Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Улы заттармен улану




Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бір-біріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.

Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.

Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.

Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.

Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.

Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылғн активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін (жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.

Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды› мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.

Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты, қосымша шаралар жасалады.

Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.

Мышьяк қоспасы бар улы химиялық заттармен уланған кезде зардап шегушіде лоқсу, құсу, іш ауыру, жалпы әлсіздік, дірілдеу пайда болады. Ауруды жасанды жолмен құстырып, асқазанын күйген магнезия (20г. және 5 стакан қайнаған су) ерітіндісімен шаю қажет.

Фосфор органикалық заттармен уланған кезде келесі белгілер байқалады: кеуденің қысылуы, жөтел, ентігу, бас ауыруы, сілекей ағу, терлеу, естің ауысуы, жүріс бұзылуы, сөздің көбею, көз қарашығының кішіреюі қол, бас, дененің басқа бөліктерінің дірілдеуі. Көзге түскен кезде көздің қарашығының кішіреюі, қызару, жас ағу байқалады.

Алғашқы дәргерлік көмек көрсеткенде ауызбен тамақты сумен шайып, 2% ас содасының ерітіндісін, 6-10 стакан су ішкізу керек (бір стакан суға, бір шай қасық) және жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Бұл шараны 2-3 рет қайталайды. Сосын 2-3 активтендірілген көмір қосылған 2% ас содасының ерітіндісінен жарты стакан ішікізеді. Ыстық шай беріп, жылы жабады. Тыныс алысы тоқтаған кезде, дәргер келгенше жасанды демалдыру жасау қажет.
Егер қоспа теріге түссе 5-10% нашатыр спирт ерітіндісімен тазлайды немесе мақтаға (сүртпей) сіңіріп алады, көзге түскен кезде суытылған қайнаған сумен жуады, сосын 30% натрий сульфацилінің (альбуцид) еріітіндісінен екі көзгеде 2 тамшыдан тамызады.

Мыс қоспаларымен уланған кезде ауызда металдың дәмі, сілекей ағу, лоқсу, құсу, асқазан ауыруы, тамыр соғысының жиілеуі, суық тер, дірілдеу пайда болады.

Мұндай жағдайда күйген магнезим ерітіндісімен 6-10 стакан су ішкізіп, сосын құстырады. Тұзды ерітінді беріп, ішіне жылы зат қою қажет. Жүрек соғысы нашарлаған кезде 20 тамшы валериан тұнбасын және ащы шай береді.

Ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырмағанда және қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, онда қолданылатын көптеген минералды және әктік тыңайтқыштардан улану, күю және кәсіби аурулар туындайды.

Минералды және әктік тыңайтқыштардың шаңы тыныс мүшелеріне,

көздің кілегей қабығына және мұрын қуыстарына зиянды әсерін тигізеді.

Әк көзге түскен кезде көз ауырып, жас ағады. Созылмалы улану кезінде тері құрғап, қатайып және тырысып қалады. әктің қосапларынан күйік, язва туындауы мүмкін. Көзге тыңайтқыштар шаңы түскен кезде жедел түрде көп сумен жуу керек (10 минут).

Аммиакпен уланған кездегі алғашқы белгілері: басында уланған адам ауырады, содан соң көзі ашиды, көзінен жас ағып қабағын көтере алмайды, қатты құрғақ жөтел пайда болады. Содан соң дауыс қырылдап, кеуде тұс, асқазан ауырады. Бас айналады, ауыз қуысы күлдірейді (күйеді). Аммиактың әсерін тоқтатпаса 2-3 сағаттан кейін өкпе суға толып кетуі мүмкін.

Алғашқы медицаналық көмек: зардап шегушіні тез арада улы аймақтан жатқызып шығару керек.

- сірке қышқылының 5%-ды ертіндісін иіскету керек;

- уланған адамға респиратор кигізу немесе кез-келген қышқылдың (бор, сірке, лимон(5%-ды ерітіндісіне шыланған мақта-мата таңғышты таңу керек;

- у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;

- қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%-ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;

- осылай қышқылдың әлсіз ертіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;

- осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамыз;

- тамағына қыша қағазын қою керек.

Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады. Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 2-3 сағаттан кейін өкпе ісінеді.

Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақта-дәке таңғышты тағу керек.

- зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;

- зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;

- көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;

- зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%-ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;

- ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;

- егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы ьар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауыздан-ауызға дем алу және жанама массаж жасау арқылы дем алу мен жүрек қызметін қалпына келтір.

Күкірт қышқылымен улану кезіндегі алғашқы белгілері: кез-келген қаныққан қышқылдар мен сілтілердің буы арқылы уланғанда демалу жолдарының қозуы, жөтел, ауыр тыныс алу байқалады. Құсқың келу, қан аралас құсу, кей кезде өңеш пен асқазанның тесілуі, соңынан қан кетулер болады. Бұл тыныс алу жолдары мен ішек - қарын асқазаның шырышты қабатының химиялық күюінің салдары болып табылады. Жасырын мерзімнен кейін (2-24 сағатқа дейін) улы өкпе қабынады, содан соң өкпенің улы ісінуі пайда болады.

Алғашқы медициналық көмек:

- зардап шеккен адамға тез арада респиратор кигізіп немесе мақта-дәке таңғышты таңып, зақымданған аумақтан алып шық;

- оны отырғызып көзін және терісінің ашық жерлерін шайып, аузын сумен шайғыз;

- жасанды жолмен құстыруға болмайды, өйткені қышқыл немесе сілтіні құсқанда өңеш қайта күюі мүмкін;

- егер зардап шеккен адамның дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында‚ ауыздан-ауызға‚ демалу және жүрекке жанама сылау жасау арқылы дем алу қызметін қалпына келтіру;

- ағзаның өмір сүруге керекті жүйелерін қалпына келтірген соң, оны зақымдалған аумақтан көшір;

- «таза» аумақта зардап шеккен адамның ластанған киімін шешіп, оны таза киімге ауыстыр;

- егер зардап шеккен адам тұншығып жатса, тамағына қыша қағазын қою керек.

Сірке қышқылымен уланған кезіндегі алғашқы белгілері: адамның ағзасына сірке қышқылы ауыз арқылы түссе ауыздың, ерінің айналасындағы тері, тіл, ауыз қуысының шырышты қабаты күйіп қалады. Ал ауызда ішіне су толған көпіршіктер пайда болады. Жұтқанда қатты ауырады. Дауысы шықпай, зардап шегуші әрең, сыбырлап сөйлейді. Жұтқыншақтың күюі көмейді ісіндіреді, ол көмейдің бітелуіне әкеп, зардап шегушінің тұншығып өлуіне әкелуі мүмкін.

Асқазан ішек жолдары жағынан жүрек айну, қан аралас құсу, асқазаннан қан кету байқалады.

Алғашқы медициналық көмек:

- ауырсынуды басатын егу жасау;

- зардап шеккен адамды құстыруға, оның асқазанын шаюға, ауыз арқылы іш жүргізетін және ауырсынуды басатын дәрілер беруге болмайды.

Ауыр металлдармен, олардың тұздарымен және күшәнәмен уланудың белгілері: ауыздағы темірдің дәмі, жүрек айну, құсу. Тамағының қызаруы, Жұтқанда ауырсыну, іштің ауыруы мен өтуі. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету.

Бір мезгілде асқазан-ішек жолдарының зақымдалуынан жүрек айну, құсу, іш өту, асқазанан қан кетуі мүмкін.

Сынап және қорғасын тұздарымен уланғанда қызылиекте қою түсті жиек жаралар пайда болады. Тістің түбі босайды. Сонымен бірге, сынап тұздары асқазан-ішек жолдарының шыршты қабаттарын күйдіреді. Ағзаға у дем алу органдары арқылы түссе, дем алу жолдары ауыр зақымдалады: қалтырау, мұрын бітелу, жиі құрғақ жөтел, ентігу пайда болады. 1,5-2 сағаттан кейін улы пневмония дамып, өкпе ісініп кетеді.

Бір мезгілде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, артық шамданғыштық, қозу, көзде қос көріну, ұйқы бұзылу, сананың ауысуы пайда болады. Аяқ-қолдың тырысып қалуы мүмкін, ол әрі қарай ессіз күйге айналып, зардап шегуші қаза табуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек:

- зардап шеккен адамға мақта -дәке таңғышты таңып, тез арада оны таза ауаға шығар;

- таза сумен көзін шайып, аузы мен мұрынын шаю үшін таза су бер;

- терінің ластанған тұстарын сабынмен жу;

- егер зардап шеккен адам ояу болса, құстыруға тырыс;

- оған 1-1,5 л суды ішкіз де екі саусақпен жұтқыншақты қоздыру арқылы қайта құсқыз (асқазанды шаю). Осындай асқазанды шаюды 2-3 рет қайтала. Асқазанға барған сумен шыққан судың мөлшері бірдей болу керек;

- асқазанды шайып болғаннан кейін 30-50 гр сіңіргіштердің бірін - ақ топырақты немесе активтендірілген көмірді бер;

- зардап шеккен адамға тұзды іш жүргізетін дәрі беру керек. Егер зардап шегуші ерекше қозып тұрса құрамында магниі бар іш жүргізетін дәріні бер, ол орталық жүйке жүйесін қалпына келтіреді;

- зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне жеткізуге тырсу қажет.

6. Электр тоғымен жарақаттану

Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық әлектр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.

Тоқтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі әсерден туындайтын құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрсуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.

Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денедегі ауырылықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді.

Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызыметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.

Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ ілгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары және толық ілгек болып бөлінеді.

Төменгі ілгек - аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).

Жоғары ілгек - қолдан -қолға (қауіптірек)

Толық ілгек - өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ- қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:

I - дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;

II - дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есіне айырылады;

III - дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;

IV - зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек: алғашқы көмек көрсеткен сәттердің бірі - зардап шегушіні электр тоғына тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, мұхият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбекті тоқтан ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізігштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұхият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайындағы адамға «ауыздан - ауызға» және «мұрынға - ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.

Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі - дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-5 мл 25% ерітіндісі, кофейннің 1мл 10% ерітіндісі, эфрединнің 1 мл 5% ерітіндісі) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1мл цититон, терінің астына лобелиннің 1мл 1% ерітіндісін) берумен орындалу қажет

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастау керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тыйым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды тұғызады: тыныс алуды нашарлатады, зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады, ең бастысы пәрменді көмек көссету уақытын созады. Жылыту, жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау - зардап шегушіні құтқарудың бірден - бір ықтимал нұсқасы болып табылады.

7. Суға бату, тұншығу және иіс тию

Суға бату- механикалық тұншығудың (асфиксияның) бір түрі. Суға батудың үш клиникалық нұсқасын бөліп көрсетуге болады.

I - нұсқа зардап шегушінің тыныс алуының рефлекторлық тоқтауымен және тосын суынудан, аяқасты естің шығуынан құлаққа және евстахи түтігіне суық судың дабыл жарғағының тесігі арқылы және кіруінің салдарынан жүрек қызметінің әлсіреуімен сипатталады. Осыған байланысты адам тез батады, өкпеге су толып үлгермейді, зардап шегушінің терісінің бет жағыағарадыдене сипағанда суық бет бейнесі көгереді, үстіңгі тыныс алу жолдарынан су шығарылғанан кейін көбік бөлінбейді.

II - нұсқауда адам суға баяу батқан кезде яғни судың үстіне бір шығып бір батқан кезде (қажыған уақытта) өкпеге судың толуымен ерекшеленеді.

Бұл жағдайларда тері жамылғыларының көгеруі, мойын мен аяқ- қол тамырларының ісінуі, ауыз бен мұрыннан қызғылт түстес көбіктің шығуы байқалады.

III - нұсқауда мастық, мидың шайқалуы, талықсу нәтижесінде зардап шегушінің орталық жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады.

Суға батудың бастапқы кезінде дауыс саңлауы қарысып қалады және судың болмашы ғана бөлігі өкпеге кетеді. Бұл жағдайдағы цианоз (кілегейлі қабықтардың көгеруі) бірқалыпты, жоғарғы тыныс жолдарына ұсақ көбіктер түседі.

Тізбеленген нұсқалармен қатар адам кенеттен сырқаттану (миокард инфаргі немесе мидағы қан айналымының күрт бұзылуы) немесе ауыр жарақаттан (сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омытрқаның, мойынның сынуы) нәтижесінде суға батуы мүмкін.

Суға бату механизмін анықтаудың реанимацияны табысты жүргізу үшін үлкен маңызы бар. Егер тыныс алу мен жүректің рефлектролық тоқтауы кезінде (ақ суға батушылар) клиникалық өлім жағдайынан шығару тіпті организм су астында 10 минут болған жағдайда шығаруға болады, ал суға батудың басқа түрлерінде (көк суға батушылар(табысты реанимация үшін су астында болу мерзімі үш-алты минуттан аспауы тиіс. Жекелеген жағдайларда қыста суық суға батқан кезде реанимациялық шаралардың табысты болуы үшін адамның су астында 20 минутқа дейін болған кезінде де үміт артуға болады.

Оқиға орынында алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде естің бар-жоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін тыныс алудың және гемодинамиканың (қан айналымның(сипаты мен көрнісін ескерту керек.

Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешу керек, денені құрғағанша сүртіп, оны қымтап тастайды, ыстық сусын береді (шай, кофе).

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алу мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса 40-500-қа екбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:

- тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

- жасанды тыныс алдыру;

- қан айналымын қолдау.

Жоғары тыныс жолдарын босату мынандай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.

 
 

Тыныс жолдары мен асқазан су мен көбікті шығару, суға батушыны екбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (17-сурет).

17-сурет. Сұйықтан тыныс алу жолдарын босату

Тұншығу оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы нәтижесінде болады. Өкпеге оттегінің кенеттен және толық тоқтауы нәтижесінде қазаға ұшырау тұншығу деп аталады. Бас миының клеткаларына кеудедегі газ алмасуының тоқтауы нәтижесінде оттегінің баруы тоқтайды. Оттегілік аштық дамиды және зардап шегуші есінен айырылады.

Тұншығу ауа жүретін жолдардың, әсіресе жұтқыншақтың қысылуы (қолмен,ілгекпен), ауа жүретін жолдарының суға (суға бату), сілекейге, құсыққа, топыраққа толуы, жұтқыншақ қуысының басқа денемен немесе жабысқан тілмен жабылуы (наркоз есі жоқ жағдайда), улы заттардың (у, эфир, иісті газ) немесе бас миының жарақаты нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Алғашқы көмек тыныс жолдарына қысымды жасанды көтеруге негізделген бірқатар әдістің көмегімен басқа затты алудан басталады. Сырт жағынан тыныс жолдарының жабылуынан болған тұншығу кезінде қысушы факторды жояды және жасанды тыныс алдыруға, ең жақсысы «ауыздан-ауызға» немесе «мұрынға - ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруға кіріседі.

Егер тұншығу нәтижесінде клиникалық өлім болса, бұдан соң онда алғашқы 5-8 минутта зардап шегушіні жүрек, өкпе реанимация әдісімен тірілтуге болады (жүректің жабық сылауына қараңыз).

Иіс тию -сол ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болады. Онық белгілері - бас ауыру, айналу, бара-бара есінен айырылу. Үйде - пештегі түтінен, гаражда - машинаның қозғалтқышынан шыққан улы газдан адам улануы мүмкін. Мұндайда адамды дереу далаға шығарады. Мойнындағы түймесін, галстугін және белбеуін босатып, киімін жеңілдету қажет. Тыныс алысы тоқтаса қолдан демалдырады.

 

8. Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға

таңғыш қою арқылы қорғау

 

Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді.

Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйсетін затта микроб болмау тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микобтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сәл тамырлана, сөл арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепцис дамиды.

Антисептика-жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдердің

өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолддану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуледе өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға негізделген. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттан құралуы мүмкін.

Биологиялық аитисептиктер жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

 

Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі

Басқа таңғышты - «тақияны» мынандай әдіспен қояды. 1 метрге жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (20а-сурет) отыра байлайды (1), содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынанда орап қиғаштай желкеге жеткізеді (3), желке мен маңдай арқылы (2-12) кезекпен орап, бастың бүкіл шаштың бөлігін жабады (20б-сурет). Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді, таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.

 
 

20-сурет. Басқа‚ тақия‚ тәріздес таңғыш орау

 

 
 

Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай‚ ауыздық‚ тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы (1) 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін бинтті желке арқылы (2) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды (3-5), содан соң иектен бинт желкеге апарылады (6). Мойынды көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (21-суретте) көрсетілгендей қойылады.

21-сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау

 

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды. Бұл таңғыш енді бинтпен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20 см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлделең бағытта орайды.

Көзге таңғыш қою маңдай - желке арқылы айналдыра ораудан басталады (22-сурет), екінші айналымда желке төңірегінен мойынға жақынырақ түсіреді және құлақтан төменірек алып, бетті қамтып көздің жаны арқылы маңдайға апарады. Үшінші айналым-шеңберлік, бекітуші. Келесі айналымда жанай отырып желкеден құлақ, көздің үсті арқылы маңдайға апарады. әрбір айналым сайын біртіндеп үстіңгі жаққа қарай орау арқылы көздің маңайын толық жабады. Сол және оң көзге таңғыш қою әдісінің ерекшелігі мынандайš оң көзді орау кезінде бүкіл бинтті солдан оңға қарай, ал сол көзді орау кезінде оңнан солға қарай байлайды.

22-сурет. Көзге таңғыш қою

Мойын, көмей немесе желке жараланған кезде крест тәріздес таңғыш салынады (23-сурет).

Бинтті орай отырып әуелі бастың маңдайын бекітеді (1,2), бұдан кейін жоғарырақ және сол жақтың артынан қиғаштап оны мойынға түсіреді (3). Бұдан кейін бинтті мойынның оң жақ бүйірдегі үстімен жүргізіліп, оның алдыңғы үстіңгі бетін жауып, желкеге қайтадан әкеледі (4), оң және сол жақтан жоғары өткізіп, орауды қайталайды. Таңғышты басқа айналдыра отырып бинт орамдарымен бекітеді.

23-сурет. Крест тәріздес таңғыш қою

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 12442; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.