Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Компьютерлік вирус дееніміз не?




Компьютерлік вирус дегеніміз, бұл көлемі кішірек, арнайы жазылған программа, олар жүйелік программаларда, драйверлерде, құжаттарда өз көшірмелерін сақтап отырады, және бұл көшірмелер «көбейе» алады. Вирустың өз көшірмелерін енгізуі ЗАҚЫМДАЛУ деп аталады, ал, вирус енген программа не белгілі бір объекті – ЗАҚЫМДАЛҒАН деп аталады.

Вирустың іс-әрекеті. Вирустар программаар болса да, олар ерекше тапқырлықпен, қастандықпен жасалған программалар. Олар не істей алады:

Резиденттік – қарауыл программаларды алдайды, мысалы, қарапайым енгізу-шығару программаларын шақырғанның өзінде ақпараттарды зақымдап, құрта алады.

Компьютерді өшіріп қайта қосқанда да өмір сүре алады.

Архивтік файлдарды да зақымдай алады.

Файлдарды дискіге көшіргенде не архивтеу кезінде зақымдай алады (бұл кезде ревизор-программалардан жасырынып қалады).

Антивирустық (вирусқа қарсы) программаларды зақымдайды, мысалы, олардың файлдарын құртады не ревизор – программалардың мәліметтер кестесін өшіреді не бұзады. Вирустар біраз уақыт бойы өзін көрсетпейді, компьютерді зақымдап болғаннан кейін ғана біліне бастайды.

Дискінің жүйелік облыстарын шифрлайды, вирусқа жадыда бар екенін байқаған кезде ғана жетуге болады.

Антивирустық программалар. Вирустардан құтылу үшін арнайы антивирустық программалар жасалынған. Олар вирустарды табады, зақымдалған файлдарды емдейді, вирус әрекеттерінің алдын алады. Әрине, антивирустық программаларды жиі жаңартып отыру керек, тазалау жұмыстары мен сауықтыру жұмыстарын жасап отырған дұрыс.

Антивирустық программаларды пайдалану. Антивирустық программалардың бірде бірі, өкінішке орай, вирустан толық қорғай алмайды. Жеке түрде антивирустық программалар жеткілікті емес, ал, антивирустық программалардың бірнешеуін бірге пайдаланған жақсы нәтиже береді.

Антивирустық жиындар. Детектордың, ревизордың және қарауылдың қызметтері бір-бірін толықтыратын болғандықтан қазіргі заманғы антивирустық жиындарға осы функцияларды атқаратын программалар кіреді. Детектор мен ревизордың функциялары бір программаға біріктіріледі.

Мысалы, Norton antiviral антивирустық жиынында детектор мен ревизордың қызметін негізгі программалық жиын (NAVW.EXE не NAVW32.EXE) атқарады, ал қарауыл қызметін жеке резиденттік программа (NAVTSR.EXE не NAVBRES.EXE) атқарады.

“Диалог-Наука” фирмасының DSAV антивирустық жиынында детектор мен ревизордың қызметін жеке программалар атқарады, (тіпті, детектор ретінде екі программа – Aidstest және Dr.Web пайдаланылады). Бірақ бұл программада да интеграция элементтері бар, Adinf ревизор-программасы өзгерген файлдар тізімен қалпына келтіре алады, ал, Aidstest және Dr.Web программалары тек осы тізімдегі файлдарды тексереді. Бұл қатты дискідегі тексеру уақытын әжептеуір қысқартаы.

Вирусты ертерек байқау. Егер, сіз резиденттік қарауыл-программаны пайдалансаңыз, онда вирустың бар не жоқ екенін вирус бар болған жағдайда енді ене бастаған кезде, яғни, ерте кезеңінде байқауыңызға болады. Мысалы, дискетаны тексерген қарауыл-программа дискіде жүйелік файлда вирус бар екенін, оны жою қажеттігін хабарлайды. Бұл кезде қарауыл-программаның сұранысымен келісу жеткілікті. Бұд жағдайда өзге әрекеттер қажет болмайды.

Вирус жайлы мәліметтерді анықтау. Егер, детектор – программалардың бірі өзіне белгілі вирус тапқанын хабарласа, онда анықтамадан бұл вирус жайлы біліп алған дұрыс. Мысалы, Aidstest және Dr.Web детектор – программаларда бізге белгілі вирустар жайлы мәліметтер файлы енгізіледі. Бұ мәліметтер сізге зақымдалу дәрежесін және онымен күресу жолын білуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер, компьютер қауіпсіздеу вируспен зақымдалған болса, онда тек вирусты жою керек, ал, егер, қиынырақ вирус болса, онда, диструбутивті программалар пакетін қайта орнату керек, ал, өз берілгендеріңді резервті көшірмелерде сақтаған жөн.

Вирустарды жою. Егер, детектор – программалардың бірі вирус тапса, онда, бұл программаның көмегімен зақымдалған жерлерді емдеу не жою керек.

Вирус файлдың бірінде қалып кетпес үшін файлдардың бәрінен және архивтерден де вирус іздеу керек, ал, егер, антивирустық программалар архивтік файлдарды аша алмаса, онда, пайдаланушы тексерудің алдында архивтік файлдарды ашып алуға тиіс.

Егер, сіз файлдарды жоймай, тек емдеген болсаңыз, онда, компьютерді қайтадан тағы бір рет вирусқа тексеріп шыққан жөн, себебі, кейбір файлдар бір мезгілде бірнеше вирустармен зақымдануы мүмкін.

Ескерту: Windows – ге арналған Norton AntiVirus.ZIP форматтағы архивтерді, Windows 95 ке арналған Norton AntiVirus ZIP және LZH, Dr.Web -. ARJ,. ZIP,. LZH,. RAR,. ZOO және.ICE қамтиды, ал, Aidstest – архивтерде вирус іздей алмайды.

 

№6 лекция. Компьютерлік техниканы және математикалық әдістерді пайдалана отырып есептерді шешу кезеңдері. Математикалық модельдер түсінігі. Алгоритм түсінігі, оның қасиеттері мен жазу формалары. Алгоритмдердің құрылымдық схемалары.

 

Көптеген математикалық есептерді шешуді автоматизациялауды келесі кезеңдерге бөлуге болады:

1. Есептің қойылуы –берілгендерді және нәтижелерді анықтау.

2. Математикалық моделді құру – есепті математикалық формулалар мен өрнектер көмегімен формалау.

3. Есептеу әдісін таңдау.

4. Алгоритм жасау, яғни, қойылған мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеттер тізбегі.

5. Алгоритмдік тілде программа қру.

6. Программалау ортасында программа тексттін енгізу және өңдеу.

7. Программаның нәтижесін сараптау.

Алгоритм. Адамзат баласы кейбір ережелерге күнделікті сүйеніп әртүрлі нұсқаулар мен инструкцияларды орындап отыруы керек. Мысалы, жолдың келесі бетіне бағдаршамсыз өту үшін алдымен оң жағына қарауы керек. Егер, машина жоқ болса, онда, жолдың жартысын өтуі керек, ал, егер, машина бар болса, онда, олардың өтуін күтіп, сосын жарты жолды өтуі керек. Бұдан соң солға қарауы тиіс, егер, машина жоқ болса, онда жолды аяғына дейін жүріп өткен дұрыс.

Математикада есептерді шешу үшін біз әрекеттерден тұратын ережелерді пайдаланамыз. Мысалы, квадрат түбірді табу әдісі т.б. Кез-келген есепті шешу үшін әрекеттер тізімен белгілі бір кезекпен орындайды. Есепті шешу үшін не берілгенін, қандай нәтиже алыну керектігін, бұл есепті қандай ретпен орындау керектігін білуіміз керек. Белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттер тізбегі - алгоритм деп аталады. Алгоритм — белгілі бір орындаушыға алдын-ала берілген есепті шешудің шекті қадамдар тізбегі.

Алгоритм түсінігі қазіргі заманғы ғылымда жаңа түсінік және жаңа дәуірдің маңызды факторларының бірі болып табылады.

Алгоритмнің негізгі қасиеттері:

1. Орындаушыға түсініктілігі — алгоритмді орындаушы оны орындау жолын түсінуі керек, яғни, алгоритмі бар шығарылу жолдары берілген болса, бұл алгоритмді орындау үшін қалай әрекет етуі керектігі де түсінікті болады.

2. Үзілістілігі (үзілістілік, бөлектілік) — алгоpитмде есепті шешу процесі қарапайым қадамдардың орындалу тізбегі болып беріледі.

3. Анықтылық - алгоритмнің әрбір ережесі нақты, бірмағыналы, тұрақты болуы керек. Осыған байланысты, алгоритм механикалық сипатта болады және қосымша мәліметтерді қажет етпейді.

4. Нәтижелілігі (немесе аяқтылығы) алгоритмнің соңғы қадамы есептің нәтижесіне алып келуі керек.

5. Жалпылығы, алгоритм жалпы түрде орындалады, яғни, ол қажетті сферада кез-келген қолданушыға қолданылуы керек.

Алгоритмдерді жазу үлгілері. Алгоритмдерді жазудың бірнеше түрлері бар, себебі, алгоритмді орындаушы өзіне түсінікті тілде жазылған алгоритмді ғана түсіне алады. Барлық алгоритмдердің жазбасы басынан тұрады. Алгоритмдерді жазудың 4 түрі бар:

1. Сөздік – қадамдық (тексттік)

2. Кестелік

3. Алгоритмдік тілдегі жазба

4. Графикалық түрде (блок-схема).

Алгоритмдік құрылым: Алгоритмдерді жеке базалық (негізгі) элементтерден тұратын белгілі бір құрыылмдық элемент ретінде елестетуге болады. Әрине, алгоритмдерді құрудың негізгі принциптерін үйрену үшін осы базалық элементтерді үйренген жөн. Бұларды жазып үйрену үшін алгоритмдердің схемалық тілін және мектептік алгоритмік тілді үйренуге тиіспіз. Кез-келген алгоритмнің логикалық құрылымын үш базалық құрылым ретінде қарастыруға болады: тізбектелген, тармақталған, цикл. Бұлардың үшеуінде де бір енгізу мен бір шығару жолы болады.

«Тізбектелген» базалық құрылым. Бірінен кейін бірі орындалатын әрекеттер тізбегінен тұрады:

«Тармақталған» базалық құрылымы. Берілген шартты тексеру нәтижесіне байланысты (иә не жоқ) алгоритмнің бір тармағын таңдайды. Жолдардың барлығы да ортақ жолмен нәтижеге жетеді, сондықтан да алгоритм қай жолды таңдаса да жалғаса береді. Тармақталу құрылымы төрт негізгі вариантты қамтиды:

егер - онда;

егер - онда - әйтпесе;

таңдау;

таңдау - әйтпесе.

Мектептік алгоритмік тіл Блок-схемалар тілі
1. егер – онда
Егер шарт Онда әрекет Бітті
2. егер – онда - әйтпесе
Егер шарт Онда 1-әрекет әйтпесе 2-әрекет бітті
3. таңдау
таңдау 1 шарт орындалса: 1-әрекет 2 шарт орындалса: 2-әрекет ............ n шарт орындалса: n-әрекет   бітті
4. таңдау -әйтпесе
Таңдау 1 шарт орындалса: 1-әрекет 2 шарт орындалса: 2-әрекет ............ n шарт орындалса: n-әрекет   әйтпесе (N+1) әрекет Бітті

 

«Цикл» базалық құрылым. Цикл денесі деп аталатын әрекеттер жиынын бір не бірнеше рет қайталап орындайды. Циклдің негізгі түрлері кестеде келтірілген:

 

Мектептік алгоритмік тіл Блок-схемалар тілі
Әзірше типті циклі. Әзірше сөзінен кейінгі жазылған шарт орындалып тұрған кезде цикл денесі орындала береді.
цб әзірше шарт Цикл денесі (әрекеттер тізбегі) Цс
Үшін типті цикл. Берілген аралықтағы айнымалылар мәні (цикл параметрлері) үшін цикл денесі орындала береді.
Цб i үшін i1 -ден i2 -ге дейін Цикл денесі (әрекеттер тізбегі) Цс

 

№7 лекция. Қолданбалы программалық жабдықтар және олардың классификациясы. Тексттерді өңдеу, құжаттарды өңдеу, баспа жүйелері. Тексттік процессорлар, орнату, принциптері мен мүмкіндіктері.

Қолданбалы программалар пакеті. Қолданбалы программалар адам іскерлігінің әртүрлі сферасында есептеу техникасын қолдануға арналған.

 

Қолданбалы программалық жабдықтар классификациясы

 

Тексттік мәліметтерді енгізу, шығару, сақтау, өңдеу, баспаға беру жұмыстарын орындайтын программалар – тексттік редакторлер деп аталады. Тексттік редакторлер Lexicon, Refis, Norton Editor, MultiEdit, Word, TechWord, TeX, LaTex.

Стол үстіндегі баспа жүйелері компьютерлік жазуға, тксттік, суреттік мәдіметтерді жинақтау жазуға шығаруға арналған аппараттық, программалық жабдықтарды қамтиды. Әртүрлі программалық жүйелер бар, арасында ең көп кездесетіндері: Express Publisher, Illustrator for Windows, Ventura Publisher, PageMarker және т.б.

Графикалық жүйелердің әртүрлі типтері бейнелерді тез құруға, сканер мен видеокамераның көмегімен енгізуге, анимациялық роликтерді құруға мүмкіндік береді. Графикалық редакторлерде суретшінің барлық құралдары қамтылған және басқа да көптеген мүмкіншіліктері бар, оларға мысалдар: Corel Draw, PhotoStyler, Paintbrush, Abobe Photoshop, Designer, DrawPerfect.

МҚБЖ (мәліметтер қорын басқару жүйесі), бұл – берілгендер базасын құруға, өңдеуге, шығаруға т.б. арналған программалық жабдықтар жиыны. МҚБЖ-нің бірнеше типтері бар: иерархиялық, желілік, реляциондық.

Бірнеше қолданбалы программалар функцияларын бір жүйеге біріктіру мақсатында интеграцияланған орталар пайда болған. Әмбебап интеграцияланған орталар тексттік, графикалық, электрондық кесте берілгендер қорын басқару және т.б. элементтерін қамтиды. Мысалы: Framework, Works, Мастер.

Арнайы негіздегі инструментальді программалық жабдықтар

Программа өңдеушілер кейбір сала бойынша арнайы программалық жүйелер құрды. Бұндай программалар авторлық инструментальді жүйелер деп аталады.

Эксперттік жүйелер, бұл – кейбір салада эксперт қызметін атқаратын программа. Эксперттік жүйелер анық емес және берілгендері толық емес, эксперттік білімді қажет ететін есептерді шешеді.

Гипертексттік жүйелерде ақпарат энциклопедия текстіне ұқсас және тексттің кез-келген бөлігінде сілтеме жасалынады. Гипертексттік формада ақпараттарды ұйымдастыру анықтама ретінде, сөздік ретінде, контексттік көмек ретінде пайдаланылады.

Мультимедиа, бұл – интерактивті программалық жабдықпен басқарылатын визуальді және аудиоэффектілі программалардың өзара байланысы. Компакт-дискілердің (CD-ROM) пайда болуы және кең тарауы мультимедияны жарнамада, ақпараттық қызметтерде, желілік телекоммуникацияларда, оқытуда тиімді етті.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 1226; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.