Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ж: CaCI2, N2O5, AI2O3, Na2S. 3 страница




Экзотермиялық, эндотермиялық реакциялар түрін өзара салыстыра отырып, жылу эффектісі жөнінде түсінік беріледі. Демек, химиялық реакция көзіндегі бөлінетін не сіңірілетін жылу мөлшерін-жылу эффектісі дейміз. Олай болса химиялық теңдеулер арқылы бөлінген не сіңірілген жылу мөлшерін есептеуге болады. Осы тұста мұғалім оқушылардың физика курсынан алған білімін еске түсіріп, жылу мөлшерінің өлшем бірлігін, калориметрдің не екенін анықтайды. Сондықтан төөмендегідей сұрақтар қоюға болады.

1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?

2. Жылу мөлшерін іс жүзінде қалай өлшейді?

Осындай тірек білімге сүйене отырып, төмендегі мысал арқылы термохимиялық теңдеулер жөнінде ұғым қалыптастырылады. 1 г көмірді жаққанда 34,17 кДж жылу бөлінеді. Ал 1 моль немесе 12 г көміртегін жаққанда 410 кДж бөлінеді.

Енді осы шама химиялық реакцияның оң жағына қосу (+) белгісі арқылы жазылады.

Мысалы: С + О2 = СО2 + 410кДж

Сонымен егер теңдеудің оң жағында қосу белгісі арқылы жылу мөлшері көрсетілген болса, ол экзотермиялық реакция екендігін көрсетеді. Ал егер реакция жылуды сіңіре жүрсе, онда химиялық теңдеудің оң жағына сіңірілген жылу мөлшері алу (-) белгісі арқылы көрсетіледі.,,,,,,,,,,,, Мысалы: 2HgO = 2Hg + O2 - 180 кДж

Бұндай жылу эффектісі көрсетілген химиялық теңдеулер термохимиялық теңдеулер делінеді.

Мұғалім бұдан әрі химиялық энергия жөнінде, оның энергияның басқа түріне айналуын айта келіп, мысалдар келтіріледі. Бұл ұғымдарды физика курсындағы энергияның сақталуы және айналуы заңына сүйене отырып, түсіндіреді.

Оқушы білімін бекіту мақсатымен төмендегідей сұрақтар қойылады:

1. Қандай реакция экзотермиялық деп аталады?

2. Қандай реакция эндотермиялық деп аталады?

3. Жылу эффектісі деген не?

4. Термохимиялық теңдеудің ерекшелігі неде?

Үйге тапсырма беру: §27. 1-12 жаттығулар.§29 оқып үйрену.

Күні

Сабақтың тақырыбы: Оттек. Оксидтер. Жану тақырыбы бойынша бақылау жұмысы №2.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімде- рін жүйелеу, алған білімдерін тексеру барысында екі нұсқада бақылау жұмы сын жүргізу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Бақылау жұмысын екі нұсқада жүргізу:

1 нұсқа

  1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.

HCI, CaO, Na2S, CO2, KCI, P2O5, H2S, SO2, H2SiO3, Fe2O3.

  1. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.

C + O2=

S + O2 =

HgO =

Ag + O3=

  1. Сынап (II) оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.
  2. Мына элементтердің: H, Na, Mg, AI, Ca оксидтерінің формуласын жазып, атауларын атаңдар.
  3. Мына оксидтерді: MnO2, MnO3, NO, Mn2O7 халықаралық атаулары бойынша екі тәсілмен атаңдар.

2 нұсқа

1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.

NaCI, FeO, K2S, CaO, KCI, Ag2O, H2S, SO2, H2SO3, NO.

  1. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.

N2 + O2=

P + O2 =

CuS + O2 =

Cu + O2=

  1. Магний (II) оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.
  2. Мына элементтердің: H, Si, Ag, Cu, Ca оксидтерінің формуласын жазып, атауларын атаңдар.
  3. Мына оксидтерді: Cr2O3, CrO3, NO2, AI2O3 халықаралық атаулары бойынша екі тәсілмен атаңдар.

Үйге тапсырма: Қайталау.

Сабақтың тақырыбы.

Сутегінің химиялық қасиеттері және оның қолдануы

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды сутегінің химиялық қасиеттерімен таныстыру. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш ұғымдарын қалыптастыру. Экологиялық таза отынның маңызын айту.

Құрал –жабдықтар. Мыс/фольга/, мыс оксиді /ІІ/, қорғасын /ІІ/ оксиді, қорғасын, пробиркалар, Кипп аппараты, спиртшам, сіріңке, зертханалық штатив, оттегі толтырылған штатив, оттегі толтырылған газометр, резенке тығыны бар 150мл қалың кабатты колба, суы бар табақша, воронка. Оқушылардың үстелінде мыс /ІІ/ оксиді немесе қорғасын /ІІ/ оксиді, мырыш, тұз қышқылы / хлорсутегі/ газадар алуға арналған құрал, пробирка, спиртшам, сіріңке, пробирка ұстағыш.

Тірек білім мен біліктер. Сутегі оның физикалық қасиеті, химиялық реакция. Тотықсыздандырғыш.

Өткен сабақта алған білім біліктер тексеру үшін төмендегі тапсырма беріледі. 1. Магний мен тұз қышқылының арасындағы химиялық теңдеуін жаз. Суды ығыстыру арқылы сутегіні жина. 2. Мырыш пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, сутегі алындар. Химиялық реакция тендеуін жаз. 3. Ауаны ығыстыру арқылы сутегіні жина. 4. Сутегіні екі түрлі жолмен алып, реакция тендеулерін жаз. 5. Хлорсутегіндегі сутегінің массалық үлесін есепте.

Оқушылар мындай есепті шығарады: екі ыдыс сутегі мен оттегіне толтырылған. Осы газдардың физикалық қасиеттеріне сүйіне отырып, қай ыдыста қай газ екенін табындар?

Өткен сабақты пысықтағаннан кейін жаңа материалды оқытуға көшеді. Жаңа сабақты мындай тәртіппен өтіледі.

Тәжірибе: а/ сутегінің оттегінде жануы; ә/ Сутегінің тазаағанын тексеру; б/ Сутегінің ауада және оттегінде жануы; Судың түзілуі. Жасалған тәжірибелерден шығатын қортынды: Сутегі –жанғыш зат оттегімен қосып жандырғанда қопарылыс береді. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойамыз: Сутегі күрделі заттың құрамында оттегімен әрекеттеседі ме? Құрамында оттегі бар қандай күрделі заттарды білесіндер? Оқушылар столында мыс оксидінің /ІІ/ қара ұнтағы бар. Сутегімен әрекеттескенде қандай заттар түзілетінін табу үшін орын бсу реакциясын еске түсіру керек. Реакция нәтижесінде мыс бос күйінде бөлінеді. Бұл жерде – тотықтырғыш. Тотықтырғыш ұғымын түсіндіреміз. Тәжірибені жүргізу барысы айтылып түсіндірілгеннен кейін оқушылар зертханалық жұмыс жүргізіледі /оқулық, 113 –бет, 11 –жұмыс/. Реакция теңдеуін құрастырады. Мыс оксиді жоқ болса, темір /ІІ/ оксидін Ғе2О3 алуға болады. Темірдің пайда болуын магнитпен тексереді. Жаңа сабақты оқушылар сутегінің химиялық қасиетімен таныса отырып, мына байланыстарды түсінуі керек.

Металл оксиді + сутегі →металл + су

Бейметалл + сутегі →күрделі зат

Сутегінің қолданылуын түсіргенде мына рекция оқушылардың есіне түсіреді:

22= 2Н2О+ 571,6кДж

Сутегі жанғанда көп энегргия беріледі, осы қасиеті неге байланысты? Сутегін таза отын ретінде қолдануға болады. Сутегінің қолданылуы оның қасиетіне байланысты екенін ескере отырып, мынадай кестені ұсынуға болады.

Сутегінің қолданылуы мен қасиетінің арасындағы

байланыстық

Сутегінің қасиеті Сутегінің қолданылуы
  1.Өте жеңіл газ     2. Оттегінде жануы /жалынның температурасы 2500°C/     3.Бейметалдармен қосылуы /мысалы, хлор, азот/     4.Металдарды тотықсыздандыру: WO3+3Н2=W+3Н2О   Атмосфераны зерттеу үшін шарзондтар толтырылады   Металдарды қосу, отын ретінде ерекше құрылысты іштен жану двигательдерінде қолданылады   Қышқылдарды алу /мысалы, тұз қышқылы/, аммиакты /NH2/ және азот тыңайтқыштарын алу үшін   Кейбір металдарды алу үшін  

 

Кестенің оң жағын кітаппен өздігіннен жұмыс істеу арқылы оқушылар өздері толтырылады. Мұғалім жазған жуаптарын тексереді.

Үйге тапсырма. §31. 3,4,6 –жаттығулар. Темір /ІІ/, алюминий АІ, литий /Lі/ металдармен тұз қышқылын арасындағы реакция теңдеулерін жазындар.

 

Сабақтың тақырыбы.

Қышқылдардың құрамы. Тұздар.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды жаңа қышқыл, тұз, индуктор ұғымдарымен таныстыру. Қышқыл қалдығының валеттілігін, тұздардың формуласын мен аттарын уйрету.

Құрал жабдықтар. Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, т.б. мырыш, магний, сутегі. Оқушы үстелінде: 12 –зертханалық жұмысқа керекті реактивтер мен ыдыстар.

Тірек білім мен біліктер: валеттілік, қышқыл, тұз, оксид, қышқыл қалдығының валенттілігі, валенттілігі бойынша тұздарды жаза білу, негізгі қышқылдарды атау.

Сабақты әнгімелесу түрінде жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қойады:

1.Сендерге қандай жай заттар белгілі?

2.Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?

3.Төмендегі заттар қандай кластарға жатады?

 

Na2O, CaO, AL2O3, H2O, CO2

 

/Формулаларды мұғалім тактаға жазады./

Сутегінің химиялық қасиетін қайталау мақсатында төмендегі тапсырмалаларды беруге болады.

1. Мына заттардың қайсысымен сутегі әрекеттесед:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1390; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.