Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жануарлар мен адам ауруларын тудырушы вирустар 4 страница




Қызыл балдырлар

 

Қызыл балдырлар багрянкалар (Rhodophyta)- теңіздерде, су түбінде таралған балдырдың ең үлкен бөлімі. Қызыл балдырлар теңіздерде су асты жартастарына, рифтерге, үлкенді-кішілі домалақ, қиыршық тастарға, құмға, ал майда түрлері ірі балдырларға жабысып өседі.Негізінен 20 – 40 м, ал қолайлы жағдайларда 100 – 200 м тереңдікте өседі. Кейбір түрлері ғана тұщы суларда кездеседі. 2 класқа (бангия,флоридия), 600-ден асатын туысқа жататын 4 мыңнан астам түрлері бар. Қазақстанда Қызыл балдырлардың 22 түрі анықталған, оның 16-сыКаспий теңізінде кездеседі. Қызыл балдырлардың басқа балдырлардан ерекшелігі – құрамында биллипротеиндер – қызылфикоэритрин мен көк фикоцианин пигменттері болады. Осы пигменттердің мөлшерлік ара-қатынасына байланысты оның түсі ашық қызылдан көкшіл жасыл және сары түске дейін өзгеріп отырады. Қызыл балдырлардың басым көпшілігі анатом. және морфологиялық құрылыстары күрделі көп клеткалы ірі өсімдіктер. Тек аздаған түрлері ғана өте қарапайым бір клеткалы немесе шоғыр (колония) түзуші организмдер. Аналық көбею органы –оогомияларының құрылысы, зиготаның даму процесі күрделі. Споралары мен гаметалары талшықсыз, яғни өздігінше қозғала алмайды.Талломдары көлемі, құрылысы, пішіні жағынан балдырдың түріне қарай әр түрлі [жіпше, таспа, цилиндр, қабыршақ, торсықша, маржан (коралл) тәрізді] тілімделген және тарамдалған. Вегетативтік (су түбіне жайылған негізгі өркендерге жаңадан сабақтар пайда болуы арқылы; бір клеткалы немесе шоғыр түзетін түрлер клеткаларының екіге бөлінуімен), жыныссыз (моно-, ди-, тетраспораларымен) және жынысты (оогамия) жолдармен көбейеді. Даму циклінде осы жолдар бір-бірімен байланысты, кезектесе ауысып отырады. Қызыл балдырлардың теңіз тіршілігіне ықпалы үлкен. Ол теңіз биоценозының басым бөлігін құрап, су жануарларының негізгі қоректерінің бірі болып табылады. Көбею клеткалары – тетраспораларының, карпоспораларының өте көп пайда болуы нәтижесінде жаға маңы суларында фитопланктонның қалыптасуына ықпал жасайды (ұзындығы 1 м болатын Rhodymenіa pertusa 12 млн. карпоспор, ал оның тетраспорифті – 100 млн. карпоспор береді). Су асты маржан рифтерінің пайда болуы мен өсуіне маржан балдырларының ықпалы үлкен. Қызыл балдырлардың көптеген түрлерінен салат, тұздық, сорпа жасалады, кептірілген күйінде де пайдаланады. Родимения және порфира түрлері жеуге жарамды болғандықтан, Тынық мұхиты жағалауындағы бірқатар елдерде (Жапония) оларды өндірістік тұрғыда арнайы өсіреді. Қызыл балдырлардан бағалы зат – агар алынады, балдыр ұны тыңайтқыш, малға азық ретінде пайдаланылады.Екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап тұрады, әртүрлі өрнек түзеді. Мұндай түрлер коралырифтердің түзілуіне қатысады. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин, ксантофил,қызыл фикоэритрин, көк фикоциан пигменттері болады. Осыларға байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық – қызылдан, көкшілдеу – күлгін түске дейін боялады.Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативті, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі сиректеу үзілген талломдарында арнайы өсу бүршіктері пайда болады. Олардан жаңа особьтар жетіледі.Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралары спорангияның ішінде бір – бірден немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады соң судың түбіне шөгіп өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпоген қысқа бұтақтардың қолтығында бір – бірден өседі. Карпогон – колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды.Антеридиден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.Ұрықтанғаннан соң трихогина жойылып кетеді. Карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да жаңа талломға айналады. (спорофитке).Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде, кейде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндар мен топырақта өседі. Қызыл балдырлардың талломы ұзындығы 2 м дейін жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тәрізді құрылымнан тұрады. Қоңыр балдырлардағы секілді бұларда да дифференциациялану байқалады. Талломының өсуі диффузды немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады (өсу юналары өсімдіктің тарамдалған талломының тебесінде жинақталған). Ең қараапайым түрлерінің талломы бір клеткалы немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклінде қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хроматофорлары көп жағдайда диск тәрізді болып келеді. Қор заттары ерекше крахмал түрінде жиналады. Кейбір түрлерінің пектинді целлюлозды клетка қабықшалары, клетка аралық заттармен бірге, көп мөлшерде шырыштанатыны сонша, олардың талломы түгелдей шырышты кескінге (консистенцияға) келеді. Сондықтанда мұндай балдырларды агар алуға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ал екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап, әртүрлі ою-өрнек түзеді. Мұндай известтен тұратын ою-өрнектер талломға ерекше мықтылық береді. Мұндай түрлер коралл гифтерінің түзілуіне қатысады. Қызыл балдырлар әдетте теңіздің түбінде аса үлкен терендікте өседі. Қызыл балдырлардың клеткаларында хлорофилл, каротин және ксантофилден басқа тек осы балдырлардың тобына тән қызыл фикоэритрин жоне фикоциан пигменттері болады. Аталған пигменттердің орайласып келуіне байланысты қызыл балдырлардың талломасы ашық-қызылдан көкшілдеу-күлгін түске дейін боялады. Қызыл балдырлардың түсінің осылай болып келуі олардың 100м тереңдікке дейін жететін күн сәулелерін бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Көп жағдайда үзілген таллома өліп шіриді. Сиректеу үзілген талломаларда арнайы өсу бүршіктері пайда болады, олардан келешекте жаңа особьтар жетіледі. Жыныссыз көбеюі споралар арқылы спорангияның ішінде бір-біреуден (моноспоралар) немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылыуның нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады, содан соң судың түбіне шөгіп, өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық, көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпогон қысқа бұтақтардың қолтығында бір-бірден өседі. Карпогон-колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым үрлегіш трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды. Антеридийден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, содан соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ұрықтанғаннан кейін трихогина жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады, оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да, өсе келе балдырдың жаңа талломына спорофитке айналады. Классификациясы. Қызыл балдырлар бөлімі 2 класқа бөлінеді: бангиевалылар класы (Ваngіорһусеае), флоридеялылар класы (Ғlоrіdеорһусеае). Олардың әрқайсысында 6-дан қатар бар. Бангиевалылар класы саны жағынан көп болмайды. Онда 20-дай туыс, 70-тей түр бар. Аса кең тараған туыстарына порфира (Рогрһуга), космопогон (Соsmороgоп) және тағы басқалар жатады. Қызыл балдырлардың негізін флоридеялылар класы түзеді, онда 49 тұқымдас бар. Қызыл балдырлар адам өмірінде кеңінен қолданылады: олардан кондитер және басқада өнеркәсіптерде пайдаланылатын агар-агар алынады және микробиологиялық техника лабораторияларында микроорганизмдерді өсіруге қажетті қатты қоректік заттар дайындау үшін де пайдаланады. Теңіз жағалауындағы елдер де, мысалы Жапонияда балдырлар әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады. Олардан йод, калий тұздары, целлюлоза, спирт, сірке қышқылы алынады. Одан басқа теңіз балдырларын малға азық ретінде және тыңайтқыш ретінде де пайдаланады.

Дәріс 11-12. Қарапайым балдырлар

Қарапайымдылар – бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу,тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы – 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей -цитоплазмадан, ядродан жәнеорганоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.

 

 

Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.

Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.

Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.Бұлар 5 типке бөлінеді.

Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы

Саркодалылар көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Iзбес, бор және шөгiндi жыныс қабаттары фораминифералардың сауыттарынан тұрады. Тамыраяқтылардың түрлерiн геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.

Талшықтылар органикалық заттың алғашқыпродуценттерi ретiнде биосфераның биологиялық зат айналымында негiзгi рөл атқарады. Мысалы, планктонды организмдер. Көптеген түрлерi су қоймаларының ластану дәрежесiн анықтауда биологиялық индикаторлардың қызметiн атқарады. Кейбiр түрлерi су қоймаларын тазартады. Саркомастигофоралардың көптеген түрлерi эктопаразиттiк және эндопаразиттiк тiршiлiк етуге байланысты қауiптi патогендi организмдер болып саналады. Мысалы, дизентерия немесе амебиаз iшектiң ауруын тудыратындизентериялық амеба; адамда “Ұйқы” ауруын тудыратын және жануарларда трипаназомоз ауруларын тудыратын қанда паразиттiк тiршiлiк ететiн трипаносомалар; терiнi зақымдайтын лейшманиялар, несеп-жыныс жолдарын зақымдайтын трихомоностар, iшек қызметiн бұзатын лямблиялар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-26; Просмотров: 1550; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.023 сек.