Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий




1. Төтенше жағдай - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметін, қаражатпен жаюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін тлап ететін жағдай.

2. Соққы толқыны – ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен таралады.

3. Жарықты сәуле бөлу - ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады.

4. Асептика - жараны микробтардың зақыидауынан қорғау әдісі.

5. Антисептика - жараға түскен бактериалды микроорга-низмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп, антибиотиктерді химиялық және биологиялық қатарды қолдану жолымен жою.

6. Реанимация - тірілу түсінігін білдіреді,яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе топтан қалған адам организмнің жұмысын қалпына келтіруді айтады.

7. Оба (чума) – түйеде кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақ бөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа немесе қан арқылы адамға да беріледі.

8. Радиометрлер – адамдардың, техниканың, судың, азық-түліктің және дүние мүліктерінің радиоактивті заттармен залалдануын бақылайды.

9. Төтенше жағдай – белгіді бір аймақта немесе бір мекемелерде болатын оқыс жағдай.

10. Өмір тіршілік қауіпсіздігі – адам өміріне төнетін жалпы қауіп қатерлерді зерттейтін, қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

11. Адам іс- әрекетінің қауіпсіздігі – адамның іс тіршілігі мен қауіп қатер бір- бірімен кездеспейтін тұйық шенбер.

12. Таксаномия - құбылыстарды жіктеумен немесе жүйелеумен айналысатын ғылым.

13. Смог - үлкен қалаларда өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы.

14. Қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар.

15. Мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар.

16. Канцерогендер - қауіпті ісіктер тудыратын заттар.

17. Экстермалдық жағдай – адам өміріне немесе денсаулығына дүние мүлкіне тікелей қатер тудыруда өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдай.

18. Тент – баспана тұрғызуға пайдаланатын әмбебап заттардың бірі.

19. Ерекше қатерлі аймақтар – кейбір техникалық, экологиялық себептермен адам өміріне қауіпті экстремалды жағдай туындауы мүмкін жерлер.

20. Қарулы қарақшы – ол қатерлі, рақымсыз жау.

21. Зіл-зала - кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын материалдық құндылықтарды шығынға ұшырататын адамдар мен хайуанаттардың өлім - жітімі болатын табиғат құбылысы.

22. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқау түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы.

23. Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.

24. Қар көшкі ні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

25. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.

26. Дауыл – жойқын күші бар және 30м/с жылдамдықпен соғатын жел.

27. Қар басу – табиғаттың тосын күштері көрінісінің бірі.

28. Шаңдық дауыл – бұл күшті жел салдарынан шанның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа бөліктердің ауаға көтерілуі.

29. Су басу - өзен,көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп,жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.

30. Техногенді төтенше жағдай – адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

31. Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.

32. Иприт – теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі.

33. Синиль – тез буланып кететін түссіз зат және противогаз, баспаналар пайдалану.

34. Дозиметрия – радиоактивті заттарды сезіп, олардың шама-ларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.

35. Ядролық қару – жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға жасалған қару.

36. Өткір радиация – гамма сәуленің және нейтрондар ағымы.

37. Химиялық қару – жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару.

38. Бактериологиялық қару – терлеткі микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

39. Панаханалар – жан-жақты қымталған,радияциялы сәуле-лердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.

40. Дезактивация – радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау.

41. Дегазация – ластанған денелерден улы заттарды жою.

42. Дезинфекция – ауру жұқтыратын немесе ауру тасымалдай-тын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады.

43. Столбняк – жараға микроб түскеннен пайда болған ауру.

44. Тілме (рожа) – жараның асқынып,микробтың қанға өтіп кетуі.

45. Артерия – жүректен денеге қарай қан жүретін тамырлар.

46. Коллапс - өмір үшін қауіпті,қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсумен сипатталады.

47. Реанимация – латын сөзі тірілу түсінігін білдіреді,яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе тоқтап қалған адам организміне жұмысын қалпына келтіру.

48. Эпидемия – белгілі бір елде немесе елді-мекенде жұқпалы аурулардың әдеттегі деңгейден едәуір көтеріліп,жаппай ауруға ұшырауы.

49. Иммунитет – адам организміне енген бөтен белок, клетка-ларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің қорғаныш шараларының жиынтығы.

50. Мерез - өте ауыр,адам организмнің кез-келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру.

51. Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизм-дердің жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

52. Қорқыныш - өмірге немесе деңсаулыққа қауіп төңдіре-тін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы.

53. Гипертониялық ауру - негізгі белгісі күретамыр жоғарғы қысымы болып табылатын ауру түрі.

54. Рикетсиялар – бактериялар мен вирустардың арасындағы жағдайда тұраған микроорганизмдер.

55. Радионуклит – атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы.

56. Салауат өмір салты – әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысының жеке жүйесі.

57. Апат – халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімі мен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зіл- зала.

58. Табиғаттағы тосын жағдай – адамның қоршаған ортамен қарым- қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

59. Аштық - азық - түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда организмнің күйігі.

60. Аклиматизация - климаттық географилық жана жағдайға (таулы жерге, ыстық және суық ауарайы жағдайына) адам ағзасының қалыптасу процесі.

61. Калий перманганатын - суда ерітіп, жараны жуып, тамақты шаю үшін пайдаланады.

62. Электромагниттік импульс – ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағынымен он иондардың түзілу нәтижесінде пайда болаған электрлі және магнитті сәулелер.

63. Туляремия – адамды ұзақ уақыт бойы қатардан шығаратын қатерлі жұқпалы ауру.

64. Радиациялық авария – радиоактивті заттардың ядролық - энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтерінкі радиациялық қауіп.

65. Өрттің алдын алу - өрттің болатындығын ескертуге, одан келетін шығынды болдырмау жағдайларын жасауға және оларды толық сөндіруге бағытталған шаралар жиынтығы.

66. Аммиак – түссіз газ, ауа ылғалдылығымен қосылған кезде мүсәтір спиртін құрайды, оттегімен қосылған кезде жарылады.

67. Тыныс органдарын қорғау үшін – сүзгіштік және өндірістік газқағар пайдаланады.

68. Бактериялық құралдармен зақымдалған жағдайда – алғашқы көмек көрсету кезінде АИ – 2дегі №1 бактериядан қорғайтын құралды пайдаланған жөн.

69. ДП – 5В доза қуатын өлшегіші (рентгенометр) – гамма сәулелену бойынша әр түрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гамма радиация деңгейін өлшеуге арналған прибор.

70. Реакклиматизация - өзге климаттық географилық ортада уақытшы болғаннан кейін бұрынғы үйреніскен жағдайға қайтадан бейімделу.

71. Көз зақымданғанда - оған шан, құм, тас түскенде алғашқы мынадай жәрдем көрсетіледі: өзге затты таза бет орамалымен немесе бинттің бұрышымен алып тастауы керек.

72. Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстін-дегі газбен буды жұту.

73. Хемосрбция – УЗ, Қ ӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасу есебінен жұтылуы.

74. Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі.

75. Туляремия – адамды ұзақ уақыт бойы қатардан шығаратын қатерлі жұқпалы ауру.

76. Инфекциялық аурулардың - басқа аурулардан ерекшелігі оларды белгілі бір тірі қоздырғыштар таратады. Ауруға шалдыққан организмдерден сау организмдерге жұғады және індетке бейім келеді.

77. Оқшаулауғыш газқағарларға - ИП-46 ИП-4М ИП-4МК ИП-5 жатады.

78. Шахталық құдықтарды қорғау үшін – тығыз жабылатын қақпағы, қымтағыш тығыны бар биік трубалар орналастырылады.

79. КӘЕУЗ (күшті әсер ететін улы зат) – шаруашылық мақсатында қолданылатын және адамдар мен жануарларды зақымдайтын қабілетке ие химиялық зат.

80. Радиациялық апат – радиоактивтік өнімдерді және аймақтық радиациялық қауіпті обьектілерін қалыпты пайдалану үшін жобада қарастырылған ион сәулелерінің шығуымен байланысты апат.

81. Өрт сөндіргіштер - өрттің пайда болуы сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.

82. Кох таяқшасы - 1882 жылы неміс микро биологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микробтың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелденген.

83. Бұзылған мекемелердің бөліктері - құрылғылардың меха-никасыз зақымдануы және еңбек құралдары істен шыққан.

84. Құрылғыларға аласа су - кіргенде құрал жабдықтар істен шығып, электрож абдықтар тұйықтанып ток соғады.

85. Техналогиялық қондырғының бұзылуын - анықтайтын параметрлерге жататындар: тереңдік, су ағынының жылдамдығы және су басудың ұзақтығы.

86. Толқынның арнадан шығуына -судың арнадан шығып кетуі және кедергілер әсер етеді.

87. Тұрмыстық ғимараттарының - талқандалуы, орналасу және жоспарлануына байланысты және судың ағу бағытына, жылдамдығына байланысты.

88. Талқандалу кезіндегі шығын белгілі бір бөлшектің талқандалу дәрежесіне қарай көбейтіндісін айтады.Талқандалудың жоғарғы деңгейінде 62,5%; талқандалудың орташа деңгейінде 27,5%талқандалудың төменгі деңгейі 10%.

92. Өндірістік қорлардың - сақтандыру шаралары мыналар:-кешендік–локалді.

93. Кешендік түрінде - су тасқынынан мекемелерді ғана қорғамайды, сонымен қатар бүкіл қоршаған территорияны инженерлік қорғауға алады.

94. Локалді шараларға жататындар: мекемелерге кірпіштен қорғаныш жасау:темір қорғандар тұрғызу керек.

95. Өндірістік қорларды қорғау шаралары - мекемелерді қорғап қалу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстар.

96. Мекемелерді су тасуынан қорғаудағы -негізгі мақсат техникалық жабдықтардың істен шықпауын қамтамасыз етіп олардың талқандалуына төтеп беру.

97. Құрылғыларды сақтандырудағы - негізгі кезеңдер арнайы сақтандырғыш қондырғыларды орнату.

98. Электро-қондырғылардың, транспарматорлардың, элек-троаппаратуралардың істен шыққан бөлшектерін дер кезінде айырбастау: аталған қондырғыларды тез арада ток жүйесінен айыру: электро жүйеге байланысты әртүрлі бөлшектердің дайын тұруы: және электрожабдықтарды су кірген кезде кептіртіп арнайы шкиф электрошкиф болуы.

99. Геология табиғи көріністерден - болған жұт бөлінеді – жерсілкінісі, жанардаудың атқылауы, жер бетінің талқандалуымен сипатталады.

100. Жер сілкінісі - жер асты дүмбулерінің әсерінен жер бетінің шайқалуы, ол қауіпті геологияның салдарынан болады.

101. Жерсілкінісінің ерекшелігі: халық шаруашылығына және адам өміріне келетін зиян тез ондаған секундтар ішінде өтеді.

102. Жерсілкінісінде негізінен: тұрғын үйлер, бекеттер және басқалар жер бетінің шайқалуына байланысты қирайды.

103. Жерсілкінісінен: адамдар аз жарақат алып, өлімге аз ұшырауы үшін алдын ала ескертулер, ойланып атқарған әрекнттер және жерсілкінуіне қатысты біршама дұрыс іс-шараларды атқару керек.

104. Қауіп (негативтік әсер мен негативтік фактор) – бұл «адам қоршаған орта мен төтенше жағдай» негативті жүйесі.

105. Қауіпті фактор – негативті фактор, ауыр әсерінен адамға травма әкеледі немесе денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізеді. (мысалы: ұшынып қалу).

106. Жағымсыз фактор – негативті фактор әсерінен адам ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

107. Жарылыс – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы;

108. Төтенше жағдай (Т.Ж.) – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардабтарын күнделікті қызмепен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық техникалық және адам күшін үшін талап ететін жағдай.

109. Тіршілік әрекеті – бұл күнделікті әрекет пен демалыс, адамның өмір сүруі.

110. Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

111. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

112. Бета – бөлшегі –бұл электрон.

113. Альфа – бөлшегі – гелийдің алты, ондық ядросы.

114. Обсервация – жұқпалы аурулар таралуының алдын-алуға жәнеоларды жоюға бағытталған шектелген шаралардың жиынтығы.

115. Күйік – жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылғаның кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінің терінің зақымдануы.

116. Жәй түрлері бірклеткалы организмдер, қабығы, прото-плазмасы мен ядросы (безгекті қоздырушы, амеба) бар.

117. Бактериялар – жібек құртын, бацилланы (таяқша тәріздес) үтір немесе жақша түріндегі вибрионды біріктіретін микробтар тобы. Бактериялар түйнемені, қан тышқақты, обаны, тырысқақты туғызады.

118. Вирустар – кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін ұсақ микроорганизмдер. Олар шешекті, тұмауды, сары безгекті тудырады.

119. Карантин – эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін жүргізілетін шаралар. Ол жерден кетуге, онда рұқсатсыз кіруге тиым салынады, аурырған адамдарды және олармен байланыста болған адамдарды анықтап бөлектейді бөлек ұстау мерзімі 40 күнге созылады.

120. Тырысқақ (холера ) тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су – электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудің дамуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталады. Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.

121. Түйнеме – аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі.

122. Бруцеллез – үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру. Ауру адамдарға үй жануарларынан, оларды күтім кезінде және осы аурумен ауырған малдың етін жегеннен жұғады.

123. Қышыма – саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп адамды тынышсыздандырып қышытады. Қатыр кенесі деп аталатын микробтардан жұғады. Лас киіммен жүргеннен, ұзақ жуынбағаннан пайда болуы мүмкін.

124. Педикулез (биттеу) – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және ұсақ қоректілер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.

125. Вирустық гепатит – жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру. “Вирустық” гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрі – А-вирустық гепатитын (жұқпалы гепатит) және В- вирустық гепатитын (сары су гепатиты) біріктіреді. А – вирусы ішек жұқпалысы, дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамнан сау адамға өтеді. В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде, жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз зарарсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі.

126. Тұмау – тұмау вирусының әр түрінен пайда болатын респираторлық ауру.

127. Туберкулез (құрт ауруы) – созылмалы жұқпалы ауру. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан. Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауық) болатын жұқпалы ауру. Зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады. Туберкулез екі жолмен жұғады:

1. ауа арқылы (аэрогенный путь)

2. тамақ арқылы (алиментарный путь

128. Мерез (сифилис) - өте ауыр, адам организмінің кез келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру.

129. Соз (гонорея) - аурудың кең тараған жыныс ауруларының түрі.

130. СПИД ВИЧ инфекциясы – бұл адам ағзасында пайда болатын иммунитеті жетіспеуі деп айтады немесе иммунитет жетіспеу синдромы.

 

БА)ЫЛАУ С(РА)ТАРЫ

1. Ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы курес?

2. Ауыл-шаруашылығы аймағында аса қауiптi ядралық жарылыстың

зақымдағыш факторы?

3. Зарин, зоман - қандай УЗ:

4. Бiрнеше елдердi немесе матиректердi қамтитын эпидемиялар?

5. Сәуле шарпу дозасы қанша болғанда адамдарда 1-(жеңіл) дәрежелi

сәуле ауруын тудырады?

6. ДП-5В дозиметрлiк құралының РЗ-ды анықтау мәнiсi қандай

әдiстерге негiзделген?

7. ДП­-5В радиометр-ренгенметрiнiң өлшеу диапозоны?

8. Сәулесi бойынша қорғасынының жартылай әлсiрету қалыңдығы?

9. Зақымданған орындардың радиоактивтi заттарды жою?

10. Залалдану тығыздығын өлшеу бiрлiгi?

11. Су қоймаларында өзенде су деңгейiнiң көтерiлуiне, тағы басқа

себептерге байланысты көп жерде су кетуi қалай аталады?

12. Ядролық жарылыс аймағынан шығатын ультра-кулгiн, инфра-

қызыл және көрiнетiн сәулелердiң ағыны?

13. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?

14. Жануарлардың қауiптi ауруының аса көп таралуы?

15. Адамдарда кездесетiн 2-дәрежелi (орташа) сәуле ауруы?

16. Фотоэмульсияның қараю дәрежесiне байланысты радиоактивтi

заттарды анықтау әдiсi?

17. Жеке дозиметр жиыншығы ДП-22В және ДП-24-тің өлшеу

диапозоны?

18. Соғыс кезiнде адамның 1 рет алуына болатын (ықтимал) сәуле

шарпу дозасы?

19. Радиоактивтi заттардан залалсыздандыру тәсiлi?

20. Жарық сәулесiнен, суйық - тамшы түрiндегi биологиялық заттар-

дан, радиоактивтi шаңнан улағыш заттардан және ионизациялық

сәуленiң шарпуынан сенiмдi қорғайтын, бұл?

21. Су денгейiнiң курт көтерiлуi мен қатты материалдар (құлаған тау

жыныстары) көбейген кезде тау өзендерiнiң арналарында кенеттен

пайда болатын күштi тасқын?

22. Ядролық жарылыс кезiнде әуе соққы толқынына жарылыс энер-

гиясының неше процентi жұмсалады?

23. Фитотоксиканттар?

24. Қысқа мерзiм уақыт аралығында кең аймаққа таралатын өсiмдiк-

тердiң жаппай ауруы?

25. Адамдарда болатын 3-дәрежелi (ауыр) сәуле ауруы?

26. Иондаушы сәулелер таралуының фотопленканың сезiмтал қаба-

тына, яғни бромды күмiс (Ад В) әсерiне негiзделген әдiс?

27. Әскери химиялық барлау приборында (ВПХР) зерттейтiн ауаны

индикатор түтiктер арқылы айдау үшiн қолданылатын құрал?

28. Тау жыныстары массаларының салмақ күшiнiң әсерiнен төмен

қарай жылжып барып орын ауыстыруы?

29. Жарылыс орталығынан барлық жаққа өте күштi жылдамдықпен

тарайтын қысым зонасы?

30. _те күштi әсер ететiн қытты заттар?

31. Жұқпалы ауру байқалған орындарды толық оқтаулап, олардағы

ауруды мүлдем жоюға бағыттылған эпидемияға қарсы белгiлi бiр

режим орнату шараларының жүйесi?

32. Адамдарда болатын 4-дәрежелi (өте ауыр) сәуле ауруы?

33. РЗ анықтауда иондаушы сәулелер таралуының кейбiр заттарды

химиялық өзгерiске ұшырату қасиетiне негiзделген әдiс?

34. Топырақтағы және түтiндегi УЗ-ды анықтау үшiн қолданылатын

құрал?

35. Соққы толқынының шебiндегi артық қысымды өлшеу бiрлiгi?

36. Сәулесi бойынша бетонның жартылай әлсiрету қалыңдығы?

37. Терiнi қорғау құралдары?

38. Коммуникация жүйелерiнiң, механизм бөлшектерiнiң және басқа

да машиналардың өндiрiс технологиясын сақтамай, бұзу себебiн-

де қирауы (iстен шығуы)?

39. Ядролық қару жарылған кезде бөлiнiп шығатын гамма-сәулелер

мен нейтрондар ағыны?

40. Гербицидтердiң әсер ету әрекетiнiң классификациясы?

41. Биологиялық зақым ошағында жүргiзiлетiн қатал медициналық

және ветеринарлық бақылау?

42. Соғыс жағдайында адамның 10-30 тәулiк iшiнде алуы ықтимал

сәулелену дозасы?

43. Иондаушы сәулелердiң әсерiнен пайда болатын заттар

атомдарының иондауын пайдалануға негiзделген әдiс?

44. Бiр сары сақинасы бар индикатор түтiктi ашып, насосқа енгiзiп, 60

рет ауа айдайды, түтiктi насостан шығарып 1 мин. ұстап тұрады

да, түтiктегi толтырғыштың түсiн кассетаның эталонымен салыс-

тырады. Аталған түтiк қандай УЗ-ды анықтау үшiн арналған?

45. 5-сәулесiнiң топырақты жартылай әлсiрету қалыңдығы?

46. Бiрнеше елдердi немесе метериктердi қамтитын эпидемиялар

қалай аталады?

47. Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудiң ең

қауiптiсi?

48. Жарылу арқылы әсер ететiн және ядролық ыдырау кезiнде бөлі-

нетiн энергияны пайдалануға негiзделген қару?

 

49. Радиоактивтi бұлт iшiнен жер бетiне радиоактивтi заттардың

түсуi?

50. ­_сiмдiктердiң өсуiне зиян келтiретiн және оларды құртатынын

(жоятын) УЗ?

51. Бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар қандай

қарудың негiзiн құрйады?

52. Мүмкiн болатын соғыс жағдайында адамның бiр рет алуына бола-

тын радиация дозасы:

53. Радиоактивтi заттармен залалданған территорияда жұмыс iстеген

адамдардың сырттай сәулеге ұшырау дәрежесiн өлшейтiн прибор?

54. Бiр қызыл сақиналы және қызыл нүктелi индикатор түтiгi қандай

УЗ-ды анықтау үшiн арналған?

55. Тыныс органдарын қорғауға арналған негiзгi құрал?

56. Ауру тудыратын қоздырғыштарға қарсы күрес?

57. Сәуле шарпу дозасын өлшеу бiрлiгi?

58. Фитотоксиканттар мен басқа УЗ-ды нысанаға жеткiзу құралы?

59. Гамма сәулесiнiң қоршаған ортадағы атомдарға тигiзген әсерiнен

оң зарядты иондар мен электрондар ағыны пайда болады. Олар

арнайы қорғаныс шаралары жасалмаған жердегi байланыс және

басқару жуйелерiн iстен шығарады?

60. Ашық даладағы малдар мен адамдардың жарақаттануының өте

ауыр түрi?

61. Тұншықтырып әсер етушi УЗ?

62. Мүмкiн болған соғыс жағдайында адамның 3 ай iшiнде бiрнеше рет

алуына болатын сәуле шарпу дозасы?

63. Адамдардың, жануарлардың, транспорттың, мүлiктiң, азық- түлiк-

тiң, судың және басқа да заттардың радиоактивтi залалдану дәре-

жесiн гамма-сәулесi бойынша анықтауға және өлшеуге арналған

прибор (құрал)?

64. _те жiңiшке, көзге көрiнбейтiн қан тамырлары жарақаттанғанда

болатын қан кету?

65. Жарық сәулесiнiң әсерiнен не қорғайды?

66. Объектiлердiң сыртқы бетiне жұққан радиоактивтiк заттарды жою?

67. Қорғау ғимараттарының салыну орнына байланысты классифика-

циясы?

68. Ауру тудыратын микроорганизмдер, токсиндер, вирустар,

риккетсиялар, саңырауқұлақтар және олармен зақымданған

жұқтырушылар қандай қару-жараққа жатады?

69. Жас ағызып, тiтiркендiре әсер ететiн УЗ?

70. Ашық даладағы малдар мен адамдардың жарақаттануының жеңiл

түрi?

71. Терiнi iрiңдетiп әсер ететiн УЗ?

 

72. Мүмкiн болған соғыс жағдайында адамның 1 жыл iшiнде бiрнеше

рет алуына болатын сәуле шарпу дозасы?

73. Ауада, жер бетiнде, техникада және заттарда УЗ-дың бар жоғын

анықтайтын прибор?

74. УЗ-сәулесi бойынша бетонның жартылай әлсiрету қалыңдығы?

75. ДП-5В радиометр-рентгенметрiнiң жұмысқа жарамдылығын

тексеретiн құрал?

76. Тыныс органдарын радиоактивтi зақымнан қорғайтын құралдар?

77. Объектiлерге (техникаға, ғимараттарға, жерге) сұйық тамшы

түрiнде түскен улағыш заттарды залалсыздандыру (газсыздан-

дыру) немесе оларды бүтiндей жою?

78. 50 кПА және одан жоғары толық қирау зонасы.

30-50 кПА куштi кирау зонасы.

20-30 кПА орташа кирау зонасы.

10-20 кПА жеңiл бүлiну (қирау) зонасы.

79. Тұрақты улағыш заттар (УЗ)?

80. Қысқа уақыт аралығында кең аймаққа тез таралатын адамдардың

жаппай ауруы:

81. Соққы толқынын шеңберiндегi артық қысым қанша болғанда

адамдар мен жануарлар орташа зақымданады?

82. Адамдардың соғыс жағдайында бiр рет алуына болатын сәуле

шарпу дозасы?

83. Иондаушы сәулелердiң таралу әсерiнен болатын заттар атом-

дарының иондауына негiзделген радиоактивтi заттарды анықтау

әдiсі?

84. Р-2 респираторының құрылысы?

85. Әуе соққы толқынынан қорғайды?

86. Радиация деңгейiн өлшеу бiрлiгi (гамма сәулелерi дозасының

қуаттылығы)?

87. Электр жүйесiне аса қауiптi әсер ететiн ядролық жарылыстың

зақымдаушы факторы?

88. А-зонасы - баяу зақымдану зонасы.

Б-зонасы - күштi зақымдану зонасы.

В-зонасы - қауптi зақымдану зонасы.

Г-зонасы - аса қауптi зақымдану зонасы.

89. Тұрақсыз (ұзақ уақыт сақталмайтын) УЗ, өзiнiң улағыштық

қасиетiн сақтау уақыты?

90. Адамдар мен жануарларда кездесетiн ортақ аурудың аты?

91. Жалпы улап әсер ететiн УЗ?

92. Iрi қара малдың сәуле ауруының жеңiл (3-дәрежелi) түрi?

93. Жеке адамдардың сәулелену дозасын өлшейтiн прибор?

 

94. Бiр қызыл сақиналы және қызыл нүктелi индикатор түтiгi қандай

УЗ анықтауға арналған?

95. Химиялық заттармен зақымданғанда тыныс органдарын қорғайтын

құрал?

96. Гамма сәулесi бойынша судың жартылай әлсiрету қалыңдығы?

97. Жарылыстың қандай түрiнде, ядролық зақым ошағы көше түседi?

98. Қай прибор жеке адамдардың сәулену дозасын өлшейді?

99. Үш жасыл сақинасы бар индикатор түтiктерi қандай УЗ-ды анық-

тауға арналған?

100. ГП­-4У газқағарының құрамына не кіреді?

101. Азаматтық қорғаныс деп –

102. Тіршілік қауіпсіздігі деп –

103. Курстың негізгі мақсаты:

104. Шаруашылық объектілері деп –

105. Қазақстан Республикасының «Азаматық қорғаныс туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

106. Азаматтық қорғаныс курсының негізгі мақсаты:

107. Жоғары оқу орындарының АҚ-ның бастығы:

108. Азаматтық Қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері:

109. ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

110. Дүлей зілзала –

111. Авария –

112. Апаттың көлеміне қарай бөлінуі:

113. Табиғи апаттар –

114.Төтенше жағдай деп –

115. Жасанды апаттар –

116. Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдай –

117. Техногенді сипаттағы төтенше жағдай:

118. Табиғаттағы тосын жағдай –

119. Тәуекелдік факторлар –

120. Аштық дегеніміз не?

121. Қорқыныш дегеніміз не?

122.Тірі қалу факторлары деп –

123. Химиялық зақымдану –

124. Электромагниттік импульс:

125. Соққы толқыны:

126. Жердің радиоактивті ластануы –

127. Өткіш радиация деп –

128. Радиациялық авария деп –

129. Қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе толық жою:

130. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою:

131. Жеке химиядан қорғайтын пакет:

132. Тұншықтырғыш әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?

133. Нейтроптар уларға, яғни жүйке жүйесінің күйін бұзатын заттар:

134. Метаболдық уларға яғни организмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар –

135. Заттардың алмасуын бұзатын заттар:

136. Аммиактың буымен уланған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету:

137. Хлормен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету:

138. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы:

139. Жүйкені жансыздандыратын улы заттар:

140. Психохимиялық әсер ететін улы заттарға –

141. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін улы заттарға –

142. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты баяу әсер ететін улы заттарға:

143. Көздің жасын ағызатын және тітіркендіретін заттар:

144. Төзімді емес улы заттар:

145. Теріні құрыстыратын улы заттар:

146. Төзімді улы заттар:

147. Жалпы улылық әсері басым заттарға:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 5409; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.