейі, адамдардың саяси және дүниетанымдылық сенімдері бөгет болуы мүмкін. Мұндай айырмашылықтардың туындылары болып, этникааралық, нәсілділік бөгеттер жатады. Осыған байланысты науқасқа көмек көрсетуші медицина қызметкері науқас қызығушылықтарына алалықсыздық таныту керек. Дәрігер қандай да бір діни, саяси және философиялық көз-қарасты ұстанса да, кәсіби парызын орындауда оларды есепке алмауы қажет.

Қатынасудың ішкі бөгеттерін қарастырайық. Әдістеменің бастапқы бөлімінде біз коммуникативті дағдыларды мінез және тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты, орынды түрде қолдануды атадық. Мысалы, дәрігерге немесе мейірбикеге ригидтілік, үрейлік және кекшілдік тән болса, мұндай сипат олардың науқаспен сенімді қатынас құрауына кедергі жасайды. Сәтсіз қатынасудан кейін дамыған бөгеттердің шешу жолы жоқ болып көрінеді.

Интровертирленген тұлғалы дәрігер науқаспен қатынасуда салмақты мәселе болуы мүмкін. Мінездің мұндай сипаты карьералық өсу жолына оң әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде интроверттер жоғарғы білімді, эрудирленген, жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасуда олар үлкен қиындықтарға тап болады. Интроверт-дәрігерлер «түмемен жабылғандай» жабық болады. Олар өз күмәндәрін, уайымдарын әріптестерімен немесе достарымен және де науқаспен талқылауды әдепсіздікке жатқызады. Олар өзінің ішкі дүниесіне ешкімді қабылдамайды және басқа адамның әлемі оған қызықсыз көрінеді. Мұндай дәрігерде эмпатия және симпатия өте сирек кездеседі. Әріптестеріне және науқастарға сенбеушілік маманның өзіндік жекеленуіне әкеледі. Ол баяу өзінің коммуникативті компетенттілігін жоғалтады.

Интровертке қарсы экстраверт керсінше көрінеді. Эмоция, проблемалар, жаңалықтар – барлығына бірдей қазына болып табылады. Мұндай ашықтыққа қарамастан дәрігер бөгеттерге кездеседі.

Гормониялы емес тұлға типі және дәрігердің конгруэнттілігінің болмауы тұлғааралық шиеленіске ұштасуы мүмкін.

Ішкі бөгеттерге дәрігердің жеткіліксіз эрудициясын және рухани жетілмеушілігін жатқызамыз. Дәрігер кез келген рухани элитаның өкілдерімен бірдей деңгейде әңгімелесе алуы тиісті, анықтап айтқанда, мысалы, математикпен математика тілінде, сазгермен өзінің музыкаға деген қызығушылығын танытып, жазушымен әдеби білім деңгейін көрсете сөйлесе білуі қажет.Қызығушылықтың тарлығы науқастарға эмпатияны көрсетуді шектейді.

Сыртқы бөгеттер көбіне жасанды түрде жасалады. Мысалы, тілдік бөгеттер, бұл бөгеттерді дәрігер өздері жасайды, яғни науқаспен сөйлесу кезінде қажетсіз медициналық терминдерді орынсыз қолданады. Науқасқа тағайындалған жұмсақ зондпен және оптикамен асқазанды зерттеу шараларын, дәрігер науқасқа: «Сізге фиброэзофагогастроскопияны өту аса қажет» деп жеткізеді немесе ауырсыну сезімі қай жерге таралады деудің орнына: «Ауырсыну қай жерге иррадиация береді?» деген сияқты түсініксіз сөздерді қолданады.

Тілдік бөгеттер дамыған жағдайда дәрігер науқасқа жағдайды жеңілдету мақсатында вербальді емес белгілерді қолдануы қажет, сол арқылы ол өзінің науқасқа көмектескісі келіп тұрғанын көрсетеді. Үрейді және бөгетті шеткеретін басты вербальді емес белгі ретінде күлімсіреу, ашық қалып, сабырлы, қайырымды көз-қарас жатады. Дәрігердің жалпыға танымал бірнеше фразаларды жаттап алуы да жағдайды бір шама жеңілдетеді. Конфессиональді, этникалық, әлеуметтік, мәдениеттік бөгеттерді дәрігер уақытында алдын алуы тиіс. Өзінің жеткіліксіздігін уақытында байқап, оны міндетті түрде жоюға жол беруі керек. Мұндай дәрігерге барлық науқастар – бірінші кезекте көмек сұрап келегн адамдар ретінде болады. Бірақ-та мұндай мінсіз дәрігерлер барлығына жете бермейді, сондықтан дәрігер өзінің кәсіби компетентсіздігін үнемі жетілдіруі тиіс. Дәрігерге науқас жағынан дамыған бөгеттерді танып білуін талап етеді.

Дәрігер мен науқас арасындағы тиімді қатынасқа кедергі келтіретін бөгеттерді шешу үшін, олардың қандай түрдегі бөгеттер екенін анықтауымыз қажет. Науқаспен қатынасу жүйесіндегі дәрігер жағынан дамыған блоктарға өзімшілдік, асығыстық, патернализм, сияқты өзгерістер жатады.

Дәрігердің мінез-құлығын шектейтін келесі ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:

  • Көздерін басқа жаққа әкету немесе тайдыру
  • Беделді немесе ақбейілді сөз, беттің тұнжыраған және кінәләйтін әлпеті
  • Науқастың денесінің қозғалысынан дене тілін түсінбеуі.

Сонымен қатар, қатынасу үрдісін вербальді стимуляторларда бұзады:

  • Кінәлау - Сіздің ойыңызша, науқас басқаша істеуі керек па?
  • Одырайу – эмоционал талқыға салу,мысалы, ашу кернеу, ұнатпау
  • Жасанды растау – науқастың жауабының алдында немесе реакциясының алдында жасанды түрде науқасқа жайлылық таныту
  • Зерттеу – науқастың көңіл-күйімен сәйкес келмейтін қандай да бір мәліметтерге уақытынан бұрын араласу
  • Сәйкес келмейтін жабық сұрақтарды қолдану
  • Аладын-ала тұжырым жасау

5 БӨЛІМ. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ БАР НАУҚАСТАРМЕН ҚАТЫНАСУ. ДӘРІГЕРДІҢ АСОЦИАЛЬДІ ТҰЛҒАЛАРМЕН ЖҰМЫСЫ

 

5.1 Девиантты және альтернативті сексуальді бағыттағы науқастармен жұмыс жасау. Біздің қоғамымызда сексуальділікке қатысты әлеуметтік нормалардың ырықтануы, атап айтқанда эротиканы және жыныстық қатынасты үгіттейтін кітаптардың, видеоматериалдардың көбеюіне байланысты, сексуальді мінез-құлық кеңінен таралып, жаңаша мәселелерді туындатуда. Мысалы, кейбір адамдар өздерінің жыныстық стандарттарға сәйкес келмейтіндігін экраннан немесе кітаптан оқып ерекше уайымға түседі.

Мұндай адамның сексуальді сферасы эмоциональді стрестерге өте сезімтал болғандықтан, сексуальді мәселелердің негізгі себебіне, психикалық ширығу, үрей, ішкі шиеленістер әкеледі.

"Секс" және "сексуальдылық" терминдері жиі синоним ретінде қолданылса да, олардың мағыналары әр-түрлі. Бұны білу маңызды, егерде аталған түсініктерді кәсіптік жұмысыңызда пайдалансаңыз. Секс жыныстық қатынастың механикалық түрде жүзеге асуын білдіреді. Сексуальдылық аумақты сезімдерді қамтиды.

Сексуальді мәселелер дамыған кезінде кеңес беру, сексуальді өмірдің қалыпын және патологиясын ажыратуға мүмкіндік береді.

Сексуальді мінез-құлық мақсатын, біздің мәдени нормаларымызға сәйкес көрсетсек ол басқа адамдарды терең түсінуге және ләззәт алу немесе баланы дүниеге әкелу мақсатында орындалатын мағыналы жыныстық қатынас деп көрсетеміз. Кейде қалыпты немесе ауытқыған сексуальдылықтың шекарасын айыра алмаймыз. Бұл шекараның орналасуы әлеуметтік мәдениетке, моральді және құқықтық нормалардан байланысты болады. Сексуальдылықтың анықталған қалыптарын әлеуметтік бағытта өзгеруі, сексуальділік қалыптың жаңаша көріністеріне әкеледі. Көптеген мамандар сексуальді мастурбацияны, оральді жыныстық қатынасты қалыпты деп санайды. Сексуальдылықтың психологиялық және физикалық себептері болады. Мұндай бұзылыстар басқада мәселелерді күшейтеді.

Ер адамдарда кеңінен таралған сексуальді бұзылыс — бұл импотенция, немесе жыныстық әлсіздік, яғни жыныстық қатынас кезінде толық эрекцияға жете алмаумен сипатталады. Импотенция уақытша бұзылыс болып табылғандықтан ер адамдардың әр-түрлі жас кезеңдерінде кездеседі. Жас мөлшері ұлғайған сайын импотенцияның мүмкіндігі де ұлғаяды. Даму себептеріне органикалық және психогенді факторлар әсер етеді.

Тағыда бір ерлерде кездесетін бұзылыс — тым ерте дамитын эякуляция, яғни жыныс мүшесінің қынапқа кірмей немесе кіргеннен кейін кенеттен ұрықты жіберуі. Себебіне психогенді факторлар жатады. Мұндай бұзылыс ерлерде олқылық сезімін дамытады.

Әйелдерде жиі таралған сексуальді бұзылыс — фригидтілік немесе жыныстық салқындылық, сексуальді қанағаттанудың жартылай немесе толығымен болмауы. Мұндай бұзылыстар жыныстық қатынасқа кедергі келтірмейді. Себебі болып, жыныстық қатынасқа байланысты дамыған психогенді факторлар жатады. Мұндай өзгерістер соматикалық бұзылыстарға әкеледі, мысалы, вагинизм (қынап қабырғаларының еріктен тыс қысылуы).

Бұл екі жыныстарда да сексуальді бұзылыс гиперсексуальдылық түрімен де жүруі мүмкін. Адамдарда болатын осындай бұзылыстар сексуальді сипаттағы қиялдармен және ойлармен үнемі әурелейді. Әйелдің гиперсексуальдылығын нимфомания деп, ал ерлердікін – сатириазис деп атайды. Гиперсексуальдылықтың этиологиясы болып жиі психогенді факторлар жатады, олар эпилепсия және басқа да неврологиялық аурулар фонында дамуы мүмкін.

Сексуальді ауытқуларды, әлеуметке өрескел сексуальді мінез-құлық қалыптарымен түсіндіреді.

Сексуальді ауытқулардың екі түрін анықтаймыз: объектіні таңдауы бойынша (фетишизм, педофилия, зоофилия және т.б.) және сексуальді құштарлық мақсаты бойынша (трансвестизм, эксгибиционизм, вуайеризм, садизм, мазохизм және т.б.).

Фетишизм — сексуальді объектінің культі ретінде киім заттарын немесе сүйіктісінің денесінің бөліктері жатады. Әдетте бұл ерлерге тән болып келеді.

Педофилия — балаларға патологиялық сексуальді құмарлық. Көбіне педофилдер мазохистік бағыттағы импотент болады. Бала қауіп төндірмейтін сексуальді объект болып саналады.

Трансвестизм — қарама - қарсы жыныстың киімін немесе басқа жыныстың ролінде сексуальді қанағаттанушылық. Жиі ерелер арасында кездеседі.

Эксгибиционизм — қарама-қарсы жыныс иелерінің алдында өзінің жыныс мүшелерін көрсету арқылы сексуальді қанағаттану. Жиі ерелер арасында кездеседі, құрбанының қорқыныш сезімі сексуальді қанағаттануға әкеледі. Эксгибиционизммен бірге әдетте мастурбация жүреді.

Вуайеризм — қарама - қарсы жынысты сырттай бақылау арқылы қанағаттану іске асады.

Гомосексуализм деп бір жынысты адамдардың жыныстық қатынасын айтамыз (әйелдік гомосексуализм — лесбиялық қатынас деп аталады). Сонымен қатар, гомосексуалистерге бисексуалдарды да жатқызамыз, яғни екі жыныспен де қатынасқа түсетін тұлғалар. Гомосексуализм кеңінен таралған (1-4% ерлер арасында; 1-3% әйелдер арасында).

Сексуальді мәселелер жайындағы әңгімені қалай бастауымыз қажет? Науқастардың дәрігерге қаралу себебі осы мәселелер бола тұра, олар әңгімені көбіне бастамайды. Мамандар барлық жағдайларда науқастың интимдік өмірі жайында кеңінен сұрастыра алмайды. Сондықтан, науқастың сексуальдылығын анықтау стандартты сұрақ қоюмен жүреді. Науқас өзінің сексуальдылығы жайында ешқандай мәлімет бермесе, маман осы тақырыпқа әкелетін сұрақтар қоюы қажет: "Сіз өзіңіздің сексуальдылық өміріңіз жайында ештеңе айтпадыңыз ғой". Мұндай ескерту сұрақтан гөрі құндырақ болады. Егер де науқас сұрақпен жауап берсе: "Ал, Сіз нені білгіңіз келеді?", ескертуді сұрақ ретінде қайта құрастыруға болады: "Сіз неге жыныстық өміріңіз жайында айтпайсыз?" Мұндай сұрақтарға қарсылық көрсетілген болса, онда қысым жасамаймыз, тек осы тәріздес талқылаудың болмауына байланысты басқа мәселелерді түсінуіміздің қиындайтынын ескерте кеткеніміз жөн.

Сексуальді мәселелері бар науқастарға кеңесті үш түрде жүргіземіз: сексуальді ағартушылық, сексотерапия және адекватты сексуальді мінез-құлықты құрастыру.

Кеңес беруші барлық жас топтарындағы клиенттерге кеңес жүргізуге дайын болуы керек. Kirkpatrik (1975; цит. пo: George, Cristiani, 1990) Сексологиялық кеңес берудің тоғыз ережесі анықталған. ТМД мемлекеттерінде – бұл сексологтар мен психиатрлар. Сексуальді мәселе жөніндегі кеңестер науқастың талабымен жүзеге асуы қажет. Бірақ-та бізде сексологиялық көмек дәстүрі қалыптаспаған. Сондықтан, науқас өмірінде мұндай мәселелер қандай орын алатындығын дұрыс түсінуіміз аса маңызды. Тіпті болмаса кеңес беріп,маманға бағыттау керек.

Сонымен, кеңесшіге науқасты қабылдауының ережелері ұсынылады:

Кеңесші сексуальді мәселелер жөнінде еркін жіне ашық сөйлей білуі міндетті, яғни сексологиялық терминологияны дұрыс орынды қолдана білу.

Кеңесші науқастың сексуальді мәселелері жөніндегі әңгімені өзі бастауы керек, себебі науқас жасқаншақтық танытуы мүмкін.

Кеңесші адамның сексуальділігі жөніндегі сұрақтарымен жақсы таныс болуы қажет, науқастарға сәйкес ақпаратты толығымен жеткізу мақсатында (анатомия, жыныстар психологиясы, фармакология, контрацептивті заттар).

Сексуальді бұзылыстарды емдеуде көбіне сексотерапия қолданылады.

5.3 Қастық және агрессивті бағытталған науқастармен қатынасу. Кеңес беру кезінде негативті бағытталған немесе ашық өшпенділік танытатын науқастар аз мәселе тудырмайды. Мұндай науқастарға кеңесшілер әртүрлі сезіммен жауап береді: кейбіреулері өшпенділікке тітіркенумен немесе қастықпен; сыпайылықпен және достықпен; үшіншілері науқас жағдайын елемей, ештеңе болмағандай өздерін көрсетеді.

Кейбір жағдайларда науқастың шынайы жағдайын біліп алғаннан кейін, оған ашуланғанның өзі пайдалы болып жатады. Науқасқа оның ашулы немесе өшпенді бағытта тұрғанын айтып жеткізу маңызды. Бірақ мұндай айтылатын ой-пікіріңізді үзілді-кесілді айтпай, мысалы: "Сіз бірденеге көңіліңіз толмай тұр ма?", "Сіздің көңіліңіз неден қалып тұр?", "Сіз ештеңе айтқыңыз келмей ме?" және т.с.. Егерде кеңесші нуақастың өшпенділігін сезсе, ол оны нақтылауы керек: "Не болды?", "Мен бірдеңені дұрыс айтпадым ба немесе істедім бе?". Әрине, науқасқа келекемен және жек көрініспен қарауға болмайды — оның мұндай қылығы терапиялық қарым-қатынастың жетістігіне кері әсерін береді.

Науқастың қанағаттанусыздық сезім себептері қарапайым болып келуі мүмкін – кеңесшінің айтқан сөздерінің немесе түрінің ұнамауы,кеңесшінің тым жас көрінуі және т.с.

Өшпенділіктің өзінің мағынасы бар — ол өзіндік қорғаныстың әрекеті болып табылады. Өшпенділік тек қана қаіпті белгі ретінде ғана емес сонымен ол агрессияны да білдіреді.

Кеңесші мұндай өшпенділіктің бастамасын білуі керек. Әрбір науқастың мұндай әрекеті оның өмірлік жағдайларында жасырулы болуы мүмкін Әсіресе, балалық шағында «өшпенділіктің өзіндік стилі» құралады. Кейбір науқастар дәрігердің бұйырып сөйлеген сөзінен кейін немесе анық және нақты мәлімет бермегендіктен; үшіншіден тым артық сұрақтар қойылғаннан кейін, себебі шектен тыс құмарлық танытқан тәріздес болып көрінеді. Кеңесті жүргізгенде кеңесші науқастың жағдайын дұрыс бағалап, бұл сезімдердің бастамасын науқастың ішкі дүниесінен қарастыруы қажет. Кейде өшпенділік үрейлікті жасырады.Мұндай жағдайларда науқасқа өз сезімдерін түсінуге көмек жасап, өшпенділік құралуының шешімін тапқан жөн. Дәрігер өзінің кейісін қортындылай біліп, науқасқа тиімді көмек көрсетуі керек. Екі жақты түсінушіліктің пайда болуы жалпы мақсатқа бірге жетуге әкеледі.

5.4 Дәрігердің асоциоальді тұлғалы науқастармен қатынасу ерекшеліктері. Асоциальділік — бұл күрделі және болжамы жағымсыз тұлғалық бұзылыстар, ол тек симптомдармен ғана емес, мінез-құлықтың өзгеруімен қатар жүретін әрекеттер. Бұл бұзылыстарды "психопатиялық тұлға" немесе "әлеуметтік тұлға" деп қарастырады. Социопаттар қоғамға нашар бейімделген, олар қоғам талаптарына, моральға және қалыптарға қарамастан өздерінің түйсікті қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана өмір сүреді.

Асоциальді тұлғаны ішкі невротикалық бұзылыстары бар асоциальді тұлғалармен шатастырмауымыз қажет. Невротиктер асоциальді тұлғаларға жат қылық танытады, яғни ол өздерінің мінез-құлқына уайымдайды.

Асоциальді мінез-құлық жасөспірім кезеңінде ерекше байқалады, ол шектен тыс агрессиямен, бейберекет сексуальді мінез-құлықпен және алкоголь мен наркотиктерді қолданумен көрінеді.

Дәрігер асоциальді тұлғаның – жәй қарапайым адам еместігін түсінуі керек. Олар басқалардан өмірлік мақсаттарымен, басқа адамдарға және өзіне деген қатынасымен түбегейлі ерекшеленетін тұлға. Mac Kinnon и Michols (цит. по: Kennedy, 1977) көрсетуінше:

"Асоциальді тұлға басқа адамдарға қауіп немесе ләззат алатын көз ретінде қарайды. Олар өздерінің ойлағандарын шұғыл іске асыруға тырысады. Асоциальді тұлға шыдамсыз, бір минуттық ләззатқа ғана бағытталып, қажеттіліктеріне қанағат алуын шегеруге шыдай алмайды. Оларда эмпатияның жоқтығына байланысты агрессиялық реакцияларымен қатар, мейірімсіздік және садизм тән.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 1481; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.