Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туризм менеджменті 11 страница




Дегенмен, уақытша келушілердің барлығын турист деп атай алмаймыз: мұнда- тұратын жерінен тыс болу уақыты маңызды. Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер және экскурсанттар болып бөлінеді. Турист - бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Туристік мақсатпен келген, бірақ белгіленген уақыттан ұзақ мезгілге қала беретін адам (одан ұзақ уақыт болуға рұқсат берілмесе немесе жылдық рұқсаты жаңадан үзартылмаса) қазіргі стандарт бойынша тұрақты тұрғындарға жатады.

Экскурсант-түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Саяхатшылар классификациясында олар бөлек категорияға бөлінеді, бірақ арнайы әдебиетте олар кейде туризмнің бір бөлігі ретінде қарастырылады,ал экскурсанттар туризм статистикасында есептеледі.

Айтып кететін жағдай, туристік атау сөздер толығымен өңделіп бітпеген. Сондықтан рекреациялық география мен ту­ризм географиясындағы кейбір анықтамалар, ұғымдар мен қағидалар екіталай.Дегенмен алдымыздағы басылымда авторлар зерттеушілердің көпшілігі ұстанатын козқарастарга сүйенеді.

Демалыс пен туризм дамуының басты шарты - әлем, мемлекет, аудан ауқымында қарастырылатын рекреациялық потенциалдың бо-луы. Рекреациялық потенциал дегеніміз белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы. «Рекреациялық потенциал» түсінігі «рекреациялық іс-әрекет дамуының факторлары мен шарттары» түсінігіне сәйкес келеді.

Туристік-рекреациялық ресурстар рекреациялық потенциалдың құрамының маңызды бөлігі. Туристік-рекреациялық ресурстар - де­малыс пен туризмді дамытуға арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.

Туризм географиясының өте маңызды ұғымы - туристік аттрактивтілік (тартымдылық).Мұнда объективті факторлармен бірге субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды, басқаша айтқанда бұл интегралдық сипаттама. Туристік қозғалыс дамуының әлементтерін осы қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік инфрақұрылымымен біріктіретін ұғым (10-сурет). Туристік аттрактивтілік ұғымының туристік ұсыныс ұғымымен ұқсастығы бар (бұл жөнінде кейін айтылады).

Халықтың рекреациялық қозғалысының қалыптасуы белгілі бір жердің туристік қүндылығына байланысты, Туристік қүндылықтар дегеніміз - табиғи және табиғи емес ортаның әлементтерінің жиынтығы. Туризмді дамытуға арналған табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық шарттары бар колайлы аумақтар өз бетімен туристік-рекреациялық ресурс бола алмайды. Туристік-рекреациялық ресурс болу үшін оларды технологиялық дәрежеге жеткізу қажет.

Туристік қүндылықтар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Табиғи ортаның жағдайына тікелей байланысты демалуға арналған түрлері.

2. Табиғи ортаның ерекшеліктеріне байланысты арнайы түрлері. Олар туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, минералды су мен климат жағдайы жайлы болғанда туризмнің емдік және сауықтыру түрлерін дамытуға болады.

3. Табиғаттың ерекшеліктерімен қатар (қорық, табиғат ескерт-кіштері және т. б.), материалдық және рухани мәдениет әлементтері (ескерткіштер, фольклор, мәдениет объектілері), сонымен қатар қоғамның қазіргі жетістіктерін қамтитын туристік қүндылықтың танымдық түрлері.

Жергілікті жердің тартымдылығы мен туристік қасиеттерінің деңгейі белгілі бір сандық көрсеткіштерімен анықталуы өте қиын. Бұл мақсатта интегралдық (біріктірілген) көрсеткіштер - баллдар, категориялар, дәрежелер және т. б. қолданылады.

Туризм географиясының теориялық жәнетәжірибелік мәселелерін шешуде географиялық орта кеңістігінің таксономиясы маңызды рөл ойнайды. Негізгі таксономиялық категорияларды (бірліктерді) қарастырайық.

Туристік жергілікті жер - бұл қоныстану бірлігі (қала, кент, ауыл), ол туристік кұндылығына, туристік инфрақұрылымы мен көлік ынтайлылығына орай туристік қозғалыс мақсаты немесе кезеді болатын белгілі бір елді мекен.Таулы немесе жағажайлы туристік жерлер болады. Туристік жерлердің олардық туристік қасиеті мен орындалатын функцияларына байланысты бірнеше түрі бар:

а)демалуға арналған орындар;

ә) курорттар; б)танымдық, туризм жерлері;

в) транзиттік туризмнің орындары (мысалы, шекаралас жерлер).

Туристік орталық (туризм орталығы) - бұл елді мекен, белгілі бір жердің учаскесі, табиғи объект және т. б. Мұнда туристік-рекреациялық ресурстардың негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін кешен құрылады.Кешеннің құрамына туристерді орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін мекемелер кіреді. Туристік орталық бірнеше көрсеткіштер бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, маңыздылығы бойынша -халықаралық, мемлекеттік, ауданаралық, жергілікті; функционалдық бағыты бойынша - емдік, сауықтыру, танымдық орталықтар болып бөлінеді.

Туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәденижәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар салалық экономикалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Әртүрлі дәрежедегі - жергілікті туристік, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі туристік аудандар болады. Рекреациялық география мен туризм географиясының тағы бір маңызды ұғымы - «рекреацияның шаруа-шылық әулеті» немесе «демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы» болып табылады (кейбіреулер оны «туристік инфрақұрылым» деп атайды). Бұл ең алдымен демалушыларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің негізгі корлары және бұл үрдіске тікелей қатыспаса да,рекреация жағдайын өңдейтін қосымша еңбек құралдары [18].

Туристік инфрақұрылым (туризмнің материалдық базасы) ресурстар мен көлікпен қол жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандар мен құрылғылардың жиынтығы.Туристік инфрақұрылымына бір күннен астам уақытта болуына мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы; коммуникациялық база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я.Варшиньска, А.Яцковский, 1978).

ЮНВТО бойынша, түнеу базасы - жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект.

Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі бөлігі, туристер­дщ түнеуі үшін бұл жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу ба­засы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер, қонақ пэтерлері) және лагерлерге (кемпингтер, шатыр қалашығы) бөлінеді. Пайдалану мезгілі бойынша үнемі пайдалану (жыл он екі ай) және маусымдық базалары болады; қызмет көрсету мүмкіншілігі бойынша ашық (жү-рттың барлығы үшін) немесе жабық - тұтынушылардың белгілі топтары үшін - базалары болады.

Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады.Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге жәнедестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиа­лайнер) өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.

Демалушылар мен туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын тамақтандыру базасы қанағаттандырады.Оның құрамына мейрамхана, кафе, бар, бистро, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу базалары сияқты, олар да үнемі істейтін немесе маусымдық; ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, меншікті немесе меншіктің басқа формаларындағы тамақтандыру орыидары болуы мүмкін.

Туристік шаруашылықтың коммуникация базасын көлік пен бай-ланыс желісі құрайды. Көлік болмаса туризм де жоқ.

Қосалқы база келесі қызмет түрлерін: табигаттың байлығын пайдалану (жағажай мен суға түсетін орындарды абаттандыру және т. б.); спортпен айналысу; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристікжабдықтар мен сувенирлерді өндіру; ақпарат қызметтерін және т.б. ұсынады. О. Рогалевский (1974) қосалқы базасында нысандар мен қондырғылардың төрт түрін бөліп атайды:

- туристерге туристік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін;

- туристік саяхаттарды жасауды жеңілдететін;

- көңіл көтеру;

- қызмет көрсету

Бірінші түріне жаяу серуендеу орындары; тау, жазық, су маршруттары; спорт алаңдары; стадиондар, теннис корттары, бассейндер, шаңғы мен шана трассалары, айлактар, көрініс алаңшалары және т.с.с. жатады.

Екінші түріне туристік жәнеэкскурсиялық бюролар, саяхат бюролары, туристік ақпарат орталықтары, туристік құрал-жабдықтарын жалдау және сақтау орындары, автотұрақтар және т.с.с. жатады.Мысалға, саяхат бюролары сапарға шығуды ұйымдастырады,түнеу орындарын, көлік билеттерін сату мен резервілеуде делдал болады. Сол сияқты, басқа ұйымдар туристерге гид, экскурсия жүргізуші, топ жетекші қызметтерін ұсынады. Туристік ақпарат орталықтарында ту­ристерге брошюралар, буклеттер, карталар, саяхат ауданы жөніндегі мәліметтер беріледі.

Қызмет көрсету қондырғылары мен нысандары:

-сауда нысандары (туристік құрал-жабдықтарды, сувенирлерді, прессаны, туристік басылымдарды, туристік киім, санитария мен ги­гиена тауарларын және т. б. сататын дүкендер);

- шеберханалар (фотоқызмет, шаштараз, тұрмыс қызметтері және т. б.);

- инфрақұрылымдық (банк, сақтандыру агенттіктері, пошта, теле­граф, телефон, дәріханалар, тау жәнесудағы құтқару станциялары және т. б.) объектілер.

Туристік инфрақұрылым нысандарының қажеттілігі уақыт өте және талгам мен сән талаптарына сәйкес өзгеріп тұрады. Туристердің талаптарына сай көпфункционалды орталықтардың саны өсуде. Олар туристерге көптеген мәдени-көңіл көтеру, спорттық және басқа да шараларын ұсынады. Туристердің сұранысын өтеу үшін осыған сәйкес базаның құрылуы кең көлемдегі қаржыны қажет етеді.

Бұқаралық туризм дамуының теріс салдарларының нәтижесінде туристік-рекреациялық ресурстарының дәрежесі төмендейді жәнедемалыс сапасына зиян келтіріледі. Туристік ауыртпалыққа туризм үшін нағыз маңызды әлементтер - өсімдік, су, топырақ және т. б. өте нэзік келеді. Осыған орай туристік (туристік-рекреациялық) кеңдік пен сыйымдылық көрсеткіштері енгізілген. Біріншісі табиғи ортаны, екіншісі географиялық ортаны сипаттайды.

Туристік кеңдік ресурстардың азып кетпейтіндей адамның физикалық және психоэмоционалды күштерін қалпына келтіруге жеткілікті көлемде пайдалану мүмкіншілігімен анықталады (Швихтенберг, 1991).

А. Костровицкий (1997) бойынша аумақтың туристік сыйымдылығы - бұл түнеу (түнеу орындарының саны), тамақтандыру (отыру орындары, тағам саны), қосалқы базалардың (орын саны немесе ауданы) сыйымдылығы. Сыйымдылық дегеніміз туристік база нысандарының туристік қызмет көрсету сапасын төмендетпей қабылдай алатын туристердің максималды саны болып табылады.

Туризм географиясының тағы бір негізгі ұғымы - жергілікті жердің немесе нысанның «туристік аттрактивтілігі» (тартымдылығы). Бұл күрделі ұғым. Объективті табиғи жағдай мен ресурстармен (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық) бірге туристік аттрактивтілікті бағалаған кезде субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды. Сөйтіп, бұл аумақ немесе объектінің интегралдық сипаттамасы; ол нысанның объективті табиғи және әлеуметтік-экономикалық құндылыгы мен олардың сезімге жасайтын әсерн, яғни олардың субъективті эстетикалық қүндылығын ескереді, және мұнда эмоциялық аспект басты рел ойнайды. Туристік тартымдылық ұғымының туристік сұраныс ұғымымен біршама үқсастығы бар.

Рекреацияның шаруашылық әулеті аумақты рекреациялық мақсатта игеру үрдісі кезінде қалыптасады. Осыған орай рекреациялық игеру мен рекреациялық игеру деңгейі ұғымдарын енгізу қажет болды. Рекреациялық игеру - кез келген рекреациялық шараларды өткізу үшін территорияны дайындау үрдісі. Аумақтың рекреациялық игерілу деңгейі - аумақтық еңбек бөлісі үрдісіндегі рекреацияның шаруашылық әулетінің деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі аумақтың игерілу деңгейі рекреациялық ресурстар мен рекреациялық жүктемелердің физиологиялық-психологиялық әлеуметтік жайлылығы нормаларына байланысты.

Аумақты туристік қозғалыс қажеттіліктеріне лайықты қылу әрекетінде үш негізгі тенденция байқалады:

1) келушілердің қажеттілігін

қанағаттандыру үшін аумақты қорғау мен бейімдеу;

2) көлікпен қол жетерлікті қамтамасыз ету;

3) туристерге арнайы қызмет көрсететін мекемелер арқылы қолайлы жағдай жасау. Осының барлығы «туристік шаруашылық» немесе «туристік инфрақұрылым» ұғымдарына жатады.

Қайталау сұрақтары

1. «Туризм» және «турист» ұғымдары цашан пайда болған және олардың алгашкы магынасы қандай болған?

2. Туризмнің жұмысжәне концептуалдық (түжырымдамалық) анықтамапарының айырмашылыгы неде?

3. «Туризлтің» цазіргі аньщтамасын беріңіз.

4. «Уақытша келуші» ұғымын түсіндіріңіз.

5. Саяхат жасаушы түлгалар калай жіктеледі? Осындай жіктелудің экономикалық мщызы қандай?

6. Туристік аттрактивтілік, туристік касиеттер (алғышарттар), туристік-рекреациялықресурстар аныңтамаларын түсіндіріп беріңіз.

7.Туристік жергіліктіжер, туристік орталық, туристікаудананыңтамаларын беріңіз.

8.Туристікшаруашылық, туристікинфрақұрылымментуризмніңматериалдың-техникалық базасы анықтамаларын беріп, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз.

9. Туристік шаруашылыңтың төрт базасының кысцаша сипаттамасын беріңіз.

10. Туристік кеңдік пен туристік сыйымдылықанықтамаларын беріңіз.

11. Рекреацияның шаруашылық әлеуеті (потенциалы) мен аумақтың туристік-рекреациялық игерілуі анықтамаларын беріңіз.

§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні

Табиғи ортамен, қоғаммен және оның әлеуметтік-шаруашылық іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандығынан туризм географ-зерттеушілерді ертеден-ақ қызықтыра бастаған.

Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, әртүрлі географиялық пәндердің, әсіресе халық және көлік географиясы шеңберіне кірген еді. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жұмыстарын едәуір жылдамдатып, олардың теориялық жәнеәдістемелік негіздерін құрай бастады.Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пәні - туризм географиясының бөлініп шығуына әсерн тигізді.

Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм географиясын коғамдық-географиялық пәнретінде қарастыру қажет, оның оқу объектісі - туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мәселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пәндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында - 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор B.C. Преображенский болды. Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына және соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пәнінқұрайды. Туризм, халықшаруашылығының баска да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорттық, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты. Бұрынғы КСРО-да басқару шағын салаларға - курорттарды басқару бойынша орталық кеңес,туризм және экскурсия бойынша орталық кеңес, «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы, «Интурист» бүкілодақтық акционерліқ қоғамы және басқалары жатты. Осындай шағын салалардың әрқайсысы өзінің мекемелерімен, басқару органымен, жоспарлау бөлімімен, материалдық-техникалық базасымен біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп тұрды. Бірақ, олардың мекемелері ортақ табиғи ресурстарын, бірыңғай технологиялық жәнеәлеуметтік инфрақұрылымын қолданды, сонымен қатар халық шаруашылығының өзге салаларына бірдей әсеретті. Сондықтан жоғарыда айтылған шағын салаларды тұтгнушылар бір-бірін толықтыратын жуйе ретінде қарастырды. Сондықтан жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап түру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жәнеәлеуметтік мәселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым бо­лып табылады.

Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты - туристік қоз-ғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілерін ескере отырып, туризмді басқарудың теориялық негіздерін құрастыру. Туристік-географиялық зерттеулер туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаган жерлерді де қамтиды.

Сонымен, туризм географиясы туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа және оның шаруашылық кешенінің калыптасуына туризмнің әсерн; туризмнің дамуынан туындайтын және қоғамның шаруашылық іс-әрекетіне әсерететін аумақта болатын құблыстар мен үрдістерді қарастырады. Міне, осыған байланысты, туризм географиясыньщ алдыңда біртүтас маңызды міндеттер қойылады. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971ж. Б.Б. Родоман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты - басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, аумақты үнемдеп пайдалану, табигатты қорғау және ландшафтардың рекреация үшін сүлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандардың типтік модельдерін жасау, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу». Рекреациялық жәнетуристік ресурстар үллмдары тектес, бірақ біріншісі екіншісінен кеңдеу және туристік ресурстар рекреациялық ресурстарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризм ресурстарына керемет көп нысандар: сулар, таулар мен ормандардан бастап сәулет өнері мен өндірістік-шаруашылық нысандарына дейін - кіреді.

Табиғи ресурстарының жарамдылығы, демалыс пен туризм мақсатында аумақтарды таңдау және қорғау ел аумагын пайдалану аудандарына дұрыс бөлінуімен, яғни халық шаруашылығының ұтымды құрылысын анықтаумен тығыз байланысты. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің ұлғаюына және осыған байланысты табиғи ортаның өзгерістеріне, урбандану үрдісі салдарынан халықтың рекреациялық белсенділігінің өсуіне байланысты, бұлмәселе ерекше маңызға ие бо­лып тұр.

Рекреациялық баға тек қана табиғи ресурстарына емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық ресурстарына да (тарихи-мәдениобъектілер мен құблыстар, қаражат, материалдық, еңбек және т. б. ресурстар) берілуі қажет. Туристік тартымдылық жагынан олар табиғи қасиеттерін толықтыруы мүмкін, сонымен қатар, материалдық немесе рухани мәдениет аясының нысандары ретінде өздері де туристік қозғалыс мақсаты болуы мүмкін.

Әртүрлі дәрежедегі ТРЖ-ді олардың мамандандырылуы мен шоғырлануын негіздеу,құрамындағы жүйелер арасындағы өзаратәуелділіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерінің де маңызы жоғары.

Жоспарлап реттеудің тәжірибесі жағынан туризм географиясының маңызды мәселелерінің біреуіне оның болжам жасау функциясы жатады. Туризмді дамыту облысында түрлі модельдерді қолданып туристік қозғалысқа болжам жасау қажет. Халық табысы деңгейінің өсуі, көліктің дамуы,урбандану үрдісі, бос уақыттың көбеюі туристік қозғалыстың құрылымына қатты әсерн тигізеді.

Туристік қозғалысты басқарудың факторы - туристік шаруашылықты дамыту саясаты болып табылады. Осындай саясат туризмнің экономикалық жәнеәлеуметтік аспектілерін, табиғат қорғау шараларын ескеруі қажет. Бұл саясаттың мағынасы-рекреация мен туризмдегі тұтыну категориясы ретіндегі қажеттіліктерді шаруашылық әрекет көрсеткіші ретіндегі туристік қызметтер ұсынысымен үйлестіру бо­лып табылады, жәнебұлсаясат табиғи орта әулетіне сәйкес болуы керек.

Табиғи ортаның қасиеттері мен туристік козғалыс, оның ішінде халықаралық туризм жасайтын экономикалық эффект арасындағы үтымды пропорцияларын анықтап орындау өте маңызды мәселе екені түсінікті. Осындай тәуелділікті анықтау үшін қызмет көрсету аясындағы еңбекпен қамтылу, халықтың туризмнен түсетін табысы, туризм дамуынан болатын шаруашылық құрылымындағы өзгерістер, материалдық игіліктің өсуі, туризмнін халық шаруашылығындағы орны сияқты мәселелерін зерттеу қажет.

Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне көп орын бөлінген.

Сонымен, туризм географиясының алдыңда бірқатар міндет қойылады, олардың ішіндегі ең бастылары - гносеологиялық (танымдық) және конструктивтік (өзгерістер енгізуші). Аумақтың туризммен айналысуға жарамдылығын, оның формалары мен маусымдық сипатын, туризмнің аумаққа тигізетін әсерн ескере тура географиялық зерттеу, туристік өнімдердің кеңістікте топтастырылған туристік сұраныс пен ұсынысты зерттеу үлкен маңызға ие. Туристік аумақтардың тұрақты және қауіпсіз дамуы стратегияларын негіздеуде, туризмнің кешенді ұйымдастырылған жүйелерін басқару негіздерін орнатуда олардың дамуын болжауда географтардың релі маңызды болмақ.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 2280; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.042 сек.