КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тестілер 1 страница
Модуль Дәріс №9. Дәріс тақырыбы: ҚР аймақтарының қазіргі жағдайы және аймақтарды топтау Лекцияның мақсаты: ҚР аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу,негізгі индикаторлармен жұмыс жасай отырып аймақтық экономикалық жай-күй айырмашылықтарын талдау. Тақырып сұрақтары: 1. Аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы 2. Аймақтық топтау Тақырыптың қысқаша мазмұны Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды тым күшейтіп жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы аймақтық өнімді өндіру көлемі бойынша аймақтар арасында айырмашылық деңгейіон есеге дейін жетті, ал дамған елдер экономикасында бұл көрсетткіш1,5-2 есеге тең. Мұндай тым саралау миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмдерінің әлсіреуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде республика көлемінде біртұтас әлеуметтіэкономикалық даму саясатын жүргізуге зиянын тигізеді. Республиканыңқазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, эколгиялық ерекшеліктерімен сипатталатын әр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын 4 топқа бөлуге болады: - шаруашылық құрылымы экспортқа бағытталған - индустриялық дамыған - агроөнеркәсіптік - дағдарыстық. Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Аймақтардың даму деңгейлеріндегі айырмашылық себептері? 2. Аймақтық мамандану? 3. Аймақтарды топтпаудың басты мақсаты? 4. Аймақтық даму ерекшеліктерін ескере отырып мемлекеттік қолдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері Негізгі әдебиеттер: 1. Қазақстан 2030 стратегиясы. 2. «2003 – 2015 ж.ж. арналған индустриалды – инновациялық даму стратегиясы», 2003ж. 3. «Жер жайлы» ҚР заңы. 24.01.2001 №152. Алматы: Паритет 2001 жыл. 4. «Білім беру жайлы» ҚР заңы. 16.11 2000. Алматы: Фолиант. 5. «Денсаулық сақтау жайлы» ҚР заңы. 15.09.2000 Алматы: Юрист 2000ж. 6. Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001жылғы 7 желтоқсан № 1598 7. Мамыров Н.К. Экономиканы мемлекеттік реттеу негіздері.- Алматы: Дәуір, 2003. 8. Экономикалық саясат: Лекциялар/ Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев Алматы: Экономика, 2002. 9. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Оқу құралы -Алматы: Экономика, 2005. Қосымша әдебиеттер:. 10. Ахметов С.Н. Теоретические концепции развития региональной экономики / С.Н. Ахметов // Вестник КазГУ. Серия экономическая.- 2003.- №1.- С.11-16 11. Гамарник Г. Совершенствование системы управления экономикой области / Г. Гамарник, Н. Сердюк // Поиск. Серия гкманитарных наук.- 2002.- №2.- С.98-100 12. Рустемов Н Функции и методы регионального управления / Н. Рустемов // Транзитная экономика.- 2001.- №1.- С.74-79 13. О концепции региональной политики Республики Казахстан на 2002-2006 годы: постановление Правительства Республики Казахстан от 7 дек. 2001г. / ЮРИСТ [Электронный ресурс]: Справ. система / Компания «ЮрИнфо».- Электорн. дан.- Алматы: ЮрИнфо 14. Регионы Казахстана: статистический сборник. –Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2009, 2010, 2011. 15. Статистическая информация по Республике Казахстан и регионам Агентства Республики Казахстан по статистике [Электронный ресурс] / Агентство Республики Казахстан по статистике. –Алматы, 2011.- Режим доступа: http://www.stat.kz 16. Статистическая информация по Восточно-Казахстанской области Управления статистики по Восточно-Казахстанской области [Электронный ресурс] / Управление статистики по Восточно-Казахстанской области. –Усть-Каменогорск, 2005.- Режим доступа: http://www.eastonline.kz
Дәріс№10. Дәріс тақырыбы: Аймақтық қаржы және бюджетаралық қатынастар Лекцияның мақсаты: Аймақтар қаржысының мәні мен орталықтандырылған бюджет жүйесі, жергілікті бюджет, бюджетаралық қатынастардың мәнін ашу, аймақтардықаржыландырудың көздеріне сипаттама беру. Тақырып сұрақтары: 1. Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және басқару. 2. Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі. 3. Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру Тақырыптың қысқаша мазмұны Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешеу пәрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қтынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады: - республикалық бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті - ауданның бюджеті, облыстық маңызы бар қала бюджеті. Қазақстандағы бюджеттік үрдістің жұмысының негізгі бағыттары бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге, бюджеттердің өзіндік қамтамасыздығы бағытында жұмыс істеуде. Бюджет жүйесі бірыңғай негізгі қағидалардан тұрады: - нақтылық қағидасы - біртұтастық қағидасы - жариялылық қағисы - толықтылық қағидасы. Жоғарыда аталған қағидаларды назарға ала отырып аймақтардағы қаржылық-бюджеттік қатынастар тепе-теңдігін қамтамасыз еті шаралары жүргізіледі.
Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Аймақ қаржысы? 2. Бюджетаралық қатынастардың мәні? 3. ҚР Бюджет жүйесінің құрылымы? 4. Республикалық және жергілікті бюджеттердің аймақ экономикасын қаржыландыруға қатысы? 5.Бюджеттік алымдар мен қайтарымсыз төлемдер Негізгі әдебиеттер: 1. «Бюджет туралы» ҚР заңы. 16.11 2002. Алматы: Фолиант. 2. Мамыров Н.К. Экономиканы мемлекеттік реттеу негіздері.- Алматы: Дәуір, 2003. 3. Экономикалық саясат: Лекциялар/ Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев Алматы: Экономика, 2002. 4. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Оқу құралы -Алматы: Экономика, 2005. Қосымша әдебиеттер:. 5. Антонюк В.С. Региональный экономический кругооборот и его воздействие на параметры макроэкономического равновесия / В.С. Антонюк //Финансы и кредит.- 2000.- №9.- С.42-52 6. Ахметов С.Н. Теоретические концепции развития региональной экономики / С.Н. Ахметов // Вестник КазГУ. Серия экономическая.- 2003.- №1.- С.11-16 7. Гамарник Г. Совершенствование системы управления экономикой области / Г. Гамарник, Н. Сердюк // Поиск. Серия гкманитарных наук.- 2002.- №2.- С.98-100
Дәріс № 11. Дәріс тақырыбы: Аймақтық экономиканы басқару және басқару менеджментін жетілдіру жолдары Лекцияның мақсаты: Аймақтық экономиканы басқару түсінігінің мәнін ашу, мемлекеттік тұрғыдан аймақтар арасындағы айырмашылық деңгейлерін азайту қажеттілігінің негіздерін студенттерге түсіндіру. Аймақтық менеджменттің басты мақсаттарын айқындау. Тақырып сұрақтары: 1. Аймақтық басқаруды ұйымдастыру негіздері 2. Аймақтық басқарудың мәні және тапсырмалары 3. Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары Тақырыптың қысқаша мазмұны Аймақтық басқару құрылымдары арасындағы қарама-қайшылықтар мен реттелімсіздіктер нарықтық қатынастарға бағытталған экономиканы басқарудың жаңа моделіне көшуден бастау алады. Қазіргі Қазақстан жағдайында аймақтық менеджменттің қалыптасуының алғышарттары реті келесідей: 1. Жаңа қатынастар аймақтық шаруашылықты басқарудың жоспарлық-директивалық әдістерінің жойылып, нарықтық әдістердің жаңа қалыптасу процесіне сай келеді. Сәйкесінше, қалыптасу үстіндегі аймақтық субьектілерді басқару әдістеріне жаңа жағдайлар мен жұмыс принциптеріне бейімделуге тура келеді. 2. Жаңа үрдіс процесінде аймақтар негізгі меншік субьектісіне айналып, шаруашылық жүргізуші субьектілерге меншіктік құқық береді. Осы жағдайда аймақтардағы субьектілердің экономикалық ішкі тәуелсіздікке ұмтылысы артады. 3. Экономиканы мемлекет тарапынан салылық басқару әдісінің жойылуы ел экономикасында әрекет етуші аймақтық субьектілердің өзара қарым-қатынасын байланыстырады. 4. Бұл жағдайда аймақтық басқару субьектілерінің реттеуші ж/е ынталандырушы функциялары орын алмасады, яғни, түрлі шаруашылық ету сфераларында құрылған кез-келген кәсіпкерлік түріне Қолдау көрсетеді және барлық меншік формасы түрлеріне әсер етуді және тең дәрежеде жұмыс істеуді қамтамассыз ететін юридикалық құжаттар қабылданады. 5. Өндірістік және әлеуметтік салаларда нарықтық қатынастарды дамытуға аймақтық басқару аппараттарының атқаратын нақты міндеттерін, функцияларын заң жүзінде бекіту қажет. Аймақтық менеджмент арнайы менеджмент түрлерінің бірі ретінде аймақтық шаруашылыққа әсер етудің принциптерінің, әдістерініің және құралдарының жиынтығы. Қазіргі тәжірибе тұрғысынан алғанда аймақтық менеджмент – аймақтағы әлеуметтік-экономикалық процестерді нарықтық қатынастарға көшу жағдайында басқару. Аймақтық шаруашылықты басқарудың жоспарлы-директивтік жүйесінен аймақтық менеджментке ауысудың мәні келесідей өзгерістерде: - аймақ дамуын қоғамдағы ең негізгі құндылық болып табылатын адам өмірін жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау - аймақтағы барлық шаруашылық субьектілерінің экономикалық еркіндік пен шаруашылық дербестік принципін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-экономикалық шарттар қалыптастыру - аймақтың инвестициялық ж/е құрылымдық саясатын сұраныс пен нарық қажеттіліктеріне, ішкі және аймақаралық тұтынушыларға, шетелдік ж/е ішкі нарықта сұранысқа ие тауарлар өндірісін қалыптастыруға бейімдеу - аймақтық стратегиялық ж/е тактикалық даму бағдарламаларын жузеге асыру негізі болып табылатын аймақтық маркетингті қалыптастыру, дамыту - аймақтық статистикадан аймақтағы әлеум.эконом., саяси ж/е экологиялық жай-күйді жаңаша ақпараттық құралдармен талдап, бақылайтын аймақтық мониторингке көшу - аймақтың экономикалық даму деңгейі мен халықтың өмір суру деңгейі (әлеуметтік стандарттар, бюджеттік қамтамасыздық, отбасы шығынының құрылымы, экология, демографиялық хал-ахуал, экологиялық қауіпсіздік т.б.) көрсеткіштеріне тәуелді аймақтық менеджменттің соңғы нәтижесін бағалау Аймақтық экономиканы басқару тиімділігін арттыру, қамтамассыз ету-аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі күрделі проблемалардың бірі.
Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Аймақтар экономикасын мемлекеттік басқару-реттеу шараларының мәні? 2. Басқару механизмдері? 3. Аймақтардағы қазіргі жағдай-мемлекеттік шаралардың жүзеге асу барысы? 4. Аймақтар экономикасына нарықтық экономикалық жүйеде мемлекеттің араласу қажеттілігі? Негізгі әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001жылғы 7 желтоқсан № 1598 2. Мамыров Н.К. Экономиканы мемлекеттік реттеу негіздері.- Алматы: Дәуір, 2003. 3. Экономикалық саясат: Лекциялар/ Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев Алматы: Экономика, 2002. 4. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Оқу құралы -Алматы: Экономика, 2005. Қосымша әдебиеттер:. 5. Антонюк В.С. Региональный экономический кругооборот и его воздействие на параметры макроэкономического равновесия / В.С. Антонюк //Финансы и кредит.- 2000.- №9.- С.42-52 6. Ахметов С.Н. Теоретические концепции развития региональной экономики / С.Н. Ахметов // Вестник КазГУ. Серия экономическая.- 2003.- №1.- С.11-16
Дәріс № 12 Аймақ экономикасын дамытуды жоспарлау мен болжау. Аймақтық бағдарламалар. Аймақтық дамуды жоспарлау мен болжамдаудың объективті қажеттілігі мен оның әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспар-болжамын әзірлеудегі негізгі тәсілдемелер: маркетингтік зерттеулер, логикалық модельдеу әдістері, эксперттік бағалау, икемділік коэффиценттері. Аймақтың жоспар-болжамының басты мазмұны, негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері. Негізгі әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001жылғы 7 желтоқсан № 1598 2.Мамыров Н.К. Экономиканы мемлекеттік реттеу негіздері.- Алматы: Дәуір, 2003. 3.Экономикалық саясат: Лекциялар/ Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев Алматы: Экономика, 2002. 4. Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. Оқу құралы -Алматы: Экономика, 2005. Қосымша әдебиеттер:. 5. Антонюк В.С. Региональный экономический кругооборот и его воздействие на параметры макроэкономического равновесия / В.С. Антонюк //Финансы и кредит.- 2000.- №9.- С.42-52 6. Ахметов С.Н. Теоретические концепции развития региональной экономики / С.Н. Ахметов // Вестник КазГУ. Серия экономическая.- 2003.- №1.- С.11-16 Дәріс № 13 Аймақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жоспар: 1. «Ұлттық қауіпсіздік» және «экономикалық қауіпсіздік» санаттарының мәні 2. Экономикалық қауіпсіздіктің ішкі құрылымы мен деңгейлері «Экономикалық қауіпсіздік» ұғымы «ұлттық қауіпсіздік» ұғымымен ажырамас байланыста. «Ұлттық қауіпсіздік» термині қазіргі әлемнің өміріне берік енді және көптеген елдердің ішкі және сыртқы саясатының бөлігіне айналды. Мәселен, АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздігінің доктринасын, тұжырымдамасын және стратегиясын әзірлейді, онда экономикалық қауіпсіздікке айрықша орын бөлінген. Экономика тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қызметінің өмірлік маңызы бюар тараптарының бірі болып табылатындықтан, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономикалықы қамтамасыз етпей мүмкін емес. Ұлттық қауіпсіздіктің түрлі тараптарын қарастыра отырып, экономикалық аспектілерді айналып өтуге болмайды. Экономикалық қауіпсіздік - тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи және қисынды тұрғыда Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен катар пайда болады. Экономикалық қауіпсіздік объектілері - жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы, т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер - елдің шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен үдерістер. Эконмикалық қатерлер ең жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы қатерлер сиякты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері - жалпы экономикалық жүйенің жай- күйі, оның орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы, экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі, бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш, т.б. Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні - сақталмауы экономиканы күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын шекті шама. Бұл орайда Экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор. Бұл шектің шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптаскан дәстүрлерге, ағымдағы шаруашылық жағдайға байланысты. Көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін әзірлеу - экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары - қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы. Экономикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік стратегиясында мынадай шараларды бөліп көрсетуге болады: Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатерлерді айқындайтын факторлардың мониторингі; қауіпсіздік өлшемдер мен параметрлерін әзірлеу; елдің Экономикалық қауіпсіздігін мемлекеттің қамтамасыз етуі жөніндегі қызметі. Бұл мәселені шешу үшін арнаулы әдістер де қолданылады. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің айрықша міндеті.[1] 2: Экономикалық әдебиетте экономикалық қауіпсіздік қоғамның, мемлекеттің және экономиканың оңтайлы ара қатынасына тәуелді ретінде сипатталады. Экономикалық қауіпсіздіктің бірнеше деңгейлері бар: - тұтастай алғандағы елдің экономикалық қауіпсіздігі; - аймақтың экономикалық қауіпсіздігі; - саланың экономикалық қауіпсіздігі; - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі; - жекелеген индивидтің экономикалық қауіпсіздігі. Экономикалық қауіпсіздік лауазымды тұлғалар мен азаматтардың мыналарға бағытталған меншік нысандарына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың шешімдерімен және әрекеттерімен қамтамасыз етіледі: - экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - Дүниежүзілік экономикалық жүйеден Қазақстанды экономикалық оқшаулауға жол бермеу; - ел экономикасының ресурстық энергетикалық негіздерін сақтау және нығайту; - Қазақстанның геосаяси қоршауында туындайтын болуы мүмкін теріс факторлардың әсер етуімен байланысты мемлекет экономикасының осалдылығы деңгейін максималды түрде азайту. Экономикалық қауіпсіздік объектілері мыналар болып табылады: -елдің экономикалық жүйесі тұтастай; - табиғи байлықтар; - туынды қорлар; - туынды емес қорлар; - жылжымайтын мүлік; - қаржы ресурстары; - еңбек ресурстары; - шаруашылық құрылымдары; - отбасы; - адамның жеке басы. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі субъектісі осы салада заң шығару, атқарушы және биліктің сот тармақтары органдары арқылы қызметтерді орындайтын мемлекет болып анықталды. Жалпы, мемлекет экономикасының қауіпсіздігін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтайды. 1. Өмір сүрудің сапасы мен деңгейі; 2. Инфляция деңгейі; 3. Жұмыссыздық деңгейі; 4. Экономикалық өсу; 5. Бюджет тапшылығы; 6. Мемлекекеттің қарызының мөлшері; 7. Алтын-валюталық резерв жағдайы; 8. Көлеңкелі экономиканың деңгейі; 9. Экологияның жағдайы; 10. Азық-түлік қауіпсіздігі; Бақылау сұрақтары: 1. Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз не? 2. Экономикалық қауіпсіздіктің қандай деңгейлері бар? 3. Экономикалық қауіпсіздіктің мәнін қанша ұғымға бөлуге болады және атап беріңіз? 4. Экономикалық қауіпсіздіктің дамуы дегеніміз не? 5. Экономикалық қауіпсіздіктің тұрақтылығы дегеніміз не? 6. Экономикалық қауіпсіздік критерийі дегеніміз не? 7. Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерін қалай түсінесіз? 8. Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
Дәріс № 14 Аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру 1.Бәсекеге қабілеттілігінә әсер етуші факторлар 1.Бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары Бәсекелестiкке қабiлеттiк - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың түтынушылык, багалық, сапалық сипаты жатыр. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілік әртүрлі факторларга байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің багасы мен сапасына эсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табьшады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте алдыңғы орынга әнімнің бага факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдері әз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жогары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шыгару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады. Бүл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуга шыққан шығынмен қоса дизайнға, маркетингке жүмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік қүқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады. [1]
Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1064; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |