Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий




1) Агро-өнеркәсіптік кешен дегеніміз –ауыл шаруашылқ шикізатын өндіру мен өңдеумен айналысатын салаларының жиынтығы.

2) Аймақ -бірнеше елді мекендерден тұратын республика аумағының бір бөлігі. Облыс, аудан, ауылдық округ аймақ болып табылады.

3) Аймақтық экономикалық саясаттың басымдылықтары -мемлекеттік және аймақтық экономикалық даму стратегиясына сәйкес проблемалы аймақтарда жүргізілген құрылымдық өзгерістер, жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекпен қамтуды көтеру, аймақтың ішкі және сыртқы нарығында өнімді өндіру мен өткізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлікті дамыту, өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымдарды сақтау, реконструкциялау, дамыту, ҚР аумағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кедейшілікті және жұмыссыздықты төмендету.

4) Аймақтардағы негізгі экономикалық субъектілер - аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жүйеге араласатын рыноктық негізгі элементтенр, яғни мемлекет, кәсіпорындар және жеке адам (жанұя).

5) Аймақтық экономикалық саясаттың негізгі қағидалары -республикалық мүдденің аймақтық, болашақ мүдденің ағымдағыдан алда болуы; аймақтардың табиғи байлығын олардың аумақтық орналасу ерекшеліктеріне назар аудара отырып тиімді пайдалану; берілген аумақтың шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің дамуын ынталандыру механизмдерін мәселелі аймақтар экономикасын таңдап қолдау көрсету арқылы жүзеге асыру; мемлекет және оның жалпы басқа елдермен шекаралық ерекше стратегиялық маңызы бар аймақтарын басымдылықты дамыту.

6) Аймақтық саясаттың мақсаттары -аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты төмендету, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік беретін басымдылықты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

7) Аймақтық өндіргіш күштер нарығын реттеудің тікелей әдістері -өндірісті квоталау, өнімдердің жекелеген түрлерін өткізу, жергілікті экономиканың негізгі кәсіпорындарына мемлекеттік сатып алу, субсидия, субвенция бөлу және оларды тікелей қаржыландыру.

8) Аймақтық өндіргіш күштер нарығын реттеудің жанама әдістері -өндіріс құралдарын өндірушілерге жеңілдіктер, тұтынушылық ресурстарды төлеуге дотация беру,кеңейтілген амортизацияға рұхсат беру,салықтардан босату,жекелеген тауар бағаларын белгілеу.

9) Әкімшілік-аумақтық құрылыс бірліктері -ауылдар, кенттер, ауылдық қкругтер, аудан, қала,облыс.

10) Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б салалар.

11) Бюджетаралық қатынастардың негізгі қағидалары -облыс, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың бюджеттерінің теңдігі, түсімдерді тиімді бөлу, ҚР әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік деңгейлерінің теңдігі, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді бірдей деңгейде көрсетуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің максималды тиімділігі, және нәтижелелегі, трансферттерді және кредитттерді тиімді, мақсатты пайдалануға әрбір бюджет деңгейлерінің жауапкершілігі.

12) Дотация - subsidy-мемлекеттік бюджеттен қайтарылмайтын негізде берелетін ақша қаражаттары. Кәсіпорында санациялау формасында жүзеге асады, қорғаныс кешенінің кәсіпорындарына қаржылық көмек беру және өндірістік емес ұйымдарына (мәдениет және білім) берілетін ақша.

13) Жалпы аймақтық өнім -бір жыл ішінде аймақта өндірілген түпкілікті өнім мен көрсетілген қызметтердің нарықтық құны.

14) Жалпы сипаттағы ресми трансферттер - бюджеттік алулар мен бюджеттік субвенцияны білдіреді.

15) Жергілікті шаруашылық -жергілікті адами қауымдастықтың әлеуметтік болашағы мен әл-ауқатын жақсартуға, оның интеллектуалдық байлығын арттыруға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімшілік және экономикалық шешімдерін іске асыруға тікелей қатысатын кәсіпорындар, мекемелер мен шаруашылықтар жиынтығы болып табылады.

16) Инвестиция – кәсіпкерлік объектілеріне пайда алу мақсатында салынатын материалдық және интеллектуалды құндылықтардың жиынтығы.

17) Кәсіпкерлік –белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.

18) Мультипликатор дегеніміз – инвестиция көлемінің өзгеруінің жиынтық кіріс көлемінің өзгеруіне әсерін сипаттайтын сандық көрсеткіш.

19) Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені.

20) Ресурстар – бұл игіліктерді өндіруге кететін факторлар болып табылады. Экономикалық ресурстар деп тауар өндіруге жұмсалатын барлық табиғат беретін, адманың еңбегімен жасалған және адамның өзі жатады.

21) Субвенция -ұлттық-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін нақты мақсаттарға республикалық бюджеттен бөлінетін ақшалай сома.

22) Субсидия -мемлекеттік мекеме және қоғамдық ұйымдар болып табылмайтын шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға қайтарылмайтын негізде қаржыландыруға берілетін ақша.

23) Төменгі бюджеттерге дотация -жергілікті бюджеттің шығындары табыстарынан асып кеткен жағдайда, оларды теңестіру үшін қайтарылмайтын негізде нақты ақшалай түрінде республикалық бюджеттен берілетін ақшалай қаражаттар.

24) Технология - Кез-келген өндіріс процесіндегі өндіріс факторларының нақты сандық және сапалық үйлесімі.

25) Трансферттер -бюджеттің бір деңгейінен екінші деңгейіне, сонымен қатар ҚР Ұлттық қорына трансферттер төлеу.

26) Шаруа (фермер) қожалығы – жеке кәсіпкерліктің жүзеге асырылуы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімді өңдеумен және өткізумен үздіксіз байланысты адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі.

27) Экономикалық өсу дегеніміз - қоғамдық өндірістің ұлғайып, дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың көбеюі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы.

 

ДӘРІСТЕР

Дәріс №1. Аймақтық экономиканың пәні, мақсаты мен міндеттері. Аймақтар ұғымы және типологиясы

 

Негізгі түсініктер: Студенттерді «аймақ», «аймақтық экономика», «аймақтың дамуын реттеу» түсініктерімен таныстыру. Анықтамалар беру. Аймақтық экономика тапсырмаларын қарастыру. Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары. «Аймақ» ұғымының теориялық және практикалық түсіндірмелері. «Аймақ» ұғымы мен «Экономикалық кеңістік» үғымының ара қатынасы. Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.

Аймақтық экономиканың негізгі түсінігі. «Аймақ» ұғымының теориялық және практикалық анықтамасы. «Аймақ» және «экономикалық кеңістік» ұғымдарының өзара қатынасы. Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.

Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі. Типология жүргізудің негізгі критерилері. Экономикалық аудандастыру.

Аймақтарды типтерге бөлу қажеттігі. Типтерге бөлудің негізгі критерилері. Экономикалық аудандастыру.

Лекцияның мақсаты: Аймақтық экономиканың пәні, ұғымы және типологиясын қарастыру

Тақырып сұрақтары:

1. Аймақтық экономиканың пәні.

2. Аймақтық экономиканы зерттеудің ғылыми әдістері.

3.Аймақтық экономиканы дамыту тапсырмалары.

1. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.

2.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары.

3. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Аймақтық экономика-өндіргіш күштердің әлеуметтік-экономикалық аймақтық орналасуы мен экономика салаларының дамуын, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық, экологиялық ерекшеліктерін, аймақаралық, аймақішілік экономикалық байланыстары.

Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.

Аймақтық экономика — экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.
Мәселен, Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майкөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.
Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады.

Аймақтық экономика еліміздің басқа аудандарымен байланыста дамиды, интеграция және еріктілік принциптері сақталады, бірыңғай энергия, көлік, байланыс жүйелері қалыптасады. Аймақтық стратегиялық маңызы бар табиғат ресурстарын пайдалануда оған жеңілдіктер беріледі. Аймақтағы халықтың көші-қон проблемалары зерттеледі. Ол үшін аймақаралық және аймақтық бағдарламалар жасалады. Тұтас алғанда, Аймақтық экономика елдің өндіргіш күштерінің дамуына нақты жағдай жасауы және оған сүйенуі керек.

Аймақтық экономикалық саясатты қалыптастырудың негіздері:

1.Мемлекеттік аймақтық экономикалық саясатты қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру (тұрғындар тығыздығы (адам/км2), қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олардың кірістерініңің бір жанға шаққандағы деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны, жұмыссыздық деңгейі.

2.Аймақтық экономиканы қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдегі өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі құрайды.

3.Мемлекеттік аймақтық – экономикалық саясаттын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда аймақтық сипатындағы да үш мәселені шешудің қажеттілігі бар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар, тоқыраған шағын және орташа қалалар және арнайы экономикалық аймақ.Осы мәселелерді шешеу салық салу, кедендік режим, протекция механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы мақсатты көзқарасты және олардың басыңқылығын жалпымемлекеттік қабылдауды талап етеді.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Аймақтық экономика түсінігінің мәні?

2. Зерттеу әдістері?

3. Аймақтық экономиканың принциптері?

4. Аймақтық экономикалық саясаттың қолданылу аясы?

Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі?

Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3,6

Қосымша әдебиеттер: 1, 2,5,6,9

 

 

Дәріс 2. Аймақтық экономика мен оны басқарудың теориялық негіздері.

Негізгі түсініктер: И.Тюненнің ауыл шаруашылықтық штандорт теориясы. А.Вебердің өнеркәсіптік штандорт теориясы. А.Лештің шаруашылықты ұйымдастырудың кеңістіктік ұйымдастырылуы туралы ілімі. В.Лаундхардттың өнеркәсіптік мекеменің рационалды штандорты. А.Смит пен Д.Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар туралы теориясы.

Аймақтық экономика теориясы дамуының заманауи бағыттары: теңдестірілмеген өсу теориясы, «өсу полюсы» теориясы, аймақтық теңдестіру теориясы және т.б.

 

Лекцияның мақсаты:

Шетел ғалымдарының аймақтық экономикаға қатысты еңбектеріндегі ілімдері мен студенттерді таныстыру, аймақ экономикасына қатысты жаңа концепция, парадигмаларды талдау.

Тақырып сұрақтары:

1. Шетел ғалымдарының аймақтық шаруашылықты ұйымдастыру ілімдері.

2Аймақтың жаңа парадигмалары мен концепциялары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Экономиканы кеңістіктік орналастыру, ел экономикасы аумағында өндіргіш күштерді тиімді орналастыру көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді. Шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастырудың қалыптасуы неміс экономисі Й. Тюненнің 1826 жылы баспаға шыққан <<Изолированное государство в его отношении к сельскому хозяйству и национальной экономики>> атты еңбегінен бастау алды десек қателеспейміз. Тюнен өз еңбегінде аумағында бір орталық қаласы бар экономикалық тұйық мемлекет ішінде ауылшаруашылық өнімдері өндірісін тиімді орналастыру моделін қарастырған, оның ойынша бүкіл ел ішіндегі жалғыз өткізу нарығынан (Қаладан) өндіріс ошақтары неғұрлым алшақ орналасса транспорт шығындары да соғұрлым жоғары болады, сәйкесінше кез-келген өнімнің бағасы сол өнімді нарыққа тасымалдауға кеткен шығындар есебінен ішкі экономикалық кеңістікте әр алуан. Тюнен өз еңбегінде ауыл шаруашылығын орналастырудың белдеулік схемасын жасады, схеманың мәні- транспорттық тасымалдау шығыны төмен болуы үшінқалада негізгі сұранысқа ие, өнімділігі жоғары өнімдерді өндіру саласы қалаға максималды жақын орналасуы шарт.

В.Лаунхард 1882 жылы шыққан «Шикізат көздері мен өткізу нарығына қатысты жеке өнеркәсіп орнын кеңістіктік орнластыру» еңбегінде Тюнен сияқты басты фактор етіп транспорт шығындарын алады, өзінің локациялық үшбұрыш схемасында өнеркәсіп орнына тасымалдау процесінде ең минималды көрсеткішке ие шикізат орнына жақын жерден зауыт салу мүмкіндігін ұсынған.

Неміс ғалымы А.Вебер 1909 ж. шыққан «О размещении промышленности-чистая территория штандорта» атты еңбегінде Лаунхард пен Тюненнің транспорттық шығындарды минимизациялау ілімін қолдай отырып кәсіпорынды ұйымдастырғанда сондай-ақ өндірістің жалпы шығындарын минимизациялауды ұсынды. Экономикалық пайданы басты назарда ұстаған Вебер өнімдерді тек өндіруде ғана емес, сонымен бірге нарықта жоғары бағамен өткізу де маңызды, сол себепті өндіріс орнын кез-келген тиімді нүктеде ұйымдастыру мүмкіндігін ұсынды. Вебердің ойынша негізгі 3 фактор өндірістің орналасу орнын айқындайды:

- шикізат шығындары

- транспорт шығындары

- жұмыс күші шығындары.

Жоғарыдағы 3 фактордың негізінде өндіріс орнының минималды шығынға ие фактор бағытына бейімделу процесі автоматты түрде жүзеге асады.

В.Кристаллер 1983 жылы шыққан «Оңтүстік Германиядағы орталық орындар» атты еңбегінде орталық орындар мәнін ашқан, оның ойынша экономикалық орталық орындар тауарлар мен қызметтер өндіріп қана қоймай, жақын аймақтарды да қамтамассыз етуі керек. Кристталлердің ұсынысы бойынша күнделікті тұтыну тауарлары барлық аймақтарда өндірілуі шарт, екінші ретті тұтыну тауарлары негізінен қалаларда өндірілуі шарт.

А.Смит, Д.Рикардо еңбектерінде аймақтардың өндірістік мамандануы мен аймақаралық сауда теориясы жарық көрді, мәні-халықаралық, аймақаралық саудаға қатысушылар негізінен нарыққа абсолютті маманданған салаларының өнімдерін ұсынғаны дұрыс, себебі мамандану деңгейі неғұрлым жетік болса, соғұрлым көршілес елдер мен аймақтарды өз тауарларымен қамтамассыз етіп максималды пайда табу мүмкіндігі жоғары.

Аймақтар экономикасын талдаудың жаңа концепциялары да жоқ емес, соған мысал ретінде келесі аймақтық концепцияларды ұсынуға болады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Тюненнің шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастыру ілімінің мәні?

2. Вебердің өндірісті орналастыру ілімі?

3. Кристаллердің орталық орындар ілімінің мәні?

4. Смит пен Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар ілімі?

Негізгі әдебиеттер:

1. Гранберг А. Основы региональной экономики: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим направлениям и специальностям / А. Гранберг. – Изд. 2-е. – М.: Государственный университет Высшая школа экономики, 2003.- 495с.

2. Региональная экономика: учеб пособие для экон. вузов / Под ред. М.Ф. Степанова.- М.: Инфра-М: Изд-во Рос. экон. акад., 2001.- 463с.

3. Региональная экономика: учеб. пособие для экон вузов / Под ред. Т.Г Морозовой.- М.: ЮНИТИ, 2002.- 472с.

4. Региональная экономика: учебник для вузов / А.П. Градов [и др.].- СПб.: Питер, 2004.- 222с.

Қосымша әдебиеттер:.

5. Гаврилов А.И. Региональная экономика и управление: учеб. пособие для вузов / А.И. Гаврилов.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.- 239с.

6. Чагучиев М.Ч. Регионы, экономика и управление / М.Ч. Чагучиев, М.М. Соколов.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.- 271с.

 

Дәріс 3. Аймақ шаруашылық жүргізу мен басқарудың объектісі ретінде

Негізгі түсініктер: Аймақ ұлттық экономиканың қосалқы жүйесі ретінде. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық кешенінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрылысы. Аймақтық даму негізлерінің макроэкономикалық сипаттамасы.

Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері мен деңгейлері. Аймақтық еңбек бөлінісін ұйымдастыру формалары. Аймақтың салалық және территориялық құрылымы. Аймақтың салааралық байланыстары.

Сұрақтар

1 Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы.
2 Аймақтық еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері. Аумақтық еңбек бөлінісін ұйымдастыру нысандары.
3 Аймақтың салалық және аумақтық құрылымы. Аймақтардың салааралық байланыстары.
4 Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі әлеуметтік -экономикалық дамуындағы аймақтық деспропорцияларының сипаты.

Дәріс №4. Дәріс тақырыбы: Аймақтық экономиканы талдау және модельдеу

Лекцияның мақсаты:

Аймақтар экономикасын дамыту стратегиясын, жоспарларын қабылдамас бұрын, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары динамикасына шолу жасалуы қажеттігін студенттерге түсіндіру. Талдау және модельдеу түсініктеріне анықтамалар беру.

Тақырып сұрақтары:

1. Аймақтық экономика талдауы

2. Аймақтық экономиканы модельдеу

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Қазіргі таңда «Аймақтық экономика» ілімі талдау, саралау аспаптарының жалпығылыми және арнайы түрлерін қолданады.

Аймақтық экономиканың аналитикалық аспаптары шартты түрде екі басты түрге бөлінеді:

- аймақтық экономикалық талдау әдістері

- аймақтық экономиканың математикалық модельдері.

Аймақ құрылымы әртүрлі көзқараста қарастырылуы мүмкін: кономикалық, әлеуметтік,рухани, табиғи ресурстық т.б. Аймақтар экономикасының жағдайые қарастырғанда түрлі зерттеу, талдау әдістері қолданылады:

- баланстық

- картографиялық

- индикаторлық т.б.

Негізінен аймақ экономикасын талдағанда аймақтың макроэкономикалық көрсеткіштеріне назар аударылады, бұлар: ЖІӨ, халықтың кірістері, ұлттық байлық. Аймақаралық даму деңгейлерін салыстырғанда жоғарыдағы көрсеткіштер жан басына шаққандағы үлес деңгейімен сипатталады. Аймақтың экономикасының даму деңгейін тек бір ғана көрсеткішпен сипаттау мүмкін емес, сол себепті тәжірибеде белгілі бір көрсеткішті, мысалы ЖАӨ негізгі етіп, басқа көрсеткіштер қосалқы құралдар ретінде пайдаланылады. Бірінші ретті аймақ экономикасының анализіне қажетті көрсеткіштер:

- аймақ дамуының жалпы деңгейі

- маңызды өндіріс салаларының жағдайы

- аймақтың қаржылық жағдайы

- инвестиңциялық белсенділік

- халықтың кірісі

- жұмысбастылық және еңбек нарығы

- әлеуметтік сфера жағдайы

- экологиялық жағдай

- халықаралық экономикалық белсенділік.

Аймақтар экономикасын тиімді дамыту үлгілерінің түрлі модельдері бар: экономикалық-математикалық модельдеу, жеке нарық ретінде модельдеу т.б.

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық талдау?

2. Аймақ экономикасын анализдеудің нарықтық экономика жағдайында қажеттілігі?

3. Аймақтық модельдеу, нұсқалары?

4. Аймақтық талдау шараларында қолданылатын басты көрсеткіштер?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 3039; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.