КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Глоссарий 1 страница. ActiveX технологиясы- Компоненттік объектілердің үлгілерін интернет тарапынан жобалауға арналған (Component Objec Model
ActiveX технологиясы - Компоненттік объектілердің үлгілерін интернет тарапынан жобалауға арналған (Component Objec Model, Com)–бұл Microsoft технологиясының компоненттері, WEB басқару элементтерін және компоненттерін құруға арналған. Мультимедиялық технологиялар -әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Java бағдарламасы - Sun Microsystems компаниясының технологиясы Internet базасына негізделген платформалық өңдеу бағдарламаларына қолданады. JavaScript - Java бағдарламасына еш қандай қатысы жоқ. Бұл бағдардама клиенттік тарапынан берілген негізгі тілдердің бірі. Қашықтан білім беру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, істеп жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін жүзеге асыру деген мағананы білдіреді. Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін; Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі. Атрибуттар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Айнымалы конфигурациялар -Frontpage компоненттерінің тағы бір түрі қойылатын деп аталатын компоненттер (Substitution Component) бетке айнымалы конфигурацияның құрамын қосуға арналған. Анықтауыш (definition) – туралаудың арнайы түрі, терминдер мен олардың түсіндірмелерінен тұратын тізімді беру үшін қолданылады. Web-сервер – бұл Web–сайттар, мәліметтер қоры, сценарийлер және т.б. қажетті мәліметтер орналасатын компьютер Серверлерді администрациялау -Сервер администраторы Frontpage (Frontpage Server Administrator) – Frontpage-пен бірге қолданылатын серверлік кеңейткіштерді орнату және алу операцияларын орындайтын бағдарлама болып табылады. Мәлiметтер қоры – бiр- бiрiмен байланысқан мәлiметтердi, объектiлердi және МҚБЖ баптау (белгiлi бiр қалыпқа келтiру) параметрлерiн сақтайтын файлдар. Әдетте МҚБЖ кез-келген бiр мәселенi шешу жолында құрылады. Мәлiметтер қорын басқару жүйелерi (МҚБЖ) – мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған, оны басқару мен тҥрлендiрудi жҥзеге асыратын программалар тобы. Ағылшынша оларды DBMS (database manaqement system) деп атайды. Кесте – мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған негiзгi объект, мәлiметтер қоймасы. Жазба – кестенiң бiр қатары, яғни жолы. Ол МҚБЖ мәлiметтерiн сақтайтын негiзгi блок болып болып табылады. Өрiс – кестедегi бағана немесе тiк жол. ACCESS – те өрiс мәлiметтерiн сипаттайтын оның бiрсыпыра қасиеттерi болады. Сұраныc – жұмыс iстеушi адамның керектi мәлiметтердi бiр немесе бiрнеше кестеден белгiлеген шарттарға байланысты таңдап алу тәсiлi. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетiн өрiстерден немесе басқа кестеден алынған өрiстерден тұратын виртуалды сұранымдар құруға болады. Форма – мәлiметтердi экранға бейнелеу жолы немесе оларды басқару мҥмкiндiктерi. Басылым – мәлiметтердi баспаға шығарып, қағазда бейнелеу тәсiлi. Түйiндi өрiс – кестедегi жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндерi қолданылатын негiзгi iс. Кiлт немесе түйiн – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыратын бiр немесе бiрнеше тҥйiндi өрiстер. Санауыш – кестедегi жазбалардың реттiк нөмiрлерi орналасатын өрiс. Индекс – индекстелетiн өрiс мәнi арқылы кесте жазбаларын автоматты тҥрде сұрыптау тәсілі. Жазбаны белгілеу аймағы – кесте жолын белгілеуге мҥмкіндік беретін, оның сол жақ шетіндегі тіктөрбұрышты аймақ. Өрісті белгілеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті белгілеу мҥмкіндігін береді. Конструктор – мәліметтер қоры объектілерінің (кесте, форма, басылым, макрос, сұраныс) қасиеттерін анықтау режимі. SQL – құрылымды сұранымдар тілі. Көптеген программалық жабдықтардың стандарты болып табылады. Шебер – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп оррындайды. Шеберлер оны оррындайтын адаммен сұхбаттасу ісін атқара отырып, қойылған мәселені шешетін керекті мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді. Жұмыс жасауды жеғілдету ҥшін шебер жұмысы бірнеше қадамдардан тұрады. Жұмыс барысында өткен кезеңге қайта оралуға немесе онша қажетсіз кезеңдерді аттап өтуге болады. Программаға шебер мҥмкіндігін енгізу программаларды жетілдірудің бір жолы болып табылады. Гиперсілтеме – белгілі бір файлға сілтеме көрсеткіш. Гиперсілтемелер ACCESS мәліметтер қорын INTERNET файлдарымен, не басқа файлдармен байланыстыру ҥшін қолданылады. Сондай файлдарды қарап шығу ҥшін арнайы программа жұмыс істеуі тиіс. ДӘРІС ТОПТАМАСЫ
Лекция № 1. Информатика пәніне кіріспе. Дәрістің мақсаты: Информатика ғылымымен, оның даму тарихымен, теориялық информатикамен, информатика пәні мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Жоспар: 1. Информатика терминінің пайда болу тарихы. 2. Информатиканың құрылымы. 3. Информатика ғылым және практикалық әрекет ретінде. 4. Информатиканың әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспектілері. Кілттік сөздер: информатика, кибернетика, теориялық ақпараттану, есептеу техникасы, жасанды интеллект,бағдарламалау. Иллюстрациялық материал: слайд, схема. Информатиканың теориялық негіздері – әлі толық қалыптаспаған ғылымның бөлігі. Басқа ғылымдардың теориялық бөлімдері сияқты, теориялық информатика да информатиканы оқытудың қажеттілігінен қалыптасады. Курстың міндеті мен мақсаты: § Информатиканың теориялық тараулары туралы түсінік қалыптастыру; § Ақпараттар теориясы, цифрлы афтоматтар, алгоритмдер және т.с.с. тараулардың фундаментальді ұғымдарымен танысу; § Алгоритмдердің күрделілігі және тиімділігін бағалау әдістерін үйрену; § Ақпараттық модельдеу методологиясын меңгеру; Информатика – бұл адамның қызмет атқаратын әр түрлі салаларында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, сақтау, жинау және алу жөніндегі мәселелерді үйрететін- жас ғылыми пән. Генетикалық информатика есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысты, өйткені тек компьютерлер ғана ақпараттық процесстерге бірмезгілде қажетті ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік туғызатын ығылыми тәсіл ретінде қолданылады. Орыс тілінде бұрыннан қолданып келе жатқан «информатикаң -термині ғылыми әдебиеттер арқылы берілетін ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымдарын үйрететін кіші-гірім нақты аймақпен байланысты. Бұл ақпараттық-аналитикалық қызмет, дәл бүгінгі күні кез-келген салаға әсіресе кітапханалық істерді, кітап басып шығару және тағыда басқа көптеген салалардағы жұмыстарды жүзеге асыруда өте қажет. Академик А.П. Ершов айтқандай қазіргі жағдайдағы информатика термині “орыс тіліне жаңа және кең мағынада фундаментальды жаратылыстану ғылымдарының атауы тәрізді ақпараттарды өңдеу және беру процесстерін үйрететін” термин ретінде енгізілді. 1978 жылғы информатика бойынша халықаралық конгрессте “Информатика түсінігі административтік және әлеуметтік ықпал ету, коммерциялық, өндірістік кешендерде және сол сияқты ұйымдастырушылық аспектілер, математикалық қамтамасыз ету, машиналар, құрал жабдықтар және ақпараттарды өңдеу жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қолдану және жасаумен байланысты аймақтарды қамтитындығы”- атап көрсетілен. 2. Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы. Қолданбалы ақпараттық технологияларды бір жағымызға қалдыра отырып, қазіргі заманғы информатиканың құрамдас бөліктерін, яғни “ядросын” сипаттаймыз. Бұл бөліктердің әрқайсысы өзіндік ғылыми пәнмен салыстыра отырып қарастыруға болады: олардың арасындағы өзара қатынас шамамен, классикалық матеметикадағы математикалық анализ, геометрия және алгебраның арақатынасы сияқты – олар әрқайсысы өзіндік жеке пән болғанымен, бірақ, күдіксіз бір ғылымның бөлігі болып табылады. Теориялық ақпараттану – математика тараулары қатарынан тұратын, информатиканың бір бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және өзіне алгоритмдер теориясы, және автоматтар, ақпараттар теориясы және кодтау теориясы, граматика және формальдық тілдер теориясын, амалдарды зерттеу және де басқа тарауларды қамтиды. Есептеу техникасы –Сөз техникалық бөлшектер және электрондық схемалар жөнінде емес(бұлар информатиканың сыртында жатыр), ал олар құрылғылардың өзара әсерету принциптерін және функционалдық мүмкіндіктерінің атауларын анықтайтын есептеу (компьютерлік) жүйелердің архитектурасы деп аталатын деңгейдегі принциптік шешімдер жөнінде болып отыр. Бұл аймақтағы қойылатын классикалық шешімдердің принциптік мысалдарына жататындар: – бірінші буындағы компьютерлердің неймандық архитектурасыв кейінгі бундағы ЭЕМ-нің шиндік архитектурасы, ақпараттарды параллельді өңдеу(көппроцессорлы) архитектурасы. Бағдарламалау (программалау) - қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасаумен байланысты.Мұнда біз заманға сай бағдарламалаудың негізгі тарауларын атап өтеміз: бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау. Жаңа бағдарламалау тілдерінің жасалуы және оларға жүйелік талдау жүргізілудің ішінен, ең негізгілерінің бірі - интерфейстік жүйенің жасалуы (мысалы, жалпыға белгілі операциялық қабықша және Wіndows жүйесі) болып табылады. Ал, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ішінен ең көп көпшілікке белгілісі – мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелер (кестелік процессорлар), мәліметтер базасын басқару жүйелері болып табылады. Ақпараттық жүйелер – әртүрлі күрделі жүйелерде ақпараттар ағынын талдау бойынша және ақпараттарды іздеу мен сақтау принциптерінде олардың тиімділігін, құрылымын зерттеуге қатысты мәселелерді шешумен байланысты информатиканың бір тарауы. Жасанды ақыл-ой (интеллект) – психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты – ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады. Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді. 1.3 Ақпараттанудың ғылым жүйесінде алатын орны. Дәстүрлі түрде қалыптасқан (техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық және т.б.) ғылым жүйесіндегі информатиканың алатын орнын қарастыралық. А.П.Ершовтың анықтамасы бойынша: информатика – бұл “Іргелі жаратылыстану ғылымы” (фундаментальная естественная наука). Ал, академик Б.Н.Наумов информатиканы - “ақпараттардың жалпы қасиеттерін, процесстерді, әдістер мен оларды өңдеу құралдарын үйрететін жаратылыстану ғылымы” ретінде анықтады. Іргелі ғылымдар - дегеніміз не және жаратылыстану ғылымдары - дегеніміз не? – осыны анықтап алайық. Іргелі ғылымдарға - әртүрлі қызметте және көптеген ғылым саласында қолданылатын негізгі түсініктері жалпы ғылыми сипатта болатын ғылымды жатқызуға болады. Мысалы, әр түрлі ғылымдардың ішінде математика және философия тәрізді пәндердің іргелі ғылымға жататынына ешқандай күмән жоқ. “Ақпарат”, “ақпараттарды өңдеу процесстері” – деген түсініктердің де жалпығылыми мәні бар болғандықтан, информатика пәнін де осы іргелі ғылымдарның қатарына жатқызуға болады. Жаратылыстану ғылымдарына – физика, химия, биология және тағы да басқа ғылымдар кіреді. Олар біздің түсінігімізден тәуелсіз болып табылатын әлемнің объективті мәні бар істермен байланысты. Информатикадан оған – әртүрлі табиғи жасанды, биологиялық, қоғамдық жүйелерде ақпараттарды өңдеу заңдылығының бірлігін қамтитындығы жатады. Информатика ғылымы өзіне тән қасиеті арқылы әлеуметтік аймақты жетілдіру мен дамытуға себепші болатын гуманитарлық (қоғамдық) ғылымдарды да қамтиды.
Сол себепті, информатика ғылымы жоғарыда кескінделгені сияқты ғылыми білімнің кешендік, пәнаралық аймағы болып табылады. 4. Информатиканың педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және эстетикалық аспектілері Бүгінгі күні білім беру жүйесінде информатиканы оқытуды енгізіп, оның әдістемесін жасау – педагогикалық және психологиялық ғылымдардың алдына көптеген өзекті мәселелер қойып отыр. Бұл мәселелердің негізгілеріне компьютерлік техниканы қолдану қажеттілігін жатқызуға болады. Компьютер - қаншалықты оқу процесінде негізгі рөл атқарғанымен, ол оқытушыны айырбастай алмайды. Информатиканы оқыту әдістемесінде - компьютер оқушыларға қарым-қатынас жасауда басқарушы әрекетін орындайды, оқыту мәселелерін таңдап алады, оларды шешу жолдарын бақылайды және оқушыларға көмек беру мөлшері мен сипатын анықтайды. Психологиялық теорияларды жете зерттеуге, білім саласында информатика пәнін оқыту әдістемесінде, оқытуды жобалау және жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге байланысты мәселерді шешуде, олардың өзектілігін анықтап беруде компьютер ерекше зор рөл атқаруда. Кейбір мәліметтер компьютерді қолданып оқытудың, әсіресе оқушылардың білім алу барысында және бастапқы қарым-қатынасты модельдеу барысында таптырмайтын құрал екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттар мен жұмыс жасау қаншама пайдалы болса, соншалықты кері әсері де болуы мүмкін. Бала интернеттегі қызыққа бір берілген соң, одан өзін алып шығу қиынға соқпақ. Сондықтан,бастауыш сыныптарға информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың жүргізілуінде техникалық, гигиеналық және эргономикалық талаптардың бар мүмкіншіліктерін пайдаланған жөн. Лекция № 2. Информатиканың арифметикалық негіздері. Дәрістің мақсаты: Ақпарат ұғымымен, ақпараттың қасиеттерімен және санау жүйелері түрлерімен таныстыру. Жоспар: 1. Ақпарат – информатиканың объектісі. 2. Ақпарат оның түрлері және қасиеттері. 3. Ақпараттарды бейнелеудің әртүрлі деңгейлері. 4. Ақпараттың өлшем бірліктері: ықтималдық және аумақтық тәсілдері. 5. Ақпараттарды кодтау. 6. Санау жүйелері Кілттік сөздер: ақпарат, санау жүйесі, қасиеттер, кодтау, декодтау. Иллюстрациялық материал: слайд, схема, кесте. Ақпарат деп, қоғамдық өмірдегі оқиғалар, табиғат құбылыстары, техникалық құрылғылардағы процестер т.с.с. туралы әр түрлі мағлұматтарды атау қабылданған. Ақпарат біздің сөзімізде, кітаптар мен газет, журналдардың текстерінде, өлшеуіш аспаптардың көрсетулерінде кездеседі. Ол шынайы өмірдегі құбылыстар мен объектілерге қатысты әр түрлілікті бейнелейді. Белгілі материалдық формада көрсетіліп анықталған ақпаратты хабар деп атайды, оны сигналдар арқылы жеткізеді. Сигнал – ақпараттың физикалық тасымалдап жеткізуші құралы. Көптеген физикалық шамалар табиғаты бойынша қандай да болмасын бір диапазон ішінде кез – келген мәнді қабылдай алады. Мысалы: температура, қысым, жылдамдық т.б., яғни үздіксіз болады. мұндай ақпаратты танып білу үшін және оны қадағалап реттеу үшін арнайы құрылғылар – датчиктер (түрлендіріп бергіштер) – арқылы тиісті сигнал түріне, көбінесе электр сигналы түріне түрлендіреді. Датчиктен алынатын сигнал кез – келген уақыт интервалында шексіз санды мәнге ие бола алады, яғни ол да үздіксіз өзгереді. Датчиктен алынған үздіксіз сигнал бастапқы ақпаратқа сәйкес өзгереді, сондықтан ондай сигналды аналогтық (ұқсастық, үйлесімдік) сигнал деп, ал осындай сигналдар әсер ететін қондырғыларды аналогтық қондырғылар деп атайды. Сонымен бірге дискретті (үздікті) хабарлар да бар. олар жеке – жеке анықталған мәндер жиынтығынан тұрады. Ал бұл жиынтық шекті болғандықтан мұндай хабарлардағы ақпараттың көлемі де шекті болады. Іс жүзінде үздіксіз хабарларды үздікті түрінде бейнелеуге болады. мәні үздіксіз хабарларды ақпарат көзі мен оны қабылдағыштарға тән қате жіберуге және де ақпаратты тарататын каналда болатын кедергілерге байланысты іске асыру қиынға түседі. Сондықтан үздіксіз сигналдарды олардың деңгейі мен ұзақтығы бойынша кванттайды (кіші бөліктерге бөледі). Ақпаратты деңгейі бойынша кванттаған кезде оның алынған интервалдың ішіндегі үздіксіз өзгеретін мәндерін үздікті (дискретті) мәндер жиынтығымен алмастырады. Уақыт бойынша кванттау кезінде үздіксіз сигналды импульстер тізбегімен алмастырылады. Бұл импульстер тактілік (біркелкі ырғақтылық) деп аталатын белгілі уақыт аралығында қайталанып отырады. 1 – суретте үздіксіз ақпаратты (кернеуінің өзгеруін) импульстік тәсілде бейнелеу көрсетілген. Егер тактілік интервалдар Т тиісті түрде таңдап алынса, ақпарат жоғалуы болмайды: тактілік интервал неғұрлым аз болған сайын дискреттік ақпаат соғұрлым аналогтық ақпаратқа жақын болады. Ақпаратты уақыт бойынша және деңгей бойынша кванттау бір мезгілде жасалынса, онда әрбір іріктеп алынған импульстің амплитудасы сол уақыт ішіндегі аналогтық ақпараттың амплитудасына жақындай түседі. Осылайша жасалынған импульстер тізбегінің жиынтығы дискреттік немесе цифрлық сигналды құрайды. Дискреттік сигналдың әрбір мәнін санмен бейнелеуге болады. Цифрлық техникада мұндай процесті (ақпаратты бір түрден екінші түріне түрлендіруді) кодтау, ал алынған сандар жиынтығын сигналдың коды деп атайды. Нақты сигналдарды түрлендіру немесе таратып жеткізудің орнына цифрлік техникада бұл операциялар олардың кодтарымен жүргізіледі. Сонымен бірге аналогтық сигналдармен де операция жасауға болады, ол үшін аналогтық сигналдар аналогты – цифрлық түрлендіргіштер (АЦП) арқылы түрлендіріледі. Сонымен, дискреттік хабар сандар жиынтығы мен символдардан мысалы, “+” және “-” таңбаларынан тұрады. Әрбір сан цифрлерден құралады. Сандарды цифрлік таңбалармен жазу тәсілін санау жүйесі деп аталады. “Информация” – сөзі латынның түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымдарды беретін “іnformatіo” сөзінен алынған. Қазіргі кезде ақпараттар ұғымы адам өміріне, ғылымның әртүрлі салаларына кеңінен енгізілді. Әсіресе философия, экономика, физика, математика және тағы да басқа ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Бірақ, бұл ақпарат ұғымы әртүрлі салада, әр түрлі мағынада қолданылуда. Ақпарат ұғымын жазбаша, ауызша немесе тіпті іс-қимыл түрінде бере аламыз. Ал, оларды күнделікті оқитын газеттерден, теледидардан, радиодан, интернеттен және т.б. ақпараттар көздерінен ала аламыз. “Ақпарат алу дегеніміз ” – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу. Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болып табылады. Адам ақпараттармен не атқара алады? Адам ақпараттарды - сақтай алады, - шығарып бере алады; - өңдей алады. Ақпараттар жинақталады, беріледі, сақталады және өңделеді. Ақпараттар арқылы орындалатын әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады. Адам ақпараттарды үздіксіз қабылдап отыруы қажет екендігі түсінікті. Адамға су, ауа жылу қандай керек болса, ақпаратт та солай қажет. Адам қабылдайтын ақпараттар таңба (белгі) және образды түрде болуы мүмкін. Образды ақпарат деп – дәм, иіс, сезім сияқты табиғат көздерінен алынатын ақпараттарды айтамыз. Таңба түріндегі ақпараттарға: сөз, жазу, және тағы басқа ақпараттар жатады. Адам өзінің сезім мүшелері арқылы ақпараттарды өз бейнесінде (образды) және белгі түрінде қабылдайды. Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпараттар бірнеше рет қайта кодталады, яғни ол өзінің жазылу түрін өзгертеді. Қандай да бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау деп атаймыз. Бір ғана ақпаратты әр түрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атаймыз. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар саны – 967 дегенді әр түрлі жүйеде кодтап, былай жазуға болады: 96710, 17078, 3С716, 11110001112. Мұндай жазу түрлерінде оқушылар саны жөніндегі мәліметтер өзгермейді, бірақ оның жазылу түрі өзгереді. Ақпараттардың сақталу, қабылдану, берілу және өңделу жолдары ақпараттардың жазылу(кодталу) түріне көп тәуелді болады.
Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 845; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |