Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 6 страница




СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырыпты ауызша талдауға дайындалу.

2. Өзін - өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3.Тапсырмаларды орындау.

4.Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыптарға реферат дайындау: «Аймақтық бағдарламаларды өңдеу мен жүзеге асырудың әдістемелік қағидалары».

 

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

1.Аймақтық бағдарламаларға не кіреді?

2. Аймақтық бағдарламаларды өңдеу мен жүзеге асырудың қандай әдістемелік қағидаларын білесіздер.

3. Бағдарламаның типтік құрылымы қандай?

4. Аймақтық бағдарламалардың жобалары қалай өңделеді?

5. Бағдарлама түсінігінің мәнін ашыңыз.

 

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылған әдебиетті зерттеуден босату керек. Ең алдымен, бағдарлама, аймақтық бағдарлама, аймақтық бағдарламаны өңдеудің қағидаларына айрықша назар аударып, аймақтық бағдарламаның типтік құрылымын қарастыру қажет.

ТАҚЫРЫП 11. АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдау.

2. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Төмендегі тақырыптарға рефераттар дайындау:

«Әлемдік экономикадағы еркін сауда зоналары: мақсаттары, типтері, даму механизмдері».

«Кәсіпкерлік зоналары: мақсаттары, типтері, даму механизмдері».

«Қытайдағы ерекше экономикалық зоналар»

6. тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. АЭЗ қандай жағдайларда құрылады?

2.Мәселелік аймақтарға және қандай мәселелерді шешуге жеңілдіктер ұсынылады?

3.Неліктен АЭЗ саны шектеулі болуы тиіс?

4.Кәсіпкерлік зоналарын құру неге тәуелді?

5. Технико-енгізу зоналарының кәсіпорындарына қандай қолдау формалары көрсетіледі?

 

Тапсырмалар:

1. Арнайы экономикалық зоналардың негізгі түрлерінің сипатты белгілерін кестелік түрде ашыңыз.

 

Зонаның атауы Тиімділік шарттары Шаруашылық реттегі сипатты белгілері
Еркін экономикалық зона    
Кәсіпкерлік зонасы    
Оффшорлы зона    
Технопарк    
Технополис    
Индустриалды парк    

Тестілер:

1. Шағын территориялардағы экономикалық өмірлік ерекше ұйымдастырылуы қалай аталады

А) арнайы экономикалық зона

В) еркін экономикалық зона

С) кәсіпкерлік зонасы

Д) технико-енгізу зонасы

Е) жерге жеке меншік

2. Егер экономикалық зона территориясында елдің негізгі территориясы үшін негізгі болып табылатын кедендік шарттар (тарифтік және тарифтік емес) әрекет етпесе, онда мұндай зона қалай аталады

А) арнайы экономикалық зона

В) еркін экономикалық зона

С) кәсіпкерлік зонасы

Д) технико-енгізу зонасы

Е) еркін сауда зонасы

3. Егер АЭА импортталатын тауарларды қабылдау, қоймалау, өңдеу бойынша операцияларға маманданатын болсағ онда аталмыз зона қалай аталады

А) арнайы экономикалық зона

В) еркін экономикалық зона

С) кәсіпкерлік зонасы

Д) технико-енгізу зонасы

Е) еркін сауда зонасы

4. Егер АЭА экономикалық іс-әрекетті белсендендіру мақсатында кәсіпкерлер үшін жеңілдікті тәртіп орнайтын локальды территорияны білдіретін болса, онда ол

А) арнайы экономикалық зона

В) еркін экономикалық зона

С) кәсіпкерлік зонасы

Д) технико-енгізу зонасы

Е) еркін сауда зонасы

5. Оффшорлы зоналарды қандай зонаның айрықша түрі деп есептеуге болады

А) арнайы экономикалық зона

В) еркін экономикалық зона

С) кәсіпкерлік зонасы

Д) технико-енгізу зонасы

Е) еркін сауда зонасы

Әдістемелік ұсыныстар. Тақырыпты әдебиеттерді талдаудан бастау керек. Ең алдымен, арнайы экономикалық зона, еркін экономикалық зона, кәсіпкерлік зонағ технико-енгізу зонасы, еркін сауда зонасы сияқты зоналардың түрлерін толығымен қарастырып, олардың айырмашылықтарына ерекше назар аудару.

 

ТАҚЫРЫП 12. АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕР

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдау.

2. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырманы орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Тақырып бойынша қосымша глосарий құру.

6. «аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері», «»аймақ-аймақ», «аймақ-орталық» бюджетаралық қатынастар, «аймақтық дамудағы салықтық және тарифтік саясаттың ролі» тақырыптарына рефераттар дайындау.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Аймақтардың дамуында бюджеттік қатынастардың ролі қандай?

2.Теңестіруші трансферттер деген не?

3.Теңестіруші трансферттер қандай экономикалық мәселелерді шешеді?

4. Жалпы трансферттер қандай мақсатты көздейді?

5. Сіз аймақтық реттеудің қандай макро құралдарын білесіз?

6. Сіз аймақтық реттеудің қандай микро құралдарын білесіз?

7. Аймақтық дамудың макро құралдары мен микро құралдары қандай жағдайларда қолданылады?

 

Тапсырма:

1. Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастардың қағидалары мен формаларын сипаттайтын блок-сызбаны толтырыңыз. Олардың бюджетаралық қатынастар стратегиясымен қалай әрекеттесетінін түсіндіріңіз.

Бюджетаралық қатынастар қағидалары Бюджетаралық қатынастар стратегиясы (ережелер) Бюджетаралық қатынастарды реттеу формалары
     
     
     
     
     

Тестілер:

1. Қазақстандағы бюджеттік қатынастар мынадай басымдыққа бағытталған

А) Аймақтық деңгейде қаржылық ресурстарды максималды шоғырландыру

В) Қазақстанның экономикалық өсімі

С) Қазақстанның экономикалық дамуы

Д) Қазақстанның инновациялық дамуы

Е) Ұлттық деңгейде қаржылық ресурстарды максималды шоғырландыру

2. Егемендік жылдары Қазақстанның бюджет жүйесінің эволюциясы мыналарға қатысты болды

А) Мемлекеттік бюджеттің құрылымы

В) бюджеттің ара-қатынасына

С) бюджеттің динамикасына

Д) бюджеттік аударымдардың дамуына

Е) бюджеттегі трансферттердің үлесіне

3. Егемендік жылдары Қазақстанның бюджет жүйесінің эволюциясы мыналарға қатысты болды

А) бюджеттік жіктемеге

бюджеттің ара-қатынасына

С) бюджеттің динамикасына

Д) бюджеттік аударымдардың дамуына

Е) бюджеттегі трансферттердің үлесіне

4. Егемендік жылдары Қазақстанның бюджет жүйесінің эволюциясы мыналарға қатысты болды

А) Бюджет динамикасына

В) бюджеттің ара-қатынасына

С) бюджет жүйесін тиімді ету дәрежесіне

Д)бюджеттік аударымдардың дамуына

Е) бюджеттегі трансферттердің үлесіне

5. Егемендік жылдары Қазақстанның бюджет жүйесінің эволюциясы мыналарға қатысты болды

А) бюджеттік аударымдардың дамуына

В) бюджеттің ара-қатынасына

С) Бюджет динамикасына

Д) облыс бюджеттеріне үлкен көлемдегі дербестіктің дерілуіне

Е) бюджеттегі трансферттердің үлесіне

 

Әдістемелік ұсыныстар: Тақырыпты әдебиеттерді талқылаудан бастау керек. Материалды меңгеруді бюджетаралық қатынастардың теңдігін арттырудағы бюджетаралық қатынастардың ролі мен мәнін түсінуден бастау керек.

 

ТАҚЫРЫП 13. АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдау.

2. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Төмендегі тақырыптарға рефереттар дайындау:

«Италияның оңтүстігі мен солтүстігі арасында әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің алдын алу саясаты».

«Жапониядағы өнеркәсіптік өндірісті орталықсыздандыру және рекреациялық территорияларды сақтап қалу»

6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамудың қандай жалпы мәселелерін білесіз?

2.Аймақтық мәселелерді шешудегі түрлі елдердің тәсілдемелеріндегі айырмашылықтар қандай?

3. Әлемдік экономикадағы аймақтық дамудың қандай тиімді Бағдарламалары сізге белгілі?

4.Дамыған елдерде «орталық-аймақтар» жүйесі қалайша әрекет етеді?

 

Тапсырмалар:

1. Аймақтық саясаттың экономикалық және әлеуметтік мақсаттарының мәнін ашыңдар

Экономикалық  
 
 
 
 
Әлеуметтік  
 
 
 
 

 

2. Аймақтық теңсіздік себептерін нақты мысалдармен суреттей отырып, кестені толтырыңдар

 

Себептің мәні Қазақстандағы мысал
1.  
2.  
3.  
4.  
5.  
6.  
7.  

 

3. Аймақтық дербестік мәселелеріндегі қазіргі таңдағы мемлекеттердің ортақ қарқынын белгілеп, Еуропа мемлекеттері үшін нақты мысалдар келтіріңдер

 

Ел Аймақтық дербестік мәселелеріндегі эволюция
Ұлыбритания  
Италия  
Испания  
Франция  

 

1. Маманданған аймақтық бағдарланған іс-әрекет қалай аталады:

А) аймақтық жүйе

В) әлеуметтік қызмет көрсету

С) мемлекеттік саясат

Д) аймақтық саясат

Е) әлеуметтік саясат

2. Аймақтық саясаттың маңызды құраушылары болып табылады:

А) әрекет ету мақсаттары, субъектілері мен объектілері

В) пәні, мақсаттары, объектілері, субъектілері

С) әрекет ету мақсаттары, субъектілері мен құралдары

Д) әрекет ету мақсаттары, объектілері мен құралдары

Е) әрекет ету мақсаттары, объектілері мен құралдары, ауданы

3. Аймақтық теңсіздіктің ең кең таралған себептерінің қатарына креді:

А) рөмір сүрудің табиғи-климаттық бжағдайларындағы шұғыл айырмашылықтар

В) түрлі аймақтардағы әлеуметтік қызмет көрсету

С) мемлекеттік саясат

Д) түрлі аймақтардағы аймақтық саясат

Е) түрлі аймақтардағы әлеуметтік саясат

4. АҚШ-ғы аймақтық саясат субъектілері:

А) штаттар

В) аймақтар

С) автономды қауымдастықтар

Д) провинциялар

Е) облыстар

5. Испаниядағы аймақтық саясат субъектілері:

А) штаттар

В) аймақтар

С) автономды қауымдастықтар

Д) провинциялар

Е) облыстар

 

Әдістемелік ұсыныстар. Тақырыпқа дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау қажет. Сабаққа дайындалу барысында түрлі елдердегі аймақтық саясат субъектілеріне назар аударып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылау.

 

9.Студенттердің оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар

Бірінші аралық бақылау сұрақтары

1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі мәселелері мен әдістері.

2.Салыстырмалы-географиялық әдіс. Статистикалық әдіс. Циклдық әдіс. «Шығындар-шығару» әдісі. Бағдарламалы-мақсатты әдіс.

3.Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі аймақтық экономика мен басқарудың орны.

4.Аймақтық экономиканың негізгі түсініктері.

5.»аймақ» түсінігінің теориялық және тәжірибелік пайымдаулары. «Аймақ» түсінігінің «экономикалық кеңістік» түсінігімен ара-қатынасы.

6.Ұлттық экономика өзара байланысты аймақтар жүйесі ретінде.

7.Аймақтарды типолизациялаудың қажеттілігі.

8.Типологизацияның негізгі критериялары.

9.Экономикалық аудандау.

10. И.Тюненнің ауылшаруашылық штандорт теориясы

11. А.Вебердің өнеркәсіптік штандорт теориясы.

12. А.Лешаның шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастыру жөніндегі ілімі.

13. В. Лаунхардттың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты

14. А. Смит пен Д. Рикардоның абсолютті және салыстырмалы артықшылықтар теориясы

15.Аймақтық экономик теориясы дамуының қазіргі таңдағы бағыттары: балансталмаған өсім теориясы, «өсім полюсі» теориясы, аймақтық теңестіру теориясы.

16.Аймақ ұлттық экономика ішкі жүйесі ретінде.

17.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің қалыптасуы мен әрекет етуі.

18.Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыптасуы. 19.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы.

20.Территориалды еңбек бөлінісінің түрлері мен деңгейлері.

21.Территориалды еңбек бөлінісін ұйымдастыру формалары. 22.Аймақтың салалық және территориалды құрылымы.

23.Аймақтың салааралық байланыстары

24.Аймақтық ұдайы өндіріс процесінің түсінігі мен мәні.

25.Ұдайы өндірістің аймақтық айырмашылықтары.

26.Аймақтық ұдайы өндіріс процесінің пропорциялары.

27.Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық диспропорциялардың сипаты.

28.Аймақ әлеуетінің негізгі құраушылары: құрылымы, даму көрсеткіштері.

29.Табиғи-экологиялық потенциал. Ресурсты-өндірістік потенциал. Еңбек потенциалы.

30.Өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылықтары, қағидалары мен факторлары.

31.Мамандану мен кешенді дамудың мәні.

32.Саларалық өзара әрекеттесу.

33.Аймақтың орталықпен, өзге аймақтармен, қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары.

34.Экономикалық қатынастардың басым формалары: сауда, қаржылық.

35.Аймақтық меншіктің қызмет ету мәселелері.

36.Аймақтық талдау әдістері.

37.Аймақтың мкроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.

38.Аймақ экономикасының ашықтық көрсеткіштері: енгізу, шығару, тауар айырбас коэффициенттері.

39. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторлары.

40.Ұлттық шоттау жүйесін аймақтандыу.

41.Аймақтың салааралық балансы.

Екінші аралық бақылауға арналған сұрақтар:

1.Қазіргі таңдағы кеңістік құрылымның, қазіргі таңдағы қазақстандық экономиканың тарихи және физико-географиялық фаткорлардан тәуелділігі.

2.Қазіргі таңдағы аймақтық даму үшін түұрақты фон ретінде бұрынғы әміршіл-әкімшіл экономика жүйесіндегі Қазақстан аймақтарының ролі мен орны.

3.Нақты территориялардың шикізаттық бағыталуын күшейту және моносалалыө аймақтардың туындауы.

4.Аймақтардың салалық құрылымындағы шикізаттық аймақтардың ашықтығы мен диспропорциясын күшейту.

5.ҚР аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму бойынша дифференциациялауды күшейту және аймақтық экономикалық саясаттағы механизмдерді жетілдіру мәселелері.

6.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.

7.Аймақтық саясаттың жалпыұлттық экономикалық саясаттағы орны.

8.Аймақтық дамуды реттеудің институционалды және құқықтық негіздері.

9.Аймақтық дамуды реттеудің негізгі әдістері мен құралдары.

10.Аймақтық саясаттың макрожәне микро құралдары.

11.Мәселелік аймақтар және аймақтық даму бағдарламалары.

12.Басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту қағидалары. 13.Басқарудың еуропалық және азиаттық модельдері

14.Аймақ дамуын басқару жүйесін қалыптастырудың әдістемелік негіздері.

15.Аймақтық басқару жүйесінің муниципалды және мемлекеттік жүйелерден айырмашылықтары.

16.Мемлекеттің аймақтық экономикаға ықпал ету әдістері.

17.Аймақ экономикасын басқаруға қатысты ұдайы өндірістік процесс.

18.Аймақтық менеджмент және оның формалары.

19.Аймақтық менеджментке ықпал ететін сыртқы және ішкі орта факторлары.

20.Аймақтық менеджменттегі жаңа қарқындар.

21.Аймақтық дамуды жоспарлау мен болжамдаудың объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

22.Әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық жоспар-болжамын өңдеудің негізгі әдістемелік тәсілдемелері.

23.Аймақтық дамудың жоспар-болжамдарының басты мазмұны, олардың тараулары мен көрсеткіштері.

24.Аймақтық бағдарламалаудың теориясы мен тәжірибесі.

25.Бағдарламалы-мақсатты әдістің негізгі сипаттары. Бағдарламаның типтік құрылымы.

26.Аймақтық бағдарламалардың жіктелуі.

27.Арнайы экономикалық зоналар (АЭЗ) нақты территориялардағы экономикалық өмірді ұйымдастырудың ерекше типі ретінде. АЭЗ құру қажеттілігі мен мақсаттары.

28.АЭЗ мәртебесі берілетін территорияларды іріктеу критериялары.

29.АЭЗ түрлері: еркін сауда зоналары, кәсіпкерлік зоналары, технико-енгізушілік зоналар, сыртқы сауда, фискалды, қаржылық және әкімшілік зоналар.

30.АЭЗ қызмет етуінің әлемдік тәжірибесі.

31.Бюджет жүйесі мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде.

32.Бюджетаралық трансферттер мен аймақтық дамудағы оның ролі. 33.Аймақтық деңгейдегі салықтық, несиелік, инвестициялық және бағалық саясат.

34.Әлемдік экономикадағы мәселелік аймақтар және аймақтық даму бағдарламалары.

 

Емтихан сұрақтары

1. Басқару формалары мен қызметтерінің тізбегіндегі соңғы элемент

2. Бұл болашақтағы белгілі мерзімге аймақтық объект немесе құбылыс жағдайы туралы неғұрлым ықтималды болжам

3. Құрылымдық саясатты жүзеге асыру, экономикалық және әлеуметтік дамудың күрделі басымды мәселелерін шешуге мемлекеттік ықпал етудің тиімді құралы

4. Кәсіпорын пайдалары есебінен алынған салықтар, ресурстар үшін төлемдер есебінен құрылатын жергілікті бюджет территорияның кешенді әлеуметтік дамуының барлық шығындарын қамтамасыз етуі керек дейтін қағида

5. Ақша-несиелік саясаттың негізгі құралдарына жатпайды

6. Оптималдылықтың кейбір критерияларына сәйкес тиімді даму нұсқасын таңдау әдісі

7. 1929-1933 жж. дағдарыстан кейін аймақтарды дамыту бағдарламалары қай елдерде кең даму алды

8. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуы, аймақ бюджетін өңдеу, ресурстардың аймақаралық айырбасы барысында қолданылатын әдіс

9. 1933 жылы Ұлыбританияда мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатын жүзеге асыру үшін бөлінген аудандар

10. Аталмыш аймақ халқын кедей деп атауға болады, себебі азаматтардың 80%ы-дан астамы кедейлік шегінен төмен жағдайда болатын аудан

11. Бұл аймақтар зиянды өндірістің болуымен немесе түрлі апаттар салдарларын бастан өткізумен сипатталады

12. Аймақтардың барлығы жергілікті потенциалды пайдалана отырып, ішкі қайшылықтарды шешу негізінде дамуы тиіс дейтін қағида

13. Әр аймақта сәйкес құқықтары және қызметтері бар өзін-өзі басқарудың сәйкес органы қызмет етуі тиіс дейтін қағида

14. Солтүстік Америка, Еуропа, Австралия елдерінің тәжірибесінде бағдарламалардың объектілері ретінде қандай типтегі аймақтардың қарастырылатыны байқалады

15. Бағдарламаны жүзеге асырудың әр кезеңіндегі мақсаттар мен мәселелердің кешенділігі бұл

16. Бағдарлама мақсаттары мен мәселелері (сапалы және сандық нақтыланған), бағдарламаны орындау кезеңдері мен мерзімдері неде көрініс табады

17. Бағдарламаны дайындау процесінде түрлі... өңделеді

18. ҚР Үкіметімен бекітілген бағдарлама... қаржыландырылады

19. Мемлекеттік тапсырыс беруші бағдарламаны кімдермен бюджет пен бюджеттен тыс қорлардан қаржыландыруға мемлекеттік келісім-шартқа отырады

20. Бағдарламаны мемлекеттік тапсырыс берушімен құрылатын... ағымды басқарады

21. Бағдарлама көрсеткіштері... нақтылануы керек

22. Аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуы арнайы... сүйенбейді

23. Бюджет ресурстарының шектілігі жағдайында аса қажет болатын... қабылдануы керек

24. Бағдарламалардың басқарылуын қамтамасыз ету (қажетті бағдарламалық, ұйымдық, қаржылық механизмдерді құру) бұл




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 961; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.