Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 2 страница




2007 жылдан бастап жылымына тартқан әлемдік экономикалық дағдарыс барлығымызды да Қазақстандағы экономикалық жағдайға енді басқаша көзқараспен үңілуге мәжбүрледі. Қаржылық институттардың саясатын, өнеркәсіптің хал-ахуалын және еліміздің орнықты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін аймақтардың рөлін қайта қарауды талап етті. Республика Үкіметі тарапынан жасалған дағдарысқа қарсы жан-жақты шаралардың арқасында ғана белгілі бір дәрежеде тұрақтылықты сақтаудың, инфляция деңгейін ұстап тұрудың, қосымша жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі туды. Ең алдымен, еліміздің барлық аймақтарында сәтті жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инновациялық бағдарламаларға назар аударылуда. Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға 18 миллиард доллар бөлінді. Тіпті нағыз дағдарысты 2009 жылдың өзінде республикамыздағы экономика өсімі 1,1 пайызға, ал өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1,7 пайызға ұлғайды. Жекелеген аймақтарда өсімнің бұдан да жоғары қарқыны есепке алынды. Мысалы, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіштер төмендегідей деңгейде болды: аймақтық жалпы өнім — 4 пайыз, өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі — 5,6 пайыз.

Қазіргі кезде көкейкесті және кезек күттірмес міндет еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиялық мақсаттарына жету жолында аймақтардың рөлін, функциялары мен міндеттерін нақтылау болмақшы. Аймақтың құрамдас бөлік ретіндегі рөлі тұрақтылықты, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, оны жетілдіру мен индустрияландыру жетістіктерін сақтаудағы жүзеге асқан стратегиялық міндеттерді есепке алу арқылы белгіленуі тиіс.

Бұл міндеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып қала бермекші. Бүкіләлемдік экономикалық форум 2009 жылы жариялаған әлемдік бәсекеге қабілеттілік есебінде Қазақстан 67 орында тұрды. Осылайша біз оның алдындағы жылға қарағанда бір саты ғана төменге түстік. Ал басқа елдерде бұл тіпті күрделі жағдайда қалыптасып отыр. Мысалы, Украина өткен жылы он сатыға төмендеп, 72-орыннан 82-орынға түсті.

Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы әлемдегі алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында болуы керектігі жөнінде міндет белгілегені мәлім. Бұл қатарға ену Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынатын стандартты макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өлшенеді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі, жан басына шаққандағы табыс осы өлшемге кіреді. Сондай-ақ бұл стандарттар Мемлекет басшысы белгілеген қосымша сапалық көрсеткіштермен толықтырылады. Бұған әрбір қазақстандықтың жеке пәтері, жеке автокөлігі, өз ісі немесе жұмысы бар-жоқтығы енеді.

Біздің азаматтарымыз үшін қарапайым және түсінікті осы параметрлер, біздің ойымызша, өмір сапасының ұлттық стандарттарына енгізілуі қажет. Мұндай стандарттардың құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында айқындалған. Осы стандартты еліміздің экономикалық қауіпсіздігі өлшемдерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Сонымен қатар материалдық өнім саласын дамыту барысында бұл ұлттық стандартты еліміз бен оның аймақтары (облыстары) деңгейіндегі мақсатты индикатор ретінде қолдануға болады. Бұл ретте АҚШ-тың қала шоғырларындағы өмір сапасын бағалау өлшемі қызығушылық туғызады. Оларда көрсеткіштердің 14 блогы пайдаланылады, оның бір бөлігін біздің ұлттық стандартымызға да енгізуге болар еді. Бұлар, мысалы, жұмыссыздық деңгейі немесе кедейшілік деңгейінің көрсеткіштері, әйтпесе азаматтардың қала тірлігін басқаруға қаншалықты қатысатындығы жөніндегі тәрізді маңызды көрсеткіштер.

Біздің пікірімізше, халықтың өмір сапасының маңызды көрсеткіші — басына қонған игілікті және өздерінің бос уақытын халықтың зерделі ақыл-оймен пайдалана білуі. Яғни адам өз өмірін ағайын-жегжатымен, достарымен, қызметтестерімен қызықты өткізіп, отбасындағы бала тәрбиесіне зор көңіл бөлуі қажет. «Адамның бір қызығы бала деген» Абайдың сөзі бар емес пе?! Ақыр соңында, біздің ұлттық стандартымызға арнайы бөлім ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен адам әлеуетінің даму индексін енгізу қажет. Бүкіләлемдік ұйым өз қатарына енетін елдердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының да, деңгейін осы көрсеткіш бойынша да бағалайтыны мәлім.

Экономиканы аймақтандыру және тауарлар мен қызметтер рыногының әлемдік жаһандану жағдайында бәсекенің дербес субъектілері ретінде, негізінен, аймақтар алға шепке шығады. Рынок жағдайында аймақтар инвестициялық ресурстардан (мемлекеттік, жеке және шетелдік), салық төлеуші кәсіпорындарды өз жағына тартудан, яғни ресурстар мен өткізу рыногының барлық көздерінен түсетін үлесті мол қамтуға тырысатыны мәлім. Солай бола тұрғанда да аймақтар ұлттық және халықаралық рыноктарда дербес субъекті ретінде қала береді. Міне, осыларды қорыта келгенде, Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі біз үшін көкейкестілігін нықтай түседі.

Елімізде тоқыраудағы аймақтар санын кеміту де мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға көшуін мемлекеттік дотация (демеуқаржы) есебінен теңгермелеу тұжырымы арқылы жүзеге асыруға болмайды. Іске бұлайша келу бұйрықшыл экономикаға, сондай-ақ өтпелі кезең экономикасына ғана тән болды. Оның үстіне мемлекеттік бюджеттен дотация бөліп беру қағидаты аймақтарды экономиканы жаңғыртуға аса ынталандыра қоймайды. Мысалы, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі ғалымдарының мәліметтері бойынша, Ресейде аймақтарды теңгермелеу мақсатына бес жылда 750 миллиард рубль жұмсалған, бірақ аймақтар арасындағы айырмашылықтар тек өсе түскен1.

Осындай жағдай Қазақстанда да бар. Тоқыраудағы аймақтарға бөлінген елеулі мемлекеттік дотацияларға қарамастан, жеке аймақтар арасында жан басына шаққандағы аймақтық жалпы өнім көлемі екі есеге жуық — 1999 жылғы 7 пайыздан 2005 жылғы 13 пайызға дейін өсті. Бұл құбылыс одан кейін де жалғасып келеді.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін дотация конкурстық негізде, нақты инвестициялық ұсыныстар үшін берілетін инвестициялық формаға айналуы қажет. Дәл осылайша, түрлі мақсаттағы бос жер учаскелері мен басқа да қозғалмайтын мүліктер, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлердегі тиімсіз біртұтас кәсіпорындар да саудаға шығарыла алады, қазіргі кезде көптеген облыстарда осы тәжірибе қолданылып та жүр.

ймақтарды рынокқа тарту арқылы тұрақтандыру үдерісіне енгізуге болады. Ал одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттіліктің өсе түсуіне жол ашылады.

Біздің ойымызша, осы тұжырымдаманың талаптарына сәйкес қазіргі жағдайдағы мемлекеттік аймақтық саясат жүзеге асырылуы тиіс. Мұның негізгі нәтижесі артта қалған аймақтардың елеулі мемлекеттік дотациясыз-ақ экономикалық өрлеуіне қол жеткізу мүмкіндігі болмақ. Бұл ретте дотациялар пайдалы әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге «қызмет етуі» керек. Егер жағдай осылай қалыптасса, бұл дотацияларды инвестиция есебіне жатқызуға да болады. Ал оң нәтижеге қол жетпесе, инвестициялық тәуекел өзін ақтамағаны ретінде қабылданады.

Аймақтық экономиканың инновациялық бағыттарын дамытуға Ақтөбе облыстық әкімшілігінің кластерлеуге қатысты жүргізіп жатқан жұмыстары ықпал етіп отыр. Құрылыс материалдары кластерінің қуаты арта түсуде. «Қазақстан даму банкі» мен «Инвестициялық қордың» қаржыларын қатыстыру арқылы жылына 180 мың текше метр ұяшықты бетон шығаратын зауыттың құрылысы аяқталды. Республикалық маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығының ұсыныстары еске алына отырып, көліктік-логистикалық қызметтер кластерін құру жүзеге асырылуда. Биылғы жылы Ақтөбе қаласында Батыс Қазақстандағы ең ірі көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы аяқталды.

нновациялық-өнеркәсіптік, құрылыс, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-кәсіпкерлік кластерлерді жасақтау мен дамыту шаруасы оң басқан аймақтарға — «локомотивтерге» сыртқы рынокта бәсекелестік басымдылықты қамтамасыз етеді. Кластерлерге қатысушылар салалық, салааралық және технологиялық белгілері бойынша өзара байланысты. Аймақтық кластерлер бір территорияға иірілген компаниялар мен инфрақұрылым ұйымдарын қамтиды. Олар бір-бірімен бәсекеге түседі, оған қоса бірге қызмет жүргізіп, инновациялық үдерісте бірін-бірі толықтырып отырады. Аймақтардың (облыстардың) орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларында белгіленген стартегиялық артықшылықтарды жүзеге асыру үшін кластерлер жасақтаудың бастамашысы болып аймақтық билік ретінде облыстық мәслихаттар іске кірісе алар еді.

Кластер теориясының негізін қалаушы М.Портердің айтуынша, қазіргі заманғы жаһандық экономика кезеңінде ең маңызды бәсекелік артықшылық көп жағдайда кластердің орналасқан аймағымен айқындалады (М.Портер, 2002). Аймақтық кластерлердің жасақталуы мен қалыптасуы қазіргі экономиканың маңызды бәскелестік артықшылығы ретінде бағаланып, нақты синергеттік тиімділікті қамтамасыз етеді, жаһандық экономиканың аймақтану негізі болады.

Біздің пікірімізше, аймақтық инновациялық-өнеркәсіптік бағдарламаларды қалыптастырудың негізі мемлекеттік-жеке әріптестікке сүйенуі тиіс. Бұл мемлекеттік билік органдары мен жеке корпоративтік құрылымдар — шаруашылық жүргізу субъектілері арасындағы алуан түрлі келісім-шарттар формалары арқылы жүзеге асар еді. Инновациялық салада (бұл, ең алдымен, біз ұсынып отырған, жоғары оқу орындарының, салалық және академиялық ғылымның инновациялық әлеуетін тартуды қажет ететін инновациялық жобалар) ынталандырушылық рөлді венчурлық капитал атқарар еді. Осы капитал ғана, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ғылым мен техниканың мүмкіндігінше перспективалы, үдемелі бағыттарының индикаторы бола алмақшы. Бұл ретте Республика Үкіметі мен облыстық мәслихаттардың венчурлық инвесторлармен қарым-қатынасы белсенді болуы керек. Ал бұлай болуы үшін өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесіне жүгініп, олар жиі пайдаланатын төмендегідей модельдерді қолдануға болады.

1. «Қорлардың қоры» моделі — мемлекет ұлттық венчурлық қор қалыптастырып, оның қаржысы кейін аймақтық қорлардың қызметіне жеке инвесторлар қаржысы тартылатын аймақтарға бөлініп беріледі. Мұндай модель экономиканы мемлекеттік қормен мығым реттеп отыратын көптеген елдерге тән. Соның ішінде Израиль тәжірибесі ең сәттілерінің бірі болып есептеледі. Бұл елдегі «қорлардың қоры» — Yozma — басқа елдердегі тәжірибелерді мұқият талдау арқылы, бірте-бірте, ұзақ мерзім бойы құрылды.

2. «Пилоттық аймақ» моделі — тоқыраудағы аймақтары бар елдерге тән. Бұл ретте екі стратегия қолға алынуы мүмкін:

· Мемлекеттік капиталдың қатысы бар венчурлық қор (және аймақ

бюджетінен түсетін инвестиция) елдің экономикасы әжептәуір дамыған аймақтарында құрылады (мысалы, Испаниядағы Каталония, Италиядағы Пьемонт пен Ломбардия). Кейін келе венчурлық капитал басқа аймақтарға да телінеді, сөйтіп, тоқыраудағы аймақтарды «рыноктық жетектеу» дамыған аймақтардың капиталы есебінен жүзеге асады;

· Мемлекеттік капиталдың қатысы бар венчурлық қор (және венчурлық

инвесторларға арналған кепілдеме жүйесі) тоқыраудағы аймақтарда (мысалы, Франциядағы Тулуза, Италиядағы Сардиния) құрылады, мұнда венчурлық капитал негізінде жоғары технологиялық кластерлер қалыптасады. Міне, осылайша венчурлық капитал негізінде тоқыраудағы аймақтарды «рынокқа итермелеу» әрекеті қызмет етеді. Бұл екі стратегия бір мезетте қолданылу жағдайлары да аз кездеспейді.

3. «Аймақтық венчурлық компаниялар» моделі кәсіпкерлікке сүйенген елдерге тән. Ең жарқын үлгі — АҚШ-тың шағын бизнестік инвестициялық компаниялары. Олар мемлекеттік капиталдың қатысуымен құрылады (штаттар бюджеттерінен қржыландырылады), бірақ жеке инвестициялар тартылып, тәуелсіз кәсіби басқарушылар арқылы басқарылады.

Территорияларды дамытудың стратегиялық бағдарламалары шеңберінде «аймақтық инновациялық жүйені орнықтыру мен дамыту» бөлімін қарастыру керек. Ол басқа бөлімдермен байланыста болуы тиіс. Инновациялық бөлімді технологиялық қалыптастыру осыған сәйкестенетін аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарын жасақтаумен ұқсас және осы құрылыммен мазмұндалады. Ол инновациялық әлеуетті бағалаудың мәрелік жағдайлары және орнықтанудың алғашқы белгілері арқылы, сондай-ақ аймақтық инновациялық жүйенің дамуы бойынша талданады. Бұған сондай-ақ ғылыми-инновациялық қызметтерді ынталандарудың экономикалық механизмдері, әртүрлі бағыттағы мақсатты инновациялық бағдарламалар мен ғылымға негізделген инновациялық технологияларға арналған мейлінше тиімді трансферлер (ақша аударымдары) енеді.

Дәріс № 15 Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі.

Негізгі түсініктер: Әлем елдеріндегі аймақтық экономика мәселелері: жалпы және ерекше мәселелер. Әлем елдеріндегі аймақтық экономикалық саясатқа салыстырмалы талдау жүргізу. Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары. Аймақтық саясаттың макро және микроқұралдарының құқықтық негіздері. Әлемдік экономикадағы проблемалық аймақтар мен аймақтық дамыту бағдарламалары. АҚШ пен еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі. Қытайдағы арнайы экономикалық аймақтар. ҚР шаруашылық жүргізу тәжірибесінде шетел тәжірибесін қолдану мүмкіндігі.

Лекцияның мақсаты:

Аймақтық дамудың шетел мемлекеттерінде қолданылатын үлгілерімен танысу, аталған үлгілердің мәнін ашу және тәжірибе тұрғысында еліміз экономикасына сай үлгісіне сараптама-талдау жасау.

Тақырып сұрақтары:

1. Батыс мемлекеттеріндегі аймақтық экономиканы қолдау саясаты.

2. Батыс Еуропадағы бағдарламалық әдіс және жоспарлау механизмдері

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық экономикалық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екені айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені меңгермей, аймақтар экономикасын мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандыру үрдісінің жаңа жүйесіне өту барысыда әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән қалыптастыруға тиіспіз.

Мысалы Германияда аймақтық экономикалық саясатты жүргізу «жерлерге» жүктелген, ал Италияда басқарудың көптеген элементтері орталықтандырылған сипатта. Германияда аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру Федералдық үкімет және Жерлер тарапынан тең үлесте жүзеге асады. Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық экономиканы басқарудың бай тәжірибесімен ерекшеленеді:

- Франциядағы орталықтандырылған әдіс

- Нидерланды мен Ұлыбританиядағы орталықсыздандырудың жоғары деңгейі

- Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.

Аймақтық экономикалық саясатты жүргізудің жоғарыдағы мемлекеттердің барлығына ортақ тарихи құралдары келесідей:

- халық тығыз қоныстанған аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналастыруды қолдауға кететін қаражат

- экономикалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік бөлу

- қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру

- инфрақұрылымды қалыптастыру

- дамуды ынталандыру жөніндегі «жұмсақ» шаралар.

Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесі

Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерін ескеру қажет екендігі айқын. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған әлемдік тәжірибені оқып-үйренбей, оларды жан-жақтылы зерттемей экономиканы мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес. Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту барысында әлемдік тәжірибеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін қалыптастыруға тиіспіз. Осы орайда бірқатар шет мемлекетттердің аймақтық саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы оңды тәжірибелерін ұсынуды жөн санаймыз.

Мемлекеттің құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер «интеграцияланған» мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне қатысты орталықтандырылған әдіс қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерлерде қажетті тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.

Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрлымы «интеграцияланған» мемлекеттердің басқару құрлымынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі «Жерлерге» жүктелген, ал итальяндық жүйенің көпшілік элементтері орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы федералды үкіметтің негізгі функциясы - GA (Біріккен оперативті топ) шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті көмек көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру екі жақтан (Федералды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың іске асуына жауапты болады.

Финляндияда аймақтық саясаттың құрылуына, яғни, аймақтық саясатты үйлестіруге, заңдарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға т.б. Ішкі істер Министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министрліктерге жүктелген. Финляндияның аймақтары жекелеген шешімдерді (шағын жобаларды) қабылдайды, ал негізгі шешімдер орталықтан қабылданады.

Ал Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймақтық әкімшіліктер жалпыұлттық директиваларды іске асырады. Бұл жүйеде өнеркәсіп және сауда министрлігі басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға қатысты аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау және Еуропалық комиссиямен байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды дамыту стратегиясын жасақтаумен графствалардың әкімшілік кеңесі (CAB) айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен қаржыландырылады.

Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясатты жүргізудегі бай тәжірибелерімен ерекшеленеді:

· Франциядағы орталықтандырылған әдіс;

· Нидерланды мен Ұлыбританияда орталықсыздандырудың жоғары деңгейі.

· Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.

Францияда министр CIALA-дан (қолдау көрсету жөніндегі ведомствоаралық комитет) алынған ұсыныстарға негізделген аймақтық саясатқа жауап береді және оның құзыретіне аймақтық дамытуды ынталандыруға қатысты шешімдер қабылдау кіреді. DATAR - Франциядағы аймақтарды дамыту жөніндегі басты ұйым. 1995 жылы қабылданған негізгі Заңға сәйкес аймақтық даму саясаты ұлттық деңгейде анықталып, жергілікті әкімшіліктермен жүргізіледі.

Нидерландыда экономика министрлігі мен провинциялар әкімшілігі аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын негізгі ведомоствалар болып табылады. Экономика министрлігі аймақтарға көмек көрсетуде 10 млн.флориннан асатын инвестициялар көлеміндегі жобаларға жауап береді, ал одан төмен көлемдегі басқа жобалар орталықсыздандыру түрінде іске асырылады.

Ұлыбританияда аймақтық саясат мәселелерімен сауда және өнеркәсіп министрі және Шотландия мен Уэльс істері жөніндегі Министр айналысады. Англияда аймақтық саясатты қалыптастыру мәселесі сауда және өнеркәсіп министрлігі мен аймақтық үкіметтік ведомстволарға жүктелген. Аталмыш министірлік Англиядағы үкіметтік ведомстволардың құзырет шегінен тыс көптеген жобаларды және Ұлыбританияға өз салдарларын тигізетін жобаларды бағалайды, сонымен қатар, ұлттық деңгейдегі директиваларды жасақтап, олардың орындалуына бақылау жүргізеді. Үкіметтік ведомствалар құзыретіне аймақтарға көмек көрсетуге қатысты шешім қабылдау кіреді.

Австрия Конститутциясы аймақтық саясатты жүргізу өкілеттілігін шектемейді. Федералды деңгей, жерлер әкімшілігі және жергілікті билік арасында өкілеттілік аялары бейресми бөлінеді. Аймақтарға көмек көрсету федералды үкіметпен және сол аймақтың жер әкімшілігімен қаржыландырылатын және жүзеге асырылатын біріккен жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 1110; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.