КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жараны айналдыра тігіс салу 3 страница
а) шынайы көзілдірік белгісі, алдыңғы көз ұясының және көз айналасындағы клетчаткалық қанталауы 24-48 сағаттан кейін шегіне-опогеясына жетеді; б) ауыз, мұрын қуыстарының және құлақтың сыртқы дыбыс жолының ликвореясы. Сондықтан хирург-стоматолог басқа да белгілерге сүйене отырып, бас қаңқасының негізі сынғанын анықтау үшін келесі белгілерді білуге тиіс: 1). Басын төмен түсіргенде, күшенгенде және мойынның ірі веналарын саусақпен басқанда мұрыннан ликвор ағу күшейе түседі. 2). Бет орамал белгісі, ликвормен ылғалданған таза бет орамал кепкенде қатты болады. 3). Медициналық орамал (салфетка) белгісі. Қан құрамында ликвор болғанда, салфеткаға мұрыннан тамған сұйықтан шеті ашық түсті ликвормен қоршалған қызыл дақ қалады. 4). Жұлын пункциясы жұлын сұйығында қанның барлығы диагноздың дәлелі айқын және емдік іс-қимылы болып саналады. Астыртын ликвореяны анықтау үшін жасалатын жұлын пункциясы, 1-урасин (баяу) немесе радиоактивті фосфорды эндолюмбалды ендіру нейрохирургтің немесе невропатологтың міндетіне жатады. Кей жағдайда ликвореясы бар науқастарда ликворлы кеңістіктерде ауа жиналуы мүмкін. Бұл жағдай негізгі маңдай қуыстары, торлы лабиринт сынғанда сирек кездесетін айқын белгі. 5). Мидың 12 жұп жүйкесінің бұзылуы. Жиі зақымданатын үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ жүйкелері. Ми қатпарының тітіркенуі, Керинг белгісі т.б. патологиялық рефлекстер түрінде байқалады. Жоғарғы жақ сынығының барлық белгілері бір кешенді-белгілерге жиылып жоғарғы жақ белгісі-синдромы деп аталады. Бұлар: а) Ұзарған, жалпайған, таңқалған бет, бұл белгілер жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының төмен ығысуына байланысты, артқы бөлігі төмен ығысып, көз қуысы үлкейеді; б). Мұрын сүйектерінің сынуына байланысты онымен дем алуы және маңқалануы; в) Көзасты жүйке-нервінің қызметі бұзылуынан невралгия, анестезия, парестезия дамуы; г). Жоғарғы жақтың төмен және артқа ығысуынан жалған прогения пайда болуы. Жоғарғы жақ сынығының нақтамасын барынша толық анықтау үшін ең көп созылған және сүйектердің қысылғанына сай келетін нүктелерді басып тексергенде ауыратынын ескеру керек. 1. Жоғарғы мұрындық- мұрын пердесінің негізінде; 2. Төменгі мұрындық-мұрын пердесінің негізінде; 3. Экстраорбитальды- көз ұясының сыртқы қырында; 4. Инфраорбитальды -көз ұясының төменгі қырында; 5. Беттік; 6. Туберельдық- жоғарғы жақ сүйегінің төмпешігінде; 7. Бет-ұяшығы- жоғарғы 7-ші тістің үстінде. Жақ сүйектері сынықтарының ерекшеліктері: 1) Тіс қатары аймағында сынықтар 100% жағдайда ашық деп аталады, өйткені ұяшық өсіндінің шырышты қабаты сүйектің сыртқы қабығымен және сүйекпен тығыз байланысқан, сондықтан сүйек сынғанда шырышты қабат жыртылып сүйек жарасы ауыз қуысымен байланысып жатады. Бұл ерекшелікті білу жақ сүйегі сынықтарының қабынуын және сіреспенің алдын алу емдерін жүргізуді қамтамасыз етеді. 2) Нақтама қойғанда сынықтың соққы тиген жақтың қарама-қарсы жағында орналасатынын ескеу керек (әсіресе төменгі жақта). 3) Шайнау, тыныс алу, сөйлеу, жұтылу қызметін атқаратын еттердің әсеріне байланысты зақымданған ағзаға тыныштық қамтамасыз етудің қиындығы. Сынықты орнына дұрыс салу керек, дұрыс салынбаған жағдайда ондағы тістер шайнау қызметін атқара алмайды; 4) Тістердің жағымды және жағымсыз рөлі. Жағымды — тістерге қарап сынған жерді анықтауға және құрсау бекітуге болады. Жағымсыз сынық бойында орналасқан ауру тістер инфекция көзі, ал сынық сызығы периодонт қуысымен өтсе инфекция өткізгіші, жүйке-нерв-қан тамыр шоғыры үзілсе — тіс бөгде зат болып саналады. Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету. Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен қызметін қалпына келтіру жатады. Бұл мақсатқа жету үшін травматологияның келесі жалпы қағидаларын орындау қажет: а) репозиция (сынықты өз орнына салу); б) фиксация (бекіту); в) ауру ағзаға тыныштық жасау немесе физиологиялық ем; г) асқынулардың алдын алу. Көрсетілген көмектің көлемі, түрі жарақат алған жердегі жағдайға, медициналық бекеттер мен мекемелердің дислокациясына (орналасқан жеріне) байланысты өзгеруі мүмкін. Көмек көрсетудің бірнеше түрін ажыратады: 1). Алғашқы көмекті науқастарға жарақат алған жерде, санитарлық посттарда санитар, санинструкторлар болмаса өзіне-өзі немесе біріне-бірі көмек көрсетеді. 2). Дәрігерлік көмекке дейінгі жәрдемді фельдшер немесе мейіркеш көрсетеді, оның мақсаты алғашқы көрсетілген көмекті толықтыру. 3) Бірінші дәрігерлік көмек, жарақат алғаннан бастап 4 сағатқа дейін көрсетілу керек (бұл көмекті ауылдық ауруханаларда, дәрігерлік денсаулық бекеттерінде, жедел көмек оталарында маман емес дәрігерлер көрсетеді). 4). Жетілдірілген хирургиялық көмек медициналық мекемелерде жарақат алғаннан бастап 12-18 сағаттың ішінде көрсетілуі тиіс. 5). Мамандандырылған көмек жарақат алғаннан соң бір тәуліктің ішінде арнайы мекемелерде көрсетілу керек. Алғашқы көмек көрсеткенде ең бірінші инфекцияның алдын алу үшін науқасты қырынан жатқызып басын төмен қарату немесе жарақаттанған жағына бұрып, жараға асептикалық таңғыш салынады. Беттің химиялық күйіктерінде күйген жерді тез арада салқын сумен жуып алғашқы көмек көрсеткен соң науқасты медициналық көмек көрсету бекетіне жібереді. Дәрігерлік көмекке дейінгі көмек қан тоқтату, тұншығу-асфиксия, шокпен күресуді көздейді. Қан ағумен күрес. Қан тек сыртқа және ауыз қуысына ақпай тіндердің терең қабатына да ағуы мүмкін. Егер қан майда қан тамырларынан ақса оған тампон басып, қысып таңып тастайды (асфиксия немесе жақ сүйегінің сынықтарын ығыстырып жібермесе). Ал сыртқы ұйқы артерияның ірі бұтақтары зақымданса (тіл, бет, жоғарғы жақ, беткей самай артериялары) үлкен саусақпен ортақ ұйқы артерияны 4-ші мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне қысып қанды уақытша тоқтатады. Төртінші мойын омыртқаның көлденең өсіндісі төрбұғана-емізікше бұлшықеті ортасындағы нүктеге сай келеді. Бірақ бұл әдіспен ұзақ уақытқа қанды тоқтатуға болмайды, себебі саусақ тез шаршайды. Ұзақ уақытқа қанды тоқтату үшін сау жағының қолын басқа қойып бинттеп немесе дәкеден тығыз орама жасап, оны зақымданған жақтың ұйқы артериясы проекцияланған жерге орналастырады. Сонан соң білікті басқа қойылған қолдың сыртынан айналдырып таңып тастайды. Қолдың орнына тақтайды да қолдануға болады. Тұншығу-асфиксияның алдын алу және онымен күрес. Даму механизміне байланысты асфиксияның бестүрін ажыратады: 1. Тілдің артқа ығысуы (дислокациялық); 2. Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы (обтурациялық); 3. Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы (стенотикалық); 4. Таңдайдың немесе тілдің салбыраған тіндерімен көмекей кіреберісін жабуы (қақпақшалық); 5. Қан, құсық, су т.б. қақалу (аспирациялық). Тұншығу-асфиксияның алдын алу үшін науқасты отырғызып басын төмен қаратады, ал оның жағдайы ауыр немесе есінен танған болса шалқасынан жатқызып басын жарақаттанған жағына немесе жанына бұрады. Төменгі жақ сүйегі денесінің уатылуына, әсіресе иектің қосарланып сынуына байланысты тілдің артқа ығысуынан тұншығу- асфиксия жиі пайда болады. Тұншығу-асфиксиямен күрес жүргізудің тиімді әдістерінің бірі — тілді жібек жіппен киіміне тігіп немесе түйрегішпен түйреп қою. Обтурациялық асфиксияның алдын алу үшін ауыз қуысын мұқият тексеріп ондағы қан ұйындыларынан, бөгде заттардың тамақ қалдықтарынан және құсықтан тазартады. Шокқа қарсы жүргізілетін шаралар. Бірінші кезекте қан кетуді тоқтату, асфиксияны жойып, транспорттық иммобилизацияны жүзеге асыру керек. Бет-жақ аймағыыдағы жарақаттар әсірінен болатын шокпен күрес барлық шаралар комплексін құрайды. Жарақатты одан әрі инфекциямен асқынбауы үшін асептикалық дәкемен байлап таңады. Бет сүйегі сынған кезде сынық жылжып кетпеуі үшін қатты тартып байлауға болмайды. Беттің кез келген зақымдануында жұмсақ тіндер жарақатына орта медицина қызметкеріне тігіс салуға тыйым салынады. Бет-жақ аймағының, ашық жарақаттарында, тіс қатары деңгейіндегі жақтың сынығын қосқанда, бұл кезеңде Безредкийдің сіреспеге қарсы сарысуын (3000 АЕ) жібереді. Науқасты арнайы мамандандырылған мекемеге жібергенде, не істелгенін көрсетіп, тасымалдауға қолайлы жағдай жасау қажет. Есі жоғалған кезінде анамнезін жатқан кезде ғана тексеру қажет. Көмек пен тасымалдау да тек осы жағдайда жүргізіледі. Фельдшерлік-акушерлік бекеттің жабдықталуы біріншілік дәрігерлік көмек көрсетуге көптеп түскен кезде (авария, апаттар, әскери қимылдар және т. б.) дұрыс сұрыптап орын ауыстыру өте маңызды. Біріншілік дәрігерлік көмек. Облыстық, аудандық, ауылдық, бөлімшелік ауруханада, орталық және аудандық қалалық, дәрігерлік денсаулық бекеттерінде көрсетіледі. Негізгі мақсаты: қан кетумен, асфиксиямен, шокпен күрес. Қан кетумен күрес — жарақаттағы тамырларды байлап таңу немесе мықтап дәкелеу. Ауыз қуысынан өте көп қан кеткенде әдеттегі әдістермен тоқтату мүмкін емес, дәрігер шұғыл трахеотомия жүргізіп, ауыз қуысы мен жұтқыншақты мықтап дәкелеу қажет. Тұншығу белгілері байқалған сәтте себебі анықталуы тиіс. Дислокациялық асфиксияда тіл тігіледі. Ауыз қуысын мұқият қарап, қан ұйындысы мен бөгде заттар алынып тасталса обтурациялық асфиксия қорқынышы тарайды. Егер айтылған шараларға көнбей асфиксия дами берсе, шұғыл трахеотомия жасалуы қажет. Шокқа қарсы шаралар хирургиялық жалпы шұғыл ережелермен жүргізіледі. Жақ сынған кезде міндетті түрде бекітетін таңғыш салынады. 13.5.1. Жақ сынақтарын уақытша бекіту әдістері. Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны мен тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жұп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғы мен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды.Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады.Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартгы транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі. Померанцева-Урбанскаяның жұмсақ иек сақпаны. Мұның иек-тіл бөлігі бірнеше қабат дәкеден немесе бязден дайындалған. Аралық бөлігі екі кең резинадан тұрады, ол таңғыштың шеткі бөлігіне өтеді. Мұның бауы, сақпанның резиналы жолақтарының тартылу дәрежесін реттейді. Бұл таңғыш науқастар үшін тиімді, қолдануға қарапайым және сынықтардың жақсы бекітілуін қамтамасыз етеді. Ауыздан тыс желісі бар (стержень) металл шина-қасық.Төменгі жақта тіс болмаса немесе жеткіліксіз болса жоғарғы жақ сынығы кезінде қолданылады. Дәкеден жасалған қасықты ауызға енгізіп жоғары жақ тістеріне қысып, оның желісін науқастың басына дәке немесе стандартты қалпақтың көмегімен бекітеді. Ауыздан тыс желі науқастарға көптеген ыңғайсыздық тудырады, қасық тістерде керегінше тығыз жатпайды. Қазіргі кезде бұл әдіс өте сирек қолданылады.
Сурет-82. а- қалыпты транспорттық байлам б- Померанцева-Урбанскаяның жұмсақ иек сақпаны
Жақаралық лигатуралық бекіту-төменгі жақ сынықтарының орнынан жылжып кетуінен сақтайды. Оны жүзеге асыру үшін әр сынықта екіден мықты және антогонист тістер болуы қажет. Танып байлағанда сынық тұсында тұрған жарақатты пульпит немесе периодонтит белгісі бар тістерді қоспайды. Жақаралық лигатуралық бекітуге келмейтін жағдайлар: мидың шайқалуы, ауыз қуысы тіндерінен қан кетуі, құсықтың пайда болу қаупі. Бұл таңғышты науқасты тасымалдау кезінде (әсіресе су мен әуе транспорты) салуға болмайды. Таңғыш салу үшін қола-алюминий сымы (0,5-0,6 мм) қолданылады. Қажетті аспаптар: қан тоқтатқыш қысқаш, анатомиялық пинцет, крампонды қысқаш, металл қайшы. Сым ұштары сағат бағытымен қайырылады. Көптеген лигатуралық бекітулердің ішінде Айви бекітуі жиі қолданылады. Жақаралық лигатуралық қарапайым бекітуде5-6 см лигатуралық сым ұштарын тіс аралықтарына өткізеді де тіл жағынан орап қайтадан ауыз қуысының кіреберісіне әкеледі. Осы жерде сымның екіушы тіс мойнын орайды. Екінші лигатураны дәл осылай көрші тіске бекітеді. Кейін екі сымды өзара орай бір таңғышқа біріктіреді. Осылайша таңғышты екінші сынықтағы тіске, кейін антогонист тістерге салады. Сынықтарды орнықтырып, жоғарғы жақ тістерімен жанасқанға дейін жақындатады да сымдарды орай отырып бекітеді. Сымның ұштарын қайшымен кесіп, ұрт пен иектің шырышты қабығын жарақаттамайтындай етіп қайырып иеді. Сегіз тәрізді бекіткенде,сым лигатураның екі ұшын тіс аралығына кіреберіс жағынан ауыз қуысына өткізгенде тістегі таңғышты да қамтуы қажет. Кейін сымның ұшы кіреберіс жағына қайтарылады. Бір ұшы кіреберіс жағынан тісті қамтитын сымның үстінен, ал екіншісі астынан өткізіледі. Кіреберіс бетінде сым ұштары өзара оралады. Кейін осындай таңғышты екінші сынық пен антогонист тістерге салады. Алдыңғы жағдайдағы сияқты жоғарғы және төменгі жақ тістеріне бекітілген сымдарды өзара орайды. Артықтарын қайшымен қиып тастайды. Айви бойынша бекіткенде ұ зындығы 10 см сымды алдын ала түйреуіш тәрізді етіп иеді де бір ұшын екіншісінен 1-1,5 см артық қылыл қалдырады. Түйреуіштің ұшына — 0,2 мм шамасында ілмек қалдырады. Бұл үшін алюминий сымның кішкене бөлшегі, крампонды қысқыш, пинцет қолданылады. Сымның екі ұшы кіреберіс жағынан ауыз қуысы жағына тіс аралығы арқылы өткізіледі. Сымның ұзын ұшын, кіреберіс жағына, тіс арасы арқылы қайтадан өткізеді. Қысқа үшы — кіреберіс жағына ілмектің алдына қарай орналасқан тіс арасы арқылы өткізіледі де ұзын ұшымен оралады. Сымның артығы қиылады, қалған бөлігі шырышты қабатты жарақаттамайтындай етіп қайырылып иіледі. Осындай таңғышты екінші сынықтағы тіске тіс — антогониске салады. Сынықтар орнына салынып, сыммен жоғарғы жақ тістеріне бекітіледі. Жақаралық лигатуралық бекітуде, жоғарғы жақ асқынғанда иек сақпаны немесе шеңберлі төбе-иек дәкелі таңғыш салғанда тістердің периондонтитіне, сыныққа бекітілген бұлшықетке күш түседі. Уақыт өте келе бүл тістер қозғалмалы келеді. Мамандандырылған хирургиялық көмек. Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық бекеттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы жузеге асырылады. Ең бірінші кезекте көмек шок, қау кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көресету кезеңін 3 топқа бөледі. 1-тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I-II дәрежелі күйіктер, бет үсігі); 2-арнайы көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III-IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі. 3- тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты). Жарақатқа қайтадан хирургиялық ем жүргізудің себебі алдын ала рентгенологиялық тексеру жүргізбегеннен болады. Бет сүйегі сынғанына күмәнданса оның тіндерінің регенеративті қабілеті артады да хирургиялық ем жүргізуге мәжбүр болады. 3-ші топ науқастарына мамандандырылған көмек көрсеткенде, дәрігер-хирург: 1) сынған жерге жансыздандыру жүргізуі; 2) жарақатқа антибиотик енгізуі; 3) қарапайым транспорттық иммобилизациялау; 4) жарақаттан қанның ақпай тұрғанына көз жеткізуі; 5) сіреспеге қарсы сарысу жіберуді тексеру; 6) дұрыс тасымалдауды қамтамасыз етуі (транспорт түрі мен науқастың жағдайы); 7) науқасқа не істелгені жайлы құжаттардың бәрін дәл көрсетуі тиіс. 3 топта- хирургиялық бөлімдерде барлық дәрігерлер, хирург-травматологтар мамандандырылған көмек көрсетуі тиіс. Өз кезегінде хирург-травматологтар бетті хирургиялық өңдеудің қағидаларын сақтап, сынықтарды транспортты иммобилизациялау әдістерінің негізін білуі қажет. Бет пен басқа аймақтардың біріккен жарақаттарын емдеу дәрігер-стоматологтың қатысуымен хирургиялық ауруханада-стационарда жүргізілуі тиіс. Аудандық ауруханада стоматологиялық бөлімдер, отадан кейінгі бөлмелер көп болса да, бөлім бастығы аудандағы травматологиялық көмекті ұйымдастыруға және оның жағдайына жауапкершілік міндетін алуы тиіс. Бет-жақ жарақатын дәл тізімге алу үшін дәрігер-стоматолог фельдшерлік бекеттер мен учаскелік ауруханалармен байланыста болуы қажет. Бұдан басқа ем нәтижелерін де тексеріп отыру қажет. Арнайы бөлімдерге беттің күрделі және асқынған жарақатында ғана әкеледі. Мұнда жұмсақ тіндердің біріншілік пластикасы мен бет сүйегі сынықтарын емдеудің жаңа әдістері жүргізіледі. Арнайы мамандандырылған шұғыл көмек және емдеу. Көмектің бұл түрі стоматологиялық стационарларда көрсетіледі (республикалық, облыстық, қалалық ауруханада, медицина институттары мен дәрігер мамандығын жетілдіру институттарында, ғылыми-зерттеу институтында, травматология және ортопедия институттарының бет-жақ бөлімдерінде). Стационардың қабылдау бөлімдеріне науқастар түскен кезде 3 сұрыптау тобына ажыратқан жөн (В.И. Лукьяненко). 1. Ота және таңу бөлімдерінде арнайы мамандандырылған немесе мамандандырылған көмектің шұғыл шараларын қажет ететіндер: бет жарақатында қан тоқтамаса, асфиксия, трахеотомиядан кейін ауыз қуысы мен жұтқыншақты мықтап дәкелегеннен кейін, есін жоғалтқанда. Бұлардың бәрін таңу немесе ота бөлмесіне бірінші кезекте әкеледі. 2. Нақтаманы және зақымданудың ағымын анықтауын қажет ететін топ. Бұларға; бет пен жақ, ЛОР — мүшелер, бас, көз және т. б. аралас жарақаттар жатады. 3. Бөлімге екінші кезекте жіберілетіндер. Бұл топқа барлық науқастар жатады. Науқас хирургиялық ем алдында клиникалық және рентгенологиялық тексерулерден өтуі тиіс. Алынған деректер негізінде ота көлемі анықталады. Хирургиялық өңдеу жұмсақ тіндер мен сүйек пластикасы, жергілікті оталар бір сәтте және толық жасалу керек. А.А.Срагер мен Т.М.Аурье (1988) көрсеткендей регенерациялық бластомалар (остеогенді, фиброзды, аралас) сипаты сынық аймағында, тіндердің оксибиотикалық белсенділігімен анықталады, сондықтан барлық травматологиялық және емдік факторлар жергілікті қамтамасыз ету арқылы репаративті остеогенездіқ сапасы мен жылдамдығына әсер етеді. Зақымдану нәтижесінде әрқашанда жергілікті қан айналымы регионарлы (БЖА) немесе жалпы (шок) бұзылады. Жергілікті және аймақтық қан айналудың бұзылуы ұзағырақ болады, әсіресе қабынулы асқынулар пайда болғанда және сынықтардың иммобилизациясы болмағанда. Осының салдарынан тіндердің репаративті реакциясы өзгереді. Адекватты қанмен қамтамасыз етілгенде зақымданған аймақта сүйек тіндерінің ангиогендік түзілімдері жүреді. Сынықтардың қиылысқан жерінде дәнекер тіндік немесе шеміршекті регенерация, яғни репаративті остеогенез жүреді. Репаративті регенерацияның мұндай жолы тіндік ресурстар мен уақытты талап етеді. Ол сынықтың екіншілік бітісуімен аяқталуы мүмкін, кейде ұзақ сақталып немесе тыртықты дәнекер тін созылмалы қабыну ошағы болып, жарақатты остеомиелиттің өршуі түрінде көрінуі мүмкін. Бет сүйектерін жабық репозициялап бекітудің артышылығы мол. Сондықтан сүйек сынықтары негізінде мына қағидалар ұсынылған: 1) Сынықтарды дәл қою. 2) Сынықтарды жақындатып қиыстыру.
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1917; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |