Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сурет-87. Рудько аппараты




 

дәкемен таңып қояды. 10-12 күн өткен соң (сүйек ыдырауына байланысты) қысқаштар босап кетуі мүмкін, сондықтан олардың мықтылығын қадағалап тұру керек. Аппарат ота-операциядан соң 30-35 күннен кейін алынады. Кей кезде аппаратты алғаннан кейін қысқаштар тұрған жердегі сүйекті кюретажды қасықпен қысып тазалау керек. Ревизиядан соң тері 1-2 жерінен тігіледі, оларды 6-7 тәуліктен соң алып тастайды (87-сурет).

С.И.Коганович - А.В.Ярошевичтердің компрессиялық аппараты сынық сызығына қысымды перпендикулярлы бағыттауға мүмкіндік тудырады, бұл жағдай төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін (қисық сынықтарында) барлық ем уақытында мықтап бекітуге мүмкіндік береді.

Биологиялық циакрин желімімен остеосинтез (Алхайдаров 1970). Биологиялық желіммен ота-оперативтік ем жүргізуге келесі көрсеткіштер жатады:

1.Төменгі жақ сүйегінің тік және қисық сынықтары тіс қатарының артынан сынғанда;

2. Сынық сызығының бойында бұзылған тіс орналасып, жақ сүйегі бұрышынан сынғанда.

Ота жасау әдісі. Сынықтық орналасқан жеріне байланысты, табиғи қатпарлардың бойымен тіліп сүйекті жұмсақ тіндерден ажыратып мұқият қаннан тазартып, жараны антисептиктер ерітіндісімен жуады. Сүйек бөліктерінде бормашинамен ойындылар жасалып, сүйек бөліктері дұрыс жағдайға келтіріледі. Сүйектегі ойындыларға қалыңдығы 0,1-0,2 см сүйек ұнтағын салып оны желіммен сіңдіреді де ойындыларға гомотрансплантат ендіріп, сол жағдайда бір минуттай ұстап тұрады. Осы уақыттың ішінде желім полимеризацияланады. Жараны қабат-қабатымен тігеді.

 

13.8. Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі

Уақытша иммобилизация. Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарында уақытша иммобилизация жабдығы иек-төбелік таңба, Померанцев-Урбанскийдің эластикалық таңбасы, қатты иектік сақпаннан және қалпақтан түратын стандартты транспорттық таңба. Тасымалдаған уақытта жоғарғы жақ сынықтарын жылжытпай ұстап тұратын биологиялық шеңдеуіштің қызметін төменгі жақ атқарады. Темір қасық, ағаш таяқшаларын т.б. аспаптарды транспорттық шеңдеуіш ретінде қолданған дұрыс емес, себебі олар сынық бөліктерін артқа ығыстырып тұншығуға-асфиксияға әкелуі мүмкін.

Жоғарғы жақ сүйегі сынған науқастарды емдегенде сынған сүйек бөліктерін орнына салып қалыпты жайында бекіту керек.

Тұрақты иммобилизация. Жоғарғы жақ сынықтарына отасыз-консервативті (ортопедиялық) және ота-оперативтік иммобилизация әдістерін қолданады.

Емдік (тұрақты) иммобилизацияны мүмкіндігінше аз мерзім ішінде жасау қажет. Бұл сынықтың тез бітуін және оның асқынуларының (соның ішінде бас қаңқасының ішіндегі) алдын алуын қамтамасыз етеді.

Отасыз-консервативті әдістер. Төменгі, ортаңғы, және жоғарғы типтер бойынша сынық бөліктері қозғалмалы және оңай салатын сынықтарда екі жақтың ілмегі бар шендеуіш қолданылады ілмектерге резинадан тартпа салар алдында үлкен азу тістердің аумағында резина түтігімен төсем салған жөн болады. Бұл тәсілмен иммобилизация жасағанда қосымша төменгі жақты сақпан тәріздес таңбамен бекіту керек.

Збарж аппараты. Бұл ауыз қуыстың тұйықталмаған, қосақталған доға тәріздес болат шеңдеуішінен тұрады. Оны жоғарғы жақ тістеріне таңдай және вестибулярлық бетінен сыммен байлап бекітеді. Доғадан ауыз сыртына шығып тұратын белдеулер (стержень) болады, 4 дәнекер белдеу және 8 қыспалы қамыт арқылы бас қалпағына бекітіледі. Осы принцип бойынша Аржанцевтің, Орлов, Гельман аппараты бекітіледі. Бұл әдіс көбінесе ортаңғы және жоғарғы сынықтарда қолданылады. Аппаратты бекіту алдында сынық бөліктері қалыпты жайына келтірілуі қажет, сынықтар дұрыс

алынбаған жағдайда беттің ортаңғы бөлігі қысқаруы мүмкін. Бұл аппараттар арқылы жоғарғы жақтың төмен түсіп кеткен бөліктерін көтеру мүмкін емес.

Бас қаңқасының төбесі сынғанда немесе маңдай, төбе және желкенің жұмсақ тіндері зақымданса бұл аппараттарды қолдану қиындық тудырады немесе тіпті қолдануға болмайды.

Ота-оперативтік әдістер. Фальтин-Адамс әдісі және оның түрлері-модификациялары. Бұл тәсіл бойынша сынған жоғарғы жақ сүйегі көз ұясының төменгі қырына (төменгі тип), бет сүйегінің доғасына (төменгі және ортаңғы тип), маңдай сүйегінің бет өсіндісіне (жоғарғы тип) бекітіледі. Тіс доғасына төмен қараған екі ілмегі бар шеңдеуіш бекітіледі. Көз ұясының төменгі қыры немесе жоғарғы сыртқы бұрышының жұмсақ тіндері тілініп ашылады да сүйекте бормен тесік жасалып полиамидті жіп өткізіледі, сонан соң қан құятын инемен жіпті жұмсақ тіндер арасымен 2-ші кіші азу немесе 1-ші үлкен азу тістерінің деңгейінен ауыз қуысына шығарады. Сынықтарды өз орнына орналастырған соң ауыз қуысындағы жіптердің ұшын шеңдеуіштің ілмектеріне байлайды, терідегі жаралар тігіледі. Бет сүйегінің доғасына бекітілгенде инені еркін өткізу үшін қандауырмен бет сүйегінің маңдай және самай өсінділерінен құралған бұрыштың терісін тессе жеткілікті.

Федершпиль-Дингман әдісі. Жоғарғы жақ сүйегінің тістеріне шеңдеуіш салып оған жіңішке болат сымды бекітіп, оның ұшын ұрттың және еріннің жұмсақ тіндері арқылы ауыз қуысынан сыртқа шығарып (өткізгіш ретінде жуан ине қолданады) гипстелген бас таңбасының ілмектеріне бекітеді.

Егер де жоғарғы жақ сынығы тығыз қозғалмалы болып оны қолмен салу мүмкін болмаса ауыз қуысынан шығарған сым гипстелген бас таңбасына резинадан жасалған тартпа арқылы бекітіледі, бұл жақ сүйегін біртіндеп тартып бас сүйектеріне тығыз бекітеді және төменгі жақ сүйегі қосыла сынғанда оны жоғарғы жақ тесіктеріне бекітеді. Бұл тесік өте қарапайым, бірақ кей жағдайларда гипстелген қалпақ кигізу керек болғандықтан қолдануға болмайды.

Жоғарғы жақ сүйегі жоғарғы тип бойынша сынғанда бет сүйегі арқылы бір ұшы жұмсақ тіннен шығып тұратын темір сымды көлденең өткізіп бекітуге болады (трансфасциалды бекіту). Сымды гипстелген бас таңбасына мықтап бекітеді.

АОЧ аппаратымен М.А. Макиенко бойынша Киршнер сымдарымен жасалатын остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда сымды екі жақтан бет сүйегі арқылы алдыңғы мұрын қырына алға және

төмен бағытта өткізеді. Ортаңғы тип бойынша сынса сым бір бет сүйегінен екінші бет сүйегіне көлденең бағытта өткізіледі, ал жоғарғы тип бойынша сынғанда иммобилизацияны екі параллелді орналасқан сымдармен жасайды. Бірін бет сүйегінің доғасымен сынық сызығының артынан бүкіл жоғарғы жақ сүйегін тесіп шығып, қарама-қарсы жақтың бет сүйегінің доғасы арқылы өткізеді. Екіншісін қарама-қарсы жағынан бірінші сымға параллель

өткізеді. Сымдарды еңкіш бағытта бір жақ бет сүйегінің алдыңғы бөлігінен қарама-қарсы жағының бет сүйегіне өткізуге болады. Сымдар жоғарғы жақ қуысы және мұрын қуысы арқылы өтеді.

Billet-Vigneul бойынша бас қаңқа-жоғарғы жақтық бекіту. Жоғарғы жақ және маңдай сүйектері сынған науқастарға қолдануға болады.

Бұл жарақат көп жағдайда мида гематома дамуымен қосарлана жүреді. Маңдай және төбе сүйектері аймақтарындағы нейрохирургпен жасалған нақтама-диагностикалық фрезалық тесіктерді жоғарғы жақ сүйектерін бекітуге пайдалануға болады. Лигатуралық сымды сол тесіктер арқылы, өткізгіш иненің көмегімен самай етінің, бет сүйек доғасының астынан өтпелі қатпарымен ауыз қуысына өткізіп тістік шеңдеуішке бекітеді. Фрезалық тесіктер арнайы, жоғарғы жақ сүйегінің сынығын бекіту үшін жасалуы мүмкін. Бас қаңқасы езіліп ішке кіріп сынғанда тесіледі-трепанация жасалынады. Бұл жағдайда бас сүйегінің ақау қырын лигатураны бекітуге пайдалануға болады.

Сыммен тігілетін остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда лигатуралық тігіс ұяшық қыр және алмұрт тәріздес тесік аймағында салынады, ортаңғы тип бойынша сынса көз ұясының төменгі қыры және бет-ұяшық қырларының, жоғарғы типте бет сүйегінің доғасы және көз ұясының жоғарғы сыртқы қырынан тігіледі. Сынықты мықтап бекіту үшін жоқ дегенде екі жерден сыммен тігу керек.

Жоғарыда айтылған жоғарғы жақ сүйек сынықтарының отасыз-консервативті және отаоперативті ем әдістері тек жақын арада және сынық бөлімдері қозғалмалы болса нәтиже береді. Ескірген сынықтарда қаңқалық керіп-созу қолданылады. Бұл үшін тігіске фосфат цементімен бекітілетін, болаттан жасалған шеңдеуіш каппа дайындайды. 3 болат сымнан ілмегі бар темір сымнан жасалған доғаны басқа кигізетін қалпаққа гипстеп тастайды. Бір ілмек ортаңғы сызық бойында, келесі екеуі бірінші ілмектің екі жағында 2 см қашықтықта орналасады. Керіп-созуды болат пружина немесе резина тартпалар арқылы жүргізеді, олардың бір ұшы шеңдеуішке, бір ушы ілмекке бекітіледі. Керіп-созу үшін біртіндеп В. Я. Кавракиров бойынша күшейтеді.

Жоғарғы жақ сүйегі шаншыла сынса төсек басына орнатылған шығыр (блок) арқылы сынықты керіп-созып орнына келтіреді. Бұл жағдайда үлкен азу тіс аралығына резинкадан төсем қойылады. Керіп-созуға болат пружинасын, подшипникті шығыр, полиамидті жіп, және гарьнер қолданған жөн.

Керіп-созу мерзімін қысқарту үшін сынық сызығына өткір распатор кіргізіп ырғауға болады. Сынық бөлігін босатқан соң керіп-созуды бастауға болады. Хирургиялық және ортопедиялық ем тәсілдерін бірге қолдана отырып, сынық бөліктерін 5-7 тәулік ішінде өз қалпына келтіруге болады.

Айта кету керек 1979 жылдан бері бет-жақ аймағының жарақаттарында-травматологиясында Дүние жүзінде бірінші (пионер) болып өз қалпын сақтап қалатын металл қоспалары қолданыла бастады. Оны никель және титанның ТН-ІХЭ қоспаларынан жасап, Томск Политехника инсти-тутының профессоры В.Э.Гюнтер мен Томск Медицина институтының бет-жақ хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор В.К.Поленичкин бет-жақ аймағындағы сынықтарында сүйек бөліктерін бекітуде клиникада қолданып өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Осы қоспаны қолданып, оның оңды нәтижелерін ескере отырып, 30-дан астам докторлық және 100-ге жақын кандидаттық диссертациялар жақталды. Новокузнецк қаласында РФ, арнайы өз қалпын сақтап қалатын бекіткіштер жасап шығаратын шағын медциналық-инженерлік орталық жұмыс істейді.

Өз қалпын сақтап қалатын бекіткіштердің 50-ден астам және тістік имплантаттың 10-нан астам түріне куәлік алынған.

Орта Азия және Қазақстанға біріншілерден болып, осы қоспаны қолданып кандидаттық диссертация жақтаған ғалым Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университеті, Оқу-клиникалық базасының Стоматологиялық пәндері кафедрасының оқытушысы, жоғары санатты бет-жақ аймағы хирургі Темуров Фазладин Тұрабай ұлы болып саналады.

Бұл қоспаның келешегі алды, себебі қоспа көп қаражатты талап етпейді, қолдануға тиімді, отадан кейін жараның және сынықтардың бітуі анағұрлым тез (кәдімгі ота әдістеріне қарағанда). Сол үшін бет-жақ аймағының жарақаттарында және тістік имплантация жасауда, осы қоспадан кеңінен қолданылса, айтарлықтай жетістіктерге жетеді деген үміттеміз.

13.9. БЕТ- ЖАҚ АЙМАҒЫ ЖАРАҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КҮТІМ КӨРСЕТУ

Тамақтандыру

Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарды тамақтандыру өте ауыр мәселе, өйткені шайнау, кей кезде жұтыну қызметтері толық бұзуылуына байланысты олар кәдімгі тамақты қабылдай алмайды.

Адам тамағына қойылатын негізгі мақсат оның физиологиялық құндығы. Сондықтан жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға кәдімгі физиологиялық тағамдар тағайындалады, тек механикалық және химиялық тұрғыдан қарағанда науқасқа ауыртпалық түсірмеу керек.

Жарақаттанған науқастардың ауыз қуысының анатомиялық құрылымы және физиологиялық қызметтерінің күрт бұзылатындықтан тамақтың температурасы 45° С жоғары болмау керек. 50°С жоғары болса, ауыз қуысы және өңештің шырышты қабатын күйдіруі мүмкін.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға үш түрлі физиологиялық диета тағайындалады. Жақтық немесе сүңгі-зонд арқылы (1) жақтық (2) және жалпы диета (15). 1-ші және 2-ші жақтық тағамдардың химиялық құрамы бірдей болады, тек қана консистенцияларында айырмашылығы бар: 1-ші жақтық тағамның консистенцияса кілегей, ал 2-ші жақтық тағамдікі сұйық қаймақтай болады.

1-ші жақтық тағам сүңгі-зонд арқылы — шайнау және жұтыну функциялары бұзылған науқастарға тағайындалады (тілі, маңдайы, ауыз қуысының түбі қатты ісініп жарақаттанған, екіжақты сынықтарын тістік шеңдеуішпен бекіткен науқастар т. б.). Тағамның кілегейлі консистенциясы мұрын немесе ауыз арқылы асқазандық немесе дуоденалды сүңгі-зонд арқылы оңай, еркін өтуіне мүмкіндік береді.

2-жақтық тағам шайнау функциясы бұзылған, бірақ жұтыну функциясы сақталған науқастарға тағайындалады. Бұл тағамға сорпа, сүт т.б. сұйықтықтар қосып консистенциясын сұйық қаймақтікіне жеткізеді. 2-ші жақтық тағам аққұман мұрнына кигізілген түтік арқылы кедергіленбей өтеді.

15-ші жалпы диета — ауыз қуысындағы жаралар жазылған және сынықтары біте бастаған науқастарға тағайындалады. Бұл әртүрлі кулинарлық өңдеуден өткізілген күнделікті қолданатын азық-түліктерден дайындалған физиологиялық құндылығы толық тағамдар.

Барлық қоректік заттарды организмге жіберу жолдарын энтералды және парэнтералды деп бөледі. Энтералды әдіске- пероралды, асқазандық немесе дуоденалды сүңгі-зонд арқылы; ректалды, парэнтералды әдіске — вена теріасты, бұлшықет және сүйек арқылы жіберу жатады.

Жалпы парэнтералдық тамақтандыруды ес-түссіз жатқан немесе жарақаттану салдарынан энтералды тамақтанудың бұзылуынан зат алмасуды керекті дәрежеге келтіре алмағанда тағайындайды. Былайша парэнтерадды тамақтандыру бет-жақ аймағы жарақаттанған науқастарға өте сирек тағайындалады. Осыған байланысты парэнтералды тамақтандыруды негізгі энтералды тамақтандыруға қосымша деп білу керек.

Парэнтералды тамақтандыру организмге белоктың, энергетикалық заттарды, витаминдер және гармондарды ендіруді көздейді. Белоктарды организмге полипептидтер және аминқышқылдарының дайын қосынды түрінде ендіреді. Оларға аминопептид, казеин гидролизаты, ЦОЛИПК, Л-103 гидролизин, аминокробин және т. б. жатады.

Парэнтералды тамақтандырудың энергетикалық компоненттеріне (2,5; 5; 10) глюкозаның гипертоникалық ерітінділері, фруктоза т. б. жатады. Суда еритін (С және В тобының) витаминдерді глюкозамен, ал майда еритіндерін (А, Д, К) майлы эмульсиямен бірге жібереді. Натрий тұзы, кальций, калий т. б. минералдық заттарды әртүрлі трансфузиялық сұйықтықтардың құрамында немесе бөлек ендіреді.

Парэнтералды тамақтандырудың ішінде вена әдісі кеңінен тараған.

Тамақты жіберу жылдамдығы оның құрамына тікелей байланысты.

Белокты гидролизатор мен майлы эмульсияларды әдетте минутына 30-40 тамшы, глюкоза ерітінділерін, тұздардың изотоникалық ерітінділерін минутына 60 тамшыға дейін немесе мин 4-5 мл ендіреді. Бір рет ендірілетін ерітіндінің мөлшері 200 мл, тәулігіне 2-4 л-ге дейін.

Пероралды тамақтандыруды шайнау функциясы бұзылған науқастарға мұрнына, ұзындығы 15-20 см резиналы түтік кигізілген аққұманмен береді. Ол үшін науқастың кеудесіне кленкалы алжапқыш жауып, жалпы жағдайына қарай орындыққа отырғызып болмаса төсекке жатқызады. 50 С° дейін жылытқан тамақты аққұманға құйып, тамақтандырушы аққұманды тамақ ағып кетпес үшін орта белінен жоғарырақ саусағымен қысып ұстап түтіктің ұшын тіл түбіріне дейін ендіреді де құманды ауыз қуысынан жогары ұстап, түтікті қысып тұрған саусақтарын босатады. Үш секунд өткен соң түтікті тағы да саусағымен қысып қалып, науқасқа тамақты жұтып және дем алуына мүмкіндік береді. Осы 3 секунд ішінде ауыз қуысына 8-10 мл-дей тамақ құйылады.

Осы әдіспен асықпай науқасты тамақтандырады.

Бет-жақ аймағынан жарақаттанған науқастарды күніне кемінде 4 рет тамақтандыруға тиіс. Азанда сағат 9-ға түсте 13-14-ке кешке сағат 18-ге және ұйқыға жатудан 1-1,5 сағат бұрын жеңіл тамақ (шәй, кисель, айран, т. б.). 4 рет тамақтандыру бойынша тамақтың күндік колориялығы былайша бөлінеді: азанғы – 30%, түскі —40% кешкі — 20-25%, ұйқы алдындағы — 5-8%.

Күтім Бет-жақ аймағы жарақаттанған науқастардың күтімін жарақаттың түріне және орналасуына қарай жалпы және арнайы деп ажыратады.

Жалпы күтім. Ең әуелі науқастың жүрек-қан тамыр жүйелерінің, тыныс және физиологиялық дәрет алуына назар аударып бақылау керек.

Бронхопульмоналды асқынулардың алдын алу үшін науқасқа кеудесіне арналған жаттығулармен қатар, оларды белсенді түрде қимылдатқан жөн.

Бет-жақ аймағы мидың зақымдануымен бірге жарақаттанған науқастардың амалсыз гиподинамиясын мақұлдағанмен, оларда ауыр жауыр пайда болуының алдын алу үшін төсегінде күнде кешке 3-4 рет тыныс алу гимнастикасын жасату керек.

 

Сурет-88. Ауыз қуысының гигиенасы және науқасты тамақтандыру

Арнайы күтім. Бет-жағы жарақаттанған науқастардың жалпы жағдайына қарамастан, әсіресе сүйек сынықтарын шеңдеуішпен бекіткен соң, ең бірінші ауыз қуысының тазалығына мұқият күтім керек, өйткені бұл науқастардың ауыз қуысы өздігінен жазылуы мүмкін емес. Әдеттегі ауыз шаюдың орнына, сүйек сынықтарын шеңдеуішпен бекіткеннен соң, әсіресе, тамақтанып болғаннан кейін ауыз қуысын дезинфекциялағыш ерітіндімен қатты қысыммен ирригациялайды (88-сурет).

Ауыз қуысында тістік шендеуіштерді ұзақ мерзімге қалдыру салдарынан қызыл иектің шырышты қабаты зақымданып жаралануы мүмкін, сондықтан ауытқыған шеңдеуіштерді дұрыстап, босаған лигатураны бұрап бекітіп тұру керек.

 

13.10. БЕТ ЖӘНЕ МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ

Бет сүйегі -бет қаңқасының бүйір бөлімін құрайтын жұп сүйек.

Оның латералды—ұрттық беті шығыңқы болады. Бет сүйегі үш өсіндісі арқылы маңдай, самай, жоғарғы жақ сүйектерімен жалғасады, осыған байланысты сүйектердің жалғасқан жерлері жіктеп аталады (бет-маңдайлық, бет-жоғарғы жақтық, бет-самайлық). Бет сүйегінің көздік беті көз ұясының латералды қабырғасын, жартылай оның түбін құрайды, ал артқа қараған самай беті, самайасты шұңқырын құрайды.

Бет сүйегі доғасын құрауға самай сүйегінің самай өсіндісі қатысады. Бұл доға жұмсақ тіндермен өте жұқа қапталған және ең шығыңқы жері, осыған байланысты көп жарақаттанады.

Бет сүйегінің және оның доғасының сынуы тұрмыстық, спорттық, транспорттық және өндірістік жарақаттарға байланысты. Оның 3 тобын ажыратады: 1) Бет сүйегінің жылжыған, жылжымаған және жоғарғы жақ қуысының қабырғаларының жарақаттануымен болатын сынығы; 2) Бет сүйегі доғасының жылжыған және жылжымалы сынығы; 3) Бет сүйегінің және доғасының қосарлана жылжымай, жылжып, жоғарғы жақ қусының қабырғаларын жарақаттаумен сынуы (Р. Ф. Низова).

Бет сүйегінің және доғасының сынығы ашық және жабық, сызықты және жарқыншақты болуы мүмкін. Жиі жағдайда сынған сүйек төмен, ішке, және артқа, сирек жағдайда - жоғары, ішке және артқа жылжиды. Сынық бөлігі-фрагменті тек өс бойымен бұрылуы мүмкін.

Бет сүйегінің сынықтары кейбір жағдайларда орта немесе ауыр дәрежелі мидың жабық жарақатымен қосарланып жүреді.

Бұл аумақта жүйке және қан тамырлары өрімдерінің көптігі және олардың құрылысының күрделілігіне байланысты, жарақаттанған кезде

әртүрлі өзгерістер пайда болады.

Осы зақымдардың барлығы «Пурчер белгісі-синдромы» немесе жарақатты ринопатия және ангиопатия деп аталады. Бұл синдромға жарақат алғаннан соң 1-2 тәуліктен кейін көрудің нашарлауы көз торының тыртықтанып, сылынуы кіреді.

Клиникалық көрінісі. Бет-орбиталды комплексі жарақаттанған науқастар, аузын ашқанда ауыратынына, көзасты жүйке тармақтарындағы (көзасты, жоғарғы ерін, мұрын қанаты) және жоғарғы тіс өрімінің (қызыл иек, тістер), парестезия немесе анестезиясына, бейненің қосарланып көру ретіне (диплопия), көрудің нашарлағанына шағымдайды.

Сырттан қарап тексергенде, тері, теріасты, клетчаткасының ісінуі салдарынан беттің мұрыннан қан аққаны (жоғарғы жақ қуысынан), энофтальмия (көздің шүңіреюі), жалған көзілдірік белгілері анықталады.

Саусақпен басып тексергенде көз ұясының төменгі қырының және бет ұяшық қырының көлемі-рельефтерінің бұзылғаны, «текпішек» белгісі, екі шпатель белгісін — бет сүйегінің жалпаюы (Р.Ф.Низов) анықталады. Егер гаймор қуысының қабырғалары жарақаттанса (Е.С.Малевич) жарылған құмран белгісі, осымен қатар теріасты эмфиземасы және сүйектің сықырлауы байқалады.

Бет сүйегі доғасының сынығы әдетте жылжып ішке қарай кіріп кетеді. Осының салдарынан төменгі жақтың тәждік өсіндісі қысылып қалады да ауыз ашу шектеледі.

Рентгенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын белгілер.

1).Бет-ұяшық өсіндінің, көз ұясының төменгі қыр бірлігінің бұзылуы, гаймор қуысына қан кетудің салдарынан қуыстың рентген суретте анықтығының төмендеуі, көз ұясы көлемінің тігінен үлкеюі (бет сүйегінің немесе жоғарғы жақ сүйегінің бет сүйегімен бірге төмен жылжып түсуіне байланысты).

2). Бет сүйек доғасының V—тәріздес болып самайасты шұңқырына қарай жылжуы.

Бет-сүйегінің және доғасының сынығына анамнез, сырттай қарап және саусақпен басып тексеру, аксиалды және сагиталды (мұрын-иектік) проекцияда жасалған рентген суреттерінің мәліметтеріне сүйене отырып нақтама-диагноз қойылады.

Бет сүйегі және оның доғасының сынықтарының емі сынған жердің орналасуына, бағытына, ығысу дәрежесіне, қосалқы зақымдарына (мидың зақымдануы) және оның айланасындағы жұмсақ тіндердің жарақаттануына байланысты.

Емі. Отасыз-консервативті және ота-хирургиялық жолмен емделеді. Отасыз-консервативтік ем жақын арада болған және сынық бөліктері аз ғана жылжығанда көрсетіледі. Жалпы тыныштық, гематоманың және ісінудің алдын алу үшін 2 күн 10-15 мин жергілікті мұз қою. Ауыздың ашуын шектеу, сұйық тамақ тағайындалады.

Саусақты әдісі хирург сұқ саусағын немесе үлкен саусағын ауыз қуысы кіреберісінің артқы бөлігінің жоғарғы жағына кіргізіп, ал екінші қолының саусақтарымен сынықтың дұрыс салынғанын бақылай отырып сынықты орнына салады.

Гаймор қуысының бүтіндігі бұзылмай, сынық бөліктері азғана ығысқан бет сүйегі сынығында үш тәулікке дейін сынықты ауыз қуысының ішінен (саусақты, Буяльский күрекшесімен) орнына салуға болады.

Қазіргі кезде бет сүйегінің және оның доғасының сынықтарының көптеген ота-оперативтік ем әдістері баршылық. (Дубов, Е. Ю. Брагин, Матас-Берини, Ходарович, және Баринова В.Н. әдістері). Біз жиі қолданатын ота-хирургиялық ем әдістеріне тоқталайық.

1.А.А.Лимберг әдісі 10 тәулік ішінде қолданылады. Орнынан жылжыған бет сүйек және оның доғасының сынығын, терідегі тілік арқылы арнайы көлденең орналасқан сабы бар ілмекпен іліп алып сыртқа және жоғары тартып орнына салады (90-сурет).

2. Бет сүйегі және көз ұясының төменгі қабырғасының сынығын айбат шұңқыры және жоғарғы жақ қуысы арқылы орнына салу.

Айбат шұңқырының аймағында, өтпелі қатпарда тілік жасап шырышты сүйек қабығынан тұратын қиындыны ілмекпен жоғары көтеріп айбат шұңқырын ашады. Гаймор қуысының алдыңғы бүйір қабырғасынан тесік жасап, ол арқылы қуыстағы қан ұйындысын, майда сүйек жарқыншақтарын алып тастайды. Сонан соң саусақпен қуыстың қабырғаларын тексеріп оның сынған жерін және көз ұясының қабырғасы қаншалықты қуысқа кіргенін анықтайды. Гаймор қуысы қабырғаларын, бет сүйегі сынығын, антибиотиктер ерітіндісі, май сіңген дәкемен қуысты толтыру арқылы орнына салынады. Коллуэлл-Люк әдісімен гайморотомия операциясын-дағыдай қуыста жұмсақ резинадан түтік қалдырады, оның бір ұшын мұрын қуысынан шығарып қояды.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1475; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.