Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жараны айналдыра тігіс салу 2 страница




Сынықтың бар жоғын және оның орнын анықтайтын негізгі белгілердің бірі сынық бөлшектерінің қозғалуы. Оны келесі әдіспен анықтайды: оң қолдың сұқ саусағын бір сынықтағы тістің үстіне, ал сол қолдың сұқ саусағын екінші сынықтағы тістің үстіне қойып бас бармақтармен төменгі жақтың сыртынан ұстап, бірін жоғары екіншісін төмен, алға және артқа қарай жылжытады. Сол уақытта (сынық болса) сынық жанындағы тістердің биіктігі, ара қашықтығы өзгеруімен қатар, альвеолды өсіндінің кілегей қабығының жыртығы ұлғайды.

Клиникалық болжауды рентгенограмма арқылы дәлелдеу қажет. Рентгенограмма сынықтың және жарқыншақтардың ығысу дәрежесін, тіс түбірінің сыныққа қатынасын сипаттайды (80-сурет). Әдетте, екі рентгенограмма жасалады: бірі — тік, екіншісі — бүйірден. Егер мүмкіншілік болса ортопантомограмма жасаған жөн. Төменгі жақтың буын өсіндісі сынса, томограмма көп мәлімет береді. Дәрігер клиника-рентгенологиялық көрсеткіштердің негізінде дұрыс топикалық нақтама қойып, емдеу жоспарын жасайды.

80-сурет. Төменгі жақ сүйегінің сынығы

Сүйек сынықтарының ауытқуы. Төменгі жақ сүйегі сынығының негізгі клиникалық белгісі жарқыншақтардың ауытқуы болғандықтан, клиникада жиі кездесетін және орталық жіктен 3/3 тіс ұяларындағы төменгі жақ бұрыштарындағы сынықтарға назар аударамыз. Жоғарыда айтылғандай, жарқыншақтар негізінде өз салмағы және шайнау бұлшықеттерінің жиырылуы әсерінен ауытқиды. Сондықтан төменгі жақ сүйегіндегі шайнау бұлшықеттерін сипаттап өтейік.

Шайнау бұлшықеттерінің көтергіш (артқы) тобы:

1. Шайнау—шықшыт бұлшықеті-сүйегі доғасының астыңғы қабаты мен жиегімен, шықшыт сүйегінен, жоғарғы жақ сүйегінің шықшыт өсіндісінен басталып төменгі жақтың үстіңгі қабатында (бұрышында) орналасқан шайнау төмпешіктеріне бекиді. Бұл ет екіжақты жиырылғанда төменгі жақты көтереді. Біржақты жиырылғанда төменгі жақты көтерумен қатар, оны сынық жағына қарай ауытқытады.

2. Самай бұлшықеті -тармақты орналасып келесі үш қабаттан тұрады: беткей, орталық және терең. Самай фасциясының ішкі қабатының жігінен, самай сүйегінен, негізгі сүйектің - үлкен қанатынан, самай беткейінен, төбе сүйектен, маңдай сүйектің қатпаршасынан, шықшыт сүйектің самай бетінен басталып төменгі жақ сүйегінің тәж тәріздес өсіндісіне бекінеді. Бұл ет жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі.

3. Ішкі қанатша бұлшықет—негізгі сүйектің қанатша өсіндісінің екі пластинка аралығындағы шұңқырдан және жоғарғы жақ төмпешінен (сыртқы қанатша еттің басталатын жерінің сәл сыртынан) басталып, төмен, артқа, сыртқа қарай бағытталып, төменгі жақ бұрышының ішкі беткейіне бекітіледі. Бұл ет жиырылғанда төменгі жақ жоғары көтеріледі.

4. Сыртқы қанатша бұлшықет—негізгі сүйектің үлкен қанатының самайасты беткейінен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісінің сыртқы пластинкасынан және жоғарғы жақ төмпешігінен басталады. Ет төменгі жақтың буын өсіндісіндегі қанатша шұңқырына, буын қабына, жақ буынының ішіндегі шеміршекке бекиді. Ет екіжақты жиырылса төменгі жақ көлбеу жазықтықпен солға қарай жылжиды, ал біржақты жиырылса ол қарсы жаққа қарай ауытқиды.

Сурет-81. Бұлшықеттердің тартылу бағыттары

I — самай бұлшықеті; 2 —сыртқы қанатша; 3 — шайнау;

4 — ішкі қанатша; 5 — жақ-тіласты; 6 — иек-тіл; 7 — иек-тіласты

Шайнау бұлшықеттерінің түсіргіш (алдыңғы) тобы:

1. Қосқарыншалы бұлшықет— артқы қарыншасы самай сүйегінің емізік жырығынан басталып алға және төмен қарай жүре отырып тіласты сүйегінің денесіне сіңір арқылы бекиді. Алдыңғы қарыншасы сол сіңірден басталып төменгі жақ сүйегінің иегінің астында орналасқан қосқарынша шұңқырына бекиді. Қалыпты жағдайда бұл ет жиырылғанда тіласты сүйегі төменгі жақ сүйегін төменнен артқа қарай тартады, ал төменгі жақ сүйегі тіласты сүйегін алға тартады.

2. Жақ-тіласты бұлшықеті төменгі жақ сүйегінің ішкі жағында орналасқан сызықшадан басталып орталық жікте (сызықта) екі жақтан қосылып орталық ақ сызық жасай отырып, артқы жағында төмен түсіп тіласты сүйегіне бекиді. Бұл етті ауыз қуысының диафрагмасы немесе мойынның жоғарғы шекарасы деп атайды.

3. Иек-тіласты бұлшықеті иек астынан басталып құрмау сүйегінің денесіне бекиді.

Қалыпты жағдайда тіласты сүйегі төменгі жақ сүйегін артқа, ал жақ сүйегі тіласты сүйегін алға қарай жылжытады.

4. Иек-тіл бұлшықеті-тіласты сүйегінің денесі төмен үлкен өсіндінің жоғарғы қырынан басталып, алға және жоғары көтеріліп тіл ішіне енеді. Ет тілді артқа және төмен тартады.

Орталық жік сынығының клиникалық көрінісі. Төменгі жақ сүйегі орталық жіктен сынса бірдей екі жарқыншақ пайда болады. Бұлшықеттердің бекитін орны екеуінде де бірдей. Осыған қарамай төменгі жақ жиегінде (иекте) үшбұрышты (төбесі жоғарыда, негізі астында) ақау пайда болады. Ақау шайнау бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты. Бұл еттердің жиырылу күші үлкен болғандықтан төменгі жақ жарқыншақтары сыртқа, ал тістер ішке қарай ауытқиды. Бұл кезде орталық тістер бір-біріне иін тіресіп тіс қатарында ауытқу болмайды. Сипап-пальпация жасағанда ауыру сезімі және «тепкішек» белгісін анықтауға болады. Кейде екі қолмен тексергенде патологиялық жылжу байқалады. Орталық тістер маңында кілегей қабықтың жыртылуы, қан ағу, ауыз қуысының асты қанталауы мүмкін.

Сойдақ тіс ұясындағы біржақты сынық клиникалық көрінісі. Бұл жер сынғанда екі жарқыншақ пайда болады, бірі — кіші, екіншісі — үлкен. Кіші жарқыншақ шайнау бұлшықеттерінің көтергіш тобының жиырылу күштерінің әсерінен жоғары жылжып тістер өз антогонистерімен қосылады.

Үлкен жарқыншақтың алдыңғы жағы түсіргіш бұлшықеттердің жиырылу күші әсерінен төмен жылжып, тістер бір-бірімен тістеспейді (ашық тістесу). Ал артқы жағы көтергіш үш шайнау бұлшықеттерінің әсерінен жоғары ығысады, тістер өз антогонистерімен тістеседі (түйіседі). Орталық сызық сынған жағына ауысады. Екі жарқыншақ ұяшық өсінділермен ішке ығысады.

Төменгі жақ бұрышы сынығының клиникалық көрінісі. Бұл сынықта да екі жарқыншақ пайда болады бірі — кіші, екіншісі — үлкен.

Жарқыншақтардың ауытқуы бұрыштағы шайнау және ішкі қанатты бұлшықеттерінен жасалған қапшыққа байланысты. Егер сынық сол қапшықтың алдында немесе артында (8/8 тіс) орналасса жарқыншақтар ауытқиды. Ал сынық сол қапшық ішінде орналасса, жарқыншақтар әдетте орнында қалады, сіңірлі еттен тұратын қапшық жарқыншақтарды орындарында ұстап тұрады. Егер жоғарыда айтылғандай сынық қапшықтан тыс орналасса, кіші жарқыншақ жоғары, үлкенінің алдыңғы жағы төмен, артқы жағы жоғары және сынық жағына қарай жылжиды. Тістесу алдыңғы жағында ашық, артқы жағында тістер өз антогонистерімен түйіседі.

Төменгі жақтың буын өсіндісінің бір жақты сынығының клиникалық көрінісі. Бұл сынық өсіндінің түбінде, мойын бөлігінде және буын басында орналасуы мүмкін. Кіші жарқыншақ сүйектің ішкі және сыртқы қабатының сынық деңгейіне байланысты. Екі бағытта жылжиды.

Бұған мысал ретінде оқулық иесінің ғылыми-клиникалық мәліметтерін келтіруге болады.

1. Сынық ішкі қабаттан басталып жоғарыдан төмен және сыртқа қарай бағытталса, онда кіші жарқыншақ сыртқа жылжиды. Үлкен жарқыншақтың басы артқы (көтергіш) шайнау бұлшықеттердің әсерінен жоғары жылжып, кішкене жарқыншақты сыртқа итере оның орнын алады. Бұл жағдайда кіші жарқыншақты отасыз-консервативті әдістер (тіс аралығына көтергіш қойып ауызды жақаралық шендеуіш-құрсау арқылы жұмсақ тарту) арқылы орнына келтіріп емдеуге болады.

2. Сынық сүйектің сыртқы қабатынан басталып жоғарыдан төмен және ішке қарай бағытталған жағдайда, кіші жарқыншақ сыртқы қанатша еттің әсерінен ішке және алға қарай жылжиды. Ал үлкен жарқыншақ жоғары жылжып кіші жарқыншақтың орнына тұрады. Бұл сынықты емдеу үшін хирургиялық әдістер қолданылады.

3. Егер сынық бағыты буын өсіндісіне тік бұрышты көлбеуде болса кіші жарқыншақ ішке және алға қарай жылжиды, ал үлкені үш көтергіш шайнау бұлшықеттер әсерінен жоғары және сыртқы қанатша ет әсерінен сыныққа қарай ауысады.

Барлық буын өсіндісінің сынықтары кезінде буын өсіндісінің басы шығып буын қабы жыртылуы мүмкін. Бұл жағдайда құлақ алдындағы жұмсақ тіндер босап, буын басының буын сайында қимыл болмайды. Ал, буын басы орнында болса қимыл көлемі, сау жағымен салыстырғанда әлдеқайда азаяды.

Бүйірден және тіке жасаған рентгенограммаларда буын өсіндісінің тек төменгі жағында орналасқан сынықтар жақсы көрінеді. Ал жоғарыда орналасқан сынықтарды анықтау үшін томография немесе компютерлі томография жасаған жөн.

Буын өсіндісі – төменгі жақ сүйегінің өте нәзік құрылымы болып, зақым-дануға, жарақатқа бейім келеді. Оқулықтарда төменгі жақ буын өсіндісі аймағының жарақатын нұсқалы түрде 3-ке бөлуге болады.

Буын өсіндісінің негізінің сынуы;

Буын өсіндісінің мойын аймағының сынуы;

Буын өсіндісінің бас аймағының сынуы.

Бұл бөліну өте қолайлы және ол өз қызметіне сай деп есептеу керек, бірақ біздің пікірімізше, өте қолайлы жұмыс нұсқауы болып, емдеу кезінде өзінің қңды септігін тигізеді және осы нұсқаға сүйене отырып, буын өсіндісінің сынуын клиникалық-рентгенологиялық көріністері мен ағымына сай емдеу әдістерінің нәтижесін, қортындысын ескере отырып, біз шартты түрде 4-топқа бөлуді ұсындық.

І-топқа төменгі жақ буын өсіндісінің сынуы-бұл жағдайда сүйек бөліктері орнынан ауытқамайды, қозғалмайды.

ІІ-топқа төменгі жақ буын өсіндісінің сынуы- сүйек бөліктерінің қозғалуы тікеден-тік түрде, яғни төмен және алдыға қарай сүйек бөлігінің соңы жұмсақ тіндерге енбейді, сүйек бөліктерінің арасында ауытқулар байқалады.

ІІІ- топқа төменгі жақ буын өсіндісінің сынуы- сүйек бөліктерінің қозғалуы, ауытқуы тікеден-тік және көлбеу түрде, яғни сүйек бөлігінің соңы жұмсақ тіндерге еніп тұрады, сүйек бөліктерінің арасында ауытқулар байқалады.

 

 

ІV- топқа төменгі жақ буын өсіндісінің сынуы- буын өсіндісінің басы жартылай және толық шығуы, буын өсіндісінің басының шығуы алдыға сонымен қатар алдыға-артқы бағытта болады.

Төменгі жақ буын өсіндісінің сынуын емдеуде жоспарлы түрде мынандай әдістерді қолдануды ұсынамыз:

І-топтағы науқастарға – тек ортопедиялық, отасыз-консервативтік ем қолдану-шендеуіш салу-қою.

 

 

ІІ- топтағы науқастарға - ортопедиялық, отасыз-консервативтік емдеу әдісі-мен қатар қосымша орнатқыш-шендеуіш қойылады,егерде бұл әдіс тиімді

болмаса, онда хирургиялық-ота әдісі қолданылады.

 

ІІІ - ІV- топтағы науқастарға – тек хирургиялық-ота әдісі мен шендеуіш қолданылады.

Шайнау қызметінің қалпына келу дәрежесін анықтау мақсатында -өзіміз жаңартқан – гнатодинамограф- аспабында тексеріп көрдік.

І-топтағы науқастарға ем көрсетілген күннен кейін 7-ші тәуліктен бастап, күш түсіріп шайнау құбылысының нәтижесін анықтауға болады.

Екіжақты үшінші тістер ұясында орналасқан сынықтар клиникалық көрінісі. Сынық екі жақтың үшінші тістер ұясында орналасса үш жарқыншақ пайда болады: екеуі бүйірде, бірі ортаңғы.

Ортаңғы жарқыншақ түсіргіш бұлшықеттердің әсерінен төмен және артқа жылжиды, ондағы тістер алға қисайып тістесу ашық болады. Осы кезде тіл артқа жылжып тыныс тарылады және дислокациялық асфиксия (тұншығу) дамуы мүмкін. Кіші жарқыншақтар жоғары және алға жылжиды.

Екіжақты бұрыш сынықтарының клиникалық көрінісі. Егер бұрыштағы қапшық жыртылмаса жарқыншақтар қозғалмайды. Ал қапшық жыртылып немесе сынық жолы қапшықтан тыс орналасса, бүйірдегі жарқыншақтар жоғары және алға жылжып орталық жарқыншақ алдыңғы жағында төмен, артқы жағы жоғары қозғалады. Олардың тербеліс құлашы-амплитудасы артқа орналасқан еттердің күшіне байланысты.

Буын өсіндісінің екіжақты сынықтарының клиникалық көрінісі. Сынық жолдарының бағытына байланысты кіші жарқыншақтар, жоғары және ішке (біржақты сынық тәріздес) немесе сыртқа жылжиды. Орталық жарқыншақтың арты жоғары, тістер өздерінің антогонистерімен тістеседі, ал алды төмен түседі (себептері жоғарыдағыдай). Тістесу ашық.

Жоғарғы жақ сынықтарының клиникалық көрінісі. Жоғарғы жақ сүйегінің ішінде үлкен жоғарғы жақ қуысы бар, сонымен қатар ол көз-мұрын қуыстарын құрауға қатысып, мисауытының негізімен байланысып, бет сүйектерімен ұласып жатады. Өзіне үлкен күш түскенде белгілі осал жерлерінде сынық пайда болады. Француз ғалымы Ле-Фор (1901) сол жерлерді тексеріп жоғарғы жақ сүйегі сынығының жіктелуін ұсынды.

Жоғарғы жақ сынығы үшке бөлініп (төменгі, орталық, жоғарғы) оқулықтарда ғалымның атымен аталады. Гаймор, мұрын қуыстарының

қабығы өте нәзік, жұқа болғандықтан сүйек сынған кезде жыртылады. Сондықтан жоғарғы жақ сынығы ашық болып есептеледі. Оның негізгі механизмі ығысу.

Жоғарғы жақ сүйегі сынығының басты белгісі патологиялық қозғалыс. Оны ауруды жатқызып тексерген жөн. Ол үшін оң қолдың екі саусағымен жоғарғы жақ ұяшық өсіндінің алдыңғы (21/12) жағынан ұстап, жоғары және төмен қарай ақырындап патологиялық жылжуды сезгенше және көзбен көргенше қозғалтады.

Жоғарғы жақ сынығының төменгі типінің (Ле-Фор I) клиникалық көрінісі. Аурудың негізгі шағымы: Жоғарғы жақ ауырып, ауыру сезімі тамақты шайнағанда, тістескенде үдей түседі. Алдыңғы тістермен тамақты тістеу мүмкіншілігі жойылып, тістердің сезімталдығы азаяды, тістесу дұрыс болмай, тамақта бөтен зат тұрғандай сезім пайда болып, құсқысы келіп, мұрынмен дұрыс демала алмайды.

Сырт қарағанда бет әлпет, жоғарғы ерін және беттің жұмсақ тіндері ісініп, мұрын-ерін қатпары тегістеледі. Осы маңдағы теріде сыдырылу, жыртық — жара, қанталаумен қатар, теріасты май қабатында ауа (эмфизема) болуы ықтимал. Жарқыншақтың төмен жылжуына байланысты бет әлпетінің төменгі бөлігі үзаруы мүмкін. Ауыз қуысын қарағанда барлық кілегей қабық қанталап, кейбір жерлері жыртылуы мүмкін.

Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісі екі жағынан қозғалады. Жарқыншақ төмен ығысып, кейде оның алдыңғы жағы көтеріліп артқы жағы сыртқы қанатша еттің күшімен төмен түседі. Сипап-пальпация жасағанда сүйек сықыры, жергілікті ауыру сезімі және «сатылы» белгілерін байқауға болады. Гаймор және мұрын қуысының сынуына байланысты жұмсақ тіндерде ауа (эмфизема) пайда болады. Негізінде бұл сынықтың ауытқуы-жылжуы бірінші ығысу жағдайларына-факторларына байланысты.

Төменгі жақ қатарының жоғарғы бөлігінен сәл ішкерірек, негізгі сүйектің қанатша өсіндісінің басын (ілгегін) басқанда ауыру сезімі пайда болады (салмақ түсіру белгісі).

Оң қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтар арқылы жоғарғы жақ сүйегінің қозғалысын байқау барысында сол қолдың саусағын ауыз қуысының өтпелі қатпарына қойып сынық бағытын білуге болады.

Жоғарғы жақ сынығының ортаңғы (Ле-Фор II) типінің клиникалық көрінісі. Аурудың шағымы жоғарыдағыдай Ле-Фор I тәріздес оған қосыла көзасты, танау, үстіңгі ерін, мұрын пердесінің терісінде сезімталдық жойылуы мүмкін. Мұрын-жас өзегі бұзылса көзден жас ағуы мүмкін. Иіс сезу жүйкесінің бұзылуына байланысты иіс сезу қабілеті жойылуы мүмкін.

Көзасты, мұрын түбі жұмсақ тіндерінің қанталауына байланысты адамның бет әлпеті өзгереді.

Көз конъюнктиваларының қанталауы, жұмсақ тіндерде ауа (эмфизема) болуы мүмкін.

Қозғалысындағы патологиялық белгілеріне барлық жоғарғы жақ сүйегі мұрын сүйектерімен қосылып қозғалуы жатады. Сынған сүйек өз салмағымен төмен түседі де, оның артқы бөлігі бір басы жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігімен басталатын сыртқы қанат тәріздес еттің тартылыс әсерінен күрт төмен түседі. Алдыңғы бөлігі жоғары көтеріледі. Артқы тістер антогонист тістермен түйісіп, тістесу ашық болады.

Жоғарғы жақтың артқы бөлігінің төмен түсуінен тіл түбірі тітіркеніп науқаста үнемі лоқсу рефлексі пайда болады. Көп жағдайда көзасты аумағының, төменгі қабақ және мұрын қанатшасының терісінде ауыру сезімі болады. Көз ұяшығының төменгі қырын басып тексергенде саты сүйек қыры байқалады. Жұмсақ тіндердің домбығып ісінуіне байланысты мұрын-маңдай жік аумағында шығыңқы сүйекті табу өте қиынға түседі. Дегенмен бұл аумақта кей жағдайларда сынықтардың сықырлауын байқауға болады. Егер сол қолдың сұқ саусағын көзасты аумағында, ал бармақты мұрын түбіріне орналастырып, оң қолмен ақырындап жоғарғы жақты алға-артқа жылжытып сипаса, екі жерде сүйек сынығының бір уақытта қозғалғаны байқалады. Ал сынық жоғары-төмен бағытта ығысса мұрын түбірі үстіндегі терінің қатпарланғанын немесе сынықтың ығысуынан тері керіліп, оның түсінің өзгергенін көруге болады. Осымен қатар мұрыннан, ауыздан, және мұрын-жас түтігі жарақаттанып оған қан кеткен жағдайда қан ағуы мүмкін.

Ауыз қуысында жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында, кіші азу тістер аумағында жартылай ұрттың кілегей қабығының қанталағаны көзге түседі. Басып тексергенде бет-ұяшық қырының аумағында және оның артқы жағында шығыңқы сүйек қыры байқалады. Кіші азу, сойдақ, күрек тіс аумақтарының шырышты қабатының сезімталдығы екі жағында да бұзылады, ал үлкен азу тіс аумағында ауыру сезімі сақталады. Жұтқыншақтың сырт қабырғасының домбығуы оның айналасындағы кеңістікте гематома бар екенінің белгісі болып табылады. Жүктеме белгі сынық сызығының бойында оң болады. Ал басқа нақты-объективті көріністер Ле-Фор I типіндегідей болады.

Жоғарғы жақтың Ле-Фор ІI көбінесе мидың шайқалуымен, ұрылуы және мидың сығылуымен бірге жүреді. Бас қаңқасының негізінің сынуы мен мидың шайқалуы алдыңғы ми сауытты шұңқырымен қатар, ортаңғы-сында да болуы мүмкін. Жарақаттанған науқастың, көзіне бір зат

қосарланып көрінеді. Яғни қосарлану-диплопия белгісі пайда болады. Сондықтан науқас дәрігермен әңгімелескенде бір көзін жауып отырады немесе саусақпен көзін астынан көтеріңкіреп диплопияны жояды. Тістерін тістескенде көздері ұяшығының түбімен бірге жоғары қарай жылжиды. Жұмсақ тіндердің қанмен инфильтрациялануына байланысты экзофтальм пайда болады, ал мұрын түбірі мен көздің жоғарғы сыртқы аумақтарында сықырлау немесе сүйек қыры байқалады. Тәж тәріздес өсінді ығысқан бет сүйегіне қосылғанымен науқас аузын ашқанда бұл аумақта ауыру сезімі күшейе түседі.

Жоғарғы жақтың, мұрын сүйектерінің, мұрын ұшы мен көз алмаларының патологиялық қозғалысы байқалады. Басқа белгілері Ле-Фор II сынығындай, Ле-Фор II, Ле-Фор III жоғарғы жақ сынықтарында жиі бас қаңқасының негізі қосарлана сынады. Бұл жағдайда негізгі белгілер:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 2291; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.