Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Саркомастигофоралар типi




Саркомастигофоралар типiнiң өкiлдерi еркiн немесе паразиттiк тiршiлiк ететiн қарапайымдылар. Жер бетiнде кең тараған жануарлар тобы.

Саркомастигофоралар типiнде бiрклеткалылар, азклеткалылар, көпядролылар, колониальды және көпклеткалы организмдер кездеседi.

Саркомастигофоралар типi екi класқа бөлiнедi: Саркодалылар және Талшықтылар. Талшықтылар класы өсiмдiктер патшалығының бастамсын бердi. Саркомастигофоралар типiне жалаңаш және сауытты амебалар, теңiз радиоляриялары мен фораминифералар, өсiмдiктектес және жануартектес талшықтылар және паразиттiк түрлер жатады.

Типтiң негiзгi белгiлерi:

Жануарлардың бiр клеткалы деңгейi. Бионт клеткамен берiлген.

Қозғалу органоидтарының қызметiн жалған аяқтар немесе талшықтар атқарады. Кей жағдайларда осы органоидтар бiрге кездесуi мүмкiн немесе бiр-бiрiн алмастыруы мүмкiн.

Саркомастигофоралар типiнiң өкiлдерi теңiздерде, тұщы суларда, топырақта кездеседi және паразиттiк тiршiлiк ететiн түрлерi де аз емес.

Екiге бөлiну арқылы көбейедi, кейбiр түрлердiң тiршiлiк циклiнде жынысты процесс кездеседi.

Саркодалылар класының өкiлдерi гетеротрофты организмдер, ал Талшықтылар класының өкiлдерi гетеротрофтылар және автотрофтылар.

Саркомастигофоралардың маңызы. Саркодалылар көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Iзбес, бор және шөгiндi жыныс қабаттары фораминифераның сауыттарынан тұрады. Тамыраяқтылардың түрлерiн геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.

Талшықтылар органикалық заттың алғашқы продуценттерi ретiнде биосфераның биологиялық зат айналымында негiзгi рөл атқарады. Мысалы, планктонды организмдер. Көптеген түрлерi су қоймаларының ластану дәрежесiн анықтауда биологиялық индикаторлардың қызметiн атқарады. Кейбiр түрлерi су қоймаларын тазартады. Саркомастигофоралардың көптеген түрлерi эктопаразиттiк және эндопаразиттiк тiршiлiк етуге байланысты қауiптi патогендi организмдер болып саналады. Мысалы, дизентерия немесе амебиоз iшектiң ауруын тудыратын дизентериялық амеба; адамда “Ұйқы” ауруын тудыратын және жануарларда трипаназомоз ауруларын тудыратын қанда паразиттiк тiршiлiк ететiн трипаносомалар; терiнi заөымдайтын лейшманиялар, несеп-жыныс жолдарын зақымдайтын трихомоностар, iшек қызметiн бұзатын лямблиялар.

Амебалар отряды. Қарапайым амеба.

Iрi амеба (200-800 мкм) тұщы суларда тiршiлiк етедi, олар космополиттер болып табылады. Денесi жұқа плазма мембранамен қоршалған. Жалған аяқтары арқылы жылжиды. Жалған аяқтары бiрнеше болып түзiледi, дене пiшiнi тұрақсыз. Цитоплазмада жыйырылғыш және асқорыту вакуольдер, экскреторлы түйiршiктер және симбиотикалық балдырлар көрiнедi.

Дене пiшiнi тұрақсыз, симметриясыз, тыныштық күйде су қабатында шар тәрiздi пiшiнге ие.

Қоректену әдiсi – фагоцитоз, пиноцитоз есебiнен суды сiңiредi. Органикалық заттармен қоректенедi, ұсақ бiрклеткалы жануарларды ұстауы мүмкiн (гетеротрофты қоректену әдiсi).

Ас қорытуы – клетка iшiлiк, асқорыту вакуольдерiнiң iшiнде. Көбеюi – жыныссыз жолмен, яғни екiге бөлiну арқылы көбейедi. Цистiлену – қолайсыз жағдайларда тығыз қабаттың түзiлу процесi. Мұндай күйде амебалар ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтап (айлар бойы), қайтадан белсендi тiршiлiкке көше алады.

Бақалшақты амебалар отряды

Бақалшақты амебалар тұщы суларда таралған, бентосты жануарлар, су қоймалардың түбiнде тiршiлiк етедi. Бұл түрдiң едәуiр бөлiгi топырақта және шымтезек батпақтарда да тiршiлiк етедi.

Бақалшақты амебалардың ерешелiгi денесi бақалшақпен қапталған. Бақалшақтың саңылаунан денесi және жалған аяқтары шығады. Жалған аяқтардың көмегiмен олар қозғалады.

Бiреулерiнiң бақалшағы қатты органикалық заттардан түзiлсе, екiншiлерiнiң цитоплазманың бөлiндiсiнен және бөгде бөлшектерден (диатомды балдырлардан, қиыршықтардан, мүк бөлшектерiнен) құралады. Көбеюi жыныссыз, екiге бөлiну арқылы жүредi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-26; Просмотров: 4219; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.