КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Алмасу реакциясы
HNO3, H2SO3, HBr, H3PO4, H2CO3, KCI, H2SO4. Үйге тапсырма. § 32, 33. 1,3,4 –жаттығулар.
Сабақтың тақырыбы Қышқылдардың химиялық қасиеті Сабақтың мақсаты. Оқушылар қышқылдардың металдармен әрекеттесуімен танысады. Валенттілік ұғымын дамыту. Құрал –жабдықтар: Ко нцентрлі қышқылдар мен ерітінділері / күкірт, тұз қышқылы/, мырыш, магний. Оқушылар үстелінде: №13жұмысқа тиісті реактивтер мен ыдыстар. Тірек білім мен біліктер: Қышқылдар, тұздар, құрамы, қышқылдың индикаторға әсері. Металдардың активтік қатары. Қышқылдардың құрамы туралы білімін қайталау үшін мынадай тапсырма беруге болады. 1. Қышқылдарға, тұздарға қандай заттар жатады? 2.Тығыны бар екі пробиркада концентрлі хлорсутегі және күкірт қышқылы бар. Оларды қалай айыруға болады? 3.Екі стаканның қайсысында су, қайсысында қышқыл бар екенін қалай айырамыз? 4. Тәжірибе арқылы тұз қышқылының құрамына сутегі элементі бар екенін дәлелде. 5. Азот және фосфор қышқылдарының формуласын жаз, егер азот қышқылының қалдығы NO3 –бір валентті, ал фосфор қышқылының қалдығы -РО4 –үш валентті болса. 6. Қышқыл құрамындағы сутегі жай зат па, әлде элемент пе? 7.Мына заттардың тұздарды теріп жаз, қышқыл қалдықтарының астын сыз, валенттіліктерін көрсет. СиО, НNO3, Н2О, К2SO4, H2SO4, HCI, NaOH, KCI, H3PO4, AIPO4, Mg. Мына заттардың ішінен СиSO4, H2S, H2O, HCI, CиСІ2, H2SO4, Ca3/РО4/2, HNO3, P2O5, HBr, NaOH, H2CO3, Са/ОН/2, Н2SiО3 қышқылдарды теріп жазыңдар, төмендегі кестені толтырыңдар.
Тұз қышқылының лакумус қағазымен сынағаннан кейін /лакумус қызарады/ магний жанқасын салдық. Біраз уақыттан кейін ерітіндісінің түсі неліктен өзгереді? Сұрақтың жауабын талқылағаннан кейін, мырыш пен күкірт қышқылының арасындағы реакция жасап көрсетеміз. Нәтижесі талданады. Барлық металдар сутегін бөліп шығарама? Осы сұраққа жауап ретінде оқушылар қышқылдардың металдарға әсерін негізделген зертханалық жұмыс жүргізеді. Оқушылар мыспен реакция жүрмейтін тәжірибе жүзінде көреді. Реакция теңдеулерін жазып, металдардың активтігін салыстырады да, қорытынды жасайды. Зертханалық жұмысты қорытындылау үшін оқушыларға мынадай сұрақ қоюға болады: 1Фосфор қышқылымен а/ сынап; ә/ алюмиеий; б/ хром әрекеттесе ме? 2.Мүмкін болатын реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Үйге тапсырма. §31. 1 -4 –жаттығу. Сабақтың тақырыбы Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі. Сабақтың мақсаты. Оқушыларға қышқылдың металл оксидімен әрекеттесуін түсіндіру.Реакцияның жаңа типі –алмасу реакциясымен таныстыру. Құрал –жабдықтар. Мыс /ІІ/ оксиді, күкірт қышқылының ерітіндісі, әк суы, мыс сульфатының/ кристалдары/ пробирка, спиртшам, сіріңке, шырпы. Оқушылардың үстелінде: 14 –зертханалық жұмысқа керекті реактивтер мен ыдыстар. Тірек білім мен біліктер. Оксидттерді, металл оксидтерін, қышқылдарды, тұздарды ажырата білу. Алмасу реакциясы. Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. 1.Төмендегі заттар арасындағы реакция жүре ме: а/мырыш пен күкірт қышқылы; ә/ күміс пен фосфор қышқылы; б/ магний мен тұз қышқылы; в/мыс пен тұз қышқылы? Жауабын түсіндіріндер. Жүретін реакция теңдеулерін құрастыр. Түзілген тұздардың атын ата. 2.Төмендегі реакцияларды аяқта. Реакцияның қай типіне жататынын айт: Ғе + S→, Н2SО4+Mg→, Н2О→ Zn+НСІ→ АІ+Н2S4→ 3.Төмендегі жүретін реакция тендеулерін құрастыр: H2SО4+Mg→ НСІ+АІ → НСІ+Си → Н2SО4 +Нg→ Н2SО4 +Са→ НСІ+Аg→ Н3РО4+Аg→ Н3РО4+Nа→ Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мынадай мәселелерді оқушылардан анықтау керек. 1. Реакциялардың қандай типтерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер. 2.Қышқылдағы сутегінің орнын күрделі қосылыстағы меалдар баса ала ма? Құрамында металл бар қандай күрделі қосылыстарды білесіндер? Металл оксидтері қышқылымен әрекеттесе ме? Оқушылармен әнгімелесе отырып, 14 –зертханалық жұмыс барысы талданады. Жүргізген реакциялардың теңдеуін жазу керек. Бұл реакцияны бұрын танысқан реакция типтеріне жатқызуға бола ма? Алмасу реакциясына сызбанұсқасын келтіреді: АВ+СД=АД+СВ. Содан кейін оқушыларға алған білімін бекіту үшін 5 – минуттық өздігінен жұмыс береміз. І нұсқа 1.Тұз қышқылының а/ магний; ә/ магний оксидімен реакция тендеулерін құрастыр. 2.Төмендегі заттардың қайсысымен күкірт қышқылы әрекеттеседі: СиО, Си, ZnO, НСІ? ІІ нұсқа 1. Күкірт қышқылының а/магниймен; ә/ магний оксидімен реакция теңдеуін құрастр. 2. Төмендегі заттардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттеседі: НgО, Нg, СаО, Са, Н2SО4? Үйге тапсырма; §32,33. 2,3-жаттығу. Сабақтың тақырыбы. Сутегі. Қышқыл. Тұз тарауын қайталау және қорытындылау Сабақтың мақсаты. Оқушылардың осы тақырыпта алған білімін белгілі жүйеге келтіріп, қорытындылау. Сутегі мен қышқылдардың химиялық қасиеттерін, тұздардың формуласын құрастырып, қышқылдардың қатысындағы химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету. Оқушыларды сарамандыққа дайындау. Құрал –жабдықтар. Тұздардың, қышқылдардың ерітінділерді, оксидтер, метелдар, индикаторлар. Оқушылар үстелінде эксперименттік есепке арналған заттар; мырыш, тұз қышқылы, шыны, сіріңке, спиртшам, индикатор, темір /ІІІ/ оксиді, темір, алюминий, сүзгіш заттар, бейорганикалық заттардың жинақтамасы. Тірек білім мен біліктер. Сутегі, оксид, қышқыл, тұз окидтері. Олардың индикаторға әсері. Масса, мольдік массамен есептер шығару. Сабақты эксперименттік есептер шығару үшін тақтаға оқушылар шақырылады. 1. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, сутегін алыңдар. Сутегі жанғанда су түзілетінін дәлелде. Реакция теңдеуін жаз. 2. Ыдыста тұз қышқылы бар екенін бірнеше жолдармен анықта. Реакция теңдеуін жаз. 3. Қышқылдың химиялық қасиетін түсіндіретін реакциялар жаса, олардың маңызын түсіндір. Реакция теңдеуін жаз. 4. Темір /ІІ/ сульфатын алу реакциясын жүргіз және жеке бөліп ал. Оқушылармен әңгімелесу мына сұрақтар арқылы жүргізіледі 1.Бейорганикалық заттардың қандай кластарын оқып үйреңдіндер? Олардың қандай ұқсастығы және ерекшелігі бар. 2.Окидттерге, қышқылдарға тұздарға анықтама беріңдер. 3."Бейорганикалық қосылыстар" жинақтамасын пайдалана отырып, қосылыстардың аттарын ата, қай класқа жатқызасын, мысал келтр. 4. а/ оксидттерді; ә/ тұздарды алудың екі түрлі жолын реакция теңдеуімен көрсет. 5.Төмендегі сызбанұсқа бойынша жүретін реакция теңдеулерін жаз: Нg
Химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару. Масса, малекулалық масса ұғымдарын қайталауға тапсырма беруге болады: 40г х моль СиО+Н2S4 = Си SО4 +Н2О Есептің берілгенін көрсетіп, шығар. Оқушыларға белгілі реакция теңдеулерін пайдаланып, әр түрлі есептер беруге болады "моль –г ", "моль –моль", "г –г ". Сабақты қорытындылау ретінде оқушыларға өзіндік жұмыс тапсырамыз. Сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жаз. І нұсқа Мg→MgO→MgCI2 ІІ нұсқа Си СиО→Си SО4 Үйге тапсырма. §32, 33 /қайталау/. 4, 6 –жаттығу, 4 –сарамандық жұмысқа дайындалу.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1234; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |