КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция 3
Тақырыбы: Арифметикалық және логикалық санау жүйелерi. Жоспар: 1. Арифметикалық санау жүйесi 2. Логикалық санау жүйесi Санау жүйелері дегеніміз – сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсілдерінің жиынтығы. Санау жүйелерінің позициялық және позициялық емес болып бөлінетін екі түрі бар. Мұның біріншісі – ерте кезден қалыптасқан ондық санау жүйесі, екіншісі – римдік санау жүйесі. Жалпы алғанда, позициялық жүйе тек ондық санау жүйесі ғана болмауы мүмкін. Егер сан түзетін цифрлар разрядтарының бірліктері оңнан солға қарай есептегенде бір-бірінен тұрақты бір сан есе, мысалы, q есе артып отыратын болса, онда сан q санау жүйесінде берілген деп, ал q осы жүйенің негізі деп аталады. Ондық санау жүйесі үшін q=10. Позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін 0-ден бастап (q-1)-ге дейін бүтін сандар пайдаланылады да, олар осы жүйенің базистік (негіздік) цифрлары деп аталынады. Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс істейді (базистік цифрларын 1-ші кестеден қараңыз). Он алтылық санау жүйесіндегі А, В, С, D, Е, F әріптері – осы жүйенің сәйкес 10, 11, 12, 13, 14, 15, цифрларын анықтайтын символдар. q санау жүйесінде n разрядтан тұратын кодтың не бүтін санның жазылу үлгісі (аn аn-1… а1 а0)q.
q=2 үшін мұндағы ак цифрлары 0 не 1 болатын екілік санау жүйесінің базистік цифрлары (к=0,1,…,n). 1-ереже. Кез-келген жүйеде берілген кодты не бүтін санды ондық санау жүйесінде өрнектеу үшін оны аn* qn+аn-1* qn-1+…+а1* q1+ а0* q0 түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізсе болғаны (q=2, 16…). Мысалы, латынша А әрпінің екілік кодын (01000001)2 ондық кодта өрнектеу тәсілі мынадай (n=7): 0*27+1*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=6510 осы сияқты, 111111112=25510; 2-ереже. N-ге тең ондық кодты (не ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды) q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N-ді q-ге бөліп, оны N = q*р1+r1 түрінде жазып алу керек (р1-бөлінді, r1-қалдық). Егер р1>=q болса, онда оны да q-ге бөліп, р1= q*р2+r2 түріне келтіру керек, т.с.с. Бұл процесті рк< q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір-біріне тіркеп жазып шықса болғаны, яғни N0= (ркqк-1rк-2… r1)q; к>=1, рк<q.
Мысалы: 1010101,1012 = 1×26 + 0×25 + 1×24 + 0×23 + 1×22 + 0×21 + 1×20 + 1×2-1 + 0×2-2 + 1×2-3; Сегiздiк санау жүйесiнiң негiзi 8 саны болып табылады және сандар 8 санның көмегiмен жазылады, олар:0,1,2,3,4,5,6,7 Мысалы, 3578 = 3×82 + 5×81 + 7×80 = 23910 Он алтылық санау жүйесiнде 10-дық санау жүйесiнiң цифрлары, ал жетпеген цифрлардың орнына латын алфавитiнiң әрiптерiн қолданамыз, яғни A – 10, B – 11, C – 12, D – 13, E – 14, F – 15. Мысалы, 1)F+1Û 15 + 1 = 16; 2)3E5A116 = 3×164 + E×163 + 5×162 + A×161 + 1×160 = 25539810
Ондық санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн сол санды 2-ге бөлемiз. Мысалы, 891 санын ондық санау жүйесiнен екiлiк санау жүйесiне ауыстырайық: 891:2:445, қалдық 1-ге тең; 445:2=222, қалдық 1-ге тең; 222:2 =111, қалдық 0; 111:2 = 55, қалдық 1; 55:2 =27, қалдық 1; 27:2 = 13, қалдық 1; 13:2=6, қалдық 1; 6:2=3, қалдық 0; 3:2=1, қалдық 1; 1:2 = 0, қалдық 1 (екiлiк санның ең үлкен цифры). №3 лекция. Компьютердің программалық жабдығы. Программалық жабдықтың классификациясы. Операциондық жүйелер: орнату, құрамы, қасиеттері. MS DOS ОЖ-сінің құрама бөліктері. NC операциондық қабыршығы. Программалық жабдықтың классификациясы. Барлық программалық жабдықтарды өз ерекшеліктеріне байланысты бірнеше класстарға бөлуге болады: Ø Операциондық жүйе; Ø Программалау жүйесі; Ø Инструментальді программалық құралдар, интеграцияланған пакеттер; Ø Қолданбалы программалар. Операциондық жүйенің рөлі мен негізгі қасиеті. Операциондық жүйенің жұмыс істеу режимі. Операциондық жүйе, бұл – компьютердегі программаларды орындауға арналған және компьютер ресурстарын басқаратын программалар жинағы, яғни, жүйелік және қызметтік программалар жинағы: Ø Ресурстарды басқару, яғни, компьютердің барлық құралдарының қызметін басқару; Ø Процесстерді басқару, яғни, программаларды орындауды, компьютермен, берілгендермен бірге жұмыс істеу мүмкіндіктерін басқару; Ø Аралық функцияны басқару, ол интерфейстің бірнеше түрлерін қамтиды: пайдаланушы интерфейсі, яғни, пайдаланушы мен компьютердің программалық – аппараттық құралдарымен арадағы байланыс; аппараттық – программалық интерфейс, яғни, программалық және аппараттық жабдық арасындағы байланыс; программалық интерфейс, яғни, программалық жабдықтың бірнеше түрлерінің арасындағы. Барлық операциондық жүйелер пакеттік жүйелер ретінде қамтамасыз ете алады. Бұған пайдаланушы мен диалогтық режм де жатады. ОЖ – нің пакеттік режимінде командалардың берілген тізбегі орындалады. Диалогтық режимде компьютер пайдаланушы командасын күтеді, алғаннан кейін, орындауға кіріседі, орындап болған соң хабар береді де келесі команданы күтеді. Пайдаланушы интерфейсінің түрлері. Графикалық және графикалық емес ОЖ-лер бар. Графикалық емес ОЖ – лер командалық қатар интерфейсін орындайды. Бұл жерде негізгі басқару құрылғысы - клавиатура. Басқару командаларды командалық қатардан енгізеді және сол жерде өңдейді. Командалар бұйрық берілгеннен кейін орындалады, мысалы, ENTER пернесін басқаннан кейін (MS DOS 1.0 – тан бастап MS DOS 6.2 – ге дейін). Графикалық ОЖ-лер интерфейстің күрделірек типін орындайды. Бұл жерде басқару құралы ретінде тышқан не сйкес құрылғы қызет етеді. Графикалық ОЖ жұмысы белсенді – тышқан көрсеткіші мен белсенді емес – басқару элементтері экрандық түймешелер, қосқыштар, жалаушалар, тізімдер, меню қатары және т.б. негізделген. Автоматикалық қосылу. Барлық ОЖ-лер автоматты түрде қосылуды қамтамасыз етеді. Дискілік ОЖ – лер үшін программалық код құрылады. Бұл кодты шақыруды енгізу-шығару (BIOS) базалық жүйесінде орналасқан программа орындайды. Өз жұмысын аяқтағаннан кейін олар компьютерді қосу командасын береді және дискінің жүйелік облысындағы жұмысты орындайды. Дискілік ОЖ-лер арнайы есептеу жүйелеріне сәйкес келеді. Көбінесе компьютерленген құрылғыларға не автоматтық басқаруға негізделген. Математикалық жабдық ТЕСҚ-ның (тұрақты есте сақтау құрылғысы) микросхемаларында орналасады және ОЖ аналогі ретінде қарастырылады. Бұндай жүйенің автоматты түрде қосылуы ОЖ-ге ұқсас орындалады.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 960; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |