КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Педагогика мен дидактика 2 страница
Сонымен, физика пәнiн оқытуда екi жоспар жасалады: тақырыптық (календарлық) жоспар және сабақ жоспары. Календарлық жоспар - оқу жылына жасалады және мына баптардан тұрады:
1. Тақырыптың (сабақтың) нөмiрi, аты 2. Мезгілі (ай, апта, күн) 3. Оқулықтың аты, бетi, параграф нөмiрi 4. Пән аралық байланыс (өтiлетiн сабаққа қажет басқа пәндерден мағлұмат) 5.Дидактикалық материалдар (демонстрация, таблица, кинофильм т.б.) 6.Есептер нөмiрi, лабораториялық жұмыстардың аты оқулықтың бетi көрсетiледi. 7. Ескертулер (жеке тәсiлдер), қосымша әдебиет.
Сабақ жоспарын әр мұғалiм өзi жасайды, оны мектептiң оқу iсiнiң меңгерушiсi бекiтедi.
Сабақ жоспарының негiзгi баптары:
1. Сабақтың тақырыбы 2. Сабақтың мақсаты (мазмұндық, дидактикалық). 3. Сабақтың барысы: 3.1. Ұйымдастыру кезеңi (хабарландырулар, жақын мезгiлдегi жоспарлар т.б.) 3.2.Үй тапсырмасын тексеру (фронтальды сабақтар, тест тапсырмаларының текстi) 3.3 Жаңа сабақ мазмұны (1-2 бет текст) 3.4. Демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс сипаттамасы (~1 бет текст) 4. Пысықтау сұрақтары, есептер (~0,5 бет текст) 5. Үйге тапсырма (оқулық бетi, параграф, есептер нөмiрi, қосымша әдебиет) Әр бапқа қажет уақыт мөлшерi көрсетiледi, олардың жиынтығы 45 минутке шамалайды. Әр сабақтың жоспары - кемiнде 4-5 беттiк шығармашылық жұмыс. Сабақ жоспарын мұғалiм жыл сайын жетiлдiрiп отырады.
Лекция 3 ФИЗИКА ПӘНI, ОНЫҢ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Табиғат заңдылықтарын зерттеу, дүниетанымдылық көзқарастар негiздерiн ашу, техникалық прогрестiң даму жолдарын көрсету - физика ғылымының тiкелей мiндеттерi. Сондықтан физика пәнi мектеп курсында, жоғарғы оқу орындарында маңызды орын алады. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде физика пәнi 6 - 11 сынып аралығында оқытылады. Арнаулы физика-математика мектептерiнде физика сабағы кең көлемде өтiледi. Жоғарғы оқу орындарында физика сабағы техникалық, химиялық, биологиялық, жаратылыстану мамандықтары үшiн, арнаулы физика-математикалық, физика-техникалық, инженерлiк-физикалық мамандықтар үшiн оқытылады. Сонымен қатар физика пәнi философиялық, гуманитарлық, экономикалық, социологиялық мамандықтарға да әлем құрылымы, материя, сана және дiн арасындағы қатынастар, қоғам заңдылықтарының ғылыми негiздерi туралы түсiнiктердi игеру мақсатында оқытылады. Пәннiң мазмұны ғылымның соңғы жетiстiктерiне байланысты кеңейiп отырады. Оқыту әдiстемесiндегi негiзгi принцип: пәннiң мазмұны әрi ғылыми, түбегейлi, әрi өте қарапайым болу керек. Негiзiнде iргелi, ғылыми мәселенiң өзiн қарапайым түрде айтып, түсiндiруге болады. Физика табиғат туралы, универсальды ғылым болғандықтан оның мазмұны дүниежүзілiк деңгейде болу керек. Физика пәнiнiң мазмұнын жақсарту ғылыми зерттеу жұмыстарына тiкелей байланысты. Сондықтан, сапалы, мазмұнды оқулықтар ғылыми жетiстiгi мол коллективтерде жарық көредi. Мысалы: Москва университетiнде, Москва физика-техникалық институтiнде,Массачусетс технологиялық институтiнде т.с.с. физика пәнiнiң жоғары мектепке арналған кең ауқымды, үлгiлi, түбегейлi оқулықтары жарық көрдi. Осы талаптарға сай жаңа техникалық құралдар, компьютерлiк техника, дыбыс, телевидение техникасы т.б. ғылыми техникалық жетiстiктер физика пәнiнде көптеп қолданылуда.
Физика пәнi мазмұнының құрылымы Физика негiздерi жалпы бiлiм беретiн орта мектепте және арнаулы орта техникалық оқу орындарында оқытылады. Пәннiң мазмұны қазiргi өмiр талаптарына сәйкес және игерiмдi болуы қажет. Физика пәнiнiң мазмұнына қойылатын негiзгi талаптар - ғылыми түсiнiктердi қалыптастыруды, физиканың негiзгi заңдарын және теориялық негiздерiн оқып бiлудi, физиканың эксперименттiк және теориялық әдiстерiн түсiнудi және игерудi, оқушыларға техникалық бағдар, дайындық берудi қамтамасыз ету. Физика курсын оқыту көлемi мен оның мазмұнын анықтайтын негiзгi құжат оқу бағдарламасы болып табылады. Бағдарламада оқушыларға (студенттерге) берiлетiн бiлiм шеңберi мен деңгейi көрсетiледi. Физика ғылымының даму деңгейiне байланысты физиканы оқыту бағдарламасы өзгертiлiп, толықтырылып отырады. Осыған сәйкес оқыту әдiстемесi де жаңартылып, өңделiп отырады, әдiстеменiң жаңа ұтымды формалары қалыптасады. Мектеп оқушылары үшiн мазмұнды, оқушылар деңгейiне сәйкес келетiн, жүйелi түрде жазылған оқулықтар таңдап алынады. Пәннiң мазмұны белгiлi болғанмен оны баяндау, оқып үйрену реттiлiгi әртүрлi болуы мүмкiн. Пән мазмұнын баяндау реттiлiгiнiң, яғни пән мазмұнының құрылымының үш түрi бар: радиалдық, концентрлi, сатылы. Радиалдық құрылымда физиканың әрбiр бөлiмi басынан бастап соңғы жетiстiктерiне дейiн баяндалады да келесi басқа бөлiм басталады. Алдыңғы бөлiм материалдары қайталанбайды. Әрине, материалдардың қайталанбауынан уақыт, оқу сағаты үнемделедi, әрбiр жаңа бөлiмге, оқушы қызығушылық танытады. Бiрақ, бұл құрылымның елеулi кемшiлiгi бар: оқушының жас ерекшелiгi ескерiлмейдi. Мысалы, 6-шы сыныпта (класта) механика бөлiмi оқытылады. Механика бөлiмiнiң тереңдетiлген тақырыптарын, күрделi заңдарын төменгi сыныптың оқушысы игере алмайды және механиканың соңғы жаңалықтарын 6-сынып бағдарламасы негiзiнде баяндау мүмкiн емес. Радиалдық әдiстi жоғары мектепте арнаулы курстарды (магистратурада, аспирантурада), ғылыми жетiстiктердi оқытқанда қолдануға болады. Бұл әдiстi мына сүлбе түрiнде бейнелеуге болады (1-сурет).
Концентрлiк құрылымның ұтымды ерекшелiгi оқушының бiлiм қабылдау мүмкiндiктерi мен жас ерекшелiгiнiң ескерiлуi болып табылады. Физиканың әрбiр бөлiмi мектепте кемiнде екi рет қайталанады. Яғни, оқыту материалдары екi шеңбермен шектелiнедi. Бiрiншi шеңбер бойынша барлық физика бөлiмдерiнiң элементар түсiнiктерi оқытылады, ал екiншi шеңбер бойынша физика курсы толығырақ оқытылады: физикалық теорияларға және математикалық әдiстердiң қолданылуларына терең көңiл бөлiнедi. Концентрлiк құрылымның артықшылығы – физиканы игерудегi қиындықтар оқушының мүмкiндiгiне қарай бiртiндеп туындайды, ал кемшiлiгi – материалдар қайталанады, оған артық уақыт кетедi. Психологиялық тұрғыдан да кемшiлiк бар: материалға оқушы қызықпайды, ынталанбайды. Концентрлiк құрылымның сүлбесi төменгi 2-суретке сәйкес келедi. Сатылы құрылым (3-сурет) - радиалды және концентрлi құрылымдардың тиiмдi жақтарынан тұрады. Бұл құрылым арқылы физика пәнiнiң кейбiр тақырыптары радиалды түрде, кейбiр тақырыптары концентрлi түрде оқытылады. Сатылы құрылым оқушылардың жас ерекшелiктерiн, мүмкiндiктерiн ескерiп, физиканы жүйелi түрде оқытуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кездегi мектеп оқулықтарының мазмұны сатылы құрылымға сәйкес таңдалған. Сатылы құрылымды пайдалану мысалдарын келтiрейiк. Қазiргi мектеп курсында Паскаль, Архимед заңдары 6 – 7 сыныптарға арналған оқулықта ғана баядалады. Ал Ом заңы алдымен 8 сыныпта (тiзбек бөлiгi үшiн) одан соң 10 – сыныпта (толық тiзбек үшiн) оқытылады. 2-сурет. Концентрлік құрылым
3-сурет. Сатылы құрылым Физика пәнiнiң мазмұнын анықтаудың актуальды мәселелерi
Қазiргi кездегi ғылыми-техникалық прогрестiң, қоғамның дамуы физика пәнiнiң мазмұнына да сәйкес талаптар қояды. Ең алдымен физика пәнiнiң мектептегi, жоғарғы оқу орындарындағы орны, ролi қайта қаралуда. Жалпыға бiрдей орта бiлiм қазiр дифференциалданған, яғни сараланған, 8 жылдық оқудың мазмұны жалпыға бiрдей болса, 11 жылдық мектепте бiлiм арнаулы кәсiптiк, ғылыми бағытта берiледi. Мысалы, физика-математикалық, химия-биологиялық, гуманитарлық, экономикалық т.б. орта бiлiм ұйымдастырудың жаңа формалары (лицей, гимназия, колледждер) енгiзiлуде. Көп елдерде қалыптасқан практика бойынша лицей деп аталатын оқу орындары техникалық бағыт алады, оларда физика, математика көбiрек көлемде оқытылады. Гимназия- гуманитарлық, өнертану бағыттарындағы оқу орны. Колледж ғылыми еңбекке, университеттерге дайындау оқу орны болып табылады. Оқыту мазмұны мектептiң мақсатына байланысты өзгередi, бiрақ барлық жағдай үшiн физика пәнiнiң мазмұнын таңдауда мынандай негiзгi талап қойылып отыр: болашақ физика курсы өмiрмен бұл кездегiден гөрi тереңiрек байланысуы қажет. Физика ғылымында үлкен актуальды проблемалар бар. Олар элементар бөлшектер, бүкiл әлем, галактика, өрiстер физикасы т.с.с. Бүл проблемалар маңызды, бiрақ бұлармен қатар күнделiктi өмiрде кездесетiн әлi ашылмаған әрi қызықты, әрi аса қажет түбегейлi мәселелер көп. Әлi күнге дейiн тiрi табиғат заңдылықтары толық негiзделген жоқ. Тiрi организмде молекулалардан тұрады. Қай деңгейде молекулалар жиынтығы тiрi организм қасиетiне ие бола бастайды? Бүл сұрақтың да тiкелей физикаға қатысы бар. Қазiргi микробиологияның дамуы физиканың соңғы жаңалықтарына байланысты болып отыр. Сонымен қатар күрделi, ашық жүйе физикасы даму үстiнде. Күрделi ашық жүйеге Жер планетасы жатады. Оның экологиялық проблемалары өте актуальды мәселе болып табылады. Адамзат энергияны өте көп қолдануда. Қайтымсыз процестер (отын жағу, руда өндiру т.с.с.) ауқымы кеңеюде. Осының бәрi планетадағы тiршiлiк жағдайын өзгертуi мүмкiн. Анық жауап жоқ сүрақтардың бiрi: Жер бетiнiң температурасы артуда ма, әлде кемуде ме? Соңғы жылдардағы Жер бетiнiң температурасының артуын көрсетiп отыр, бiрақ бұл теңденция қаншалықты ұзаққа созылуы мүмкiн? Теория бойынша әртүрлi варианттар бар. Жер бетiнiң температурасы 1 - 2 градусқа артқанның өзi катастрофаға алып келедi. Мүндай проблемаларды ашық жүйе физикасы қарастырады. Ашық жүйелердiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi - өзiн-өзi реттеу, өзқауым жағдайда болуы. Материя және оның қозғалысының өзқауым жағдайының теориясы - жаңа ғылым, синергетика деп аталады. Кейде айтылған проблемалар жеке ғылымдардың үлесi деп сыңаржақ түсiндiрiлуде, бiрақ бұлар түбiнде физикалық проблемалар болып табылады. Бүл мысалдардан басқа аса маңызды тiкелей физикалық проблемалар бар: жаңа энергия көздерiн табу және игеру, экстремальды қасиеттерi бар материалдар жасау, компьютерлiк техниканың мүмкiндiктерiн арттыратын элементтер табу т.с.с. Болашақта физика курсының мазмұны осы бағыттарға сай келуi тиiс. Сонымен болашақ физика курсы интегралдық, комплекстiк сипат алуы қажет. ОҚЫТУ ӘДIСТЕРIНIҢ ҒЫЛЫМИ НЕГIЗДЕРI Физиканы оқытуда логиканың, ғылымның жалпы заңдылықтарын пайдалану. Педагогикалық зерттеулердiң ғылыми негiздерi. Педагогикалық заңдылықтардың статистикалық сипаты. Дидактикалық принциптер.
Ғылым әдiстерiн оқытуда қолдану
Жеке пәндердi оқыту тәжрибелерiнен көптеген заңдылықтар шығады. Олар универсалды, барлық пәндердi оқытуға қатысы бар. Бүл заңдылықтардың логикалық, ғылыми негiздерi бар. Солардың ең жалпы, қарапайым түрлерiн қарастырайық. 1. Индукция (ой салу, жалпылау) - жеке фактiлердi жалпылап жалпы заңдылықтар тағайындау әдiсi. Бiлiм қоры жекеленген тәжiрибенi ескеру, түсiну, бақылау арқылы пайда болады. Бiз индукция арқылы заттар, көрiнiстер, құбылыстар арасындағы байланысты белгiлеймiз. Осы тұжырымдарды ескеру арқылы бақыланбаған, көрмеген белгiсiз объектiлер, құбылыстар туралы болжам жасауға болады. Мысалы электр өрiсiнiң, магнит өрiсiнiң, заряд ағысының заңдылықтары жалпыланып электрмагниттiк өрiстiң Максвелл теңдеулерi жазылды. Индукция әдiсi физиканың бастапқы жаңа бөлiмдерiн оқыту үшiн қолдануға тиiмдi. 2. Дедукция (қорытып шығару) - жалпы қағидалардан, заңдылықтардан жеке фактiлердi түсiндiру, нақты жағдайға қатысты заңдылықтарды табу. Дедукцияны пайдаланып, негiзгi теориялық заң бойынша көптеген жеке құбылыстарды сипаттауға болады. Мысалы: бастапқы және жиектiк шарттарды пайдаланып Ньютонның екiншi заңы арқылы әртүрлi нақты қозғалыстың траекториясын анықтауға болады. Сан-алуан физикалық құбылыстар осы заңмен түсiндiрiледi. Дедукция әдiсi физиканың қалыптасқан теориялық бөлiмдерiн оқытуға қолданылады. 3. Аналогия - күрделi құбылыстың орнына оған ұқсастығы бар басқа қарапайым құбылысты зерттеу арқылы қорытынды жасау әдiсi. Аналогия ғылыми зерттеулерде кез-келген пәннiң күрделi ұғымдарын түсiндiргенде көп қолданылады. Мысалы: құйынды қозғалыс күрделi құбылыс. Мүны бұдан гөрi оңай зерттелетiн тогы бар өткiзгiштiң айналасындағы магнит өрiсiнiң заңдылықтарымен сипаттауға болады. Био -Савар заңымен анықталатын кезкелген нүктедегi магниттiк индукция сұйықтың жылдамдығына пропорционал. 4. Модельдеу - бұл күрделi объектi, құбылысты тек негiзгi факторларды ескерiп зерттеу. Математикалық, физикалық және сандық модельдеудi бөлiп қарастыруға болады. Математикалық модельдеу құбылысты теңдеулер арқылы аналитикалық түрде зерттеудi бiлдiредi. Физикалық модельдеу - объектi, күрделi құбылысты арнаулы қондырғы арқылы тәжрибе жөнiнде зерттеу. Сандық модельдеу - әрi теориялық, әрi тәжрибелiк зерттеудiң әдiстерiн қамтиды. Зерттелетiн құбылыстың математикалық теңдеулерi сандық түрде компьютер арқылы шешiледi. Қазiргi кезде сандық модельдеу аса күрделi құбылыстарды (ядролық реактор жұмысын, ракетаның ұшуын басқару т.с.с.) зерттеуге қолданылады. Модельдеудiң үш түрiнiң әрқайсысының ұтымды жақтары бар.
Барлық жеке пәндердi оқытуға қатысты негiзгi дидактикалық принциптердiң физиканы оқытуға да қатысы бар. Бүл принциптердi былай топтауға болады. Оқыту, оқу, тәрбие, дамыту функцияларының бiрлiгi. Физика пәнiн оқытқанда бiлiм берумен қатар еңбекқорлыққа, шыншылдыққа үйретемiз, оқушының ойлау қабiлетiн дамытамыз. Ғылыми, жүйелi түрде оқыту. Физиканың ғылыми негiздерiмен дәлелденген, тексерiлген ең iргелi, түбегейлi заңдылықтармен, фактiлермен таныстыру керек, жүйелi түрде тәжiрибемен қарапайымнан күрделiге оқыту қажет. Ал, ғылыммен негiзделмеген оқуды схоластика деп атайды. Дiни ұғымдарды оқыту көп жағдайда схоластикалық түрде iске асырылады. Мiне, осы жерде дiн мен ғылымның айырмашылығы анық көрiнедi. Оқытудың саналылық, қызығушылық, творчестволық принципi. Бүл принциптiң мағынасы мынада: оқушы, студент физиканы саналы түрде қызығып оқуына жағдай жасау керек. Тек сонда ғана тұрақты бiлiм берiледi. Қанша көп сағат оқытқанымызбен қызығушылық болмаса күшпен нәтиже болмайды. Оқу құралдарын оқуға, қосымша әдебиет оқуға, өзбетiмен еңбектенуге үйрету қажет. Көрнектiлiк, түсiнiктiлiк принципi. Сабақ оқытқанда техникалық көрнектi құралдарды қолдану керек, ойды қарапайым, түсiнiктi тiлмен жеткiзу қажет. Бiлiм тиянақтылығының принципi. Бүл да қажеттi принцип. Оқыту нәтижесiнде бiлiм, бiлiктiлiк, дағды қалыптасуы қажет. Оқу еңбегiнiң нәтижесi жүйелi түрде тексерiлуi керек, өмiрде қолданылатын деңгейде болуы қажет. Лекция 5 ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДIСТЕРIНIҢ ТҮРЛЕРI Физиканы оқыту әдiстемесiнiң түрлерi: информациялық- репродуктивтiк, iздену - эвристикалық, зерттеу әдiстерi. Оқытуды жандандыру әдiстерi: тiрек белгiлер, қайшылық кезеңдер, құрылымдық-логикалық жүйелер, нысаналық оқыту. Оқыту тәжiрибесiн талдап, төменгiдей әдiстердi бөлiп алуымызға болады. ғылыми-әдiстемелiк, оқыту әдiстерiнiң әдебиеттерде әр түрлi атаулары көп, бiрақ бiз оларды негiзгi үш топқа бөлiп қарастырамыз.
Информациялық-репродуктивтi әдiс Аталуы бойынша бұл әдiс оқытушы жеткiзген мағлұматты (информацияны) оқушының қайталауын көздейдi. Бүл әдiстiң iске асуы көп жағдайда ауызша, көрнектiлiк арқылы түсiндiру формасында болады. Оқушы ауызша айтылған, сурет, схема, белгiлер, тәжiрибе т.б. көрнектiлiк арқылы түсiндiрiлген жаңа фактiлердi қайталап (репродукциялап) айтуы, жазуы тиiс.
Iздену- эвристика әдiсi Бiлiм алу процесi тек тiкелей белгiлi фактiлермен танысу емес, түсiнiксiз, белгiсiз мәселелердi өзбетiмен игерудi талап етедi. Бұл әдiстiң жүзеге асу формалары: әңгiмелесу, сұраққа жауап беру, өз бетiнше оқу, типтiк есептер шығару, лабораториялық жұмыстар жасау, қосымша тапсырма орындау т.с.с.
Оқу-зерттеу әдiсi Бұл мақсатты iске асыру формалары - күрделi есептер шығару, арнаулы лабораториялық тапсырмаларды орындау, реферат жазу, компьютерлiк модельдеу, шағын зерттеу жұмыстарын орындау т.с.с. Оқу-зерттеу әдiсi көп жағдайда жоғарғы оқу орындарында, мектептiң жоғары сыныптарында қолдануы мүмкiн. Әрбiр әдiстiң өзiне тән ұтымдылық ерекшелiктерi бар. Бiр әдiспен шектелiп қалуға болмайды. Оқытушының мiндетi әрбiр жағдайға тиiмдi әдiстi таңдап алу. Бүл әдiстердiң әрқайсысының жиiрек қоданылатын кезеңдерi бар. Мысалы: көп жағдайда информациялық-репродуктивтi әдiс төменгi сынып оқушыларына, жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге пайдаланылады. Бiрақ бұдан бiржақты терiс қортынды шықпау керек. Информациялық-репродуктивтi әдiстi студенттерге де, аспиранттарға да, магистранттарға да керек кезiнде қолдануымызға болады. Оқу әдiстерiмен қатар оқыту тәсiлдерi туралы да айтуға болады. Тәсiлдiң әдiстемеден айырмашылығы - ол әдiстеменiң iске асу кезеңдерiн, құрамдарын бiлдiредi. Мысалы, оқытушы физикадан демонстрациялық тәжiрибе көрсетiп тұр делiк. Бүл информациялық - репродуктивтi әдiске жатады, яғни информация берiлiп тұр. Осы әдiстi iске асыру үшiн әртүрлi тәсiл қолданылады. Алдымен демонстрацияның мақсатын, нәтижесiн түсiндiрiп, содан кейiн тәжiрибенi көрсетуге болады. Бүл бiрiншi тәсiл. Немесе, тәжiрибе көрсетiп тұрып, физикалық құбылыстың мәнiн түсiндiруге болады. Бүл екiншi тәсiл. Әр әдiстi қолданудың сан-алуан түрлерi бар.
Физиканы оқытуды жандандыру әдiстерi Жоғарыда қарастырған оқу әдiстерiн практикада қолданудың қалыптасқан ұтымды формалары бар. Оқытудың ұтымдылығы деп берiлген мағлұматтарды (информацияны) оқушының мейлiнше аз уақытта жан-жақты, терең игеруiн қамтамасыз етудi түсiнуге болады. Осы бағыттағы көптеген педагогикалық тәжiрибе нәтижелерiн жүйеге келтiрiп, топтастыруға болады. Тiрек белгiлерге жаңа сабақ барысында қолданылатын қысқаша белгiлер, символдар, сүлбелер, суреттер, формулалар т.б. жатады. Мүндағы мақсат - күрделi нәрсенi абстракциялау, оның басты қасиеттерiн, мазмұнын ашып түсiндiру, оңай есте қалу жолдарын iздеу. Тiрек белгiлердi пайдаланып оқушы мұғалiмнiң түсiнiктемесi бойынша шағын конспект жазады. Қайшылық кезеңдер - жаңа сабақ барысында оқушыға таныс, белгiлi мазмұн (бағдарлама) бойынша тiкелей түсiндiрiлмейтiн, белгiлi фактiлерге қарсы келетiн iшкi қайшылығы бар сұрақтар арқылы пайда болады. Танымдылық, бiлiм алу процесi ²неге², ²қалай² сияқты сұрақтарға жауап iздеудi бiлдiредi. Мүндай сұрақтар, әдетте, оқушы өзбетiмен жаңа тақырыпты игергенде, есеп шығарғанда туады. Жалпы жағдайда ой тудыратын, iзденiске бағыттайтын сұрақтар қайшылық (проблемалық) кезеңдерде туады. Қүрылымдық-логикалық сүлбелер оқып үйренетiн тақырыптың, бөлiмнiң негiзгi түсiнiктерiнiң қалыптасу ретiн, даму заңдылығын, олардың өзара байланысын көрсетедi. Мүндай жүйелер бiлiмдi, фактiлердi ретке келтiредi, қорытындының, заңдылықтың себебiн ашады, жаттанды емес, логикалық негiзделген бiлiм алуға үйретедi. Мысал. “Электр өрiсi” тақырыбын баяндауда мына реттiлiк пайдалы: алдымен заряд түсiнiгi енгiзiледi, одан соң зарядтардың әсерлесу күшi, өрiс кернеулiгi, потенциал енгiзiледi. Бүл түсiнiктер нүктелiк сипаттамалар, оларға сәйкес интегралдық (ұзындық, бет, аудан, көлемге сай) сипаттамалар толық заряд, кернеулiк ағыны, сиымдылық енгiзiледi және олардың бiр-бiрiмен байланысы көрсетiледi. Осы айтылған ойды төмендегi сүлбе (4-сурет) қысқаша сипаттайды. Қүрылымдық логикалық сүлбе ұтымды болу үшiн оның формасы симметриялы болуы қажет. Ең қарапайым симметриялы сүлбелер: бифуркациялық (қосарланған) сүлбе (5-сурет), центрлiк сүлбе (6-сурет). Қүрылымдық логикалық сүлбелер бiлiм, ғылым, өнер саласында, қоғамдық, өндiрiстiк тәжiрибеде көп қолданылады.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 3009; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |