Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 4 страница




Глоссарий – мүмкін болса шет тіліне аударып,қазақ және орыс тіліндегі термендер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарий қүру макроэкономиканың түсініктік аппараттық білімнің қалыптасуына және оны пайдалануға қатысты дағдыларды өңдеуге ықпал етеді.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Дәріс конспектілерін талдау, өткен материалды өңдеу бағдарламалық материалды игерге, теориялық білімдерді бекітуге ықпал етеді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты – пратикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалану дағдылары мен ептіліктеріне ие болу.

Мақсаттар ағашын құру – ол үшін тыңдаушыларға мәселені таңдап, мақсаттарды деңгейлер бойынша белгілеу, барлық деңгейдегі тапсырмаларды анықтау, кәсіпорынның ұйымдық құрылымдарының орнын анықтап, жұмыс сапасын өлшеуіштер мен тапсырма формасын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін арналған тыңдаушыға ұсыныстар.

Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.

Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:

- жұмыс орнын анықтау;

- егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;

- дәріс конспектісі болу;

- курс бағдарламасы болу;

- ұсынылатын әдебиет болу (оқулық, есептер).

Жұмыс жасау әдісі:

- дәріс материалын жаңа оймен өңдеген жөн (оны кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

- конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізген тиімді;

- тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсініп, есте сақтағанға дейін жалғаса беруі қажет;

- тақырыппен жұмыс оқулықтарда кеотірілген мысалдар мен есептерді талқылаумен аяқталады;

- егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оны оқытушыдан кезекті дәрісте сұрау.

Коллоквиумдарға дайындалу. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:

- коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.

Бақылау жұмыстарына дайындалу. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

- магистранттардың ағымдық үлгерімін тексеру;

- топ магистранттарының дайындығын айқындау;

- үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:

- бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;

- теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;

- оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.

Егер магистрант алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу қажет.

Тапсырманы орындау тәртібі:

- өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

- егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

- егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;

- алынған шешімді талдау;

- тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

- тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

- тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.

8.Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар

«Аймақтық экономика және басқару» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары

Тақырыптар атауы СӨЖО өткізу формалары
Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.
Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.
Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу. қосымша глоссарий құру.
Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.
Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, текс сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттарды жазып, қосымша глоссарий құру.
ҚР аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауп беру, реферат жазу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу құру.
Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.
Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент. Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтарын және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарды шешу, реферат, эсселер жазып, мақсаттар ағашын құру
Аймақтық экономика дамуының жоспарлануы мен болжануы Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.
Аймақтық бағдарламалар   Діріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.
Аймақтық саясаттың құралы ретінде арнайы экономикалық аймақтар Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, текс сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттарды жазып, қосымша глоссарий құрып, кейсті талқылау
Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтарын және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарды шешу
Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.

- студенттердің СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формаларын өткізу бойынша ұсыныстары қарастырылады

ТАҚЫРЫП 1. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПӘНІ. АЙМАҚТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПӘНІ. АЙМАҚТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯСЫ

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тест сұрақтарына жауа беру.

5. Тақырып бойынша глосарий құру.

6. «Аймақтық экономика және басқару әдістерінің өзара әрекеттесуі» атты тақырыпқа академиялық эссе дайындау.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Аймақтық экономика пәніне не кіреді?

2. "Территория", "аймақ», "кеңістік" түсініктерінің айырмашылықтары қандай?

3. "Райондау" деген не және оның қандай түрлерін білесіздер?

4. Ірі экономикалық аудандар мен экономикалық ықпалдасудың аймақаралық ассоциациялары арасында қандай байланыс бар?

5. Мәселелік аймақтарға мысал келтіріңдер.

6. "Еуроаймақтар" деген не?

7. Еуропалық Одақ, Еркін сауданың Солтүстік-Америкалық ассоцияациясы, ТМД аймақтар болып табылады ма?

8. Экономикалық кеңістікке сипаттама беріңдер.

9. Біртекті (гомогенді) және тарапты аймақтар арасындағы айырмашылықтарды атаңдар.

10. Шаруашылықты кеңістіктік ұйымдастырудың негізгі формалары қандай?

11. Агломерация және мегаполис деген не?

12. "Урбандау" және "субурбандау" түсініктерін қалай түсінесіздер?

13. Экономикалық кеңістік бірлігі деген не?

14. "Анклав" және "эксклав" түсініктеріне сипаттама беріңдер.

15. Аймақтық экономика, аймақтық ғылым, аймақтану, регионология, экономикалық география арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қалай түсінесіңдер?

16. Макроэкономика, микроэкономика және аймақтық экономиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Тапсырмалар:

1. Аймақтық экономиканың негізгі түсініктерін анықтау мақсатында салыстырмалы кестқұру.

Түсінік Мазмұны Қазақстан бойынша нақты мысал
Аймақ    
Экономикалық аудан    
Экономикалық кеңістік    
Біртекті аймақ    
Торапты аймақ    
Локалитет    
Өнеркәсіптік торап    
Көліктік торап    
ТӨК (территориалды-өндірістік кешен)    
Агломерация    
Мегаполис    
Анклав    
Эксклав    

 

Тест сұрақтары:

1. Аймақтық экономика нені оқытады?

а) Макродеңгейдегі экономикалық субъектілердің өзара әрекеттесу қағидаларын

б) Ұлттық экономиканы ұдайы өндірудің территориялық қағидаларын, ауданаралық және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу артықшылығы негізінде халықшаруашылықтық кешеннің ішкі жүйесі ретіндегі аймақтың қызмет ету механизмін

в) Ұлттық экономиканы реформалау мәселелерін

г) Шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды тиімді бөлу

д) Жауаптардың барлығы дұрыс

 

2. Төмендегілердің қайсысы аймақтық экономиканың құраушы бөлігі болып табылады

а) Бағалар мен жұмыссыздықтың, инфляциялық өсімнің мәселелері

б) Қоғамның өндіргіш күштерін орналастыру мәселелері

в) Ұлттық экономиканы реформалау кезеңдері

г) Шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдалану

д) Жауаптардың барлығы дұрыс

 

3. Төмендегілердің ішінен райондау түрлерін атаңдар

а) Әкімшілік-территориалдық бөлу

б) Жалпы экономикалық райондау

в) Мәселелік экономикалық райондау

г) Жауаптардың барлығы дұрыс

д) Жауаптардың барлығы дұрыс емес

 

4. Кеңістіктің элементарлы объектісі

а) локалитет

б) аймақ

в) аудан

г) анклав

д) эксклав

 

5. Қоршаған территорияға қатысты айрықша ерекшеліктерімен сипатталатын территорияның оқшауланған учаскесі

а) локалитет

б) аймақ

в) аудан

г) анклав

д) эксклав

 

6. Елдің негізгі территориясынан бөлінген бөлігі

а) локалитет

б) аймақ

в) аудан

г) анклав

д) эксклав

 

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты берілген әдебиеттерден бастау керек. Дайындық кезінде, аймақтық экономика және басқару пәнінің мазмұнына және әдістеріне ерекше назар аудару. Содан кейін локалитет, аймақ, аудан, анклав, эксклав сияқты түсініктерге айрықша назар аударыңдар.

ТАҚЫРЫП 2. АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4. Тест сұрақтарына жауа беру.

5. Төменде терілген тақырыпқа реферат дайындау:

6. «Экономикалық ой тарихындағы кеңістік факторы», «Й.Тюненнің ауылшаруашылық штандорт теориясы», «А.Вебердің өнеркәсіптік штандорт теориясы», «Халықаралық сауда теориясы».

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Ғылыми пән ретінде аймақтық экономика қалыптасуының негізгі кезеңдерін атаңдар

2. Й.Тюнен, В.Лаунхардт, А.Вебердің штандорт теорияларының негізгі ережелері қандай?

3. Көптеген теориялардың ішінен А.Лештың шаруашылықты өнеркәсіптік ұйымдастыру туралы ілімі немен айрықшаланады?

Тапсырмалар:

1. Аймақтық экономика теориясындағы үш ірі бағыттардың негізгі белгілерін сипаттаңдар

Атауы Бағыттың сипаттамасы
Аймақты дамыту теориясы  
Аймақаралық экономикалық қатынастар теориялары  
Орналастыру теориясы  

 

2.Аймақтық экономиканың негізгі түсініктерін түсіндіру мақсатында салыстырмалы кесте құру.

Ғалым Тұжырымдама атауы Теориялық бағыт Теорияға негізгі салым (2-3 пункт) Кемшіліктері
Й.Тюнен Ауылшаруашылық штандорт теориясы Өндірісті орналастыру теориялары · Ауылшаруашылық өндірісті орналастыру заңдылықтары · Орналасқан жері бойынша рента Абстрактілі модельдерді пайдалану Өндірісті орналастырудың нақты сипатының жеңілдетілуі
В.Лаундхардт        
А.Вебер        
В.Кристаллер        
А.Смит        
Д.Рикардо        
Э.Хекшер и Б.Олин        
А.Лёш        
У.Айзард        

Тест сұрақтары:

1. Неміс ғалымы В. Лаунхардттың басты жаңалығы:

а) Шикізат көздері мен өнімді өткізу нарықтарына қатысты жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорынды тиімді орналастыру пунктін табу әдісі

б) өндіргіш күштерді орналастыру факторларын анықтау

в) халықаралық сауданың абсолютті шығындарының теориясы

г) халықаралық саудадағы салыстырмалы артықшылықтар теориясы

д)өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын анықтау

 

2. Аталмыш автор тасымалдау шығындарына қосымша ретінде өндірісті орналастырудың жаңа факторларын теориялық талдауға енгізіп, өндірістің жалпы шығындарын төмендету мәселесін алға қояды

а) А.Вебер

б) А.Смит

в) Й.Тюнен

г) В. Лаунхардт

д)У. Айзард

 

3. А. Лёштың жоғарғы ғылыми жетістігі….

а) өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын анықтау

б) кеңістіктік экономикалық тепе-теңдік теориясының принципиалды негіздерін өңдеу

в) Шикізат көздері мен өнімді өткізу нарықтарына қатысты жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорынды тиімді орналастыру пунктін табу әдісі

г) өндіргіш күштерді орналастыру факторларын анықтау

д)халықаралық саудадағы салыстырмалы артықшылықтар теориясы

 

4. Өндіргіш күштерді орналастыру қағидалары мыналарды қамтиды:

а) өндірісті шикізат көздеріне, жанармай көздеріне, энергия мен дайын өнімді тұтыну орындарына жақындату;

б) ел территориясы бойынша өндірісті тең орналастыру;

в) территориялық еңбек бөлінісі әсерін максималды пайдалану мақсатында жекелеген аймақтар шаруашылығының мамандануы;

г) өндіргіш күштерді орналастыру факторларын анықтау

д)Жауаптардың барлығы дұрыс

 

5. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары:

а) өндірісті шикізат көздеріне, жанармай көздеріне, энергия мен дайын өнімді тұтыну орындарына жақындату;

б) ел территориясы бойынша өндірісті тең орналастыру;

в) территориялық еңбек бөлінісі әсерін максималды пайдалану мақсатында жекелеген аймақтар шаруашылығының мамандануы;

г) өндіргіш күштерді орналастыру факторларын анықтау

д)Жауаптардың барлығы дұрыс

 

Әдістемелік ұсыныстар. Семинар дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек.Экономикалық ой тарихындағы кеңістік факторы, Й.Тюненнің ауылшаруашылық штандорт теориясы, А.Вебердің өнеркәсіптік штандорт теориясы, Халықаралық сауда теориясына басты назар аударыңдар.

 

ТАҚЫРЫП 3. АЙМАҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕТУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

СӨЖ тапсырмалары.

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талдауға дайындалу.

2. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

3. Тест сұрақтарына жауап беру.

4. Келесі тақырыптарға реферат дайындау: «Аймақтық талдаудың статистикалық базасы», «Аймақ экономикасының модельдеуін жетілдіру», «Райондау типтері (әкімшілік, жоспарлы, экономикалық, жеке)».

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Аймақтық экономикалық механизм деген не?

2. Әкімшілік-жоспарлы экономикадағы аймақтық механизмнің басты сипаттары қандай?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1067; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.107 сек.